Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік


үрмет. Өзге тілдерден енген кейбір сөздердің алғашқы дыбыстары түсіріледі я басқа дыбысқа ауысады: құрмет — ү



жүктеу 9,76 Mb.
бет20/42
Дата25.11.2017
өлшемі9,76 Mb.
#1867
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42

үрмет. Өзге тілдерден енген кейбір сөздердің алғашқы дыбыстары түсіріледі я басқа дыбысқа ауысады: құрмет — үрмет («Қ. Т. Т. Т. З.»). Егер де намаз палуан пасық шықса, Олардан ибрат алып жұрт не білмек? Мың ірәкәт намаздан артық деген, Кісіге істеген бір ізет-үрмет (Майлықожа). Исламиятқа үрмет етерлер азайған заман ғой (А. Сейдімбеков);

хұрмет. Өліге деген хұрмет тірі үшін (мақал). Мал, мақтан, ғиззат, хұрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды, һәм көрік болады (Абай). Хұрметті Берсиев жолдас! Тары рекордын жасау күресіндегі тәжірибеңізді халыққа кең тарату үшін, Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесінің бюросы бір мақала беруіңізді өтінеді... (Ғ. Мұстафин);

құрметтеуқадірлеу, сыйлау. Халық құрметтеп, Зұлқияны депутат етіп сайлады (М. Иманжанов). Аман көріп еліңді, Атақоныс жеріңді, Алдынан шықты Хұрметтей, Ағайын туғандарыңыз әрібаев);

Құрметтеушіқадірлеуші, сыйлаушы. Мен революцияның алғашқы күнінен бастап саяси өмірді бақылап отырдым, социалистердің өмірімен ынтыға таныстым, социалистік идеялардың мүлде әділетті екеніне көзім жеткен соң, идеяларды Құрметтеуші және жақтаушы болып алдым (Ы. Хамзин). Құрметтеуші, тыңдаушы көп болғанмен, сүйеушім аз, қолдаушым кем болды (С. Бақбергенов);

құрметтеушілік қадірлеушілік, сыйлаушылық. Тасада тұрып, тас ату жағдайлардың бәрі коллективтің дұрыс дамуына, ондағы адамдардың арасында өзара достық, жолдастық, бірін-бірі сыйлаушылық, құрметтеушілік сияқты қарым-қатынастардың орнығуына зиянды әсерін тигізбей тұрмайды (Т. Беркімбаев);

құрметтіқадірлі, сыйлы. Уа, құрметті астанам, Сәлем берем өзіңе, Мені тарттың алыстан, Жылы ұшырап көзіме (Жамбыл). Монтайым мейманасымның шын құрметті, Саған айтпай, кімге айтам қайғы-дертті. Сақалын сипап сені балуан қолмен, Ертек қып өткендерін бастап кетті (И. Байзақов);

хұрметті.— Хұрметті ұстазымыз шәкіртін шектен тыс мақтап жіберді,— деді, Сұлтанмұрат қолын қайта қусырып (Айбек). Хұрметті сәлем жаздым Серіқұлға, Қызығар базарлы жер тиын-пұлға (Жәмила қыз);

құрметтілікқадірлілік. Замандас өмірін жазудың қиындығы да, құрметтілігі де көп екенін мойындамасқа болмайды (Р. Бердібаев).

حريّة (хуррййатун) құриятазат, бостандық, ерік. Құрият!...— Құрият бопты, құрият! — деді Шаймерден (С. Мұқанов). Міне, осы заманда қазақ халқы қайтеді, қайтсе құрияттан дұрыс пайдалана алады... (I. Жансүгіров); Құрият арабша «хурият» деген сөз екен, қазақша мағынасы: «еркіндік, бостандық» дегенге келеді екен,— деді Ғалауетден (С. Мұқанов);



хуриет. Демократияшыл мұсылман жастары «хуриет» деген сияқты сөздерді көп қолданып, ауыздарымен орақ орып, Ғаниға тіс қайрап жүретін (Ж. Арыстанов);

хурият. Тым-тырақай бір заман! «Қазит», «қаулы», «Құрылтай», Хурият та, бостандық!... (I. Жансүгіров). Ақын Жұманазар Үрімқұлов өзінің «Хурият заманасы» толғауында тарихи шындық қалпында дәл баяндаған («Айтыс»).

حرير (харйрун) хариржібек. Құрыпты Шаһбал патша алтын тақты, Жайнатып, безендіріп Иранбақты. Жайдырып атылас харир көшесіне, Орнатып кішік сарай, гауһар жапты («Ғашық-наме»).

حريف (харйфун) әріп1) жолдас; 2) ойыншы, серік; 3) алыс-берісті (клиент). Бұзып шығып азап тордан, Майдан жаққа әрі кеттің. Оқылсын деп азат жолдан Әр жүректі әріп еттің (X. Ерғалиев);

әріптес1) кәсіптес, қызметтес, мамандығы жағынан ұқсас адамдар; 2) айтыста, күресте қарсыластар; 3) күндестік, бақталас. Екі бөлімнен құралған осы бір дәйекті зерттеуді Қытайдың белгілі тюркологы Фон Цзяшен мен оның әріптестері жазған («Қ. Ә.»). Әсия... айтыста әріптесін күлдіргі сөздермен, өтірік әзілмен қатты қағытып өлеңдететін («Жұлдыз»);

әріптестік1) кәсіптестік, қызметтестік; 2) қарсыластық; 3) күндестік, бақталастық. Колхоз, аудан, облыс орталықтарында, астанада мереке күндерінде қыз бен жігіттің әзілі, сықағы аралас әріптестік немесе лирикалық айтысын өткізу дәстүрі туса, оған қатысушы талапкерлер табылатыны шексіз (Р. Бердібаев).

حريم (харймун) гарем1) зайып, әйелдер; 2) үйдің әйелдер бөлмесі (ескіше кейбір мұсылман елдерінде бай, әмір, мәлік, патшалардың әйелдері тұратын бөлмелер, сарайлар). Мұсылман діні кәмелетке толмаған қыздарды күйеуге беруге, әйелді сатуға, не сатып алуға, сатып алған әйелдерді «жеке меншіктегі зат» сияқты етіп, гаремдерде ұстауға рұқсат етеді (X. Ақназаров). Гаремнен жарияларымен әйелдер шықты (І. Жансүгіров).

حزب (хизбун) хизыб1) партия (саяси), топ; 2) құранның алпыстан бір бөлігі. Сол сияқты, үлкен мешіттерде оқу үшін, құран 60 бөлімге бөлінген. Бұл бөлімдер хизыб делінеді (М. Исқақов).

حساب (хисабун) есеп1) матем. сан, санау, есептеу; 2) санын, есебін шығару, есептеу; 3) қорыту, есеп беру; 4) сан мөлшерін оқытатын пән аты; 5) ауыс. ретін, ыңғайын, жөнін, амалын табу. Есеп оқытқанда балалардың тұрмысынан және айналадағы тұрмыстан алып, әуелі түсінікті, оңай есептерді, кейін бірден-бірге қиындау есептерді үйретіп, оқушылардың ақыл-ойына әсер етуге тырысуымыз керек (Ы. Алтынсарин). Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы өзінің барлық ісінен Қазақ ССР Жоғарғы Советіне есеп береді («Қазақ ССР Конст.»). Дәулет болмас тапқан мал, Есебін тауып құрамай («Қаз. Ақ.»). Ертең тос. Есебін тауып көреміз. Келемін,— деді Абай Тоқжанға (М. Әуезов);



қисап. Тағы да бір лаулаған отты көрдім, Қап-қара қисабы жоқ топты көрдім (С. Торайғыров). Шамшия сия берер зор мақтауға, Тек емес кереметтен қара дәу де. Кәдеге қисабы жоқ пұл береді, Ұқсаған сәуле беріп саңылауға (Рақымжан);

қысап. Жөнді, жөнсіз, Сөз теңеусіз, Бас пен аяқ бір қысап (Абай);

хисап. Олай болғанда о да жұртқа қылған артық махаббаттан хисап (Абай). Көшпелі халықтың пайдасы болмаса керек. Пайдасы болмайтындығы — көшпелі халықтың пайдаланып отырған жері өзінікі болмай, әман қазыналық болып, хисап етіледі; мынау артық деген жер әман қазына пайдасына алына береді (М. Сералин);

есептесуесеп алысу, санасу. Халықтың есептесіп пікірімен, Арылтқан қасіретін жүрегінен, Халықтың қырағысы болып өсті, Ұшырған қырандарды түгелінен (Қ. Айнабекұлы). Құдай сол сенің өзіңнің арың – сол арыңның алдында есептесу болса қайтесің? (Т. Баймолдаев).

есептегіш1) бір нәрсенің есебін алушы (адам); 2) бір нәрсенің есебін жасайтын аспап (счетчик). Фарабидің математикалық тамаша жетістігі бір градус доғаның хордасы мен синусын, косинусын өзіне дейін ешбір болмаған дәлдікпен есептеп шығарғандығын, оның үздік есептегіш екенін көрсетеді (А. Көбесов). Ал, тоқты қанша пайдалансаңдар да өз еріктерің. Есептегіштерің бөлек («Қ. Ә.»). Паскаль 16 жасында қосу амалын орындайтын есептегіш машина құрастырыпты («Қ. Т. Т. С.»). Есептегіш машиналар қанша ақылды болғанмен, адам ойлауына пара-пар келе алмайды (Қ. Жарқынбаев).

есептеуесепке алу, санау. Жанбота Айсұлуға жауап қайырған жоқ, қағазын алып есептей бастады (Ғ. Мұстафин). Буфетші әйел бір нәрселерін есептеп отыр (С. Ерубаев);

есептелінуесепке алыну. Кейде сау денелер ауру сезінеді, сондықтан адам сырқат саналады, ал кейде дене ауруды сезінбейді, адам сау болып есептелінеді (А. Көбесов);

есептескішсанасқыш. Үлкенге де, кішіге де сыпайы, жұрттың мұң-мұқтажымен есептескіш, жақсыдан үйренгіш, жаманнан жиренгіш абзал адамдар («Шопан серігі»);

есептелусаналу, есепке алыну. Әлішер Навои шығармаларының бір томдығынан басқа қазақ тіліне аударылған кітаптар саны ондап есептеледі (Ғ. Мүсірепов). Солай болса, біздің совет елі саяси мағынада бүкіл дүниежүзі еңбекшілерінің Отаны болып есептелу керек (І. Омаров);

есептеулісанаулы, есепке алынған. Дала төсінде теңіздей тербелген әрбір бидай есептеулі (С. Мұқанов). Есептеулі әр минутым, Қымбат әрбір сағатым (Б. Аманшин);

есептіксанаулық. Есептік сан есімдер заттың аз-көптік есебін, ұзын санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді («Қ. Қ. Т.»);

есептеушілікесепке алушылық, санаушылық. Шығыста астарлай сөйлеуді ұнатады деп есептеушілік бар, солай болса да шығыс адамы мына мен сөзіңізді онша ұға алмадым,— деді (Дм. Снегин).

есептеуішматем. есебін шығарушы. Есептеуіш машина — есептеу, яки информация өңдеу процестерін механикаландыруға, автоматтандыруға арналған құрылғы немесе құрылғылар жиынтығы («Қ. С. Э.»);

есептісанаулы. Есепті дос айрылмас, есепсіз дос артына қайрылмас (мақал). КПСС Орталық Комитетінің Л. И. Брежнев жасаған Есепті баяндамасында әдебиет пен көркемөнер қайраткерлері жаңа қоғамдық формация адамын тәрбиелеу, коммунизм құрылысшыларының адамгершілік сенімі мен рухани мәдениетін қалыптастыру ісіне елеулі үлес қосқаны атап көрсетілді (Ә. Әлімжанов);

есебіндеретінде, қатарында. Талай рет жанкүйер есебінде мені стадиондағы футбол ойынына ертіп барғандары да бар (Ә. Бүркітбаев);

есеп-қисап1) есеп-есеп, сан-сан; 2) жақсылап, жан-жақты есептеу. Ақша араласқан жерде есеп-қисап керек,— дейді ғой орыс мақалы (Ғ. Мүсірепов). Сөйтіп, есеп-қисап бітіп, қазақтар қайтпақшы болды («Ш. С.»);

есеп-қысапесеп-қисап. Хожа Афзал кеңсе, есеп-қысап жұмыстарына жетік, мемлекет басқару істерінде тәжірибелі, арлы қызметкер еді (Айбек);

есепсіз1) есебі жоқ, сансыз, көп, мол; 2) есепке алынбаған. Әкең есеппен берсе, еңбегің есепсіз береді (мақал). Берікте тұрған ел екен, Есепсіз, сансыз көп екен, Жаңа талап жас бала, Қорықпайтын ер екен («Б. Ж»). Сіз бір сұңқар шаһбаз, Жер жүзінен алған баж. Біздей ғарып есепсіз Есігіңде жүр мұқтаж (Абай);

қисапсыз есепсіз. «Малдының беті жарық» мақал болып, Малсыздың тіршілігі кеміп өткен. Қырық жеті қызға берсе шал алады, Қисапсыз көп мал беріп бөгіп өткен (Әсет). Білімді мамандарды қисапсыз көбейту керек (М. Иманжанов);

хисапсызесепсіз. Экспедиция «Айдарлы» мен «Әтеште» хисапсыз мол темір кені барын ашып қайтты (С. Мұқанов);

есеп-қисапсыз 1) санаусыз; 2) ауыс. сансыз, есепсіз. Машина-машина келген шыны сауыттарды Садекең есеп-қисапсыз, санаусыз ала береді (М. Қосшығұлов). Есеп-қисапсыз жүруге болмайды (Б. Момышұлы). Юрий Васильевич сонау бір жылдарда өлке мен облыс орталығына есеп-қисапсыз көп жиналыстарға барғанын еске алды («Абзал жандар»);

есеп-санақ есеп-қисап, статистика. Есеп-санақ мәліметтеріне қарағанда, жер шарында жылына рактан екі миллион адам өледі екен (М. Қайрақбаев). Басқа жұмыста жүрген есеп-санақ қызметіндегі үш адамды тракторға отырғызып, төртіншісіне он бес жасар мектеп оқушысын тапқан еді (Ә. Қалмырзаев);

есеп-таяқ өрмек адырғасының алдында тұратын, бой жіптерді санап байлап қойған таяқ (С. Қасиманов);

есепшотсчеты (көлденең темір шыбықтарына тізілген жылжымалы сүйекшелері бар, төрт жақты жай есептеу құралы). Игіліктің саусақтары тырсылдата білетін тәспиығы да есепшот болатын еді (Ғ. Мүсірепов). Ғалиолланың есепшоты дамылсыз тырс-тырс етеді (Ғ. Мүсірепов);

есепші 1) санаушы, есептеуші, есепке алушы, есебін жүргізуші; 2) табиғаттың құбылыстарын бақылап, есебін жүргізіп, ауа райын болжайтын халықтық метеоролог. Жылқыны түгелдеуге келген есепші Кертөбелді алып кеткелі жатыр («Қ. Т. Т. С.»). Күтеді қоста мені сүйген жарым, Колхоздың есепшісі - сұлу Гүлсім (Ә. Сәрсенбаев);

есепшіл1) үнемшіл, ұқыпты; 2) пайдакүнем. Байқап, аңысын аңдып, әрекеттер жасауды жөн көретін есепшіл адам (Қ. Әулиев). Құдайберген: Сенің түскен жерің - жат орта, дүниеқоңыз, мансапқор, тым есепшіл жандар (Ж. Жұмақанов). Ас үйдегі анау өсекшіл, Жеп-ішкенге есепшіл, Мені ұры - деді, Мысық болмай құры - деді (Қ. Мұқышев);

есепшілдік 1) есепқорлық, үнемшілдік, пайдакүнемдік; 2) ұқыптылық. Үй ішінде еңбек бөлісуде «сен ананы, мен мынаны істедім» деген тепе-тең есепшілдіктің де, «өзгедей бір жаққа тартып кетейін деп отырсың ба?» — деген ұсақшыл күмән келтірудің де жөні жоқ еді («М. Б. Т.»);

есепшілік1) есеп жүргізушілік; 2) есепшінің кәсібі, қызметі. Өзінің құтқарушысы санаған тілшіге жауап хат, алғыс хат жаздырмақ боп, осындағы есепшіліктен сотталып келген жалақ сары баланы іздеп тапты (С. Бақбергенов). Содан бері әкемнің елдегі жұмысы — есепшілік (Б. Аманшин).

حسد (хасадун) хүсідқызғаныш, күндеу. Бұл сөз хүсідшілік сияқты сөздерде кездеседі;



хүсідшілікқызғанушылық, күндеушілік. Ондай бахас хұсідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім азайтады (Абай).

حسرة (хасратун) қасірет1) қайғы, уайым; 2) ауру, сыздау, қақсау; 3) шаршау, қажу; 4) зарығу, сағыну. Керілген қас, кірпігің атқан оқтай, Ішіме қайғы салдың жанған шоқтай. Шер болып, еш жібімес менің кеудем, Қасіреттен жұмарланып жатыр доптай (Ақан сері). Он тоғызда жасыма, Қасірет түсті басыма (С. Торайғыров.);



ғасірет. Бұлт басып Адмиралтей мұнарасын, Неваның аяз қарып мұз қадасын, Жатқандай тұншықтырып, адам түгіл Ғасірет Қысқы сарай мәр-мәр тасын (I. Есенберлин). Қосылар ғасіретке ғасіретің! Сөзіңнен, Алтынайым, жаным құрбан, Нұржаның шамың болсын жанып тұрған (І. Есенберлин);

қасырет. Бәсең үнді, мұңды дауыспен сағыздай созып, әлденеше қайыра салған ән сазы Дина құлағына терең бір қайғы сарынын, жүректің алыс түкпірінен шыққан қасырет, күйік, өкініш арызын, тағдырдан бір рет ауыр соққы жеп, енді түзелуді мұрат тұтпайтын қам көңілдің зарын шағып жатқандай еді (С. Бақбергенов). Тауда өсіп, сыңары жерде қалып, Көкірегіне қасырет құйған қыз ба? (К. Салықов);

хасрет. Ыстық жастың, сұрғылт тұман, Көтерілген буындай, Азаптайды, жанды улаған Ауыр хасрет уындай (Қ. Шаңғытбаев);

хасірет. Бүгінгі жым-жырт медреседе, кішкене хүжреде ол қатты хасірет шегулі (Айбек). Сөз тыңда, хажы бабам, құлақ салып, Зарланған хасіретпенен балаң ғарып (Назым); .

қасіреттенууайымдау, қайғы шегу. Жоқ, солдатым, қасіреттенбе. Уайым - серік емес, бізге,— деді старшина (Ә. Сәрсенбаев);

хасіреттіқайғылы. Құпия біразырақ жазайын сөз, Қайғылы көкірегім де, жылауда - көз. Арызымды, әке, сізге білдірейін, Бұл күнде хасіретті фарзәнтіңіз (Назым).— Уа, хасіретті мұсылман ұғлы... Құлақ ұста!—деді қазірет Қуанай (X. Есенжанов);

қасіретсіз1) қайғысыз, уайымсыз; 2) шаршаусыз, қажусыз. Ойласа от күндерді, от майданды, Қамықпай, қасіретсіз сөз айта алмайды (Ә. Тәжібаев).

қасірет-қайғымұң, шер күйініші. Баланы қолдан бергенше, Қасірет-қайғы көргенше, Патшаға қарсы тұрамыз, Өлсек шәйіт боламыз (Иса). Олар маған қандай қасірет-қайғы болса да қайыспай көтерер күш берді (Ф. Дзержинский).

حسن (хуснун) хұсн1) сұлулық, әдемілік, көркемдік; 2) жақсы сапа. Бұл хұсни, хұснихат сияқты сөздерде кездеседі;



хұсни. Хұсни арабша — «өте әдемі», «таң-тамаша» (Т. Жанұзақов); хұснихат — көркем жазу (анық, әдемі жазу);

хуснихатшыкөркем етіп жазатын адам. Жазба шаирдың даңқы кітабының немесе хуснихатшылар (полиграфтар) көшірген қолжазбасының оқушыға неғұрлым көп таралғандығымен анықталса, ақынның атағын ел аралап, айтысқа түсіп, естен кетпес өткір өлеңдер шығара білуі танымал еткен (Р. Бердібаев);

хұснизән1) тілектестік, жақсылық тілеушілік; 2) жақсы пікір, жақсы ой. Имандар ғибадаттан сөз қозғаған, Хуснизән мен иманды білді ойлаған. Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай, Сыртын қанша жуса да, іші оңбаған (Абай).

حسن (хусна) хұсна1) ең жақсы, өте әдемі, асқан сұлу, тамаша; 2) игілік, игілікті іс. Ол... кітаптарда сегіз сүбутия сипаттары бірлән, тоқсан тоғыз әсман хұсналар бірлән білдірген (Абай).



құсни1) ең жақсы, өте әдемі, асқан сұлу; 2) игілік, игілікті іс. Беу-беу Гауһартас. Құсни құрдас Раушан жүзің көргенде Сәулем-ау, сабырым қалмас X. О.»). Біз - бұлбұл қызыл гүлге тартқан сада, Нәркес көз, қалам қасты лағыл бала. Иранның құсни зия тотысындай Гәуһәрден шыққан нәсіл тудың зада (Ақан сері).

حسيب (хасйбун) әсіпішектің ішіне ет, күріш салынып жасалған тамақ, шұжықтың бір түрі. Москва олимпиадашылары мен меймандарының дастарқан мәзірінде қазақша ет, кеспе, әсіп, бауырсақ, Алатау салаты және басқа да ұлттық тағамдарымыз болды («Л. Ж»);



һасып. Аспаз балаға арнап «һасып» (ішекке тығып пісірген ет, күріш) даярлады («М. Б. Т.»).

حسير (хасйрун) қасер1) шаршаған, қалжыраған, қажыған, болдырған; 2) әлсіз, күшсіз. Таққа мініп, тәж киген, Ғаріп пенен қасерге Қамқоры сырттан көп тиген, Әділетті жан түгіл, Орнында оның орда жоқ (Базар жырау). Уа, жатырмысың тыныстап, Ленин сынды бабамыз... Қарип пенен қасерге Сәулең түскен данамыз (К. Әзірбаев);



қасыр. Ғарып-қасыр бейшараны құрметтейін десең, жатқан түйеге міне алмаса да, ол момындыққа есеп емес (Абай);

қасір. Ғаріп-қасір, ақсақ-соқыр, нашарларға Өзінен таратушы ед ылғи әман (И. Крылов).

حسينية (хусайатун) хұсайния1) әдемілік, сұлулық; 2) діни. Хұсейін имамды жоқтау ырымын өткізетін айрықша жай; 3) медресе аты. Жадиттік бағытта Орынборда «Хусайния» медресесі ашылды (С. Мұқанов). Олардың айналасында «Ғалия», «хұсайхнялардан» оқыдық дейтін жәдит жаялығында өскен бір топ төленғұттары бар (I. Жансүгіров).

حشر (хашарун) асарбір жұмысты жұмыла, жабылып істеп шығу (асар жасау, жабыла біреуге жәрдем беру). Жылу, жұртшылық, үме немесе асар сияқты әдет-ғұрыптар міндеттеме правосына жатты X. М.»). Үме, асар деген сөздер де көнерген жоқ (С. Шүкіров). Сол күнгі асар жарасымды дәстүрге жалғасты (Б. Әдетов);

асарлатужұртты қауырт жұмысқа жәрдем беруге шақыру, көпшілік көлмегін пайдалану. Сол жерде бәйбішемнен кетті мазам, Өзіме азар болды қылған жазам. Бидайды асарлатып орғызбаққа. Істеуім бидай көже екі қазан («Айтыс»).

حشرات (хашаратун) хашарат1) шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа; 2) ауыс. азғын, жексұрын. ...Етімді сен сипаған құрттар жесін! Қабырдағы хашарат жұрттар жесін! «Ауызға сөз, маңдайға көз деп жүріп, Қор болған, міне, осылай Қамар!» — десін (С. Торайғыров).

حشيش (хашйшун) гашиш1) шөп, от; арамшөп; пішен; 2) үнді шаш кендірінен өндірілетін көк-сұр түсті, жабысқақ елірткіш зат. Гашиш (араб) — галлюциногендер тобына жататын наркотик Қ. С. Э»). Ошақбай бозаның уытынан мас болып, мәңгіріп кетті, жолбасшысы көкнәр езіп ішті, сосын дәл осы үйде апиын шегетіндер, героин дейтін қозы құмалақ көк дәрі иіскейтіндер, морфи араласқан қамыр жұтатындар, марихуан соратындар, гашиш шегетіндер болатынын айтып, олардың қиялмен о дүниеге барып-келіп отыратынын жыр қып, құлағына құйған (Д. Досжанов).

حصص (хисасун) қысасауыс. Қарымта, өш, егес, ерегіс. Шалтай ертеңгі күні өзінің бұрынғысынан бетер алданатынын сезген жоқ та, мұның қысасын Сәуле қайтара алады деген ой оның басына келген де жоқ (Ә. Әбішев);



қысастануесесін қайтару, егесу, ерегісу. Дәметкеннің сөзіне Мұқаметжан қысастанып, өршелене түсті (М. Әуезов);

қысастықесесін қайтарушылық, өштік, егестік. Жеңілдім бұл сөзіңнен, Ыдырысым, Барады саған мүлде жылып ішім. Жіберме қысастықты қияметке, Бір келтір Қарғабайдың алдына ісін (Тайлақ).

حصة (хиссатун) есе — 1) бөлшек, сыбаға, үлес; 2) сабақ, дәріс сағаты; 3) пайда, кіріс бөлігі (дивиденд), 4) ауыс. рет, дәреже; 5) ауыс. ақы. Телміріп әрқайда, Талайға кетті есеміз (Ғ. Орманов). Байлар ұлыққа берген парасының орнын момын шаруалар есесінен толтырды (М. Ақынжанов);



хиссаесе. Оқша өтеді насостың миға зәрі, Жаза емес мұнан басқа істің бәрі.— Екі хисса беріңдер, аямаңдар, Иттікті қылмасын,— деп,— енді әрі? (Мағауия);

еселес1) бөлшектес, сыбағалас, үлестес; 2) реттес, дәрежелес. Пирамидалар формасындағы өлшемдестік, еселестік, пропорция мен симметрия заңдары өзіне сәйкес, өзіне өлшемдес, өзіне еселес толқын тудырады... (А. Машанов);

еселестік 1) бөлшектестік, сыбағаластық, үлестестік; 2) реттестік, дәрежелестік. Пирамидалар формасындағы өлшемдестік, еселестік, пропорция мен симметрия заңдары өзіне сәйкес, өзіне өлшемдес, өзіне еселес толқын тудырады... (А. Машанов);

еселегіш көбейткіш. Өзен-көлдер аспаннан келетін жауын-шашынмен еселеніп отырмақ. Республика көлемінде ол еселегіштер сипатымен аз да болса таныстық (Қ. Исабаев);

жүктеу 9,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау