Сабақтың тақырыбы: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Сабақтың мақсаты



жүктеу 345,52 Kb.
Дата07.12.2017
өлшемі345,52 Kb.
#3461
түріСабақ

Бекітемін: ______________

Пәні: Информатика Күні_____________________

Пән мұғалімі: Аманжулова А.Ж. Сын. 6 «а,ә,б,в,г,ғ»

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.
Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қабылдауды, жеткізуді өңдеуді, және сақтаудың тәсілдерін үйрету. Кодтауды түсіндіру.
Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау жүйесімен, ASII кодтарымен таныстыру:
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық:
 Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:компьютер, слайд, оқулық, жұмыс дәптері 
Сабақтың өту барысы:1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Үйге берген тапсырманы тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
Өткен материалдарды қайталау сұрақтары: 
Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
Адам ақпараттықтың қандай түрлерін қабылдай алады?
Байланыс тілі деп нені айтады?
Қандай тілдерді білесің?
Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір
Жаңа түсініктер: 
Ақпарат қасиеттерін үш аспектіде қарастыруға болады:
- техникалық тұрғыдан – дәлдік, сенімділік сигнал беру жылдамдығы;
- семантикалық – мәтіннің мағынасын кодтар көмегімен беру;
- прагматикалық – объектінің мінез-құлқына қаншалықты тиімді әсер етуі.
Ақпаратты беру сақтау және өңдеу процестері ақпараттық процестер деп аталды.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:
Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет - журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп - табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар - феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфавиті бар. Сандарды көрсететін алфавиттер: екілік, сегіздік, ондық, он алтылық болады.

Ақпаратты белгілі - бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрау деп те айтылады, оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфавиты 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра білуі керек, мысалы; 1 - құрылғыда тоқ бар, ал 0 жоғын, немесе 1 - жоғары кернеу,
0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе немесе оған сәйкес код разряды бар, 0 немесе
1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды. Символдарды кодтау үшін
8 биттен тұратын котты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодттау кобинациаларының жиынтығын кодтау кестесі деп аталады.
Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізге ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті, жаңа, пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп - хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді. Ендеше техникада кез - келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі - бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.
1 бай=8бит;
1 кбайт(килобайт)=1024 байт;
1 мбайт(мегабайт)=1024кбайт;
1гбайт(гигабайт)=1024мбайт;
Сабақты бекіту сұрақтары:
• Кодтау мен кері кодтау деген не?
• Бит, байт деген не?
• Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды.
Үйге тапсырма: 
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Бекітемін: ______________

Пәні:Информатика Күні_____________________

Пән мұғалімі: Аманжулова А.Ж. Сын. 6 «а,ә,б,в,г,ғ»

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақпарат түрлерімен және оларды өңдеу тәсілдері арқылы жұмыс істеуге дағдырландыру.
Білімділік: Оқушыларға ақпараттың түрлері және оларды өңдеу тәсілдері туралы мағлұматтар беру арқылы білімдерін тереңдету бір жүйеге келтіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа ой - қабілетін дамыта отырып жұмыс істеуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау өрісін, компьютерлік сауаттылығын шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың байланысы: физика, математика
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
в) сұрақ - жауап
д) қорытындылау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Көздеріңді шаршатпаудың жолдары қандай?
2. Компьютердің алдында көп отыруға болмайды?
3. Компьютерде жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі ережелерін қалай сақтаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Информатика пәні компьютермен тығыз байланысты. Бірақ, компьютер - оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын құрал ғана.
Информатика - ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.
Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез - келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет, сол сияқты компьютерлік сауаттылықты игеру үшін ақпараттық технологиямен жұмыс істеу дағдыларын білу керек.
Сендер қалай түсінесіңдер, ақпарат деген не?
Ақпарат - сақтау. түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәлімет.
Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар. ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Ғылымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81%- ын көру арқылы, 10%
- ын - есту арқылы, 4% - ын - иіскеу, 3%- ын - дәм сезу және 2%- ын сезу арқылы аламыз.
Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады. Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі - құлақпен қабылдайды.
Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы - адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрін естілетін ақпарат деп атайды.
Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді.
Ақпарат қасиеттері
Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болу мүмкін. Мәселен, 2 мамырға арналған ауа райы болжамы кез келген адам үшін1 мамырда өзекті болғанымен,
10 мамырда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке ие.
Ақпарат толық немесе толық емес болу мүмкін. Мысалы, сендердің достарың «Ертең» десін. Егер сендер достарыңа: «Біз киноға қашан барамыз?»деген сұрақ қойған болсаңдар, онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады, себебі – ол толық емес. Ақпараттардың бұл қасиеті толықтық деп аталады.

ІҮ. Сабақты бекіту.
1.«Ақпарат» термині туралы жаңадан не білдіңдер?
2. Қазіргі кезде ақпараттың қандай түрлері бар?
3. Ақпараттың қасиеттерін атаңдар?

Ү. Үйге тапсырма:
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.
ҮІ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін: ______________

Пәні:Информатика Күні_____________________

Пән мұғалімі: Аманжулова А.Ж. Сын. 6 «а,ә,б,в,г,ғ»

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

 Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Оқушыларға ақпаратты сығуды, ақпаратты қорғауды және вирусқа қарсы программалар

   туралы түсіндіру



Тәрбиелік:Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа,әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Түрі:Практикалық элементтері бар  түсіндірмелі сабақ

Көрнекілігі:ДК, оқулық,

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру кезеңі:амандасу, оқушыларды түгелдеу және халаттарымен отырғызу

ІІ.Үйге тапсырма: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.Әлемнің ақпараттық бейнесі.Ақпаратқасиеті

ІІІ Жаңа сабақ

Файлдың көлемін кішірейту үшін, көлемі үлкен файлдарды дискіде сақтау, сонымен қатар  оларды компьютерлік желі арқылы жіберу үшін файлдарды архивтеу- файлдарды  немесе файлдар тобын қысу (сығу) процесі қолданылады.

Компьютерлік вирустар «таза»  компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады.

Вирус– бұл арнайы жазылған шағын программа, ол компьютердегі оған қатынасы бар ақпаратты бұрмалауы немесе жоюы; өзін басқа программаларға «тіпкеуі» (яғни оларды зақымдауы) сондай-ақ  жағымсыз әрекеттер жасауы мүмкін. Ішінде виусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

Вирустардың таралу жолдары:

-         Дискеттер;

-         Лазерлік

-         Компьютерлік желілер

Вирустар екі түрге бөлінеді:

-         Резиденттік

-         Резиденттік  емес;

  Резиденттік вирустар зақымданған программаны орындауға қосу кезінде активтенеді, өзін жедел жадқа көшіреді де, біраз уақыт бойы білінбейді.

  Резиденттік емес вирус өзін жедел жадқа жазбайды, бірақ зақымдалған прграмманы орындауға қосқанда активтенеді.Ол өзін файлға қосып жазады да, оның орындалу барысын былай, файлды іске қосқанда алдымен вирус – программа, содан кейін программаның өзі орындалатындай өзгертеді.

Вирустан қорғау үшін:

-         Профилактикалық (алдын алу) шаралары

 

-         Вирустардан қорғауға арналған аранйы бағытты програмаларды қолдануға болады.



Профилактикалық шараларға төмендегілерді жатқызуға болады:

-         Қосалқы көшірме жасау- ақпаратты архивтеу;

-         Зақымдануы ықтимал кездейсоқ «пираттық»(ұрлық) программаларды қолданбау;

-         Дискеттерді  вирустан тексеру;

-          Антивирустық деректер базасын ұдайы жаңарту:

Антивирустық программаларды үш негізгі таптарға бөлуге болады:

1.Жұмысы файлдағы деректерге арналған әр түрлі бақылаулық қосындыларды есте сақтауға негізделген программалар;

2.Резиденттік программалар, олар вирусты программаны немесе операциялық жүйені (ОЖ) зақымдау кезінде табады;

3. файлдарда вирустардың  барын олар зақымданғаннан кейін анықтайтын прогаммалар.

Вирустармен куресуге арналған  көп антивирустық программалар белгілі. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары Aidstest, Doctor Web, Касперскийдің AVP-i. Бұл прграммалардың антивирустық базаларын жаңарту Internet  желісінің көмегімен жүзеге асырылады.



Бекіту сұрақтары:

1.     Вирустардың таралу жолдары қандай?

2.     Вирустар неше түрге бөлінеді?

3.     Вирус- дегеніміз не?

4.     Антивирустық программаларды неше негізгі топтарға бөлуге болады?

     Бағалау



Үйге тапсырма:Ақпаратты сығу.Ақпаратты қорғау.Вирусқа қарсы программалар

 

Бекітемін: ______________



Пәні:Информатика Күні_____________________

Пән мұғалімі: Аманжулова А.Ж. Сын. 6 «а,ә,б,в,г,ғ»

Сабақтың мақсаты: Ақпаратты сығу.

Сабақтың міндеті: 
1. Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар мен танысады;
2. Тақырып бойнша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырма орындауда тиімді пайдаланады.
3. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу ережесін ұстануға үйренеді.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Интерактивті тақта, компьютер, маркер, проектор, плакат, 
дәптер, оқулық, слайдтар, электронды оқулықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
1. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, құрал-жабдықтарын тексеру.
2. Сергіту сәтін пайдалана отырып, сабаққа назар аударту.
3. Фигуралар арқылы топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Ақпараттың қандай қасиеттері бар?
Ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу бірліктерінің туындыларын атаңдар.
Кітапта 290 бет бар, бір бетте 39 жол, ал әр жолда 67 символ бар. Бұл кітапты сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискіге сыйғызуға болама?
Кодтау мен кері кодтау деген не?
Бит, байт деген не?
Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?

ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту. 
Оқушылардан Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар туралы сұрау?

IV. Мағынаны тану. 
І топ:
Компьютерлік вирус - „көбейтілуге" және басқа програмаларға „жұғуға" қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200 ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол өз кодын қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге „зақымдалған" дискета немесе „зақымдалған" файл аркылы түседі. Ішінде вирусы бар программа „зақымдалған" деп аталады. Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін кызғаныш, зиянкестік, мансапқорлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.
Олармен күресу үшін арнайы зерттейтін программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А. Данилов, Н.Безруков және т.б бар. Вирус көбіне дискінің жүктейтін секторына жэне ЕХЕ. СОМ, SҮS, ВАТ кеңейтулері бар файлдарға жиі жұғады. Мәтіндік жэне графикалык файлдарға сирек жұғады.
Қазіргі кезде 50-мыңнан астам вирус бар. Олар мынадай кластарға бөлінеді:
Мекендеу ортасы бойынша: Желілік, файлдық, жүктейтін.
Зақымдау әдісі бойынша: Резиденттік, резиденттік емес.
Мүмкіндігі бойынша: Зиянсыз, қауіпсіз, қауіпті, өте қауіпті болып бөлінеді.
Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық (вирусқа қарсы) программалар деп аталады. Белгілі антивирустық программаларды бірнеше топтарға бөлуге болады. 
Детектор-программалар белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады, мүндай программалар жеке түрде сирек кездеседі.
Фагтар немесе доктор-программалар, сондай-ақ вакцина-программалар вирус пен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды "емдейді" де, яғни программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалыпты келтіре отырып , файлдардан вирус программаласының тәнін жояды. Фагтар өз жұмысының басында вирустарды жедел жадтан іздейді, оларды жояды, тек содан кейін ғана файлдарды "емдеуге" кіріседі. Фагтардың ішінде полифагтар, яғни вирустардың көп мөлшерін жоятын доктор-программалары ерекше. Ең кең таралған полифагтар Аіdstest: жасаушысы - ДЛозинский, Skaп, Nortoп Аntі Virus және Doctor Wер жасаушысы- И.Данилов программалары болып табылады.
Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын кұралдардың ен сенімдісі. Ревизор программалардың алғашқы қалпын, яғни компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есінде сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс табылса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады. Ресейде Д.Мостов жасаған АDinf ревизор-программесы кең таралған бұл программаны барлық оқу орындарындағы компьютерлерге орнату ұсынылған. Ол тек вирустардың активтілігін ғана емес, кейбір оқушылардың зиянды әрекеттерін де (оқушылардың тиісуіне болмайтын файлдар мен қапшықтарды жылжытуын, өшіруін, жазуын) бақылауға мүмкіндік береді.
Фильтр-программалар немесе "күзетшілер'1 - ұдайы компьютер жадында болатын шағын резидентті программалар. Олар компьютердің операцияларын бақылайды және компьютер жұмысынын барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады. Қандай да бір программа осындай әрекеттерді орындамақшы болғанда, "күзетші" хабарлама жібереді, ал пайдаланушы тиісті операцияны орындауға рұқсат береді немесе тыйым салады. Вирустардан қорғайтын программалық құралдардан басқа винчестердің белгілі бөлімдерін сенімді қорғауды қамтамасыздандыратын тағы арнайы қосымша құрылғылар болады.
ІІ топ:
Мүндай құрылғыға Ю.Фомин жасаған Sheriff палатасы мысал болып табылады. Тағы комплексті алдын алу (профилактикалық) қорғау шараларын қолдану керек, мысалы, төмендегідей:
резервтік көшірме жасау - ақпаратты архивтеу;
зақымдалуы ықтимал кездейсоқ "заңды өнім болып табылмайтын" ұрлық программаларды қолданбау;
дисктерден файлды шығарып оқымай тұрып, оларды вирусқа тексеру;
антивирустық программа дискетте сақталуы керек, өйткені винчестерде болса, ол да зақымдалуы мүмкін;
компьютерді үнемі вирусқа тексертіп отырыңдар!
Архивтеу программалары. Файлдарды архивтеу туралы жалпы мәліметтер Егер файл жадтың көп көлемін алып, дискетке сыймайтын болса ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады
Ақпаратты сығу - файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.
Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді архивтеу терминімен аталады.
Архивтеу мәні әдеттегі файлдарды немесе қапшықтарды арнайы архивтік файлға ретпен қаттаудан және орналастырудан түрады.
Архивтік файл - арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл сығылған қапшық, сондай-ақ файлдардың аты, оларды жасау немесе өзгерту күні мен уақыты, өлшемі т.б. туралы қызметтік ақпараттар болуы мүмкін. Архиваторлардың (немесе архивтеушілер) жүмысының принципі файлда "артық" ("асып төгілген") ақпарат іздеуге және сондан кейін ең кіші (минимал) көлемге келтіру үшін соны кодтауға негізделген. Файлдарды архивтеудің ең кең тараған әдісі - бірдей символдар тізбегін сығу. Мысалы, файлдарыңның жиі қайталанатын байттар тізбегі бар делік. Әрбір байтты сақтаудың орнына қайталанатын символдардың саны және олардың орны (позициясы) белгіленеді. Көрнекілік үшін келесі мысалды керсетейік. Кең тараған ARJ, RАR, РКРАК, РАК, WINZІР архивтеушілері Лемпел-Зивтің апгоритмінің негізінде жүмыс істейді. Бүл архивтеушілер адаптивті сөздік кодтаушылар ретінде жіктеледі, олар үқсас жолдарға нүсқаушымен ауыстырылады. Архивтеуші-программа тек архивтік дискеттерде орын үнемдеуге ғана емес, бірлесіп пайдаланатын файлдардың топтарын бір файлға біріктіруге де мүмкіндік береді. Бұл архив жүргізуді әжептәуір жеңілдетеді. Көлемі бойынша үлкен архивтік файлдар бірнеше дискілірде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай архивтер көп томды деп аталады. Том - бұл көп томды архивтің қүраушы бөлігі. Архивті бірнеше бөліктерден қүрастыра отырьш оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады. Бір архивтеу немесе қаптаудың - алғашқы файлдарды сығылған түрде архивтік файлға орналастыру екенін айтқан болатынбыз. Егер қаттау процесі болса, онда кері архивтік файлдарды шешу (архивтен алу) процесі де болу керек.
Архивтен алу -бұл файлдарды архивке орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру дроцесі. Архивті шешкенде файлдар архивтен алынады да, дискіге орналастырылады.
Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар архивтеуші-программалар деп аталады.

V . Компьютермен жұмыс:


Drweb - ехе файлы арқылы Doctor Web программасын іске қосындар.
Іске қосылғаннан кейін Doctor Web программасы компьютердің жедел жадын автоматты түрде тестілейді.
Қандайда бір дискінің тестілеуін іске қосу үшін Ғ5 пернесін басыңдар.
Пайда болған диалогтік терезеде: А:\ - диск жетектегі дикетті тестілеу үшін; D:\ - лазерлік дискіні тестілеу үшін; * (жұлдызша) - винчестерді тестілеу үшін теріңдер.
пернесін басыңдар.
Вирус табылған жағдайда оны емдеу үшін пернелер комбинациясын басыңдар.
Пайда болған диалогтык терезеде: А:\ - диск жетегіндегі дискет үшін; * (жұлдызшаны) - винчестерді емдеу үшін (D:\ дискі емдемейді, өйткені СD-RОМ шығарып оқитын құрылғы сиякты) тереді.
Программадан шығу үшін пернелер комбинациясын басады.

VІ . Ой толғаныс:
Антивирустық программа дегеніміз не? Ол неге қарсы арналған? (не үшін керек?)
Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар.
Ақпаратты компьютерлік вирустардан корғау шараларын атап шығындар.
Ақпаратты сығу дегеніміз не?
Файлдарда архивтеу не үшін қолданылады?
Архивтік файл дегеніміз не?
Қандай архивтер көп томды деп аталады?
Архивтен алу дегеніміз не?

VІІ. Үйге тапсырма. 
Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.

VІІІ. Бағалау.
Сабақ барысындағы көңіл – күйлерін, алған әсерлерін, нені біліп, үйренгендерін жазады.


Бекітемін: ______________

Пәні:Информатика Күні_____________________

Пән мұғалімі: Аманжулова А.Ж. Сын. 6 «а,ә,б,в,г,ғ»


Күні: 1.10.14

Пәні: информатика

Сынып: 6 «Г»

Сабақтың тақырыбы:

Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары.

Сілтемелер:

Компьютер, интерактивті тақта, оқулық

Сабақтың жалпы мақсаты:

АКТ-ны пайдалана отырып, оқушылардың «ақпаратты қорғау», «ақпаратты сығу», архивтеу технологиясы мен вирустан қорғау программасымен жұмыс жасау туралы білімдерін бекіту.

Оқыту нәтижесі:

Архиватор программалардың түрлері, вирустан қорғау программасы мен олардың негізгі қызметтері туралы түсінік қалыптастыра отырып білімдерін тиянақтап сыни тұрғысынан ойлауға берілген тапсырмалар орындату, компьютерде еркін жұмыс жасауға дағдыландыру.

Негізгі идеялар:

Ақпаратты қорғау және сығу тәсілдерін пайдал

на білу. Сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.



Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық, WINRAR/WINZIP архиваторы




Білу:

-Мәліметтерді сығу арқылы ақпаратты қорғауға бола ма?

-Ақпаратты сығу деген не?

-Көлемі үлкен ақпаратты қалай сақтауға болады?

-Ерте заманда дамдар өз білімдерін ұрпақтан ұрпаққа қалай жеткізген?

-Қандай заманауи ақпарат тасушыларын білесің?



Түсіну:

Жаңа тақырыпты таныстырып, кіріспе жасау.

Оқулықтағы және қосымша материалдармен танысу.

-Архивтеу деген не?

-Архивторды не үшін пайдаланады?

-Қандай прогамма архиватор деп аталады?

-Қандай архив өздігінен ашылатын архив деп аталады?

-ДК-де мәліметті архивтеу үшін қандай программа қолданылады?

-Олардың мүмкіндіктерін атап айтыңдар.


Қолдану: ВЕНН диагараммасы.

Архиватор Антивирус



2.Компьютермен жұмыс. Архивтеу және архивтен шығару.

Оқулықтағы практикалық жұмысты орындау.

Сергіту сәті: Көзге жаттығу жасату.





Талдау: Топтас-бөліс

WinRar архиваторы программасының көмегімен архивтеу мен архивтен шығару технологиясын талдау. Көптомдық архив және буманы өздгінен шешу архивінің құрылуына назар аудару.



үйге тапсырма

§1.4 оқып келу.


Бекітемін: ______________

Пәні:Информатика Күні_____________________

Пән мұғалімі: Аманжулова А.Ж. Сын. 6 «а,ә,б,в,г,ғ»
Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау
Дамытушылық: тақырып бойынша алған білімдерін тапсырмаларды орындау барысында пайдалана білу, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру,
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: сабақ барысында оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың әдісі: жарыс сабақ, деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, карточкалар
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, қазақ тілі. математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сыныпты екі топқа бөлемін де, жарыс түрінде өткіземін. Сабақ бірнеше турдан тұрады. Әр топта топ басшылары сайланады.

І тур. «Кім жылдам» Қай топ бірінші болып сұраққа жауап береді, Сол топ 1 ұпай ие болады.
Сұрақтар:
1. Microsoft Word мәтіндік редакторының қызметі?
2. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу жолы?
3. Мәтіндік құжатты пішімдеу дегеніміз не?
4. Microsoft Word мәтіндік редакторының жасалған жұмысты қалай сақтаймыз?
5. Microsoft Word мәтіндік редакторында жаңа құжат құру командасы?
6. Baskspace, Delete пернелері не үшін керек?

ІІ тур « Мен білімдімін». Microsoft Word терезе элементтерін жазу. Әр топқа бірі бетке жазып шығып. нәтижесін тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып, ұпайларын қою.
Әр дұрыс элемент 1 ұпайға тең.

ІІІ тур. «Артық сөзді тап» Мәтіндік редакторға байланысты емес сөзді табу керек
Сөздер; операциялық жүйе, мәтіндік процессор, абзац, пішімдеу, қиып алу, графикалық редактор, ж/е т. б.


ІV тур. Мақалдар сайысы. Әр топқа мақалдың жартысын беріп, ал оқушылар жартысын тауып Word - та тездетіп жазу керек. Қай топ бірінші мақалдың жартысын тауып қатесіз жазса сол топ өздеріне балл қосқаны.
І топ ІІ топ
1. Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас
2. Өнер алды - қызыл тіл
3. Ырыс алды – ынтымақ
4. Көз қорқақ - қол батыр.
5. Ұрлық түбі – қорлық
6. Денсаулық – зор байлық.
7. Көз қорқақ - қол батыр
8. Еңбектің наны тәтті,
Қорқақтың жаны - тәтті

Практикалық бөлім
Деңгейлік тапсырмалар орындау
1 - деңгей
Менің Отаным - Қазақстан деген мәтінді теріп.
Отан деген атпен сақтау
Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
2 - деңгей
А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа жазу
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көрсеңіз.

Жамандық көрсең нәфритлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.

3 - деңгей
«Менің Отаным», «Менің сыныбым», «Менің ең жақсы көретін пәнім», «Менің досым» тақырыптарының бірінде шағын әңгіме жазу.
Сергіту сәті 2 минуттық дене, көз жаттығуларын жасау /видеоролик/ қолдану
Жедел тест
1. Word қандай редактор
А. Операциялық жүйе
В. Графикалық редактор
С. Мәтіндік редактор
2. Қай перне арқылы бос орын ашылады?
А. Enter b. Shift C. Бос орын пернесі
3. Enter пернесінің атқаратын қызметі?
А. Жаңа жолдан бастайды. В. Жаңа беттен бастайды. С. Жолдың соңына апарады.
4. Бас әріп теру үшін...
А. Ctrl B. Delete C. Shift
5. Сандарды теру үшін қай пернені аламыз
А. Ctrl B. Num Lock C. Shift
6. Word құжатының кеңейтілуі
A. Txt B. Doc C. Bmp
Осы тапсырмалардың қорытындысы бойынша жеңген топ анықталады.

Қосымша тапсырмалар
«Информатика» сөзінің әрібір әріптерінен басталатын информатика пәнімен байланысты сөздер немесе терминдерді тез айтып өту.
М/ы
Мысалы:
«И»- информатика, информация, иілгіш диск, интернет, интерфейс.
«Н»- ноутбук, номер, надпись.
«Ф»- формат, файл, флешка, фигура, формула.
«О»- орналастыру, орау.
«Р»- реттеу, редактор, рисунок.
«М»- меню, монитор, маус, маркер, модем.
«А»- ақпарат, архивтеу, антивирус, абзац.
«Т»- тақырыптық жол, тізім, термин, түс.
«И»- информатика сабағының мұғалімі.
«К»- компьютер, көшіру, клавиша, клавиатура.
«А»- ақпараттандыру, айналдыру жолағы, адаптер, ашу, алмастыру.
Сөзжұмбақ шешкізу.
W I N D O W S
C A P S L
O C K
E N T E
R
D
E L E T E
1. Қазіргі кездегі компьютерде кең тараған ОЖ
2. Үлкен кіші әріптерді ұзақ уақыт орналастыратын перне.
3. Енгізу пернесін растайтын перне.
4. Меңзердің оң жағын өшіретін перне.
Ү. Үйге тапсырма: Word бойынша ребус құрып келу.
ҮІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
Сабақтың басында оқушыларға бағалау бетшесі таратылып беріледі. Сондағы ұпай сандары арқылы бағалау.

Бекітемін: ______________

Пәні:Информатика Күні_____________________

Пән мұғалімі: Аманжулова А.Ж. Сын. 6 «а,ә,б,в,г,ғ»

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары
Бағдарламалық – Оқулық дидактикалық Практикум (жұмыс дәптері).
қамсыздандыру:
Сабақтың мақсаты:

  1. Алгоритм және орындаушы туралы түсінікті кеңейту, оқушыларға алгоритмнің негізгі екенін және оның қолдану аясының кең екендігін көрсету, мысал арқылы алгоритм қасиеттерімен таныстыру; алгоритмді орындау керектігін түйсіну және алгоритм негізінде адам әрекетін автоматтандыру; алгоритмді орындау принципінің мәнін түсіндіре алу; алгоритм командасын орындаушы командасы жүйесімен сәйкестендіру.
    2. Оқушылардың алгоритмнің маңыздылығын және қолдану салаларының кеңдігін түсіну, алгоритмдерге тән қасиеттері арқылы қарапайым алгоритмдерді құруды, алгоритмнің формальды орындалу мүмкіндігін түсіну және алгоритм негізінде адам іскерлігінің автоматтандырылуы білу қабілеттерін дамыту.
    3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
    Сабақтың типі: Түсіндіру, әңгімелесу
    Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:
    қойылатын талаптар: - алгоритм не екенін;
    - алгоритмнің маңыздылығын және қолдану салаларының кеңдігін түсіну;
    - «алгоритм командасы», «алгоритм орындаушысы», «орындаушының командалар жүйесі»
    - алгоритмдерге тән қасиеттері арқылы қарапайым алгоритмдерді құруды;
    - алгоритмнің формальды орындалу мүмкіндігін түсіну және алгоритм негізінде адам іскерлігінің автоматтандырылуы;
    - алгоритмнің формальды орындалу принциптің маңыздылығын түсіндіре білуді;
    Оқушылар үйренуі тиіс:
    - алгоритмдердің мысалдарын келтіруді;
    - алгоритм командаларын орындаушының командалар жүйесімен сәйкестендіруді

    Сабақтың барысы:
    I. Ұйымдастыру кезеңі
    II. Үй тапсырмасын тексеру

    III. Жаңа сабақты түсіндіру
    Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады. «Алгоритм» сөзі IX ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл - Хорезми атының латынша жазылу – algorithmi – қалпынан шыққан.
    Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым алгоритм деп аталады.
    Алгоритм ұйғарымдары сондай - ақ команда деп те аталады. Әрбір алгоритм белгілі бір орындаушыға, орындаушының осы алгоритм командаларын түсінуіне есептелген. Орындаушының орындауы мүмкін командалардың жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады.

    Алгоритм орындаушысы дегеніміз – құрастырылған алгоритммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект. Көбіне алгоритм орындаушысы - АДАМ. Адам орындайтын алгоритмдердің санында шек жоқ. Өйткені адам жасайтын әрбір әрекетті алгоритм деп қарастыра аламыз. Мысалы: таңертең тұрғаннан кешке ұйқыға кеткенше жасалатын бар шаруалар., тамақтану, үй жинау, су тасу, сабақ оқу, жұмысқа келу бәрі – бәрі.

    Практикалық тапсырмалар:
    Оқушылар суреттегі кімдер екенін тауып, Машаға аюға бал жегізуге көмек көрсетеді.
    Қошақанның кім екенін анықтап, туған жер әнінде баяндалған мәтінге алгоритм құрады.
    Ән айтады
    Сағынады
    Алысқа кетеді
    Сағыныш сазы көңілін баурайды
    Оқушыларға компьютерді қосуға көмектеседі.
    Тоқты ажырату
    Компьютердің құрылғыларын тексеріп алу
    Компьютерді сөндіру
    Компьютердің қосу батырмасын басу
    Компьютердің токтарын электр көзіне жалғау
    IV. Жаңа тақырыпты бекіту
    V. Қорытындылау
    1. Алгоритмдер әр түрлі есептерді шешуде пайдаланылады.
    2. Кейбір амалдар алгоритм арқылы берілген, қарапайым және орындаушыға түсінікті.
    3. Алгоритм есеп шығаруды жеңілдетеді, алгоритм құрастырушыға қарағанда орындаушыдан аз білімді талап етеді.
    4. Алгоритм нақты орындаушыға құрылады.
    5. Алгоритмді орындау ойлауды қажет етпейді, есеп мәні бойынша өздігінен орындалады.
    Үйге тапсырма «менің 1 күнім» тақырыбына алгоритм құрып келу.
    Үйге тапсырма: Алгоритм және оның атқарушылары
    Оқушыларды бағалау


Бекітемін: ______________

Пәні:Информатика Күні_____________________

Пән мұғалімі: Аманжулова А.Ж. Сын. 6 «а,ә,б,в,г,ғ»

Сабақтың тақырыбыАлгоритмді жазу түрлері. Блок-схема

Сабақтың  мақсаты:



Білімділік : оқушыларға алгоритмді жазу тәсілдерін және блок-схеманың  графикалық нысандары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық : логикалық және арифметикалық ойлауын дамыту

Тәрбиелік : оқушылардың танымдық қызығушылығын, коммуникативтік дағдысын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІV. Сабақты бекіту

V. Үйге тапсырма беру.

VІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу;  түгелдеу;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің атқарушылар» түсінік сұрау.

Сабақтың өзектілігі (білу)

1.Алгоритм дегеніміз не?


2. Алгоритм сөзі қайдан шыққан?
3. Алгоритм қасиеттері қанша?
4. Алгоритм қасиеттеріне түсініктеме бер?
5. Алгоритмге мысал келтір?

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.(түсіну)

Алгоритм жазу жолдары
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын - ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:

  •  Сөздік – алгоритмнің табиғи тілде жазылуы

  • Кестелік – алг.кесте түрінде жазылуы

  • Графикалық – графикалық бөліктерден құралған блок-схема түрінде жазылады

  • Программалық – компьютер тілінде жазылуы

Алгоритмді блок-схема түрінде жазу және оны программалау тіліне аудару кеңінен қолданылады. Кеңінен қолданылатын тәсіл – алгоритмді блок-схема түрінде жазу. Алгоритм схемасын блок-схема деп атайды.

Алгоритмнің графикалық жазылу түрі – бірізділікпен арнайы алгоритмнің блок-схема түрінде жазылуы.

Блок-схема –бұл алгоритмнің графикалық түрде жазылуы

Стандарттық графикалық нысан түрі

Тағайындалуы

 

Алгоритмнің басы мен соңы

 

Әрекеттерді орындау үдерісі

 

Әрекетті орындау шарттары

 

Мәліметтерді енгізу

 

Есептеуіш

 

Өту сызықтары

ІV. Білімі мен дағдыны қалыптастыру (қолдану).

Практикалық тапсырма: Атқарушы «Бота». №2, №3 кестені талдау.

«Оқушының күн тәртібі» алгоритмін блок-схемасын құр.

V. Жаңа білімді қорытындылау және іс-әрекетте тәсілдерін қолдану кезеңі (талдау)

1-топқа: «Көшені қиып өту»

2-топқа: «Жолдан өту»

3-топқа: «Еден жуу»

Сергіту сәті

VI Сабақты қорытындылау. (синтез) Сабақта алған ақпараттар элементтерін бекіту  арқылы сабақты қорытындылау.


  • Алгоритмді жазудың неше тәсілі бар?

  • Алгоритмнің қанша түрі бар?

  • Түрлерін ата?

  • Блок-схема дегеніміз не?

VІІ. Үйге тапсырма беру. §3.2Алгоритмді жазу түрлері. Блок-схема.

Шығармашылық тапсырама: «Өткел» тапсырмасының алгоритмін сөз түрінде жаз.

Қайықшы өзеннің бір жағасынан екінші жағасына қасқырды, ешкіні және қырыққабатты жеткізуі керек. Бірақ қайыққа біреуін ғана отырғыза алады. Жағада қасқыр  мен ешкіні немесе ешкі мен қырыққабатты бірге қалдыруға болмайды, өйткені бірін-бірі жеп қояды. Не істеу керек?

 Жауабы: Атқарушы – қайық

Қайықтың командалар жүйесі

-қасқырды өткізу

-ешкіні өткізу

-қырыққабатты өткізу



-қайта оралу

VІІІ. Оқушыларды бағалау
жүктеу 345,52 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау