Н. А. Баранова Г. Е. Есімхан маркетинг



бет8/17
Дата17.01.2018
өлшемі3 Mb.
#7585
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

  1. Кәсіпорын тауарын негіздеу үшін және бәсекелес-тауарлардан айқындалатын кез келген атау, белгі, символ, сурет немесе олардың комбинациясы ол ... .

  2. Кең таралған және мойындалған тауарлық белгі ол ... .

  3. Сәйкес сапа деңгейі, тиімді орам, сонымен қатар маркалық атауы бар нарыққа ұсынылған тауар аталады ... .

  4. Мұқтаждықты қамту үшін, жанұялық немесе үйде қолдану үшін алынған тауарлар аталады ... .

  5. Басқа тауарларды өндіру процесінде, сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылық жұмыстарын жүзеге асыру үшін қолданатын тауарлар аталады ... .

  6. Тауарды шығарған сәттен нарықта пайда болуы, өндірістен және нарықтан алып тастау уақыты аталады ... .

  7. Сатылым көлемінің өсуін баяу қамтамасыз ететін тауарды өмірлік цикл сатысын және кәсіпорынның нарықта бірте-бірте орнығуын атайды ... .

  8. Тауардың өмірлік цикл сатысының сатылым көлемінің өсуінен бастап, олардың баяулау сәті аталады ... .

  9. Егер белгілі бір уақытта сатылым көлемі жоғарыласа, одан кейін бір деңгейде болса және бірқатар төмендесе, онда тауардың өмірлік айналымының мұндай сатысы аталады ... .

  10. Тауар сатылым көлемі қысқарған жағдайда және тауарды сатудан түскен пайданың азайған жағдайда тауар үшін ... .

  11. Тауарды салатын белгілі бір қорап және көбінесе өзіне тән рәсімделуінің болуы... .

  12. Орамдағы жазулар немесе суреттер және тауар, сонымен қатар тауарды немесе оның жеке құрамын идентификациялау үшін қолданылатын қосымша құралдар, дайындаушылар жөнінде тұтынушыға ақпарат жеткізу, тауардың сапалық және сандық сипаттамасы аталады … .

  13. Кәсіпорын тауарларының, кәсіпорынның, сонымен қатар одан шығатын ақпараттың біркелкі түрін білдіретін түс, графикалық, типографиялық, дизайнерлік, ауызша элементтер жиынтығын атайды ... .

  14. Тауарға жапсырылатын немесе қыстырылатын, өзіндік ақпарат алып жүруші ... .

  15. Тауарды таңдап алу және кезең бойы оны ең жақсы түрде қолдануға жол ашатын тұтынушылардың қызмет көрсету жүйесі аталады ... .

  16. Кәсіпорынның арнайы дұрысталған, толық немесе қысқаша атауы (бір немесе бірнеше тауар тобы болуы мүмкін) ... .

  17. Тұтынушыларға кеңес беру, тауарды сатылымға және эксплуатацияға дайындау, сонымен қатар құжаттарға сәйкес тұтынушыларды қамтамасыз ету аталады ... .

  18. Кәсіпорынның жарнамалық ұранын атайды ... .

  19. Өндірушінің кепілдік міндеттемелерінің іске асу мерзімінде тауарларды пайдалану үшін қажет барлық жұмыстар қамтамасыз етіледі ... .

  20. Тауарлық белгі, логотип, слоган және басқа жазулардың графикалық комопозицияға бірігуі ... .



2 тапсырма. Төменде келтірілген пікірлердің дұрыс немесе жалған екенін анықтаңыз, егер пікір дұрыс болса «иә» деп, жалған болса «жоқ» деп жауап беріңіз

  1. Тауарлардың сатылу көлемінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін кәсіпорын қабылдай алатын шешімдердің бірі тауардың ассортименттік орын санын көбейту болып табылады.

  2. «Минский завод холодильников» АҚ «Атлант» тоңазытқышы шынайы орындалған тауар болып табылады.

  3. Тіс пастасы күнделікті сұраныс тауары болып табылады.

  4. Жиһаз алдын-ала таңдалған тауарға жатпайды.

  5. Факс өндірістік тауар болып табылады.

  6. «Русское радио» радиостанциясының дабылдары тауарлық белгі болып табылады.

  7. Тауарлық белгі ретінде жеке жануарлар суреттері болуы мүмкін.

  8. Сағыз резеңкесі импульстік түрде сатып алынатын тауар болып табылады.

  9. Сатылатын нарығына байланысты кәсіпорынның бір тауары өмірлік циклдің әр түрлі кезеңдерінде болуы мүмкін.

  10. Жеке тауарлар бірмезгілде өндірушінің тауарлық белгісін де, сатушының сауда маркасын да иемденуі мүмкін.

  11. Кәсіпорынның барлық өндіретін тауарларында бірегей тауарлық белгі болмайды.

  12. Кейбір кәсіпорындар өмірде бар тауарлық белгінің жалған түрін шығаруға барады, кейбір кезде оны заңсыз түрде қолданады.

  13. Тауарлық белгіні қолдану кезінде оның сақтандыру деңгейін көрсету үшін алдын-ала маркалауды қолданған жөн.

  14. Қаптаманы сапалы қолдану арқылы тауардың нарықта тез жылжуы қамтамасыз етілуі мүмкін.

  15. Қаптама тұтынушыға артықшылықты қамтамасыз етуі мүмкін.

  16. Кейбір жағдайларда қаптаманың бағасы оның ішіндегі тауар бағасынан асып түседі.

  17. Штрихтік кодтауды қолдану өндіріс пен тауарлар сатылуын есепке алу, талдау және жоспарлау үшін ішкімен қатар, сыртқы нарықта да бастапқы база болып табылады.

  18. Тауарлық белгі кәсіпорынның фирмалық блогына жатпайды.

  19. Слоган – бұл әдейі өңделген, кәсіпорынның толық немесе қысқартылған атауының өзіндік сызбасы.

  20. Автомобильдер жасаушы кәсіпорындар сервистік қызмет көрсетуді жасамауы мүмкін.


3 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз және есептерді шешіңіз

Адамдардың күнделікті өмірінде теледидар, тоңазытқыш, компьютер, тіс пастасы сияқты тауарлар кең қолданылады.

Оларды шынайы орындалған тауар ретінде қарастырып, өз көзқарасыңызды тұжырымдаңыз.

Нақты тұтынушылардың қажеттіліктерін неғұрлым көбірек қанағаттарын тауарлардың сиаттамасын құрыңыз.


4 тапсырма. Әр түрлі негізде жасалған брэндтерге келтірілген мысалдар тізімін жалғастырыңыз:

а) ауызша тауарлық белгі түрінде, брэндке айналған кәсіпорын иесінің ата тегі - «Смирнов» арағы, «Фаберже» зергерлік бұйымдары …

б) тауардың пайда болған жерінің атауы – «Сосновый бор» минералды суы, «Жигулевское» сырасы…
5 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз

Шығарылатын тауарлардың өмірлік циклі бір-бірін жапқанда ғана кәсіпорын дамуы толық қамтамасыз етіледі.

Бұл нені білдіреді?
6 тапсырма. Келесi тауарлар үшiн қаптама варианттарын жасаңыз (қаптаманың формасын, қандай материалдан орындалатынын, оның фактурасы мен түсін, тауарды пайдалану ыңғайлы болуы үшін функционалдық құрал-саймандарды пайдалану, тауардың таңбалануы және оның қаптамада орналасуы):


  1. Жас әрі өзіне сенімді әйелдерге арналған иіс су;

  2. Ер адамдарға арналған зергерлік бұйымдар;

  3. Балаларға арналған шоколадты драже;

  4. Балалар конструкторы;

  5. Кестелеуге арналған жiптер жиыны.

Қаптамалардың қандай сипаттамасы оның алдына қойылған мәселелерді шешуге көмектеседi?
7 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз

Сiз терезелiк рамалар шығаратын фирмаға қандай тауарлық белгіні ұсынар едiңiз? Фирма қызметiнің бағыттық сәйкестігі, есте қалатындығы, оңайлығы, бейнелілігі, өзгешелігі жағынан өз ойыңызды талдаңыз.


8 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз

Төменде аталған тауарлар (қызметтер) қазіргі кезде өмірлік циклдің қандай кезеңiн өтуде:



  1. роликтi тақтай («скейт-боард»);

  2. «Кока-кола» салқындатқыш сусыны;

  3. жеке серуен яхталары;

  4. кiлем жамылғыларын химиялық тазалау бойынша қызмет;

  5. аудио компакт-дискілер;

  6. минералды су…

Ұсынылған тiзiмдi өз мысалдарыңызбен толықтырыңыз. Жауаптарды кестеге ресiмдеңiз.


Өмірлік циклдің кезеңдері


Нарыққа


шығару


Өсуі


Жетілуі


Түсуі


Тауар атауы



9 тапсырма. Тапсырманы орындаңыз

Брэндтің ауызша бөлігіне түсінік беріңіз (таңдау бойынша)

Мына сөзді қалай түсінесіз?

_________________________________________

Бұл атау немен байланыстырылады? _________________________________________

Ол дәрісханада қандай қызу пікірлерді тудырады?

___________

Аталған тауарды сынау ниеті пайда бола ма?

__________

Берілген атау іс-әрекетке ынталандыра ма? ________________________________

Егер брэнд адам болса, онда оны мына түрде көрсетуге болады (түсіндіріңіз):

Ерлер/әйелдер

__________________________________________________

Жасы


_____________________________________________________________

Сырт пішіні ________________________________________________________

Темпераменті ________________________________________________________

Мінезі


____________________________________________________________

Қызмет түрі

_____________________________________________________

Бәсекелестік артықшылықтары ___________________________________________




10 тапсырма. Талқылаңыз

Сіздің көзқарасыңыз бойынша, қандай маркалар тұрақсыз және жағымсыз байланыстар тудырады? Нелiктен?


6.5 Жеке үй тапсырмасы


  1. Сiздiң тегіңіздің бастапқы әрпінен басталатын 10 өнiмнiң негiзгi қасиетiн бөліп талдау (мысалы, Молдашев, демек, мейіз – кондитерлік өнімге қосатын тағамдық қоспа және т.б.)




  1. Тапсырмада мысал ретінде келтірілген тауарлардың ең алдымен тұтынушылармен қабылданатын сапалар тізімін құру (кемiнде бесеу), мысалы, йогурт : жарамдылық мерзімі, шығарылу мерзімі, бағасы және т.б.




  1. Тапсырмада таңдалған 2 тауарды үшсатылы схема бойынша талдаңыз: оймен шығарылған тауар, шынайы тауар, бекітілген тауар.




  1. Таңдалған тауардың өзіне тән нарықтық ерекшеліктерін бөліп көрсету: тауарлық белгі (марка атауы), қаптама, маркалау.




  1. Өмірлік циклдің әр түрлі сатысында қолданылатын тауарларға 2-3 мысал келтіріңіз.







7 Тақырып

МАРКЕТИНГТЕГІ ТАУАРЛЫҚ САЯСАТ







Ерекше бұйымдар зертханаларда,

ұлы тауарлар маркетинг бөлімінде

жасалынады

Уильям Х. Давидоу

7.1 Жалпы теориялық ұғымдар
Оқудың мақсаты

1 Жаңа тауар түсінігін, инновациялық енгізулердің себептерін, жаңа тауарды әзірлеудің негізгі кезеңдерін, ТӨЦ ұзартудың әдістері мен стадияларын оқу.

2 Фирманың тауарлық саясаты аумағында білімді бекіту.
Сұрақтар

1 Тауарлық саясат: түсінігі, мақсаты және маркетинг кешеніндегі оның орны

2 Ассортименттік саясат.

3 Жаңа тауар: түсінігі, инновациялық енгізулердің себептері, әзірлеу жолдары.

4 Жаңа тауарды әзірлеудің негізгі кезеңдері.

5 Тауардың және фирманың бәсеке қабілеттілігі.


1 Тауарлық саясат: түсінігі, мақсаты және маркетинг кешеніндегі

оның орны

Тауарлық саясат – бұл тұтынушы үшін тауарды құнды ететін және сол қасиетімен фирманы сәйкес табыспен қамтамасыз ете отырып, қайсыбір қажеттілікті қанағаттандыратын тауардың сипаттамаларын құрастыру және бәсекелестік басымшылдықты қалыптастыру бойынша стратегиялар мен шаралардың жиынтығын жоспарлау және жүзеге асырумен байланысты маркетингтік қызмет.

Тауарлық саясаттың негізгі мақсаты:

- табысты қамтамасыз ету;

- тауар айналысын ұлғайту;

- фирма жұмыс істейтін нарық үлесін ұлғайту;

- шығындарды азайту;

- имиджді жоғарылату;

- қауіп-қатерді жою.

Жалпы жағдайда тауарлық саясат үш күрделі мәселені қамтиды:

1. нарыққа жаңа тауарларды құру және шығару;

2. өндірістік бағдарламада бар тауарларды модификациялау;



3. сұранысқа ие тауарларды әрі қарай өндіру.


    1. Ассортименттік саясат

Тауарлық саясат жоспарында оның құрамды бөлігі ретінде ассортименттік саясат өте маңызды болып келеді, оның негізгі мәселелерінің бірі болып фирманың нарықтағы жемісті жұмысына және оның жалпы қызметінің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететуге арналған тауар топтарын анықтау табылады.

Ассортимент деп төмендегі бағыттарға арналған тауар жиынтықтарын айтады:

  • қолданудың белгілі бір аумағына арналған;

  • белгілі бір баға интервалында сатуға арналған;

  • нақты дүкендер, супермаркеттер, бутиктерде және т.б. сатуға арналған;

  • тұтынушылардың белгілі бір категориясына арналған.

Егер фирма тауардың әртүрлі түрлерін шығаратын болса, онда олардың ассортименттік топтарының сомасын тауарлық номенклатура деп атайды.

Номенклатураның (ассортименттің) басты сипаттамалары:

  • кеңдігі;

  • тереңдігі;

  • қанықтылығы;

  • үйлесімділігі.

Тауарлардың оптималдық жинағын құрастыру бойынша біртекті ұсыныстар жоқ, бірақ келесі тауарлық топтарды нарыққа бір мезгілде шығару ұсынылады:

  • негізгі – өсу кезеңіндегі тауарлардың сатудан түсетін кірісті тұрақтандыратын тауарлар;

  • қолдайтын – жетілу кезеңіндегі тауарлардың сатудан түсетін кірісті тұрақтандыратын тауарлар;

  • стратегиялық – кәсіпорынның болашақ пайдасын қамтамасыз етуге арналған тауарлар;

  • тактикалық – ереже бойынша өсу және жетілу стадиясындағы негізгі тауар топтарын сатуды ынталандыруға арналған тауарлар.

Ассортименттік саясатта сонымен қатар әзірленетін тауарлар және нарықтан кететін тауарлар да есепке алынады.
Ассортименттік стратегияның бағыттары:

  • тар тауарлық мамандану;




  • тауарлық дифференциация;




  • тауарлық диверсификация;

  • тауарлық тік интеграция.










3 Жаңа тауар: түсінігі, инновациялық енгізулердің себептері, әзірлеу жолдары.
Инновациялық саясат - түпкі тұтынушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, жаңа ойды іздестіру мен жаңа тауарды құрастыру процестерін қосатын тауарлы саясаттың негізгі бөлігі болып табылады.

«Жаңа тауар» түсінігінің мәні 7 суретте көрсетілген.

Нарықтық жаңалық тауары (ескі – бұрынғы нарық үшін, жаңа – жаңа нарық үшін)

Қолданудың жаңа саласының тауары




Сапалы ең жаңа тауар, оның пайда болуына дейін нарықтағы аналогтары болмаған 10%


Нарықта айналыста бар, бірақ жетілдірілген тауар, бірақ осы жетілдірулер оның негізгі сипаттарын өзгертпеген 70%





Маңызды түрде түпкі жетістіктерге ие тауар және өзінің тағайындалуы бойынша берілген тауардың пайда болуына дейін де түпкі тұтынушылардың ұқсас қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі болған тауарлардың нарықта болуын жоққа шығармайды 20%


7 Сурет. Жаңа тауар түсінігі


Инновациялық енгізулердің себептері 8 суретте көрсетілген.
Инновациялық енгізулердің себептері

ЖАҢА ЕҢГІЗУЛЕРДІҢ СЕБЕПТЕРІ

Сыртқы


Ішкі



-сатулардың өсімін, нарықтың үлесін және түпкі табысын ұлғайтуға ұмтылыс;

-нарықта бәсеке қабілеттілікті жақсарту;

-фирма үшін жаңа нарыққа шығу және т.б.






-нарықтағы бар тауарлармен қаныққандығы;

-ҒТП дамуы;

-бәсекелестердің саясаты;

-тұтынушылардың талғамдарындағы өзгерістер және т.б.



8 Сурет. Инновациялық енгізулердің себептері


Жаңа тауарларды құрастыру жолдары 9 суретте ашылып көрсетілген.


Тауарларды құрастыру жолдары


Модификациялық жол

Пионерлік жол



Бұл жол сатып алушылармен белгіленетін кемшіліктерді айқындайды, содан кейін тауар сипаттамаларына немесе осы

тауардың қызмет көрсетуіне сапалы өзгертулер енгізеді.







Бұл жол ұстанымды жаңа тауарларды әзірлеу үшін іргетасты ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қолданумен байланысты







Бұл жол біріккен кәсіпорындарды немесе біріккен сатып алуды және лицензиялармен патенттерді игеруді құру түріндегі бәсекелестермен әріптестікті ұйымдастыруды білдіреді

Кейбір бағалаулар бойынша 5%-дан артық емес.

9 Сурет. Жаңа тауарларды құрастыру жолдары


4 Жаңа тауарды әзірлеудің негізгі кезеңдері

Жаңа тауарды әзірлеудің негізгі кезеңдері 10 суретте көрсетілген.



10 Сурет. Жаңа тауарды әзірлеудің негізгі кезеңдері



5 Тауардың және фирманың бәсеке қабілеттілігі

Тауардың бәсекеқабілеттілігі – бұл тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі бойынша, сатып алуға және эксплуатацияға шығындардың деңгейі бойынша оны аналог өнімдерден ажырататын өнімнің және оның сатылуы мен қызмет көрсетуіне сәйкес келетін сипаттамалардың жиынтығы.

Бәсекеқабілеттілік сапалық, экономикалық және маркетингтік көрсеткіштер жүйесінің көмегімен толық сипатталуы мүмкін.

Фирманың бәсекеқабілеттілігі – бұл тұтынушылар үшін, бәсекелестердің таңдауларына қарағанда, тұтынушылық және бағалық сипаттамалары бойынша кешенді түрде неғұрлым тартымды тауарларды жобалау, өндіру және өткізу мүмкіндіктерін қолданумен кәсіпорынның нақты және потенциалды қабілеті.

Фирманың стратегиялары мен бәсекелестердің стратегияларының салыстырмалы талдауы маркетинг-микстің негізгі элементтері бойынша жүргізіледі және фирманың бәсекелестік деңгейін арттыру бойынша шараларды әзірлеу үшін негіз болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау