Мерзімді геологиялық есеп нысанына түсіндірме
әкімшілік орны:
- учаскенің орналасқан жері: облысы, ауданы, жақын маңдағы ірі елді мекендер (теміржол бекеттері) көрсетіледі, дается описание инфрақұрылымның сипаттамасы (жолдардың, электртарату желілерінің, құбыр желісінің және су құбырларының, тағы сол сияқтылардың болуы), климаттық жағдайлар, жергілікті жердің рельефі беріледі;
2) келісімшарттық аумақтың қысқаша геологиялық сипаттамасы:
- аумақтың геологиялық құрылысы: стратиграфиясы, магматизмі, тектоникасы, зерттелудегі аумақта пайдалы қазбалардың болуы және олардың минералогиялық сипаты қысқаша сипатталады;
3) өңірлік зерттеулер әдістемесі, орындалған жұмыстардың түрлері мен көлемі:
- зерттелудегі аумақта жүргізілетін жұмыстардың жоспарланған барлық түрлері мен көлемі (геологиялық маршруттар, алаңдық геофизикалық және геохимиялық жұмыстар, жерүстіндегі тау-кен қазбаларын – арықтарды, шурфтарды, орларды, тағы сол сияқтыларды ұңғылау, ұңғымаларды бұрғылау, сынамалау, зертханалық-талдау жұмыстары) беріледі;
жұмыстардың негізгі нәтижелері: жер қойнауын пайдаланушы анықтаған кен көріністерінің, анықталған перспективалы құрылымдардың және минералдану нүктелерінің сипаттамасы: географиялық координаттары, геометриялық параметрлері - жоспардағы өлшемдері:
- анықталған кен көріністерінің, құрылымдардың және минералдану нүктелерінің бұрыштық нүктелерінің (градус/минут/секундпен берілген координаттар) нақты байланысы, жоспардағы олардың өлшемдері (яғни жердің бетіндегі – жайылуы бойынша көрінетін ұзындығы және жайылу бағытын қиып өтетін ені) беріледі;
5) анықталған перспективалы құрылымдардың және минералдану нүктелерінің, жерүсті және ұңғымалық мұнай-газ көріністерінің, табиғи резервуарлардың, деңгейжиектердің геологиялық сипаттамасы: жатқан тереңдігі, олардың стратиграфиялық байланысы; пайдалы қазбалардың ресурстарын болжамды бағалау, анықталған кенденудің сипаттамасы (пайдалы және ілеспе құрамбөліктер, олардың құрамы, одан әрі зерттеу перспективасы):
- анықталған перспективалы құрылымдардың және минералдану нүктелерінің, жерүсті және ұңғымалық мұнай-газ көріністерінің, табиғи резервуарлардың, деңгейжиектердің геологиялық сипаттамасы: стратиграфиясы, магматизмі, жарылған бұзындылардың болуы, зерттелудегі аумақта негізгі пайдалы қазбалардың және ілеспе пайдалы қазбалардың болуы – олардың минералогиялық сипаттамасы (кенденудің заттық құрамы) және құрамы (% немесе г/т-мен) беріледі; кенденудің, минералданудың жатқан тереңдігі (тереңде таралуы) көрсетіледі. Зерттелудегі аумақта негізгі пайдалы қазбалардың және ілеспе пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын бағалау жүргізіледі. Перспективалары көрсетіледі және одан әрі зерттеу жөнінде ұсынымдар беріледі.
Жылдық есептің мәтініне мынадай графикалық қосымшалар қоса беріледі: зертелудегі аумақтың өңірлік масштабтағы геологиялық картасы (геологиялық шолу картасы); карталарда геофизикалық және геохимиялық ауытқулар көрсетілген, перспективалы құрылымдар, учаскелер, кен көріністері бойынша нақты масштабтағы геологиялық қиынды карталар; негізгі реперлік беттер бойынша құрылымдық карталар; анықталған перспективалы құрылымдар бойынша қималар; сипатқа тән қиылыстар бойынша уақытша және тереңдегі қималар беріледі.
іздеу немесе параметрлік ұңғымалардағы ағынды сынамалау нәтижелерінің деректері:
- геологиялық маршруттарды, жердің бетіндегі тау-кен қазбаларын, ұңғымаларды сынамалау нәтижелері бойынша зертханалық зерттеуледің деректері, яғни зерттелудегі аумақта негізгі пайдалы қазбалардың және ілеспе пайдалы қазбалардың мөлшері келтіріледі;
кен денелерінің параметрлері, пайдалы құрамбөліктердің мөлшері, өнеркәсіптік қорлар және болжамды ресурстар, кен орнын игерудің рентабельділігі туралы мәліметтер, болжамды ресурстарды бағалау, олардың геологиялық-экономикалық сипаттамасы:
- кенденудің, минералданудың жатқан тереңдігі (тереңде таралуы), жоспардағы олардың өлшемдері (яғни жердің бетіндегі – жайылуы бойынша көрінетін ұзындығы және жайылу бағытын қиып өтетін ені) көрсетіледі; пайдалы қазбалардың мөлшері (% немесе г/т-мен), олардың С2 санаты бойынша қорлары және бағаланған болжамды ресурстар, кен орнын игерудің рентабельділігі және геологиялық-экономикалық көрсеткіштер көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы ___ мамырдағы № ___ бұйрығымен
бекітілген
2-қосымша
Жер қойнауын геологиялық зерттеу нәтижелері туралы түпкілікті есеп нысаны
№
|
Мазмұны
|
Бөлімдері
|
Толық сипаттамасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Қатты пайдалы қазбалар бойынша кондициялардың техникалық-экономикалық негіздемесі жөніндегі түпкілікті есеп нысаны
|
|
Есептің мәтіндік бөлігі
|
1.Геологиялық бөлімі
|
«Кен орны және аудан туралы жалпы мәліметтер» бөлімінде келесі ақпаратты беру көзделген:
1) географиялық және әкімшілік орны, жақын маңдағы темір жол бекеті немесе порттан, елді мекендерден және минералды шикізаттың ықтимал тұтынушыларынан шалғайлығы;
2) табиғи-климаттық жағдайлар – жергілікті жердің рельефі, теңіз деңгейінен биіктігі және қатысты жоғарылауы, климаттық ерекшеліктер (жоғарғы және төменгі температура), гидрожеліс, ауданның сейсмикалығы;
3) экономикалық жағдайлар – ауданның игерілуі және инфрақұрылымы, халқы және оның еңбекпен қамтылуы, болашақта кәсіпорынды электр энергиясымен, отынмен, жергілікті құрылыс материалдарымен, еңбек ресурстарымен қамту көздері;
4) жүктерді тасымалдауға арналған көлік жолдары.
|
1) кен орны мен аудан туралы жалпы мәліметтер;
|
2) конъюнктуралық шолу;
|
«Конъюктуралық шолу» бөлімінде келесі ақпаратты беру көзделген:
1) қарастырылатын кен орнын өндіру нәтижесінде алынатын тауарлық өнімді осы заманда қолдану саласы;
2) әлемде және жекелеген елдерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында оларды өндіру және тұтынуды дамытудың негізгі үрдісі; тауарлық өнімнің әлеуетті тұтынушылары;
3) тиісті минералды шикізат бағаларының ретроспективалық талдауы және бағаның өзгеру болжамдары.
|
3) кен орнының геологиялық құрылымы;
|
«Кен орнының геологиялық құрылымы» бөлімінде келесі ақпаратты беру көзделген:
1) кен орнының геологиялық-өнеркәсіптік типі;
2) кенденуді бақылаушы құрылымдық-геологиялық, литологиялық-петрографиялық, тектоникалық факторлар;
3) кен денелерінің жату жағдайы, морфологиясы және ішкі құрылысы, заттық құрамы, пайдалы құрамбөліктер мен зиянды қоспалардың максималды және орташа құрамы, пайдалы қазбалардың табиғи типтерінің кеңістікте таралуының заңдылығы және оларды жекелей өндіру мүмкіндігі, минералды шикізаттың сапасы туралы негізгі деректер, оның физика-механикалық қасиеттері;
4) ілеспе пайдалы қазбалар (соның ішінде аршу жыныстары мен қоршаушы жыныстарда түзілгендер) және құнды құрамбөліктерді өнеркәсіпте пайдалану мүмкіндігі, оларды табу формалары;
5) кен орнының генезисі туралы түсініктер;
6) рельефтың қалыптасу тарихы, геоморфологиясы бойынша мәліметтер (мүжілу қыртысымен және шашыранды түзілумен байланысты кен орындары үшін);
7) шашыранды кен орындары үшін – өнімді қабаттың формасының, мөлшерінің және құрамының, тақтатастардың құрамының және қуатының сипаттамасы мен ерекшеліктері, табанның құрылысы, құнды құрамбөліктердің құрамы; пайдалы минералдар түйіршіктерінің жұмырлық деңгейі, мөлшері, формасы, алтынның сынамасы;
жеке өндіруге және өңдеуге жататын пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік (технологиялық) типтері мен сұрыптарының болуы, олардың сапасының сипаттамасы.
|
4) геологиялық барлау жұмыстарының әдістемесі;
|
«Геологиялық барлау жұмыстарының әдістемесі» бөлімінде келесі ақпаратты беру көзделген:
1) кен орнының геологиялық құрылысының күрделілік тобының негіздемесі, кен орнын зерттеу кезеңділігі, ТЭН-ні жасау кезінде орындалған геологиялық барлау жұмыстарының түрлері мен көлемдері;
2) барлаудың қабылданған әдістемесі, барлау желісінің тығыздығы мен геометриясы;
3) керннің шығысы, сынамаларды іріктеу және бақылау сынамасының әдістері, тау-кен қазбаларын және бұрғылау ұңғымаларын сынамалау сапасы мен нақтылығы, жерасты тау-кен қазбаларымен немесе басқа әдіспен бұрғылау деректерін тексеру;
4) негізгі және ілеспе құрамбөліктерге талдау жүргізу әдістемесі, талдаулық зертханаларды аттестациялау және аккредитациялау туралы мәліметтер;
5) талдау сапасын ішкі және сыртқы бақылау нәтижелері, талдау сапасының қанағаттандырмайтындығының себеп-салдары және олардың қорлардың дұрыстығына әсер ету бағасы;
6) пайдалану деректерін барлау нәтижелерімен салыстыру;
7) кен орны учаскелерінің барлануы және олардың бастапқы өңдеуге дайындылығы;
8) барлау деректерінің нақтылығын негіздеу және есептелген қорлар дұрыстығын бекіту үшін геофизикалық жұмыстардың нәтижелерін тәжірибеде пайдалану.
|
5) игерудің гидрогеологиялық шарттары;
|
«Игерудің гидрогеологиялық шарттары» бөлімінде келесі ақпаратты беру көзделген:
1) орындалған гидрогеологиялық жұмыстардың әдістемесі, түрлері мен көлемі және игерудің гидрогеологиялық шарттарын толық зерттеу;
2) ауданда кеңінен дамыған сулы деңгейжиек, су сіңіруші жыныстардың құрамы мен қалыңдығы, олардың фильтрлік қасиеттері;
3) жерасты суларының минералдануы, химиялық құрамы, типтері және сулардың бактериологиялық күйі; негізгі сулы деңгейжиектер және кен орнын суландыруға қатысушы кешендер;
4) атмосфералық жауын-шашындарды (жаңбыр және еріген қар сулары) ескере отырып және жерасты сулары есебінен тау-кен қазбаларына құйылады деп күтілетін су ағындары, жергілікті және өңірлік сутіректер, жерасты суларының кенеттен кен қазбаларына атқылау ықтималдығы;
5) тау-кен қазбаларын құрғатудың (қорғаудың) және сулардың апатты түрде атқылауын болдырмаудың ұсынылатын әдістері;
6) құрғатылған сулар, олардың минералдануы және химиялық құрамы, кен орнын игеру барысында химиялық құрамының және минералданудың өзгеру болжамы, оларды тазарту және жою немесе техникалық мақсаттарда не жерді суару үшін пайдалану әдістері мен тәсілдері, құрғатылған сулардың пайдалану қорларын бағалау;
7) шаруашылық-ауыз су және техникалық сумен қамтамасыз етудің ұсынылатын көздері, тау-кен кәсіпорынының онымен қамтамасыз етілуі (құрғатылған суларды пайдалануды ескере отырып);
8) қажет болған кезде - сумен қамтудың қосымша көздерін іздеу және барлау бойынша ұсынымдар.
|
6) өндірістің инженерлік-геологиялық шарттары;
|
Бөлімде келесі ақпаратты беру көзделген:
1) орындалған жұмыстар әдістемесі, көлемі және түрлері;
2) қопсымалы үгілу, байланысты және жартастық топырақтардың кешенін бөліп көрсете отырып және жартастық топырақтарды жарықшақтылық және үгілу деңгейі бойынша кешендерге бөле отырып, геологиялық қиманы инженерлік-геологиялық аудандарға бөлу;
3) барлық кешендердегі топырақтардың физика-механикалық қасиеттері, соның ішінде:
қопсымалы үгілмелі топырақтар бойынша - тығыздығы, топырақ қаңқасының тығыздығы, ылғалдылығы, кеуектілігі, кеуектілік коэффициенті, ылғалдылық деңгейі, гранулометриялық құрамы, ауа-құрғақ күйіндегі және су астындағы табиғи қиябетінің бұрышы, шаңды құмдар үшін - ілінісу күші және табиғи қалпында (ылғалдылығы табиғи күйінде) және сумен толық қаныққанда ішкі үйкелу бұрышы;
4) байланысқан топырақтар үшін - табиғи қалпының тығыздығы, қаңқа тығыздығы, бөлшектер тығыздығы, кеуектілігі, кеуектілік коэффициенті, созымдылық саны, гранулометриялық құрамы, табиғи ылғалдылығы, ілінісу күші және табиғи қалпында және толық қаныққанда ішкі үйкелу бұрышы, ісіну күші, шөгу деңгейі;
5) жартастық топырақтардың әрбір кешені үшін - тығыздығы, қаңқа тығыздығы, ылғалдылық, кеуектілік, кеуектілік коэффициенті, ауа-құрғақ және суға қаныққан күйінде бір шүлдікті қысымға және тартылысқа қарсылығы, Юнг модулі, Пуассон коэффициенті, М.М.Протодьяконов шкаласы бойынша тығыздығы;
6) үгілу және жарықшақтық деңгейі бойынша топырақтардың сипаттамасы (геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық ұңғымалар мен тау-кен қазбаларының қабырғасының кернін инженерлік-геологиялық сипаттау нәтижелері бойынша);
7) жоспарланған тау-кен жұмыстары кезінде болуы ықтимал инженерлік-геологиялық құбылыстар: карьер бортының және қиябетінің ықтимал көшкіні, карст құбылыстары және олардың карьер мен жерасты қазбаларының төзімділігіне әсері, қорыс және жерасты суларының атқылауы;
8) инженерлік-геологиялық және тау-кен-техникалық жағдайлардың күрделілігі, тау-кен қысымының мөлшері және оның кен орнын игеруге тигізетін әсері;
9) газдылық және тау-кен кәсіпорынының газдылық бойынша санаты, пайдалы қазбаның өздігінен жануға, кенеттен жыныстардың қопарылуына қабілеттілігі, күтілетін силикоз қауіптілігі.
|
7) экология: қоршаған ортаның жай-күйі мен өзгеру болжамы;
|
«Экология: қоршаған ортаның жай-күйі және өзгеруінің болжамы» бөлімінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес, келесі ақпаратты беру көзделген:
1) жұмыс жасау жоспарланған ауданның табиғи ортасының жай-күйі, аумақтың табиғи құндылығы, ерекше қорғалатын объектілердің болуы, пайдалы қазбаның, су сіңіретін жыныстардың және жер қыртысының радиобелсенділігі;
2) ластаудың негізгі көздері және қоршаған орта: ауаға, жер қыртысына, өсімдік және жануарлар әлеміне, жер қойнауына, жерасты және жерүсті суларына әсер ету түрлері;
3) өндірістік қажеттіліктер үшін қоршаған ортадан алынуға тиісті табиғи ресурстардың негізгі түрлері, қоршаған ортаға әсер етудің негізгі көрсеткіштері;
4) атмосфералық ауаның, жерасты және жерүсті суларының ластануының, жер ресурстарына, өсімдік және жануарлар әлеміне әсерін бағалау және болжамдар жасау;
5) ықтимал апаттық жағдайларға баға беру және олардың алдын алу және ықтимал салдарын азайту бойынша іс-шаралар;
6) түзілген қалдықтардың қоршаған ортаға (құрғатылған су және өнеркәсіптік ағындарды қоса алғанда) әсерін азайту бойынша іс-шаралар;
7) тау-кен жұмыстары салдарынан бұзылған жерді қалпына келтіру;
8) гидрогенді (уранды) кен орындарының жұмыс деңгейжиектерін қалпына келтіру;
9) табиғатты қорғау шараларына экономикалық баға беру.
|
8) қорларды әр нұсқалы есептеу.
|
«Қорларды әр нұсқалы есептеу» бөлімінде келесі ақпаратты беру көзделген:
1) пайдалы қазбалардың қорларын есептеу үшін қабылданған кондициялардың параметрлері мен қорларды есептеу әдістері;
2) бұрынырақ бекітілген және Мемлекеттік баланста тұрған қорлар;
3) қорларды әр нұсқалы есептеуге арналған шартты кондициялардың негіздемесі мен парамтерлерін таңдау; борттық құрамдардың нұсқалары бойынша қорларды есептеу әдістемесі;
4) борттық құрамдардың нұсқалары бойынша кенді денелер параметрлері және қорлардың өзгерісі талданған, қорларды әр нұсқада есептеу нәтижелері;
5) ұсынылған кондициялар параметрлері бойынша қорларды бұрынырақ бекітілген мемлекеттік баланста тұрған немесе бұрын қабылданған кондициялар бойынша жедел есепке алынған қорлармен салыстыру; елеулі алшақтық болған жағдайда - бұл алшақтықтардың алғышарты болған себептерді талдау.
Қорларды әр нұсқалы есептеу борттық құрам нұсқалары бойынша пайдалы қазбаларды тікелей көмкеру жолымен немесе жоғары нұсқалардан төмен нұсқаларға бөлуді қолдана отырып жүргізіледі.
Қалың тұрақты желіс (50х50 метр және одан да қалыңырақ) бойынша барланған, қарапайым құрылысты кен орындарының қорларын есептеу кезінде, есептеудің геостатикалық әдістері қолданыла алады. Соңғысының нәтижелерін кем дегенде 25% көлемінде дәстүрлі әдісті қолдана отырып, қорлар есебімен растау қажет.
Әр нұсқалы есептеуге кен орнының барлық қорлары, сондай-ақ олардың бір бөлігі тартыла алады. Әр нұсқалы есептеуге тікелей тартылатын қорлар үлесі кең ауқымда аутқи алады және жалпы жағдайда кен орны мен оның учаскелерінің масштабы мен геологиялық құрылымының ерекшелігіне тәуелді. Ол қарапайым геологиялық құрылымды ірі нысандар үшін (мысалы, аз орналасқан аймақтардағы көмір кен орындарында) төменгі, ал өте күрделі құрылымды кен орындары (мысалы, орташа және ұсақ алтын кенді, полиметалл және жіті орналасқан қабаттарда жатқан, басқа да кен орындарда) үшін жоғарғы бола алады.
Әр нұсқалы есептеу үшін нақты учаскені (учаскелерді) таңдау оның (олардың) барлану деңгейі, кеннің типі мен олардың сапасы, сондай-ақ көлемі мен қорлар санаты бойынша жеткіліктілік деңгейі бойынша байыптылығына байланысты жүзеге асырылады.
Қорларды есептеу кестелерінде, мәтіндік бөлімінде және графикалық қосымшаларда есептелетін қорлардың санаттары (А, В, С1 және С2) көрсетіледі. ТЭН мәтінінде әр нұсқалы есептеу кестелері кеннің, учаскелердің және кенді денелердің санаттары, өңдеу әдістері, технологиялық типтері бойынша қорларды қамтиды. ТЭН-нің мәтіндік бөлімінде қорларды есептеуге қатысушы кестелердің тізімдемесі мен атауы беріледі.
Әр нұсқалы есептеу кен орны қорларының бір бөлігіне орындалған жағдайда, кен орнының экономикалық құндылығын анықтау үшін толық қорларға өту статистикалық әдіспен орындалады.
|
|
2. Тау-кен бөлімі
|
«Кен орнының қысқаша тау-кен-техникалық сипаттамасы» бөлімінде келесі ақпарат беріледі: ілеспе жыныстар мен кеннің құрамы, олардың физикалық қасиеттері, кен орнының газдылығы, кеннің өздігінен жану қабілеті, кен жұмыстарын жүргізудің силикоздық қауіптілігі; кен қазбаларына құйылатын су ағындарының мөлшері; кен орны аумағында қорғалатын объектілердің болуы туралы мәліметтер; ашық әдіспен өндіру мүмкіндігі бар учаскелер үшін: аршу жыныстарының құрамы мен қуаты, кенді денелердің құлау бұрыштары мен бағыттары, қыртыс аралық қабаттар мен қабаттар сипаттамасы, карьер бортымен аршылатын құмды жыныстарда суффиоздық процесстердің болу мүмкіндігі, балшықты жыныстардың езілу ықтималдылығы, жерасты әдісі кезінде - жоғары су ағынының әлсіз аймақтарының учаскелері.
|
1) кен орнының қысқаша тау-кен-техникалық сипаттамасы
|
2) кен орнын игеру әдісін таңдау және негіздемесі
|
«Кен орнын игеру әдісін таңдау және негіздемесі» бөлімінде пайдалы қазбалардың кен орнын ашық немесе жерасты әдісімен немесе ашық және жерасты жұмыстарын бірге немесе кезекпен жүргізіп үйлестірілген әдіспен игеру қарастырылады. Егер жыныстар мен кеннің құрамы және гидрогеологиялық жағдайлар мүмкіндік берсе, игерудің геотехнологиялық әдістерін қолдану мүмкіндігі қарастырылады.
Ашық өңдеу шекараларын белгілеу кезінде аршудың шекаралы (шекті) коэффициентін басшылыққа алу ұсынылады, ол игерудің жерасты және ашық әдісінің өзіндік құнының қатынасы бойынша немесе өндіруге келетін экономикалық ұйғарынды алынатын құндылық бойынша анықтала алады.
Жерасты әдісімен игерудің қолайлы тереңдігі аршудың техника-экономикалық көрсеткішін салыстырумен анықталады.
Игерудің қабылданған жүйелерінің негіздемесі пайдалы қазбалар мен қоршаушы жыныстар құрамын, кенді денелердің жату жағдайын, олардың морфологиясын, қуатын, жайылу және құлау бойынша мөлшерлерін, сондай-ақ еңбектің қауіпсіздік шарттарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбаларды игеруді реттейтін нормативті актілердің ережелерін ескеріп жүргізіледі.
Игерудің таңдалған жүйелерін, олардың ара қатынасын басшылыққа ала отырып, шығындардың, құнарсыздану мөлшерін, тау-кен-дайындық және кесу жұмыстарының көлемін, еңбек өнімділігін, материалдар электр энергиясының, шығынын анықтайды. Бұл параметрлер тау-кен-геологиялық шарттар мен жақын жылдық өнімділігі ұқсас болған жағдайда жұмыс істеп тұрған ұқсас кәсіпорын бойынша қабылдана алады.
Құрамында пайдалы құрамбөліктері бар құнарсызданған масса үлесі әр нұсқалы есептеу нәтижелері, одан жоғары нұсқалар қорларының контурлары қатысында өсірілетін қорлар ережесімен анықталады. Төменгі нұсқа қорлары бойынша құнарсыздандыру массасы нөлдік құраммен қабылданады, одан жоғары нұсқалар қорлары бойынша - өсірілетін қорлардағы пайдалы компоненттер құрамы бойынша.
Өндірудің ашық әдісі кезінде аршу жыныстары мен пайдалы қазбаларды тасымалдау түрлері (темір жол, автомобильді, конвейерлі, үйлестірмелі және басқа) тасымалдаудың қабылданатын нұсқаларының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру жолымен кен массасының көлеміне байланысты анықталады.
Тау-кен қазбаларын желдету әдістерін құрылыс көлемі мен параметрлеріне байланысты таңдау қажет. Тұтас кенжарының көлденең қимасы 150 м2 асатын ауданды камералық және созылған қазбалар жүргізген жағдайда, сондай-ақ кемерлермен жүргізілетін көлденең қимасының ауданы 150 м2 асатын қазбаларда желдетудің айдаушы әдісі қолданылады. Желдетудің үйлестірілген әдісін қазбалар ұзындығы 500 м асатын жағдайда, жарылыс жүргізілетін кемерде ауа қозғалысын ұйымдастыру қажет болған жағдайда және желдетілуі қиын тоқырау аймақтарының пайда болуы мүмкін жағдайларда көлденең қимасының ауданы 150 м2 асатын қазбаларды жүргізу үшін қолдануға кеңес беріледі.
Кен орындарын құрғату әдістерін және жүйелерін, құрғату құрылғыларының типтері мен түрлерін кен орнының кентехникалық және гидрогеологиялық шарттарын ескере отыра анықтау қажет, өндірудің жер асты әдісі үшін су құю құрылғылары қоры бар жоғарғыі суғандыруына есептеледі. Кен орыны ауданында дәл сондай гидрогеологиялық шарттары бар қызмет ететін кен өндіруші кәсіпорын болған жағдайда, осы кәсіпорынның қолданыстағы шарттарын пайдалануға болады.
Тұтынушылардың электрмен қамтамасыз етілуін энергиямен қамтамасыз етуші ұйымдардан алынған техникалық шарттар негізінде жасақтау ұсынылады. Электр жүктемелерін пайдалану және сұраныс коэффициентін ескере отыра тікелей есептеу арқылы анықтау қажет немесе қызмет етуші кәсіпорындарға ұқсас қабылдау қажет.
Шаруашылық-ауыз су құбырлары үшін қолданыстағы нормалар мен ережелердің талаптарын қанағаттандырушы барлық жерасты суларының ресурстарын барынша пайдаланған жөн. Шаруашылық-ауыз су сапалы жерасты суларын өндірістік қажеттіліктер үшін тек ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Кәсіпорын тұтынушыларының айналымды сумен қамтылу немесе суды қайтара пайдалану жүйелерімен максимальды түрде қамтылуын қарастыру қажет; шақта суларын толық пайдалану мүмкін болмаған жағдайларда, сәйкесінше тазартылғанда оларды төгуге болады.
Тұрмыстық ағынды суларын қабылдау үшін ағызу станцияларын қарастыру қажет.
Штатты анықтау кезінде еңбек өнімділігін басшылыққа алу қажет, ал көмекші жұмыскерлер санын, ИТҚ-ның және жұмыскерлердің санын қолданыстағы типтік құрылымдар, кен бөлімшелерінің ИТҚ және жұмыскерлер штаттары, қара және түсті металлургия кеніштері мен шахталарының көмекші жұмыскерлерінің санының нормативтері, «Өндірістік бірлестіктерінің жұмыскерлерінің санының ірілендірілген нормативтері» негізінде және ұқсас-кәсіпорын деректері бойынша анықтау қажет.
Тау-кен-өнеркәсіптік қызметтен бұзылған жерлердің барлық санаттары, сондай-ақ өнімділігін толық немесе жартылай жоғалтқан жақын маңдағы көршілес жер учаскелері рекультивациялануы тиіс. Бұзылған жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүргізу шығындары кәсіпорынның өзіндік құнына жатқызылады.
Өнеркәсіптік алаңдарды, бос жыныстардың және балансталған кеннің үйіндісін орналастыру үшін алдын ала ауыл шаруашылығы үшін жарамсыз, кенсіз аумақтарды пайдалану қажет. Бос жыныстар мен балансталған кеннің үйінділерін карьер контурынан ең төменгі рауалы қашықтықта орналастыру қажет. Жердің ластануын болдырмау мақсатында жағдайлық бас жоспарды дайындау кезінде тоған-жинағыштар құрылғысын, үйінділерді тау үсті арықтарымен шектеу және жауын-шашын суларын тоған-жинағыштарға немесе буландырғыштарға жинауды қарастыру ұсынылады.
|
|
|
3. Технологиялық бөлім
|
Бұл бөлім келесі ақпараттарды қамтиды: зерттелген сынамалар саны, технологиялық зерттеулер жүргізілген (олар жүргізілген уақыт көрсетіледі) институттар, зертханалар мен кәсіпорындар тізімдемесі; минералды шикізат және байыту өнімдерін қайта өңдеу технологиясының меңгерілуі, кедей және қиын байытылатын кенді байыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін осы заманғы технологиялық әдістерді (жер астынан сілтілендірудің геотехнологиялық әдістері, өндіру немесе ірілеп уату кезеңінде радиометриялық байыту және тағы басқа әдістер) қолдану мүмкіндігі туралы мәліметтер; минералды шикізаттың минералогиялық және заттық құрамының сипаттамасы; орындалған технологиялық зерттеулер және зертханалық, ірілендірілген-зертханалық, жартылай өнеркәсіптік және өнеркәсіптік сынақтар нәтижесінде алынған негізгі және ілеспе құрамбөліктер бойынша көрсеткіштер; өңдеудің ұсынылатын сызбасы және ол бойынша байыту кезінде және металлургиялық шекте алынған тауарлық өнім; сондай-ақ айналымды сумен қамтуды қолдану, байыту қалдықтарын өңдеп, кенді емес өнімді алу туралы мәліметтер.
Минералды шикізатты өңдеу технологиясын негіздеу үшін минералды шикізаттың заттық құрамы, тауарлық өнім алу үшін оны өңдеудің мүмкін әдістері және тағы басқа да мәліметтер туралы ақпаратты алу мақсатында өкілдік технологиялық сынамаларда минералогиялық зерттеулер жүргізіледі. Минералды шикізаттың технологиялық қасиеттері туралы мәліметтер кестелік нұсқада келтіріледі.
Технологиялық сынамалардың сәйкестілігін бағалау геологиялық-технологиялық карталау және минералды шикізаттың технологиялық қасиеттерін зерттеу нәтижелері негізінде жүргізіледі. Жекелеген кенді денелер, пайдалы қазбалар денесінің жазылуы және құлауы бойынша учаскелер шегінде технологиялық қасиеттерге (байытылуға) әсер етуші минералды шикізат сапасының көрсеткіштері едәуір ауытқуы анықталған жағдайда, кен орнын игерудің жоспарланған күнтізбелік кестесін және өндірілетін пайдалы қазбаны біркелкілендіру мүмкіндігін ескере отыра, технологиялық ұйғарынды сынамасы ұсынылады. Нысанның технологиялық зерттелуінің қажетті деңгейі Кезеңдер бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу туралы нұсқаулықтық құрамдас бөлігі болып табылатын Қатты пайдалы қазбалардың кен орындарындағы қорлардың сыныптамасына сәйкес анықталады.
Кен орнында жеке өңделуге тиісті кеннің бірнеше технологиялық типтері болған жағдайда, технологиялық сәйкестік сынаманың негізделуі олардың әрқайсы бойынша жүргізіледі.
Кенді өңдеудің ұсынылған сызбасы келесіні қамтамасыз етуі қажет:
1) минералды шикізатты кешенді түрде пайдалану;
2) негізгі және ілеспе пайдалы құрамбөліктерді максималды алу;
3) концентратта пайдалы қазбалардың барынша мол болуы;
4) сирек немесе шашыранды элементтерді, бағалы металдарды селективті өнімге немесе негізгі концентраттарға ілеспе құрамбөліктер ретінде бөлу, бұл элементтер мен металдар олардан металлургиялық қайта өңдеу кезінде алына алады;
5) кенді емес металдарды өнімнің дербес түріне экономикалық қолайлы түрде бөлу;
6) ағынды және айналымдағы сулардан және газ тазалау өнімдерінен алынған бағалы құрамбөліктерді кәдеге жарату;
7) қатты қалдықтарды (аршу жыныстарын, байыту қалдықтарын) жерасты кен қазбаларын төсеу үшін, құрылыс материалдарын өндіру үшін шикізат ретінде және тағы басқа мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі.
Минералды шикізатты қайта өңдеу жұмыс жасайтын байыту фабрикасында, жаңадан салынып жатқан өңдеуші кәсіпорында немесе бос қуаты бар бұрыннан қызмет етуші кәсіпорындарда қарастырылуы мүмкін. Минералды шикізатты өңдеу нәтижесінде алынатын тауарлық өнім қолданыстағы техникалық регламенттер мен стандарттарға толық сәйкес келуі қажет.
Негізгі пайдалы құрамбөліктің әртүрлі борттық құрамдарға қатысты шикізатты өңдеу кезінде алынатын тауарлық өнімнің сапасы қолданыстағы стандарттарға сәйкес бағаланады.
Сонымен қатар, кондициялардың техника-экономикалық негіздемесінде келесіні қарастыру қажет:
1) минералды шикізаттың (ортақ технологиялық тип шегінде) пайдалы құрамбөліктердің, зиянды қоспалардың құрамы бойынша сапасын өзгертуге тигізетін әсері және минералды шикізаттың біркелкілендіру мүмкіндігімен қоса, технологиялық процесс көрсеткіштеріне әсер ететін басқа да қасиеттер;
2) жобалық шешімдерді қабылдауға, қолданыстағы салалық нормативті құжаттарға (технологиялық жобалау нормаларына) сәйкес пайдалы қазбаларды өңдеу бойынша техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеуге, минералды шикізатты өңдеудің жоғары тиімді технологиясы бар жұмыс істейтін немесе жобадағы ұқсас кәсіпорынға негізделген түрде таңдауға қажетті бастапқы деректер.
Кендердегі негізгі және ілеспе компоненттердің құрамы (ТЭН-де) қорларды әр нұсқалы есептеудің деректері бойынша қабылданады, ал байыту өнімдеріндегі (концентраттарда, өнеркәсіп өнімдерінде және қалдықтарда) технологиялық көрсеткіштердің мәндері орындалған зертханалық, ірілендірілген-зертханалық немесе жартылай өнеркәсіптік сынақтамалар негізінде анықталады. Қабылданған технологиялық көрсеткіштерге сәйкес негізгі және ілеспе құрамбөліктердің бөліну балансы құрылады.
Ұсынылған сызбада және жалпы байыту фабрикасы үшін сумен қамтамасыз ету жүйесін (тікелей ағынды, суды қайтара пайдаланатын, айналымды, үйлестірілген) қарастыру қажет. Ең қолайлысы айналымды сумен қамту сызбасы болып табылады: байыту фабрикасы - қалдықтар сақтағыш - байыту фабрикасы, яғни байыту фабрикасының барлық шектері мен циклдерінде тазартусыз және ағын суларды кондиционирлеумен айналымды су ретінде пайдалану. Айналымды су сапасы бойынша шектеулер технологиялық процесс ерекшеліктерімен анықталады және әр циклде әртүрлі болуы мүмкін. Су мөлшерін анықтау, сызба операцияларында сұйықтың қаттығы қатынасын қамтамасыз ету үшін, ұлпа көлемдерін анықтау үшін су балансын құрай отырып және оның өндірілетін шикізаттың бір тоннасына шекті шығынын есептеп, су-қойыртпақ сызбасын есептеу және жобалау қажет.
Байыту фабрикаларының қалдықтық шаруашылығы бойынша негізгі техникалық шешімдер келесіні қамтиды:
1) байыту фабрикасын пайдалану кезінде қалдықтарды орналастыру үшін жеткілікті болатын қалдыққоймаға арналған алаңды таңдау;
2) қалдыққойма типін негіздеу (табиғи, арнайы жасалатын бассейн-қалдық сақтағыш және қатты фазаның тұндырылуы жүретін тағы басқа объектілер);
3) ылғал қалдықтарды тасымалдау және орналастыру әдісін анықтау (қалдықты ұлпаның гидравликалық көлігі және оны түсіру);
4) құрғақ қалдықтарды өртке қарсы және санитарлық нормаларды сақтай отырып, байыту фабрикасы аумағынан тыс орналастыру;
5) ықтимал нұсқаларды техникалық-экономикалық салыстыру негізінде құрғақ қалдықтарды тасымалдау (вагонеткалар, таспалық конвейерлар, аспалы арқандар және басқалар) және орналастыру әдістерін анықтау.
Минералды шикізатты кешенді түрде пайдалану үшін сәйкес олардан кенді емес, стандарттарға сай келетін өнім алу мақсатында байыту фабрикаларының қалдықтарын қайта өңдеу мүмкіндігін қарастыру қажет.
|
|
|
4. Экономикалық бөлім
|
Экономикалық бөлімде капиталдық және пайдаланымдық шығындар, тауарлық өнім бағасы, жылдық табыс, өндірістік пайда, ақша ағымының жиынтығы, уақыттық таза құны, табыстың ішкі нормасының есебі және басқа да көрсеткіштер қамтылған. Кен орнына геологиялық-экономикалық баға беру және кондициялардың есептік параметрлерін негіздеу үшін капиталдық салымдар мен пайдаланымдық шығындар мөлшерін, сондай-ақ тауар өнімінің құнын негіздеу басты орын алады.
Капиталдық шығындар кеніштің қызмет мерзімі мен жылдық өнімділігін анықтаудан соң, бағаланатын кен орнын өнеркәсіптік игеру үшін құрылысы жобаланған нысандар тізімі белгілеген соң есептеледі.
Капиталдық шығындардың құрамдас бөліктері:
тау-кен-капиталдық қазбалар кешені, ғимараттары, құрылыстары мен жабдықтары бар кеніш;
қалдықтық шаруашылығы нысандары мен айналымды сумен қамту жүйесі бар байыту фабрикасы;
кен орнынан қатынас жолдарына дейінгі автомобиль және темір жолдарының учаскесі;
энергия-, су- және жылумен қамтамасыз ету жүйелері, кәріздер;
табиғатты қорғау және табиғатты қалпына келтіру шаралары.
Капиталды және пайдаланымдық шығындар сәйкес шарттарда өндірілетін кен орындарының жобалық және нақты көрсеткіштерімен сәйкестендіру және тікелей есептеу әдісімен анықталады.
Тікелей есеппен тау-кен-капиталдық жұмыстарға капиталды салымдарды, кен жабдығы мен карьер көлігін сатып алу және құрастыруға жұмсалған шығындарды анықтаған жөн. Қосалқы шаруашылыққа жұмсалатын шығындар әдетте ұқсастығына қарай анықталады.
Байыту фабрикасына капиталды салымдар ұқсас-фабрикада минералды шикізаттың жылдық өндірісі бойынша өндірістік қуаттың 1 т шекті шығындар бойынша да анықталады.
Кеніштің, байыту фабрикасының және қосалқы цехтардың технологиялық жабдықтарын сатып алуға жұмсалатын шығындар тасымалдау-дайындау шығындарын есептей отыра, оларды Қазақстан Республикасында сатылуы немесе өндіруші зауыттар бағасы бойынша анықталады.
Алаңнан тыс қолданылатын құрылыстар баламаларын қолдану және 1 км жолдың, ЭӨЖ-нің, су таратқыштардың және сол сияқтылардың құнының іріленген көрсеткіштерін тікелей есептеу арқылы бағаланады.
Ұқсастық бойынша қабылданған капиталды шығындар, әдетте ағымдағы бағаларды индексациялау арқылы ортақ уақытқа келтіріледі.
Капиталдық шығындар ағымдағы баға бойынша мынадай формуламен айқындалады:
Ағымдағы шығындар = (базалық жылдағы шығындар) х (шығындардың ағымдағы индексі)
(базалық жылдағы шығындар индексі).
Капиталдық құрылыстағы бағалар индекстері мердігер-кәсіпорындардың нақты көрсеткіштері бойынша қабылданады, мұндайлар болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері қолданылады.
Пайдалану шығындары жұмыс істейтін кәсіпорындардың көрсеткіштеріне ұқсастық бойынша немесе нормативті-анықтамалық ақпарат бойынша, жүргізілетін жұмыстардың жекелеген түрлеріне калькуляция жасау арқылы есептеледі.
Нормативті-анықтамалық деректер бойынша жұмыс бірлігінің өзіндік құнын анықтау кезінде оларды ұқсас жұмыс жасаушы кәсіпорындардағы өзіндік құнның қымбаттау коэффициентін ескере отырып ағымдағы бағаларға аудару қажет.
Пайдалану шығындары сметасы жасалған соң, кондициялардың ТЭН-не сәйкес технологиялық бөлімдерінде өндірістің күнтізбелік жоспарларын, жабдықтар тізімін, штаттық адам санын, материалдар, электр энергиясының, су, жылу және тағы басқалардың шығыны нормаларын анықтау қажет.
Пайдалану шығындары келесілерге тәуелді:
пайдалы қазбаларды жер астында өндірген жағдайда - кеніштің жылдық өнімділігіне, өндіру тереңдігі, ашу нұсқасы, шығынсыз толтыруға немесе шығынмен толтыруға өндіру жүйесіне;
ашық өндіру кезінде - жылдық өнімділікке, негізгі жабдықтардың, көлік құралдарының типтері мен мөлшерлеріне, карьер тереңдігі мен ашу коэффициентіне.
Бұзылған жерлерді қалпына келтіру шығындары бұзылған жерлердің алаңы мен 1 гектарды қалпына келтіруге шекті шығындар есебімен анықталады.
Пайдалы қазбаларды байыту бойынша шығындар байыту әдісімен және руда құрамымен, фабриканың белгіленген өнімділігіне сәйкес анықталады.
Жалпы комбинаттық шығындар өндірудің және байытудың өзіндік құнына байланысты және әдетте цехтық шығындардың 8-10% құрайды.
Өндірістен тыс шығындар цехтық тиеу-түсіру жұмыстарынан және концентратты ортақ пайдаланылатын темір жол желісіне дейін тасымалдаудан құралады.
Қоршаған ортаны қорғау шығындары өндірістік қызметтің сипатына және жергілікті жердің жағдайына байланысты, олар жеке есептеледі және пайдалану шығындарына қосылады.
Пайдалану шығындары сметасының негізгі құрамбөліктері келесілер болып табылады:
жергілікті жұмыскерлер үшін орташа айлық жалақыдан есептелетін, кәсіпорында жұмыс жасайтын қызметкерлер еңбегінің құны; шетелдік мамандар үшін орташа мөлшерлеме тәуліктік тұрмыс, жұмыс орнына және кері қайту жолы, тұру шығындарын ескере отыра, есептеледі; еңбекақыға есептелетін төлем (әлеуметтік салық, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру);
ағымдағы бағалар бойынша шикізаттың, материалдардың, отындардың, қосалқы бөлшектердің құны. Байыту фабрикалары үшін реагенттерді таңдау және олардың қорлары сәйкес кәсіпорындармен аналог бойынша анықталады;
электр және жылу энергиясына шығындар ағымдағы тарифтер бойынша есептеледі. Тұтынатын электр энергиясының мөлшері қолданылатын электр жабдығының шекті қуаты негізінде есептеледі;
табиғатты қалпына келтіруге жұмсалатын ағымдағы шығындар;
жөндеу жұмыстары және негізгі қорларды ұстау;
амортизациялық төлемдер;
басқару шығындары.
Экономикалық есептердің маңызды құрамбөлігі шикізаттың металлургиялық өңделуіне жұмсалатын шығындарды анықтау болып табылады, ол әдетте келесіні қамтиды:
кенді немесе концентратты тасымалдауға жұмсалатын шығындар;
металлургиялық өңдеуге жұмсалатын шығындар;
өнімді өткізу бойынша басқа да шығындар (сақтандыру, маркетинг және тағы басқалар).
Материалдық шикізаттардың әртүрлері үшін металлургиялық өңдеуге жұмсалатын шек кең аяда ауытқитынын ескеру қажет. Осыған байланысты кеніштің нақты табысы түсті металдар (мыс, мырыш, қорғасын, никель) кен орындары үшін соңғы өнімнің (металдың) жалпы құнының 50-70%, ал алтын және күміс кен орындары үшін 95-98% құрауы мүмкін.
Кондициялар ТЭН-сі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жерді пайдаланушылардың шығындарын өтеу қарастырылуы қажет.
Өз қызметін заңнамаға сәйкес жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырушы жер қойнауын пайдаланушы кен орнын игеру салдарын жою қорына (резервтік қор) жасаған аударым сомасын шегеруге жатқызады. Бұл қорға аударымдар мөлшері мен тәртібі жер қойнауын пайдалану келісімшартында белгіленеді.
ТЭН-де көзделетін табиғатты қорғау шараларының экономикалық бағасы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексімен) белгіленеді.
Минералды шикізат өніміне бағалар кен орнының кез-келген геологиялық-экономикалық бағасында ең маңызды құрамдас бөлік болып табылады. Олар баспасөзде немесе арнайы басылымдарда жарияланатын Лондон биржасындағы металл бағаларының негізінде қабылданады.
Металдардың және минералды шикізаттың басқа да түрлерінің бағасын анықтау кезінде әр жылдары аталмыш көрсеткіштердің елеулі ауытқуын болдырмауға мүмкіндік беретін, уақыттың белгілі кезеңінде (20-25 жыл) баға мен валюта бағамының өзгеру динамикасын негізге алу қажет. ТЭН-нің есебінде соңғы өнім құнын және басқа да көрсеткіштерді анықтау кезінде теңгедегі және халықаралық тауар нарықтарында басымдылыққа ие, ал қазіргі уақытта АҚШ доллары болып табылатын валютадағы бағалар қолданылуы мүмкін.
Бағаланатын кен орнын өнеркәсіптік игерудің экономикалық тиімділігі туралы оңтайлы шешім қабылдау үшін әртүрлі нұсқалы борттық құрам кезінде есептелген қорлардың, игеру әдістері мен жүйелерінің, технологиялар және тағы басқалардың салыстырмалы қаржылық талдауы жүргізіледі. Әрбір нақты нысанда бағалау нұсқалары дербес анықталады.
Кен орнын бағалау және оның қорларының баланстық тиістілігін анықтау кезінде қолданылатын негізгі экономикалық ұғымдар мен көрсеткіштер:
ақша ағымы;
дисконттирлеу коэффициенті;
қазіргі таза құны;
табыстың ішкі нормасы (табыстылықтың ішкі мөлшерлемесі);
капитал салымдарының өтелу мерзімі және басқалар.
Кондицияларды әрнұсқамен техника-экономикалық негіздеу кезінде оңтайлы ретінде негізгі, сондай-ақ ілеспе пайдалы қазбалар мен құрамбөліктердің қолданысы ескерілетін тауарлық өнімнің сатылымынан сомадағы ақша ағымы мөлшерінде берілген, кен орнын өндірудің барлық мерзімі аралығында инвестициялардан ең жоғарғы жиынтық экономикалық әсерді қамтамасыз етуші нұсқа қабылданады.
Егер кен орнын игеруді кезекпен жүргізу жоспарланса, және жекелеген кезеңдер кен-геологиялық және техника-экономикалық көрсеткіштер бойынша ерекшеленетін болса, әр кезек (кезең) бойынша есептер жеке және кәсіпорынның қызмет ету мерзімі аралығында жалпы жүргізіледі.
Кондициялар параметрлері оңтайлы нұсқа базасында белгіленеді.
Кондициялардың ТЭН-ің аясында жүзеге асырылатын қаржылық бағалар олардың көлеміне жағымды және теріс әсер етететін негізгі факторларды қарастыруды қамтиды (жоба сезімталдығының талдауы). Оларға дайын өнімге бағаның өзгеру мүмкіндігі (ең елеулі фактор), кендердегі пайдалы құрамбөліктердің нақты орташа құрамының ауытқуы, капиталды және пайдалану шығындарын бағалау кезінде жіберілген қателіктер және тағы басқалар. Бұл факторлардың барлығының жоба экономикасына әсері табыстың ішкі нормасы (IRR) мөлшеріне және жобаның қазіргі құнына (NPV) тәуелділігіне өзгерісін бейнелейтін арнайы есептер көмегімен зерттеледі. Әдетте ауытқымалы ауыспалы мәндердің (баға, шикізат сапасы, пайдаланымдық шығындар мөлшері, өнімнің шығарылу көлемі) 3 нұсқасы (оңтайлы, оптимистік, пессимистік) қарастырылады.
Әртүрлі өнеркәсіптік типті және өндіріс әдістері әртүрлі кен орындарының геологиялық-экономикалық бағалау мысалдары.
|
|
|
5. Кондициялар
|
Кондицияның негізгі параметрлері әртүрлі пайдалы қазбалардың қорларын есептеу және бағалау, жиектеу үшін қолданылатын, нақты көрсеткіштердің шекті мәндерін білдіреді. Олар геологиялық, тау-кен-техникалық және кен орындарын пайдаланудың өзге де шарттарын, өндірілетін шикізаттың және одан жасалатын соңғы өнімнің саны мен сапасына қойылатын талаптарын ескере отырып анықталады.
|
Мәтіндік, кестелік және графикалық қосымшалар
|
мәтіндік қосымшалар
|
Мәтіндік қосымшаларға мынадай құжаттардың көшірмелері енеді:
1) кондициялардың ТЭН-ін әзірлеуге арналған геологиялық (техникалық) тапсырмалар;
2) бұрынғы кондицияларды бекіту туралы ҚМК-ның хаттамалары;
3) тау-кен кәсіпорнының құрылысына арналған тау-кендік бөлуді алу туралы;
4) өндірудің нақты көрсеткіштері (кендегі құрамбөліктердің мөлшері, шығындар мен құнарсыздану), байытылуы, су ағымдары, газдың бөлінуі, тау-кен соққысының білінуі туралы анықтамалар;
5) өндіруші кәсіпорын қызметінің нақты экономикалық көрсеткіштері туралы (өнімділігі, күрделі шығындар, пайдаланымдық шығындар, тауар өніміндерінің бағалары және басқалар);
6) кеннің қатардағы немесе өзге де талдауын тексеруді және талдаулардың нақтылығының тиісті сыныбын растайтын (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартымен аккредитацияланған ұйымның басшысы қол қойған анықтама);
7) технологиялық сынақтарға арналған зертханалық және өзге де сынамаларды іріктеу актісі;
нақты кен орнының ерекшелігіне байланысты басқа да мазмұндағы құжаттар.
|
кестелік қосымшалар
|
Кестелік қосымшалардың тізбесіне мыналар енеді:
1) пайдалы құрамбөлік мөлшері анықталған борттық құрам кезекпен төмендегенде өсірілетін, борттық құрамның және интервалдардың шартты мәнінің бірінші нұсқасы бойынша қазбаларды сынамалау деректері бойынша кенді интервалдарды бөлу кестесі (ақпараттардың үлкен көлеміне байланысты аталмыш кесте электронды түрде беріле алады);
2) тау-кен қазбалары, ұңғымалар, есептік қималар, тіліктер мен нұсқалар блогы бойынша орташа құрамдарды, қуаттарды, көлем массаларын есептеу кестелері;
нұсқалар бойынша минералды шикізаттардың технологиялық сұрыптары мен игеру әдістері бойынша қорларды есептеу кестесі;
3) блоктардың көлемі мен алаңдарын есептеу кестелері;
кондициялардың жобасын негіздеу кезінде қолданылатын техникалық-экономикалық көрсеткіштер кестесі;
4) кен орындары бойынша минералды шикізаттың борттық құрамының негіздемесі бойынша әр нұсқалы техникалық-экономикалық есептеулер нәтижелерінің кестесі;
минералды шикізаттың борттық құрамының ұсынылған нұсқасы бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштер кестесі;
5) кондициялардың ұсынылған нұсқасы бойынша металдар балансының кестесі;
өнеркәсіптік құрылысқа, жабдықтарды, материалдарды, отынды, реагенттерді және тағы басқаларды сатып алуға капиталдық шығындарды есептеу кестесі;
6) шығындардың өзіндік құнының баптары бойынша калькуляцияланатын пайдалану шығындарды есептеу кестесі;
7) амортизациялық аударымдарды есептеу кестесі;
8) тауарлық өнім құнын есептеу кестесі;
9) кен орнын бағалаудың қаржы-экономикалық моделі;
10) жоба сезімталдығының графигі;
11) қажеттілігі кен орнының белгілі бір ерекшеліктеріне немесе өзге де факторларға байланысты болуы мүмкін басқа да кестелер.
|
графикалық қосымшалар
|
Кондициялардың ТЭН-нің графикалық қосымшаларына мыналарды сипаттайтын материалдар енеді:
1) кен орнының геологиялық-құрылымдық жағдайы, оның геологиялық құрылысының ерекшеліктері, морфологиясы, пайдалы қазбалар денесінің жайылу шарттары мен мөлшері, онда құнды құрамбөліктердің кеңістікте таралуы, минералды шикізаттың өнеркәсіптік типтері (сұрыптары);
2) ұсынылатын геологиялық және есептік қималардағы, деңгейжиектік жоспарлардағы, есептеу және сынамалау жоспарларындағы баланстық және баланстан тыс қорлардың кеңістіктегі орны, пайдалы қазбалардың борттық құрамының қабылданған нұсқалары бойынша баланстық және баланстан тыс қорларды есептеу контурлары (кондициялардың ұсынылған параметрлері бойынша қорлар контурлары ерекше бөлінеді);
3) кен орнын аршу сызбасы, қорларды ашық және жерасты әдістерімен өндіру шекаралары және тау-кен жұмыстарының әсер ету аймақтары;
4) шикізатты өңдеу технологиясы (құрамбөліктің борттық құрамының ұсынылған нұсқасы бойынша сапалық-сандық сызбасы).
Кен орнының гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайын бейнелейтін графикалық қосымшалар тізбесіне мыналар енеді:
1) 1:1000–1:10000 масштабындағы сызбалық гидрогеологиялық карта;
2) 1:1000-1:10000 масштабындағы сызбалық инженерлік-геологиялық карта;
3) көлденең – 1:1000-1:10000, тік – 1:1000-1:2000 масштабындағы сызбалық гидрогеологиялық қималар;
4) 1:1000-1:2000 масштабындағы геологиялық қималардың желілері бойынша инженерлік-геологиялық ауданға бөлу сызбалары.
Жаңа кен орындары үшін оның құрылысы үшін алдын ала алаң таңдау негізінде орындалған, болашақта салынатын кәсіпорын нысандарын орналастырудың жағдаяттық жоспар-сызбасы қоса беріледі.
Кондициялардың ТЭН-ін қарастыру кезеңіне ҚМК-ға технологиялық және басқа да мамандандырылған зерттеулер бойынша есептер ұсынылады.
|
Қатты пайдалы қазбалар бойынша қорларды есептеу жөніндегі түпкілікті есептің нысаны
|
1.
|
Есептің мәтіндік бөлігі
|
1) кіріспе;
|
Бөлімде мыналар көрсетіледі:
1) кен орнының әкімшілік және географиялық орны, оның шекаралары мен ауданы; климаты, орогидрографиясы, ауданның жер бедері мен сейсмикалылығы; энергия- және сумен қамту көздері, көлік және басқа да коммуникациялары; жұмыс күшімен қамтылуы; ауданда басқа кен орындарының және пайдалы қазбалар көрінісінің болуы; кен орнының ашылу тарихы, зерттеулі, барлануы және игерілуі туралы қысқаша мәліметтер; барлау жүргізу негіздемесі, жұмысты жүргізуші ұйымдар; жер қойнауын пайдалану құқығы туралы (келісімшарт нөмірі мен жасалған күні); жер қойнауын пайдаланушы және жер қойнауын пайдалану шарттары туралы ақпарат;
2) кесте түрінде – хаттамалардың нөмірлері, күндері көрсетілген, ҚМК бұрын бекітнкен қорлар мен кондициялар туралы, қалған немесе баланста тұрған қорлар туралы деректер; ҚМК ұсынымдарының орындалуы туралы мәліметтер;
3) қайтадан барланған кен орындары (учаскелер) үшін – минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу жөніндегі болашақ кәсіпорынның өндірістік қуаты және болжамды игеру әдістері; оны қолданудың белгіленген және ықтимал бағыттары; кондициялардың техникалық-экономикалық негіздемесінің (бұдан әрі – ТЭН) деректері бойынша, барланған қорлар базасындағы кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері; оны игерудің тиімділігі туралы мәліметтер; минералды шикізаттың және барланған кен орнының бәсеке қабілеттілігі;
4) игерілудегі кен орындары үшін – минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорынның нақты және жобалық өндіргіштігі; қосымша барланған қорлардың кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімділігін арттыруға ықтимал әсері.
|
2) кен орнының геологиялық құрылысы;
|
«Кен орнының геологиялық құрылысы» бөлімі мынадай ақпараттардан тұрады:
1) ауданның зерттелуі және геологиялық құрылысы туралы қысқаша мәліметтер; барланған кен орын ауданының жалпы геологиялық құрылымындағы ұстанымы;
2) кен орынның (учаскенің) геологиялық құрылысы, оның шекарасы; кен денелерінің жату жағдайын, морфологиясын және пайдалы қазбалар сапасын айқындайтын құрылымдық, литологиялық және өзге де факторлар; геологиялық-өнеркәсіптік типі және кен орнының генезисі туралы түсініктер;
3) пайдалы қазбалар денесінің сипаттамасы, олардың кен орын учаскелері бойынша таралуы; формасы мен құрылысының ерекшеліктері – жату жағдайы, сыналану сипаты, пайдалы қазбалар денелері параметрлерінің өзгергіштігі (қуаты, ұзындығы, ені, құлау бұрыштары) – кесте түрінде; олардың геологиялық, геофизикалық және басқа да деректермен созылуы және құлауы бойынша үйлесу негіздемесі; негізгі, ілеспе құрамбөліктердің және зиянды қоспалардың таралу заңдылығы; пайдалы қазбалар денелерінде байытылған учаскелердің (соның ішінде «кен бағанасының») және бос қабатшалардың болуы және орналасу ерекшеліктері, оларды геометрлеу ықтималдылығы; пайдалы қазбаның карсталғандығын анықтау;
қоры пайдалы қазбалардың нақты денелерін геометрлемей, кенділік коэффициентін қолдана отырып, жалпы сұлбада есептелетін кен орындары бойынша – кеңістіктіктегі жағдайын, кондициялық пайдалы қазбалар учакелерінің қалыпты формалары мен өлшемдерін бағалау және оларды селективті игеру ықтималдылығын негіздеу;
4) шашыранды кен орындары бойынша – шашылымдарды оқшаулаудың геоморфологиялық (палеогеоморфологиялық) ерекшеліктерінің сипаты; оның формасы, өлшемдері, құрылысы, жату жағдайы; өнімді қабаттардың, торфтардың құрамы мен қуаты, плотик құрылысы; құмдағы, торфтардағы және плотик жыныстарындағы бағалы құрамбөліктердің мөлшері; пайдалы минералдар түйіршіктерінің өлшемі, пішімі және жұмырлық дәрежесі, минералдағы пайдалы құрамбөліктердің немесе алтын сынамасының мөлшері; түйіршік құрамы, тасқорымдығы, саздылығы, құм мен торфтарды судың басуы;
5) қосымша жүргізілген геологиялық барлау немесе өндіру жұмыстары нәтижесінде алынған ақпараттарға сәйкес кен орнының (учаскенің) геологиялық құрылысы туралы бұрынғы түсініктерінің өзгеруі (осы өзгертулерді түсіндіретін және қайтадан қабылданған түсіндірмені негіздейтін материалдарды қоса беру);
6) кен орнының геологиялық құрылысының күрделілік тобы, оның барлау мақсаты үшін негіздемесі;
7) барланған пайдалы қазбаның кен орын және кен алабы шегінде болжанған ресурстарын (P1, P2) бағалау;
8) өнеркәсіпте қолданылуы мүмкін кен орындарында ілеспе пайдалы қазбалардың бар болуы және зерттелуі.
|
3) геологиялық барлау жұмыстарының әдістемесі;
|
«Геологиялық барлау жұмыстарының әдістемесі» бөліміне мына мәліметтер енгізіледі:
1) топографиялық және маркшейдерлік негіздер, түсірілім жүргізу уақыты, координаттар жүйесі және барланған қазба және ұңғымаларды тіректі желіге құрал-сайманмен бекіту тәсілдері;
2) кен орынды зерттеу сатылығы, барлау тереңдігі, жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының түрлері мен көлемі (кесте түрінде);
3) кен орнының бетін және терең қабаттарын зерттеу әдістемесі, мақсаты, жерастындағы тау-кен қазбаларының орналасу және бағытталу жүйесі (тік, көлденең, көлбеу), пайдалы қазбалар денесінің қабатталуы және қиылысуы;
4) кен орынның геологиялық ерекшеліктеріне, жтау жағдайына, пайдалы қазбалар денелерінің өлшемі мен заттық құрамына, оларда пайдалы құрамбөліктердің таралу сипатына қарай, қорлардың түрлі санаттары үшін тау-кен қазбалары мен ұңғымалар желісінің қабылданған геометриясы мен тығыздығыны негіздеу.
Пайдалы қазба денелерінің қиылысуының толықтылығы және олардың жайылу және құлау бойынша зерттелуі.
Барлаудың қолданылған техникалық құралдары, барлаудың түрлі техникалық құралдарының деректері бойынша қорытындыларды салыстыру;
5) кен орнындағы учаскелердің барлану дәрежесі және олардың бірінші кезектегі өндіруге дайындылығын талдау;
6) ұңғымалардың мақсаты, тереңдігі, диаметрі, бұрғылау тәсілдері; бұрғылау ұңғымалары оқпанының қисаюы, өлшеу нәтижелері және оларды бағалау.
Бұрғылау ұңғымаларының кернінің жай-күйі, оның сызықтық, салмақтық, көлемдік шығысы (қойыртпақ шығысы) – пайдалы қазбалар бойынша және қоршауыш жыныстар бойынша орташа, керн шығысының ауытқу шегі (кесте түрінде). Керн (қойыртпақ) шығысын бақылау, материалдың көлемі, оның саны мен сапасы бойынша байыптылығын бағалау. Керннің немесе қойыртпақтың аз шығысындағы ұңғыма пайызы (аралығы), олардың есептелген қордың дұрыстығына әсер етуі.
Таңдалған жайылуды және керн байыптылығын зерделеу бойынша зерттеу қорытындылары, алынған деректердің дұрыстығын бағалау.
Пайдалы қазба денелерінің тік бұрышта (кемінде 30º) қиылысу саны, қорларды есептеу кезінде алынған деректерді қолдану ықтималдылығының негіздемесі;
7) жүргізілген геофизикалық зерттеулердің сипаттамасы. Зерттеудің геофизикалық әдістерін қолданып шешілген геологиялық тапсырмалардың тізімі; қолданылған әдістер кешенінің негіздемесі; зерттеудің барлық түрлері көлемінің жиынтық кестесі; кен орны алаңының геофизикалық әдістермен зерттелу дәрежесі; геофизикалық зерттеумен қамтылған ұңғымалар мен тау-кен қазбалар саны (барлығы, соның ішінде қорды есептеуге қатысқандары).
Геофизикалық зерттеу деректерін бұрғылаумен немесе тау-кен қазбаларымен растау, растау көлемі мен қорытындылары; геофизикалық қорытындыларды түсіндіру әдістерінің сенімділігін және дұрыстығын бағалау; пайдалы қазба денелерінің байланыстарын, қуатын, жатқан тереңдігін анықтаудағы қателіктер, пайдалы құрамбөліктердің және зиянды қоспалардың мөлшері, сонымен қатар геологиялық деректермен салыстырылған басқа да параметрлер.
Қатты пайдалы қазбалар қоры есептелген есепке енгізілген геофизикалық материалдардың ұсынылатын толықтылығы осы Басшылыққа 2-қосымшада, ал темір кенінің кен орындарының қорын барлау және есептеу кезінде ұңғымалардағы геофизикалық зерттеу деректерін пайдалану ерекшеліктері – осы Басшылыққа 3-қосымшада берілген. Одан басқа, көмірдің барланған қорын есептеу кезінде ұңғымаларды геофизикалық зерттеу қорытындыларын қолдану шарттары «Көмір мен жанғыш тақтатастар қорының сыныптамасын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі №124 бұйрығымен реттеледі;
8) пайдалы қазбаларды сынамалаудың қабылданған әдістемелерінің негіздемесі; сынамалау әдістері (геологиялық, геофизикалық) мен тәсілдері (керндік, қойыртпақтық, атыздық және басқалары), көлемі, соның ішінде есептеуге қатысатын сынама саны (кесте түрінде). Сынамалардың тау-кен қазбаларында орналасуы, секция ұзындығы және атыз қиылысы, сынамаланатын кенжарлар арасындағы арақашықтық.
Сынамалау сапасы. Қалыңдығы бойынша сынамалау толықтығы. Қоршауыш жыныстарды сынамалау. Сынама қиылыстарын сақтауды және олардың салмағын бақылау. Сынамалардың теориялық және нақты салмақтарының қатынасы. Бақылау сынамасының көлемі мен тұрақтылығы. Сынамалаудың түрлі әдістері мен тәсілдері үшін құрамы мен қалыңдығын анықтаудағы кездейсоқ қателіктерді бағалау (сынама мен аралық үшін).
Керндік және атыздық сынамалаудың дұрыстығын бағалау, ірі-көлемді сынамалау нәтижелерімен салыстыру. Тікелей растау мен жанама салыстыру көлемі (растау бойынша ең төменгі қажетті соңғы бақылау саны кен орындарындағы бұрғылау бойынша кен қиылыстарының жалпы көлемінен 5-10% құрайды). Құрамын анықтаудағы жүйелі қателіктердің бар немесе жоқ болуы; түзету коэффициенттері, олардың мәні мен қолдану әдістерінің негіздемесі.
Тау-кен қазбаларындағы және бұрғылау ұңғымаларындағы құрамбөліктердің мөлшерін анықтайтын геофизикалық әдістердің қолданылуы; жұмыстардың көлемі (рентген-радиометрикалық каротаж бойынша бақылау сынамаларының ең төменгі қажетті саны қатардағы сынамалар қорын есептеуге қатысатын жалпы санның 15-20% құрайды); геологиялық әдістермен бақылау қорытындылары. Құзыретті ғылыми кеңестер мен ұйымдар қолданған әдістерді бекіту туралы мәліметтер.
Топталған сынамалар, оларды жасау әдістері, олардың жалпы саны, соның ішінде қорларды есептеуге қатысатындары. Топталған сынамаларды жасау дұрыстығын бақылау. Топталған сынамалармен сипатталған пайдалы қазбалар аралығының меншікті салмағы; олардың аудан және қима бойынша пайдалы қазба денелерін қамту біркелкілігі;
9) сынаманы өңдеу сызбасының негіздемесі. Өңдеу сапасын бағалау, оның мөлшері, тұрақтылығы, нәтижелері (соның ішінде қысқарту өнімдері, телнұсқалар бойынша бақылау). Сынаманы өңдеудегі кездейсоқ қателіктер, өңдеу сапасы туралы қорытындылар. Пайдалы құрамбөліктің таралу біркелкілігінің дәрежесіне байланысты «К» коэффициентінің негіздемесі (эксперименттік, ұқсастық бойынша);
10) аналитикалық жұмыстар: орындалған зертханаларды көрсете отырып, негізгі, бақылау және төрлік талдауларды жүргізу көлемі мен әдістері (кесте түрінде). Талдау жүргізу әдістерінің қолданыстағы стандарттарға немесе басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес келуі. Талдауларды (ішкі, сыртқы және төрелік) геологиялық бақылау деректерін өңдеу нәтижелері кесте түрінде. Талдау жұмыстарының сапасы негізгі, ілеспе пайдалы құрамбөліктер, зиянды қоспалар, фазалық талдаулар аналитикалық жұмыстар сапасы қанағаттанарлықсыз болған кезеңдер. Талдаулардың қанағаттанарлықсыз сапасының себептері, оларды жою нәтижелері. Олардың қорлардың дұрыстығына әсерін бағалау және пайдалы қазбалардың қорын есептеу үшін пайдлану мүмкіндігін негіздеу. Ұсынылатын түзету коэффициенттерінің және оларды қолдану тәсілдерінің негізділігі;
11) пайдалы қазбалардың түрлі типтерінің көлемдік массасын анықтау саны мен әдістері (үлгілер, кентіректер немесе геофизикалық әдістер бойынша); түрлі әдістермен алынған нәтижелер, оларды салыстыру (кесте түрінде). Пайдалы қазбаның химиялық және минералогиялық құрамының, жарықшақтығының және оқпалығының көлемдік салмақ мәніне әсері. Оны регрессиямен теңестіру бойынша анықтау. Қорды есептеу үшін қабылданған көлемдік салмақ мәнінің негіздемесі.
Пайдалы қазбаның табиғи ылғалдылығын анықтау саны мен нәтижелері (кесте түрінде), көлемдік салмақты есептеу кезінде олардың нәтижелерін есепке алу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |