әзірлесу — дайындасу, даярласу. Қамқа шайды бірге әзірлесіп, ақ құманды демдеп, жайнаған шоққа қойды (Б. Майлин). Сабақ әзірлесетін шынайы сырлас, дос-жолдастары да кем (Р. Әбутәліпов);
әзірлету — дайындату. Үсенбеков Ащысай сапарына шығуға завод гаражындағы жеңіл машиналарының бірін әзірлетті де, өзі маған серік болып, бірге аттанды (Ж. Тілеков). Мұнаура ас үйде аспазшы ноғай кемпірге тамақ әзірлетумен болған еді (Д. Әбілев);
әзірлену — дайындалу, даярлану, қамдану. Онымен сезімді тазалыққа кіргендігіңді, кәміл ықыласыңды көрсетіп, ішімнің сафлығының соңында халық көрер сыртымды да пақ етемін, һәм көзге көрінбейтін ағзаларымды да пақ етемін... деп әзірленесіз (Абай). Қолға алып домбырасын шегін бұрап, Ақын қыз отыр екен әзірленіп (Иманжан);
әзірлеу — дайындау, даярлау. ...Халық шаруашылығының әр алуан саласындағы әйел мамандарын, ең алдымен, қазақ қыздарын әзірлеу ісіне ерекше көңіл бөлу қажет («ҚҚП V съезі»). Айкүміс Қанаттың жол жабдығын да әзірлеп қойды (Ғ. Сланов);
әзірлеуші — дайындаушы, даярлаушы. Тамақ әзірлеушінің бірі — Күлпаш (Б. Майлин). Тамак әзірлеушіміз де анау-мынау адам емес, бір бәкізе (Ж. Жұмақанов);
әзірлік — дайындық, даярлық. Омар жайбарақат отыр. Егіске әзірлік жұмысы ойына кіріп те шығатын емес (Б. Майлин). Қазақ көркемөнері мен әдебиетінің 1958 жылы Москвада өткізілетін онкүндігіне әзірлік, міне, дәл осы тұрғыдан жүргізілді (М. Қаратаев);
әзірліксіз — дайындықсыз, даярлықсыз. Айтыс — екі ақынның суырып салма түрінде шығарған, қалың жиын алдындағы жарысы. Бұған ақындар әзірліксіз келіп, біріне-бірінің оқыстан тастаған түйіндеріне жауап ретінде, өз өлеңдерін сол орында ғана туғызады (М. Әуезов);
әп-әзір — дап-дайын. Өзінен-өзі әп-әзір тұрған үйлесімдер (М. Әлімбаев). Жұлдызжан, ет әп-әзір, өзіңе сақталған кішкене сүр де бар еді,— деп Жәкеңнің бәйбішесі қайта-қайта шақырды баласын (М. Сатыбалдиев).
حافظ (хафизун) абыз — 1) қорғаушы, күтуші, сақтаушы (кітаптарды), жадында жатқа сақтаушы; 2) құранды жатқа білетін адам; 3) көп ән мен өлеңді жатқа білетін адам. Бәрін айтпа, бірін айт, Ұғынар мұны ел қайда, Елді бастар ер қайда? Аға сұлтан, абыздар, Еліңді қамап, көрге айда, Барса келмес жерге айда (Дулат жырау). Жәнібек батыр бала кезінде ақыл-білім үйрену үшін қара Керей Соқыр абыз дегенді іздеп келген екен (Ы. Алтынсарин). Сырты абыз бар, желғабыз бар (Абай);
гафиз. Шаирлар мен бахшылардың, гафиздар мен жыршылардың көркемдік өсу өрісі олардың идеялық-саяси және мәдени есеюімен, олардың шығармаларының туындауына, халық арасына кең тарауына жаңаша жасалған жағдаймен байланысты қаралады («Қ. Ә. Т.»);
хафиз. Осылармен Абай анық терең танысып, табысқалы әр алуан «хикмет», «шейх», «хафиздер» (бұл жерде автор бұл сөзді қырғыз, өзбек тілдеріндей ақын деген мағынада қолданып отыр), «рауаилар» да сыртта қалды (М. Әуезов). Жалаиридің «Жами ат-тауарих» шежіре кітабында ХVІ ғасырдың басынан бергі Қазақ хандықтарының ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық, т.б. жайлары, қазақ хандарының саяси-әлеуметтік жағдайлары, Қазақстанда рулық, патриархалдық-феодалдық қатынастардың қалыптасуы, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қарашалар, бектер мен хафиздар, т. б. әлеуметтік топтар жайында аса құнды тарихи деректер мол («Қ. С. Э.»);
абызсыну — білгішсіну. Жоқ, ол жағында шындықтан өтірік көп. Абызсынған айлакерлер көп (А. Машанов);
хафизшы — әнші, күйші. Дәруіш Әли Чанги әл-Хокони шебер хафизшы (әнші) әрі чангшы (тәжіктің, өзбектің үріп ойнайтын ішекті аспабы) болған («Қ. С. Э.»).
