Майжанова Гүлжанат Әлімқызы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Екпетал мектеп-балабақшасының тарих және география пәндерінің мұғалімі



Дата20.11.2018
өлшемі56 Kb.
#21965

Майжанова Гүлжанат Әлімқызы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,

Екпетал мектеп-балабақшасының

тарих және география пәндерінің мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар

Күні Класс 8 Пәні География

Тақырыбы

ХVI – XIX ғасырдағы Қазақстан аумағын физика-географиялық тұрғыдан зерттеу

Мақсаты

Оқушылардың Қазақстан аумағының физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуіне еңбек сіңірген ғалымдар, зерттелудің қазақ елінің дамуына ықпалы туралы ой-өрістерін кеңейту.Оқушылар арасында жұптық әңгіме жүргізуге дағды қалыптастыру.

Оқыту нәтижесі:

Өзара жұптық әңгіме жүргізе алады. XVI-XIX ғасырда Қазақстан аумағын зерттеген ғалымдар туралы біледі.

Сілтеме

Интернет материалдары

Сабақтағы әдіс-тәсілдер

Диалогтік оқыту, АКТ, сыни тұрғыдан ойлау, бағалау

Уақыты

Тапсырмалар

Мұғалімдер әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

7 мин

Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.

Топтасу.

Амандасу.


Оқушыларды топтастырған кезде Астана қаласындағы «БӘЙТЕРЕК», «БЕЙБІТШІЛІК САРАЙЫ», «ХАН ШАТЫРЫ» және «АҚ ОРДА» ғимараттарының суреттерін әртүрлі пішінде қиып, оларды мозайка әдісімен құрастыру арқылы топтастырамын.

Бір-бірімен амандасуда әр топ құрастырған суретіне және атауына қарай сәлемдесу рәсімін жасатамын.



Сабақ басталғанда мұғаліммен амандасады да, аталған фотосуреттер қиындысымен мозайка әдісі арқылы топтасады.

Амандасуда 1-топ «БЕЙБІТШІЛІК САРАЙЫ» суреті арқылы топтасқандықтан, олар көгершін құсының суретін пайдалана тұрып, өздерінің ойлап шығарған көрінісі арқылы амандасады.

2-топ «БӘЙТЕРЕК» монументі суретімен топтасқан топ күзгі жапырақтармен бәйтерек ағашының қасиетін ерекшелей тұрып сәлемдессе, 3-топ «ХАН ШАТЫРЫ» хандық дәуірдегі лауазымдық шендеріне қарай амандасу түрін көрсетсе, 4-топ «АҚ ОРДА» ел билеуші қауымды бейнелей тұрып, ресми іскерлік түрде амандасады.


Көгершін суреті, күз жапырақтары, фотосуреттер

3 мин

Бейнеролик арқылы сабақ тақырыбын ашу

Компьютерден бейнеролик көрсетемін. Сабақ тақырыбын ашу сұрақтары:

- роликтен нені байқадыңдар?

- бұл қай кезеңге жатады деп ойлайсыңдар?

- ғалымдар Қазақстан жерін географиялық тұрғыдан зерттегенде, қандай жаңалықтар ашты деп ойлайсыңдар?



Бейнероликте тау, табиғат көрінісі және жыл мезгілдерінің суреті болғандықтан, оқушылар ойланып, сұрақтарға қызығушылық танытады. Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ тақырыбын ашады.

Бейне ролик, интерактивті тақта, сұрақтар

15 мин

Мәтін мазмұнын талдау. Оқулықпен жұмыс.

«Біреуі үйде, үшеуі қонақта» әдісін қолданамын. Оқулық пен интернет материалдарын пайдалана отырып, әр топқа толық тақырыпты мәтіндер арқылы бөліп беремін. Оны ең бірінші өз жанұясы-өз тобында, содан соң жанұя мүшелері сарапшы топ-әр топқа барып кезекпен мәтінді түсіндіріп береді.

Ең алғаш тобында оқушылар берілген мәтінді өз тобында, соннан соң сарапшы топтарда өзара талқылып, түсіндіреді. Сарапшы топқа ауысқан кезде өз тобында бір оқушыдан қалып қояды. Тапсырманы орындап болған соң, өз ұяларын қайтып келеді. Бір-бірімен алған әсерлерімен бөліседі.

А-4 форматта мәтіндер, оқушы дәптері

5 мин

Географиялық диктант. Үштік жұп.

Тақырыпқа қатысты сөздері немесе сөз тіркестері түсіріліп қалған мәтіндерді үш оқушыға орындауға тапсырамын.

Топтағы оқушылар үш-үштен бөлінеді. Сөздері түсіріліп қалған мәтіндер беріледі. Біреуі – түсіп қалған сөзді тапса, 2 – мәтінге қатысты сұрақ қояды, 3 – табылған сөздерден сөйлем құрастырады.

А-4 форматтағы мәтіндер

3мин

Картамен жұмыс

Тақтада ілулі тұрған Қазақстанның физикалық картасынан РРТ-да аталған жер-су атауларын табуды тапсырамын.

Оқушылар жеке өздері тақтадағы картадан аталған жер-суды нұсқап көрсетеді.



РРt таныстырылым, физикалық карта

3мин

Сергіту сәті

Сергіту сәтінде «Қара жорға» би қимылдары

Оқушылар ортаға шығып, РРt-да көрсетілетін би қимылдарын бірге қайталайды.

РРt

5 мин

Семантикалық картамен жұмыс

Оқушылармен жеке жұмыста тақтада семантикалық картаның кестесін топтық таныстырылымда шығарамын және қай оқушы білсе, сол келіп картаның тиісті тор көзіне + - белгісін қояды.

Оқушылар түгел тартылады. PPt-да семантика карта әрбір сұрағын мұқият тыңдап, оларды толтырады. Сабақтан алған білімдерін пысықтайды.

РРТ, семантикалық карта кестесі

2мин

Сабақта бекіту Қорытынды сұрақ.

Ортаға шығарып, шеңберде оқушылардан сұрақ қоя тұрып, сабақты қаншалықты түсінгегін сұрап қорытындылаймын.

Қорытынды сұрақтар:

1.ХVI-XIX ғасыр Қазақстан жерінде қандай кезең еді және географиялық тұрғыдан зерттеу кімдердің үлесіне тиді?

2,Еуропалық ғалымдардың ішінде қазақ жерін зерттеуде құрметті атаққа ие болған қайсысы және оның ашқан жаңалығы?

3. Орыс географтары XVI-XIX ғ. Қазақ жерін зерттеуге неліктен қызықты?

Бұл сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар сабақтан алған білімдерін көрсетеді және қорытындылайды.


Қорытынды сұрақтар

Бағалау

2мин


Қазақстан картасында белгіленген маршрутпен жүру арқылы өз-өздерін бағалайды. Сабаққа өте жақсы қатысқан балалар белгіленген жерге бәрінен бұрын жетуі тиіс.

А-4 форматтағы қағазда карта сызбасы

Оқушылармен кері байланыс

Көңіл-күй күнделігі - әр түрлі көңіл-күйдегі смайликтерді таңдайды. Сабақта нені білді, не білетін еді және қандай мәліметтермен танысқысы келетінін стикерлерге жазып, жапсырады.

Рефлексия

Не сәтті болды?

Топқа бөлу, сергіту сәті, амандасу сәтінде оқушылардың шығармашылығы сәтті болды.




Не сәтсіз болды?

Оқушылардың ойы шашыраңқы болды




Нені өзгертіп дамытар едім?
Оқушыларды топтық жұмысқа әлі де үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау