Қаныш Имантайұлы оны тәрбиелеп, ғалым болуға мүмкіндік бергені үшін Коммунистік партияға үнемі шексіз алғысын білдіретін. Бұл жерде Қ.И Сәтбаевтың автобиографиясынан үзінді келтірген жөн болар: «Өзімнің барлық саналы ғұмырымдағы ең қызықты және жарқын сәттер үшін мен Кеңес өкіметі мен өзімнің Коммунистік партиямның көмегі мен қамқорлығына толықтай қарыздармын деп санаймын. Тек Кеңес билігі маған жоғары мектеп есігін ашып кіруіме және оны аяқтауыма мүмкіндік берді. Одан арғы инженер геолог ретіндегі барлық саналы қызметімде мен өкімет пен партия тұрғысынан үнемі рухтандыратын жетекшілік пен ата-ананың қамқорлығындай қамқорлық алдым».
Барлық дережедегі, жастағы адамдарға ол ерекше сезімталдық, үлкен адамгершілік танытқан. Адамға кішігірім бір болмашы істе болса да көмектесу үшін Қаныш Имантайұлы максималды мүмкін көмек көрсетуді өзінің рухани борышы санады. Өзінің адамға деген ізгі, гуманды қарм-қатынасымен ол халық арасында үлкен құрмет, зор махаббат және беделді дәрежеге ие болды. Міне, шын мәніндегі халықтың мәңгілік ықыласы деген осы. Басқа қандай ғалым өмірінде осындай ықыласқа ие болды, кімді халық осынша жоқтады, өмірден өткеніне бес онжылдық өтсе де оның есінде мәңгі тірі болып, кімнің бейнесі сол жарқын күйінде сақталды? Сәтбаев бұл махаббатқа махаббатпен жауап берді. Ол өз халқы жайында үлкен тебіреніспен, мақтанышпен тек британ премьер-министрі Уинстон Черчиль сынды ірі лауазымды адамның алдында ғана сөйлеген жоқ. «Әлемнің отыз алтыншы бөлігін бостандық сүйгіш қазақ халқы алып отыр. Тек «қазақ» деген сөздің өзінен бостандық лебі тарайды. Біздің халқымыз көптеген ғасырлар бойы тәуелсіз өмір сүру үшін күресіп келді. Оның санасында осы бір қасиетті ұғым мәңгілікке жатталып қалды».
Қаныш Имантайұлы жемісті зерттеуші болды. Оның қаламына бүгінгі күні анықталған, шамамен 800 баспа жұмыс пен сөз сөйлеулер, көптеген әлі жарыққа шықпаған қол жасбалар тән. Қ.И. Сәтбаевтың редакциялығымен ҚазКСР ҒА отыздан астам ғылыми еңбек жинақтары жарияланды. Сондай-ақ, мақалалардың басым бөлігін қосымша авторлықта емес, жеке өзі жазған.
Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми және жалпы қоғамдық қызметінің келтірілген шолуы артына өшпес із қалдырған, тірі кезінің өзінде-ақ кеңестік Қазақстанның ғылым, мәдениет және халық шаруашылығының даму тарихына кірген, осындай ереше болмысты адамның қайнаған қызметі, көпқырлылығы жөніндегі түсініктің толық емес, бір бөлігі ғана. Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми мұрасы, өкінішке орай, әлі толық зерттеліп, замандастарымен жете түсінілмеді. Ғылымның алтын қорына енгізілген, өмірден өткеннен кейінгі, 100-жылдығына арналған, таңдаулы еңбектерінің сегіз томы оның шығармашылық шығармаларының өте аз бөлігін ғана қамтыды.
М.В Ломоносов бүкіл Ресейге қалай маңызды болса, Қ.И.Сәтбаев қазақ халқы үшін де сондай маңызды деп айтсақ асыра сілтегендік болмас еді. Ғасырлар өте келе бұндай біртуар өз елінің Патриоты Азаматы, Ғалымының есімі жақсылығына риза болған ұрпақтарының есімінде сақталып қалатынына еш күмән жоқ. Осы ой ондаған ұлы ғалым, елдің мемлекеттік қызметкерлерінің естеліктерінде саналарынан қызыл жіппен өтті.
Әртүрлі тарихи кезеңдерде өмірдің өзі ерекше талантты адамдарды сайыс алаңына шығарып, оларға өз елінің, өз халқының тағдыры үшін үлкен жауапкершілік артатыны заңдылық. Егер осы көзқарас тұрғысынан талдайтын болсақ, онда Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың қазақстандық ғылымның бастауында тұруы және оны басқаруы, біздің еліміз үшін шынайы бақыт болып табылады. Ол өзіне талантты адамдарды жинай білу қасиетіне ие болды. Академияны ұйымдастырушы серіктерінің барлығы дерлік ғылымдағы бүтін бір бағыттың алғаш ашушылары болды. Олардың қай-қайсының есімі болмасын – жұлдызды. Жазушы және әдебиетші Мұхтар Әуезов, композитор Ахмет Жубанов, химик Әбікен Бектұров, қазақ арасындағы бірінші әйел-академик физиолог Наиля Базанова, геологтар Н.Г. Кассин, М.П. Русаков, Р.А. Борукаев, Ш.Е. Есенов, И.И. Бок, Н. Сауранбаев – алғашқы толық қазақ-орыс сөздігінің авторы, 35 жасында академик атағын алған, лингвист Смет Кенесбаев, энциклопедиялық жан-жақты ғалым, археолог және этнограф Әлкей Марғұлан, әлемде танылған қышқылдар мен негіздер теориясының, ерітінділер теориясының авторы Михаил Усанович, отандық энергетика бастауында тұрған Шафик Чокин... ХХ ғасыр ортасында Қаныш Имантайұлы білім Ордасына жинаған қазақ ғалымдарының бірегей ұрпақтары есімдерінің тізімін жалғастыруға болады.