حاكم (хакимун) әкім — 1) басқарушы; губернатор; бастық; 2) ауыс. Үстемдік етуші, билеуші; 3) судья, арбитр. Бұрынғы заманның әкімі парақор, ел жегіш болған (С. Мұқанов). Болысын «Қалыңбастық» қайта сайлап, Орнына ояз әкім дайындатқан. Таласып, болыстықтан сіз қалыпсыз, Табылып халыққа мінің алжас шыққан (Шораяқтың Омары). Сайлау деген елге бір бүлік болды, Параланып әкімдер пұлға толды. Іріктеп көріктісін пұлға сатып, Пышаққа жарайтынын қырып салды (Молда Мұса);
хакім. «Қазақ» газетасының қала салма деген ақылы шаруа қазаққа ұнаса, ұнамаса да, хакімдер мен байларға сары майдан жағымды болып отыр»,— деуі «Айқаптың» өте құнды пікірі («Қ. Ә. Т.»). Әлібектің балалары ана Жымпиты хакімдерімен келісе алмапты деген қаңқу күшті (X. Есенжанов);
хәкім. Өз елінің билері, Оязға құл болса да, Келмейді бұған намысың, Біздің елден бір адам Хакімге жақын болды деп, Шығардың сөздің шалысын... (Әбубәкір);
әкімдік — үстемдік. Немене? Жетім-жесірдің аулы ма бұл, біз әкімдік жүргізетін,— деді Абай Майбасарға (М. Әуезов). Мұны ойлап, әкімдіктен көңілім суып, ...Атымды дүние таныр, шежіре ұмытпас, Атақты істер қалса менен туып (С. Торайғыров);
хакімдік. «Хакімдік дәрежені қойып, баюға кіріскен кісі екен» деп ойлады Хакім (X. Есенжанов);
әкімсу — үстемсу, үлкенсу. Келген кісінің әкімсіп сөйлеуі, вокзалда отырғандай боп, бөтен үйде қонақтың айылын жимай, асқақтауы Василийге ұнамады (Г. Николаева). Әкімсуің, билеп-төстеуің жеткен (М. Әуезов);
әкімсіту — үстемсіту, үлкенсіту, кісімсіту, әлдеқандайсыту. Сен оны әкімсітіп қоямысың («А. Т.»);
әкімсымақ — басшысымақ. Әсет жұмбақты шеше отырып, заманындағы әкімсымақтарды мейлінше масқаралайды. Елубасы — құзғын, старшын — қанға тояттанған қаршыға, онбасылар — күйкентай. Әркім әліне қарай жүгіреді. Күйкентай — тышқан ауласа, онбасылар — тиын аулайды дейді (М. Әуезов). Мұнда алашорданың әкімсымақтары Жымпитының кедейлерін қоя тұрып, әуелі байлары үшін де ешнәрсе істей алмаған екен (С. Сейфуллин);
әкімші — әкім, әкімшілік етуші. Қазір театрдың әкімшісі барып, сіздерді орналастырып қайтады,— деді (Қ. Байсейітов). Павлодар қонақ үйі әкімшісінің алдында тұрмын (Б. Соқпақбаев);
әкімшілдік — үстемшілдік. Ленин әдебиеттегі әкімшілдікке, схематизмге, жылтыраушылыққа мүлдем қарсы болды («Қ. Ә.»);
әкімшілік — 1) әкімге тән; 2) әкімдік мекеме (мемлекет басқарудағы басшы органдар). Партия мүшесі сот жолымен жазалайтын жазық істеген реттерде, ол партиядан шығарылып, оның жазығы әкімшілік және сот орындарына хабар етіледі («ҚПСС Уставы»). ...Оның бақыт таппасын жүрек сезді. «Әкімшілік бақыт» деп жұрт айтады. Осы қалай екен деп ойым кезді (С. Торайғыров).
حال (халун) әл – 1) күш, қуат, жігер, шама; 2) жағдай, оқиға; 3) ахуал; 4) грам. осы шақ. Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің (мақал). Жаралансам қансырап, Әлім кетіп, бітсе хал. Бейнең сөнбес шамшырақ, Дейді менен қуат ал (З. Қалауова). Қайратым мәлім, Келмейді әлім, Мақсұт — алыс, Өмір — шақ Абай);
қал. Екі жастың басына түскен ауыр қалды мейірімді ана сезе қалды («М. Б. Т.»). Я, қалдарыңыз қалай? Биыл қанша мақта қабылдайсыздар? Совхоздың жағдайы жақсы ма?— деп үстермелете жөнелсем керек (С. Асанов);
хал. Ең шыны, енді хал жоқ таласарға, Жөн бар ма татуласып жарасарға (С. Торайғыров). Аузына берген сусынды Айбала жұта алмай, омырауына төгіліп кетті. Бұл халге түскенін көрген Айбала, мұңын сөзбен шығаруға шамасы келмейтін болғансын, ішкі сезімін көздің жасымен білдірейін деп еді, жылай алмады С. Мұқанов). Апамның халі жақсы ма? (А. Смаилов);
хәл. Бірәдар, менен арман жүрсең деймін, Күніңді пиғылыңнан көрсең деймін, Ешкімге рауаят айтар хәл жоқ, Жөніме енді тыныш өлсем деймін,— деді Молда Шошқаға (І. Жансүгіров). Онда да аяқ-қолың матаулы, бейшара хәл кешкенмен, көлденеңнің көзінен аулақсың ғой (Ә. Кекілбаев);
хала — қазір, қазір де, тағы да, және, және де сияқты үстеу сөздер. Мұхаммед Бабур шығармасында араб-парсы тілдерінен енген сөздер бірсыпыра; мысалы: хала (қазір) (І. Қеңесбаев, Ғ. Мұсабаев);
халат. Белгілі сөз: «Өлді, өлді», Белгісіз оның мекені. Не халатқа әурілді. Қайда, қандай екені (Абай). Күндерден күн, жылдардан жыл өтіп, бір күні Қаншайым жүкті болып, туар халатқа келеді («Ғашық-наме»);
әл-ақуал. Мұсылман дінінің әйелдер жөніндегі негізгі уағыздары әйелдің семьядағы, қоғамдағы әл-ақуалы құлдық жағдайында болған кезде қалыптасып, құранда бекітілді (X. Ақназаров). Әл-ақуал жақсарып келеді (І. Жансүгіров);
әл-ахуал. Шоқан мен Абайдың — қазақтың екі ұлы адамының еңбектерін аса ұқыптылықпен кітап етіп шығарған Ілияс Бораганскийдің өмір жолын, революция жылдарындағы, одан соңғы кездердегі әл-ахуалын айқындап білу — Шоқан, Абайтану ғылымдары үшін де аса маңызды мәселе (Қ. Мұхамеджанов);
қал-ақуал. Қазақтың кәдім дәуірінің тағы бір тамаша куәлігі — қазақ тарихшысы Қадырғали Жалаиридің «Жами ат тауарих» (XVI ғасыр) атты кітабы. Мұнда XVI ғасырдағы қазақ хандарының, халықтың қал-ақуалы баяндалған (Р. Бердібаев);
хал-ақуал. Тілегіңді бердім ғой, Хал-ақуал сұрай кет, Мойныңды маған бұра кет, Қайран да бауыр, апа-ай! («Қарабек батыр»). Бірнеше күн өтісімен азығының жұқанасы таусылған соң, хал-ақуалы бір түрлі жайсыз жағдайға ұшырайды (Евлин Вож);
хал-ахуал — хал-жағдай. «Хал ахуал» — Мәшһүр Жүсіптің бір кітабының аты (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров). Қыздардың ішкі сыры... аян, Ешкімге сырын жауһар етпес баян. Кетерде сізге айтайын, замандасым, Алдыңда хал-ахуалім болсын аян (М. Сералин). «Хал-ахуал» — жиырмасыншы ғасырдың басында шыққан кітаптың аты («Қ. С. Э.»);
әл-ауқат — хал-жай, тұрмыс-жағдай. Киімдері де әр түрлі, әл-ауқаты, мақсат-ниеттері де басқа-басқа, ала шұбар топ патшаның тақтан құлағанына ортақ күш, ортақ тілек, ортақ қуаныш тапқандай, иықтарын түйістіре қапты (Д. Әбілев). Халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени дәрежесін арттыру — Совет өкіметінің негізгі мақсаты («С. Қ.»);
әл-ауқатты — күйлі, тұрмыс-жағдайы тәуір. Нұржан Наушабаев (1859—1919) — бұрынғы Қостанай уезінің Арақарағай болысында туған, әл-ауқатты кісінің баласы (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров);
حالة (халатун) халет — 1) жағдай, жай-күй, хал; 2) оқиға. Көзің күнде көреді: намаз оқушы, ораза тұтушылардың не халетте екендіктерін, оған дәлел керек емес (Абай);
әлат. Әлгі мәрт бәрін де аман алып судан, Асанға селдеткен сыр сол әлаттан: — Көңіліңе келді кірбің: өзің таза, Өлгені — шүбәліге санамақтан (Таубайдың Жүсібі). «Балама барып, құрма жегізбе», - деп, Шайқыға шах арызын айтты әлат (Қаңлы Жүсіп);
әлет. Жіп байлап сирағымнан, көкке ұшырып, Қолменен уқалайды ұмар-жұмар, Әлетке өлетұғын жақындадым, Деп қорқам: бүйте берсе белім сынар (Кете Жүсіп). Төстіктен қақтап отқа, іске тарттым, Етейін аз да болса, — деп,— қанағат. Аузыма бір жапырақ салған кезде, Жұтпастан ғайып болды ошал әлет (Кете Жүсіп);
халәт. Көзің күнде көреді: намаз оқушы, ораза тұтушылардың не халәтта екендіктерін, оған дәлел керек емес (Абай);
хал-жағдай — жай-күй, ахуал. Айтысқа сіз де дайын, біз де дайын, Сөз селін Волга-Дондай ағызайын. Атағы ерте шыққан Меңдіқара Сұраймын өсуінің хал-жағдайын (Ақылгек). Өзімнен кейінгі інілерімнің хал-жағдайын білемін,— деді ол (М. Қожахметова);
хал-қасиет — жақсылық жағы, адамгершілік сипаты. Ақан бойындағы хал-қасиетті саралай келе — оның жан тазалығына, азаматтық парасатына, қай нәрсеге болмасын өз биігінен қарайтын ақыл парқына тәнтіміз (Д. Досжанов);
әлдену — күшею, қуаттану, жігерлену. Қарын да ашқан шығар, ә, достым, жүр әлденіп алайық,— деп шайханаға алып кірді (Р. Файзи). — Мә, — деді Қара Иван кішірек құмыра мен бір түйіншек ұсына беріп. Әлденіп ал (Ш. Мұртазаев);
әлді — 1) күшті, мықты, қарулы; 2) ауыс. ауқатты, тұрмысы жақсы. Әлді адам алып та жығады, шалып та жығады (мақал). Саналы, салтанатты, сауатты боп, Ауқатты, әлді колхоз біз етеміз (С. Керімбаев). Кім әлді болса, соның наразылығы «ағайыншылық» пен «берекеге» көбірек зарарын тигізбек. Соның үшін ақсақалдар билігінде бай кісі, әлді кісі, беделді кісінің мерейі үстем. Кедейлер «тай тулап, үйірден шықпас» болып қала береді (С. Дөнентаев);
әлділік — 1) күштілік, мықтылық; 2) ауыс. ауқаттылық, қуаттылық. Ғазиз әлділігін қылып... (М. Әуезов). Әлділік әрқашан әр жерде емес, реті мен ыңғайына қарай болар, мырза (Ә. Көшімов);
әлдірек — 1) күштірек, мықтырақ, қарулырақ; 2) ауыс. ауқаттырақ, тұрмысы жақсырақ. Ескі билер билік үстінде өзара шешендік салыстырған, бірақ қай би әлдірек жақтың өкілі болса, істің ақ, қарасына қарамастан, сол жеңіп отырған («Қ. С. Э.»);
әлсірету — қалжырату, шаршату, күшінен айыру. Россия табиғатына әлі бойы үйренбеген жауды күзгі жаңбыр тым әлсіретіп жіберді, білем, әлден соң қарсыласуға шамасы келмей тым-тырақай траншеяны тастап, қаша жөнелді (Қ. Досбаев). Таяу Шығыстағы нақ достықты империализмнің жаңа қаскүнемдігі әлсіретуге бағытталып отыр (Р. Чандра);
әлсіреу — күш-қуаты кету. Сидлер бригадасы келуден бастап, күші әлсіреп, жеңілген жауды қуу басталған еді (Ә. Нұрпейісов). Қойшығара тәлтіректеп, ұзын сарының жағасынан қолын босатты, ұзын сары босанысымен әлсіреп тұрған Қойшығараның үстіне міне түсті (Б. Майлин);
әлсіз — 1) күшсіз, қуатсыз, қайратсыз, нашар; 2) ауыс. кедей, тұрмысы нашар, малсыз, Әлсіздің қолы қысқа (мақал). Батырбай қанша томырық болса да, Сағила алдында әлсіз (М. Иманжанов). Қайырбектің соңғы сөзі әлсіз естіліп, тым-тырс бола қалды (Ғ. Сланов). Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап (Абай);
халсіз — нашар, әлсіз. Бір адам падышаға барды жетіп, Қызың халсіз болды деп мағлұм етіп («Ғашық-наме»);
әлсіздену — күші, қуаты, қайраты, әлі кету. Бұған дейін де қаржалып қалған аттар, енді, тіпті әлсізденіп, күймені мықшия, шірене тартқанмен, бірнеше адымнан кейін тоқырай берді (С. Мұқанов). Зәрі қайтқан қызыл күн әлсізденіп, таудан асып, ұясына кіріп кетті (Қ. Жұмалиев);
әлсіздік — қуатсыздық, қайратсыздық, нашарлық. Абай ойында қайтпас берік байлау туды. Бір кезде жастық, амалсыздық, әлсіздікпен айрылып еді (М. Әуезов). Әлсіздігіне қынжылып, ұнтақ дәріні аузына салып, қайта жататын (М. Қаратаев);
әл-күш — күш-қуат. Тек лақап үшін зорға ұмтылып, Басқаның қарамайтын әл-күшіне («Қаз. ақ.»);
әл-шама — күш-қуатының мөлшері. Қош енді, жынды қылған, қан жүрегім, Таппадым талпынсам да жан тілегін. Аямай әл-шамама қарамастан, Сенікі де рақымсыздық деп білемін (І. Жансүгіров). Прозадағы шеберлік жөнінде өзге жұрттың алдында ұялмай-қызармай әңгіме қозғарлық әл-шамамыз бар сияқты (Т. Тоқбергенов);
хал-қадар — әліне, күшіне, шамасына қарай. Хал-қадарыма қарай, социалистік құрылыс істеріне қатынасу басталып кетті (С. Мұқанов);
хал-қадари. Жүруден не мағына текке айла қып, Қадірің болып, тұрсақ халыққа жағып. Халқадари тірлігіңді кемітпесең... (Н. Наушабаев). Мен хал-қадари еңбек етіп, көркем өнеріміздің шаңырағын көтерген ағаларым, тұрғыластарым туралы кітап жаздым, естелік-очерктер жинағымды «Қазақстан» баспасы шығаратын болды,— деп балаша қуана сөйледі, Қасекең (Ғ. Қабышев);
