2.4 Бұрғылау әдістері
Ұңғы бұрғылаудың неше түрлі әдістері бар. Ол әдістердің барлығы үлкен екі
топқа бөлінеді: қашаулар қолданатын механикалық әдістер және қашаулар
қолданбайтын физико-механикалық әдістер.
Бұрғылаудың механикалық әдістеріне мыналар жатады:
1.Соққылап бұрғылау. Оның екі түрі бар: штангамен және арқанмен
бұрғылау.
2. Айналма бұрғылау. Оның бірнеше түрі бар: роторлы бұрғылау, турбинамен
бұрғылау, электробұрғымен бұрғылау, колонкалық бұрғылау (қатты қоспамен,
алмазбен, бытырамен), шнекпен бұрғылау.
3. Айналсоқ бұрғылау. Бұл әдістің екі түрі бар: гидросоққышпен бұрғылау
және пневмосоққышпен бұрғылау.
4. Дірілді бұрғылау. Бұған таза дірілдің әсерімен бұрғылау, вибро-соққымен
бұрғылау және магнитострукциялық бұрғылаулар жатады.
Қашаулар қолданбайтын немесе физико-механикалық әдістерге мыналар
жатады:
- термобұрғылау. Оның өзі отпен және плазмамен бұрғылау болып екіге
бөлінеді;
- қопарумен бұрғылау. Ол ағындық және ампулалық қопарғыш бұрғы болып
бөлінеді;
-
гидравликалық
бұрғылау.
Оған
гидроимпульсті,
гидровакуумдық,
гидродинамикалық, кавитациялық әдістер жатады;
- электрлік әдістер.
Жоғарыда көрсетілген қашау қолданбайтын әдістерден, тек қана отпен
бұрғылау ғана карьерлерде қопару ұңғыларын бұрғылау үшін қолданылады.
Қалғандары лабораториялық зерттеулер стадиясынан шыға алған жоқ.
2.5 Ұңғы бұрғылауда жүргізілетін негізгі операциялар
Ұңғы бұрғылауда бұрғы қондырғысын орналастыратын алаңды дайындаудан
бастап өзінің міндетін орындап болған ұңғыны жоюға дейін көптеген операциялар
жүргізіледі. Олар бұрғы ұңғысына келетін жолдарды дайындау, жуғыш сұйықтар
құятын зумф қазу, оларды тазалайтын арықтар, тұндырғыштар дайындау, бұрғы
мұнарасын, станокты, бұлқынды орналастыру, бұрғы құралдарын ұзарту, тозған
жыныс талқандағыш қашауды айырбастау, ұңғыдан керн алу, әртүрлі
геофизикалық және гидрогеологиялық зерттеулер, аварияны жөндеу, ұңғыны
жасанды түрде қисайту және тағы басқа көптеген операциялар.
Осы операциялардың ішіндегі ең негізгілері:
a) ұңғы забойындағы тау жыныстарын талқандау;
б) бұрғылау кезінде пайда болған жыныс ұнықтарын (шламды) жер бетіне
шығару;
в) ұңғының орнықсыз қабырғаларын бекіту.
Ұңғы забойындағы тау жыныстарын талқандау әртүрлі әдістермен
жүргізіледі. Олардың ішіндегі көп қолданылатыны механикалық әдістер. Бұл
әдістердің ең негізгі ерекшелігі тау жыныстарын талқандау үшін механикалық
құрал пайдаланылады. Мысалы, айналма бұрғылау әдісінде тау жыныстарын
талқандауға әртүрлі коронкалар, кескіш қашаулар, шарошкалы қашаулар және
тағы басқа механикалық құралдар пайдаланылады. Соққылап талқандау әдісінде
қашаудың бірнеше түрлері қолданылады: екі тавролы қашау, шапқыш қашау,
айқыш қашау, дөңгелектеуші қашау және т.б.
Талқандаудың механикалық әдістерінен басқа физико-механикалық және
қосынды әдістер бар. Мысалы: гидромониторлы, гидроимпульсті, акустикалық,
отпен, плазмамен, электрмен талқандау әдістері. Бірақ бұлардың көпшілігі
өндірісте қолданылмайды. Тек отпен талқандау ғана карьерлерде саяз қопаруға
арналған ұңғыларды бұрғылауға қолданылады.
Жыныс ұнтақтарын жер бетіне шығарудың әдістері үшке бөлінеді. Олар:
механикалық, гидравликалық (пневматикалық) және қосынды әдістер.
Механикалық әдістерде жыныс ұнтақтарын шығару үшін шнекті құрал,
желонқалар, жылан бұрғы, бұрғы қасығы т.б. құралдар қолданылады.
Гидравликалық (пневматикалық) әдістерде жыныс ұнтақтарын ұңғыдан
шығаруға жуғыш сұйықтар (қысылған газ немесе ауа) қолданылады.
Қосынды әдістерде жыныс ұнтақтарын шығаруға жуғыш сұйықтармен қоса
бір механикалық құрал (мысалы, шлам жинағыш құбыр) қолданылады.
Ұңғының орнықсыз қабырғаларын бекіту үшін шегендеуші құбырлар,
балшық ерітінділері, цемент ерітінділері, битум, сұйық шыны және т.б. көптеген
тығындағыш заттар қолданылады. Ұңғы қабырғаларындағы орнықсыз тау
жыныстарын бекіту, немесе олардағы тесік жарықшақтарды ерітінділермен немесе
қою қоспалармен бітеуді тығындау (тампонаж) дейді.
Ерітінділерді, қою қоспаларды ұңғыға әртүрлі әдістермен тасиды. Егер ұңғы
саяз болса, оның сағасы арқылы қолмен шариктер жасап тастайды. Терең
ұңғыларға ерітінділерді бұрғы құбырлары арқылы насоспен немесе цементтейтін
агрегаттармен тасиды, қою қоспаларды әл түрлі тығындағыш снарядтармен,
контейнерлермен апарады.
Достарыңызбен бөлісу: |