Салдыр мен үннің қатысына қарай бөлінетін дауыссыздарды анықтаңыз.D) Қатаң, ұяң, үнді.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды белгілеңіз.D) Ш, Щ, Т, С.
Салт етістікті анықтаңыз.D) Шықты.
Салт етістікті табыңыз.E) Кел.
Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.A) -рақ,-лау,-ғыш.
Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз.C) Үлкенірек.
Салыстырмалы шырайды табыңыз.B) Толықша.
Салыстырмалы шырайды табыңыз.С) Қоңырқай өңді қыз.
Сан есімнің емлесіне сай жазылғанын таңдаңыз.B) Жүз қаралы.
Сан есімнің емлесіне сай келмейтін жауапты анықтаңыз.С) Романның ІІ-томын да оқып үлгердім.
Сан есімнің қай септікте анықтауыш қызметін атқаратынын табыңыз.В) Ілік.
Сан есімнің септік тұлғасы мен сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.Қырық бесте көзілдіріксіз оқи алмайтын болдық.А) Жатыс септік, пысықтауыш.
Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.Үшеуі де елдің бағына туған маңдай алды азаматтар еді.D) Бастауыш.
Сапалық сын есімді көрсетіңіз.C) Қызыл тал.
Сапалық сын есімді көрсетіңіз.B) Шағын, кең, толық.
Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.А) Жемісті ағаштың басы төмен.
Сапалық сын есімнің анықтамасын көрсетіңіз.C) Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім.
Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.A) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
Cептеулік шылауды табыңыз.В) Кейін.
Cептеулік шылаулар қанша септікпен байланысатынын табыңыз.С) 4.
Септеулік шылау қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.А) Бұл сегізге жаңа толған мен үшін жаңалық еді.
Септеулік шылауды белгілеңіз.B) Төмен қарай.
Септеулік шылауды көрсетіңіз.B) Бұдан кейін қарсыласудан ештеңе өнбейді.
Септеулік шылауды көрсетіңіз.C) Біраз жүргеннен кейін демалдық.
Септеулік шылауды табыңыз.E) Сіздердің бастамаларыңыз жыл сайын қолдау табады.
Септеулік шылауды табыңыз.E) Бұрын көрген таныс тәрізді жаныңды билейді.
Септеулік шылаудың анықтамасын белгілеңіз.C) Белгілі септік тұлғадағы сөздермен тіркесіп, оған қосымша мән үстеп тұрады.
Септеулік шылаулар қатарын белгілеңіз.D) үшін, сайын, жайында.
Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.A) Жиналыстан кейін.
Септік жалғауы дәнекер «і» дыбысы арқылы жалғанатын сөзді көрсетіңіз.С) Томск.
Септік жалғауының көмегімен жасалған туынды үстеуді табыңыз.В) Көңілденіп алған қонақтар кезекпен ән шырқады.
Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді анықтаңыз.B) Әуезов.
Синоним болатын қатарды табыңыз.D) Келемеждеу, мазақтау.
Синонимдік қатар жасайтын сөзді белгілеңіз.C) Шақ.
Сілтеу есімдігін белгілеңіз.D) Осынау, анау.
Сілтеу есімдігін табыңыз.А) Сәлден соң сол сары ала шатырдан кердеңдеген екеу шықты.
Сілтеу есімдігінің септелу түрін анықтаңыз.B) Бұған.
Сілтеу есімдігінің тәуелденген түрін көрсетіңіз.C) Соныңыз, мынауыңыз.
Сөз басында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.E) Ң.
Сөз басында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.D) Ң.
Сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктері арқылы байланысу тәсілін белгілеңіз.С) Меңгеру.
Сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы байланысу тәсілін анықтаңыз. В) Қиысу.
Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.С) Көптің құрығы ұзын.
Сөз соңында келген қатаң дауыссызды қатарды табыңыз.C) Тулақ, бейбітшілік, атырап.
Сөз соңында келмейтін дауыссызды көрсетіңіз.C) Ғ.
Сөз соңында келмейтін дауыстылар қатарын табыңыз.E) Ө, ұ, ү.
Сөз табының санын көрсетіңіз.E) 9.
Сөз тіркесіндегі қиысуды табыңыз.D) Ол келді.
Сөз тіркесінің түрін көрсетіңіз.B) 2.
Сөз түрлендіруші жұрнақты көрсетіңіз.D)- ырақ, -ірек.
Сөзге негіз болатын түпкі бөлшекті көрсетіңіз.B) Түбір сөз .
Сөзге үстейтін мағынасына қарай демеуліктердің қанша топқа бөлінетінін көрсетіңіз.E) 6.
Сөздер бір-бірімен қанша түрлі тәсіл арқылы байланысатынын табыңыз.В) 4.
Сөздерге қосымша мағына ғана үстейтін жұрнақтарды белгілеңіз.D) -қы,-кі,-ғы
Сөздердің байланысу тәсілдері Септік, тәуелдік, жалғаулары арқылы байланысу тәсілін белгілеңіз.С)Жалғаулар арқылы.
Сөздердің байланысу тәсілінің қанша түрі барын белгілеңіз.C) 4.
Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз.B) Ауылға қайту.
Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз.E) Көлдің жағасында.
Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.C) Алтын сәуле.
Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.D) Ну орман.
Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын анықтаңыз.A)Айтқан сайын түсіну.
Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.D) Шеберлікті ұштау.
Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін анықтаңыз.D) Түбір сөз.
Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасын белгілеңіз.B)Тура мағына.
Сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудыратын жұрнақты белгілеңіз.B) Сөз тудырушы жұрнақ.
Сөздің тура мағынасын табыңыз.A) Сүт таңертең ұйып қалды.
Сөзжасамның анықтамасын көрсетіңіз.C) Жаңа сөздердің жасалуы.
Сөйлем ішінде тұйық етістік ретінде қолданылған сөзді белгілеңіз. А) Біреудің қолымен отты көсеу – кісілікке жатпайды.
Сөйлем ішіндегі есімдіктің қызметін анықтаңыз.Мені шешем жеті жасымнан бастап өзі оқытты.B) Толықтауыш.
Сөйлем ішіндегі есімдіктің түрін, тұлғасын анықтаңыз.Әжем түтіндеткен самаурынның қасында отырып маған ғана сөйлейді.A)Жіктеу есімдігі,барыс септігінде.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.A) 3.
Сөйлем түрін белгілеңіз.Жібермесем, сағы сынады-ау( )Тәуекел, жіберсем бе екен( )C) Лепті сөйлем.
Сөйлемге жатпайтынын табыңыз.В) Ел мен жер.
Сөйлемге қажетті демеулікті көрсетіңіз.Аңсаған күніміз, аңсаған шағымыз осы ... .С) ғой.
Сөйлемде қимылдың иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен орындалатынын білдіретін етісті белгілеңіз.D) Ырықсыз етіс.
Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын көрсетіңіз.Жемісті жұмыс жаныңды тындырады.С) Қатыстық сын есім.
Сөйлемдегі баяндауыштың жасалу жолын көрсетіңіз.Сауда орталығында кәсіпкерді өзбек саудагері мұзға отырғызып кетіпті.E) Тұрақты сөз тіркесінен.
Сөйлемдегі етістіктің шақтарын белгілеңіз.Жұрт дуадақты мылтықпен атады, мен қолмен ұстап беремін.B) Ауыспалы осы шақ.
Сөйлемдегі сын есімді көрсетіңіз.Әсем сабақты жақсы оқиды.C) Жақсы.
Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді белгілеңіз.C) Кімнің кетіп жатқанын біліп болмайды.
Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді табыңыз.C) Менің тыңдағым келеді.
Сөйлемді анықтаңыз.E) Біз жидек тердік.
Сөйлемнен анықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз.Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.A) Жақсының.
Сөйлемнен баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз.Сен бір артық көркемсің.E) Көркемсің.
Сөйлемнен еліктеуі сөзді табыңыз.Өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап.C) Қарш-қарш.
Сөйлемнен көмектес септіктің көнеленуінен жасалған үстеуді табыңыз.C) Мәтінді кезекпен әңгімеледі.
Сөйлемнен пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді көрсетіңіз.Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан.C) Желдей.
Сөйлемнен сан есімді көрсетіңіз.Біз екі-екіден бөліндік.B) Екі-екіден
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.А) 3.
Сөйлемнің күрделі мүшесі қызметіндегі сан есімді белгілеңіз.Гектарынан 12 центнер бидай орылуда.E)12 центнер
Сөйлемнің лепті сөйлемге айналу жолын табыңыз.Жібермесем сағы сынады.В)-ау.
Сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап, мазмұны ғана сақталатын сөзді анықтаңыз.E)Төлеу сөз.
Стиль түрін анықтаңыз.Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады.D) Ғылыми.
Сұрау есімдігін көрсетіңіз.B) Қайсысы.
Сұраулы сөйлем сұрақтарының түрін анықтаңыз.В) Негізгі, жетек, анықтауыш сұрақ.
Сұраулы сөйлем түрінде келген төл сөздің төлеу сөзге айналу жолының дұрысын көрсетіңіз. - Енді кері қайтуға бола ма? – деп сұрады жауынгерлер. Е) Жауынгерлер енді кері қайтуға болатын, болмайтынын сұрады.
Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.D) Десятниктерің кім.
Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.C) Адамнан мықты не бар екен.
Сұраулық шылаулы сөзді көрсетіңіз.A) Келгенбісің.
Сын есімнен болған толықтауышты табыңыз.E)Жаманға жолдас жақпас.
Сын есімнен жасалған қос сөзді анықтаңыз.B)Топ-томпақ болған бала бейнесі көз алдымнан кетер емес.
Сын есімнің күшейтпелі шырайын көрсетіңіз.С) Келер күн ең ауыр күннің өзі болды.
Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.Қырғауыл - құстың жаманы.B) Баяндауыш.
Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең.B) Анықтауыш.
Сын есімнің шырай түрін көрсетіңіз. C) 2.
Сын-қимыл үстеуін табыңыз.А) Берілген сұраққа қолма-қол жауап берді.
Табыс септігіндегі белгісіздік есімдігін табыңыз.E) Көрпе-төсектің біразын қағып-сілкіп берген.
Табыс септігіндегі зат есімнің толықтауыштық қызметін табыңыз.В) Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Тағысын тағылар, тағы басқалары деген сөздер қысқартылып жазылғанда қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз. D) Нүкте.
Талғау мәнді жалғаулықты табыңыз.D) Әлде.
Талғаулы салалас болатын сөйлемді көрсетіңіз.B)Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
Тарихи сөзді белгілеңізE) Қызыл әскер.
Тарихи сөзді көрсетіңіз.B)Отарба
Тарихи сөзді табыңыз.C) Хан.
Тасымалданбайтын сөздер тобын анықтаңыз.B)От, қарт, сия.
Тасымалдауға келмейтін жауапты табыңыз.D)Сылқ ету.
Тасымалдауға келмейтін сөзді анықтаңыз.С)Әрең.
Тасымалдауға келмейтін сөзді анықтаңыз.B)Орақ.
Тек ашық дауыстыдан құралған сөзді белгілеңіз.A)Әдет-салт.
Тек жалғаулықты болатын салаластың түрін белгілеңіз.D)Кезектес.
Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді белгілеңіз.A)Атың әдемі екен.
Термин сөздер қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.C)Эвфемизм әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатынан туған.
Термин сөздерді көрсетіңіз.B) Бастауыш, аммиак.
Термин сөздерді көрсетіңіз.A) Эвфемизм, дисфемизм.
Термин сөздердің анықтамасын белгілеңіз. B) Ғылым, техника саласындағы арнаулы ұғымдарды білдіретін сөздер.
Термин сөзді қатарды табыңыз.B) Төртінші баптың бірінші тармағында қаралады.
Термин сөзді табыңыз.D) Жер серігі.
Терминдердің қандай ғылым саласына қатысты екенін табыңыз.Аммиак, азон.А) Физика.
Тәуелденген зат есімдерге қосымшасы өзгеріп жалғанатын септіктер қатарын көрсетіңіз.С) Барыс, табыс, жатыс.
Тәуелденген зат есімді көрсетіңіз.C) Атыңыз.
Тәуелденіп келген есімдік түрін белгілеңіз.В) Осысы, мынауың.
Тәуелденіп тұрған есімшелерді көрсетіңіз.A) Келетінің, береріңіз.
Тәуке хан ұйымдастыруымен қазақтың белгілі билері жүйелеген еңбекті анықтаңыз.D) Жеті жарғы.
Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін саланы белгілеңіз.A) Фонетика.
Тіркестердің ішінен ашық буыны бар қатарды анықтаңыз.D) Тас жүрек.
Тіркесу арқылы қалыптасқан үстеуді көрсетіңіз.D) Күні бүгін.
Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.C) Ол шешесіне хат жазды.
Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.E) Жамбылмен тату-тәтті өткізген үш күн естен шықпас.
Толықтауыш қызметіндегі болымсыздық есімдігін табыңыз.E) Әлі күнге дейін ешкімге тіс жармады.
Толымды сөйлемді анықтаңыз.D) – Сен түс көрдің бе, жаным?
Толымды сөйлемді анықтаңыз.Е) Шеткі ауыл бұларды көріп қалды.
Толымды сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.C) Ойға қатысты сөйлем мүшелері қатынасқан сөйлем.
Толымсыз сөйлемде көрсетілмеген сөйлем мүшесін белгілеңіз. Келіп кетті ме? D) Бастауыш.
Толымсыз сөйлемдер жиі кездесетін қатарды көрсетіңіз.С) Диалогты сөйлем.
Топтау сан есімін көрсетіңіз. E)Мыңдап.
Топтау сан есімін көрсетіңіз.А) Ол сол кездерде, шамасы, он-он бестен алып қойған.
Төл сөз бен автор сөзінің байланысу жолын белгілеңіз.B)Де көмекші етістігі арқылы
Төл сөзге қатысты сызықшаны табыңыз.Е) «Өлеңге әркімнің де бар таласы», - дейді Абай.
Төл сөзге тән құрылымды көрсетіңіз.Серғазы аттанарда: «Аттан түспе, абайла!»-деді. D) Автор сөзі, төл сөз, автор сөзі.
Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.D) “Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл,” – дейді.
Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.B) Ұста: “Бұны қайдан көрдім?” – деп ойлады.
Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.D) – Енді не істемекшісің? – деді ана.
Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.A) – Бұл не деген жұмбақ? – десті екеуі.
Төл сөзді сөйлемді табыңыз.A) “Қалауын тапса, қар жанады,” – деген мақал – үлкен философия.
Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, төлеу сөзде ол сөзбен қандай көмекші етістік тіркесіп айтылатынын табыңыз. D) Екенін.
Төл сөздің тыныс белгісін анықтаңыз. Кеше кешке жолдасы Қарқаралыда әлі екі-үш күн боламыз деген болатын. Е) Қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша.
Төлеу сөзді анықтаңызC) Мағжан шешен өлсе, артында сөзі қалатынын айтты.
Төлеу сөзді көрсетіңіз. А) Құрбысы Ботагөздің неден ұялғанын сұрады.
Төлеу сөзді сөйлемді анықтаңыз.B) Ұста бұны қайдан көргенін ойлады.
Төлеу сөзді сөйлемді көрсетіңіз.D) Осы күні сол жер қызыл гүл екенін айтты ол.
Төлеу сөзді сөйлемді көрсетіңіз.C) Кемпір оның далаға шығып кетуін өтінді.
Төлеу сөзді сөйлемді табыңыз.E) Білмегенді біле беру керектігін Шәкәрім айтып еді.
Төрт буынды сөзді табыңыз.B) Қарапайым.
Төрт буыннан тұратын сөзді көрсетіңіз.C)Шаруашылық.
Төрт рет тасымалданатын сөзді көрсетіңіз.D) Оңтайландыру.
Түбір етістікті табыңыз.C) Жи.
Түбір сөзді көрсетіңіз.C) Бала, дос.
Түбір сөзді көрсетіңіз.D)Тау.
Түбір сөзді табыңыз.B) Дидар.
Түбірдің ережесін анықтаңыз.B)Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі.
Тура мағыналы сөзді табыңыз.D)Құлағым ауырып жүр.
Тура мағыналы сөзді табыңыз.B)Өз қолымен берді.
Тура толықтауыш жасауға негіз болатын септікті анықтаңыз.С) Табыс.
Түрленіп жұмсалған есімдік түрін анықтаңыз.Осы біз кімбіз?A) Сұрау есімдігі.
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.
Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.С) Қорыққаным соншалық-қаным басыма шапшыды.
Туынды етістікті анықтаңыз.E) Кешікпе, ақта.
Туынды етістікті анықтаңыз.С) Ойна.
Туынды етістікті белгілеңіз.B) Шегеле.
Туынды етістікті табыңыз.C) Көмектес.
Туынды зат есімді белгілеңіз.C) Әнші.
Туынды зат есімді табыңыз.B)Ғасырлар сырын шерткен халық даналығы көңіліне ой салды.
Туынды сөзді көрсетіңіз.A) Білім, оқушы.
Туынды сөзді табыңыз.A) Айбындылық, ұрыншақ.
Туынды сын есімді анықтаңыз.D) Айлалы батыр алдырмас.
Туынды сын есімді атаңыз.E) Ашық.
Туынды сын есімді қатарды анықтаңыз.С) Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
Туынды сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз.A) Өнерлі өрге жүзер.
Туынды сын есімнің жұрнақтарын табыңыз.D) - шыл, -шіл.
Туынды түбірлерді анықтаңыз.В) Өнім, жолдастық.
Туынды түбірлерді көрсетіңіз.E) Бөлшек, жақсылық.
Туынды түбірлерді көрсетіңіз.B) Адалдық, рақымсыз.
Туынды үстеу тудыратын жұрнақтарды белгілеңіз.B) -шама, -шене.
Туынды үстеуді анықтаңыз.С) Онсыз да бітер істі тіпті осыншалық нығарлап жіберіпті.
Туынды үстеуді белгілеңіз.A) Адамша.
Туынды үстеуді табыңыз.D)Өзінше, ақшалай.
Туынды үстеуді табыңыз.E)Сұңқардайын.
Тұйық буынды анықтаңыз.A)Ас.
Тұйық буынды белгілеңіз.А) Ант, аз.
Тұйық буынды еліктеуіш сөздер қатарын көрсетіңіз.D) Арс ету, ыңқ ету.
Тұйық буынды сөзден басталатын қатарды анықтаңыз.E) Ас адамның арқауы.
Тұйық буынды табыңыз.B) Ұқ, үн.
Тұйық буыны жоқ қатарды анықтаңыз.А) Көңіл, тамақ, сайра.
Тұйық етістікті көрсетіңіз.С) Ер шешуде, нар кешуде сыналар.
Тұйық етістікті көрсетіңіз.В) Жүзуден алдына жан салмайды.
Тұйық етістікті табыңыз.A) Қуу.
Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.C) Мұзға отырғызып кету.
Тұрақты тіркесті анықтаңыз.B) Ойын басталмай-ақ жұрт қымызға бас қойып жатыр.
Тұрақты тіркесті анықтаңыз.B) Таяуда әкемізге ас береміз.
Тұрақты тіркесті көрсетіңіз.C) Ит терісін басына қаптады.
Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді белгілеңіз.E) Жалаң сөйлем
Тұтастай ілгерінді ықпалға бағынған мақал-мәтелді табыңыз. E) Піл көтермегенді тіл көтереді.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған одағайды табыңыз.B) Мен не қылдым, япырмау?
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.A) “Көлтауысар, көлдің суын құрт,” – деді Төстік.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.A) Абай былай деді: “Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік”.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.B) “Биік мансап – биік жартас”, - деді Абай.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.E) – Жарқыным, жөніңді ұқтыршы, қайда барасың? – деді Мөңке.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.C) Ол: “Батыр, хал қалай?” – деді.
Тыныс белгісі дұрыс қойылмаған одағайды белгілеңіз.C) Әттеген ай атын сұрамаппын ғой.
Тыныс белгісінің дұрысын анықтаңыз.В) -Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма?-деп сұрады ол.
Тырнақшаның дұрыс қойылған орнын көрсетіңіз. Е) «Ана тілі» газеті, «Парасат» журналы.
Үйірлі бастауышты көрсетіңіз.C) Билеті барлар орындарына жайғасты.
Үйірлі бастауышты табыңыз.C) Жұмысы жоқтық аздырар адам баласың.
Үйірлі бастауышты табыңыз.С) Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.
Үйірлі баяндауышты белгілеңіз.Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.E) Уайым жеу.
Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз. B) -нікі, -тай.
Үндестік заңына бағынбайтын септік жалғауын көрсетіңіз.C) Көмектес септік жалғауы.
Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздерінің жазылуын белгілеңіз.С) Бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке жазылады.
Үндестік заңының нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.B) 2.
Үнді дауыссыз дыбыстар қатысқан сөзді көрсетіңіз. B) Әйел.
Үнді дауыссыздардың жасалуын көрсетіңіз.А) Салдыр мен үннен жасалып, үні басым болады.
Үнді дауыссыздардың қатарын көрсетіңіз.А) Р, л. й, у, м, н, ң.
Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз.E) Соншалық.
Үстеудің қанша мағыналық түрі бар екенін көрсетіңіз.D) 7.
Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.Шамасы, осы жерден төрт шақырымдай болар.С) Қыстырма сөз.
Үш шақтың бірінде қолданылатын рай түрін белгілеңіз.C) Ашық рай.
Ұлттық шешендік өнер туралы ең алғаш еңбек жазған авторды көрсетіңіз.А) Әл-Фараби.
Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.C) Б, Д, З, Ж.
Ұяң дауыссыздан басталған қатарды табыңыз.D) Жол азабы – көр азабы.
Ұяң дауыссыздарға берілген анықтаманы көрсетіңіз.B) Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған,үннен салдыр басым дауыссыз дыбыстар .
Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді көрсетіңіз.C) Дарбыз.
Хабарлы сөйлемге берілген анықтаманы көрсетіңіз.D) Баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем.
Хабарлы сөйлемді табыңыз.В) Сағат шырылдады.
Хабарлы сөйлемнің ерекшелігін белгілеңіз.A) Іс-әрекеттің белгілі бір шақта жүзеге асатындығын білдіреді.
Шақыру одағайын белгілеңіз.C) Құр-құр.
Шақыру одағайын көрсетіңіз.A) Моһ-моһ.
Шақыру одағайын табыңыз.C) Шөре-шөре.
Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем баяндауышының тұлғалық белгісін анықтаңыз.Е) Көсемшенің -й жұрнағына біткен болымсыз етістік түрі.
Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз.C)Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді.
Шешендік өнердің негізгі бастауларын көрсетіңіз. С) Греция, Рим.
Шешендік сөздің отаны саналатын елді көрсетіңіз.E) Эллада.
Шығыс септігіндегі сөзбен тіркескен салт етістікті анықтаңыз.E) Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.
Шығыс септіктің көнеленуінен жасалған пысықтауышты табыңыз. A) Абай әр нәрсені кеңінен ойлайды.
Шылау түрін көрсетіңіз.A) 3.
Шылаулар арқылы байланысқан жауапты табыңыз.E) Естіген жаңалығымыз туралы оңаша отырып ақылдастық.
Ыңғайлас салаластың ішіндегі қайталанбай келетін жалғаулықты атаңыз.B) Және.
Ырықсыз етісті анықтаңыз.D) Сол күні бұл үйдің есігіне құлып салынған.
Ырықсыз етісті табыңыз.C) Орылды.
Достарыңызбен бөлісу: |