хал-қадер. Горький бейнелеген адамдар өзінің рухы, жан дүниесі, қалып-бітімі жағынан, хал-қадер мүмкіндігі жағынан мейлінше көтеріңкі көрсетілген (М. Әуезов);
хал-қадір. «Жарлы» деп аталатын ауыл Совет орталығының өзі халқының көне замандағы хал-қадірін аңғартып тұр (Ә. Бектасов). Тағдырымызбен де, шежіремізбен, тарихымызбен де қатар-құрбылас қос ішекті, көп пернелі қоңыр домбыра халқымыздың хал-қадірін қалт жібермей, күмбірлеп келе жатқан жоқ па? (X. Әдібаев);
хал-хадарша — әлінше, шамасынша. Әрнешік халдерімнің бәрі мәлім, Достыңа хал-хадарша жәрдемің сал (С. Торайғыров);
әл-қадірінше — әлінше, шамасынша. Н. Әбуталиев Сәбит пен Бауыржанның үлгі-өнеге болар жақсы қасиеттерін өз әл-қадірінше ашып беруге күш салған (Т. Елеусізұлы);
хал-қадырынша. Нұржан (1859-1919) ақын хал-қадырынша халқына адал қызмет еткісі келеді, бұл жолдағы кедергі күш — бай, болыстар мен жемқор ұлықтарды әшкерелеп отырады («Ү. Ғ. Ж») Стокгольм тұрғыны Маргарета Ронсон итше үрудің 25 түрін меңгерген. Оның осы қабілетін қала басшылары хал-қадырынша пайдаланып жүр («А. Ж.»);
әл-қуат — күш-қуат, әл-жағдай. Ағын судай екпіндеп, Лайы жоқ суатым. Ауру да емес, сау да емес, Құрыды әл-қуатым (Абай). Алдымен біздің прозаның өсуіндегі даңғыл жол сияқты негізгі бағыт қай сала? Қайнар бұлақ сынды көркем ойға нәр беретін, оған әл-қуат құятын, сөз шеберіне тасқындаған жомарт шабыт сыйлайтын бастау қандай? (Қ. Исабаев);
хал-қуат. Жасымнан ұмытпаған ойда барсың, Хал-қуат, ақылымды алған жарсың (Ақан сері). Аға, хал-қуатыңыз қалай? Үй-іші тегіс аман болар. Сәлеммен ініңіз Далпақ («С. Қ.»).
حالى (халййун) әлі – 1) қазір, қазіргі; 2) күнделікті, осы күнгі, ендігі; 3) ауыс. қазірге, әзірге, әзірше, осы мезгілге дейін. Жақында Алматыдағы өкілдеріміз келді, бірақ әлі көрген жоқ (М. Ғабдуллин). Ұлы міндет жүктейді ғасыр маған, Бұлақтар бар кеудемде тасымаған. Әлі алдымда созылып жолдар жатыр, Жыр шашуым бар әлі шашылмаған (А. Әбдіқалықов);
әлінше — шамасынша, халінше, күшіне қарай. Су төккісіз жорға боп шал жалмаңдап. Отыз құл мынау тек жан емес деп, Әлінше қызметінде жүр тырбаңдап (Абай). Ордада тәртіп өзгерсін — Түтінге салғырт салынбай, Әлінше тартып кедей, бай, Әділдікті көз көрсін!— деді Исатай (I. Жансүгіров).
حامد (хамидун) хамит — 1) мақтаушы; 2) рақмет айтушы, алғыс айтушы. Мешіті, молдасы, хажысы көп бұл елдің бозбалаларының өлеңдерінде көбінесе: «Әуелі Хамит құдаға зікір сәнә, Салауат Рәсуліне айтты және, Бір Хамит хатеріме келе қалды, Жағыма жәрдем бергей хак тағала» деген сияқты араб сөздері көп араласқан діншілдік мазмұндағы сөздер көп болады екен (С. Мұқанов).
حاملة (хамилатун) хамилә – екі қабат (әйел), жүкті, іштегі нәресте. Қыз айтты: — Кетесіз бе тастап бізді, Екінші көре алмасам енді сізді, Ішімде сізден болған хамиләңіз бар, Қалайша тастамақсыз балаңызды? («Ғашық-наме»).
حب (хаббун) ап – 1) дән, түйір; 2) ұрық; 3) домалақ дәрі, пилюля; 4) ауыс. у ішкендей. Қазақша ап арабтың хәбб — домалақ дәрі (пилюля) деген сөзінен (Л. Будагов).
حب (хуббун) өбу — 1) сүйіспеншілік, махаббат; 2) әуестік, құштарлық; 3) жақсы көрушілік. Қалғыдың назбен күлімдеп. Үңілдім, ұзақ ұйыттым. Дыбыссыз ғана «күнім» деп, Ерніңнен өбтім, сүйіктім (Ә. Сәрсенбаев). Жұмақ жер ғажап екен көктемде, Жұмбақ жел сүйеді екен беттен өбе (К. Салықов). Рас ол: ышқылы адам — Кете Жүсіп, «Сұлудың,— деп,— ойлайтын бетін өпсе!» Қыздарға қиядағы көзін салып, Жататын жамбасына қадап өкше (Кете Жүсіп). Аспан тұр, ала бұлт боп шөкімденіп, Лүп етіп, майда самал өпті келіп (А. Сұлтанов). Ендеше, тез өбем деп асықпайын, Ерке өскен еркін жанды шошытпайын (С. Мұқанов). Қарбалас қырда көп еді, Ел егін егіп жатқанда, Суық жел жерді өбеді Қайтадан, ақ таң атқанда (Ғ. Сейілжанова);
үп. Жем жейді қара арғымақ, түрт дегенде, Аяғын жекей басар, қық дегенде. Жерлерге үш айшылық болады азық, Ауызын жан қалқаның үп дегенде (Біржан сал). Ол тіршіліктің үп еткен лебін терең сезініп қабылдады (А. Егеубаев);
өптіру — сүйгізу. Сол қалыптарында сайлауыт етектің салқынына беттерін өптіріп, жон төбесіне қатар көтерілді (А. Смаилов);
өбісу — достық, мейірбандық, махаббат сезіммен сүйісу. Құдайдың құлақ аспай ашуына, Жайылып шашы, балқып жатыр Қауа, Өбісті отты Адаммен аймалаған, Жыбырлап еріндері зорға ғана, Құрма ағаш саясында маужыраған, Жасы ағып жатыр Қауа талмаураған (А. Пушкин).
حبيب (хабйбун) хабиб – 1) сүйікті; 2) дос, тамыр. Қазіреті Жебраиль хақтан келіп, Хабибіне хабарды берді сонда,— дейді «Зарқұмда» (С. Мұқанов).
حتى (хатта) хатта – 1) грам. дейін, шейін деген сияқты демеулік; 2) грам. да, де, тіпті деген сияқты демеулік шылаулар. Жер мақтасын, кендірін, жемісін, кенін, гүлдер гүлін, құстар жүнін, жұмыртқасын, ...су балығын, балықтар икрасын, хатта ара балын, балауызын — һаммасы адам баласының пайдасына жасалған (Абай). Мағауия, өзің тіпті «хатта», «сәтте» деп, білігі тозған арбаның дөңгелегі құсап, тілің не қып бұралаңдап кеткен (М. Әуезов);
хатте. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатте өзін-өзі өлтіретұғын кісілер де болады (Абай);
хәтте. Қиғаш тартушылар хәтте көп пе? Ел тізгінін босатып алғансыз ба, алдияр? Әбілхайыр ханды аруақты деп естуші едім,— деді Тәуекелев (Т. Ахтанов).
حج (хажжун) қаж — діни. Меккеге тәжім етуге бару, қажылық. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды (Абай);
қажы. Қажыға Тасболатпен бірге барған, Басталған содан барып құда болыс (С. Торайғыров). Сіздің арғы атаңыз Жылтыр, Қажыға барып келдің былтыр (Ақан сері);
Достарыңызбен бөлісу: |