Министр по инвестициям и развитию республики казахстан



жүктеу 0,52 Mb.
бет1/3
Дата15.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#13803
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ

МИНИСТРІ




МИНИСТР

ПО ИНВЕСТИЦИЯМ И РАЗВИТИЮ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
___________________________№_______________________

Астана қаласы город Астана




Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодекстің 60-бабының екінші бөлігінің 1) – тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын бекітсін.

2. Қазақстан Республикасының заңнама тәртібінде белгіленген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу және жариялау үшін  «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорында оның көшірмесі қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4.Осы бұйрық 2018 жылғы 29 желтоқсанда күшіне енгізіледі және ресми жариялауға жатады.



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

______________ Ө. Шөкеев

2018 жылғы «__» ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі
______________Қ. Бозымбаев
2018 жылғы «__» ___________

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

2018 жылғы________________

№ _______ бұйрығымен бекітілді



Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы
1. бөлім. Кіріспе
1. Осы мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару Бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодекстің 60-бабының екінші бөлігінің 1) – тармақшасына сәйкес және мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық базасын молайту мақсатында әзірленеді.

2. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы жер қойнауын пайдалану саласында талдау перспективаларын дамыту негізінде әзірленген және есебі:

1)Қазақстан Республикасының ұлттық, экологиялық және энергетика қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелер;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлаудың құжаттар жүйесін бекіту;

4) Қазақстан Республикасының тиісті пайдалы қазбалар түрлері және (немесе) оларды қайта өндеу өнімдерінің қажеттілігі;

5) пайдалы қазбалар түрлері бойынша Қазақстан Республикасының минералды -шикізат базаларының орнын толтыру және арттыру қажеттілігі;

6) өңірлерді экологиялық және әлеуметтік -экономикалық перспективаларын дамыту;

7) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрынің мәліметтері;

8) жер қойнауын пайдалануға байланысты жер қойнауын пайдалану және (немесе) объектілерінің бір мемлекеттік жиынтық үлестен бір тұлға немесе бір топ тұлғалардың ие болу туралы мәліметтер;

9) мемлекеттік жер қойнау мониторингінің мәліметтері;

10) геологиялық ақпаратты жалпылау және талдау;

11) инфрақұрылымдардың мүмкіндіктері.

Минералды -шикізат базаларын тиімді өндеу мақсатында мемлекеттік қаржыландыру рөлін күшейтудің тым ерте және сәйкесінше өңірлік қауіпсіздігі және пайдалы қатты қазбаларды, көмірсутектер шикізаты және жер асты суларына геологиялық барлау кезеңін іздеуді ескере отыра, мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу жүйесін жетілдіру қажет.

Сонымен бірге, нормативтік- құқықтық және техникалық базалар мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу жобаларын іске асыруға қатысу үшін, жетекші әлемдік геологиялық барлау, тау- кен қазу және мұнай өндіру компанияларын тарту жолмен мемлекеттік жеке серіктестік механизмдерін іске асырда тең құқылы бәсекелі ортаны қамтамасыз ету тиіс.

Ресурсты базаларын орнын толтыру үшін толық масштабта озатын өңірлік және іздеу жұмыстарын жүргізу, бірінші кезекте қамтамасыз етілген пайдалы қазбалар түрлері бойынша (түрлі -түсті, ізгі және сирек металлдар), оның ішінде тау кен металлургиялық кәсіпорындардың айрықша дамытумен моноқалалардың ресурсты базаларын орнын толтыру үшін, елді мекендерді жер асты су қорларымен қамтамасыз ету үшін жоспарлы гидрогеологиялық жұмыстарды жүргізу;мемлекеттік жер қойнау мониторингісін тиімді арттыру; ішкі және халықаралық геологиялық көрсетілетін нарықта отандық геологиялық барлау кәсіпорындарында бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін жағдай жасау қажет.

Геологиялық саланың инфрақұрылымын дамыту– зерттелмеген үлкен аумақтар,пайдалы қазбалардың әртүрлігіне перспективалар, оншақты геологиялық барлау кәсіпорындарының салаларындағы қызметтің жетістілігі үшін ұзақ мерзімді перспективаларын айқындайтын, Қазақстанның құрлы және теңіз, дала және таулы қиын аудандарында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу ерекшеліктерін айқындайтын үстіңгі және тау-кен-геологиялық жағдайларының әртүрлілігі.

Геологиялық саланың кадрмен қамтамасыз ету– сала қызметкерлерінің тұрақты білімдерін толықтыру және жас мамандардың келуін талап ететін, ғылыми –техникалық екпінді алға басу. Біліктілікті арттыру жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша уәкілетті органның қызметкерлері үшін өте маңызды, сондықтан осы деңгейде геологиялық барлау жұмыстарының көлемдері мен бағыттары айқындалады, негіз болатын шешімдер қабылданады, пайдалы қазбалардың қорлары, кен орындарды барлау және әзірлеу жобалары бекітіледі.


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау