Пән: Инклюзивті білім беру
№1 аралық бақылаудың тапсырмасы:
Тақырыбы: Инклюзивті білім берудің теориялық негіздері (1-7 лекция тақырыптары)
Формасы: компьютерлік тест
1 раздел
«Біз дүниеге әлсіз және ұсқынсыз болып туылатын балаларды өлтіреміз және суға батырамыз. Біз оны ашуланғаннан және қапаланғаннан емес, сана ережелеріне сүйене отыра: дені саудан қажет еместерді алып тастау үшін жасаймыз» - деп философ Сенека ерекше білім қажеттілігі бар балаларға деген қарым-қатынастың қай кезеңін сипаттаған.
A. «адам емес»
B. «оқыту»
C. «интеграция»
D. «емдеу»
E. «баспана»
«Бірде-бір мүгедек баланы тамақтандыруға болмайды деген Заң күшіне еңсін», - деп Аристотель ерекше білім қажеттілігі бар балаларға деген қарым-қатынастың қай кезеңін сипаттаған.
A. «адам емес»
B. «оқыту»
C. «интеграция»
D. «емдеу»
E. «баспана»
Инклюзивті білім беру жағдайындағы мұғалімнің психологиялық даярлығына не жатпайды?
A. Инклюзивті білім беру жағдайында сабақты жобалай алу
B. Педагогикалық білім алуға мотивацияның бар болуы
C. Балаларды құндылық ретінде қабылдау
D. Эмпатия деңгейінің жоғарлығы
E. Толеранттылық деңгейінің жоғарлығы
Инклюзивті білім беру жағдайындағы мұғалімнің психологиялық даярлығына не жатады?
A. Толеранттылық деңгейінің жоғарлығы
B. Инклюзивті білім беру жағдайында сабақты жобалай алу
C. Арнайы педагогика негіздерін білу
D. Оқу бағдарламаларын бейімдей алу
E. Инклюзивті білім беру ерекшеліктерін білу
Инклюзивті білім беру жағдайындағы мұғалімнің педагогикалық дарлығына не жатпайды?
A. Эмпатия деңгейінің жоғарлығы
B. Инклюзивті білім беру жағдайында сабақты жобалай алу
C. Арнайы педагогика негіздерін білу
D. Оқу бағдарламаларын бейімдей алу
E. Инклюзивті білім беру ерекшеліктерін білу
«Инклюзивті білім беру жағдайында сабақты жобалай алу», «арнайы педагогика негіздерін білу», «оқу бағдарламаларын бейімдей алу», «инклюзивті білім беру ерекшеліктерін білу» - бұл мұғалімнің ... дарлығы.
A. кәсіби
B. психологиялық
C. әлеуметтік
D. арнайы
E. дефектологиялық
«Педагогикалық білім алуға мотивацияның бар болуы», «балаларды құндылық ретінде қабылдау», «эмпатия деңгейінің жоғарлығы», «толеранттылық деңгейінің жоғарлығы» - бұл мұғалімнің ... дарлығы.
A. психологиялық
B. кәсіби
C. әлеуметтік
D. арнайы
E. дефектологиялық
Инклюзивті білім беру жағдайында баланы мектепке қабылдау үшін ата-аналар тарапынан қандай құжаттар қажет?
A. ата-аналардың өтініші мен ПМПК-ның шешімі
B. ата-аналардың өтініші мен реабилитациялық жеке бағдарлама
C. ПМПК-ның шешімі, емделуші анықтамасы
D. ПМПК-ның шешімі, медициналық карта
E. ата-аналардың өтініші, тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтама
Жалпы білім беру мектептерінде және балабақшадағы топтарда түзету сыныптарын құруды көздейді
A. интеграция
B. инклюзивті білім беру
C. арнайы білім беру
D. коррекциялық білімі
E. түзету білімі
«Толық», «тұрақты», «жартылай», «уақытша» - бұл ... түрлері.
A. интеграцияның
B. инклюзивті білім берудің
C. арнайы білім берудің
D. коррекциялық білімнің
E. түзету білімінің
Қандай да бұзылыс түрі бар балыны қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балалармен бірге мектепке дейінгі топтарда, сыныптарда оқыту – бұл интеграцияның қай түрі?
A. толық интеграция
B. тұрақты, бірақ толық емес интеграция
C. жартылай интеграция
D. уақытша интеграция
E. ұзақ мерзімді интеграция
Қалыпты дамудағы құрбыларымен қажетті іскерліктер мен дағдылардың аз ғана мөлшерін меңгере алатын, сыныптан тыс уақыттың аз ғана мөлшерін балалармен өткізе алатын балалармен нәтижелі жүргізіледі. Интеграцияның қай түрі сипатталып тұр?
A. жартылай интеграция
B. толық интеграция
C. тұрақты, бірақ толық емес интеграция
D. уақытша интеграция
E. ұзақ мерзімді интеграция
Арнайы топтың немесе сыныптың тәрбиеленушілері жеткен жетістік деңгейлеріне қарамастан қалыпты деңгейде дамитын құрбыларымен айына бір реттен кем емес тәрбиелік мәнді іс-шараларды бірге өткізуге кездеседі. Бұл интеграцияның қай түрінің сипаттамасы?
A. уақытша интеграция
B. жартылай интеграция
C. толық интеграция
D. тұрақты, бірақ толық емес интеграция
E. ұзақ мерзімді интеграция
Уақытша интеграцияның сипаттамасын белгілеңіз.
A. Арнайы топтың немесе сыныптың тәрбиеленушілері жеткен жетістік деңгейлеріне қарамастан қалыпты деңгейде дамитын құрбыларымен айына бір реттен кем емес тәрбиелік мәнді іс-шараларды бірге өткізуге кездеседі.
B. Қалыпты дамудағы құрбыларымен қажетті іскерліктер мен дағдылардың аз ғана мөлшерін меңгере алатын, сыныптан тыс уақыттың аз ғана мөлшерін балалармен өткізе алатын балалармен нәтижелі жүргізіледі.
C. Психофизикалық дамуы жас ерекшелік деңгейі қалыптыдан сәл төмен, жүйелі және түзету көмегін қажет ететін, бірақ бірқатар пәндер аймағында қалыпты дамыған құрбыларымен бірге оқи алатын, олармен сыныптан тыс уақыттың көп мөлшерін өткізетін балалар үшін нәтижелі болады.
D. Қандай да бұзылыс түрі бар балыны қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балалармен бірге мектепке дейінгі топтарда, сыныптарда оқыту.
E. Арнайы сыныптағы балалар үзілісте жалпы білім беретін сыныпқа ойнауға барады.
Толық интеграцияның сипаттамасын белгілеңіз.
A. Қандай да бұзылыс түрі бар балыны қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балалармен бірге мектепке дейінгі топтарда, сыныптарда оқыту.
B. Арнайы сыныптағы балалар үзілісте жалпы білім беретін сыныпқа ойнауға барады.
C. Психофизикалық дамуы жас ерекшелік деңгейі қалыптыдан сәл төмен, жүйелі және түзету көмегін қажет ететін, бірақ бірқатар пәндер аймағында қалыпты дамыған құрбыларымен бірге оқи алатын, олармен сыныптан тыс уақыттың көп мөлшерін өткізетін балалар үшін нәтижелі болады.
D. Қалыпты дамудағы құрбыларымен қажетті іскерліктер мен дағдылардың аз ғана мөлшерін меңгере алатын, сыныптан тыс уақыттың аз ғана мөлшерін балалармен өткізе алатын балалармен нәтижелі жүргізіледі.
E. Арнайы топтың немесе сыныптың тәрбиеленушілері жеткен жетістік деңгейлеріне қарамастан қалыпты деңгейде дамитын құрбыларымен айына бір реттен кем емес тәрбиелік мәнді іс-шараларды бірге өткізуге кездеседі.
Жартылай интеграцияның сипаттамасын белгілеңіз.
A. Қалыпты дамудағы құрбыларымен қажетті іскерліктер мен дағдылардың аз ғана мөлшерін меңгере алатын, сыныптан тыс уақыттың аз ғана мөлшерін балалармен өткізе алатын балалармен нәтижелі жүргізіледі.
B. Қандай да бұзылыс түрі бар балыны қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балалармен бірге мектепке дейінгі топтарда, сыныптарда оқыту.
C. Психофизикалық дамуы жас ерекшелік деңгейі қалыптыдан сәл төмен, жүйелі және түзету көмегін қажет ететін, бірақ бірқатар пәндер аймағында қалыпты дамыған құрбыларымен бірге оқи алатын, олармен сыныптан тыс уақыттың көп мөлшерін өткізетін балалар үшін нәтижелі болады.
D. Арнайы сыныптағы балалар үзілісте жалпы білім беретін сыныпқа ойнауға барады.
E. Арнайы топтың немесе сыныптың тәрбиеленушілері жеткен жетістік деңгейлеріне қарамастан қалыпты деңгейде дамитын құрбыларымен айына бір реттен кем емес тәрбиелік мәнді іс-шараларды бірге өткізуге кездеседі.
Толық интеграцияны / инклюзивті білім беруді тәжірибеге еңгізген мемлекет.
A. Ұлыбритания
B. Ресей
C. Франция
D. Германия
E. Польша
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы мектепте оқытпай, жалпы білім беру ортасына қосудың қажеттілігін сипаттаған ғалым:
A. Л.С. Выготский
B. А.Н. Леонтьев
C. С.Л. Рубинштейн
D. И.П. Павлов
E. А.С. Макаренко
Инклюзивті білім беруді Қазақстанда алғашқы болып зерттеген ғалым.
A. Р.А. Сулейменова
B. З.А. Мовкебаева
C. С.М. Жақыпов
D. А.А. Байтурсынова
E. А.З. Закаева
Мүмкіндігі шектеулі балалардың қайда білім алуын анықтайтын
A. ПМПК
B. медициналық сараптама
C. ата-аналар
D. жергілікті дәрігер
E. психолог
Инклюзивті білім беру жағдайында тірек-қимыл аппараты тежелген балаларға қолайсыз жағдайды белгілеңіз.
A. табалдырықтың болуы
B. пандус болуы
C. парталардың арасында 1,5 м кем емес орынның болуы
D. есіктердің екі жақты ашылуы
E. есіктердің 1-1,5 м кем болмауы
Мүгедектер арбасын қолданатын ЕБҚбБ сынып ішіндегі парталар арасындағы өтуге қолайлы көлем.
A. 90 см – 1 м
B. 2 м
C. 0,5 м
D. 1,2 м
E. 1,5
Көру қабілеті тежелген ЕБҚбБ бар сыныпқа қойылатын талаптар болады. Қажет емес дегенді белгілеңіз.
A. арнайы жанып-өшетін түсті шам болуы қажет
B. жиһаздарды жиі ауыстыруды шектеу керек
C. еденнің үсті төсемелі немесе бедерлі өңдеумен қапталған
D. жұмыс үстелінің жарықтығына көңіл аудару қажет
E. партаның бұрыштары үшкір болмауы керек
Есту қабілеті тежелген ЕБҚбБ бар сыныпқа қойылатын талапты белгілеңіз.
A. арнайы жанып-өшетін түсті шам болуы қажет
B. жиһаздарды жиі ауыстыруды шектеу керек
C. еденнің үсті төсемелі немесе бедерлі өңдеумен қапталған
D. жұмыс үстелінің жарықтығына көңіл аудару қажет
E. партаның бұрыштары үшкір болмауы керек
Көру қабілеті тежелген ЕБҚбБ-мен жұмыс жасауда әдістемелік ерекшеліктер бар. Артығын белгілеңіз.
A. Барлық айтылған мәліметті көрсету қажет
B. Барлық көрсеткен мәліметті сөзбен сипаттау қажет
C. Қолданатын материалдың барлығының шрифтын үлкейту қажет
D. Пайдаланатын суреттердің түстері анық және қою болуы қажет
E. Диктофон қолдануға шектеу қоймау
Есту қабілеті тежелген ЕБҚбБ-мен жұмыс жасаудағы әдістемелік ерекшелікті белгілеңіз.
A. Барлық айтылған мәліметті көрсету қажет
B. Барлық көрсеткен мәліметті сөзбен сипаттау қажет
C. Қолданатын материалдың барлығының шрифтын үлкейту қажет
D. Пайдаланатын суреттердің түстері анық және қою болуы қажет
E. Диктофон қолдануға шектеу қоймау
Инклюзивті білім беруде ЕБҚбБ-ға қатысты этикалық тұрғыда қолданбайтын сөзді белгілеңіз.
A. соқыр
B. көру қабілеті тежелген
C. есту қабілеті тежелген
D. ойлау қабілеті тежелген
E. тірек-қимыл аппараты зақымдалған
ЕБҚбБ-дың әлеуметтік ортаның ережелерін, оның тәртібін, өзін-өзі ұстауды меңгеруі
A. әлеуметтік бейімделу
B. әлеуметтену
C. кірігу
D. реабилитация
E. әлеуметтік дезадаптация
Достарыңызбен бөлісу: |