12 – кесте
СМ – 3 коронкаларының анықтамалары
СМ – 3
коронкасы
ның
сыртқы
диаметрі,
мм
Ішкі
диаметрі,
мм
Тұлғасының
сыртқы
диаметрі,
мм
Тұлғасының
ішкі
диаметрі,
мм
Негізгі
кескіштер
саны
Кемерлегіш
кескіштер
саны
Колонкалы
құбырдың
диаметрі,
мм
46
31
44,5
32,5
6
–
44
59
44
57,5
45,5
6
3
57
76
59
74
61
6
3
73
93
75
91
77
8
6
89
112
94
110
96
8
6
108
132
114
130
116
12
9
127
151
133
149
135
12
9
146
СМ-4 коронкасы.
Бұл коронка құрылымы біртекті емес, ауыспалы,
бұрғыланғыштығы V—VII категорияларға жататын тау жыныстарын бұрғылауға
арналған. Ол СМ-ІМ коронкасына ұқсас, бірақ СМ-4 коронкасының сыртқы
бетінде (жуу сұйығы шығатын жырашаларында) қосымша кемерлегіш кескіштер
орнатылған. Бұл жағдай әсіресе қаттылығы ауыспалы жыныстарды бұрғылағанда
коронканың қажалуын азайтып, төзімділігін жоғарылатады және ұңғы диаметрін
тарылтпайды. СМ-4 коронкасындағы кескіштер арнаулы
бағыт
беріліп
қондырылған. Кескіштер кейін қарай қисайтылып, алдыңғы бұрыш теріс, доғал
бұрыш жасайтындай етіліп бекітілген. Алдыңғы доғал бұрыш 105°-қа тең.
Қескіштер коронка тұлғасында әр түрлі биіктікте орнатылған, сондықтан бұрғылау
кезінде забой саты тәрізді талқандалады.
СМ-5 коронкасы
Бұл коронка монолитті және жарықшақтығы аз,
қажағыштығы да аз, бұрғыланғыштығы V—VI категорияға жататын жыныс-тарды
бұрғылауға арналған. Қескіштердің өлшемдері 3х3х8
мм,
ал үшкірлік бұрышы 25°.
Әрбір тістің үстінде кескіштер үш-үштен бекітілген. Олар коронка тұлғасының
дүмінде ішкі, сыртқы және екі ортаңғы диаметр құрып орналасқан. Бүдан басқа
бұл коронканың жууға арналған жырашаларының (дүмдерінің) сыртқы бетіне
кемерлегіш кескіштер отырғызылған. Олардын формасы негізгі кескіштердікіндей,
бірақ барлық жырашаларда орнатылмай ара тастап қондырылған. Кескіштер
коронка тұлғасының дүміне тік орнатылған және радиус бағытына бағдарланып
бекітілген. Сыртқы және ішкі кескіштер үшін бұрылу бұрышы 10°, ал ортаңғы
кескіштер үшін 15°.
Тау жыныстарын ойдағыдай талқандау үшін коронка тұлғасының дүмінен
кескіштер әр түрлі биіктікке орналастырылған, яғни ортаңғы кескіштер 2,5
мм,
ал
сыртқы және ішкі кескіштер 2
мм
шығып түрады.
СМ-5 коронкасының негізгі анықтамалары 13 – кестеде келтірілген.
13 кесте
Достарыңызбен бөлісу: