Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет132/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

9.3-кесте 
Сапалық деректерді талдауға арналған компьютерлік бағдарламалар
Бағдарламалардың көптігіне қарамастан, авторлар (Cohen et al., 2011; Creswell, 
2009) әлеуметтік ғылымдар саласында айтарлықтай жиі қолданылатын мынадай 
төрт түрін бөліп көрсетеді:
• QSR NVivo (http://www.qsrinternational.com/). NVivo – QSR International әзір-
леген сапалық деректерді талдау бағдарламасы. NVivo зерттеушілерге сұхбат
сұрақтарға ашық жауап беру, журнал мақалалары, әлеуметтік желілер және 
шағын немесе кең көлемдегі деректерді терең талдауды қажет ететін веб-кон-
тент сияқты құрылымдалмаған немесе сапалық деректерді жүйелеуге, талдауға 
және идеялар табуға көмектеседі. 
• MAXQDA (http://www.maxqda.com/). MAXQDA – әлемдегі сапалық және аралас 
деректерді талдаудың жетекші бағдарламалық құралы және Windows пен Mac 
үшін бірдей мүмкіндік ұсынатын жалғыз жетекші бағдарламалық құрал. Бұл 
осы саладағы жан-жақты бағдарламаның бірі, оны әлемнің 150-ден астам елінің 
мыңдаған зерттеушілері пайдаланады.
• Atlas.ti (http://www.atlasti.com). ATLAS.ti – негізінен, сапалық зерттеулерде не-
месе сапалық деректерді талдауда жұмсалатын компьютерлік бағдарлама. Ол 
зерттеушіге кодтаумен қатар мәтіндік, графикалық, дыбыстық және визуалды 
деректердің файлдарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
• HyperRESEARCH (http://www.researchware.com/) – Mac және Windows үшін қол-
жетімді бағдарлама. Деректерді кодтау, шығарып алу, теория құру және талдау 
үшін қолдануға оңай бағдарламалық құрал.


209
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
4-қадам.
Зерттеу орнын немесе адамдарды, сондай-ақ кате-
горияларды немесе тақырыптарды сипаттау үшін кодтау үдерісін 
пайдалану. Сипаттамада зерттеуге қатысатын адамдар туралы, 
зерттеу орнындағы немесе зерттеу орнындағы оқиғалар туралы то-
лық ақпарат беріледі. Зерттеушілер кодтарды осы аталған сипатта-
ма үшін жасай алады. Ол кейс-стадиге, этнографиялық және білім 
беру зерттеу жобаларына жан-жақты сипаттама әзірлеу кезінде өз 
пайдасын тигізеді. Содан кейін тақырыптардың немесе категори-
ялардың санын қысқарту үшін кодтауды пайдалану, бұл зертте-
ушіге көп кодтардың санын қысқартып, шамалы тақырыптарды 
немесе категорияларды әзірлеуге мүмкіндік береді (Linneberg & 
Korsgaard, 2019). Аталған тақырыптар сапалық зерттеулердің ба-
сты нәтижелері болып табылады. Ол көбінесе зерттеу нәтижелері 
туралы айдарлар жасауда қолданылады. Олар жеке тұлғалардың 
түрлі көзқарасын көрсетіп, дәйексөздермен және нақты дәлелдер-
мен расталуы керек (төмендегі 1-мысалды қараңыз). Тақырыптар 
әрбір дербес жағдайға және түрлі жағдайларға (кейс-стади секілді) 
байланысты талданады. Күрделі сапалық зерттеулер тақырыпты 
сипаттап, айқындау шеңберінен шығып, тақырыптардың арасын-
дағы өзара күрделі байланысты қамтиды (Creswell, 2009).

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау