Атырау қаласы. Индер ауданы.
Есбол селосы
Кулагино ұлттық гимназиясы
ІІ санатты химия пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: §14 Химиялық реакция теңдеулері
Мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға химиялық теңдеу туралы мағұлмат бере отырып,
химиялық реакция теңдеуін құра білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушыларға химиялық теңдеулерді жазып және оны теңестіре
білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың білімін
жетілдіру және белсенділігін, қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі: тренинг – сабақ (білім мен іскерлік дағдыны жетілдіру)
Сабақтың әдісі: Дәріс, сұхбат, топтастыру
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, химиялық реакция теңдеулері.
Пәнаралық байланысы: математика, информатика, физика.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Н.Нұрахметов, т.б. Химия – 8сынып
2. Д.М.Кирюшкин, т.б. Химияны оқыту методикасы
3. Н.Нұрахметов, т.б. Химия жұмыс дәптері – 8 сынып
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Келісім шарт қабылдау.
Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;
Бір – бірімізді тыңдаймыз;
Бір ғана адам сөйлейді;
Өз ойларымызбен бөлісеміз;
Бос сұрақтар болмайды;
Уақытты үнемді пайдаланамыз.
Танысу.
«Қар көшкіні» ойыны. Әр топтың оқушылары өз аттарын айтады. Әрбір оқушы өз атын айтар алдында бұрынғы оқушының атын қосыпайтады.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
«Ой қозғау» сұрақ – жауап.
Химиялық реакция дегеніміз не?
Химиялық формула дегеніміз не?
Массалық үлес қалай белгіленеді?
Валенттілік дегеніміз не?
Зат құрамының тұрақтылық заңын кім ашты?
Топтық жұмыс.
І топ тапсырмасы:
1. Тұрақты І валентті элементтерді жазыңдар.
2. Мына қосылыстардағы: ZnS, Al2S3, Na2S, PbS, Fe2O3 әрбір элементтің
валенттілігін қойыңдар.
3. Мына заттардағы: а) СаО, б) Р2О5, в) Fe2O3 әрбір элементтің массалық үлесін
есептеп шығарыңдар.
ІІ топ тапсырмасы:
1. Тұрақты ІІ валентті элементтерді жазыңдар.
2. Мына қосылыстардағы: СаО, FeCl3 , Н2О, Мg3N2, SiCl4 әрбір элементтің
валенттілігін қойыңдар.
3. Берілген қосылыстарды: а) СаО, б) H2SO4, в) SO2 құрайтын элементтердің массалық қатыныстарын табыңдар.
ІІІ топ тапсырмасы:
1. Тұрақты ІІІ валентті элементтерді жазыңдар.
2. Мына қосылыстардағы: МgО, К2О, SnO2, Na3N, MnCl2 әрбір элементтің
валенттілігін қойыңдар.
3. Химиялық қосылыстың құрамына 40% Сu, 20% S, 40% O кіреді. Осы химиялық
қосылыстың формуласын табыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспары: 1.Химиялқ теңдеу.
2. Химиялық теңдеуді жазудың ережесі.
Негізгі ұғымдар:
Химиялық теңдеу.
Реагент
Өнім
1. Химиялық теңдеу дегеніміз – химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу.
Әрекеттесуші заттар – реакцияға кіріскен реакцияласушы заттар не қысқаша реагенттер деп аталады.
Жаңадан түзілген заттар реакциядан шыққан заттар немесе өнімдер деп аталады.
2. Химиялық теңдеуді жазудың ережесі:
1. Реагенттердің формуласын жазу:
H2 + O2 →
2. Өнімнің формуласы:
H2 + O2 → H2O
3. Химиялық теңдеуді теңестіру:
2H2 + O2 → 2H2O
Сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс:
І топ тапсырмасы:
1. Оқулықтағы §14 бойынша негізгі ұғымдарды анықтау.
2. 42 беттегі 5 жаттығуды орында.
ІІ топ тапсырмасы:
1. Оқулықтағы §14 бойынша сұрақтар құру
2. 42 беттегі 6 жаттығуды орында.
ІІ топ тапсырмасы:
1. Оқулықтағы §14 бойынша сызбанұсқа құру.
2. 42 беттегі 7 жаттығуды орында.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
І топ тапсырмасы: 28 беттегі №73 тапсырманы орында
ІІ топ тапсырмасы: 28 беттегі №74 тапсырманы орында
ІІІ топ тапсырмасы: 29 беттегі №75 тапсырманы орында
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
«Кім жылдам» аукционы
Са Р H2 C
О2 ?
О2 ?
Сl2 ?
О2 ?
Не білемін?
|
Не білдім?
|
Не білгім келеді?
|
|
|
|
Бағалау.
Үйге тапсырма: § 14. 42 беттегі. 4,8 жаттығулар.
Достарыңызбен бөлісу: |