Қ.И. Сәтпаевтан қиын-қыстау кезеңдерде қыруар істерді жүзеге асырған ірі ғалымды ғана көріп қоймау керек. Қаныш Сәтпаев, бірінші кезекте, шындығында жинақты тұлға, сол жылдары ғылымның жаһандық мәселелерін шешкен барлық адамзаттың ғылыми көкжиектерін аңғарған энциклопедиялық құлаштағы ғалым. Біз Қ.Сәтпаевтың ғылыми жаңалықтарын өз Отаны алдындағы, кеңестік экономиканың ағымдағы (қыруар болса да) өнеркәсіптік және басқа өндірістік мәселелерін шешуге сіңірген еңбектеріне ғана тоғыстыру арқылы оның ролін төмендетеміз.
Осыған байланысты ғалымның 100 жылдық мерейтойында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н:Ә.Назарбаевтың айтқан пікірі ескерерлік: «...Менің ойымша, Қ.И.Сәтбаев – кешегі өткен Кеңестер Одағының ғана ұлы адамдарының бірі емес, ол өтіп бара жатқан ғасырдың ұлы перзенті. Тап осындай заңғарға Қазақстаннан да, қазақтардың арасынан да ешбір адам көтерілген емес. Мен Қаныш Имантайұлын қазақ халқының ғана емес, сондай-ақ бұрынғы Одақтың ұлы тұлға тарландарына жатқызамын. Мен осындай бағалауды Уақыт пен Тарих бағасы дер едім, олар ең әділ шешімдер шығаратын және бәрін өзінің заңды орнына қоятын шынайы төрешілер» деп атап көрсетті.
Қ.И. Сәтпаевтың адамдық қасиеттерін атай отырып, Н.Ә.Назарбаев оның «қарапайымдылығы, керемет еңбек сүйгіштігі, уақытша қиындықтарға қасқайып қарсы келуі, кез келген құбылыстың құпиясын ашуға қатты құмарлығы, ғылыми шығармашылыққа құштарлығы, өзін ренжіткен немесе қынжылтқан адамдардың қылықтарын түсінуге және кешіруге қабілеттілігі, сонымен қатар кез келген уақытта тіпті танымайтын адамға да жақсылық жасауға дайын тұратын» қасиеттерін айтады. Бірақ осы кезде, - деп атап өтті біздің Елбасымыз, - мені ерекше таң қалдыратыны оның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі».
Ұстаздың, КСРО ҒА толық мүшесі В.А. Обручевтің «Білімге құштарлығы және талпынысы өзінің туған өлкесіне ең үлкен пайда әкеледі» деген айқын анықтамасы бойынша – оның мінезінің басты сипаттары. Жер бетіндегі барлық тіршілік иесіне баға беретін көбінесе идеологиялық тапсырысты орындайтын Тарих емес, алдау мүмкін емес халық бағасын береді.
Қазақ ғалымының қапсағай денесіне таңданған Черчиллге Сәтпаевтың берген атақты жауабы: «менің халқым менен жоғары», достарына - жетекеші Ресей ғалымдарына өлер алындағы өтініші – жер қойнауларына бай Маңғышылақты Қазақстан құрамында сақтау және КСРО Үкіметінің шешімі бойынша Еуропада жаман аурудан емделуден бас тартуы: «... менің халқым Мәскеу тұрмақ, Алматыға да бара алмайтындықтан, мен өзінің дәрежемді пайдалансам, адамдардың бетіне қалай қараймын...» – белгілі фактілер. Шын мәнінде сол Маңғышылақты Қазақстан құрамында сақтай отырып, Сәтпаев оқиғаны алдын ала болжады. Қазақстанға тәуелсіз мемлекет ретінде алғашқы қалыптасу жылдары табиғи қазбалардың, оның ішінде 50-жылдардың басында Қ.И. Сәтпаевтың жетекшілігімен қазақстандық ғалымдардың түбектен тапқан мұнай қорларының көмегі аз болған жоқ. Кейінірек Қ.И. Сәтпаев, геолог Шахмардан Есенов өзінің ұлы тәлімгерінің ісін жалғастыра отырып, Маңғышылақтың бай мұнайлы кен орындарын ашқаны және өнеркәсіптік меңгергені үшін Ленин сыйлығына лайықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |