Н. А. Баранова Г. Е. Есімхан маркетинг



бет10/17
Дата17.01.2018
өлшемі3 Mb.
#7585
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




  1. Белгіленген нарықта белгілі бір уақытта сатылуға көрсетілген тауарлардың көпшілігі ... анықтайды.

  2. Тұтынушылардың берілген тауарға төлеуге дайын белгілі бір ақша сомасының болуы ... сипаттайды.

  3. Тауар бағасы мен сауда көлемі арасындағы тәуелділіктің графикалық бейнесі және де ол берілген уақыт аралығында қандай да бір бағалар деңгейінде қамтамасыз етілуі мүмкін, бұл ... .

  4. Берілген тауар бағасының өзгеруіне тұтынушылардың әсерлігі ... сипаттайды.

  5. Берілген уақыт аралығында тауар бағасы мен оның ұсынысы арасындағы тәуелділіктің графикалық бейнесі ... деп аталады.

  6. Егер бағаның азғантай ұлғаюы сұраныстың елеулі түрде азаюына әкелетін болса, онда бұл сұраныс ... болып табылады.

  7. Сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының қиылысу нүктесі ... деп аталады.

  8. Егер бағаның азғантай өзгерісі сұраныстың өзгеруіне ешқандай әсерін тигізбесе, онда бұл сұраныс ... деп аталады.

  9. Бір тауардың оны өндіру жеріндегі немесе қайта сатудағы бағасы ... болып табылады.

  10. Сатушы сатып алушыдан екі жақты да қанағаттандыратын белгілі бір шарттар негізінде, бір немесе барлық тауарлар үшін ала алатын валюталық жүйеге сәйкес ақша саны ... болып табылады.

  11. Тауарға бағаны белгілеу процесі ... деп аталады.

  12. Бағаларды тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін, саудагердің орындауға қажетті шаралар жиынтығы ... анықтайды.

  13. Егер мәміле жүргізуде айырбас эквиваленті ретінде қандай да бір тауар болатын болса, онда ... жүзеге асырылады.

  14. Сатушы мен сатып алушының келісім шартты жасау кезінде келісілген бағасы ... болып саналады.

  15. Тауарды қолма қол ақшамен төлейтін немесе мерзімінен бұрын төлем жасайтын тұтынушыларға ... белгіленеді.

  16. Кәсіпорында тарату саясатын жүргізуге тікелей қатысатын және тауарды сату, есепке алу және сақтау бойынша белгілі бір функцияларды орындаушы жеке және заңды тұлғаларға ... беріледі.

  17. Елеулі көлемде тауар алатын сатып алушылаға белгіленеді ... .

  18. Сұраныстың төмендеген кезінде тауарды сатып алушыға ... беріледі.

  19. Жоғары сапалы тауарларға белгілі бір сатып алушылар категориясының психологиялық қажеттілігін көрсететін бағалар ... болып табылады.

  20. Белгілі уақыт аралығында төлеуге міндетті сатып алушының оған берілген тауар үшін міндеттемесі ... саналады.

  21. Сатып алушыларға жеке немесе жанұялық қолдану тауарларын сатып алуға берілетін несие ... болып саналады.

  22. Машиналарды, қондырғыларды, жылжымайтын мүлікті, тұтынушылық және басқа да тауарлады ұзақ мерзімді жалға алу, оған байланысты сақтандыру және арендалық төлем төлеу ... болып саналады.

  23. Тиімді коммерциялық қызметті қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік құрылымдарға берілетін несие ... болып саналады.

  24. Бір тауарды әртүрлі сатып алушыларға әртүрлі бағамен сататын саудагер ... қолданады.

  25. Биржада белгіленген тауар бағасы ... формасында болады.

  26. Кәсіпорындардың бәсекелестік нарығында ұқсас тауарлардан төмен белгіленген және белгілі сомадан кішкене төмен баға ... саналады.

  27. Сатушымен белгіленетін баға, және де оның осы баға деңгейін ұзақ уақыт бойы сақтап қалуға тырысуы ... саналады.


2 тапсырма. Төменде негізгі терминдер және олардың жеке анықтамалары берілген. Терминдердің қайсысы қай анықтамаға қатысты екенін көрсету керек

  1. Баға орнату кәсіпорынның баға саясатының құрамды бөлігі болып табылмайды.

  2. Баға саясатын жүргізу арқылы кәсіпорын бәсекелестермен бағаның өзгеруін уақытылы қамтамасыз етеді.

  3. Кәсіпорын баға саясатын жүзеге асырғанда, маркетинг жүргізу деңгейін есепке алмауы керек.

  4. Басқа да бірыңғай шарттар негізінде тауарды жоғары бағамен сатуға қарағанда, төмен бағамен сатқанда тауар әлдеқайда көбірек өтеді.

  5. Нанға сұранысты негізінен икемді деп санауға болады.

  6. Телевизорларға сұранысты икемсіз деп санауға болады.

  7. Ұсыныс өзгермей, сұраныстың өсу жағдайы бағаның өсуіне әкеледі.

  8. Тұрақты сұраныс кезінде ұсыныстың өсуі, бағаның төмендеуін және сауда көлемінің ұлғаюын туғызады.

  9. Таза бәсекелестік нарығында баға саясатының рөлі минималды болып келеді.

  10. Егер барлық кәсіпорындар салалары берілген тауарға бағаны шығын есебі негізінде белгілеу әдісін қолданатын болса, онда олардың бағалары шамамен бірдей және де ол бағалық бәсекелестікті төмендетеді.

  11. Әдетте, нарыққа тауарды енгізу кезеңінде жеңілдіктер жүйесі қолданылады.

  12. Базалық бағаны шығындар негізінде жүргізілетін болса, кәсіпорындар шығындардың тек бір бөлігімен шектелуі мүмкін.

  13. Шығынсыздық нүктесінде бір тауардың бағасы оның өзіндік құнына тең.

  14. Кәсіпорынға әлеуетті тұтынушылардың бағаға әсерлігін айқындағанша, өздерінің шығындарын анықтаған әлдеқайда жеңіл болып келеді.

  15. Станоктарға, қондырғыларға, машиналарға баға орнату кезінде жиірек қабылданатын бағалар әдісі қолданылады.

  16. Аукционды өткізу кезінде оның жүргізушісі тауарлардың минималды сияқты және максималды да алғашқы бағасын белгілеуі мүмкін.

  17. Кинотеатрда билеттің бағасын белгілеу кезінде икемді баға әдісі қолданылады.

  18. Биржалық баға белгілеу тауарға деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына байланысты тұрақты түрде өзгеріп отырады.

  19. Мұнай, болат немесе қағаз нарығында негізгі сатушылар бірдей баға орнатады.

  20. Тендерге қатысатын және тиісті тапсырманы алуға қызығушылық танытқан кәсіпорын, бәсекелестердің қайсысы қатысатанын және қандай баға ұсыныстарымен келісім шартты жасауға құқығы бар екенін біледі.

  21. Тиісті үстеме баға және шығындар негізінде белгіленген көпшілік көтерме және бөлшек бағалар саудада базалық баға формасында болады.

  22. Компьютерлер жасап шығаратын кәсіпорындар, әдетте, жаңа компьютерлерге бағаны белгілеуде нарыққа кіру әдісін қолданады.

  23. Пакеттік баға орнатуда жинаққа кіретін тауарлар бағасы комплектіге кіретін тауарлар бағасының сомасынан жоғары деңгейде орнатылуы керек.

  24. «Кодак» фирмасы өзі шығаратын фотоаппараттарға төмен баға белгілейді және фотопленканы оның міндетті құралы деп есепке алып, сәйкесінше оған жоғары баға белгілейді.

  25. Әдетте, жоғары сапалы француз шараптары мен конъяктарына жоғары баға белгіленеді.

  26. Стандартты бағалар орнатып, сатушы шығындары көбейтсе де, оны өзгеріссіз қалдыруға тырысады.

  27. Сатушы сандық жеңілдіктер қолдану арқылы тұтынушыны өзімен ғана сауда жасауға қызықтырады.

  28. Келісім шарттық баға тауардың сатушыдан сатып алушыға ауысу шығындарын ескермейді.

  29. Келісім шарттық баға келісім шартты орындау барысында базалық және келісілген бағаны қайта қарау жолымен белгілеуі мүмкін.

  30. Лизинг берушімен жалға берілген тауар оның қалдық құны бойынша төленгеннен кейін оны алушының жеке меншігі болып саналады.


3 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз және есептің шешімін табыңыз

Көпке танымал «швед столына» ұқсас «Печки-лавочки» мейрамханасы белгіленген баға бойынша 20-дан астам әртүрлі салаттар мен салқын шайнамаларды ұсынады. Бұл салаттар мен шайнамалар зал ортасында ескі арбаға қойылған және әрбір қалаушы өзінің тәрелкесімен жақындап нені және қаншалықты алғысы келсе ала алады. Бірақ ол арбаға бір-ақ рет жақындай алады.

Қалай ойлайсыз, осындай баға саясатын жүргізу арқылы «Печки-лавочки» мейрамханасы өзінің пайдасын үлкейтті ме, әлде жоқ па? Сіздің көзқарасыныз бойынша, «Печки-лавочки» мейрамханасының осындай баға саясаты немен негізделген?
4 тапсырма . Есептің шешімін табыңыз

Сауда фирмасы тауардың данасын 250 мың теңгеден сатып алып және осы тауарды аптасына орта есеппен 300 данасын 300 мың теңгеден сатады. Егер фирма бір аптаға бағаны 10% төмендетуге келіссе, онда фирма өзінің жалпы пайдасын сақтап қалу үшін осы аптада неше дана бұйым сату керек?



5 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз

Кестеде кәсіпорынның жалпы шығындарының шығарылған өнімдерге тәуелділігі көрсетілген. Тұрақты, айнымалы және шекті шығындарды есептеңіз.


Шығындардың шығарылған өнімдерге тәуелділігі


Q, шт.

TC, мың. тенге

FC

VC

MC

0

60










1

140










2

180










3

240










4

420











6 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз

Фермер шаруашылығы картоп өсіреді. Орташа айнымалы шығындар мен шығару көлемінің динамикасы кестеде көрсетілген. Тұрақты шығындар 40 бірлік. Шығындардың келесі түрлерін есептеу керек: TC, VC, ATC, AFC, MC. Шығындардың соңғы төрт көрсеткіштерін график түрінде көрсетіңіз.


Шығындардың шығарылған өнімдерге тәуелділігі


Q, тонна

АVC, бірл.

0

0

1

40

2

40

3

46,6

4

55

5

72

6

86,6


7 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз

Тігін цехының жылдық шығарылымы 2 мың бірлік болса, онда жылына ғимарат арендасы үшін 15 мың. ш.б., ал пайыз түрінде 11 мың. ш.б. шығынға ұшырайды. Сонымен қоса, қызмет үшін төленетін шығындар 20 ш.б., ал шикізаттар мен материалдар шығыны - 12 ш.б. құрайды. Өндірістің жалпы, айнымалы және тұрақты, сонымен бірге жалпы орташа шығындарын есептеңіз.


8 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз

Фирма кәміл бәсекелестік жағдайында жұмыс істейді. Салада 1 бірлікке өнімнің бағасы 8 ш.б.құрайды. Фирманың жалпы шығындар функциясы кестеде көрсетілген. Шығындардың шығарылған өнімдерге тәуелділігі




Q, дана.

ТC, ш.б.

0

10

1

14

2

16

3

20

4

26

5

34

Қажет мәліметтерді есептеңіз және кесте түрінде анқтаңыз:

  1. Фирма өз пайдасын максимизациялау үшін өнімді шығару көлемі.

  2. Фирманың ең жоғарғы пайдасы, жалпы табысы және жалпы шығындары.


9 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз

1 л сүттің бағасы 3-тен 3,30 ақша бірлігіне дейін өсті, айлық өндірістің көлемі 10-нан 11,5 мың. л. өсті. Ұсыныстың баға икемділігін анықтаңыз.


10 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз

Берілген тауарға сұраныс функциясы Qd=7–p, тауардың ұсыныс функциясы Qs= – 5+2p, мұнда:

Qd – сұраныс көлемі жылына млн. дана;

Qs – ұсыныс көлемі жылына млн. дана;

p­ – баға ақша бірлігінде.

Тепе-тең бағаны және тепе-тең сату көлемін анықтаңыз. Егер баға 3 ақша бірлігі деңгейінде белгіленсе, не болады?


11 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз

Тауар бағасының жылына 5-тен 6 ақша бірлігіне көтерілуі нәтижесінде, сұраныс көлемі 9-дан 7 млн. данаға қысқартылды. Бағаның жалпы деңгейі өзгерген жоқ. Баға бойынша сұраныстың доғалы икемділігін анықтаңыз.


12 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз

Берілген тауарға тұрғындардың сұраныс икемділігі 0,25 тең. Табыс бойынша сұраныс икемділігі 0,8 тең. Берілген тауарға сұраныс көлемі қаншалықты өзгереді, егер оның бағасы 8%-ға төмендесе, ал тұрғындардың табысы 5%-ға жоғарласа. Сонымен қоса, бағаның жалпы деңгейі өзгеріссіз қалады деп болжанады.



13 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз

Бухгалтер фирманың шығындары туралы есеп-қисабын жоғалтып алды. Ол тек қана бірнеше сандарды есіне түсірді. Сіздерге қалған деректерді қалпына келтіру керек.


Фирма шығындары


Q

AFC

VC

ATC

MC

TC

0













100

10







20







20

5













30










11

390

40




420










50

2




14








14 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз

Квасқа сұраныс пен лимонад бағасы арасындағы айқыш икемділік 0,75 құрайды. Қандай тауарлар туралы айтылып жатыр? Егер лимонад бағасы 20%-ға өссе, онда квасқа сұраныс қалай өзгереді?


15 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз

Маркетингтік зерттеу нәтижесінде кинотеатр билеттеріне көрермендердің сұранысы келесі түрде анықталды:




Билет бағасы, а.б.

1 сеансқа сатылатын билеттер саны (сұраныс), дана.

7

300

6

400

5

500

4

600

3

700

Кинотеатрдың көрермендер залының сыйымдылығы 700 орын, залдағы барлық орындар тең бағалы. 1 сеансқа есептелген шығынды құрайды:



  • кинофильм прокатына төлем – 1800 а.б.

  • зал арендасы – 250 а.б.

  • киномеханиктің ақысы – 50а.б.

  • кино контролерлеріне – 250 а.б.

  1. Бір билеттің ең тиімді бағасы қандай болу керек?

  2. 1 сеанс үшін максималды мүмкін пайда нешеге тең?


16 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз

Кітап басылымы дайындалып жатыр, оның сатылу көлемі шамамен 10 а.б. Кітап басылымына кететін тұрақты шығындардың жиынтығы (редакциялау, рәсімдеу, теру, басқармашылық шығындар, салық және сақтандыру, ғимарат арендасы, амортизациялық шығындар және т.б.) 200 мың а.б. құрайды

Берілген кітаптың бір данасына кететін жиынтық айнымалы шығындар (қағаздар, материал тысына, типографиялық шығындар, өткізу, авторлық қаламақы және т.б.) 6 а.б. құрайды.

Есептеу керек:



  1. Қандай тиражда кітап басылымы шығынсыз болады (шығынсыздық нүктесі)?

  2. Осы есепті 11 а.б. бағасында шығару.


17 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз

Қандай да бір фирма қағаз шығарсын дерлік, және ол өзіне үйреншікті, жақсы білетін нарықта бір буманы 20 а.б. бағасымен сатады. Фирма қуаттылығы – айына 2000 бума. Бірақ қалыптасқан сұраныс көлеміне байланысты фирма айына 1000 бума қағаз сатады (өндіреді). Фирма тағы да айына 500 бума қағазға коммерциялық ұсыныс алды делік, бірақ бір бумаға 15 а. б. бағасымен. Ертеректе бұл фирмада, әлбетте, бір бума қағаздың өзіндік құны есептелген болатын, ол келесі шығындардан құралды:



  • материалдар – 1 бумаға 2 а.б.;

  • жалақы – 1 бумаға 7 а.б.;

  • басқа да өндірістік шығындар – 1 бумаға 2 а.б.;

  • тұрақты шығындар - өндірістің барлық көлеміне 5000 а.б. (мысалға, ай сайынғы амортизациялық төлемдер);

  • өткізу шығындары – 1 бумаға 2 а.б.

Осы деректер негізінде бір буманың өзіндік құны келесідей түрде есептелген: 2 + 7 + 2 + 5000 : 1000 + 2 = 18 (а.б.)

Фирма бір буманы 20 а.б. бағасымен сатқанда 1 бумадан 2 а.б. (20 – 18 = 2 а.б.) пайда алатын еді. Ал ұсынылған 1 бумаға 15 а. б. бағасымен сатқанда пайда қаралмайды. Фирма басқарушысы, бар нұсқаларды қарастырып, мәміледен бас тартты. Оның істегені дұрыс па, дұрыс емес пе? Ал сіз не істер едіңіз? Өзініздің жауабыңызды дәлелдеу үшін қажетті есептеулерді орындаңыз.


18 тапсырма. Есептің шешімін табыңыз

Кір жуғыш ұнтақтарын өндіруші өзінің тауарын мақсатты жеңілдіктер түрінде өткізуді ұйғарды. Дәл қазіргі уақытта сатылу 40 теңгеден 150000 бірлікті құрады. Жеңілдіктер 10%. Айналым осылай қалу үшін сатылым неше пайызға өсуі керек?


19 тапсырма.

Өндіруші баға дискриминациясын қолданатын тауарларға 2-3 мысал келтіріңіз:



  • тұтынушылар тобы бойынша;

  • уақыт бойынша;

  • сатылу жерлері бойынша;

  • тауарды орындау нұсқалары бойынша.

8.5 Жеке үй тапсырмасы


  1. Фирма туралы келесі ақпараттар белгілі:

  • инвестицияланған капитал: 240 000 ақша бірл.;

  • күтілетін рентабельділік: 10%;

  • 1 данаға айналым шығындары: 1050 ақша бірл.;

  • тұрақты шығындар: 90 000 ақша бірл.;

  • сатылу болжамы: пессимистік – 90 000 дана,

оптимистік – 150 000 дана.

Берілген деректер негізінде бағаны есептеу:

А) шекті;

Б) шығынсыз;

В) мақсатты.

Әрбір баға нұсқасында қызмет нәтижелерін анықтаңыз.




  1. Аяқ киім бөлшек саудаға көтерме саудадан түседі.

Бір жұп сәнді әйел туфлиінің өзіндік құны 7000 тнг. құрайды.

Өндіріп шығарушы кәсіпорынның пайдасы өзіндік құнынан– 20%.

Өндірушінің көтерме бағаға ҚҚС-ты қоспағанда көтерме үстемесі 10% құрайды. Сатып алу бағасына ҚҚС-ты қоспағанда бөлшек сауда үстемесі 20% құрайды.

Анықтау керек:



        1. бір жұп сәнді аяқ киімнің бөлшек бағасы.

        2. бөлшек тауар бағасында әрбір элементтің салмақ үлесі (өзіндік құн, пайда, ҚҚС, сауда үстемесі).






9 Тақырып

МАРКЕТИНГТЕГІ ӨТКІЗУШІЛІК САЯСАТ








Дүкенді ашу жеңіл, ал оның

жабылуын болдырмау - өнер.



Конфуций
9.1 Жалпы теориялық ұғымдар
Оқудың мақсаты

1 Бөлу бойынша маркетингтік шешімдер туралы ұғымдарды қалыптастыру.

2 Фирманың өткізушілік саясаты аумағындағы білімдерін бекіту және бөлу

бойынша маркетингтік шешімдерді қабылдай білуді үйрену.


Сұрақтар

1 Маркетинг кешеніндегі өткізу саясаты. Бөлу арнасы: түсінігі, типтері.

2 Өткізу стратегиялары.

3 Көтерме сауданың мәні мен формалары.

4 Бөлшек сауда.

5 Электрондық сауда.

6 Маркетинг – логистика.
1 Маркетинг кешеніндегі өткізу аясаты.

Бөлу арнасы: түсінігі, типтері

Маркетинг кешенінде үлкен орынды өткізу (дистрибьютерлік) саясаты алады. Оның мақсаты – көтерме және бөлшек дүкендер желісін құруды, өткізу сратегиясын анықтауды, логистика сұрақтарын т.б. қоса алғандағы өндірілген өнімнің тиімді сатылуы үшін оптиамалды өткізу желісін ұйымдастыру.

Әлемнің көптеген маркетологтары, мысалы жапондықтар, тауар қозғалысы жүйесін тауар мен фирма позициясының нарықтағы бәсекеқабілеттігін жоғарылату бойынша барлық маркетингтік күш салуларының орталығы деп есептейді.

Өткізу арнасын таңдау – делдалдар арқылы (жанама өткізу) немесе делдалдарсыз (тікелей өткізу) - өткізу әдісі туралы сұрақпен сабақтасады.



Өткізу арнасы – бұл тауарды өндірушіден тұтынушыға дейін қозғалу жолы. Делдалдардың саны бойынша өткізу арналарының төрт түрлі типін бөледі, олар деңгеймен белгіленеді (11суретті қараңыз).


11 Сурет. Бөліну арналарының типтері.


Өткізу арнасының тиімділігі көбінесе делдалдармен әрекеттесуге байланысты, мұны өткізуді басқарудың негізі деп атауға болады. Арнаға қатысушылардың әрекеттесуі философиясының маңызды бөлігі – сауда делдалының мақсатты қажеттіліктерін күтуін тауар өндірушімен түсіну есептеледі.

Бөліну арналары өзімен тәуелсіз фирмалардың жай жиынтығын көрсетуі тарихи қалыптасқан. Осы дәстүрлі өткізу арналарында біраз әлсіз басшылық және төмен өндіргіштік, ал осындай арналарда пайда болатын қақтығыстар оларға нашар (ыдырататын) әрекет етеді. Сондықтан дәстүрлі өткізу арналарынан басқа бүгінгі күнде маркетингтік жүйелер деп аталатын басқа өткізу арналары кең етек жаяды. Вертикалды, горизонталды және аралас маркетингтік жүйелері болады.

Вертикалды маркетингтік жүйе - өткізу арнасының құрылымы, осында өндірушілер, көтерме және бөлшек сауда фирмалары біріңғай жүйе ретінде қызмет атқарады. Арна қатысушыларының бірі не басқа қатысушы-фирмалардың иеленушісі болып табылады, не онымен шарт жасасады, не басқа қатысушыларды біріктіру үшін жеткілікті ықпал ете алады. Сонымен вертикалды маркетингтік жүйелердің төрт негізгі типін белгілейді: корпоративті, келісімді және аралас (комбинирленген).

Горизонталды маркетингтік жүйе - өткізу арнасын құру схемасы, осындай жаңа маркетингтік мүмкіншіліктерді игеру үшін екі не одан да көп бір деңгейлі фирмалар өз күштерін біріктіреді.

Аралас маркетингтік жүйелер - өткізудің көп арналы жүйелері, осында нарықтың екі не одан көп сегментін қамту үшін, қандай болмасын фирма екі не одан да көп өткізу арнасын қалыптастырады. Осында тұтынушыға фирма тауарларын жеткізу үшін көптеген тікелей және тікелей емес тәсілдері қолданылады.


2 Өткізу стратегиялары

Сауда делдалдарының санын оптимизациялау өткізу стратегиясын таңдаумен байланысты. Стратегияның үш түрі бар:



- интенсивті өткізу – бұл сатып алушылардың кең спектріне арналған күнделікті сұраныстағы тұтынушылық тауарларды өткізу стратегиясы; нақты нарықтағы өткізу ұйымдарының үлкен санын болжайды;

- ерекше (эксклюзивті) өткізу- эксклюзивті қымбат бағалы үлгілер ретінде позицияланатын жаңа тауарлардың бөлінуі ретінде ұйымдастырылады; нақты нарықтағы өткізу ұйымдарының шекті үлкен емес санын болжайды;

- селективті (сайлау)өткізу – бұл стратегия тауарларды уникалды, престижді ретінде позициялаумен байланысты емес, өткізудің ұйымдастырылуы орташа немесе біраз жоғарылау деңгейде болады; нақты нарықтағы өткізу ұйымдарының орта санын болжайды, яғни бірден көп, бірақ берілген тауарды сатумен айналысуға дайындардың жалпы санынан кем.
3 Көтерме сауданың мәні мен формалары

Көтерме сауда – қайта сату немесе кәсіби пайдалану мақсатында тауарларды (қызметтерді) үлкен партиялармен сатып алу бойынша қызмет.

Көтерме сауда келесі функцияларды атқарады:

- өндірушілерге, тұтынушылармен минималды қатынасқа түсумен, орындарында өз тауарларын өткізуге мүмкіндік береді;

- бөліну жүйесінің барлық қатысушыларына білікті сауда персоналдарын, маркетингтік және техникалық қолдауды қамтамасыз етеді;

- тауарларды үлкен көлемдерде сатып алады, бұл оларды толық тонналық партиялармен жеткізуге мүмкіндік береді, осында шығындар азаяды, сонымен қатар клиенттерге қажетті тауарлы ассортиментті қалыптастырады;

- тауарларды сақтау мен жеткізіп беру үшін жағдай жасайды;

- өндірушілерге, бөлшек саудагерлерге немесе басқа коммерциялық тұтынушыларға, қаржылық көмек (несиелер, жеткізіп беруден кейінгі есеп айырысулар) береді;

- тауарларды ұрлау мен бұзылу және қорлардың ескіруі үшін жауап беріп, өзіне тәуекелді алады;

- өз жеткізіп берушілері мен клиенттеріне нарық туралы ақпаратты береді, кеңестік қызметтерді көрсетеді;

Әлемдік тәжірибе көтерме сауданың келесі түрлерін белгіледі:

- көтерме сатып алушылық желі арқылы саудаласу, оған биржалар, жәрмеңкелер, аукциондар, көтерме азық-түлік нарықтары жатады;

- тікелей өндірістік байланыстар бойынша сауда;

- шикізат пен материалдармен көтерме сауда;

- жеткізіп берушіден тауарларды алуға көтерме сауда;

- сатып алушымен тауарды қабылдау мен тасымалдауға дейін қолма-қол ақшамен төлеу арқылы “Cash and Carry” көтерме саудасы;

- стеллаждардан көтерме сауда (Rack Jobber).



4 Бөлшек сауда

Бөлшек сауда – жеке коммерциялық емес пайдалану үшін тауарлар мен қызметтердің тікелей соңғы тұтынушыларға сатумен байланысты қызмет.

Бөлшек сауда келесі негізгі функцияларды атқарады:

- іріктеу процессіне қатысады, онда жеткізіп берушілердің үлкен көлемінен тауарлар мен қызметтердің ассортименттерін таңдап алады және оларды сатуға ұсынады;

- тұтынушыларға жарнама, витриналар, қаптаулардағы жазулар арқылы ақпарат береді, мемлекеттік зерттеулерді жүргізуде өткізу арналарының басқа қатысушыларына қолдау көрсетеді;

- тауарларды сақтайды, оларға баға орнатады, сауда орындарында орналастырады, соңғы тұтынушыларға өткізілуге дейін өнімді жеткізіп берушілермен есеп айырысады.

- тауарлар мен қызметтерді сатады, сатып алушыларға несие береді және басқа да қызметтер көрсетеді, мысалы, тауардың жеткізіп берілуі.

Бөлшек кәсіпорындардың типтерін қарастырғанда оларды түрлі белгілері бойынша сыныптайды, мысалы, қызмет көрсету деңгейі, ұсынылатын тауарлық ассортименті, бағаларға қатыстық саясат және т.б. бойынша.


5 Электрондық сауда

Электрондық сауда, шет елдерде «е-commerce» деген атқа ие – бұл тауарды сатушы мен сатып алушы арасындағы компьютердің көмегімен Интернет торабы арқылы сауда жасау. Нақты түрде электрондық сауданың заты болып кез-келген өнім бола алады (тауар, қызмет, жылжымайтын мүлік, банктік өнім және т.б.). Бүгінде электрондық сауданың негізгі тауары болып өнеркәсіптік тауарлар, өндірістік тауарлар және ақпараттық өнімдер болып табылады.

Сатып алушылар үшін электрондық сауданың құндылығы мынада: ол сатып алушының өзіне қажет тауарларын сатып алу мен іздеуіне деген уақытын маңызды түрде үнемдейді. Сатушы үшін электрондық сауданың маңыздылығы әлеуетті мүмкіншілігі бар сатып алушылардың көп бөлігін жаулап алу болып табылады. Интернет торабының дамуы барлық сауда фирмалары мен азаматтар арасындағы сауданың осы технология бойынша атағын күрт арттыруға әкеп отыр. Электрондық сауданың негізгі кезеңдерінің бірі болып Интернет тораптарындағы тауарларды жылжыту болып табылады.

Электрондық коммерцияның төрт түрлі бағытын бөліп көрсетуге болады:



  • бизнес - бизнес (business-to-business, B2B);

  • бизнес - тұтынушы (business-to-consumer, B2C);

  • бизнес - әкімшілік (business-to-administration, B2A);

  • тұтынушы - әкімшілік (consumer-to-administration, C2A).

Бизнес-Бизнес бағытына компаниялар арасындағы ақпараттық өзара қарым – қатынастың барлық деңгейі кіреді. Аталған қызмет түрінен түсетін пайда көлемін бағалау өте қиын. Мысалы, делдал өз бетінше тапсырыстар беріп және жеткізушінің мәліметтер базасын пайдалана отырып, олардың орындалуын қадағалауға мүмкіндік ала алады, осы әдіспен қоймадағы өнімдердің қоры туралы ақпаратты ала алады. Сонымен қатар, жеткізуші де қоймалық базаға қосыла отырып, қорларын өз уақытында толықтыра отырып, серіктесінің қорларын жедел түрде біліп отыра алады. Осындай мысалдарды компаниялар арасындағы өзара қарым – қатынастың кез – келген аумағынан көруге болады.

Бизнес-тұтынушы коммерциялық тұрғыдан алғанда, келешегі мол болып табылады. Оның негізін электрондық жеке сауда құрайды. Интернетке тауарлар мен қызметтердің кең спектрын ұсынатын электрондық дүкендердің басым көпшілігі жұмыс істейді.

Бизнес - әкімшілік. Бизнес пен әкімшіліктің өзара қарым-қатынасына жергілікті биліктен бастап халықаралық ұйымдарға дейінгі коммерциялық құрылымдардың іскерлік байланысы жатады. Мысалы, соңғы уақытта дамыған елдердің өкіметтері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері баспа хабарламалар мен жасалынған мәмілелердің нәтижесі арқылы тауарлар мен қызметтерді сатуды жүргізу үшін Интернетті белсенді қолдануға тырысады. Коммерциялық құрылымдардың көпшілігі өз ұсыныстарын электрондық түрде бағыттай алмайды.

Тұтынушы-әкімшілік.

Бұл бағыт өте кең тарамаған, дегенмен өте жоғары әлеуетті сатып алушылары болады, олар тұтынушылар мен өкіметтің өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру үшін қолданылуы мүмкін, әсіресе әлеуметтік және салық саласында. Компанияның нарықтық стратегиясына байланысты Интернеттің келесі нысандағы түрлері болуы мүмкін:



  • электрондық визиттік карточка;

  • электрондық каталог;

  • электрондық магазин;

  • саудалық интернет-жүйелер.


6 Маркетинг – логистика

Маркетингтік логистика – бұл материалдардың, дайын өнімдердің және оларға қатысты ақпараттың олардың өндірілу жерінен тұтыну жеріне тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мен пайда табу мақсатында, жеке орнын ауыстыруды жоспарлау, жүргізу және бақылау бойынша қызметі. Бұл процесс қажетті уақытта керек жерге қажетті тұтынушыға қажетті тауарды жеткізуді қарастырады.

Маркетингтік логистика өзіне, тұтынушылар үшін тауардың максималды құндылығын қамтамасыз ету үшін, жеткізіп берулер тізбегінің барлық қатысушыларының күш салуларын (координациялауды) біріктіруді көрсетеді. Маркетингтік логистиканың мақсаты болып минималды шығындармен жоспарланған қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.

Маркетингтік логистиканың негізгі функцияларына келесілер жатады: тапсырыстарды өңдеу, қоймалау, қорларды басқару және көліктендіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау