Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет52/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   168
Бурение

 
5.2 Бұрғы коронкалары
Керн 
алып 
бұрғылауда 
тау 
жыныстары 
сақина 
тәрізді 
забоймен 
талқандалады. Ондай бұрғылау әдісін колонкалық бұрғылау дейді. Ал 
колданылатын жынысталқандағыш құралдарды коронкалар дейді. Олар жыныс 
талқандайтын негізгі аспаптар қатарына кіреді. 
Жыныс талқандау үшін қолданылатын қажағыш материалдардың түріне 
қарай бұрғы коронкалары үшке бөлінеді:
1) қатты қорытпалы коронкалар;
2) алмаз коронкалар; 
3) бытыра коронкалары. 
Қатты қорытпалы коронка коронка сақинасынан (18–сурет) және соның 
төменгі ұшына орнатылған қатты қорытпадан жасалған кескіштерден тұрады.
Коронка сақинасын қүбырлар кесіндісінен жасайды. Олардың қалыңдығы 7 
мм-дей, ал жалпы үзындығы 75
мм-ге 
тең болады. Коронка сақинасының жоғарғы 
шетінің сыртқы бетінде адымы 4
мм лі 
ленталы бүранда тілінеді. Ол бұранда 
коронканы колонкалық құбырмен жалғастыру үшін керек. Бұранда тілінген биіктік 
40 
мм-ге 
тең. Коронка сақинасының іші конусталған. Ол кернді сыналау үшін 
қажет. Коронка сақинасының өлшемдері 7–кестеде берілген. Коронка сақинасы 
Ст-3, Ст-4 немесе Ст-5 маркалы болаттардан жасалады. 


18-сурет. Коронка сақинасы
7 - кесте 
Коронка сақинасының өлшемдері 
Диаметрлері, мм 
Қабырғасының 
қалыңдығы, 
мм 
Тұлғасының 
ұзындығы, 
мм 
Бұранданың 
ұзындығы, 
мм 
Жалпы 
ұзындығы, 
мм 
сыртқы 
ішкі 
Колонкалы 
құбыр 
35,5 
22 
34 
6,75 
35 
40 
75 
45,5 
35 
44 
6,75 
35 
40 
75 
57,5 
45 
57 
6,75 
35 
40 
75 
75 
61 
73 

35 
40 
75 
91 
77 
89 

35 
40 
75 
110 
96 
108 

35 
40 
75 
130 
116 
127 

35 
40 
75 
150 
136 
146 

35 
40 
75 
Қатты қорытпалы коронканы жасау үшін коронка сақинасының дүмінде 
кескіштерге арналған ұялар жасалынады. Олардың үлкендіктері қолданылатын 
қорытпа пластинкасының өлшемдерімен сәйкес жасалынады. Ұяларды металл 
тесетін немесе кесетін станоктардың көмегімен жасайды. Дайын болған үяға 
кескіштер керек бағытта кондырылады да Л-62 немесе Л-68 маркалы жезбен 
дәнекерленеді. Ол үшін жезді 980–1020°С-қа дейін қыздырып балқытады да 
кескіштері үяларға отырғызылған коронканы малып алады. Кескіштер арасынан 
жуу сұйығы шығатын жырашалар тілінеді. Олардын үлкен-кішілігі коронканың 
конструкциясына 
байланысты 
болады. 
Коронка 
дүміндегі 
кескіштер 
бұрғыланатын жыныстардың физико-механикалық қасиеттеріне байланысты 
алдын ала белгілеген жоба бойынша қондырылады.
Коронка дүміне орналасқан кескіштерді 
негізгі 
немесе 
дүмдік 
кескіштер 
дейді. Олар коронка дүмінің қалыңдығын түгел жауып тұруы керек. Дүмдік 
кескіштер забойдағы тау жыныстарын талқандайды. Егер кескіштер коронка 
сақинасының ішкі немесе сыртқы бүйір беттеріне қондырылса, онда оларды 
бүйірлік (жиектік) 
немесе 
кемерлегіш кескіштер 
дейді. Бүйірлік кескіштер 
скважинаньщ тарылып кетпеуін, керннің диаметрі тым үлкен болып колонкалы 
қүбырға симай қалмауын қамтамасыз етеді, яғни сақиналы забойдың ішкі және 
сыртқы кемерін дұрыс сақтау үшін орнатылады. Онымен қоса ұңғының 
қабырғасында талқандалмай қалып қойған жыныс түйіршектерін қағып түсіру 
жұмысын да осы аталған бүйірлік кескіштер орындайды. 
 
Кескіштердің үшкірлік бұрышы әр түрлі болады. Жұмсақ тау жыныстарын 
бүрғылағанда кескіштің үшкірлік (қайралу) бүрышы 25–30°-қа, қаттылығы орташа 


тау жыныстарында – 45°-қа, ал қатты және өте қатты тау жыныстарында ол 65°-қа 
тең болғаңы жөн. 
Кескіш мүқалған сайын оның үшкірлік бүрышы үлғая түседі, сондықтан оның 
жынысқа бату мүмкіншілігі азая түседі. Себебі бүрыш өскен сайын кескішке 
берілетін осьтік салмақтың сыбағалы мөлшері кеми береді. Кескішті тау 
жыныстарының физико-механикалық қасиеттеріне байланысты тік бағытта, алға, 
немесе артқа қарай көлбетіп орнатады. Егер жыныс жүмсақ болса, онда кескіштің 
алға қарай көлбей орналасқаны жөн. Қаттылығы орташа тау жыныстарын 
бұрғылау үшін кескішті тік бағытта орналастырған дұрыс. Қаттылығы және 
абразивтігі мол жыныстарды бұрғылау үшін кескішті артқа қарай көлбетіп 
орналастырған дұрыс. Мұндай жағдайда кескіштің үшкірлік бұрышы өзінің 
мөлшерін әзгертпейді, сол себепті кескіштің жынысқа бату мүмкіндігі де 
азаймайды. 
Қатты жыныстарды бұрғылағанда кескіштерді әр түрлі биіктікте сатылы 
забой шығатындай етіп орнатады. Сатылы забой болғанда жыныс жылдам 
талқандалады, себебі забой бетінін, ашық алаңдары көп болады. Осыған 
байланысты бұрғылау жылдамдығы өсе түседі.
Қолдану жағдайларына қарай қатты қорытпалы коронкалар үш топқа 
бөлінеді: 1) қабырғалы коронкалар (М-1, М-2 және М-5), 2) кескішті (мұқалатын) 
коронкалар (СМ-ІМ, СМ-2М, СМ-3, СМ-4, СМ-5, СМ-6, СТ-ІМ, СТ-2), 3) өзі 
қайралатын (мұқалмайтьш) коронкалар (СА-1, СА-2, СА-3, СА-4). 
Қабырғалы коронкалардың талқандауынан шыққан сақиналы забойдың 
диаметрі колонкалы құбырмен салыстырғанда әжептәуір үлкен болады (19, 20- 
сурет). Оларды жүмсақ, су тигенде көлемін жылдам үлкейтіп ісінетін, 
бүрғыланғыштық категориялары I—ІV-тен аспайтын жыныстарды бүрғылау үшін 
қолданады. Сақиналы кеңістіктің кең болғаны, жуу сүйығының кедергісіз 
забойдан шламды тез шығарып тұруына, бұрғы снарядының ұңғы ішінде қысылып 
қалмауына жақсы жағдай туғызады. 
Қескішті коронкалар қажағыштығы аз немесе өте аз, бұрғыланғыштық 
категориясы V - VII тау жыныстарын бұрғылау үшін қолданылады. 
19-сурет. М-1 коронкасы. 1 — тұлға; 2 — кескіштұтқыш қабырға; 3, 4 — кескіштер 


Өзі
қайралатын коронкаларды қажағыштығы көп тау жыныстарын бүрғылау 
үшін қолданады. Мүндай тау жыныстарының бұрғыланғыштық категопиясы V-
VIII кейде ІХ-ға дейін болуы мүмкін.
Көп қолданылып жүрген қатты қорытпалы коронкаларға мыналар жатады.
20-сурет. М-5 коронкасы. 1 — тұлға; 2 - кескіштұтқыш; 3, 4 - кескіштер 
 
М-1 коронкасы. 
Бұл коронка бұрғыланғыштық категориясы I–III-тің 
арасындағы 
таужыныстарын 
бұрғылауға 
арналған. 
Қоронка 
тұлғасына 
кескіштұтқыш қабырғалар пісіру әдісі арқылы бекітілген. Коронканың және 
кескіштұтқыштардың ұшына (думіне) дәнекерлеу арқылы тік бұрышты кескіштер 
бекітіледі. Олардын өлшемдері 3X7, 5X10 
мм-ге, 
ал кескіштердің ушкірлеу 
бұрышы 25°-қа тең. 93 
мм-лі 
коронкаға төрт қатты қорытпалы кескіш, ал басқа 
диаметрлі коронкаларға сегіз кескіш отырғызылған. Қабырға саны — 4. Өндіріс 
үшін шығарылатын М-1 типті коронкалардың негізгі анықтамалары 8 - кестеде 
келтірілген.
8 – кесте 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау