3
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ӘДІСТЕРІН БАСТАУЫШ ДЕҢГЕЙДЕ ТИІМДІ
ҚОЛДАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
М.А. Болат
(Шымкент қалалық қазақ тілін оқыту, салт-дәстүрді және
өнерді насихаттау орталығы, Шымкент қ., Қазақстан)
Кез келген халықтың ұлттық байлығы – тіл. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тіл ұрпақ тәрбиесінің рухани байлығы, баға
жетпес құдіреті. Әрбір халықтың тілінің ұлттық дәстүрі, мінез-құлқы, сана
сезімі cекілділер орын алады. Ал тіл мәдениетін игеру, ол баланың сәби
шағынан бастап жетілетін құбылыс. Баланың тілін дамыту бірінші кезекте
отбасынан, балабақшадан басталуы тиіс. Ӛйткені, қазіргі таңда ӛзге ұлт
ӛкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесі.
Ӛзге ұлт ӛкілдеріне қазақ тілін оқытудың тиімді олдарының бірі сабақта
кӛрнекіліктер кӛп болуы тиіс. Кӛрнекілік әдісі басқа тілді үйретуде ең нәтижелі
және жиі қолданылады. Тіл үйренушілерге түрлі суреттер, кӛрнекіліктер
сабақта меңгерлетін жаңа сӛздерге байланысты алынып отырса ұтымды
кӛмектеседі.
Кӛрнекілік тақырыпқа сай, кӛзге тартымды, эстетикалық жағынан әртүрлі
түстен және ірі болуы керек. Мысалы: «Кӛкӛністе, жеміс-жидектер»
тақырыбын ӛткенде кӛкӛністер мен жеміс-жидектердің суреттерін, муляждарын
немесе кәдімгі жемістердің ӛзін кӛрсету арқылы жүзеге асып отырады.
Тақырыпқа сай әр түрлі сызба – нұсқалармен, таблицалармен сӛз тіркесі,
сӛйлем құрауды үйретуге болады. Бұл әдіс әсіресе жеміс-жидектер, ұлттық
киімдер, азық-түліктер, жыл мезгілдері тақырыптарында жүзеге асады.
Менің тіл үйренушілерге қазақ тілін жетік меңгертуде тәжірибемнің
кӛрсеткіші бойынша бірнеше тиімді әдіс-тәсілдерді атап ӛткім келеді.
Қазақ тілін үйретудегі тиімді жолдарының бірі сабақ бастамас бұрын, тіл
үйренушілермен қазақ тілінде сӛйлесу, тақырыпқа байланысты ән тыңдатып,
карокемен айтқызу, тақырыпқа сай түрлі сұрақтар қою арқылы ой қозғау,
4
мәтінмен жұмыс жасағанда мәтінді оқу, түсіну, және әр түрлі тәсілдер арқылы
мазмұндау, жағдаяттар бойынша сұхбат құрату, жаңа сабақтың тақырыбын ашу
мақсатында ребустар, сӛзжұмбақтар, суретті сӛзжұмбақтар, жасырын сандарды
шешу арқылы.
Мысалы: «Менің досым» тақырбында ой қозғау мақсатында.
1. Сенің досың бар ма?
2. Досыңыз туралы не айта аласыз?
3. «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» мақалын қалай түсінесіз?
Сабақты бастамас бұрын олармен қазақ тілінде жарты сағаттай сӛйлесу
керек. Мысала: Бүгін қай күн? Кәзір сағат қанша болды? Бүгін ауа-райы
қандай? Кеше ауа-райы қандай болды? Бүгінгі ауа-райы сізге ұнай ма?
Жағдайыңыз қалай? Жұмысыңыз, отбасыңыздың жағдайы қандай? және тағы
басқалар.
Аталған әдістерді айта келе қазақ тілін жетік меңгертуде тәжірибемнің
кӛрсеткіші бойынша «Көкөністер, жеміс-жидектер» тақырыбындағы сабақ
үлгісін кӛрсеткім келеді.
Сабақтың тақырыбы: Кӛкӛніс, жеміс-жидектер.
Сабақтың мақсаты:
- білімділік: қазақ тіліндегі кӛкӛніс, жеміс-жидек атауларымен таныстыру,
жемістер мен кӛкӛністердің қазақша атауларын меңгерте отырып, сӛйлем
құрату; тіл үйренушілердің осы сӛздерді қолдану дағдысын қалыптастыру;
- дамытушылық: тілді үйрену белсенділігін арттыруға түрлі әдіс-тәсілдер
арқылы жағдай жасау, логикалық ойлау жүйесінің, есте сақтау қабілетінің
дамуына күнделікті ӛмірде қажетіне байланысты қолдана білуге жол ашу;
- тәрбиелік: еңбек сүйгіштікке, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың тҥрі: Интелектуалдық, білімді бекіту, жүйелеу сабағы.
Әдіс-тәсілдері: аралас (аударма, натуралды) коммуникативті, ойландыру,
анализ, синтез, топтау, жарыс.
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, биология, еңбек.
Сабақтың кӛрнекілігі: Компьютер, кестелер, сызбалар, тест жинақтары.
5
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру
мезгілі
(тыңдаушыларды
түгендеу,
сабаққа
дайындықтарын тексеру).
ІІ. Жасырын сандар арқылы сабақтың тақырыбын табу.
Ой қозғау.
«Қандай жеміс?» ойыны.
Мәтінмен жұмыс.
ІІІ. Грамматикалық тапсырма.
ІV. Сұхбат.
V. Кім кӛп біледі? Топтық жұмыс.
VІ. Сөзжұмбақ.
VІІ. Суретпен жұмыс. Көкөніс, жеміс-жидектер.
VІІІ. Тест жұмысы.
ІХ. Қорытынды.
Х. Үйге тапсырма беру.
Жасырын сандар арқылы сабақтың тақырыбын табу.
14 21 14 21 18 38 24 10 8 17 38 24 10 12 7 38 24 25 8 23
Ой қозғау “Қандай жеміс?” ойыны.
Ойынның мақсаты:
Кәрзеңкедегі
кӛкӛніс,
жеміс-жидектерді
атаңыздар және олардың түсі, дәмі қандай болады?
Бұл кәрзеңкеде қандай жемістер-жидектер,
кӛкӛністер жоқ?
Сӛздікпен жҧмыс
Мәнерлеп оқу, сӛз тіркесін, сӛйлем қҧрастыру
қызылша – свекла
құлпынай – клубника
шие – вишня
көкорам – капуста
6
алмұрт – груша
анар – гранат
жүзім – виноград
қызанақ – помидор
пияз – лук
Мәтінмен жҧмыс.
Мәнерлеп оқу (мұғалім оқиды, тыңдаушылар оқиды).
Базарда (мәтін)
Тамыз айында түрлі жеміс-жидектер пісіп, халық үшін молшылық,
басталатын кезі. Бұл кездегі ауа-райы мол ӛнім жинауға да қолайлы. Тамыз
айында барлық жеміс-жидектер піседі. Біздің Шымкент қаласында кӛкӛніс,
жеміс-жидектер сатылатын базарлар кӛп. Олар: «Бекжан», «Алаш», «Айна»,
«Жоғарғы базар». Мен жеміс-жидектер, кӛкӛністер алуға «Алаш» базарға
барамын. Мұнда халық кӛп келеді. Базарда жеміс-жидектердің түрлері ӛте кӛп.
Бағалары да онша қымбат емес, әрі таңдап алуға болады.
Мәтінге тірек сұрақтарын қою.
1. Халық қай айда молшылыққа кенеледі?
2. Шымкентте кӛкӛніс, жеміс-жидектер сататын қандай базарлар бар?
3. Базарда кӛкӛніс, жеміс-жидектердің бағалары қандай?
Грамматикалық тапсырма: Бұйрық рай.
7
Сызбаны пайдаланып сөйлеңіз
Мен
алма
сатып алайын
қауын
Сен
қарбыз
сатып ал
Сіз
сәбіз
сатып алыңыз
шабдалы
Ол
шие
сатып алсын
алма, жүзім
қауын, қарбыз
Біз дүкенен
қызанақ, қияр
алайық
сәбіз, пияз
шие, шабдалы
Сұхбатты рӛлге бӛліп оқу және үлгі бойынша сӛйлесіңіз.
Базарда [сұхбат]
Айша:
Саламатсыз ба! Кӛкӛніс, жеміс-жидек сатасыз ба?
Сатушы:
Иә, сатамын. Келіӊіз сізге не керек?
Айша:
Картоп, пияз, сәбіздіӊ бағасы қанша тұрады?
Сатушы:
Картоп 60 теӊге, сәбіз 80 теӊге, пияз 55 теӊге.
Айша:
Кӛкӛністер қымбат екен, арзандау бермейсііз бе?
Сатушы:
Жарайды, берейін.
Сатушы:
Кешірӊіз, сіз алманы, шиені, алмұртты аласыз ба?
Айша:
Маған мына алманы, шиені, алмұртты таӊдап беріӊізші.
Сатушы:
Жарайды.
8
Айша:
Алма, шие, алмұрт, шабдалыдан 2 кг беріӊіз. Сонымен қанша тӛлейін?
Сатушы:
Барлығы 1250 теӊге.
Айша:
Yлкен рахмет! Сау болыӊыз!
Сатушы:
Сау болыӊыз! Келіп тұрыӊыз!
Кім көп біледі? [Топтық жҧмыс]
І-топ сұрақтары.
1. Сатушыдан 5 кг алма бер деп сұраңыз.
2. Базарға келдіңіз, ӛзіңізге керек затты оның бағысын сұраңыз.
3. Сіз шиені таңдай алмай тұрсыз, сатушыдан таңдап беруін қалай ӛінесіз.
4. «Тату үйдің тамағы тәтті», – деген мәтелді қалай түсінесіз?
5. Дастарқанда наны жоқтың, тамағыңның сәні жоқ – деген мәтелді қалай
түсінесіз?
ІІ-топ сұрақтары
6. Сіз кӛрші мӛлтекаудандағы кӛкӛністер базарына бара жатырсыз. Сіз ол
базарға қалай баратыныңызды және қандай кӛкӛністер, жеміс-жидектер
сататынын білмейсіз. Досыңызға телефон шалып сұраңыз.
7. Сіздің қалтаңызда ақша азырақ, сатушыға алманың бағасын түсіп беруін
ӛтіңіз.
8. «Ас – адамның арқауы», – деген мәтелді қалай түсінесіз?
9. «Ас қадірін тоқ білмейді», – деген мәтелді қалай түсінесіз?
Сөзжұмбақ. «Берілген сөздерді табыңыз».
1. Яблоко
3. Весна
5. Виноград
2. Лук
4. Помидор
6. Фрукты
Ж
Э
А
Л
М
А
Д
Е
А
П
Қ
П
А
У
Ж
Е
9
Ы
Р
А
И
Я
З
Ҥ
М
К
Ӛ
Қ
А
Қ
Р
З
І
К
Т
Ы
Н
И
И
І
С
Е
М
З
А
Я
С
М
Ш
Берілген суреттерден жеміс пен көкөністерді топтастырып айтыңыз
Тыңдаушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін ӛздерін тексеру
мақсатында тест жұмысын және сӛздік диктант алу.
Сөздік диктант
1. Яблоко
6. Фрукты
11. Урюк
2. Лук
7. Овощи
12. Персик
3. Весна
8. Клубника
13. Свекла
4. Помидор
9. Капуста
14. Гранат
5. Виноград
10. Груша
15. Вишня
ТЕСТ ЖҦМЫСЫ
1. Жемістерді белгілеңіз.
а) қарбыз, қауын, әңгелек
ә) шабдалы, шие, құлпынай
б) сәбіз, пияз, асқабақ
в) жүзім, алмұрт, алма
2. Кҥзде жиналатын кӛкӛністер.
а) бұрыш, қызанақ, қызылша
ә) қарбыз, қауын, алмұрт
б) асқабақ, шие, құлпынай
в) жауаптардың барлығы дұрыс
3. «Огурец, морковь, груша, арбуз» сӛздерінің аудармасын табыңыз.
а) сарымсақ, картоп, сәбіз, қарбыз
10
ә) шие, құлпынай, қызылша, асқабақ
б) қияр, сәбіз, алмұрт, қарбыз
в) шабдалы, алма, қауын
4. Сатушыдан 2 кило алма сҧраӊыз.
а) Маған 2 кило алма беріӊізші
ә) Оған 3 кило алма беріӊіз
б) Менде 2 кило алма беріӊізші
в) Маған 4 кило алма беріӊізші
5. Кӛкӛністерді кӛрсетіңіз.
а) қарбыз, қауын, әӊгелек
ә) шабдалы, шие, құлпынай
б) сәбіз, пияз, асқабақ
в) жүзім, алмұрт, алма
6. Тиісті жалғауларды тауып жазыӊыз: «Базар дүкен… азанырақ».
а) -нан, -ныӊ
ә) -дан, -дыӊ
б) -тан, -тен
в) -ден, -дан
7. «Клубника, вишня, груша» сӛздерініӊ аудармасын табыӊыз.
а) асқабақ, шие, құлпынай
ә) құлпынай, шие, алмұрт
б) қарбыз, қауын, шабдалы
8. Кӛп нҥктенің орнына тиісті сҧраулық шылауды қойыңыз:
«Сен шие, өрік жисің..?»
а) пе?
ә) бе?
б) ба?
в) ма?
9. «Овощи» сӛзінің аудармасын табыңыз.
а) жеміс-жидек
11
ә) кӛкӛніс
б) азық-түлік
в) жеміс
10. Сӛйлемді дҧрыс орналастырыңыз:
«Жемістер, жидектер, көкөністер базарда әр-түрлі көп».
а) 4, 5, 1, 2, 3, 6
ә) 6, 5, 4, 1, 3, 2
б) 3, 6, 5, 1, 2, 4
Ҥйге тапсырма: Жаңа сӛздерді жаттау, бұйрық райда сӛйлемдер құрау.
Қорыта келе тіл үйренушінің ойлау қабілетін дамыту үшін ӛздігінен
жұмыс істеуге баулу, ӛз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, тіл үйренушінің
белсенділігін арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалану,
проблемалық ситуациалар туғызу, суретпен жұмыс, жаңа сӛздерді қалай
меңгергенін тексеру мақсатында сӛздік диктант, тест жұмыстарын орындау
арқылы оқыту ӛте тиімді болмақ. Қазақ тілі сабағы құрғақ ӛтілмей мәдениетті
сӛйлеу, жазу дағдысымен ұштасып жатуы үшін, әрбір категорияның ӛмірде
қолдану аясын ашатындай мақсат қойылу керек. Бұл мәселені бүкіл сабақ
процесінде сіңіріп, қайталап отыру керек. Білімді меңгерту тіл үйренушілердің
танымдық талдау жасай отырып оны орынды пайдалана білу арқылы жүзеге
асатын құбылыс. Қазақ тілін оқытудағы инновациялық әдістерді тиімді
қолдансақ мемлекеттік тілімізді меңгерту сапалы болмақ.
Әдебиеттер
1. Әлімбек Г. Қазақ тілі: Бастауыш деңгейге арналған. – Астана: «Педагогика-Пресс», 2009. –
142 б.
2. Кузекова З. Қазақша сөйлейміз. Тілді ӛз бетінше үйренушілерге арналған: Оқу құралы. –
Алматы: ИИЦ «Азия-Арна», 2010. – 230 б.
3. Нұршайықова Ж., Мұсаева Г. Қазақ тілі: Алғаш бастаушыларға арналған оқу құралы. –
Астана: «ІС-Сервис», 2009. – 142 б.
Достарыңызбен бөлісу: |