Мұнайхимиялық аппараттарды жасау, негізгі технологиялық процестермен танысу және тиімді процестерді зерттеп дайындау



жүктеу 325,65 Kb.
бет9/18
Дата20.05.2020
өлшемі325,65 Kb.
#30586
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
ЛекцияпоТАСказ

Ғылыми зерттеулердің негіздері.
Табу үшін жай қарау

емес, зер салып қарау

керек, қайда қарауды

білу үшін көп білу керек,

көп нәрсені білу керек.
(Д.И.Менделеев)
Инженерлік жұмыстардағы ғылыми зерттеулердің мақсаты

Ғылыми- техникалық прогрестің жаңа жетістіктерін практикада творчестволық түрде пайдалана алатын жоғары білімді мамандарды дайындау және тәрбиелеудің ең маңызды жолының бірі ол студенттердің ғылыми- зерттеу және конструкторлық жұмыстарын жетілдіру. Студенттердің сабақтан тыс уақытта кафедралар ұйымдастырған ғылыми үйірмелер мен ғылыми жұмыстың басқа да түрлеріне қатысуымен қатар өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының ортасынан бастап сабақ кезінде зерттеу жұмысын қамтамасыз ететін УИРС (учебно- исследовательская работа студентов) деген жүйе оқу процесіне енгізіле бастады. УИРС – тің мақсаты студенттерді ғылым туралы негізгі мағлұматтармен таныстыру, ғылымның өндіріс салаларын дамытудағы ролімен және зерттеу жұмыстарының алғашқы әдістерімен таныстыру.

Техникасы жоғары дамыған елдердің барлық жоғары оқу орындарында ғылыми- зерттеу жұмыстарына үлкен маңыз беріледі. ХХ ғасырдың басында ұқсастық теориясының негізін қалаушылардың бірі Л.В. Кирпичев техникадағы жетістіктердің көбі толығымен ғылыми- зерттеулердің нәтижесінде болған деген болатын. Л.В. Кирпичев : «Ғылыми білім инженердікез келген жаңа мәселелерді шешуде әр уақытта барлық қиындықтардан алып шығады және жетілдірген немесе жаңартылған өндірісті тез меңгеріп кетуіне көмек етеді. Өмір бойы бір өндірісте істеген және бұл өндірістің барлық тетіктерін түгел білетін тәжірибелі практиктер кез келген жаңа мәселелерді шешуде дағдарып, ғылыми мағлұматтары бар жас инженердің алдында дәрменсіз болып қалады» деп жазған.

Инженер техникалық есеп жүргізгенде машина бөлшектерінің нақты жұмыс жағдайларын толық ескеру керек. Сондықтан ол жалғыз теория емес, практика жағынан да білімді болуы, практиктерден, шеберлерден үйренуі керек.

Инженер үшін математикалық әдісті қолдану практикалық маңызы бар

мәселе болып саналады. Сондықтан оңай математикалық аппараттарды қолданып, керек нәтижелерді алу инженердің мақсаты. Осыған байланысты жуық есептеу ережелері көп еңбек жұмсамай, аз уақыт ішінде практикалық тұрғыдан жеткілікті дәлдікпен есеп нәтижелерін шығару техникалық ғылымдар мен инженерлік практикада бірте-бірте шешуші роль атқара бастады.

Л.В. Кирпичевтің нақыл сөзі бойынша математика «ғылымдағы патшалық жол, басқа білім берудің, жақсы инженер жасаудың оңай әдісі». Ғылымсыз білімнен орташа техник шығады. Ғылымды пайдаланған білімнен, мысалы математиканы пайдаланған білімнен, білімді инженер шығады.

Ғылым, техника, өндіріс-ғылыми жаңалықтар мен өнертабысынан оларды пайдаланатын практикаға жол салатын, бірімен-бірі органикалық байланысқан үш топ. Бұл топтар өз ара байланысты болғанмен, бұлардың арасында уақыт алшақтығы әлі көп. Бұл алшақтық тек ғылыми жаңалықтан техникалық шешім шығарып, оны өндірісте пайдаланып, дайын бұйым шығарудың арасында көп уақыт өтетіндігінен емес, күрделі экономикалық, ғылыми-ұйымдастыру мәселелеріне де байланысты.

Техникалық ғылымның қажеттіктері ғылым алдына жаңа талаптар қояды. Өндірістің дамуымен байланысты дамыған ғылыми-зерттеулер өз кезеңінде өндіріспен бірлесудің арқасында оған жаңа қарқын береді, жаңа өндіріс құралдары пайда болады, технологиялық процестер жаңаланады, өндірісті күшті дамытатын жаңа материалдар қолданылады. Мысалы, Жапонияда экономиканың жылдам өсуі, әсіресе электроника мен компьютер жасау өндірістерінің өсуі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдаланумен байланысты.

Ғылым мен өндірістің интеграциясында ғылым өндіргіш күш ролін атқарса, өндіріс ғылымның технологияда пайдаланылуы болып саналады. Өндіріс күшіне айналған ғылым, өндіріс күшінің қосымша элементі емес, ол өндіріс күшімен органикалық байланысын, өндірістің құрамын, еңбек құралдарын, еңбектің өзін әбден жетілдіреді. Сонымен қатар ғылым қоғамның ең маңызды өндіріс күші-өндіріс адамының да жетілуіне әсер етеді.

Мемлекеттің материалдық-техникалық базасы, қорғаныс қабілеті, халықтың әл-ауқаты, рухани байлығы, өнегелілігі ғылым мен техниканың дамуына байланысты.


жүктеу 325,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау