Н. А. Баранова Г. Е. Есімхан маркетинг



бет2/17
Дата17.01.2018
өлшемі3 Mb.
#7585
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

1.1 Жалпы теориялық ұғымдар
Оқудың мақсаты

1 Маркетингтің маңызы мен мазмұнын, оның тұжырымдамаларын,

функциялары мен қағидаларын оқу.

2 Маркетингті құраушы кешендерді, маркетингтің түрлері мен типтерін

анықтау.

3 Маркетингтің пайда болуы мен дамуының экономикалық алғышарттары

бойынша білімді бекіту.
Сұрақтар

1 Маркетингтің мәні мен мазмұны.

2 Маркетинг концепциялары.

3 Маркетингтің функциялары мен негізгі қағидалары.

4 Маркетинг кешені.

5 Маркетингтің түрлері мен типтері.


1 Маркетингтің мәні мен мазмұны

Қазіргі уақытта басқаруда ең үлкен тиімділікті қамтамасыз ететін маркетингтік концепция белгілі бір мақсатты нарық тұтынушыларының мұқтаждықтарын білу және қанағаттандыруға бағытталған.



Маркетинг (ағылшынның market – нарық сөзінен) – бұл кәсіпорынның өндірістік-өткізушілік және ғылыми-техникалық іс-әрекетін басқаруының нарықтық концепциясы, ол кәсіпкерлік өрісті, нарықты, тұтынушылардың нақты мұқтаждықтарын және өндірілетін тауарлар мен қызметтердің оларға бағыттылығын танып білуге арналған. Маркетинг негізінде өте қарапайым бастапқы ой жатыр: сатып алушы қалайтын және оның мұқтаждықтарын, қажеттіліктерін және сұранысын жалпы қанағаттандыра алатын затты, ол төлеуге дайын баға бойынша өндіру. Маркетологтардың ойынша: «Құртты балықшы емес, балық ұнатуы керек».

Маркетинг – бұл таза нарықтық түсінік, бұл белгісіз нарыққа шығарылған тауардың аты мен таңбалануы емес, бұл сатып алушылардың талаптарын есепке алудың және талдаудың ғылыми құрастырылған тұжырымдамасы және жаңа тауардың қажеттігі анықталған кездегі құрылым; бұл ынталандыру мен жарнама бойынша шараларды қоса алғандағы сатуларды ұйымдастыру жүйесі. Оның функциясы – белгілі нарықтық жағдайларда өндіруші, сатушы және тұтынушы арасында олардың барлығымен пайда алуды мақсат тұтатын арақатынасты дамыту.

Әлемде маркетингтің 2000 астам анықтамалары саналады, сонда да маркетингті сипаттау көзқарастар шеңбері өте кең, ал кейбір кездерде қарама-қарсы.



Маркетингті бизнестің философиясы ретінде, іске нақты әдістеме ретінде және іскерлік сипаты ретінде қарастырады.

Маркетинг – айырбас жолымен адамдардың қажеттіліктерін және мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған адамның іс-әрекет түрі.

Маркетинг – мүмкін болатын сатып алушыны фирма клиентіне аударуға бағытталған фирманың нарықтағы іс-әрекеті.

Маркетингтік қызметтің негізгі мақсаты: сатулар көлемін және өткізу нарықтарын кеңейту, нарықта алатын үлесті үлкейту, белсенділігінің және табыстарының өсімі, фирма басшыларымен өндірістік-өткізушілік және ғылыми-техникалық іс-әрекет саласында қабылданатын шешімдерінің негізделгенін қамтамасыз ету, фирманың ары қарай дамуын болжау мүмкіндігі.


  1. Маркетинг концепциялары

Маркетинг концепциясы – бұл басқару философиясы, ол тауар өндірушілерге тұтынушылардың қажеттіліктерін іскерлік белсенділік саласының, нарықтың, тұтынушылардың мақсатты топтарының, басты стратегиялық мақсаттардың ұзақ мерзімді және икемді анықтамасына назарын аудару арқылы, қанағаттандыру жолымен табыс алуға көмектеседі.

Маркетинг және кәсіпкерлік саласындағы әлемдік ғылым және тәжірибе маркетинг даму сатыларындағы келесі концепцияларды негіздеген және ерекшелеуге ұсынған (1 кестені қараңыз).




  1. Маркетингтің функциялары мен принциптері

Маркетинг функциясының фирманың басқа функцияларынан басты айырмашылығы – маркетинг функциясы фирма мен оның тұтынушылары, клиенттері арасында айырбас процесін ұйымдастыру және жүзеге асыруға бағытталған.

Маркетинг функциялары:



Аналитикалық функция (нарықты, тұтынушыларды, фирмалық және тауарлық құрылымды, кәсіпорынның ішкі өрісін және т.с.с.)

Өндірістік функция (жаңа тауарларды өндіруді ұйымдастыру, дайын өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін және т.с.с. басқару)

Өткізушілік немесе сатулар функциясы (қызметтің, тауар қозғалысының жүйесін, ФОССТИС жүйесін және т.с.с. ұйымдастыру)

Басқару және бақылау функциясы (жоспарлауды, ақпараттық қамтылуды, коммуникация жүйелерін, маркетинг бақылауын және т.с.с. ұйымдастыру)
Кесте 1

Маркетинг тұжырымдамаларының дамуы



Жылдар

Тұжырымдама

Басты ой

Негізгі

жабдықталу

Басты мақсат

1860-1920

Өндірісті жетілдіру (өндірістік)

Өндіре алатын затты өндіремін

Өзіндік құн, өнімділік

Өндірісті жетілдіру, сатулар өсімі, табысты максималдау

1920-1930

Тауарды жетілдіру (тауарлық)

Сапалы тауарларды өндіру

Тауарлық саясат

Тауардың тұтынушылық қасиеттерін жетілдіру

1930-1950

Коммерциялық шараларды интенсификациялау (өткізушілік)

Өткізу желісін, өткізу салаларын дамыту

Өткізу саясаты

Тауарларды сату және жылжыту бойынша маркетингтік шаралар арқасында тауарларды өткізуді интенсификациялау

1960-1980

Дәстүрлі («таза») маркетинг

Тұтынушы қажет ететін тауарларды өндіремін

Маркетинг кешені, тұтынушыны зерттеу

Мақсатты нарықтардың қажеттіліктерін және мұқтаждықтарын қанағаттандыру

1980-1995

Әлеуметтік-әдепті (әлеуметтік-бағытталған) маркетинг

Қоғам қызығушылықтарын ескере отырып, тұтынушы қажет ететін тауарларды өндіремін

Маркетинг кешені, өндірілетін тауарлар мен қызметтерді өндіру мен тұтынудан болған әлеуметтік және экологиялық нәтижелерін зерттеу

Қоршаған ортаны қорғау, энергиялық, материалдық, адам және басқа ресурстарды үнемдеу шартында мақсатты нарықтардың қажеттіліктерін және мұқтаждықтарын қанағаттандыру

1995 жылдан қазіргі заманға дейін

Арақатынас маркетингі (әріптестік қатынастар)

Тұтынушыларды және бизнес бойынша әріптестерді қанағаттандыра алатын тауарды өндіремін

Координация, интеграция, желілік талдау әдістері, маркетинг кешені

Тұтынушылардың қажеттіліктерін, әріптестердің және мемлекеттің қызығушылықтарын олардың коммерциялық және коммерциялық емес арақатынасының негізінде қанағаттандыру




Құнға бағытталған маркетинг

Тұтынушылар мен акционерлерді қанағаттандыратын тауарды өндіремін

Ақша ағымына дисконтталған маркетингтік кешені

Акционерлік құнның өсімін күшейту нарығында жаңа мүмкіндіктерді алу барысында акционерлердің қызығушылықтарын, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру

Маркетинг қағидалары – бұл маркетингтің негізінде жататын және оның мәні мен арналымын ашып көрсететін ең маңызды талаптар, жағдайлар және ережелер. Ол келесі принциптерді ерекшелейді:

  1. тұтынушы қажет ететін тауарды ғана өндіру;

  2. нарыққа тауарлар мен қызметтерді ұсынып шықпай, тұтынушы мәселелерін шешу құралдарымен шығу;

  3. қажеттіліктер мен сұранысты зерттегеннен кейін өндірісті ұйымдастыру;

  4. қойылған мақсаттарға жету үшін бағдарламалық-мақсатты және кешендік жақтарды қолдану;

  5. тауар өндірісінің нарыққа мақсатты бағытталған әсер етуімен қатар нарық талаптарына белсенді жабдықталуының стратегиясы мен тактикасын қолдану;

  6. дәл сол сәттегі нәтижеге емес, ұзақ мерзімді перспективаға бағытталуы және т.б.




  1. Маркетинг кешені

Маркетинг кешені (marketing mix) – нарыққа тәжірибе жүзінде әсер ету шараларының немесе нарықтағы жағдайға фирма іс-әрекетінің жабдықталуын, сонымен қатар оның өзгеруіне өз уақытындағы және икемді шаралар қолдануының жиынтығы. Оны құрастырудың басты мақсаты – фирманың тұрақты бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ету, тұрақты нарықтық позицияларды басып алу.

Маркетинг кешенін құрастырушы («4Р»)

1.Тауарлы саясат (product)

2.Бағалық немесе келісімдік саясат (price)

3.Өткізу немесе дистрибьютерлік саясат (plase)

4.Коммуникациялық саясат (promotion)

Қазіргі уақытта «4Р» моделі шектелген деп саналады, сондықтан маркетинг-микс құрылымына қосымша элементтерді қосу сұрағы қарастырылады, мысалы, адамдарды – people («5Р»), public relations және politics («6Р»).

Маркетинг кешенінің құрамдас бөліктерін олардың маңыздылығы бойынша жіктеу қиын, өйткені қойылған мақсаттарға жету тек қана олардың барлығының тиімділік шартында мүмкін.




    1. Маркетингтің түрлері мен типтері

Маркетинг өмір сүрудің әртүрлі аумақтары мен кеңістіктерінде қолданылады, сондықтан да оның бірнеше түрі мен типтерін жіктелу белгілеріне байланысты бөлуге болады.

Қолданылу аумағы бойынша

  • халық тұтынатын тауарлар маркетингі;

  • өндірістік мақсаттағы тауарлар маркетингі;

  • қызметтер маркетингі.

Пайданы алу сипаты бойынша

  • коммерциялық маркетинг;

  • коммерциялық емес маркетинг.

Кезеңдер бойынша

  • тактикалық маркетинг;

  • старегиялық маркетинг.

Сұраныс жағдайы бойынша

Тәжірибеде маркетингтің түрлерін нарықтағы сұраныс жағдайына байланысты түрге жіктеу кең тараған (2 кестені қараңыз).


2 Кесте

Маркетинг және сұраныс түрлері




Сұраныс түрі

Сұраныс сипаты

Келтірітетін мысалдар

Маркетинг түрі

Маркетинг мақсаты

1

2

3

4

5

Жағымсыз

Тұтынушылардың басым бөлігі тауарды бағаламайды, кейбір жағдайда одан қашуға тырысады

Кейбір медициналық қызметтер (егулер, стоматологиялық қызметтер)

Конверсион

дық


    • Тауарды қабылдамау себебін талдау

    • Тауардың модернизациясы

    • Бағаның төмендеуі

    • Белсенді ынталандыру

Қатыспайды

Тауарға қызықпау, оған деген немқұрайлылық

Кейбір пәндерді оқу, өндіріске әзірлемелерді енгізу

Ынталанды

рушы


Тауарды пайдаланудың артықшылығын түсіндіру

Көрінбейтін

(потенциалды)



Мұқтаждықтар нарықта бар тауарлармен ғана қанағаттанып қоймайды

Экологиялық таза өнімдер және автокөліктер, зиянсыз темекілер

Дамушы

  • Әлеуеттік сұранысты анықтау

  • Сәйкес келетін тауарлар мен қызметтерді құрастыру

Түсетін

Тұтынушылар тарапынан қызығушылықтың төмендеуі және сату көлемінің қысқаруы

Автокөліктердің ескірген үлгілері, аяқ киімдер, киімдер

Ремаркетинг

    • Сұраныстың төмендеу себебін талдау

    • Жаңа нарықты іздеу

    • Тауардың модернизациясы

    • Жарнамадағы өзгеріс

Ретсіз

Сұраныстың уақытша ауытқуы

Еңбек демалысы кезінде курорттар мен демалыс базаларына бару, қоғамдық автокөліктердегі жүктеме

Синхро

маркетинг



    • Икемді баға орнату

    • Тауар сапасын қолдау

    • Тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеу

Толықтай

Ұсыныс сұранысты қанағаттандырады, тауарайналымы тұрақты

Бірінші қажеттіліктегі тауарлар (кейбір тамақ өнімдері және жеке тазалық заттары)

Қолдайтын

    • Тауардың сапасын көтеру

    • Тұтынушылардың талғамын жоғарылату

Нарықтық қатынастар жағдайында маркетингті пайдалану өте қажет болып табылады, себебі ол кәсіпорындарға тұтынушыға бағытталған қызметтердің тиімді құралдары мен жолдарын көрсетеді.
1.2 Бақылау сұрақтары


  1. Маркетинг деп нені түсінесіз және сізге белгілі фирмалардың қызметкерлері маркетингтің мәнін қалай жүзеге асырады? Қазақстандық кәсіпорындардағы қазіргі маркетингтің жағдайы қандай және маркетигнтің дамуы немен ерекшеленеді?

  2. Кәсіпорынды басқаруда маркетингтің тұжырымдамалары қандай негізгі мақсатты ұстанады?

  3. Фирманы басқаруда маркетингтің қандай негізгі қағидалары мен функцияларын бөліп көрсете аласыз?

  4. Кәсіпкерлік пен маркетинг аумағындағы әлемдік ғылым және тәжірибе маркетингтің қандай негізгі даму кезеңдерін негіздейді және бөліп көрсетуді ұсынады?

  5. Маркетинг кешені деген не және оның әзірлемелерінің негізгі мақсаты мен құрамы неден тұрады?


1.3 Тесттер
1. Маркетингті жүзеге асыра отырып, кәсіпорын

A) нарықты зерттейді;

B) жарнама жүргізеді;

C) қажетті тауарларды белгіленген орынға және керек уақытында жеткізуді қамтамасыз етеді;

D) өз қызметін мұқтаждықтарды және сатып алушылар мен тұтынушылардың қажеттiліктерiн қанағаттандыруға бағыттайды;

E) тауарларды өңдейді.

2. Тұрақты дефициті бар және сатып алушыларға қосымша күш жұмсауға тура келетін тауар нарығын қалай атайды?

A) тапшылық нарығы;

B) сатушы нарығы;

C) бәсекелес нарығы;

D) сатып алушы нарығы;

E) жабдықтаушы нарығы.

3. Адамды өз қажеттiктерiн қанағаттандыруының жолы мен әдiсiн iздеуге итермелейтін

A) экономикалық жағдай;

B) мәдениет;

C) ынталандыру;

D) жанұя;

E) әлеуметтік статус.

4. Маркетингтiң анықтаулар түбегейлi санының бар болуына қарамастан, олардың әр қайсысына ортақ сипаты бар.Атап айтқанда

A) өндірушінің басымдылығы;

B) бәсекелес басымдылығы;

C) делдал басымдылығы;

D) тұтынушы басымдылығы;

E) жабдықтаушы басымдылығы.

5. Маркетинг iске асыратын коммерциялық ұйым нақтылы пайданы алудағы өз қызығушылықтарын не арқылы қамтамасыз етеді?

A) тауарларды сату орын сандарын көбейту арқылы;

B) дұрыс бағалық саясат арқылы;

C) жарнамалар арқылы;

D) тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы;

E) дұрыс саясат жүргізу арқылы.

6. Тiгiн кәсiпорнының Жоғарғы басшылығы кәсiпкерлiкпен шұғылдана, біріншіден өз қызығушылығын, екіншіден тiгiн бұйымдарының тұтынушыларының мүдделерiн есепке алу; үшiншiден, қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз ету керек. Кәсiпорын осы жағдайда жүзеге асырады

A) «таза» маркетинг концепциясын;

B) коммерциялық күштердi интенсификациялау концепциясын

C) тауарды жетiлдiру концепциясын;

D) әлеуметтiк - әдептiк маркетинг концепциясын;

E) серіктестік қатынастар концепциясын;

7. Маркетинг кешеніне нені кіргіземіз?

A) жарнаманы, бағаны, тауарды, қаптаманы;

B) тауарды, үлестірілуді, бағаны, коммуникацияны;

C) тауарлық белгіні, қаптаманы, бағаны, үлестірілуді;

D) жарнаманы, жеке сатылымды, қоғамдық байланыстарды, сатылымды ынталандыруды;

E) бағаны, қоғамдық байланыстарды, сатылымды ынталандыруды

8. Маркетинг кешенiн өңдеу және iске асыру не үшiн жүргізіледі?

A) тауарларға қисынды бағаны орнату;

B) маркетингтің бекітілген мақсаттарына қол жеткізу;

C) жарнаманың тиімділігін қамтамасыз ету;

D) жаңа тауарлар шығару;

E) нарықты зерттеуді жүргізу.

9. Тұтынушылардың кең таралған және қол жеткізе алатын тауарлар (қызметтер) бағасына қатынасы - бұл маркетинг тұжырымдамасының iске асыруы үшiн негiз

A) тауарды жетілдіру;

B) коммерциялық күштер (жарнама) интенсификациясы;

C) өндірісті жетілдіру;

D) әлеуметтiк - бағдарланған маркетинг;

E) «таза» маркетинг.

10. Шығарылған тауардың (қызметтің) сату көлемдерi негiзiнде пайданың шығаруына фирманың бағыты тән

A) «таза» маркетинг концепциясына;

B) коммерциялық күштердi интенсификациялау концепциясына

C) өндірісті жетiлдiру концепциясына;

D) тауарды жетілдіру концепциясына;

E) серіктестік қатынастар концепциясына.


1.4 Тәжірибелік жаттығулар
1 тапсырма. Төменде негізгі терминдер және оған бөлек анықтамалар келтірілген. Берілген анықтамаға қай термин сәйкес келетінін көрсету керек.

А. Мұқтаждық

Ж. Әлеуметтік-әдептік маркетинг концепциясы

Б. Қажеттілік

З. Маркетинг кешені

В. Нарық

И. Ынталандыру

Г. Тұтынушы нарығы

К. Сауалнама

Д. Нарық сыйымдылығы

Л. Айырбас

Е. Маркетинг концепциясы

М. Маркетинг







  1. адамның мәдениет деңгейi ерекшелiктерiне және өз ерекшеліктеріне спецификалық форма алған мұқтаждық ... .

  2. ... – бұл адамға бірдеңе қажет болған жағдайда пайда болатын сезімі.

  3. индивидумның сатып алушылық қасиетіне бекітілген қажеттілік анықталады ... .

  4. ... қолданатын кәсіпкер тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін біледі деп санайды, оның өнімдері бәсекелестеріне қарағанда оларды тиімдірек қанағаттандырады.

  5. өзі тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтерді алатын жеке тұлғалар ... құрайды.

  6. егер кәсіпкер потенциалды және қазіргі тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бәсекелестеріне қарағанда қалай тиімдірек қанағаттандыруды білсе, сонымен қатар тұтынушылар мен өз қызығушылықтарын есепке алса, онда ол қолданады ... .

  7. ... тауар сыйымдылығы (құн өрнегiнде немесе жеке бiрлiктердегi) сияқты анықталады, нарықта, әдетте, бір жыл ішінде жүзеге асырыла алады.

  8. ... географиялық жағдаймен немесе сұранысты тудырған қажеттіліктермен біріктірілген, көбінесе қазiргi немесе потенциалды сатып алушылар жиынтығы ретінде анықталады.

  9. ... – нақты мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған неғұрлым тиімді айырбастарға жету мақсатында жүзеге асырылатын адам қызметі.

  10. адамға нақтылы қызметке түрткі болатын, кейбiр мақсаттарға жету қажеттілігіне негізделген iшкi және сыртқы факторлардың жиынтығы ... болып табылады.

  11. тауар, баға, үлестіру мен жылжу ... құрастырады.

  12. ұсынылатын объект орнына қандай да бір керек объекттен акт алу ... саналады.


2 тапсырма. Төменде келтірілген пікірлердің дұрыс немесе жалған екенін анықтаңыз, егер пікір дұрыс болса «иә» деп, жалған болса «жоқ» деп жауап беріңіз

  1. Нарық потенциалы нарық сыйымдылығынан аз.

  2. Сатушы нарығында сұраныс ұсыныстан асып түседі.

  3. Маркетинг концепциясын жетілдіру, ең алдымен, сатып алушы нарығында мазмұнды болудың маңызы бар.

  4. Маркетингтiң iске асырылуы шығарылатын тауарлардың тиімді сатылымын қамтамасыз ету үшін қажеттіліктер мен сатып алушылар талғамын қалыптастыру мақсатында нарыққа әсер етуді болжайды.

  5. Маркетингті жүзеге асыра, кәсіпкер сатып алушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру арқасында пайда алу қызығушылығын қанағаттандырады.

  6. Әр нақты мұқтаждық жеке адамдармен әртүрлі қабылданады, ең алдымен ол мәдени және тұлғалы индивидумнан тәуелді болады.

  7. Әр нақты жағдайларда маркетологқа тұтынушыларды табу және оларда бар қажеттіліктерді бөлу, сәйкес қажеттіліктерін қалыптастыруға әсер ететін факторларды зерттеу, осы қажеттіліктердің болашақта қалай жетілетінін анықтау және талдау жүргізу қажет.

  8. Әлеуметтік-әдептік маркетинг концепциясын жүзеге асырғанда кәсіпкер коғам қызығушылығын толық есепке алады.

  9. Маркетингті жүзеге асыра отырып, кәсіпкер адамға позитивті, сонымен бірге негативті әсер ететін жағдайларды тудыра алады.

  10. Маркетингті жүзеге асыра отырып, кәсіпорынға жеке қоғамдық ұйымдар, қауымдастықтар мен әр түрлі қоғамдардың қызығушылықтарын есепке алмаған жөн.

  11. Маркетинг көбінесе тұтынушы тауарларын шығаратын кәсіпорындарға қарағанда, өндірістік мақсаттағы өнімдерді шығаратын кәсіпорындарды дамытады.

  12. Коммерциялық емес ұйымдар – театрлар, мұражайлар, шіркеулер, симфониялық оркестрлер - өз қызметінде маркетингті қолданбайды.


3 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз және есептердің шешуін табыңыз.

Соңғы жылдары көптеген кәсіпорындар маркетинг бойынша директор (вице-президент) және маркетинг бойынша менеджер қызметтерін кіргізді. Олар маркетингтік зерттеулерді жүргізе отырып, жарнаманы жиі қолданады, сонымен қатар кейбір маркетингтік мерекелерді ұйымдастырады. Сонымен бірге олардың өндірістік және коммерциялық қызметінде елеулі өзгерістер болған жоқ. Кәсіпорындардың көбісі болашақта дайындалған тауарларды сатуда жанама коммерциялық күштерді қоса, бұрынғыша қоймаларға жұмыс істейді.

Барлық айтылғандар немен дәлелденгенін анықтаңыз. Бұндай кәсіпорындарда маркетингтің жүзеге асырылуы туралы айтуға бола ма? Бұндай кәсіпорындардың тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін не істеу қажет?
4 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз және есептердің шешуін табыңыз.

Маркетинг бойынша әдебиетте, көбінесе Юлий Цезарь қонақтар шақыра отырып, оларды ерекше түскі аспен таң қалдыруы туралы мысал жиі келтіріледі. Ол өзінің аспазын шақырып, оған осы ниетін мәлімдеді және түскі асты асыға күтті. Белгіленген уақытта аспаз шаянға толы үлкен табақ әкелді. Қонақтарға бұл тағам таң қаларлық емес еді. Осындай жағдайды көрген аспаз былай деді: «Қараңдаршы, бұл шаяндар пісірілген, бірақ қозғалады!».Сонда Цезарь аспаздан бұған қалай қол жеткізгенін сұрады. Аспаз пісірілген шаяндар ортасына бір тірі шаянды қойғанын айтты.

Келтірілген тәсіл маркетингке қандай қатысы бар? Табақтағы тірі шаянды нарықтық экономикадағы маркетингпен салыстыруға бола ма?
5 тапсырма. Маркетингтің негізгі тұжырымдамаларына сипаттама беріңіз.


Маркетинг концепциясы

Сипаттамасы

Өндірісті жетілдіру концепциясы




Тауарды жетілдіру концепциясы




Коммерциялық күштерді интенсификациялау концепциясы




«Таза» маркетинг концепциясы




Әлеуметтік-әдептілік маркетинг концепциясы




Серіктестік қатынастар концепциясы




Бағаға бағытталған маркетинг концепциясы





6 тапсырма. Талдаңыздар

Маркетингтік идея бұрыннан жат болмағаны туралы көзқарастар туралы біздің еліміздің тарихынан, әдебиеттен, фильмдерден, ертегілерден бір немесе екі оқиғаларды еске түсіруге тырысыңыз, олардың қазіргі біздің өміріміздегі «іздерін» табуға тырысыңыз.


7 тапсырма. Маркетингтің функциялары бойынша төмендегілердің ішінен кіші функцияларды көрсетіңіз

Нарықты зерттеу:

  • тұтынушыларды зерттеу

  • жаңа тауарларды өндіруді ұйымдастыру, жаңа технологяларды әзірлеу

  • мақсаттық және бағалық саясаты жүргізу

  • сервисті ұйымдастыру

  • маркетингтік бақылауды ұйымдастыру

  • фирмалық құрылымды зерттеу

  • материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру

  • тауар қозғалысының жүйесін ұйымдастыру

  • тауар қозғалысының жүйесі

  • кәсіпорындағы жоспарлауды ұйымдастыру

  • сұранысты құрастыру және өткізудегі ынталандыру жүйесін ұйымдастыру

  • тауарды зерттеу

  • дайын өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттігін басқару

  • маркетингтегі басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету




Маркетинг функциясы

Маркетингтің кіші функциялары

Аналитикалық функция







Өтімділік функция (сату функциясы)







* Кестедегі көп нүктенің орнына ұяшықтарды толтырыңыз.
8 тапсырма.Маркетинг теориясын еске түсіріңіз

1. «Маркетинг кешеніне» анықтама беріңіз (маркетинг – микс)

Маркетинг кешені – бұл _________________________________________

2. Маркетинг кешенін құрастыруды атап шығыңыз

_______________________________________________________________

3. Маркетинг-миксты дайындағанда қажетті қағидаларды көрсетіңіз:

______________________________________________________________
9 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз

Кәсіпорынның үлкен бір бөлімінің жұмысшылары асханаға түскі асқа барғалы жатыр.Егер оларды байқайтын болсақ, онда барлығы өздеріне әр түрлі тағам алатыны белгілі.

Олар түскі асқа келіп нені қанағаттандырады: мұқтаждықты ма, әлде қажеттілікті ме? Ал егер екі жауапты да қамтитын болса, онда олардың мұқтаждықтары және қажеттіліктері немен тұжырымдалады?
10 тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз

«Кәсіпорынның дағдарыс кезінде күйзеліске ұшырамауы үшін, оған шығындарды қысқарту қажет. Бірақ ешбір жағдайда маркетингке деген шығындарды қысқартпау керек. Маркетологтар ғана қорды және сіздің жұмсалған күшіңізді нарықта таба алады. Егер әдеттегі жағдайларда маркетологтар гүлдену үшін керек болса, ал кейбіреулері де оларсыз жұмыс істесе, ал дағдарыс кезінде ол фирмаға көмектесетін бірден бір механизм болып табылады».

Ф. Котлер. Санкт-Петербурбургтегі сөйлеген сөзінен. Қыркүйек 1998 ж.
11 тапсырма.

Маркетинг типі сұраныстың күйіне тәуелді болады және маркетологтің есебін анықтайтыны белгілі. Кестедегі бос ұяшықтарды толтырыңыз. Маркетингтің әр түріне мысалдар келтіріңіз.






Сұраныс

Маркетолог міндеттері

Маркетинг түрі

1




Өткізуге жағдай жасау

Жағдай жасаушы

2

Потенциалды сұраныс







3

Сұраныстың төмендеуі




Ремаркетинг

4




Сауалнама

Конверсиялаушысы

5




Сұранысты баланстау




6

Бағалы сұраныс







7







Демаркетинг

8




Жою





12 тапсырма.

Маркетинг стратегиялық және тактикалық есептерді шешеді. Төменде берілген есептің қайсысы стратегиялық және қайсысы тактикалық ?



  • бизнестің активизациясы;

  • нарыққа (сегментке)жаңа тауармен шығару қағидаларын құрастыру;

  • ойдағыдай жұмыс істеуге осыған дейін жолы түспеген нарықтарға шығу үшін шетелді фирмасы бар кооперация;

  • тауар қозғалысын жоспарлау және ұйымдастыру;

  • фирманы басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдіру;

  • жарнаманың жоспарлануы және ұйымдастырылуы және әрбір тауардың тіршілік циклімен сәйкес сатуды ынталандыру


13 тапсырма.

А бұйымдарының сату сыймдылығы жылына 15,0 мың бірлікті құрайды. Бұйым бағасы – бір бірлікке 100 теңге. Өнім бірлігіне есептегендегі өзгермелі шығындары 40 теңгені құрайды. Кәсіпорынның тұрақты шығындары 600 000тенгеге тең. Кәсіпорын басшылығы сыйымдылықты үлкейту мақсатында бағаны 20 теңгеге түсіріп және жарнамаға деген шығындарды 40 000 теңгеге үлкейтуге шешті. Осы шаралар нәтижесінде кәсіпорын басшылығы 60 пайызға сату көлемін көтеруді болжап отыр.

Қажетті есептеулерді жасап және фирма басшылығының қолданатын шараларының тиімділігін анықтаңыз.

14 тапсырма.

Өткізу көлемін талдау.




Өнімдер

Жоспар

Айғақ

Сату көлемі, мың. тенге

Өткізу көлемі (шт)

Баға

(теңге)


Өткізу көлемі (шт)

Баға

(теңге)


Жоспар

Нақты

Орындалу%

А

1000

500

800

480

Өз беттеріңше есептеңдер

В

1500

1200

1800

1200

С

2000

800

1900

750

Барлығы

х

х

Х

х

Анықтаңыздар:



  1. Сату көлемі және жоспардың орындалуы.

  2. Тауардың ең пайданы көп әкелетін тобын белгілеңіз.

  3. Сату көлемінің факторларын (даналарды өткізу және баға) бір ассортименттік позиция бойынша есептеңіз.

  4. «Не істеу керек?» сұрағына жауап беріңіз.


15 тапсырма .

«Азамат » фирмасы 32 000 В бұйымының бір бірлігін 120 теңгеге сатады. Өзгермелі шығындары өнімнің бір бірлігіне 60теңгені құрайды. Кәсіпорынның тұрақты шығындары 240 000 теңге. Нарық әлі де бір бірлікке 84теңге бағасымен 2000 өнімді қабылдай алады.

Сұрақ. Егер сіз өткізу және баға бойынша шешімді қабылдасаңыз, сонымен қатар осы бағаға сай қосымша тапсырысты қабылдар ма едіңіз? Жауабыңызды есептермен дәлелдеңіз.
16 тапсырма.

Құрастыратын факторларды қолдана отырып, кестені толтырыңыз (мысал келтіріңіз)



Тұтынушының тәжірибесі

Тұтынушы

Маркетингтік әсерлер қажет кәсіпорын

Реакция

Әсерлер (үміт)

Жеке позитивті










Қайталама позитивті










Жеке негативті










Қайталама негативті






















  1. Тағы сатып алу құштарлығы.

  2. Қанағаттандырудың қайталануы.

  3. Бұқаралық жарнама,тұрақты клиенттерге жеңілдіктер.

  4. Сұраныстың қанағаттандырылуы.

  5. Жөндеу, өнім алмастыру.

  6. Болашақтағы қолданудан бас тарту.

  7. Қанағаттандырмаудың қайталануы.

  8. Бұйымның позитивті құрылуы.

  9. Тегін үлгілер, купондар, прайс-листтердің және буклеттердің жеткізілуі.

  10. Ақшаны қайтару сапалы үлгілерді өңдеу.

  11. Сұранысты қанағаттандырмау.

  12. Өнімді ауыстыруға ниет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау