Министр по инвестициям и развитию республики казахстан


Мұнай, газ және конденсаттың шығарып алу козффициенттерінің техника-экономикалық негіздеуін ресімдеуі және мазмұнына



жүктеу 2,76 Mb.
бет4/5
Дата14.11.2018
өлшемі2,76 Mb.
#19820
1   2   3   4   5

Мұнай, газ және конденсаттың шығарып алу козффициенттерінің техника-экономикалық негіздеуін ресімдеуі және мазмұнына





  

- шығарып алу коэффициенттерін ТЭН-де шоғырды ұтымды жүргізе, осы нақтылы жағдайларда мақұлданған технологиялар мен өндіру техникасын қолданып және жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтай отырып, экономикалық тиімділік шегіне дейін пайдаланғанда мұнай, газ және конденсатты жер қойнауынан мейлінше толық (түгел) шығарып алу қажеттілігі ескеріледі.

- шығарып алу коэффициенттері барланған кен орындары үшін СІ және С2 категориялы, ал пайдаланудағы кен орындары үшін А+В+СІ және С2 категориялы геологиялық қорлар негізінде есептеп шығарылады.

- ТЭН негіздеу пайдалану жүйесінің бірнеше варианттарын технологиялық және техникалық-экономикалық есептеу нәтижелері бойынша жүргізіледі.






ТЭН мәтінінде мына мәліметтер болуы тиіс

- кен орынның геологиялық құрылысы және оның  геологиялық қорларына қысқаша сипаттамасы;
- өнімбергіш қабаттардың физикалық параметрлері мен  олардың әркелкілігі;
- қабаттық және жер бетіндегі жағдайлардағы флюидтердің физикалық-химиялық қасиеттері;
- сынамалау, сынақтық (алғашқы тәжірибелік) және тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жүргізілген жағдайда тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстар нәтижелерін талдау жасау;
- шоғырлардың геологиялық-физикалық есептік модельдерін негіздеу;
- пайдалану объектілерін негіздеу;
- пайдаланудың есептік варианттарын таңдап алу;
- шығарып алу коэффициенттерін жорамалдаудың әдістерін таңдап алу; пайдаланудың экономикалық көрсеткіштерін есептеу үшін қабылданған күрделі мен пайдалану шығындарын негіздеу;
- пайдалану варианттарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін және шығарып алу козффициенттерін бағалау.

Барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша жерасты суларының пайдаланылатын қорлары есептелген есеп нысаны

1.

Есептің текст бөлігі

1) Кіріспе

1) суға мұқтаждық негіздемесі, бұрыннан бар объектіні сумен жабдықтау туралы деректер, бекітілген қорларды және нақты суалуды мұқтаждылықпен салыстыру, оны қанағаттандыру көздері; кен орнындағы (учаскедегі) барлау гидрогеологиялық жұмыстарды жүргізу қажеттілігін негіздеу; жерасты суларының нысаналы мақсаты, олардың сапасы және пайдаланылу режиміне қойылатын талаптар;

2) суалу сызбалары, жерасты суларын нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі және суды пайдалану талаптары, суалудың қоршаған табиғи ортасына, емдік минералды, өнеркәсіптік және жылу энергетикалық суларға мүмкін әсерлері – пайдаланылған суларды (өнеркәсіптік ағындылар) тастау, жою немесе көму мүмкіндігі;

3) Кен орнын (учаскені) игерудің белгіленген мерзімдері. Бірнеше бәсекеге қабілетті нұсқалардың болуы кезінде – барланған сумен жабдықтау көзін, учаскені және суалу сызбасын таңдау кезінде негізі ретінде алынған техникалық-экономикалық көрсеткіштердің сипаттамасы;

4) Аудандағы жерасты судың бұдан бұрын бекітілген немесе қабылданған пайдалану қорлары (алдыңғы бекітулердің немесе ГКЗ немесе ТКЗ қорларын қабылдау хаттамаларының күндері және нөмірлері, кестелін нысанындағы санаттар бойынша қорлары), сонымен қатар барланған, бірақ бекітілмеген қорлар туралы мәліметтер. Аудандағы қарастырылатын және ұқсас кен орындары (учаскелері) бойынша алдыңғы шешімдерде қамтылған ГКЗ (ТКЗ) ұсынымдарын орындау;

5) Орындаушы ұйымдар және қосалқы орындаушылар (жұмыстар түрлері бойынша), далалық және ғылыми өңдеу жұмыстарын жүргізу мерзімдері. Жұмыстарды орындаушы тұлғалардың тізімі, олардың зерттеулерді жүргізу және есепті жасауға қатысу дәрежесі.


2) Жұмыстар ауданы және кен орны (учаске) туралы жалпы мәліметтер

1) Кен орнының (учаскенің) әкімшілік және географиялық қалпы, оның суды тұтыну объектілеріне дейінгі қашықтығы; жақын елді мекендер және оларға дейінгі қашықтық; қатынас жолдары; кен орнының (учаскенің) шекаралары және оның ауданы;

2) Климат: ауданның метеорологиялық зерттелгендігі (метеорологиялық станциялар, олардың биіктік қалпы және әрекет ету кезеңі); ауа температурасы, атмосфералық жауын-шашындар (сипатталатын жылдар үшін айлық және жылдық сомалар, жауын-шашындардың жиналу коэффициенттері), беткі және жер асты суларының айнасынан булану, қар жамылғысы (көп жылдық мәндері және айлар немесе маусымдар бойынша бөліп тарату) туралықысқаша мәліметтер;

3) Ішетін және техникалық суларының кен орындары үшін гидролоогиялық талаптары: зерттеу ауданының гидрогарфиялық желісі, ағын сулардың, су қоймаларының және жайылма учаскелердің морфометрлік сипаттамалары, суландыру каналдарының желісі, суландырылатын егіншілікке арналған алқаптар; гидрологиялық зерттелгенділік – гидрологиялық станциялардың және суөлшеуіш посттарының желісі, стационарлық және экспедициялық зерттеулер туралы мәліметтер (бақылау пункттерінің орналасқан жері, суды жинау алқаптары, кестелердің нөл белгілеулері және бақылаулар құрамы), бақылау деректерінің анықтығын және гидрологиялық зерттелгенділік дәрежесін бағалау; гидрологиялық режимнің жалпы сипаттамасы, қоректеу және мұз режимінің сипаттамасы, сипатталатын жылдар үшін судың деңгейлерімен шығыстарының орташа, айлық, жылдық және экстремалды мәндері, судың жайылымға шығу белгілеулері, жайылымның су басу жиілігі, ұзақтылығы және шекаралары, арналар мен жағалардың деформациялану сипаты, ағын сулардың (су қоймалырының) қатуы және кебуі және ағынның болмау кезеңінің ұзақтылығы, ағын дефицитінің кезеңі, беткі ағын шамасының жерасты суларының белгіленген алыну ауқымдарының қатынасы туралы мәліметтер; мелиорациялық іс-шаралар туралы мәліметтер, техногендік факторлардың әсерінен ағынның табиғи режимінің бұзылу дәрежесі.

Емдік минералды, өнеркәсіптік және жылу энергетикалық сулардың кен орындары үшін, ауданның гидрологиялық сипаттамасы осы суларды қалыптасты талаптарды айқындау үшін қажетті көлемінде келтіріледі



3) Кен орнының геологиялық құрылысы және гидрогеологиялық талаптары

1) Ауданның геологиялық құрылысы: Стратиграция, литология,тектоника және ауданның геологиялық дамуының тарихы туралы қысқаша мәліметтер; кен орнының жыныстардың белгілі бір кешендерімен және геологиялық құрылымдарымен байланысы; жерасты су қорларының төрттік шөгінділерде есептеу кезінде – ауданның қысқаша геоморфологиялық сипаттауы;

2) Ауданның гидрогеологиялық талаптары: Қазақстанның гидрогеологиялық аудандаудың жалпы сызбасындағы зерттеулер ауданының қалпы; қойылған міндеттерді шешу үшін қызығушылығынбілдіретін тереңдікке арналған стратиграфиялық қимасы жыныстарының сулылық сипаты туралы қысқаша мәліметтер; сулы деңгейжиектердің (кешендердің) және оларды бөлуші суға төзімді (әлсіз өткізетін) қабаттарын бөлетін таралуы, қуаттылығы, құрылысы және ұстамдылығы; жерасты су деңгейлерінің қалпы; аумағы және қимасы бойынша сусыйымдылықты жыныстардың сүзгілік қасиеттерінің өзгеру сипаты; ұңғымалардың дебиттері және салыстырмалы дебиттері, бұлақтар мен топтық тоғандардың дебиттері; жерасты судың қоректеу және жүктелу талаптары, жерасты және беткі сулардың өзара байланыс сипаты, сонымен қатар көп қабатты жүйелердің сулы деңгейжиектерінің өзара байланыс сипаты; жерасты және олармен байланысқан беткі сулардың сапасы.

Емдік минералды, өнеркәсіптік және жылу энергетикалық суларды барлау бойынша есепте өңірлік тектоникалық бұзушылықтардың болуын және олардың ауданның гидрогеологиялық ахуалға әсерін; жерасты судың өңірлік динамикасының негізгі ерекшеліктерін (арындарды құру аумақтары, жерасты суларының қозғалыс бағыттары, босату аумақтары немесе талаптары), қабаттық және артық қысымдарды; жерасты судың минералдануы мен химиялық құрамын, пайдалы және зиянды компоненттердің жерасты сулардағы концентрациясын, суда еріген және кенет бөлінген газ құрамын, жоспардағы және қимадағы гидрохимиялық көрсеткіштердің өзгеру заңдылығын; ауданның геотермиялық жағдайларын, қабаттық температураларды және ұңғыма сағасындағы (әртүрлі дебиттер кезінде) температураны көрсету қажет.

Сулы деңгейжиектерді (кешендерді) және жеке учаскелерді салыстырмалы бағалау, орындалған барлау жұмыстарын қою үшін объектілерді (сулы деңгейжиектердінемесе кешендерді және олардың учаске шеңберлерінде) таңдауды негіздеу;

3) Ауданның және бағытын анықтаған кен орнының (учаскенің) геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, геофизикалық және т.б. зерттелгендік дәрежесін, орындалған барлау гидрогеологиялық жұмыстардың көлемін бағалау.

Бағаланатын кен орнын (учаскені) ашу, барлау және әзірлеу туралы қысқаша мәліметтер;

4) Кен орны (учаске) аумағы бедерінің және геоморфологиясының ерекшеліктері, ормандылығы немесе батпақтылығы, ағын сулардың, су қоймаларының, құрылыстардың және ауылшаруашылық алқаптарының болуы, суалу учаскесіндегі құрылыстың инженерлік-геологиялық жағдайлары;

5) Кен орнының (учаскенің) геологиялық-гидрогеологиялық жағдайлары*: ашылған сулы деңгейжиектердің жату және таралу сипаты, жерасты су деңгейлерінің қалпы; сусыйымдылықты жыныстардың құрамы және фациялық өзгергіштігі, ал сызатты және карстелгендер үшін – аумағы және қимасы бойынша сызаттылық және карстелгендік сипаттамасы; сулы деңгейжиектердің өзара және беткі сулармен өзара байланысының мүмкін талаптары; бөлгіш суға төзімді немесе әлсіз өткізетін қабаттардың сипаттамасы; сусыйымдылықты жыныстардың сүзгілеуіш қасиеттерінің жалпы сипаттамасы, оларды аумағы және қимасы бойынша өзгергіштігі. Сулы деңгейжиектердің беттерінен бірінші жерасты су қорларын бағалау кезінде, сонымен қатар тоғандарды жасанды сумен толтыру бойынша іс-шараларды негіздеу кезінде – аэрация аймағындағы жыныстың литологиялық құрамы және қуаттылығы, олардың су өткізгіштігі, гранулометрлік және сулы-тұзды құрамы. Жерасты суларды қоректеудің негізгі көздері, оларды босату жағдайларының сипаттамасы.

Егер барлау жұмыстары бірнеше кен орындары (учаскелері) шеңберінде жүргізілген болса, сипаттауы олардың әрбірі бойынша жекелей беріледі; учаскелердің бірдей геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлары кезінде жалпы сипаттауына рұқсат етіледі;

6) Кен орнының (учаскенің) гидрогеологиялық жағдайларының күрделілік дәрежесі туралы және пайдалану қорларын қалыптастыруды анықтайтын негізгі факторлар туралы тұжырымдар



4) Қолданыстағы тоғандарды пайдалану режимін талдау

1) Ауданда әрекет етуші тоғандар бойынша деректер: сумен жабдықтау объектілері, тоғандарды орналастыру, олардың типтері, орналасу сызбалары және техникалық күйі, пайдалану, бақылау ұңғымаларының, басқа да шегендеу құрылыстарының конструкциясы; өнімді сулы деңгейжиектерді ашу сипаты; ашу тәсілі және дәрежесі, пайдалану тәсілі; тоғанның жұмыс мерзімі, өнімділігі, судың динамикалық деңгейлері, пайдаланудың барлық кезеңі үшін және жыл маусымдары бойынша олардың өзгеруі; пайдалану уақытында және жылдық қимасында су сапасының өзгеруі; су дебиттерін, деңгейлері мен температура өлшемдерінің тәсілдері және жиілігі, сапаны бақылау тәсілі және анық өлшеулер мен талдауларды бағалау;

2) Жерасты суларды пайдалану режимінің негізгі заңдылықтарын сипаттау және түсіндіру, пайдалану режимінің сипаты (анықталған анықталмаған) және оны ескертетін себептері туралы тұжырымдар; жерасты судың пайдалану қорларын қалыптастырудың негізгі көздерінің сапалы және сандық сипаттамалары; пайдалану деректері бойынша негізгі есептік гидрогеологиялық параметрлерін анықтау.

Емдік минералды, өнеркәсіптік, жылу энергетикалық сулар үшін – пайдаланудың барлық кезеңі үшін уақыттағы тоғанның сомалық өнімділігінің өзгеруі, осы өзгеріс себептері (суды іріктеуді шектеу, тоғанды кеңейту, ұңғымаларды жерасты суларын пайдаланудың басқа тәсіліне көшіру, кен орнының табиғи мүмкіндіктерімен байланысқан табиғи себептері және т.б.); жерасты суларының температурасының және сапасының өзгеруі (ионды-тұздықұрамы, минералдануы, пайдалы және зиянды компоненттерді қамтуы, газ құрамдаушысы, механикалық қоспалары); жерасты суларының агрессиялығы, тұздарды сілтісіздендіру процестері; пайдаланылған суларды (өнеркәсіптік ағындыларды) тастау, жою немесе көму тәсілдері.

Ұңғымаларды пайдалану режимінің талдамасы жеке сулы деңгейжиектер мен тектоникалық блоктары бойынша беріледі;

3) Жерасты суларын іріктеудің қоршаған табиғи ортасына әсерін бағалау: су қоймаларының тайыздануы, беткі ағындардың қысқаруы, өсімдіктер сипатының өзгеруі, карстық және басқа геологиялық процестердің белсендірілуі, беттердің шөгуі және т.б.;

4) Ауданда жұмыс істейтін шаруашылық-ауыз су мақсатындағы тоғандарды жасанды сумен толтыру жүйелерінің болуы кезінде – олардың жұмысының қысқаша сипаттамасы; пайдалану мерзімі, жинау ғимараттарының сызбалары мен өлшемдері, олардың өнімділігі; тоғандарды жасанды сумен толтыру технологиясы, режимі және параметрлері – толтыру тереңдігі және бассейндер үшін жинау жылдамдығы, ағын шамасы және айдау ұңғымаларының суды сіңіру шығысы, үзіліссіз жинау (сүзгі айналымы) және жинау ғимараттарын тазартуға арналған үзілістердің ұзақтылығы; жерасты суларының режимі; жинауға берілетін судың сапасы және тоғандарды жасанды сумен толтыру процесінде жерасты сулар сапасының өзгеруі туралы деректер; тау жыныстарын кольматациялау процестерінің сипаттамасы және бассейндердің түбінде лайлы тұнбалардың қалыптасуы туралы деректер; жинау ғимараттарының жұмыс тәжірибесін тоғандарды жасанды сумен толтыруды гидрогеологиялық негіздеу кезінде алынған болжамдардың нәтижелерімен салыстыру



5) Барлау гидрогеологиялық жұмыстарды әдістемесі және негізгі нәтижелері

1) Кен орнын (учаскенің) бұдан кейінгі зерттеуге немесе игеруге дайындаудың қажетті дәрежесінен тәуелді барлау жұмыстарын өткізу тапсырмалары және әдістемесі, ал емдік минералды, жылу энергетикалық, өнеркәсіптік сулары үшін – барлау жұмыстары қою және зерттеу тереңдігі үшін алқаптарды таңдауды негіздеу. Орындалған жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің жиынтық кестесі;

2) Барлау ұңғымаларын (қазбаларды) орналастыру жүйесі, саны, нысаналы мақсаты, тереңдіктері, диаметрлері және конструкциясы, ұңғымаларды бұрғылау немесе тау қазбаларын (шурфтарды, жыраларды, қазаншұңқырларды және т.б.) ұңғылау бірізділігі, тәсілдері және технологиясы.

Емдік минералды, өнеркәсіптік, жылу энергетикалық сулар үшін – құбырсырты кеңістікті цементтеу және шегендеу құбырларының ұстындарының саңылаусыздығын тексеру тәсілдері; ақаулы ұңғымаларды тығындау және жою бойынша орындалған жұмыстардың сипаттамасы; қорларды есептеу кезінде есепке алынуға жатпайтын ұңғымалардың (қазбалардың) тізімі және оларды алып тастау себептері; бұрғылау процесінде ұңғымалардағы зерттеулерді жүргізу түрлерін, көлемдерін және әдістемелерін негіздеу: геофизикалық, интервал бойынша қабылдау және т.б.; ұңғымаларды қабылдауға дайындау: өнімді деңгейжиектерді ашу тәсілдері және ұңғыманың суды қабылдау бөлігінің сипаттамасы; ұңғымадан су тарту; ағынды қарқындату бойынша жұмыстар; тәжірибелік жұмыстарды жүргізу үшін ұңғыма сағаларын жабдықтау; суды көтеру жабдығын пайдалану, оның негізгі техникалық деректері; өлшегіш жабдық, оның техникалық сипаттамалары. Сулы деңгейжиектер мен аймақтарды бөліп қабылдау тәртібі, оларды бір бірінен оқшаулау және оқшаулау беріктігін тексеру тәсілдері;

3) Тәжірибелік-сүзгілеу жұмыстарының (тартып шығару, шығару, құю, айдау), тәжірибелік бірлестіктер сызбаларының түрлері және көлемдері. Тәжірибелік-сүзгілеу жұмыстарын жүргізу әдістемелері мен технологиясының сипаттауы: сорғы жабдығы, ауытқу дәрежесі және сипаты, жалпы және дебиттің жеке сатыларындағы ұзақтылық, жылдың белгілі бір маусымына ыңғайластырылғандығы, ұңғымалардағы деңгейлер мен дебиттерді өлшеу тәсілдері мен жиілігі; тартып шығару немесе шығару режиміне әсер ететін басқа факторлардың сипаттамасы (барометрлік қысымы, табиғи және бұзылған жағдайлардағы беткі, сонымен қатар жерасты суларының деңгейі мен шығыстарының өзгеруі); тартып шығарылатын судың, оның зерттелетін сулы деңгейжиегіне кері жиналу мүмкіндігін, сонымен қатар қоршаған табиғи ортасына кері әсер ету мүмкіндігін ескертетін бұрылу сипаттамасы; деңгейдің қалпына келтірілуі бақылау ұзақтығы және жиілігі; бағаланатын емдік минералды, өнеркәсіптік, жылу энергетикалық жерасты суларды агрессиялығын және олардан тұздың бөлінуін, сонымен қатар пайдаланған суды (өнеркәсіп ағындарын) тастау (көму) талаптарын зерттеумен байланысқан зерттеу сипаты, көлемі және әдістемесі. Тәжірибелік-сүзгілеу жұмыстарының нәтижелері;

4) Геофизикалық зерттеулердің түрлері, көлемдері және жүргізу әдістері; кен орнын барлау туралы деректерді өңдеу кезінде олардың нәтижелерін пайдалану толықтығы;

5) Жерасты су режимін бақылау, гидрологиялық және су баланстық зерттеулерінің қүрамы және әдістемесі, бақылау пункттерінің орналасуы, жүргізілген бақылаулармен зерттеулердің құрамы, көлемдері және әдістемесі, негізгі нәтижелері;

6) Жұмыс істейтін тоғандарды және оларды жасанды сумен толтыру жүйелерін тексеру кезінде орындалған жұмыстардың құрамы, көлемдері және әдістемесі;

7) Суды нысаналы пайдалануды және оны ластаудың мүмкін көздерінің болуын ескерумен жерасты және беткі сулардың сапасын зерттеу бойынша жұмыстардың құрамы және көлемдері; сынаманы алу кезеңділігін және аумағы және тереңдігі бойынша сынамалау желісінің қоюлығын негіздеу; бақылау талдамаларының саны.

Ілеспелі компоненттері бар өнеркәсіптік және жылу энергетикалық сулар үшін – технологиялық сынамаларды алу әдістері және орындары, олардың саны және көлемі; зерттеулерді жүргізу институттардың, зертханалардың немесе кәсіпорындардың атауы, оларды өткізу уақыты;

8) Сынамалау желісінің және аралықтарының анықтауларын, қоюлығының әртүрлі түрлерінің нысаналы мақсатын негіздеуімен, сулы деңгейжиектерін жинайтын, олардың әлсіз өткізетін қабаттарын және аэрация аймағын бөлетін тау жыныстарын сынамалау әдістемесі және көлемдері: талдауларды жүргізу әдістері.

9) Арнайы зерттеулерді (радиоизотопты, индикаторлық, гидрогеотермиялық, жердегі геофизикалық, мамандандырылған түсірілімдер және т.б.), олардың көлемдері, желі қоюлығын және оларды орындау кезеңділігін, олардың нәтижелерін көрсетуімен жүргізу міндеттері және әдістемесі;

10) Тоғандарды жасанды сумен толтыру қарастырылған учаскелерде барлау жұмыстарын жүргізу кезінде – жасанды сумен толтырудың қабылданған тәсілін, тәжірибелік жинау ғимараттарының конструкцияларын, өлшемдерін және санын, бақылау ұңғымаларын және басқа да бақылау пункттерін орналастыру сызбаларын, тәжірибелік құю немесе айдаудың жалпы ұзақтылығы мен режимін, бассейнге немесе айдау ұңғымасына берілетін су деңгейін және шығысын өлшеу тәсілін және жиілігін, бассейндердегі тәжірибелік жинау процесінде немесе ұңғымаларға айдау (құю) кезінде талдаулардың әртүрлі түрлеріне беткі және жерасты судың сынамаларын алу тәсілін және жиілігін негіздеу: аэрация аймағындағы жынысты кольматациялау процесін зерттеу әдістемесі, лайлы тұнбалардың және лайлы топырақтың сынамаларын, олардың физикалық-механикалық және сулы-физикалық қасиеттерін анықтау үшін тәсілдері, жиілігі және көлемдері. Зерттеу нәтижелері;

11) Кен орнының (учаскенің) зерттелгендік және сүзгілеу сызбаларын, тоған сызбаларын, жерасты судың пайдалану қорларын есептеуді негіздеу, қоршаған табиғи ортасына суды іріктеудің әсерін бағалау үшін алынған нәтижелердің жеткіліктігінің толықтығы туралы тұжырымдар


6) Жерасты және беткі су сапасының сипаттамасы

1) Кен орнының (учаскенің) гидрохимиялық жағдайларының жалпы сипаттамасы. Бағаланатын сулы деңгейжиектердегі судың сапасының егжей-тегжейлі сипаттамасы: судың типі, ауытқу шектері және жалпы минералдану және қаттылықтың жалпы шамалары, негізгі химиялық компоненттердің және органикалық көрсеткіштердің құрамдылығы және олардың жыл маусымдары бойынша өзгеруі. Шекті ұйғарындылармен салыстырғанда суды нысаналы пайдалануға сәйкес нормаланатын компоненттердің құрамдылығы және көрсеткіштердің мәндері: су сапасының қойылатын талаптарға сәйкестілігін бағалау: осы талаптардан шегіну кезінде – судың сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар (жұмсарту, темірсіздендіру, зарарсыздандыру, фторлау, фторсыздандыру және басқасы);

2) Судың тұзды құрамының қалыптасуын анықтайтын факторлар; пайдалану кезінде бағаланатын жерасты су сапасының өзгеруінің ықтимал көздерінің – жұмылдырылатын беткі сулардың, басқа сулы деңгейжиектердің жерасты суларының, бағаланатын сулы деңгейжиектердің кондициясыз суларының егжей-тегжейлі сипаттамасы; су сапасының өзгеру және оның суды тұтынудың есептік мерзіміне арналған кондициялану болжамы;

3) Кен орны және тоған учаскесі аумақтарының санитарлық сипаттамасы. Жерасты және онымен байланысқан беткі суларды ластаудың бұрыннан бар және әлеуетті көздері; тоғанды санитарлық күзету аймағының негіздемесі; беткі және жерасты суларды ластанудан қорғау бойынша ұсынылатын іс-шаралар;

4) Тоғандарды жасанды сумен толтыру үшін беткі суларды белгіленген пайдалану кезінде – осы сулар сапасының сипаттамасы және оның жыл маусымдары бойынша және көп жылдық кезеңінде өзгеруі, сонымен қатар өзеннің (су қоймасының) ластану дәрежесінің өзгеруі және суда механикалық қоспалардың құрамдылығы; тоғандарды жасанды сумен толтыру кезінде жерасты су сапасының өзгеруін жылжу және жиналуы кезінде өздігінен тазаруын ескерумен болжамдау; қажеттілік кезінде – суды беруді кезеңдік ажырату немесе алдын ала суды дайындау әдістерін қолдану бойынша ұсынымдар



7) Есептік гидрогеологиялық параметрлерді анықтау және қорларды есептеу үшін басқа деректерді негіздеу

1) Есептік гидрогеологиялық параметрлер және қорларды есептеу үшін қажетті басқа да деректер; орындалған зерттеу нәтижелерін түсіндіру әдістері; есептік формулалар және оларды қолдану негіздеулері;

2) Гидрогеологиялық параметрлерді: сүзгілеу коэффициенттерін, пьезо- және деңгей өткізгіштікті, су бергіштікті, бөлгуш қабаттарды сүзгілеу коэффициенттерін, ағып өту коэффициенттерін, арналық тұнбалардың қарсылығын, аэрация аймақтарындағы жыныстарды сүзгілеу коэффициенттерін және лайлы қабаттың сүзгілеу параметрлерін, қуаттылықты және жерасты су қорларын есептеу кезінде пайдаланылған басқа параметрлерді және деректерді есептеу нәтижелері;

3) шынайы жеке мәндерді талдау және оларды брактау қағидалары; параметрлерді орталау әдістері, есептік мәндерді таңдау және оларды қорларды есептеу кезінде пайдалану мүмкіндігін негіздеу; параметрлердің әлдеқайда өзгергіштігі кезінде олардың аумағы және қимасы бойынша өзгеруінің анықталған заңдылықтарын негіздеу; кен орнын (учаскені) параметрлердің есептік мәндері бойынша бұғаттау


8) Жерасты суларының пайдалану қорларын есептеу

1) Бағаланатын жерасты суларын пайдалану режиміне қойылатын талаптар: суды тұтынудың есептік мерзімі, жыл ішіндегі қимасындағы тұтынушылық суды іріктеу кестесі, судың динамикалық деңгейлерінің шекті тереңдіктері, ұңғымалардың минималды дебиттері және т.б;

2) Табиғи талаптарды, есептеу сызбалары, қорларды және есептік тәуелділіктерді есептеу әдісін схемалаудың қабылданған қағидаларын негіздеу; есептік тәуелділіктерге кіретін (сонымен қоса бекітуге ұсынылатынын көрсетуімен әртүрлі сызбалар бойынша есептеудің бірнеше нұсқалары кезінде) барлық бастапқы деректерді келтірумен жерасты судың пайдалану қорларын есептеу;

3) Жерасты су қорларын математикалық модельдеу әдістерімен есептеу кезінде – шығарылатын мәселенің сипатына және табиғи жағдайлардың ерекшеліктеріне сәйкес модельдің егжей-тегжейлігін негіздеу; есептік сызбасын құрастыру әдістемесі, оның сипаттауы; техникалық құралдардың сипаттамасы және мәселені шешу кезінде оларды пайдалану негізділігі; қабылданған әдістерді және шешу алгоритмдерін негіздеу; сүзгілеу алаңын блоктарға бөлу қағидалары; бастапқы және шекті талаптарды беру әдістемесі, кері, инверсиялық және болжамдық тапсырмаларды шешу әдістемесі; алынған деректерді сипаттау және талдау; кері және болжамды тапсырмаларды шешудің негізгі ақырғы нұсқалары бойынша шығыстардың теңгерімін есептеу нәтижелері;

4) Тоғандарды жасанды сумен толтыруды ескерумен қорларды есептеу кезінде – жерасты су қорларын толтыру көлемдерін жинаудың сүзгі айналымынан кейінгі орташа орта жылдық жылдамдығын болжамдау, тоғаннан жинау ғимараттарын ұтымды жинау негіздемесі (оттықты тазартудың қажетті дәрежесіне сүйене отырып), үзіліссіз жинау ұзақтылығы, жинау ғимараттарын тазарту көлемі және ұзақтылығы; пайдалану қорларын есептеудің қабылданған әдісін және жинау ғимарттарыдың ұсынылатын сызбасына және олардың жұмысының белгіленген режиміне қолданылмалы тоғандарды жасанды сумен толтыруды ескерумен қорларды бағалау нәтижелерін негіздеу;

5) Жыл ішінде үзіліссіз суды тұтыну кезінде жерасты судың пайдалану қорларын есептеу (жерлерді суармалау, жайылымды суландыру және т.б.) соңғы жыл ішінде суды тұтынудың берілген бірқалыпты емес режимін ескерумен үзіліссіз бірқалыпты суды іріктеу талаптары үшін жүргізіледі. Бекітуге үзіліссіз пайдалану режиміне қолданылмалы санаттарға жатқызылған қорлары ұсынылады;

6) Бұлақтар бойынша жерасты су қорларын есептеу кезінде, 95% асыру ықтималдығымен судың орташа тәулікті шығыстарын есептеу, ал суды іріктеудің берілген кестесі кезінде бұлақ суы шығысының өзгергіштігіне сәйкес – 95% асыру ықтималдылығымен судың шығысын жыл ішіндегі үлестіру есебі жүргізіледі;

7) Жерасты судыңпайдалану қорларын қалыптастыру көздері; табиғи қорлардың және ресурстардың, сонымен қатар кен орнының (учаскенің) жұмылдырылатын жерасты су қорларының мөлшерін есептеу. Кен орындарының жалпысу теңгерімін есептеу және жерасты суларының пайдалану қорларын қалыптастырудың негізгі көздерін сандық бағалау негізінде жерасты судың пайдалану қорларының қамтамасыз етілгендігі;

8) Жерасты судың пайдалану қорларын олардың зерттелгендік дәрежесіне сәйкес санаттандыру қағидалары; қорлардың теңгерімдік қатыстылығын, есептелген қорлардың санын – жалпы және санаттар бойынша санын анықтау (жалпылай кен орны бойынша және учаскелер, сулы деңгейжиектері, сапа көрсеткіштері және судың нысаналы пайдаланылуы бойынша жекелей кестелік нысанында беріледі)









9) Жерасты суды іріктеудің қоршаған табиғи ортасына әсерін бағалау және оны қорғау бойынша іс-шаралары

1) Пайдалануға белгіленген тоғанның суды тұтынудың есептік мерзімі үшін жұмысының бұрыннан бар тоғандарға әсерін бағалау (деңгейдің қосымша кесінділерінің мөлшері, пайдалану қорларының мүмкін өзгерістері);

2) Беткі ағынның өзгеру болжамы, оның ықтимал қысқару мөлшері (жерасты суларының табиғи босатылуын салыстыру, транзиттік ағын бөлігін шығару), көлдердің, су қоймалары аумағының тірі табиғи қиылуының өзгеруін, лайлануын болжамдау;

3) Жерасты сулары деңгейінің өзгеруін болжамдау және және онымен байланысқан өсімдіктердің ықтимал өзгеруін болжамдау (олардың даму талаптарының жерасты су деңгейінің орналасқан жерімен өзара байланысы туралы деректердің болуы кезінде);

4) Құрғатылған жыныстарды қайталар шоғырландыру процестерімен байланысқан жет бетіндегі мүмкін тұнуын, суффозиялы-карстық процестердің қарқындауын болжамдау;

5) Қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша іс-шаралар





10) Тоғандарды жобалау және пайдалану бойынша ұсынымдар

1) Суалу ғимараттарын орналастыру сызбасы, олардың конструкциялары, жерасты суларын пайдалану режимі, резервті ұңғымалардың және бақылау желісінің нүктелерін саны және оларды орналастыру, іріктеліп алынатын жерасты суларының саны және сапасы және депрессиялардың дамуын режимдік бақылау құрамы бойынша, тоғандарды жасанды сумен толтыру бойынша ұсынымдар;

2) Жерасты суларын ұтымды пайдалану бойынша ұсынымдар; жерасты суларын сарқылуы және ластануынан қорғау бойынша іс-шаралар;

3) Беткі ағынға келтірілген шығынды өтеу тәртібі және көздері (қажеттілік кезінде)





11) Қорытынды

1) Кен орнының (учаскенің) геологиялық құрылысы және гидрогеологиялық жағдайларының зерттелгендік дәрежесі, жерасты суларының сапасы және оларды пайдалану талаптары туралы негізгі тұжырымдар. Бекітуге ұсынылатын санаттар бойынша пайдалану қорларының саны. Қажеттілік кезінде – кен орнының (учаскенің) жерасты су қорларының өсу перспективалары;

2) Барланған кен орнының (учаскенің) жерасты суларын пайдаланудың ауданның жалпы су теңгеріміне және қоршаған табиғи ортасына әсері;

3) Аудандағы және кен орнындағы бұдан әрі барлау гидрогеологиялық жұмыстарды бағыттау бойынша ұсынымдар


Жерасты суларының пайдаланылатын қорларын қайта есептеу жөніндегі есеп нысаны







1) Кіріспе

Қайта бағалау сәтінде аталған кен орнын пайдалануға қатысатын барлық ұйымдар мен кәсіпорындар туралы (бұдан әрі – су тұтынушылар) мәліметтер. Суды іріктеу құрылымы және суға мұқтаждық туралы мәліметтер (қалыптасқан және перспективалы); судытұтыну субъектілерінің заңды өзара қатынастары, бассу тұтынушысының болуы, арнайы суды пайдалануға арналған Лицензиялар және Келісімшарттар, Рұқсаттар туралы мәліметтер; су тұтынушыларының жерасты суларын нысаналы пайдалану бөлігіндегі ниеттері, олардың сапасына және пайдалану режиміне қойылатын талаптардың ықтимал түзетілуі







2) Кен орнының (учаскенің) қысқаша сипаттамасы

Кен орнының (учаскенің) әкімшілік және географиялық орналасқан жері, гидрометеорологиялық сипаттамалары, геологиялық құрылысы, гидрогеологиялық және гидрохимиялық жағдайлары туралы мәліметтерден бөлек, қорларды бекіту уақытынан кейін орын алған гидрогеологиялық жағдайлардың өзгерістер туралы (жеке сулы деңгейжиектердің құрғатылуы немесе қуаттылығының өзгеруі, қабат ішіндегі қысымның, арындардың төмендеуі, шекаралық талаптарының, қоректеу және босату талаптарының өзгеруі) мәліметтер келтіріледі. Сондай-ақ, пайдалану ұңғымаларының дебиттері және салыстырмалы дебиттері, басқа тоғандармен мүмкін өзара әсерлері және оның дәрежесі; гидрохимиялық талаптарының өзгеруі, химиялық құрамының тұрақтылығы және өнеркәсіптік компоненттердің қамтылуы туралы мәліметтері, жоспар және қимадағы кондицияланбаған су туралы мәліметтерді келтіріледі







3) Кен орнын тексеру нәтижелері (екінші топ үшін – игерілген кен орындары)

Қайта бағалау сәтінде объектілердің экологиялық күйін сипаттайтын мәліметтер, тоғандардың учаскелерін тексеру актілерінің негізінде келтіріледі. Қоршаған ортаға жерасты суларын іріктеп алу әсерін бағалау қосымша келтіріледі: су қоймаларының тартылуы, беттік ағымдардың қысқаруы, өсімдіктер сипатының өзгеруі, карстық және басқа да геологиялық процестердің белсендірілуі, беттің шөгуі.

Учаскелер мен кен орындарының санитарлық күйі санитарлық-гидрогеологиялық тексерістердің деректері бойынша сипатталады; санитарлық қорғау аймағының (бұдан әрі - СҚА) барлық үш белдеулері үшін әзірленген қорғаушы іс-шараларды іске асыру және тиімділігінің дәрежесі туралы деректері келтіріледі, қажеттілік кезінде химиялық және бактериологиялық ластаудың әлеуетті көздерінің туындауы (жойылуы), суды іріктеудің өзгеруімен байланысты объектінің түзетілген СҚП негіздеу жүргізіледі.

Тоғанның техникалық күйі сондай-ақ қайта бағалау бойынша жұмыстар кезеңінде натуралық тексеру актілері негізінде сипатталады. Тексеру тоғанның әсер ету аймағында орналастырылған барлық қазбаларда жүргізіледі. Ұңғымалар күйін бақылау әдістерінің сипаттауы жүргізіледі: фототелеметрия, кавернометрия, расходометрия; ұңғымалардың техникалық күйін сипаттайтын негізгі нәтижелері (тереңдіктері, диаметрлері, сорғылардың, ұңғыма үстіндегі және басқа да каптажды құрылыстардың күйі, өлшегіш аппаратурасының болуы және күйі, тұзды қалыптастыру, зең басу процестерінің көріну қарқындылығы). Тоғандарды және бақылау ұңғымаларын бұдан әрі пайдалану перспективалары, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының бағдарлы көлемдері туралы тұжырымдар.

Судың сапасын жақсарту бойынша қолданылатын қондырғылар жұмысының тиімділігі туралы тұжырымдар (жұмсарту, темірсіздендіру, зарарсыздандыру, фторлау, фторсыздандыру, деманганация)









4) Қосымша гидрогеологиялық зерттеулер әдістемесі (олар өткізілген жағдайда)

Орындалған жұмыстардың түрлері және көлемдері туралы мәліметтер; нысаналы мақсатын, зерттеу әдістемеерін, негізгі нәтижелерін көрсетуімен жұмыстардың әрбір түрлерінің сипаттамасы, қорларды қайта бағалау мақсаты үшін орындалған түрлері мен көлемдерінің жеткіліктігін бағалау.

Жерасты судың пайдалану қорларын қайта бағалау мақсаттары үшін қосымша бұрғыланған ұңғымаларды орналастыру жүйесі, көлемі, нысаналы мақсаты, тереңдіктері, диаметрлері және конструкциялары.

Тәжірибелік-сүзгілеу жұмыстарының түрлері және көлемдері (тартып шығару, шығару, құю, айдау).Тәжірибелік бірлестіктер сызбалары.Тәжірибелік-сүзгілеу жұмыстарын жүргізу әдістемелері мен технологиясының сипаттауы: сорғы жабдығы, ауытқу дәрежесі және сипаты, жалпы және дебиттің жеке сатыларындағы ұзақтылық, жылдың белгілі бір маусымына ыңғайластырылғандығы, ұңғымалардағы деңгейлер мен дебиттерді өлшеу тәсілдері мен жиілігі; тартып шығару немесе шығару режиміне әсер ететін басқа факторлардың сипаттамасы (барометрлік қысымы, табиғи және бұзылған жағдайлардағы беткі, сонымен қатар жерасты суларының деңгейі мен шығыстарының өзгеруі); тартып шығарылатын судың, оның зерттелетін сулы деңгейжиегіне кері жиналу мүмкіндігін, сонымен қатар қоршаған табиғи ортасына кері әсер ету мүмкіндігін ескертетін бұрылу сипаттамасы; деңгейдің қалпына келтірілуі бақылау ұзақтығы және жиілігі; бағаланатын емдік минералды, өнеркәсіптік, жылу энергетикалық жерасты суларды агрессиялығын және олардан тұздың бөлінуін, сонымен қатар пайдаланған суды (өнеркәсіп ағындарын) тастау (көму) талаптарын зерттеумен байланысқан зерттеу сипаты, көлемі және әдістемесі. Тәжірибелік-сүзгілеу жұмыстарының нәтижелері.

Геофизикалық зерттеулерді жүргізу түрлері, көлемдері және әдістемесі, пайдалану қорларын қайта бағалау мақсаттары үшін деректерді өңдеу кезінде олардың нәтижелерін пайдалану толықтығы.

Жерасты сулар режимінің құрамы және бақылау әдістемесі, бақылау пункттерінің орналасуы, жүргізілген бақылаулар мен зерттеулердің құрамы, көлемдері және әдістемесі, негізгі нәтижелері.

Судың нысаналы пайдаланылуын және оны ластаудың мүмкін көздерінің болуын ескерумен жерасты және беткі сулардың сапасын зерттеу бойынша жұмыстардың құрамы және көлемдері, талдауларды жүргізу әдістері, зерттеуді жүргізген зертхананың атауы, талдауларды және зертханаларды бақылау.

Сулы деңгейжиектерді жинайтын, сынамалаудың анықтауларының, желі қоюлығын және аралықтарының әртүрлі түрлерінің нысаналы мақсатын негіздеуімен олардың әлсіз өткізетін қабаттары мен аэрация аймағын бөлетін тау жыныстарын сынамалау әдістемесі және көлемдері








5) Кен орны шеңберіндегі өзгерістер сипаттамасы (бірінші топ үшін – барланған кен орындар)

Алдыңғы қарастыру сәтінен бастап орын алған экологиялық және техногендік өзгерістер туралы деректер: жерасты суларын мүмкін ластау көздері – өнеркәсіп және ауылшаруашылықтың жаңа объектілерінің құрылысы және пайдаланылуы (зауыттар, фабрикалар, кеніштер, фермалар, жинақтаушылар, елді мекендер), ластаушылардың сипаттамасы, пайдалану қорларын қалыптастыру көздеріне әсер ету процестерінің бағыттылығы, олардың жерасты суларының сапасына әсерін, қорлардың күйі мен мөлшеріне әсер ету дәрежесін бағалау.

Өзендер, көлдер, бұлақтардың гидрологиялық режимінің өзгеруі, дамбалар, бөгеттер, су қоймалары, каналдардың құрылысы, осы объектілердің негізгі сипаттамалары, олардың жерасты суларының пайдалану қорларына әсер ету дәрежесі.

Барлық аталған факторлардың пайдалану қорларының көлеміне жиынтық (сомалық) әсер ету туралы тұжырымдар, оларды бұдан алдын қабылданған көлемінде санаттарында қайта есептеу және қайта бекіту қажеттілігінің негіздемесі








6) Тоғандарды пайдалану режимін талдау (екінші топ үшін – игерілген кен орындары)

Тоғандар бойынша деректер: пайдалану, бақылау ұңғымаларының, басқа каптажды құрылыстардың орналастырылуы, олардың типтері, орналастырылу сызбалары, конструкциясы; өнімді деңгейжиектерді ашу сипаты; ашу тәсілі және дәрежесі, пайдалану тәсілі, тоғанжұмысының мерзімі, өнімділігі, судың динамикалық деңгейлері, пайдаланудың барлық кезеңі үшін және жыл маусымдары бойынша олардың өзгеруі; пайдалану уақытында және жылдық қимасында су сапасының өзгеруі; дебиттердің су деңгейлері мен температурасын өлшеу тәсілдері және жиіліктері, зертханасын көрсетуімен сапаны бақылау тәсілі, өлшеулер мен талдаулардың анықтығын бағалау.

Жерасты сулардыпайдалану режимінің негізгі заңдылықтарын сипаттау және түсіндіру, пайдалану режимінің сипаты (қалыптасқан, қалыптаспаған) және оны шарттайтын себептері туралы тұжырымдар; жерасты судың пайдалану қорларын қалыптастырудың негізгі көздерінің сандық және сапалық сипаттамасы.

Пайдаланудың барлық кезеңі үшін тоғандардың өнімділігінің уақыттағы өзгеруі, өзгерістер себептері (суды іріктеп алу шектеулері, тоғанның кеңеюі, ұңғымаларды жерасты суларын пайдаланудың басқа тәсіліне көшіру, кен орнының табиғи мүмкіндіктерімен, тоғанның қажеттіліктерінің өзгеруімен және техникалық күйімен байланысқан табиғи және технологиялық себептері және басқасы); емдік минералды, өнеркәсіптік, жылу энергетикалық сулар үшін – температураның және жерасты су сапасының өзгеруі (ионды-тұзды құрамы, минералдануы, пайдалы және зиянды компоненттерді қамтуы, газ құрамдылығы, механикалық қоспалары); жерасты судың агрессиялылығы, тұздарды сілтісіздендіру процестері; пайдаланылған суларды (өнеркәсіптіе ағындарды) тастау, жою немесе көму тәсілдері.

Ұңғымаларды пайдалану режимінің талдамасы жеке сулыдеңгейжиектер және тектоникалық блоктар бойынша беріледі.

Қайта бағаланатын тоғандарда жасанды сумен толтырудың әрекет етуші жүйелерінің болуы кезінде – олардың жұмысының қысқаша сипаттамасы; пайдаланылу мерзімі, орналастыру сызбасы және жинау ғимараттарының көлемдері, олардың өнімділігі; тоғандарды жасанды сумен толтыру технологиясы, режимі және параметрлері – бассейндер үшін толтыру тереңдігі және жинау жылдамдығы, ағын мөлшері және айдау ұңғымаларының судыжұту шығысы, үзіліссіз жинау және жинау ғимараттарын тазартуға арналған үзілістердің ұзақтығы; жерасты суларының режимі; жинауға берілетін судың сапасы және тоғандарды жасанды сумен толтыру процесінде жерасты су сапасының өзгеруі туралы деректер; тау жыныстарын кальматациялау процестерінің сипаттамасы және бассейндердің түбінде лайлы тұнбалардың қалыптасуы туралы деректер; жинау ғимараттарының жұмыс тәжірибесін тоғандарды жасанды сумен толтыруды гидрогеологиялық негіздеу кезінде алынған болжамдардың нәтижелерімен салыстыру








7) Болжамдарды және пайдаланудың нақты нәтижелерін салыстыру (екінші топ үшін – игерілген кен орындары)

Гидродинамикалық болжамдары: депрессиялық ойыңқылардың динамикалық деңгейлерінің, көлемдерінің барлау нәтижелері бойынша болжамдалған және нақты (пайдалану салдарынан) қалпы, ұңғымалардың және басқа да каптажды құрылыстардың дебиттері, салыстырмалы дебиттері; болжамдық есептердің пайдалану деректерімен айырмашылық себептері; қорларды бастапқы бағалау кезінде таңдап алынған есептік сызбасының дұрыстығы және қажеттілік кезінде қайта бағалау үшін жаңа есептік сызбасын негіздеу және таңдау.

Бастапқы есептеу кезінде қолданылған және пайдалану нәтижелері бойынша алынған гидрогеологиялық параметрлер; айырмашылық себептерін талдау; қайта бағалау кезінде қолданылатын мәндерді таңдау және негіздеу.

Гидрохимиялық болжамдар: кондициялық емес сулардың болжамдық және нақты күйі; барлық көрсеткіштер бойынша сапасының болжамдық және нақты өзгеруі; белгіленген айырмашылықтардың себептерін талдау; бұдан әрі болжамдау әдістемесі.

Геоэкологиялық болжамдар: табиғи ортасының болжамдық және нақты күйі; жерасты су сапасының жағымсыз өзгеруінің жаңа факторларының туындауы (пайда болуы); қоршаған ортаны ластаудың мүмкін процестерін талдау және бұдан әрі пайдалану процесінде оларды минимумдау әдістері. ГКЗ (ТКЗ) ұсыныстарын орындау талдамасы









8) Жерасты суларының пайдалану қорларын есептеу (бірінші топ үшін – барланған кен орындар)

Жерасты суларының пайдалану қорларын есептеу әдісін таңдау (қорларды қайта бағалау) есептің алдыңғы бөлімдерінде жасалған тұжырымдарға базалануы, гидрогеологиялық жағдайлардың күрделілігін, жиналған ақпараттың көлемін және көрнекілігін ескеруі керек. Пайдалану қорларын есептеудің келесі әдістерін қолдану керек:

1) кәдімгі гидрогеологиялық жағдайлар кезінде (күрделіліктің бірінші тобы) – гидродинамикалық (талдамалық), аналогиялар және теңгерімдік есептеулер;

2) күрделі гидрогеологиялық жағдайлар кезінде (күрделіліктің екінші тобы) – гидродинамикалық, сонымен қоса математикалық модельдеуді қолданумен; гидравликалық, сонымен қоса гидродинамикалық және теңгерімдік есептеулермен үйлесімділікте;

3) өте күрделі гидрогеологиялық жағдайларда (күрделіліктің үшінші тобы) – гидравликалық және теңгерімдік есептеулер









9) Тоғандарды қайта құру және пайдалану бойынша ұсыныстар

суалу ғимараттарын, олардың конструкцияларын орналастыру сызбасы, жерасты суды пайдалану режимі, резервтік ұңғымаларды және бақылау желісінің нүктелерінің саны және орналастырылуы, іріктеліп алынатын жерасты судың көлемін және сапасын және депрессияның дамуын режимдік бақылау құрамы нақтыланады







10) Қорытынды

Кен орнының заманауи зерттелгендік дәрежесі, бекітуге ұсынылатын санаттар бойынша пайдалану қорларының саны туралы негізгі тұжырымдар; қорларды талап етілгендер (барлық тұтынушылардың қазіргі мұқтаждықтарына тең) және уақытша талап етілмегендерге бөлу. Кен орнын (учаскені) пайдалануға қатысатын немесе қатысуы болжамдалатын барлық су қолданушылардың тізімі. Аталған кен орнын (учаскені) пайдаланудың өңірдің жалпы су теңгеріміне және қоршаған табиғи ортасына әсерін бағалау


Барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша жерасты суларының пайдаланылатын қорлары есептелген түпкілікті есепке түсіндірме

1. Қорларды есептеу материалдары қорларды есептеу және суалу ғимараттарын жобалау немесе қайта құруды негіздеу және тексеру үшін қажетті деректерді қамтуы және автордың қатысуынсыз қорларды тексеру және есептеуді іске асыруға болатын түрінде ұсынылуы қажет.

2. Қорларды есептеу материалдары мәтіндік бөлігін, мәтіндік, кестелік және графикалық қосымшаларды қамтиды.

3. Мәтіндік бөлімде құжаттар көшірмесі міндетті:

1) объектінің бұрыннан бар сумен жабдықтаумен және бұдан алдын бекітілген қорлармен үйлесімділіктегі суға мұқтаждығын (немесе дефицитті) негіздейтін және кен орнындағы (учаскедегі) барлау жұмыстарын жүргізу қажеттілігін растайтын;

2) жерасты суларының сапасына және оларды пайдалану талаптарына (режиміне) қойылатын талаптарды анықтайтын;

3) тоғандарды жасанды сумен толтыру қажеттілігін және мүмкіндігін негіздеуші (қажеттілік кезінде);

4) беткі ағынға келтірілген шығын мүмкіндігін және шамасын және оны өтеу талаптарын келісімдейтін (қажеттілік кезінде) құжаттардың көшірмелері болып табылады.

4. В табличных приложениях таблицы к подсчету запасов представляются в форме, позволяющей осуществить проверку исходных и промежуточных данных, вычислительных операций и результатов расчетов. При этом:

1) Бастапқы және аралық деректерді, есептеуіш операцияларын және есептеу нәтижелерін тексеруді іске асыруға мүмкіндік беретін нысаны бойынша қорларды есептеуге арналған кестелер.

Міндеттілері:

- есептік гидрогеологиялық параметрлерді және жерасты судың пайдалану қорларын есептеу және олардың қамтамасыз етілгендігін бағалау кезінде пайдаланылатын олардың орташа (есептік) мәндерін анықтау;

- пайдалану кезінде су сапасының өзгеруін болжамдау (қажетті жағдайларда);

- пьезо (гидро) изогипс карталарын құрастыру, су деңгейін төмендету және басқа да мамандандырылған графикасын жасау үшін бастапқы деректердің;

- жерасты суларының және жалпы су теңгерімінің табиғи қорлары мен табиғи ресурстарын есептеу;

- тоғандарды жасанды сумен толтыруды негіздеу бойынша есептеулер (оның қолданылуы кезінде);

- жерасты судың пайдалану қорларын негіздеуде қабылданған бұлақ сулары мен беткі ағыш сулардың шығыстарын есептеу кестелері болып табылады;

2) Қорларды математикалық модельдеу әдісімен есептеу кезінде:

- модельдің сыртқы және ішкі шекараларында берілетін шығыстар мен деңгейлердің есептеулерінің;

- натуралық деректермен салыстыруда кері және инверсиялық есептерді шешу нәтижелерінің;

- қорларды және жерасты суларының сапасын бағалау бойынша болжамдау есептерін шешу нәтижелерінің;

- кері, инверсиялық және болжамдық есептерді шешу нәтижелері бойынша жерасты судың құрамдаушы теңгерімінің есептеулерінің кестелері ұсынылады.

3) Нақты материал кестелері:

- талдауларды өткізген зертханаларды және оларды орындау әдістерін көрсетуімен жерасты және беткі сулардың сапасын зерттеу нәтижелері;

- өлшеу әдістемесін және жүрістері мен деңгейлерін көрсетуімен, пайдаланушы ұйымның анықтамасымен расталған, қолданыстағы тоғандардағы судың деңгейлері және суды іріктеу мөлшерлері;

- тау жыныстарының физикалық-механикалық, сулы-физикалық және басқа да қасиеттерін анықтау нәтижелері;

- климаттық талаптар бойынша бастапқы деректер: бақылаулардың барлық кезеңі үшін жауын-шашындардың орта, айлық, жылдық және экстремалды сомалары; су-теңгерімді есептеулер кезінде – су теңгерімінің элементтері бойынша немесе олардыесептеу үшін пайдаланылатын бұрыннан бар барлық деректер; арнайы есептеулер жағдайында – оларға арналған барлық қажетті деректер (ауа температурасы және ылғалдылығы, жел жылдамдығы, бұлттылық және басқасы);

- есептік гидрометрлік түстамалар бойынша бастапқы деректер: бақылаудың барлық кезеңі үшін су шығыстарының орташа, айлық, жылдық және экстремалды мәндері (қажеттілік кезінде деңгейлері де);

- барлық есептік гидрологиялық және метеорологиялық сипаттамаларын анықтау деректері: өзгергіштік және корреляция коэффициентін, сыналану және булану және т.б. мөлшерлерін есептеу;

4) Сондай-ақ:

- ұңғыма сағаларының (қазбалардың) координаттар және биіктік белгілеулерінің тізімдемесі;

- кен орнын зерттеу процесінде бұрғыланған ұңғымалардың, сонымен қатар деректері есепті жасау кезінде пайдаланылған шеткі ұйымдардың ұңғымаларының тізімдемесі;

- бұлақтардың тізбесі ұсынылады.

5. Графикалық қосымшалар:

1) Кен орнының ауданы бойынша графикалық материалдар:

- елді мекендердің, гидрографиялық желілерін, қатынас жолдарын, барланған кен орнының (учаскенің) орналасқан жерін және су тұтынушысын, бұдан бұрын бекітілген қорлары бар және қолданыстағы тоғандардың учаскелерін (әдетте есеп мәтінінде орналастырылады) көрсетуімен шолу картасын;

- нақты материал картасын;

- стратиграфиялық бағанасы және ерекше бағыттары бойынша кен орнын (учаскені) кесіп өтетін тиісті қималары бар геологиялық және гидрогеологиялық картасын;

- геоморфологиялық картасын және төрттік шөгінділердің сулы деңгейжиектердің жерасты су қорлары бағаланатын төрттік шөгінділер картасын;

- жерасты су қорларын есептеді негіздеу үшін пайдаланылатын басқа да мамандандырылған карталарын (гидрохимиялық, арнайы гидрогеологиялық аудандау және т.б.) қамтуы керек.

2) Зерттелетін кен орны (учаскесі) бойынша графикалық материалдар:

- нақты материал картасын;

- гидрогеологиялық картасын;

- табиғи және пайдаланумен бұзылған жағдайларындағы бағаланатын сулы деңгейжиектердің пьезо (гидро) изогипс карталарын;

- бағаланатын сулы деңгейжиектердің суды өткізгіштік карталарын;

- гидрохимиялық сынамалаудың барлық пункттерінің, әртүрлі сападағы жерасты су контурларының, сонымен қатар жерасты суларды ластаудың бұрыннан бар және әлеуетті көздерінің (күрделі гидрохимиялық жағдайларда ұсынылады) кескіндемелері бар гидрохимиялық картасын;

- басқа да мамандандырылған карталарын (сулы деңгейжиектердің қуаттылықтары, жабын изогипсі және табаны және т.б.);

- карталардың көлденең ауқымындағы геологиялық, гидрогеологиялық және гидрохимиялық қималарын;

- жерасты су қорларын есептеу жоспарын қамтуы керек.

3) Математикалық модельдеу әдісімен жерасты су қорларын есептеу кезінде, бағаланатын аумақтың сүзілу сызбасын, блоктарға бөлінуін, сыртқы және ішкі шекаралық талаптарын, бастапқы деректермен салыстырылған кері және инверсиялық есептерді шешу нәтижелерін (гидрогеологиялық параметрлерді және шекаралық талаптарды нақтылау), жерасты судың пайдалану қорларын (қажеттілік кезінде болжамдық ресурстарды) бағалау нәтижелерін және болжамдық есептерді шешу кезінде уақыттың әртүрлі кезеңдерінде жерасты су теңгерімінің, режимінің және сапасының өзгеруінің негізгі заңдылықтарын бейнелейтін графикалық материалдары ұсынылуы керек.

4) Есепте сондай-ақ:

- барлау кезінде бұрғыланған ұңғымалардың геологиялық-техникалық қималары;

- тартып шығару парақшалары;

- суалу ұңғымаларының төлқұжаттары;

- режимдік желінің бақылау пункттері бойынша жерасты су режимінің графикалары;

- геофизикалық зерттеулер нәтижелерін бейнелейтін карталарды, жоспарларды, қималарды және графикалар;

- стационарлық және уақыттық желінің, метеостанциялардың және арнайы гидрометеорологиялық зерттеулер учаскелерінің барлық тұстамаларын көрсетуімен гидрологиялық және метеорологиялық зерттелгендік сызбасы;



- гидрологиялық зерттеулер нәтижесін бейнелейтін графикалық материалдарды, 1%, 50% және 95% асырылу ықтималдылығымен судың деңгейлері жазылған бойлық және көлденең профильдері, су деңгейлері мен шығыстарының ауытқуының хронологиялық графикалары, тән жылдары үшін гидрографтарыжәне деңгейлердің ауытқу графикалары, су деңгейлері мен шығыстарының байланыс графикалары, асырылу ықтималдылығын бөліп тарату қисығы, есептік гидрографтар және т.б.;

- кен орнын зерттеу процесінде орындалған зерттеулердің арнайы түрлерінің нәтижелерін бейнелейтін графикалық материалдар ұсынылуы керек.

5) Материалдар көлемін қысқарту мақсатында, мүмкіндігінше (көрнекілігі үшін шығынсыз) деректерді бірыңғай сызбаларында қиыстыру және сызбалардың көшірілуінен аулақ болу. Кейбір кестелік және графикалық материалдар (тартып шығару және жерасты судың режимін бақылау журналдары, гидрометеорология бойынша шеткі ұйымдардың материалдары, каротаж диаграммалары, бастапқы деректердің, бағдарламалардың және модельдеу нәтижелерінің басып шығарылуы) қорларды есептеу бойынша материалдарды қарастыру уақытында, тек қана төлнұсқаларында ұсынылуы керек.

6. Есеп сызбасы және жалпылай мәтіндік бөлігінің және әрбір аталған бөлімдердің көлемі авторлармен кен орындарының гидрогеологиялық жағдайларының күрделілігі, бағаланатын суалу учаскелерінің және сулы деңгейжиектердің санынан, сонымен қатар қарастырылатын мәселелердің күрделілігі және пайдалану қорларын бағалау үшін олардың маңыздылығынан тәуелді анықталады. Мәтіндік бөліктің жалпы көлемі 150 беттен аспауы керек.

7. Мәтіндік бөлік көлемін қысқарту үшін ақпараттардың кестелік нысанын ұтымды пайдалануға және негізгі ережелерді сызбалармен, кестелермен, суреттемелермен негіздеуге кеңес беріледі.
Жерасты суларының пайдаланылатын қорларын қайта бағалау жөніндегі есепке түсіндірме


  1. Жерасты суларының пайдалану қорларын есептеу жөніндегі есеп (ары қарай - есеп) қорларды есептеуді негіздеу және тексеру және бас тоғандар құрылымын жобалау немесе қайта конструкциялау үшін қажетті деректерді қамтуы тиіс.

  2. Есеп мәтіндік бөлікті, мәтіндік, кестелік және графикалық қосымшаларды қамтиды.

3. Мәтіндік қосымшаларда төмендегі берілген құжаттардың көшірмесі міндетті түрде қажет етіледі: 

1) қазіргі кездегі сумен қамтамасыз ету қиыстыруындағы объектінің суға зәрулігін негіздейтін; 

2) жер асты суларының сапасы мен оларды пайдалану шарттарына (режіміне) қойылатын талаптарды анықтайтын;

3) санитариялық-гидрогеологиялық зерттеулердің, экологиялық зерттеулердің, сутартқыштардың және режімді тораптық төтелдердің техникалық жай-күйлерін зерттеу актілері;

4) алғашқы ақпараттың сапасы мен шынайылығын растайтын;

4. Кестелік қосымшалар. Қорларды есептеу кестелері алғашқы мәліметтерді, есептік операциялар мен есептеу нәтижелерін тексеруге мүмкіндік беретін нысанда беріледі. Мұнда, төмендегілерді ескеру қажет:

1) келесі кестелер міндетті болып табылады: жер асты суларының пайдаланылатын қорларын қайта бағалау кезінде және олардың қамтамасыз етілгендігін бағалау кезінде қолданылатын есептік гидрогеологиялық параметрлер және олардың орташа (есептік) мәндерін анықтау; пайдалану кезіндегі (қажет болғанда) су сапасының өзгеру болжамы; пьезо (гидро) изогипс карталарының құрылуы, су деңгейінің төмендеуі мен басқа да арнайы графиктер үшін алғашқы мәліметтер; жер асты суларының табиғи қорлары мен ресурстарының, жалпы су балансының есебі; жер асты суларының пайдаланылатын қорларын есептеу; жер асты суларының пайдаланылатын қорларының негіздемесінде қабылданған су бұлақтары мен беттік ағын сулардың су шығындарының есептері;

2) математикалық модельдеу әдісімен қорларды есептеу кезінде модельдің сыртқы және ішкі шеттері шегінде тапсырылатын шығындар мен деңгейлер есебі; заттай мәліметтермен сәйкестікте кері және инверсиялы тапсырмалар шешімінің нәтижелері; жер асты суларының қорларын қайта бағалау және сапасы жөніндегі болжамдық тапсырмалардың шешімінің нәтижелері; кері, инверсиялы және болжамды тапсырмалары шешімінің нәтижелері бойынша жер асты суларының балансын құрайтын есептердің кестелері ұсынылады; 

3) Нақты материал кестелері келесілерді қамтиды: талдау жүргізілген зертханаларды көрсетіп, жер асты және жер бетіндегі су сапасын зерттеу нәтижелері; шығындар мен деңгейлерді өлшеу әдістемесін көрсетіп, пайдаланушы ұйымдар анықтамасымен расталатын су алудың көлемдері мен қолданыстағы сутартқыштардағы су деңгейлерінің көлемі; тау жыныстарының қасиеттерін анықтау нәтижелері, ауа-райы жағдайлары жөніндегі алғашқы мәліметтер, гидрогеологиялық зерттеулердің нәтижелері.

5. Графикалық қосымшалар. Қорларды қайта бағалау кезінде есептегі жұмыстардың орта масштабтағы геологиялық және гидрогеологиялық карталары ұсынылмауы немесе алдыңғы есептерден қолданылмауы мүмкін.

Төмендегілер міндетті болып табылады:

1) елді мекендерді, гидрографиялық тораптарды, хабарлау жолдарын, зерттеу учаскесі мен су тұтынушылар орналасқан жерді, ертеректе бекітілген қорлары бар учаскелерді көрсетіп, қазіргі жағдайды көрсететін шолу картасы; 

2) нақты материалдар картасы; 

3) гидрогеологиялық бөлінген жұмыс учаскесінің гидрогеологиялық картасы;

4) кен орнын пайдалану процесіндегі су алудың хронологиялық графикасы, мұнда, пайдаланылатын және бақылау төтелдеріндегі жер асты суларының деңгейінің, сапа көрсеткіштерінің, гидрометеорологиялық сипаттамаларының өзгеруі; 

5) қажет болғанда - арнайы карталар: пьезо(гидро)изогипс, су өтімділік, гидрохимиялық, қуаттылық, жатыс тереңдігі, жер асты суларының құралу шарттары; 6) жер асты суларының пайдаланылатын қорларын есептеу жоспары;

7) қорларды математикалық модельдеу әдісімен есептеу кезінде - бағаланатын ауданның сүзгі схемасын көрсететін материалдар; 

8) төтелдерді қайта бағалау кезінде қосымша бұрғыланған геологиялық-техникалық тіліктер; 

9) қорларды қайта бағалау барысында өткізілетін суды тартып шығару табақтары.

4. Қорларды қайта бағалау материалдарын рәсімдеуге қойылатын талаптар

Жерасты суларының пайдалану қорларын қайта бағалау жөніндегі есепке түсіндірме

Кен орнын (учаскені) бірнеше жер қойнауын пайдаланушылар бірігіп пайдаланатын жағдайда, қорларды қайта бағалау материалдары жиынтық су алудағы әрбір жер қойнауын пайдаланушының үлесіне сәйкес материалдардың шынайлығы үшін ортақ жауапкершілікпен, қайта бағалау жұмыстарын пропорционал қаржыландырумен бірыңғай есеп түрінде ұсынылады.

8. Ұсынылған материалдарда қорлардың орындалған қайта бағалауын тексеру үшін қажетті барлық мәліметтер болу керек. Материалдарды ұсыну нысаны авторлардың қатысуынсыз олардың тексерілуін және қорлардың қайта есептелуін қамтамасыз етуі керек. Математикалық модельдеуді қолдану кезінде математикалық модельдің, қолданылатын техникалық құралдардың және бағдарламалық қамтамасыз етудің қысқаша сипаттамасы қосымша ұсынылады.

9. Алдыңғы қарастырудан кейінгі өзгеріссіз қалған кен орны (учаске) жөніндегі барлық мәліметтер бастапқы есепке жасалған сілтемемен қоса қысқартылған көлем түрінде келтірілуі мүмкін. Бұл жағдайда аталған есептің бір данасы ҚМК-не (ҚАК) қарастыруға ұсынылады.

Қорларды қайта бағалау материалдары мәтіндік бөлімді, мәтіндік, кестелік және графикалық қосымшаларды қамтиды.

Қорларды қайта бағалауды талап ететін барлық кен орындарын (учаскелерді), жалпы алғанда, 2 негізгі топқа бөлуге болады:

1) бірінші топ - барланған. Бұл топқа қорлар бекітілген кезден бастап су алу жүргізілмеген немесе шектеулі уақытта, аз көлемде және сутартқыштардың есептік (жобалық) схемасынан ауытқып, су алу жүргізілген, бекітілген (техникалық кеңестерде қабылданған) пайдаланылатын қорлары бар кен орындары жатады;

2) екінші топ - игерілген. Бұл топқа пайдалануы жобалық көлемде жүргізілген немесе сутартқыштардың жобалық схемасынан қомақты ауытқымай, есептік мерзім ішінде аз су алу жүргізілген, сондай-ақ қорлардың апробациясынсыз пайдаланылған кен орындары (учаскелер) жатады.

6. Есептің егжей-тегжейлі схемасын, жалпы мәтіндік бөліктің көлемін кен орындарының гидрогеологиялық шарттарының күрделігіне, бағаланатын сутартқыш учаскелердің және сулы деңгейжиектердің санына, сондай-ақ қайта бағалау міндеттерін шешу үшін қарастырылатын мәселелердің маңыздылығына қарай авторлар анықтайды.

7. Ұсақ су тұтынушылар үшін қорларды секундына 10 кубикалық дециметрге дейінгі қажеттілікпен қайта бағалау керек болғанда қорларды бағалау қорытылған гидрогеологиялық параметрлерді қолдана отырып, жеңіл әдістер бойынша және есептік материалдардың минимал көлемі бойынша жүргізіледі.

8. Мәтіндік бөлімнің көлемін қысқарту үшін негізгі ережелері схемалармен, графикалармен, фотосуреттермен және басқа да керекті иллюстрациялармен негізделген ақпараттың кестелік нысаны ұсынылады.

9. Жер асты суларының пайдаланылатын қорларын есептеу (қорларды қайта бағалау) әдісін таңдауда есеп берудің алдыңғы бөлімдерінде жасалынған қорытындылар негізге алынуы керек, гидрогеологиялық жағдайлардың күрделілігін, жинақталған ақпараттың көлемі мен ұсынылуын есепке алу керек. Пайдаланылатын қорларды есептеудің келесі әдістерін қолдану керек:

1) қарапайым гидрогеологиялық жағдайлар кезінде (бірінші күрделілік тобы) - гидродинамикалық (аналитикалық), аналогиялық, баланстық есептер;

2) күрделі гидрогеологиялық жағдайлар кезінде (екінші күрделілік тобы) - гидродинамикалық, сонымен бірге математикалық модель; гидравликалық, соның ішінде гидродинамикалық және баланстық есептермен үйлестіре отырып;

3) өте күрделі гидрогеологиялық жағдайлар кезінде (үшінші күрделілік тобы) - гидравликалық, баланстық есептер.

10. Жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) суды пайдаланушының талаптарында пайдалану мерзімі болмағанда, ол шартты түрде 25 жыл деп қабылданады. Сараптаманың қорытындысы бойынша қорларды бекіту мерзімі кез-келген болуы мүмкін (бірақ 5 жылдан кем емес) және анықталады.

11. Орынды себептер болмағандықтан (барлық өзгерістердің жиынтығы бойынша), бірінші топтағы (пайдаланылмайтын) кен орындары үшін қорлардың алғашқы бағалауы және оларды ҚМК-ның (ҚАК-ның) бекітуі кезінде қабылданған есептік схемаларды және есептеу әдістемесін өзгертудің қажеті жоқ. Бұл жағдайда қорларды категорияларға бөлуді қолданыстағы нұсқаулардың талаптарына сәйкес өзгертуге болады. Өзгертудің қажеттілігі әрбір нақты жағдайда авторлармен негізделеді.

12. Жер асты суларының пайдаланылатын қорларын қайта бағалау барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша қорларды есептеу кезінде ұсынылатын барлық талаптарды ескере отырып жүргізіледі және ең бастысы, кен орнын (учаскені) пайдалану нәтижелері бойынша алынған материалдарды негізге алады. Мұнда:

1) қорларды қайта бағалау үшін қолданылатын жер асты суларын пайдалану режімі мен шарттарына қойылатын келесі талаптар келтірілуі керек: суды тұтынудың есептік мерзімі, жыл-жылға бөліп, қажетті су алу графигі, пайдаланылатын төтелдердегі судың динамикалық деңгейінің шекті тереңдігі, төтелдің минималды дебиттері;

2) қорларды бағалау үшін табиғи жағдайларын схемалау, есептік схема, қорлар есебінің және есептік тәуелділік әдісінің қабылданған принциптерінің негіздемесі келтіріледі; есептік тәуелділікке кіретін барлық бастапқы мәліметтерді келтіріп, жер асты суларының пайдаланылатын қорларының есебі жүргізіледі;

3) жер асты суларының пайдаланылатын қорларын математикалық модельдеу әдісімен қайта бағалау кезінде келесілер келтіріледі: шешілетін міндеттердің сипатына және табиғи жағдайлардың ерекшелігіне сәйкес модельдің егжей-тегжейлігінің негіздемесі; есептік схеманың құрылым әдістемесі, оның сипаты; техникалық құралдардың сипаттамасы және міндеттерді орындау кезінде оларды пайдаланудағы негізділік; қабылданған әдістер мен шешімдердің алгоритмдік негіздемесі; сүзу алабын блоктарға бөлу принциптері; бастапқы және шекті шарттар тапсырмасының әдістемелері; кері, инверсиялы және болжамды тапсырмалар шешімінің әдістемесі; алынған деректердің сипаты мен талдауы; кері және болжамды тапсырмаларды шешудің басты ақырғы варианттары бойынша шығындар балансын есептеу нәтижелері;

4) жыл бойы су бір қалыпты тұтынылмаған жағдайда (жерлерді суғару, жайылымдарды суару және тағы да басқа) жер асты суларының пайдаланылатын қорларын қайта бағалау соңғы бір жыл ішіндегі су тұтынудың берілген бір қалыпты емес режімін есепке ала отырып, үздіксіз бір қалыпты жағдайлар үшін келтіріледі. Бекітуге пайдаланудың үздіксіз режімінде қолданылатын категорияларға жататын қорлар ұсынылады;

5) жер асты суларының пайдаланылатын қорларының құралу көздері, табиғи қорлар мен ресурстардың көлемі есептеледі, кен орнының жалпы су балансы мен олардың құралатын негізгі көздерінің сандық бағасын есептеу негізінде жер асты суларының пайдаланылатын қорларының қамтамасыз етілуі келтіріледі;

6) зерттелу дәрежесіне қарай жер асты суларының пайдаланылатын қорларын категорияға бөлу принциптері; қорлардың баланстық қажеттілігін анықтау; есептелген қорлардың саны - жалпы және категориялар бойынша келтіріледі. Ертеректе есептелген қорларды қайта бағалауға ұсынылғандармен салыстыру, табылған өзгерістердің себептеріне талдау жасау, осы өзгерістерді есепке ала отырып, қорлардың балансы келтіріледі.

13. Сутартқыштарды қайта құрылымдау және пайдалану жөніндегі шаралар екінші топтағы кен орындары (пайдаланылатын) үшін жүзеге асырылуы керек. Бірінші топтағы кен орындары үшін алғашқымен, су алудың талаптарының және көлемінің өзгеруімен салыстырғанда объект ауданындағы табиғи, экологиялық, әлеуметтік және басқа да жағдай қомақты өзгерген кезде қажет болады. Мұнда, келесілер анықталады:

14.1) сутартқыш имараттарын орналастыру схемасы, олардың құрылымдары, жер асты суларын пайдалану режімі, резервті төтелдердің, бақылау торының нүктелерінің саны мен орналастырылуы, таңдап алынатын жер асты суларының саны мен сапасын, қысымның дамуын режімді бақылау құрамы; 2) жер асты суларын ақылға қонымды түрде пайдалану және жер асты суларын суалудан және ластанудан қорғау шараларының жүйесі;

3) беттік ағыс шығынының орнын толтыру тәртібі және көздері.

15. Кестелік қосымшалар. Қорларды есептеу кестелері алғашқы мәліметтерді, есептік операциялар мен есептеу нәтижелерін тексеруге мүмкіндік беретін нысанда беріледі. Мұнда, төмендегілерді ескеру қажет: 

1) келесі кестелер міндетті болып табылады: жер асты суларының пайдаланылатын қорларын қайта бағалау кезінде және олардың қамтамасыз етілгендігін бағалау кезінде қолданылатын есептік гидрогеологиялық параметрлер және олардың орташа (есептік) мәндерін анықтау; пайдалану кезіндегі (қажет болғанда) су сапасының өзгеру болжамы; пьезо (гидро) изогипс карталарының құрылуы, су деңгейінің төмендеуі мен басқа да арнайы графиктер үшін алғашқы мәліметтер; жер асты суларының табиғи қорлары мен ресурстарының, жалпы су балансының есебі; жер асты суларының пайдаланылатын қорларын есептеу; жер асты суларының пайдаланылатын қорларының негіздемесінде қабылданған су бұлақтары мен беттік ағын сулардың су шығындарының есептері;

2) математикалық модельдеу әдісімен қорларды есептеу кезінде модельдің сыртқы және ішкі шеттері шегінде тапсырылатын шығындар мен деңгейлер есебі; заттай мәліметтермен сәйкестікте кері және инверсиялы тапсырмалар шешімінің нәтижелері; жер асты суларының қорларын қайта бағалау және сапасы жөніндегі болжамдық тапсырмалардың шешімінің нәтижелері; кері, инверсиялы және болжамды тапсырмалары шешімінің нәтижелері бойынша жер асты суларының балансын құрайтын есептердің кестелері ұсынылады;

3) Нақты материал кестелері келесілерді қамтиды: талдау жүргізілген зертханаларды көрсетіп, жер асты және жер бетіндегі су сапасын зерттеу нәтижелері; шығындар мен деңгейлерді өлшеу әдістемесін көрсетіп, пайдаланушы ұйымдар анықтамасымен расталатын су алудың көлемдері мен қолданыстағы сутартқыштардағы су деңгейлерінің көлемі; тау жыныстарының қасиеттерін анықтау нәтижелері, ауа-райы жағдайлары жөніндегі алғашқы мәліметтер, гидрогеологиялық зерттеулердің нәтижелері.

16. Графикалық қосымшалар. Қорларды қайта бағалау кезінде есептегі жұмыстардың орта масштабтағы геологиялық және гидрогеологиялық карталары ұсынылмауы немесе алдыңғы есептерден қолданылмауы мүмкін.

Төмендегілер міндетті болып табылады: 

1) елді мекендерді, гидрографиялық тораптарды, хабарлау жолдарын, зерттеу учаскесі мен су тұтынушылар орналасқан жерді, ертеректе бекітілген қорлары бар учаскелерді көрсетіп, қазіргі жағдайды көрсететін шолу картасы;

2) нақты материалдар картасы;

3) гидрогеологиялық бөлінген жұмыс учаскесінің гидрогеологиялық картасы;

4) кен орнын пайдалану процесіндегі су алудың хронологиялық графикасы, мұнда, пайдаланылатын және бақылау төтелдеріндегі жер асты суларының деңгейінің, сапа көрсеткіштерінің, гидрометеорологиялық сипаттамаларының өзгеруі;

5) қажет болғанда - арнайы карталар: пьезо(гидро)изогипс, су өтімділік, гидрохимиялық, қуаттылық, жатыс тереңдігі, жер асты суларының құралу шарттары; 

6) жер асты суларының пайдаланылатын қорларын есептеу жоспары; 

7) қорларды математикалық модельдеу әдісімен есептеу кезінде - бағаланатын ауданның сүзгі схемасын көрсететін материалдар; 

8) төтелдерді қайта бағалау кезінде қосымша бұрғыланған геологиялық-техникалық тіліктер; 

9) қорларды қайта бағалау барысында өткізілетін суды тартып шығару табақтары.



Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есепті ресімдеу

1. Есеп мәтіндік және графикалық бөліктерден (графикалық қосымшалар болған кезде) және ғарыштан түсірілген суреттерден тұрады.

2. Есеп мынадай құрылымдық элементтерден тұрады:

1) заттаңба (есеп мәтінінің мұқабасында);

2) титул парағы;

3) орындаушылардың тізімі;

4) реферат;

5) геологиялық тапсырма (техникалық тапсырма);

6) мазмұны: суреттер тізімі (болған кезде), кестелер тізімі (болған кезде), мәтіндік қосымшалардың тізімі (болған кезде), графикалық қосымшалардың тізімі (болған кезде), координаттар каталогы (болған кезде);

7) есептің кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұратын мәтіндік бөлігі;

8) пайдаланылған дереккөздердің тізімі (әдебиет);

9) метрологиялық сараптаманың қорытындысы;

10) патенттік зерттеулер туралы қорытынды;

11) формуляр;

12) хаттама (хаттамалар);

13) бастапқы материалдарды тапсыру актісі;

14) объекті бойынша атқарылған геологиялық барлау жұмыстарының түрлері және шығындар туралы анықтама;

15) есепті тарату;

16) координаттар каталогы.

3. Есептердің мәтіні компьютерде А4 (297 х 210 мм) пішімінде теріледі. А3 пішімі кестелер үшін пайдаланылады. Теру кезінде Word мәтіндік редакторы, № 14 өлшемдегі Times Nеw Roman қаріпі, кестелерде № 12 өлшемдегі қаріп, бірлік жол аралық қашықтығы пайдаланылады.

4. Есептер мынадай параметрлерді есепке алумен ресімделеді:

1) сол жақтан - 3,0 см;

2) оң жақтан -1,5 см;

3) колонтитулдар -2,0 см.

5. Есептердің беттерін нөмірлеу – өтпелі және әр кітаптың шегінде өздік. Титул парағы нөмірленбейді.

6. Есептің бірінші данасы (қағаз) түпнұсқада (одан кейінгілері сканерленген нұсқада электронды тасымалдағышта) жасалады.

7. Есептің көлемі 300 беттен артық болғанда, ол бөлімдерге бөлінеді және 300 беттен аспайтын көлемде жеке кітап түрінде жинақталады, әрбір кітаптың заттаңбасында және титул парағында кітаптың нөмірі үлкен әріптермен жазылып, қойылады.

8. Түптеу кезінде есеп кітабы тек қана жіппен тігіледі.

9. Есептердің әр кітабы қатты түптемеде (мұқабасы), ал көлемі 30 бетке дейінгі кітаптар оның мәтінімен степлермен бекітілген жұмсақ картон мұқабада ресімделеді.

10. Пайдалы қазбалар кен орындарының паспорты немесе кен орындары мен кен көріністерінің каталогы бар болса, олар есептерге жеке кітап ретінде қоса беріледі.

11. Заттаңба өлшемі 140-150х100-110 мм тіктөртбұрыш пішінінде болады, есептің әр кітабы, дәптері, папкасы мұқабасының ортасында орналасады және осы Түсіндірмеге 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

12. Титул парағы есептің бірінші беті болып табылады және төменде берілген нұсқалардың бірі бойынша ресімделеді:

- жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша орындалған жұмыстар жөніндегі есеп үшін осы Түсіндірмеге 2-қосымшаға сәйкес;

- аумақтық Басқармада жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша орындалған жұмыстар жөніндегі есеп үшін осы Түсіндірмеге 3-қосымшаға сәйкес;

- жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен орындалған, жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жасалған есеп үшін осы Түсіндірмеге 4-қосымшаға сәйкес;

- екі немесе одан да көп кітаптардан тұратын есеп үшін (есептің екінші және одан кейінгі кітаптарының титул парағы) осы Түсіндірмеге 5-қосымшаға сәйкес.

13. Орындаушылардың тізімінде барлық орындаушылардың тегі мен олардың қолдары болады. Екі немесе одан да көп кітаптардан тұратын есептердің орындаушылар тізімі бірінші кітапта беріледі.

14. Реферат қағаздың бір парағына басылады және мыналарды қамтиды:

1) жауапты орындаушының тегі мен аты-жөні (бас әріптермен жазылады), одан әрі қалған орындаушылардың тегі көрсетіледі, бірақ «және т.б.» деп жазып, үшеуден артық жазбау керек;

2) есептің атауы, мәтін беттерінің жалпы саны, мәтіндегі иллюстрациялардың, кестелердің жалпы саны, мәтіндік қосымшалар саны, пайдаланылған дереккөздердің, хаттамалардың саны; графикалық қосымшалар (әрбір папкада графикалық қосымшалардың парақтарының саны), ғылыми-техникалық алқада немесе қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияда есепті қарау хаттамасы, электрондық дискілердің саны, ұйымның атауы (жер қойнауын пайдаланушы) және оның толық мекен-жайы, есеп аяқталған ай мен жыл, есеп жіберілген ұйымдардың тізбесі (жақшаның ішінде), әкімшілік облыс және шегінде жүргізілген жұмыстардың аумағы орналасатын 1:1000 000 масштабтағы халықаралық жолақтауға сәйкес парақтардың номенклатурасы (егер есеп бірнеше кітаптан тұратын болса, онда әр кітаптың көлемі жеке көрсетіледі), атқарылған жұмыстардың мәні, мақсаты, әдістері мен нәтижелері туралы мәліметтер, қысқаша қорытындылар, есепте баяндалған жұмыстардың тиімділігі, негізгі нәтижелерді қолдану салалары мен мүмкіншіліктері туралы мәліметтер;

3) «жұмыстардың қысқаша мазмұны» рефераты 120 сөзден кем болмауы тиіс;

4) есепті дайындаушының тегі, аты, әкесінің аты, мөр.

15. Геологиялық (техникалық) тапсырмада жұмыстардың бекітілген мерзімі, оның мақсаттары, міндеттері мен кезеңдері туралы нақты мәліметтерден тұрады. Келісімшарттық аумақтарда жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен жұмыстар жүргізілген кезде есепке геологиялық тапсырманың орнына келісімшартқа ең аз жұмыс бағдарламасы немесе одан үзінді енгізіледі.

16. Геологиялық (техникалық) тапсырма парақтың бір жақ бетінде басылады және жер қойнауын пайдаланушының мөрімен расталады.

17. Мазмұнында кіріспені, қорытындыны, мәтіндік қосымшаларды және тағы басқаларды қоса алғанда, есептің барлық тақырыптары, бөлімдері, кіші бөлімдері, тармақтары және осы тақырыптар орналасқан беттердің нөмірлері көрсетіледі.

18. Екі және одан да көп кітаптардан тұратын есептердің бірінші кітабында – әрбір кітап бойынша жеке-жеке барлық есептің мазмұны, ал кейінгілерінде – тек қана сол кітаптың мазмұны беріледі.

19. Иллюстрациялардың, кестелердің тізімінде барлық иллюстрациялар мен кестелердің нөмірлері мен тақырыптары және олар орналасқан мәтіндегі беттері көрсетіледі.

20. Екі және одан да көп кітаптардан тұратын есептің бірінші кітабында кітаптардың нөмірлері көрсетіліп, барлық иллюстрациялардың, кестелердің және мәтіндік қосымшалардың тізімі беріледі, ал кейінгілерінде - тек қана сол кітаптың иллюстрацияларының, кестелерінің және мәтіндік қосымшаларының тізімі беріледі.

21. Мәтіндік қосымшалардың тізімінде қосымшаның реттік нөмірі, оның тақырыбы (мәтіндегі қосымшаның тақырыбына тура сәйкес келетін) және ол орналасқан беттің нөмірі көрсетіледі.

22. Графикалық қосымшалардың тізімі есептің бірінші кітабына және графикалық қосымшалары бар папкаға салынады және осы Түсіндірмеге


6-қосымшаға сәйкес ресімделеді. Тізімдегі реттік нөмірі графикалық қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышында қызыл түспен көрсетілетін парақ нөміріне сәйкес келеді. Әр папкадағы тізімнің реттік нөмірі бірден басталады, ал қосымшаның нөмірі өтпелі болуы мүмкін.

23. Тізімнің төменгі жағында мыналар көрсетіледі: «есепте барлығы – (саны көрсетіледі) сызба – (саны көрсетіледі) парақта, оның ішінде – (саны көрсетіледі) графикалық қосымша – (саны көрсетіледі) парақта – «құпия» немесе «ҚБПҮ» белгісі бар».

24. Осы кітапта берілген құжатты пайдалануға шектеу белгісі жоқ қосымшалар үшін кестеде тиісті баған түсіріледі.

25. Мазмұнды бөлігі кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

26. Пайдаланылған дереккөздер (әдебиет) тізімі әліпби тәртібімен түзіледі және оған барлық қолжазба (қордағы) және жарияланған материалдар кіреді, бірінші кітапқа салынады.

27. Бір автордың бірнеше жұмыстары болған кезде, олар басылып шыққан жылдар бойынша, ал жылдар бірдей болған жағдайда – олардың атаулары әліпби тәртібімен көрсетіледі. Одан кейін бірлесіп жазылған жұмыстар, әліпби тәртібімен бірлескен авторлардың тектері, ал авторлық ұжымдар бірдей болған жағдайда – басылымдардың хронологиялық тәртібімен беріледі.

28. Есептің (дереккөздің) библиографиялық сипаттамасында: автордың (авторлардың) тегі мен аты-жөні, есептің тақырыбы болады. Тақырыптан кейін «есеп» деген сөз, есепті басып шығарған ұйымның атауы, шығарылған қала мен жылы жазылады.

29. Мәтіндік қосымшаларға есептің толықтығына қажетті және қорытындыны түсіндіру үшін немесе олар үшін бастапқы материал (қималар мен ұңғымалардың сипаттамалары) болып табылған, еркін нысандағы немесе кесте түрінде ресімделген көмекші материалдар, қорларды санау кестелері, зертханалық анықтамалар және олардың математикалық өңдеу нәтижелері және тағы басқалары енеді. А3 пішіміндегі (қос парақ) бүктелген түрдегі қосымшаларға рұқсат етіледі.

30. Әрбір мәтіндік қосымшаның тақырыбы жаңа бетке басылады.

31. Мәтіндік қосымшасы бар парақтың оң жақ жоғарғы бұрышына бас әріптермен «қосымша» деген сөз басылады. Егер мәтіндік қосымшалар екеу және одан да көп болса, оларды араб цифрларымен, «№» деген белгісіз нөмірлейді.

32. Цифрлық, мәтіндік немесе аралас материалдары бар кестелер есептерде мәтін беттерінің арасында және жеке парақтарда беріледі.

33. Әрбір кестенің тақырыбы оның мазмұнын көрсетеді. Тақырып кіші әріптермен (алғашқы бас әріптен басқасы), соңында нүктесіз басылып, ортасында кестенің үстінде орналасады.

34. Кестелер есептің әрбір бөлімі бойынша жеке нөмірленеді. Кестенің нөмірі бөлім нөмірі мен кестенің нүкте арқылы бөлінген, реттік нөмірінен тұрады. Егер есепте тек қана бір кесте болса, ол нөмірленбейді және "кесте" сөзі жазылмайды. Кесте нөмірі оң жағында тақырыптан жоғары бір интервалда орналасады. Кестенің нөмірін дефис (жол басынан) қою арқылы атауымен бір жолда жазуға болады.

35. Кесте ол туралы алғашқы рет аталып өтілгеннен кейін орналастырады.

36. Көп жолдары бар кесте басқа бетке тасымалданады. Бұл жағдайда, кестенің бағандары нөмірленеді және олардың нөмірленуі кестенің келесі бөліктерінде де қайталанады. Тақырып пен реттік нөмір тек қана кестенің бірінші бөлігінің үстінде көрсетіледі, ал келесі бөліктерінің үстіне - «Жалғасы» деген сөз жазылады. Көп бағаны немесе жолдары бар кестені бөліктерге бөлуге және бір бөлігін бір бөліктің астына бірнеше беттерде орналастыруға болады. Бұл жағдайда кестенің әрбір бөлігінде оның бүйірі немесе атауы тиісінше қайталанады.

37. Мәтін мен кестелердің ескертулерінде анықтамалық және түсіндірме мәліметтер жазылады. Егер бір ғана ескерту болса, онда оны нөмірлемейді, «Ескертпе» деген сөзден кейін қос нүкте қойылады. Егер бірнеше ескертулер болса, онда «Ескертпе» деген сөзден кейін қос нүкте қойылып, ескертулердің мазмұны араб цифрларымен нөмірленеді.

38. Иллюстрациялар, олардың бөлшектері мен жазулары (масштабы мен анықтылығы), сапалы қайта өндіру, микрофильмдер жасау, сканерлеу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей ресімделеді: барлық иллюстрациялардағы сызықшалардың ең төменгі жуандығы - 0,2 мм., сызықтардың арасындағы қашықтық – 0,8 мм-ден кем емес, жазудағы қаріптердің ең төменгі мөлшері - 2,5 мм, шартты таңбалар ретінде пайдаланылатын геометриялық пішіндер қабырғаларының ең төменгі мөлшері (диаметрі) - 2,5 мм. Осы тармақта жазылған шектеулер есептің графикалық қосымшаларына да қолданылады.

39. Барлық иллюстрациялар (суреттер, схемалар, сызбалар және т.б.) сурет деп аталынады да, «Сур. » деген сөзбен белгіленіп, тараудың шегінде рет-ретімен араб цифрларымен нөмірленеді. Иллюстрацияның нөмірі тараудың нөмірінен және оның нүкте арқылы бөлінген реттік нөмірден тұрады.

40. Егер есепте бір ғана иллюстрация болса, ол нөмірленбейді және «Сур. » деген сөз жазылмайды.

41. Иллюстрациялардың атаулары мен түсініктеме деректері болады. Атау иллюстрацияның үстіңгі жағына, түсініктеме деректер - астыңғы жағына орналастырылады және бас әріппен, сурет астындағы мәтін - кіші әріппен (алғашқы әріптен басқа) басылады. Иллюстрацияның нөмірі түсініктеме деректерден төмен, ал егер олар жоқ болса - тура иллюстрацияның астына орналастырады. Иллюстрацианың нөмірін дефис қою арқылы атауымен бір жолда жазуға болады.

42. Иллюстрациялар компьютерлік технологияны немесе қара сияны пайдалана отырып жасалған, не болмаса ксерокопиялық пен полиграфиялық әдістермен көбейтілген болады.

43. Тігілетін кесте мәтіні мен иллюстрациялар жеке беттерде орналасады және ортақ нөмірленеді. Есептің форматынан үлкен (бірақ A3 пішімінен аспайтын) парақта жасалған кестелер мен иллюстрациялар бүктеліп, бір парақ ретінде нөмірленеді.

44. Графикалық қосымшалар жұмыстардың нәтижесін көрсететін (әртүрлі мазмұны бар карталар, қималар, стратиграфиялық бағаналар, кескіндер мен басқа да геологиялық ақпарат) материалдар болып табылады.

45. Графикалық қосымшалардың тізбесі есеп ұсынылатын жұмыс түріне байланысты және жұмыстардың жобасында (бағдарламасында) және салалық нормативтік құқықтық актілердің талаптарында айқындалады.

46. Графикалық қосымшалар картографиялық қағазда сызықша-контур түрінде орындалып ұсынылады. Электрондық нұсқадағы есептердің графикалық қосымшалары геологиялық қорларда пайдаланылатын компьютерлік бағдарламалардың пішіміндегі көшірмелерін қоса отырып, бағдарламаның түпнұсқа пішімінде ұсынылады. Электрондық нұсқадағы графикалық қосымшалар масштабы, ақпараттық жүктемесі, бояуы, бедері және тағы басқалары бойынша қағаз түріндегі түпнұсқамен сәйкес келеді.

47. Есептің әрбір графикалық қосымшасына, оның ішінде көппарақты қосымшаның әрбір парағына осы Түсіндірмеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парақтың астыңғы оң жақтағы бұрышына полиграфиялық әдіспен немесе қара сиямен орындалған бұрыштама мөртабан қойылады.

48. Қажет болған жағдайда, шартты белгілерге арналған бағанда аталған графикалық қосымшадағы парақтардың орналасу сызбасы беріледі.

49. Құжатқа рұқсатты шектеу белгісі (егер болған жағдайда) графикалық қосымшаның әрбір парағының оң жақ жоғарғы бөлігіне қойылады.

50. Карталарды білдіретін графикалық қосымшалардың бұрыштама мөртабанында масштабтан басқа, аталған қосымшаны құрастырғанда пайдаланылған картографиялық негіз көрсетіледі.

51. Графикалық қосымшалар 210x300 мм, қалыңдығы 70-80 мм аспайтын пішімдегі папкаларға салынады. Аландық геологиялық түсіру жұмыстары бойынша графикалық қосымшалар халықаралық стандартты бөліп сызу парақтарында, 700x700 мм мөлшеріндегі папкаларға салынып ұсынылады.

52. Графикалық қосымшалардың барлық парақтары бұрыштама мөртабан парақтың беткі жағында тұратындай етіп, папка пішімі бойынша салынады.

53. Папкада орналасқан графикалық қосымшалар тігілмейді, бірнеше бетте жасалған қосымшаның жеке парақтары жабыстырылмайды.

54. Графикалық қосымшалар бар папкаға, осы Түсіндірмеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заттаңба жабыстырылады. Заттаңбада «Графикалық қосымшалар» деген тақырыпша беріледі, бұл ретте кітап нөмірі көрсетілмейді.

55. Егер графикалық қосымшалары бар папка біреуден көп болса, олар нөмірленеді және нөмір заттаңбада көрсетіледі.

56. Графикалық қосымшалар папкада есептегі маңызының дәрежесі бойынша орналастырылады.

57. Екі немесе одан да көп кітаптардан тұратын есептер үшін метрологиялық сараптама қорытындысы бірінші кітапқа салынады.

58. Патенттік зерттеулер туралы қорытынды осы Түсіндірмеге 8-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

59. Есептің формуляры осы Түсіндірмеге  9-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

60. Егер есеп бірнеше кітаптардан тұрса, қарау хаттамасы бірінші кітапқа салынады.

61. Хаттама есеп мәтінінің ішінде беріледі немесе оның көлемі үлкен (7-беттен көп) болған жағдайда есепке жеке қосымша түрінде ұсынылады.

62. Бастапқы геологиялық материалдар есепке қоса берілетін осы Түсіндірмеге 10-қосымшаға сәйкес ресімделген бастапқы геологиялық материалдарды тапсыру актісі бойынша өңіраралық департаменттің мұрағатына тапсырылады.

63. Екі немесе одан да көп кітаптардан тұратын есепке арналған бастапқы геологиялық материалдарды тапсыру актісі сол есептің бірінші кітабына орналастырылады.

64. Орындалған геологиялық барлау жұмыстарының түрлері мен көлемі және объект бойынша есептен шығаруға жататын шығындар туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) осы Түсіндірмеге 11-қосымшаға сәйкес ресімделеді, онда (жоба бойынша) жоспарланған және нақты орындалған жұмыстардың түрі мен көлемі физикалық өрнекпен, геологиялық барлау жұмыстарының сметалық құнының жиынтық есебіне сәйкес сатыларға және түрлерге бөлінген жұмыстардың сметалық құны мен нақты шығындары, ал геологиялық түсірілім жұмыстары үшін геологиялық түсірілімнің бір шаршы километрінің сметалық және нақты құны көрсетіледі.

65. Анықтамаға қаржылық-экономикалық қызметтің басшысы (бас бухгалтер) және жұмысты қаржыландыруды қамтамасыз ететін ұйымның бірінші басшысы қол қояды. Анықтамаға қойылған қолдар мөрмен расталады. Екі немесе одан да көп кітаптардан тұратын есепке арналған анықтама бірінші кітапқа орналастырылады.

66. Есептер сақтауға жіберілетін ұйымдардың тізбесі есептің бірінші кітабының соңғы бетіне орналастырылады. Тізбеде ұйымдар, олардың пошталық мекен-жайлары, дана нөмірі, осы Түсіндірмеге 12-қосымшаға сәйкес, көрсетіледі.

67. Қағаз және электронды тасымалдағыштардағы геологиялық есептің бірінші данасы түпнұсқада жасалады және Республикалық геологиялық қорға сақтауға жіберіледі. Өңіраралық департаменттердің аумақтық қорларына есептің қағаздағы нұсқасына ұқсас тек электрондық нұсқасы (түгел қолдарымен және мөрлерімен бірге) тапсырылады.

68. 1942 жылғы бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесінде (СК-42) жасалған координаттар каталогы жеке дәптерде орындалады және ол есептің ажырамас бір бөлігі болып табылады.

Құпия емес нысанда (географиялық, WGS-84, т.б.) жасалған координаттар каталогы есептің бірінші кітабында ресімделеді.

Координаттар каталогы осы Түсіндірмеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

69. Геологиялық зерттелуді есепке алу карточкасы осы Түсіндірмеге 14-қосымшаға сәйкес, зерттелген алаң орналасқан жердің миллиондық парақтағы көшірмесімен қоса, жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептердің түсіндірмесіне, осы Түсіндірмеге 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеуді есепке алу карточкасы (бөлек салынады).

70. Осы Түсіндірме тармақтарына сәйкес орындалмаған есеп, жазбаша ескертулерімен, пысықтауға қайтарылады.

Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есепті ресімдеуге

1-қосымша


Заттаңба
Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі


Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті

_______________________________________

жер қойнауын пайдаланушының атауы

_________________________________________________

жұмыстарды орындаушы ұйымның атауы

белгі _____

______ дана

Жауапты орындаушы______________

тегі, аты, әкесінің аты
__________________________________________________________________________

есептің толық атауы


ЕСЕП

бағдарламаның/кіші бағдарламаның,

тақырыптың атауы және нөмірі,

лицензияның/келісімшарттың

сериясы және нөмірі _______________________________________________
кітаптардың жалпы саны _____________________________________________________________
кітаптың реттік нөмірі және атауы _____________________________________________

Есептің шығарылған орны, жылы


Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есепті ресімдеуге

2-қосымша

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша орындалған жұмыстар жөніндегі есептің титул парағы


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті

_______________________________________

жер қойнауын пайдаланушы ұйымның атауы

_________________________________________________

орындаушының атауы
Әмбебап ондық                   
сыныптамасы __________ Құжатқа рұқсатты Мемлекеттік            шектеу белгісі ____________
тіркеу № _________                 __________ дана
Түгендеу № _____________

                                                      «БЕКІТЕМІН»


                                     Геология комитетінің төрағасы
____________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты

                                    20___жылғы «_____»___________


__________________________________________________________________________

есептің толық атауы
ЕСЕП

__________________________________________________________________


бағдарламаның/кіші бағдарламаның, тақырыптың атауы мен нөмірі,
лицензияның/шарттың сериясы мен нөмірі, жұмыстардың ауқымы мен парақтардың номенклатурасы, жұмыстардың орындалу кезеңі

__________________________________________________________________


кітаптардың жалпы саны
_______________________________________________________________

кітаптың нөмірі және атауы


Ұйымның

басшысы _______________________                _________________


               қолы мен күні,      тегі, аты, әкесінің аты
Есептің шығарылған орны, жылы

Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есепті ресімдеуге

3-қосымша

Аумақтық басқармада жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі есептің титул парағы


Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті

Аумақтық басқарма

_______________________________________

жер қойнауын пайдаланушы ұйымның атауы

___________________________________________

орындаушының атауы


Әмбебап ондық сыныптамасы ________

Мемлекеттік

тіркеу № ___________

Түгендеу № _______________

Құжатқа рұқсатты шектеу белгісі _____________

_______ дана





«БЕКІТЕМІН»

Аумақтық басқарманың

басшысы_____________

______________________

басшының тегі, аты, әкесінің аты
20___жылғы «____»___________

___________________________________________________________

(есептің толық атауы)

________________________________________________________________________

(жұмыстың орындалу кезеңі, ауқымы, парақтардың номенклатурасы, бағдарламаның/кіші бағдарламаның, тақырыптың атауы мен нөмірі)



_____________________________________

(кітаптардың жалпы саны)



_____________________________________

(кітаптың нөмірі және атауы)




Орындаушы ұйымның

басшысы ___________ ________________

(лауазымы) (қолы мен күні)

(тегі, аты, әкесінің аты)

Есептің шығарылған орны, жылы

Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есепті ресімдеуге

4-қосымша


Жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен орындалған, жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есептің титул парағы


Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті

Аумақтық басқарма



орындаушы ұйымның атауы
Әмбебап ондық

сыныптамасы № _____________ дана №

Мемлекеттік тіркеу №_____ шектеу белгісі

Түгендеу № ______


«БЕКІТЕМІН»

___________________

Тегі, аты, әкесінің аты

(жер қойнауын пайдаланушы)______________

____________________________ 20___жылғы «_____» ____________

КЕЛІСІМШАРТТЫҚ АУМАҚТАҒЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

ЕСЕП


Келісімшарт, лицензия бойынша _______________жылдары

орындаған

ұйымның атауы

Орындаушы ұйымның басшысы _____________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Жер қойнауын пайдаланушы (Т.А.Ә.) __________________________

Есептің шығарылған орны, жылы

Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есепті ресімдеуге

5-қосымша

Есептің екінші және одан кейінгі кітаптарының титул парағы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
_______________________________________________________________

орындаушы ұйымның атауы
Әмбебап ондық                   
сыныптамасы __________ Құжатқа рұқсатты шектеу

Мемлекеттік            белгісі_________


тіркеу № _________                 __________ дана
Түгендеу № _____________

________________________

(есептің толық атауы)

________________________________________________________________

(жұмыстардың орындалу кезеңі, ауқымы, парақтардың номенклатурасы, бағдарламаның/кіші бағдарламаның, тақырыптың атауы мен нөмірі, лицензияның/келісімшарттың сериясы мен нөмірі)

_________________________

(кітаптың нөмірі және атауы)

Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есепті ресімдеуге

6-қосымша
Графикалық қосымшалардың тізімі


№№ р/с

қосымшаның атауы

қосымшаның нөмірі

қосымшадағы парақ нөмірі

қосымшаның ауқымы

қосымшаның құпиялылық дәрежесі

1

2

3

4

5

6

Барлығы: ____ графикалық қосымшалар ___ парақта, құпиялылық дәрежесі

Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есепті ресімдеуге

7-қосымша

Есепке графикалық қосымшадағы бұрыштама мөртабан


Есепті жасаған ұйымның атауы

Есептің, бағдарламаның/кіші бағдарламаның, тақырыптың атауы және тағы басқалар

Жауапты орындаушы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты

Есепті тапсырған жыл

Қосымша парақ

Қосымшаның атауы

Қосымшаның ауқымы




Құрастырған:

Тексерген:



Лауазымы, қолы Тегі, аты, әкесінің аты
Лауазымы, қолы Тегі, аты, әкесінің аты

Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есепті ресімдеуге

8-қосымша

Геологиялық барлау техникасының объектісі бойынша патенттік зерттеулер туралы қорытынды

      Бағдарлама/кіші бағдарлама, тақырыбы_____________________________
                                            атауы, нөмірі
      _________________________________________________________________
      Жауапты орындаушы_______________________________________
      _________________________________________________________________
      Патент жүргізушінің қорытындысы_________________________________

_________________________________________________________________


_________________________________________________________________

      


    Күні 20____ жылғы «___» _____________
      Патент жүргізуші_________  _______________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есепті ресімдеуге

9-қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті


_________________________________________________________________

Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық органының атауы


____________________________________________________________________________ жөніндегі

есеп жасалған жұмыстың атауы


есептің

ФОРМУЛЯРЫ
Есептің авторы _______________________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты




р/с


Жазу күні

Жазудың мазмұны

Жазған тұлғаның атқаратын лауазымы және қолы

1.




Есеп республикалық геологиялық қорға сақтауға қабылданды


Қызметтің басшысы ________________


2.




Есепті қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия қарады және қабылдады (қорлар есептелетін есептер үшін)


Жер қойнауын сараптау басқармасының басшысы____________________


3.




Есепті қорлар жөніндегі аумақтық комиссия қарады және қабылдады (қорлар есептелетін есептер үшін)


Қорлар жөніндегі аумақтық комиссияның басшысы ____________________


4.




Есепті геология және жер қойнауын пайдаланудың аумақтық органы қарады және қабылдады:

Геологиялық қорлардың басшысы

____________________




5.




Есепті жер қойнауын пайдаланушы қарады және қабылдады

Басшы ____________________


6.




Есепті жер қойнауын пайдаланушының мердігер кәсіпорны (орындаушы) қарады және қабылдады

Басшы ____________________

Формуляр есептің әрбір данасына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есепті ресімдеуге

10-қосымша

«Бекітемін»

Геология және жер қойнауын пайдаланудың аумақтық органының басшысы

__________ ______________________

қолы тегі, аты, әкесінің аты «___»___________ __________

күні жылы

Бастапқы геологиялық материалдарды тапсыру актісі





№№

р/с


Бастапқы материалдың атауы

Тасымалдағыштың түрі

(қағаз/электрондық)



Бастапқы материалдың түрі (мәтін/графика)

Парақтар саны

Ескертпелер

1

2

3

4

5

6

Тапсырды: _________________ Жер қойнауын пайдаланушы

(жұмыстарға тапсырыс беруші)

Қабылдады: _________________ Аумақтық геологиялық қор қызметінің

басшысы

Қолы Тегі, аты, әкесінің аты



Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есепті ресімдеуге

11-қосымша


_____________________________________________________________________________

объектінің, бағдарламаның/кіші бағдарламаның атауы, лицензияның/келісімшарттың сериясы және нөмірі, жұмыстарды орындау мерзімі


жүктеу 2,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау