Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет4/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168
Бурение

 
1.
 
БҰРҒЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ КЫСҚАША 
ТАРЫХЫ 
 
 
Бұрғылау 
жұмыстарының 
басталуы 
археологиялық 
қазындылардың 
нәтижесінде дәлелденіп жатыр. Жер қойнауында терең тау қазбасын жасау 
біздің заманымыздан бұрын III-VI ғасырларда Қытай жерінде басталады. 
Жыныс талқандағыш құрал тау жынысына соққының әсерімен кіріп отырған. 
Құрал арқанға ілінетін болған. Кейіннен мұндай бұрғылау әдісін арқанды – 
соққылама әдісі деп атап кеткен және ол қазіргі уақытқа дейін қолданылып 
келеді. 
Біздің заманымыздан 600 жыл бұрын философ Конфуций тереңдігі 500 м. 
ұңғылар туралы жазған. Мұндай тереңдіктегі ұңғылар тек XIX ғасырда ғана 
бұрғыланды. 
Ертедегі ұңғылар тұз ерітінділері мен ауыз су алу үшін бұрғыланған. 
Оларды бұрғылаудың әдісі Еуропада бірнеше жүз жылдан кейін ғана белгілі 
болды. 
Ресейдің 
оңтүстігіне 
дейін 
созылған 
татар 
билігі 
кезінде 
қытайлықтардың ұңғы бұрғылау туралы мәліметтері орыстарға өтіп, содан 
кейін Еуропаға жетті деген мәліметтер бар. 
Археология зерттеулері (қазындылары) бұрғылау жұмыстарын осыдан 
25000 жыл бұрын адам тастан құрал жасау үшін қолданғанын дәлелдеп отыр. 
Ал Египетте айналма бұрғылау 6000 жылдар шамасында қолданылған. Ресейде 
бұрғылау бірінші рет ас тұзын алу үшін XІV-ғасырда қолданылған. Ондай 
ұңғыларды соққылап бұрғылау әдісімен бұрғылаған. Штангалар мен 
шегендеуші құбырлар ағаштан жасалған. 
Ең бірінші артезиандық ұңғы 1876 ж. Москваның Яуза бульварында 
бұрғыланған. 1864 жылы Краснодар өлкесіндегі Кудако деген селода 
полковник Новосельцев А.Н. ресейдегі ең бірінші мұнай шығаратын ұңғы 
бұрғылады. 


1862 жылы Альпы тауында Мон-Сени деген темір жол тоннелін өткенде 
швейцария сағатшысы Г. Лешо ең бірінші болып алмаз коронкаларымен 
колонкалы бұрғылауды қолданды. 
Өткен ғасырдың сексенінші жылдары швед инженері А. Крелиус 
алмазбен бұрғылауды әрі қарай дамытып бірнеше “Крелиус” типті бұрғы 
станоктарын жасады. 
Ресейде алмазбен бұрғылауды өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары 
Оралда қолдана бастады. Онда ұңғы бұрғылауға Крелиус типті станоктар 
қолданылды. 
Колонкалы бұрғылаудың дамуына Петербург тау-кен институтының 
профессоры С.Г.Воислав көп еңбек сіңірді. Ол бірнеше станоктар типтерін 
жасады, алмазбен бұрғылаудың теориясын жасап, ең бірінші болып қатты және 
өте қатты тау жыныстарын бұрғылағанда ұсақ алмазды коронкалардың ірі 
алмазды коронкаларға қарағандағы артықшылығын дәлелдеді. 
1865 жылы ең бірінші болып ұңғы бұрғылауға бу машинасын тау-кен 
инженері Г.Д.Романовский пайдаланды, кейін ол Петербургтің тау-кен 
институтының профессоры болған. 
Алмазды айырбастайтын арзан материалдарды іздестіру қатты қоспа мен 
шойын және болат бытыралармен бұрғылауды ашуға себеп болды. 1889 
жылдан бастап бытырамен бұрғылауды америка инженері Девистың айтуымен 
қолдана бастады. Ал қатты қоспамен бұрғылауды 1915 жылы немістің инженері 
Ломан қолданды. Ол өзінің воломит деп атаған қатты қоспасын қолданды 
(карбид пен вольфрамның негізінде жасалған қоспа). 
ССРО-да қатты қоспамен колонкалы бұрғылаудың кең көлемде 
қолданылуы 1929 жылдан Москваның электр заводы “Победит” деген қатты 
қоспаны шығаруынан басталды. 
Барлама мен эксплуатациялық бұрғылаудың практикасын жүйелендіруде 
және қорытындылауда И.Н. Глушковтың еңбегі зор. Ол 1908-1911 жылдары 
“Ұңғы бұрғылаудың нұсқаулары” деген жұмысын жарыққа шығарды. 
Н.С.Успенский соққымен бұрғылаудың теориясын қорытындылап “Соққылау 
әдісімен терең ұңғыларды бұрғылау курсы” деген еңбегінде ұңғыларды шаю 
теориясының негіздерін берді. 
1922-1923 жылдардан бастап мұнай ұңғыларын бұрғылау, соққылап 
бұрғылау әдісінен тиімділеу, роторлық әдіске көше бастады. Ұңғыларды шаюға 
балшық езінділері қолданылды. 
1923 жылы М.А. Капелюшников турбобұрғыны ойлап шығарды. Кейінірек 
П.П.Шумилов, Э.И.Тагиев, Р.А.Иоанесян және Н.Т.Гусман көп сатылы 
редукторсыз турбобұрғыны жасап шығарды. Тереңге бұрғылаудың дамуына 
Н.И.Шацов, В.С.Федоров және т.б көп еңбек сіңірді. Барлама колонкалық 
бұрғылаудың технологиясы мен техникасының дамуына көп еңбек сіңірген 
ғалымдар: Н.И. Куличихин, Б.И. Воздвиженский, С.А. Волков, Ф.А. Шамшев, 
Е.Ф. Эпштейн. Бағыттап бұрғылаудың техникасымен технологиясының 
дамуына С.С.Сулакшин және Е.Л. Лиманов көп үлес қосты. 
Ұңғы бұрғылаудың технологиясы мен техникасын әрі қарай жетілдіру 
жолында көптеген ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары 


жұмыс істейді. Олар: ВНИИБТ, ВИТР, ВИЭМС, СКБ, ЦНИГРИ, МГРИ, ТПИ, 
Днепропетровскінің институты, КазИМС ж.т.б. 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау