Н. А. Баранова Г. Е. Есімхан маркетинг



бет6/17
Дата17.01.2018
өлшемі3 Mb.
#7585
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

5.3 Тесттер
1. Нарықты сегменттеу– бұл

A) құрылған сұранысқа сай қалған тұтынушылардың жеке топтарын белгілеу;

B) белгілі бір тауарлар мен қызметтерге қызығушылығы бар тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеп білу;

C) нарықты тұтынушылардың жеке топтарына бөлу;

D) жеке топтардағы сатып алушыларға ұсынылуы мүмкін өзіне сай тауар немесе маркетинг кешенін көрсету;

E) тауарларды жеке топтарға бөлу.

2. Шағын тігін кәсіпорны бәрінен бұрын қандай маркетинг түрін қолданады

A) дифференциалданған маркетинг;

B) дифференциалданбаған маркетинг;

C) концентрирленген маркетинг;

D) бұқаралық маркетинг;

E) стандартты маркетинг.

3. Тауардың нарықта позициялануын жүргізу бұл:

A) бәсекеге қабілеттілігі бойынша тауардың нарықтағы орнын сегментке сай анықтау;

B) тауардың сатылуы мүмкін көлемін бекіту;

C) берілген тауарға потенциалды сатып алушылардың көзқарасын

айқындау;

D) берілген тауардың тұтынушылар тобына арналуы;

E) тауар өндірісінің мүмкін көлемін айқындау.

4. Тігін фирмасы жас сипаты бойынша ерлерге арналған костюмдердің нарығын сегменттеуді жүргізді. 50 және одан жоғары жастағы ер адамдарға нарық сыйымдылығы өте үлкен екені белгілі болды, бірақ бұл тұтынушыларға костюмдерді ешкім тікпейді. Алынған ақпаратқа байланысты фирма бұл сегментті жылдам және мына түрде қарастырады.

A) нарықтық текше;

B) фирманы қызықтырмайтын сегмент;

C) нарықтық терезе;

D) жетілдіруді қажет ететін әрекеттер сегменті;

E) нарықтық сегмент.

5. Аяқ киім фабрикасы алынған нарықты сегменттеуді жүргізіп, мақсатты бағыттағы нарықты, орналасуын, позициялануын және тұтынушылардың іс-әрекетін анықтады:

A) тауарларды нарыққа шығаратын болады;

B) маркетинг кешенін шығарады;

C) өз тауарларының жарнамасын жасайды;

D) өзіне стратегиялық серіктестерді іздей бастайды;

E) өзінің стратегиясын жасай бастайды.

6. Нарықты сегменттеу - бұл

A) бәсекелестерді бірыңғай топтарға бөледі;

B) тұтынушыларды бірыңғай топтарға бөледі;

C) тауарларды бірыңғай топтарға бөледі;

D) бәсекелестер мен тұтынушыларды бірыңғай топтарға бөлу;

E) бәсекелестерді, тұтынушыларды және тауарларды бірыңғай

топтарға бөлу

7. Тауарды позициялау – бұл

A) тауардың нарықтағы орнын анықтау үшін негізгі тұтынушылардың тауарын олардың бәсекелестерімен салыстыру;

B) тауардың қатынасындағы кәсіпорынның нарықтық саясатының барлық мүмкіншілігін талдау;

C) тауардың потенциалдық тұтынушыларын анықтау;

D) өндірушілердің және түпкі тұтынушылардың бір бірімен әрекеттесуін үйлестіру;

E) үлкен нарықтың бөлінуінің процесі;

8. «Нарықтық терезе» түсінігі байланысты

A) фирмадағы тауарлардың бәрінен көп келетін сегментімен;

B) мұқтаждықты қанағаттандырмайтын тауардың болуындағы сегментпен;

C) бар тұтынушылардың ойлап тапқан сегментімен;

D) барлық жауаптар дұрыс;

E) дұрыс жауабы жоқ.

9. Сегменттің критерийлік бағасы керек:

A) нарық сыйымдылығын анықтау үшін;

B) мақсаттық нарықты таңдау дұрыстығын дәлелдеу үшін;

C) сегментке ұсыныс құру үшін;

D) барлық жааптар дұрыс;

E) дұрыс жауабы жоқ.

10. «Сегменттеу» және «позициялау» түсінігі арсында қандай байланыс бар

A) сегменттеу және позициялау – бұл өзара бір мағынаны білдіреді;

B) өнім нарықта жалпылай позицияланады, ал сегменттеу нарықты бөлуге бағытталған;

C) бірінші өнім позицияланады, соден кейін нарықты сегменттеу

жүргізіледі;

D) өнім таңдалған сегментте позицияланады;



E) сегменттеу тауарды топтарға бөлуге бағытталған, ал позициялау нарықты бөлуге.
5.4 Тәжірибелік жаттығулар
1 тапсырма. Төменде негізгі терминдер және оларға бөлек анықтамалар көрсетілген. Анықтамаларға сай терминдерді көрсетіңіз.

А. Бұқаралық маркетинг

Ж. Концентрленген маркетинг

Б.Тауарлы дифференциалданған маркетинг

З. Нарықты көптік сегменттеу

В. Мақсатты маркетинг

И. Нарықтық терезе

Г. Нарықты сегменттеу

К. Позициялау

Д. Мақсатты маркетинг

Л. Нарықтық текше

Е. Дифференциалданбаған маркетинг










  1. Нарыққа бір тауардың әр түрлі сападағы, әр түрлі безендірілген, әр түрлі қаптамадағы екі немесе бірнеше түрін ұсына отырып, кәсіпкер көздейді...

  2. Өзінің тауарын тек қана анықталған тұтынуышылар тобына ұсынатын кәсіпкер қолданады ... .

  3. Тұтынушылардың жеке топтарын бөлгенде, әр қайсысына ұсынылатын өзіне сай тауарлары мен маркетинг кешені жүргізіледі ... .

  4. Кәсіпорын мақсаттық нарыққа анықталған тауар түрін және өзіне сай маркетинг кешенін ұсына отырып жүзеге асыратыны ... .

  5. Кәсіпкер мақсаттық нарықтың бір ғана сегментін немесе оның бөлігін таңдай отырып, өзіне сай маркетинг комплексін және нақты тауар ұсынуын анықтайтын ... .

  6. Тауардың бәсекеге қабілеттілігіне байланысты нарықтағы орнын анықтауды білдіреді ... .

  7. Сатушы нарыққа кейбір тауарларды шығара отырып оның тауарларын барлық тұтынушылар құптайды деп санағаннан, тауарды көптеп шығарып, оны үлестіріп және жетілдіреді. Осындай шарттарды орындай отырып ол жүзеге асырады ... .

  8. Әртүрлі айнымалы сегменттеулерді қолдана отырып, осы тауарға сәйкес келетін сұрауымен тұтынушыларды бірте бірте көрсететін зерттеуді жүргізеді ... .

  9. Фирма өз кәсіпкерлігін жүзеге асыратын сегменттердің жиынтығы құрастырады ... .

  10. Фирма өз бәсекелестеріне қарамай өзіне нарықтағы тұрақты жай күйін қамтамасыз ете алатын сегменттердегі тұтынушылардың жиынтығы аталады ... .

  11. Өздерінің мұқтаждығы мен қажеттіліктерін нарықта ұсынылатын тауарлармен қамтамасыз ете алмайтын тұтынушылар жиынтығы аталады ...


2 тапсырма.Төменде жазылғандардың дұрыс және қате екенін анықтаңыз. Егер дұрыс болатын болса, «ия» жауабын, ал қате болатын болса «жоқ» деп жауап беріңіз.

  1. Бәсекелестердің тауарларына сатып алушылардың қатынастары мақсаттық сегменттердің анықтауында есепке алынбайды.

  2. Ерлер аяқ киімнің екі үлгісін нарыққа ұсына отырып, кәсіпорын тауарлық дифференциалданылған маркетингті жүзеге асырады.

  3. Кәсіпорын шоғырландырылған маркетингті қолдана отырып, бірнеше мақсаттық нарық сегменттеріне өз тауарларымен шығады.

  4. Сегменттеудің әртүрлі белгілерін нақты нарықтың көптік сегменттеуінде қолдануға болмайды.

  5. Зерттеуші бастапқыда бәсекешілер тауарларының позициясын, тауардың орнын анықтауды жүргізе отырып, осы тауар дайындайтын кәсіпорындардың жағдайын айқындап алады.

  6. Зерттеуші бастапқыда маркетингтік кешенді өңдейді, содан соң нарықты сегменттеуді жүргізеді.


3 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беріп және есептің жауабын шешіңіз.

«Садко» аяқ киім фабрикасы мақсаттық нарықтың үш сегменттерінде өз аяқ киімін өткізеді. Бұл нарықта маркетингке шығындар 260 мың тенге және есепке алынған сегменттердің әрқайсылары дифференциалданылған. Бірінші сегментте фабриканың еншісі 14% және келесі жылы 19%ға өседі деп болжанып отыр. Бұған сай аяқ киім сыңарларының сыйымдылығы 2,8 млн-ды құрайды және алдағы 2 жылда өзгермейді. Аяқ киімнің бір сыңарынан түсетін пайда 8% ды құрайды және 2% өседі деп болжамданып отыр.

Екінші сегменттің сыйымдылығы 1,8 млн сыңарына тең және алдағы жылдарда өзгермейді. Аяқ киімнің сыңарынан түсетін пайда 120 тенге.

Нарықтың үшінші сегментіде 2,2млн теңгеге тең сыйымдылықтың өзгеруі байқалмайды. Бірақ бұл сегментте фабрика қазіргі кездегі сегмент сыйымдылығының 10% ала отырып сатудың сыйымдылығын 110 мың аяқ киім сыңарына қысқарту қажет. Бір сыңар аяқ киімді сатқанда бұл сегменттің пайдасы 30 теңгеге тең.

Анықтау қажет:


  • Маркетингтің қай түрін фабрика мақсаттық нарықта қолданады?

  • Нарықтың қандай сегменті көбінен қолданылады (өте қажет)?

  • Нарықтың әр сегментінде келесі жылға жоспарланған сыйымдылығы қандай?

  • Әр сегментте фабрика қандай пайда алады және мақсаттық нарықтағы ортақ пайда қанша болмақ?


4 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, есептердің жауабын табыңыз .

ЖАҚ «Милавица» ең ірі тігін кәсіпорны болып табылады. Кәсіпорынның негізгі шығаратын бұйымдары ол карсеттік бұйымдар, шомылғанда киетін костюмдер, төсек жамылғылары, трикотаждық және эластикалық матаға салынатын суреттерден тұрады. Жыл сайын 300-ден астам модель түрлері әртүрлі бұйымдар суретшілермен және кәсіпорын конструкторларымен жасалады. Кәсіпорын тауарлары әлемнің көп елдерінде сатылады, әсіресе, АҚШта, Францияда, Чехияда, Израильде, Грецияда, Польша және басқа да елдерде. Шамамен барлық сатылымның 30% Ресейге жіберіледі. Ресей нарығының сыйымдылығы өте үлкен, сонымен қатар «Милавицаның» осы нарықтағы бәсекелестік күресте бірнеше артықшылықтары бар:

-Кәсіпорын өнімдерінің бағасы негізгі бәсекелестерден 10-15 пайызға төмен;

-Кәсіпорынның сауда маркасы кең таралған және өзінің қолданушылары бар;

-Ресейдің әр аймақтарында кәсіпорынның өткізу арналары тармақтары орналасқан.

Кәсіпорын одан әрі Ресей нарығында жұмыс істеуге мүдделі. Кәсіпорын басшылығының пайымдауынша, егер мақсатты маркетингті жоғары деңгейге көтерген жағдайда сауда тиімділігінің өсетініне көздері жетіп отыр.

Осы жағдайда кәсіпорын басшылығы келесі сұрақтарға жауап алғысы келеді:

-Сатылатын әрбір өнімнен нарық сегментацияның қандай көрсеткіштерін қолдану керек және қалай өткізу қажет;

-Мақсатты сегментті таңдауда қандай критерийлерді қолданған жөн;

-Мақсатты сегментке жеке бұйымдарды қалай бағыттауға болады;


5 тапсырма. Есептің шығарылуын табыңыз

Фирманың нарықты зерттеу нәтижесінде келесі мәліметтер алынды:

Жергілікті тұрғандар саны- 16500 адам;

Бір жылға кіріс (жылына) – 8000долл;

Кеспеге шығындалатын үлес-0,14

Фирманың макарон сатылымынан жылына түскен ақша-369600 долл;


Нарықта бұл фирмадан басқа, кеспе сататын тағы үш фирма бар.

Мәліметтер негізіне сүйене отырып анықтау қажет:

1.Нарықтың жалпы сыйымдылығын;

2.Осы фирманың нарықтағы үлесін;

3.Бәсекелес фирмалардың сатылымнан түскен орташа пайдасын;

4.Осы фирманың үлесі басқа бәсекелес фирмалардың орташа үлесінен қаншалықты жоғары немесе төмендігін;

5.Бәсекелестермен салыстырғанда осы фирма жұмыстарының тиімділігі, нәтижелілігі немесе пайдалылығы. Әрине, берілген талдау нарықта болып жатқан барлық себептерді анықтауға жеткіліксіз. Мұндай жағдайда қосымша оқып-үйрену үшін қандай сұрақтарды қоюға болады?
6 тапсырма.Талдаңыздар.

«Самсунг» фирмасы Ресей нарығында кіржуғыш машыналар, теледидарлар, СВЧ-пештер, шаңсорғыштар және басқа да тауарларды ұсынады, олар алтын және күміс түстес тауарлар жақсы өтеді және тұтынушы түрлі-түсті тұрмыстық техниканы 10-15 пайыз қымбат бағамен алуға дайын екендігін айтады. «Самсунг» кеңсесінің менеджерлері ресейліктерге 4 базалық түсті өңдеп шығарды: алтын түстес, күміс түстес, інжу-ақ және інжу –көк түстер. «Самсунг» фирмасы түрлі-түсті өнімге АҚШ-тың 3млн долл. жұмсауға дайын.

Ресейліктердің түсті техниканы таңдауын сегмент белгілерінің қай тобына жатқызуға болады?
7 тапсырма. Талқылаңдар

Бағыттаудың түрлі белгілері бар, мысалы позициялау, тауар сапасының ерекшелігін негізделу; мәселені шешуіндегі мүмкіншіліктер мен пайдаға сүйену және т.б.

Тауар өндірушілердің талпыныстарынан қандай сәйкестіктерді табуға болады?


5.5 Жеке үй тапсырмасы
1. «Люкс-Охрана» кәсіпорыны нарықта 1991 жылдан жұмыс істейді. Оның жарнама қағазын оқып сұрақтарға жауап беріңіздер:

а) кәсіпорын жұмысы нарықтың қандай сегментіне бағытталған;

б)кәсіпорын нарық қамтуының қай стратегиясын ұстанады?

«Люкс-Охрана» кәсіпорынының күзет қызметтерінің бағыттары бойынша ұсыныстарын өңдеңдер.


«Люкс-Охрана» кәсіпорынының жарнама қағазы
«Люкс-Охрана»кәсіпорны

«Люкс-Охрана» 1991 жылдан бастап жұмыс тәжірибесі бар. Сіздің және сіздің фирмаларыңыздың жұмыспен қамтылуын ұсынып отыр. Біздің клиенттер: мемлекеттік мекемелер, оқу орындары бала бақшалар, оқу тәжірибелік кешендер, мектептер, мамандандырылған училищелер, жоғарғы орындары, академиялар, емханалар, коммерциялық құрылымдар, қонақ үйлер, мейрамханалар, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, автобазалар, қоймалар және т.б.

Көптеген ұйымдармен көп жылғы жұмыс тәжірибесі кәсіпорынның қызметкерлеріне әрбір клиенттің жеке қауіпсіздігін өңдеуге көмектесті, «Люкс-Охрана» кәсіпорнының қызметкерлеріне көптеген құқық бұзушылықты және құқық қорғау органдарымен бірге бірқатар қауіпті қылмыскерлерді ұстауға көмектесті.

Біздің кәсіпорын келесі қызметтерді ұсынады:

-ғимаратқа немесе белгілі бір аймаққа тұрақты немесе уақытша рұқсат қағазбен өтуді бақылау;

-ғимарат ішін немесе ғимарат аймағын күзету;

-ақша және бағалы заттарды күзету;

-инкассация.

Еліміздегі қылмыстық жағдай нашарлауынан қызмет көрсету спектрін кеңейту қажет болды. Біздің кәсіпорын жаңа қызмет түрлерін ұсынады:

-құқық бұзушылық, қастандықтан қорғау туралы ұсынымдарды дайындау;

-нысанды қорғау концепциясын өңдеу және қауіпсіздік жүйелерінің құрылу принциптері;

-сіздің ғимараттарыңызды , аумағыңызды қорғау жүйелерін өңдеу;

-тез әрекет ету қызметтері;

Толық техникамен қамтылған, құқық қорғау органдарымен бекітілген аранайы киімдегі қызметкерлер қорғауды жүзеге асырады;

«Люкс-Охрана» кәсіпорны «Альфа» сақтандыру компаниясымен қосылып сіздің ұйымыңыздың мүліктік қызығушылығыңызды кешенді қорғауды ұсынады.

Біз клиенттің қызметі туралы ақпараттық құпия болуын қамтамасыз етеміз.

Мекен-жайымыз_________Телефон_______

Біздің мүмкіншіліктеріміз шектеусіз

Адалдық пен тазалққа кепілдік береміз!

Біз Сізбен жұмыс жасауға қуанышты боламыз.

2. Нарықта көрсетілген жарнамалық слогандардан әр кәсіпорын таңдап алған бағыт негіздерін табыңыздар және оларды мағынасына сәйкес топтастырыңыздар.


  1. Сенуге болатын сапа, Проктер энд Гэмбл.

  2. «Фрискис» мысықтарының өмірлері ұзақ. Мысықтарға арналған азық.

  3. Нағыз сыра жарнамаға мұқтаж емес. Хайнекен.

  4. Келлогстен әр таң сайын сізге ең жақсысы, дәнді-дақылдардан дайындалған сізге дайын таңғы ас.

  5. Аквафреш – бүкіл ауыз қуысына арналған тіс пастасы.

  6. Жарқыраған ақ тістер және кариестен қорғау («Орбит белоснежный» сағызы).

  7. Жеміс шырыны –жыл бойы («Фруктовый сад» шырыны).

  8. Сорти – қол жетерлік бағада супер пайда.

  9. Өміріңді жақсы жаққа өзгерт. Филипс.

  10. Өзіңе мереке жаса. Кока-кола – мереке сусыны.

  11. Әжімсіз бет -керемет ( «Нивея-визаж» кремі).

3. Сіз иіс сабынын дайындайсыз және сатасыз. Тұтынушылар сегменті сіздің тауарыңызға келесі түрдегі қандай талаптар қояды: сәнді жоққа шығару немесе мойындамау, немқұрайлы қарау, ұқыптылар немесе үнемшілдер, сәнді сатып алушылар, сәнде шет қалғандар, сән лидерлері?

4. Маркетингтік зерттеу нәтижесінде нарық сыйымдылығы 175 млн өнім данасы болған жағдайда, нарықтағы фирма үлесі 10 пайыздан 12 пайызға дейін жоғарылауы мүмкін екендігі болжанады. Бір өнім кірісі 98 теңге, ал нарық сыйымдылығы өзгермеген жағдайда алдағы жылда фирманың қосымша кірісін есептеу. Бір жылға есептегенде маркетингтік күш салуға жұмсалған шығын 182 млн теңге.

5. Фирма сенімді сатуда нарықтың үш сегментіне сүйенеді. Бірінші сегментте сатылым ауданы өткен кезеңде 54 млн дананы құрады, нарық сыйымдылығы кезінде осы сегментте 1980 млн дана. Келесі жылы нарық сыйымдылығы осы сегментте 3%-ға, фирма үлесі - 5%-ға жоғарылауы мүмкін.

Екінші сегментте фирма үлесі 4%-ды құрайды, сатылым көлемі – 75 млн дана. Нарық сыйымдылығы 11%-ға , ал осы сегментте фирма үлесі 8%-ға дейін жоғарылуы мүмкін.

Үшінші сегментте нарық сыйымдылығы 45 млн дана, фирма үлесі – 0,12 құрайды. Нарық сыйымдылығының өзгерісі болжанбайды, фирма сатылымдарының көлемі 1 млн данаға қысқарады.

Жоғарыда көрсетілген шарттар бойынша осы жылғы фирманың сатылым көлемін анықтау.









6 Тақырып

МАРКЕТИНГ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТАУАР













Бір миллион төрттдюймдық біздер адамдарға







төрттдюймдық біздер керек болғаннан емес,







себебі оларға төрттдюймдық тесіктер







керек болғаннан кейін сатылып кеткен




Т. Левитт

6.1 Жалпы теориялық ұғымдар
Оқудың мақсаты

1 Тауар бойынша маркетингтік шешім туралы түсінікті қалыптастыру.

2 Тауар бойынша маркетингтік шешім қабылдай білуді үйрену мен білімді бекіту.
Сұрақтар

1 Маркетинг жүйесіндегі тауар.

2 Тауарлардың сыныптамасы.

3 Тауардың өмірлік циклі.

4 Тауарлық белгі және оны қолдану.

5 Тауарларды қаптау және маркалау.

6 Тауарлық саясат жүйесіндегі қызмет көрсету.

1 Маркетинг жүйесіндегі тауар

Тауар – бұл белгілі бір қажеттілікті немесе қажеттілік пен мұқтаждықты қанағаттандыра алатын және нарыққа назар тарту, сатып алу қолдану тұтыну мақсатымен ұсынылатын құрал. Тауарларға тек қана материалдық заттар емес, сонымен қатар жеке тұлғалардың қызметтері, нақты орындар, ұйымдар, ойлар немесе олардың үйлесімдері жатады.
Тауардың үш деңгейін ерекшелейді:


  1. ойластырылған тауар;

  2. нақты орындалған тауар;

  3. бекітілген тауар.




    1. Тауарлардың сыныптамасы

Тауарлар келесі критериялары бойынша жекелеген топтарға бөлінеді: мақсатты тағайындалуы, нарық тұрпаты, тұтынуға дайындылығы, тұтынушылар саны. Тауарлардың жіктелуі 5 кестеде берілген.

5 Кесте


Тауарлардың жіктелуі


Критерийлер

Тауарлардың негізгі топтары

Мақсатты тағайындалуы



Тұтынушылық тауарлар (күнделікті сұраныстағы тауарлар, алдын-ала таңдалатын тауарлар, ерекше сұраныстағы тауарлар, пассивті сұраныстағы тауарлар)

Өндірістік-техникалық тағайындалудағы тауарлар (өнеркәсіптік тауарлар)


Нарық тұрпаты



Төмендегілерге жеткізілетін тауарлар:

- тұтынушылық нарық; - делдалдар нарығы;

- өндірушілер нарығы; - қоғамдық ұйымдар нарығы;


Тұтынуға дайындылығы

Шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдар, бөлшектер

Тұтынушылар саны

Жаппай қолдану тауарлары

Жеке қолдану тауарлары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау