Министр по инвестициям и развитию республики казахстан



жүктеу 2,76 Mb.
бет3/5
Дата14.11.2018
өлшемі2,76 Mb.
#19820
1   2   3   4   5

4) барлау және игеру деректерін салыстыру;

Кен орнын барлау және игеру деректері бұрын ҚМК бекіткен қорлар сұлбасында, сондай-ақ осы сұлбалардағы қорлардың өңделуін есепке ала отырып салыстырылады. Есепте мына деректер беріледі:

1) кен орынды барлау мен игеру деректерін бұрын жүргізілген салыстырулардың негізгі нәтижелері;

2) барлау және игеру бойынша салыстырылған деректердегі айырмашылықтардың себептері;

3) кен орны бойынша қордың соңғы рет ҚМК бекіткен күнен кейін толық қозғалысы;

4) учаске бойынша игеру деректерімен салыстыру үшін қолданылған барлау нәтижелерінің дұрыстығы;

5) ҚМК бекіткеннің ішінде, салыстыруға қатысқан қорлардың үлесі



5) Пайдалы қазбалардың заттық құрамы мен технологиялық қасиеттері;

«Пайдалы қазбалардың заттық құрамы мен технологиялық қасиеттері» бөліміне төмендегілерді сипаттайтын материалдар енгізілген:

1) орындалған технологиялық зерттеулердің әдістемесі, көлемі және түрлері, олардың толықтығы және сапасы;

2) шекті жыныстар мен пайдалы қазбалардың заттық құрамы, пайдалы қазбалардың табиғи түрлілігі; олардың минералдық және химиялық құрамы, рационалды талдау қорытындылары, минералдық формалар, текстура-құрылымдық және физикалық-механикалық қасиеттері. Пайдалы қазбалардың табиғи түрлерінің кен орын (учаске) шегінде таралу заңдылығы.

Пайдалы қазбалардың құрамын және физикалық-механикалық қасиеттерін тотығу (үгілу) аймағында немесе оның даму тереңдігінде өзгерту, пайдалы қазбаларды тотығу дәрежесі бойынша бөлу белгілері; негізгі, екінші дәрежелі және сирек минералдардың физикалық қасиеттері және басқа да сипаттамалары;

3) негізгі және ілеспе пайдалы қазбаларды, зиянды және шлак тудыратын қоспаларды минералды формалары, бөлек жатыстары және толығымен кен орын бойынша тарату.

Негізгі және ілеспе құрамдастар мөлшерінің арасында өзара байланыстың бар немесе жоқ болуы. Бөлек ілеспе құрамдастардың қорын есептеу ықтималдылығының негіздемесі, егер олар негізгі құрамдастардың минералды-тасымалдағыштарына артығырақ тартылса.

Негізгі және ілеспе құрамдастардың пайдалы қазбалар қыртысы және толығымен кен орны бойынша таралуында аймақтықтың болуы; зиянды және шлак түзетін қоспаларының мөлшері көп пайдалы қазбалардың қыртысы. Түрлі технологиялық типтегі пайдалы қазбаларды селективті қазу ықтималдылығы;

4) пайдалы қазбалардың заттық құрамына, оның сапасын анықтау және қорын есептеу үшін жүргізілген жеткілікті зерттеулер негіздемесі. Әр ілеспе құрамдастардан сынама алу толықтылығы және ілеспе құрамдастарды қатардағы немесе топтанған сынамалардағы, минералдар мен жиналымдардағы, пайдалы қазбалардың бөлек қыртыстары мен толығымен кен орын бойынша мөлшерін есептеу шарттарының негіздемесі;

5) пайдалы қазлалардың өнеркәсіптік (технологиялық) түрлерін және сұрыптарын бөліп алу критериі; олардың орналасуы және технологиялық қасиеттерінің өзгергіштігі; жалпы қордағы үлесі;

6) технологиялық сынамалар алу әдістері мен көлемі (алу орны, сынама саны мен салмағы); жүргізу әдістемелері және геологиялық-технологиялық карталау көлемі; кен орын бойынша толығымен бөлек қыртыстар, учаскелер, деңгейжиектер үшін технологиялық сынамалардың көрінісі (салмағы, сынама алу орны, заттық құрамы, негізгі және ілеспе құрамдастары және басқа да көрсеткіштері бойынша); кен орындарының бөлек учаскелерінің технологиялық сынамаларының, сонымен қатар оның ілеспе құрамдастарының табиғи және өнеркәсіптік (технологиялық) түрлері мен сұрыпының негіздемелері; технологиялық зерттеу жүргізген ұйымдар және олардың бағдарламалары;

7) минералды-технологиялық карталау қорытындылары (пайдалы және ілеспе құрамдастардың мөлшерін анықтау, оларды және ілеспе пайдалы құрамдастарды анықтау формасы, олардың көлемі);

8) зерттеу жүргізген ұйымды көрсете отырып, түрлі сатыда жүргізілген технологиялық зерттеулердің қорытындылары; пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік (технологиялық) түрлері мен сұрыптары; оларды орналастыру сипаты, бөлу негіздемесі; кен орындағы жалпы қордан анықталған технологиялық түрлер мен сұрыптардың үлесі және оларды геометрлеу ықтималдылығы;

9) минералды шикі затты қайта өңдеудің ұсынылатын технологиялық сызбасы, қайта өңдеудің негізгі көрсеткіштері – кестелік формада (тауарлық өнім шығысы, оның сапасы және салалық стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес келуі, туарлық өнімнен негізгі құрамдастарды бөліп алу және өндіріс қалдықтары, зиянды қоспаларды қайта өңдеу өнімдері бойынша тарату); минералды шикі затты тасымалдау ыдыстарына және (немесе) кесекті сепарацияда сұрыптау жолымен радиометрикалық байыту әдістерін қолдану ықтималдылығы; минералды шикі затты, пайдалы қазба контрастылығын осы қасиеттер бойынша бөлу үшін қолданылуы мүмкін физикалық қасиеттер; байыту өнімдері техникалық талаптарға сәйкес келмеген кезде – оларды іске асыру ықтималдылығы немесе оларды қайта өңдеу бойынша басқа да технологиялық зерттеулер жүргізу;

10) минералды шикі заттың металлургиялық немесе химиялық шегін байыту үдірісінде ілеспе құрамдастардың іс қимылы (пайдалы қазбалардың технологиялық түрлері мен сұрыптары бойынша бөлек-бөлек): осы құрамдастардың байыту өнімдеріндегі мөлшері, байыту өнімдеріндегі минералды-тасымалдағыштардың мөлшері, әр ілеспе құрамдасты минералдар және байыту өнімдері бойынша тарату балансы, жеке минералдарды түзетін ілеспе құрамдастардың жеке концентраттарын алу ықтималдылығы;

11) негізгі өндірістегі тау-кен өнеркәсіптік қалдықтардың құрамы мен қасиеті, оларды технологиялық зерттеу қорытындылары; қалдықтарды немесе оларға қосылған құрамдастарды өнеркәсіптік қолдану ықтималдылығы және олардың қажеттілігі; негізгі өндіріс қалдықтарының бөлек-бөлек түрлерінің санын есепке алудың мақсаттылығы немесе олардың табиғи түзілімдерден тұратын қорын (үйінді жыныстары, қабырға және қаптама кірпіштерін өңдеу қалдықтары, байыту қоқыстары және басқалары), немесе оларға қосылған бағалы құрамдастарды (оларды қолданудың мақсаттылығы мен тұтынушының болуы) бекіту;

12) айналма суын қолдану және олардың тех-нологиялық үдістерге ықпалы; кері қайтқан судың, оны қолданбас бұрын тұздық құрамын тұрақтандырудың ұсынылатын әдістері;

13) қайта өңдеу үшін технологиялық сызбаны жобалауға арналған пайдалы қазбалардың заттық құрамы мен технологиялық қасиетіне зерттеу жүргізу жеткіліктілігінің негіздемесі; алынған қорытындылардың ТЭН кондициясы негіздемесіне жатқызылатын деректерге сәйкес келуі; байыту көрсеткіштері және оларды ұқсас саладағы отандық және шетел кәсіпорындарының көрсеткіштерімен салыстыру.


6) Кен орынды өндірудің гидрогеологиялық шарттары;

«Кен орынды өндірудің гидрогеологиялық шарттары» бөлімі келесі мәліметтерден тұрады:

1) жүргізілген гидрогеологиялық жұмыстардың әдістемесі, түрлері мен көлемі және өндірудің гидрогеологиялық шарттарын зерттеу толықтығы;

2) жер бетіндегі су ағысы мен су айдындары;

3) кен орынның гидрогеологиялық сипаттамасы; кен орынды сулауға қатысатын негізгі су тұтқыш деңгейжиектер мен кешендер; жер бетіндегі жер астындағы судың химиялық құрамы мен бактериологиялық күйі, олардың газбен қанығуы, олардың металға, ағашқа және бетонға агрессивтілігі; тау-кен қазбаларындағы жобаланатын су ағындарының мәні; құрғатылған судың сапасын бағалау, оларды техникалық мақсат үшін және сулау үшін қолдану ықтималдылығы; құрғатылған судың су айдындарымен қамтылуын есептеу; ҚМК бекіту үшін құрғатылған су көлемін бағалау; өндірудің гидрогеологиялық шарттарының күрделілік деңгейін бағалау;

4) барланған кен орынды кептіру бойынша ұсынылатын аудандардағы осыған ұқсас өндірілетін кен орындарында қолданылатын құрғату және суды азайту шараларын талдау;

5) қолданыстағы су ресурстарын пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды сумен қамту көзі ретінде бағалау; жер асты суларының барланған кен орындары туралы және оларды бекіту жөніндегі деректер (кестелік формада); жер асты суларының жаңа кен орындарын анықтау ықтималдылығы;

6) сумен қамту, бальнеологиялық мақсат немесе олардан бағалы құрамдастарды бөліп алу үшін кен орнын сулауға қатысатын суды қолдану ықтималдылығын бағалау;

7) кәсіпорынның суды қажет етуі және шаруашылық-ауызсу және техникалық сумен жабдықтау көздерімен қамтылуы;

8) құрғатып өңдеуге тағайындалған шашыранды кен орындары үшін, - суды көтеру мақсатында бөгет орнату ықтималдылығы, егер оның тереңдігі алқыманың жұмыс жасауына жеткіліксіз болса.


7) Кен орынды өндірудің инженерлі-геологиялық және тау-кен геологиялық шарттары;

«Кен орынды өндірудің инженерлі-геологиялық және тау-кен геологиялық шарттары» бөліміне келесі ақпараттар кіреді:

1) жүргізілген зерттеулердің әдістемесі, көлемі мен түрлері; олардың толықтығы мен сапасын бағалау;

2) кен орынның (учаскенің) тау-кен геологиялық шарттарына сипаттама, кен орнын (учаскені) ашу және өндіру тәсілдері;

3) байланысқан, сусымалы және жылжымалы жыныстардың класын бөлетін тау-кен генетикалық кешендер; топырақтың МСТ 25100-95 сәйкес түрлілігі;

4) топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері (МСТ 25100-95 сәйкес);

5) геологиялық тілікті инженерлі-геологиялық аудандау; құрылыс бетіне арналған инженерлі-геологиялық шарттар;

6) кен орынның тау-кен геологиялық және инженерлі-геологиялық шарттарының күрделілігін бағалау (тектоникалық бұзылымы, жарықшақтығы, шекті жыныстардың өзгеруінің анизотроптылығы, карстталуы, газдылығы, көшкіндер мен сел тасқындарының туындау ықтималдылығы, сейсмикалылығы);

7) өндірудің ашық тәсілі кезінде – карьер биіктігінің, тереңдігінің және олардың жағдау құламалары бұрышының орташа және ең жоғарғы коэффициенттері;

8) өндірудің жер асты тәсілі кезінде – пайдалы қазбалардың, сонымен қатар нашарлатылған аймақтардың жабыны мен табанына тікелей жататын жыныстардың физикалық-механикалық сипаттамалары (кестелік формада); тау-кен соққысының туындау ықтималдылығын бағалау, пайдалы қазбалардың өздігінен жануға қабілеттілігі;

9) пайдалы қазбалар мен шекті жыныстардың радиациялық сипаттамасы; адам денсаулығына әсер ететін қысымкониозқауіптілігі, өкпедертқауіптілігін және басқа да факторларды бағалау;

10) жер бетіндегі құрылыстың жалпы шарттары және өндірістік, тұрғын үй-азаматтық тағайындамадағы объектілерді және бос жыныстардың үйінділерін орналастыруға арналған алаңды таңдау негіздемесі; кен орын ауданында басқа да барланған өндірудің тәсілдері мен тау-кен техникалық шарттары туралы мәліметтер; игеру кезінде туындаған шиеленістер;

11) кен орында өндіру нәтижесінде тау-кен геологиялық шарттардың өзгеруін болжау.



8) Кен орынды өңдеудің геоэкологиялық шарттары;

«Кен орынды өңдеудің геоэкологиялық шарттары», келесі ақпараттардан тұрады:

1) жүргізілген геоэкологиялық зерттеулердің әдістемелері, көлемі және түрі, олардың толықтығы мен сапасы;

2) қоршаған орта құрамдастарының қазіргі заманғы күйі: ауа, жер бетіндегі және жер астындағы су, топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі. Пайдалы қазбалар мен шекті жыныстар құрамы, минералды шикі зат пен шекті жыныстардың уытты құрамдастары мен ауыр металдары;3) нысандардың қоршаған ортаға әсеріне сипаттама: ашық кеніштер, шақталар, бос жыныстардың үйінділері, пайдалы қазбалар қоймасы және топырақ-өсімдік қабаты, өнеркәсіптік алаңдар, қалдықтар қоймасы, тоған-жинақтаушы, қойыртпақжинақтаушы, құбырлар;

4) экологиялық жағдайға жағымсыз әсер ететін технологиялық өндірістің ерекшеліктері;

5) тау-кен кәсіпорнының жер астындағы және жер үстіндегі суға, өсімдіктерге, жануарлар әлеміне, атмосфераға және жақын елді мекендер халқына болжанған әсер етуін бағалау;

6) топырақтың, жыныстың және пайдалы қазбалардың радиоактивтілігі;

7) санитарлық-қорғалған аймақ;

8) кен орынды өндірудің қоршаған ортаға кері әсерін төмендету бойынша шаралар және оларды экономикалық бағалау.



9) Қорды есептеу;

«Қорды есептеу» бөліміне келесі деректер енгізіледі:

1) кен орнының геологиялық ерекшеліктерін, оны барлау әдістемесі мен жасау тәсілдерін ескере отырып, негізгі пайдалы қазба қорларын есептеудің қабылданған әдістерін негіздеу. Есептеу сызбасының түрлері, оның ауқымының қорларды есептеу шарттарына сәйкестігі.

Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дайындалған ұсынылатын материалдарға қорларды есептеу нәтижелерін және олардың дұрыстығы туралы қорытындыларды негіздеу үшін қажетті барлық деректер кіреді. Материалдардың мазмұны мен формасы тексеру мүмкіндігін, ал қажет болған кезде авторлардың жеке қатысуынсыз қорларды есептеу деректерін қайта өңдеуді қамтамасыз етеді.

Материалдарды рәсімдеу тәртібі әрекеттегі нұсқаулық талаптарымен анықталатын болады.

Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дайындалған ұсынылатын материалдар бастапқы геологиялық, тау-техникалық және экономикалық деректер және оларды өңдеу нәтижелерінің электрондық базасы, сонымен қатар осы негізде алынған мәтіндік материалдар, қағаз және электронды түрдегі кестелік және графикалық қосымшалармен қамтылады.

Бастапқы деректер барлау жұмыстарының бастапқы нүктелерінің координаттар файлы, ұңғымалар бағандарының инклинометрия нәтижелері және маркшейдерлік өлшемдер, барлау жұмыстары мен оларды сынау құжаттамалары қамтылған (кен орнының геология-математикалық моделін жасау үшін толық ақпараты бар барлық файлдар) верифицирленген электрондық база түрінде мемлекеттік сараптамаға ұсынылады. Сызбалы ақпарат (топографиялық негіз, жоспарлар, кесінділер және т.б.) векторлық немесе растрлы сандық форматтарда (*.dxf, *.cdr, *.jpg, *.tiff, *.gif, *.tab (формат MapInfo)) қатесіз, координаттық тормен, өзінің қағаз аналогтарына сәйкес түрде ұсынылады.

Бастапқы деректер бүкіл кен орны бойынша бөлектелген кесінділер кестелері мен сынау журналдарын біріктіретін кесте түрлерінде, MS Office: MS Excel, MS Access ретінде оқыла алатын файлдарда беріле алады. Түрлі операциялық бағдарламаларда жұмыс істейтін бағдарламалық өнімдерді ақпараттық деректер базасын бір жүйеден екіншісіне импорттау/экспорттаудың стандартты интерфейсімен, сонымен қатар кез келген шекарамен жұмыс үшін интерфейспен қамсыздандырған жөн.

Мемлекеттік сараптама өткізу кезеңінде ҚМК назарына берілген материалдарды дайындауда қолданылған бағдарламалық жасақтама данасы беріледі, бұл бастапқы деректерді және кен орнын модельдеу нәтижелерін бақылауға қажетті.

Қорларды санаттау ережелері минералды шикізат түрлері бойынша кен орындарының қорларын сыныптауды қолдану бойынша нұсқаулармен берілген қатты пайдалы қазбалардың болжамдық қорларының кен орындарының қорларының әрекеттегі сыныптауымен реттеледі.

Кен орнының блоктық моделін жасау арқылы геостатикалық модельдеу негізінде жасалған қорларды есептеу нәтижелерін кондициялардың параметрлерін қолдану арқылы бөлектелген үшдеңгейлі модельмен салыстыру қажет (жағдау құрамы, құрамдастарды басқа құрамдасқа аудару коэффициенттері және олардың шартты құрамдасқа аудару үшін минималды құрамдары, тау-кен қыртысының минималды қуаты, бос тектердің және бейкондициялық қабатының максималды қуаты).

Есептеудің осы түрі қарастыруға берілген ортақ қорлардың 25-50 % (ҚМК келісімі бойынша) көлемде қорларды есептеудің дәстүрлі әдістерінің бірінің бақылауына жатады (геологиялық блоктар, кесінділер, көпбұрыштар және басқа). Салыстыру кен орнының анағұрлым өкілдік учаскелері бойынша орындалады.

Нақты ақпараттық технологияны қолдану арқылы қорларды есептеу нәтижелері басқа ақпараттық технологияны қолдану негізінде шығару мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік сараптама үшін дайындалған материалдар қорларды есептеу технологиясына және пайдаланылған бағдарламалық өнімдерге қарамастан, қағаз (дәстүрлі ұсыну), сонымен қатар электрондық тасымалдағыштарда да беріледі. Бұл ретте электрондық нұсқасы қағаз түпнұсқасымен сәйкестілігі сақталады.

2) қорларды есептеу үшін орнатылған кондициялар, оларды бекіту уақыты; осы кондицияларды заманауи жағдайларда қолдану мүмкіндігін растайтын немесе оларға енгізілген өзгерістерді негіздейтін техникалық-экономикалық есептердің деректері (бастапқы деректер, ТЭН қабылданған кондициялар мен келесі барлау материалдарының арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар болғанда);

3) пайдалы қазбалар қыстыстарын сүлбелеу принциптері; экстраполяцияның қабылданған әдістемесі; сүлбелерде пайдаланылатын зерттеулер мен геостатикалық модельдеу түрлерінің нәтижелері; пайдалы қазбаның жер қыртысын сүлбелеуде кондициялардан шегіністі негіздеу мен олардың есептеу нәтижелеріне әсер етуін бағалау;

4) кен орнын барлауда геофизикалық әдістерді қолданған жағдайда пайдалы қазбаның тау-кен қыртыстарын сүлбелеу, олардың ішкі құрамын нақтылау, маңызды құрамдастардың орташа құрамын анықтау, жарықшақтық деңгейі мен басқа параметрлерді анықтау үшін алынған ақпаратты пайдалану деңгейі көрінеді. Пайдалы қазба құрамдастарының аралықтарының геофизикалық деректер бойынша қабылданған құрамы қабылданған пайдалы қазба аралықтарының саны көрсетіледі; қорлары толық немесе ішінара геофизикалық деректер бойынша есептелген блоктар, учаскелер, пайдалы қазба тау-кен қыртыстары есептелген;

5) тау жұмыстары мен ұңғымалардың аралықтарының, сондай-ақ деректері қорларды есептеуде пайдаланылған барлау желілерінің тізбесі, оларды есептеуден алу себептері;

6) есептік блоктарды бөлектеу принциптері мен негізділігі, барлану деңгейі бойынша қорлар санатын негіздеу;

7) есептік параметрлерінің орта көлемін анықтау әдістері: пайдалы құрамдастар және зиянды қоспалардың қуаттылықтары, құрамы, көлемдік салмағы, ылғалдылығы, есептік аудандар, пайдалы қазбалардың блок және қор көлемдері және олардың технологиялық типтері. Бейкондициялы учаскелерін, пайдалы қазбалардың технологиялық типтерінің қорларын, минералды шикізаттың сұрыптары мен белгілерін есептеудің қабылданған статистикалық әдістері. Қорларды есептеуде кеннің барлық коэффициентін қолдану. Жеке параметрлерді есептеуде пайдаланылған түзету коэффициенттері;

8) шашыранды кен орындары үшін – қопсытылған кен орындарының тасқорымын анықату мен есепке алу, карбонаттық тектер, гипс және ангидрит кен орындары үшін – карстталу;

9) пайдалы қазбалардың тау-кен қыртыстарының қалыңдығы мен пайдалы қазбалардың ауыр («қатты») құрамдарын анықтау әдістемесін жасау, қорларды есептеуде олардың әсерін шектеу; «қатты» мәндердің өткізілген шектеуін есептеу блоктары, санаттары, учаскелері және жалпы кен орны бойынша қорларды есептеу нәтижелеріне жасалған мін шектеу әсерін талдау;

10) қорлар топтары мен санаттары бойынша есептеу нәтижелері; баланстық қорлар үшін – оларды баланстыққа жатқызылған себептер бойынша сәйкестілікті бөлу. Блокта есептелген, өңдеуден өткен немесе шығаруға, сонымен қатар күзету мақсаттарында дайын қорлар туралы деректер;

11) ілеспе құрамдастардың қорларын есептеудің қабылданған әдістері: қатар немесе топтық сынақтардағы құрамы бойынша, мономинералды сынақтар немесе концентраттардағы құрамы бойынша, жалпы кен орны бойынша, пайдалы қазбаның жеке тау-кен қыртыстары бойынша немесе есептеу блоктарындағы және тағысын тағылар; 3 топтың ілеспе құрамдастарының жалпы және шығарылатын қорларын есептеу әдістемесі, сонымен қатар минералдар, зертханалық концентраттар, корреляция әдісі бойынша және тағысын тағылар.

Ілеспе құрамдастардың қорларын негізгі пайдалы қазбаның және басқа деректердің технологиялық қасиеттерінің зерттелуі мен қор санатына байланысты түрлі санаттарға жатқызудың негіздемесі. Ілеспе құрамдастардың қорларын кен орны бойынша, пайдалы қазбалар тау-кен қыртыстары, пайдалы қазбаның өнеркәсіптік түрлері, қорлар топтары мен санаттары мен пайдалы қазбаны жасау тәсілдері бойынша жалпы есептеу нәтижелері;

12) негізгі және ілеспе бағалы құрамдастардың баланстық және баланстан тыс қорларының өнеркәсіптік түрлері мен сұрыптары, есептік блоктары мен қор категориясы бойынша жинақ кестесі;

13) пайдалы қазбалар мен бағалы құрамдастардың есептелген қорын пайдалы қазбалардың есепке алынған Мемлекеттік балансымен, айырмашылықтар болған жағдайда салыстыру – сәйкес келмеу себептерін талдау;

14) пайдалы қазбалардың есептелген қорының дұрыстығының негіздемесі.


10) Қорытынды;

«Қорытынды» бөлімі келесілерден тұрады:

1) кен орынның геологиялық құрылысының, пайдалы қазбалардың заттық құрамы мен технологиялық қасиеттері, сонымен қатар кен орынды өндірудің табиғи жағдайлары туралы қорытындылар; оның өнеркәсіптік мәнін бағалау;

2) кен орынның геологиялық, технологиялық, гидрогеологиялық, тау-кен-техникалық, экологиялық және экономикалық зерттелуінің Кен орын қорын жіктеу және қатты пайдалы қазбалардың болжанған ресурстары ережелеріне сәйкес келуін жалпылама қысқаша талдау және кен орынның өнеркәсіптік игеруге дайындылығы туралы қорытындылар;

3) кен орынды игеру үдірісінде жобалау және дайындау жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша қайта өңдеуді қажет ететін негізгі шешілмеген сұрақтар мен мәселелер. Өндірілетін кен орындары (учаскелер) үшін өндірістің қабылданған жүйелерін, кен дайындау және байыту сызбаларын, технологиялық сызбаны, пайдалы қазбаларды және оларға қосылған құрамдастарды рационалды және кешендік қолдануды іске асыру бойынша ұсыныстар берілуі мүмкін;

4) кен орынның толығымен барлануы және дәрежесі қорытындылары мен оның қор мөлшеріне байланысты тиесілі кен орындары тобына жатқызылуы. Кен орындар тобының қор мөлшеріне байланысты мінездемесі осы басшылықтың 4-қосымшасында келтірілген;

5) кен орынды өндірудің күтілетін экономикалық тиімділігін және оның кешендік игеруге дайындылығын бағалау; кен орынның жалпы жетістіктерін талдау.



2.

Мәтіндік, кестелік және графикалық қосымшалар

11) Қолданылған әдебиеттер тізімі.

«Қолданылған әдебиеттер тізімі» бөлімінде осы кен орын бойынша есеп құру кезінде қолданылған әдебиеттер, қор немесе басқа да көздер беріледі.

Мәтіндік қосымшалар

Мәтіндік қосымшалар тізіміне кіретіндер:

жер қойнауын пайдалану құқығына берілген лицензия көшірмесі (Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге жасалған келісім шартты мемлекеттік тіркеу актісі);

қорды есептеу бойынша жұмыстарды жүргізу үшін мердігерге берілетін геологиялық (техникалық) тапсырма;

бастапқы геологиялық құжаттаманың түпнұсқаға сәйкестілігін тексеру, сонымен қатар бастапқы геофизикалық материалдардың сапасын, бастапқы алабтық геофизикалық құжаттамаларды өңдеудің дұрыстығын және басқаларын тексеру актілері;

ТЭН кондициясының материалдарын қарастыру бойынша ҚМК отырысының хаттамасынан көшірме;

қорды есептеу кезінде қолданылмаған (жарамсыз деп танылған) тау-кен қазбалары мен ұңғымалардың тізімі (себебін көрсете отырып);

сынама алу актілері және технологиялық сынама құжаттары;

көлемдік салмақты анықтау үшін кентірек алу актілері;

жер қойнауын пайдаланушының қорды есептеу жөніндегі материалдарын қарастыру хаттамасы.

Өндірілетін кен орындары бойынша келесілер қосымша беріледі:

өндірудің (тауарлық кендегі құрамдастардың мөлшері, шығындар мен құнарсыздану), байытудың, нақты су ағындарының, газдың бөлінуінің және тау-кен соққыларының пайда болуының, сонымен қатар қорды шығынға жазудың нақты көрсеткіштері туралы анықтамалар;

кен орнын өндіру үдірісінде қоршаған ортаның өзгеруі туралы мәліметтер.



Кестелік қосымшалар

Кестелік қосымшалар тізіміне кіретіндер:

ұңғымалар мен тау-кен қазбалары координаталарының ведомосі;

бұрғылау және тау-кен жұмыстарының, сынама алудың, сынамаларды өңдеудің және аналитикалық жұмыстардың сапасын сипаттайтын кестелер;

пайдалы қазбалардың әр бөлінген технологиялық түрлері мен сұрыптары бойынша тау-кен қазбалары, ұңғымалар, есептелген қималар, тіліктер мен блоктар бойынша қалыңдық пен көлемдік массаның орташа мөлшерін есептеу кестелері;

блоктардың ауданы мен көлемін есептеу кестелері;

пайдалы қазбалар қорын, блоктар бойынша негізгі және ілеспе құрамдастарды, бөлек-бөлек қыртыстар мен учаскелерді категориялар мен топтарға бөле отырып есептеу кестелері;

пайдалы қазбалардың баланстық және баланстан тыс қорларының, өнеркәсіптік (технологиялық) түрлер мен сұрыптар, сонымен қатар қордың А, В, С1 және С2 категориясы бойынша негізгі және ілеспе пайдалы қазбалардың құрама кестелері; баланстан тыс қорлар үшін – оларды баланстан тысқа жатқызылған себептеріне сәйкес тарату;

өндірілетін кен орындары бойынша, одан басқа, тау-кен өңдеу кәсіпорнының геологиялық-маркшейдерлік қызметімен есептелген қорлардың құрама кестелері; пайдалы қазбалар қорының жылжу балансы;

түзету коэффициенттерін қорды есептеу кезінде есепке алу кестесі.








Есептің қосымша материалдары

технологиялық, инженерлі-геологиялық, гидрогеологиялық, геофизикалық және басқа да арнайыландырылған зерттеулер қорытындылары бойынша материалдар;

орташа кездейсоқ қателерді және талдаулардың химиялық және басқа да түрлерінің жүйелік айырмашылығын барлық соңғы сынамаларды қолдану арқылы және әр соңғы сынаманы салыстырудан шығару негізімен әр анықталатын құрамдас немесе көрсеткіш бойынша есептеу кестесі;

соңғы бұрғылау және соңғы тау-кен қазбалары деректерін талдау қорытындылары;

керннің таңдамалы созылуын немесе борозда сынамаларының таңдамалы ұсақталуын сипаттайтын материалдар;

қарапайым сынама алуды растау қорытындылары;

физикалық-механикалық сынаудың химиялық және басқа да талдау түрлері нәтижелерінің кестесі және пайдалы қазбалар мен шекті жыныстардың басқа да сапалық көрсеткіштерін анықтау;

сынама алуды бақылау нәтижелері;

сынама алу журналы;

көлемдік салмақты және ылғалдылықты анықтау кестесі.

Қор мен графа есептеу кестесінің орналасуы, есептеу жүргізілген тәртіпке сәйкес келуі, ал кестелер қорды есептеу операцияларын тексеру үшін қажетті негізгі және аралық деректерден тұруы ұсынылады.



Көмірсутек шикізатының қорларын есептеу жөніндегі геологиялық есеп нысаны

1

Қорларды есептеу құжаттарына ұсынылады:




- кенорындардың геологиялық құрылымдарының айрықшылығы жөнінде, геологиялық - барлау жұмыстарын жүргізілгендігі, геологиялық есептеу нәтижелері және шығарылған қорлардың көлемдерімен 15 бет көлем аумағында, есептеу авторларымен куәландырылған төрт данада қысқаша анықтама;

- ұңғымалардың координаттар тізімі, бөлек том түрінде ресімделеді және Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша бөліміне арнайы почта арқылы жіберіледі;

- есептеу авторларымен және жер қойнауын пайдаланушылармен бірігіп қаралған материалдардың хаттамасы;

- геология және жер қойнауын пайдалану Аумақтық басқармадағы пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі Аумақтық комиссиясының (АҚК) есептеу материалдарын қараудағы хаттамасы (қорытынды).



2

Қорларды есептеу материалдары құрайды:

есеп беру мәтіні

- кенорнының геологиялық құрылысы туралы мағлұмат;

- онда жүргізілген зерттеу;

- барлау және эксплуатациялық жұмыстарының нәтижесі және қорларды есептеуін негіздейтін басқа да материалдар;

- қорларды есептеудегі нәтижелер, кенорынды игерудегі дайындығының бағасы;

- жобаланған немесе игеру жүйесінде өзгерістерді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар;

- кенорындарын бағалауға дайындығын өндірісте меңгеру;

- бұрын ҚЖМК бекітілген кенорындар бойынша қорлар;

- қорлардың өзгеруіне және бұрынғы бекітілген параметрлерді есептеу бойынша детальды сараптамалар келтірілуі керек;



мәтіндегі қосымшаларда

- гидрогеологиялық, геофизикалық, геологиялық барлау жұмыстарының құжаты және ұңғыманы зерттеу және басқа да ақпарат;

- қорларды есептеу үшін қажет, сонымен қатар мәтінде көрсетілген қорытындылар және негізгі жағдайлардың негізіндегі мәлімет;



таблицалық қосымшалар

- қорларды есептеу нәтижелері және операциялары қорларды есептеу параметрлерінің анықтамасы;

- кенорындардағы бұрғыланған ұңғымалар жөніндегі ақпараттан тұратын



графикалық қосымшалар

- геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері көрсетілген;

- кенорынның геологиялық құрылымы, мұнайгаздылығы, есептелген қорлардың контурлардың жағдайы, өнімдік резервуардың құрылымы және тағы да басқа;



мұнай, газ, конденсаттардан алынған коэффиентерінің техника-экономикалық негізі (ТЭН)

- ілеспе компоненттер және мұнай, газ, конденсат қорларының шығарылғандығы анықтайтын негізін құрайтын және олардың компонентерден тұратын

3

Есеп беру мәтін бөлімінің ресімдеуіне және мазмұнына қойылатын талаптар

ТЕсеп беру мәтіні келесі тәртіп бойынша орналастырылады:



кіріспе

- жер қойнауын пайдаланушы туралы мәлімет;

- кен орынды қандай жобалық құжаттар арқылы игеру жүргізіліп жатқаны;

- кенорнының ашылған уақыты және геологиялық барлау жұмыстарын өткізу мерзімі. Кен орнында жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарының мақсаттары;

- ҚЖМК-ның қорларды бұрын бекіткен хаттамаларыньң кезекті сандары және күнтізбелік уақыты, ал қорларды бекітуден бас тартқан жағдайда құжаттарды қайтару себептері;

- бекітілген қорлар (категориялар бойынша), қор-есеп себептерін анықтау;

- ҚЖМК-мен алдында қаралған құжаттардың берілген ұсыныстардың орындалуы туралы мағлұматтар;



кенорындары туралы жалпы мәлімет

- кен орнының географиялық және әкімшілік тұрғыдан алатын орны; - ең жақын елді мекендер, оларға дейінгі қашықтық;

- тасымалдық (транспорттық) жағдай, кен орнынан ең жақын ірі елді мекенге, теміржол немесе сужол аялдамаларына, мұнай немесе газ құбырына, пайдалану үстіндегі мұнай немесе газ кен орнына, энергия жабдығына және сейсмикалық ауданға дейінгі қашықтық;

- кен орнының және табиғи-климатикалық ауданының жағдайы: орташа айлық, орташа жылдық және өрескел (экстремалдық) температуралар, жылдық және қысқа мерзімдік жауын-шашынның көлемі, үстемдік ететін желдердің бағыты мен қуаты, қардың қалыңдығы мен таралуы, маусымдық тоңның қалыңдығы; рельеф, гидрографиялық кесте, жергілікті жердің саздануы, кен орнына жақын немесе оның аумағындағы ағын сулар, суайдындар және мұнай және газ өндіру өнеркәсібін алдағы уақытта техникалық және ауыз суды пайдалану мүмкіндігі;
- кен орнын ашу және барлау тарихы, кен орнын алғаш ашушылар, бұрын жүргізілген жұмыстар және зерттеулер, олардың тәсілдемесі, көлемі, сапасы және әсерлігі (тиімдігі) жөнінде қысқаша мәліметтер; - пайдаланудағы кен орындар бойынша - пайдалануға қосылған жылы, пайдаланылып жатқан қабаттар (шоғырлар)


аумақтың және кенорындарының геологиялық құрылымы

- ауданның геологиялық құрылысы туралы қысқаша мағлұматтар;

- ауданның жалпы геологиялық құрылымы шегінде кен орнының алып жатқан орны;

- қабылданған стратиграфиялық сызба (схема)

- кен орынның қимасын құрайтын шегінділер кешенінің (жиынтығының) қысқаша сипаттамасы, бұл тұста стратиграфиялық бөлшектердің геологиялық жасы, кеңістікте таралуы, қалыңдығы және созылымы мен сүңгуі бойынша үздіксіздігі көрсетіледі;

- жиынтықтық (нормалдық) геологиялық-геофизикалық қимамен және стратиграфиялық бөліністер кестесімен безендіріледі;
- кен орнының бірінші және екінші реттегі (қатардағы) тектоникалық элементтерге орайласуы. Кен орнының тектоникасы туралы негізгі мағлұматтар: қатпарлардың түрлері, пішіні, аумағы, осьтерінің бағыты, қанаттарындағы жыныстардың сүңгу бұрышының өзгеруі, шөгінділердің құрылымы; үзілмелі (опырылмалы) бұзылыстар - жайғасу элементтері, жылжу амплитудасы мен сипаты. Ұсақ амплитудалық бұзылыстардың айқындалып орын тебу заңдылықтары. Мұнайлы-газды қабаттардың кескіні мен жайғасу жағдайына тектоникалық бұзылыстардың тигізетін әсері;
- құрылымдық кескіндемелердің (құрастырмалардың) жүргізілген геофизикалық зерттеулер, құрылымдық бұрғылау және барлау барысында алынған нақтылы деректермен, ал пайдаланудағы кен орындары бойынша - пайдалану құжаттарымен де расталуы;

- бұрын қорлары бекітілген пайдаланудағы кен орындары бойынша - кен орнының құрылысын сипаттайтын бұрынғы құжаттардағы мәліметтерді оны пайдалану және қайта барлау барысында алынған деректермен салыстыру, белгілі болған (айқындалған) айырмашылықтарды талдау, алдыңғы геологиялық-барлау жұмыстарының күмәнсыздығын бағалау;

- кен орындардың геологиялық үлгілерін алдыңғы есептеу үлгілерімен салыстыру, игеріліп жатқан кен орындар үшін, бұрынғы бекітілген қорлардың үйлеспеушілігін айқындау талдауы;
- әртүрлі тіректік беткейлер бойынша геологиялық қималармен және құрылымдық карталармен безендіріледі;


геологиялық барлау жұмыстары, оның ішінде: геологиялық түсіру;
- гидрогеологиялық зерттеу;
- геофизикалық барлау әдісімен зерттеу;
- салалы-картировкалы бұрғылау, іздестіру және барлау ұңғымалары;
- ұңғыманы геофизикалық жолмен зерттеу (ҰГЗ);
- көрінді материалдарды ұсыну әдісі және шешімі;
- ұңғымаларды сынамалау нәтижелері және әдістемесі;
- өндірістік-тәжірибелік пайдалану және сынамалау нәтижелері;

- геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жобасы жөнінде мәлімет. Кен орындарды барлау жүйесінің анықтамасы: бұрғыланған қабаттар мен оларды бұрғылау тәртібі, әртүрлі ұңғымалардың саны мен оларды орналастыру тәсілдері, ұңғымалар арасындағы ара қашықтықтар;

- мұнайлы-газды шектемедегі ұңғымалар саны; бүкіл қима және өнімбергіш қабаттар бойынша тасбаған алу үшін ұңғымаларға түсетін жобалық салмақтар, қабаттарды сынамалау тәсілдерінің кешені;

- геологиялық түсіру нәтижелері және әдістері, геологиялық түсіруі;
- геологиялық зерттеу және бақылау әдісі, мазмұны, көлемі;
- геофизикалық барлау әдістерімен зерттеу. Зерттеу нәтижелері және көлемі, қолданылатын әдістер көлемі және оларды жүргізу әдісі, алынған мәліметтер нәтижелері;
- бұрғыланған ұңғымалардың өзіндік мақсаттары, олардың конструкциялары, бұрғылау технологиясы, тереңдігі және техникалық күйі. Бұрғыланған ұңғымалардың қаражаты қорлар есебінің датасының күйі, жойылған ұңғымалардың саны және оларды жоюдың себептері, ұңғымаларды нұсқадан тыс пайдалану, барлық бұрғыланған ұңғымалардың жағдайлары туралы есептеу уақытына, қорларды қайта есептеуінде мәлімет, геологиялық-барлау жұмыстарының бұрын қабылданған әдістемесі мен барлау ұңғымаларын орналастыру жүйесінің кен орны геологиялық құрылысына сәйкестігін талдау;

- барлық кесінділермен ұңғымалардан кернаны шығарып алуы туралы мәлімет және бөлек өнімді қабаттармен, мұнай-газ жиналған аралықтардағы кернамен арналғандығы;


- ұңғымалардың техникалық күйінің кестелері және керн алынған ұңғымалар кесінділерінің арналғандығы, құрылым карталары, іздеу жүргізу үшін және барлау жұмыстарын зерттеу объектісінде, бұрғыланған ұңғымалар қоры картасымен;
- ҰГЗ - мен жүргізілген көлем. Әдістер қолданылған комплекс және оның анықтамасы, ұңғымалар саны, әртүрлі әдістермен зерттелгендер, зерттеу әдістерінің тізбесі, барлық өнім бергіш қабаттармен орындалған, олардың салдары. Жүргізілген жұмыстардың техникасы (түрлері және зонд мөлшерлері, масштабтары және геофизикалық параметрлер диаграммасын тіркеу жылдамдығы), олардың нәтижелері және сапасы. Апаратуралардың және жаңа геофизикалық әдістерді пайдалану дәрежелері. Сұйықтықтың физикалық құрамы және тағы да басқа;

- игеріліп жатқан кен орындарға ҰГЗ-ның кешенінің өзгеруі эксплуатациялық бұрғылау созылған уақытқа дейін, ҰГЗ-ны жүргізу шарттары, балшық қоспаларының мінездемелерінің өзгеруі және тағы басқа;

- ұңғымалардан алынған құжаттардың сапасы көрсетілген ҰГЗ-ның көлемдерінің кестелері;

- кабельдерде және трубаларда бұрғылау процесінде ұңғымаларды байқау нәтижелері және әдістері;


- ұңғымаларды байқау нәтижелері және әдістері, қабаттарды ашу жағдайы, жару түсімі жағдайы, түсім интенсификациясы туралы мәлімет, мұнай және газ түсімдерін өлшеу жалғастығы, ұңғымалардың өнімділігі, әр түрлі тәртіптегі дебеттердің орнықтылығы, забойларды тазалау жағдайы, депрессиялары, газ құрамдары, конденсат құрамдары және тағы да басқа;
- ұңғымалардың байқау нәтижелері және әдістерінің кестелері және бұрғылау процесіндегі байқау нәтижелерін салыстыру;
- сутасығыш аралықтары, ашық стволдағы пласто зерттеумен байқау, ҰГЗ-мен құжаттарымен атап көрсетілген. Сутасығыш объектілерінің саны, олардан алынған судың және газдың сынамасы;
- тәжірибелік-өндірістік пайдалану және сынаманың нәтижелері: ұңғымалар саны; әрбір ұңғыманың жұмыс уақыты, өндірілген мұнай, газдың саны, әрбір ұңғымадағы конденсат пен газ, депрессияның өзгеруі, мұнай, газ, конденсат және судың дебеттері; қабат қысымының өзгеруі;
- кен орындарды игеру және барлау кезіндегі тәжірибелік-өндірістік жұмыстары: мақсаты, технология жүргізу, жұмыс нәтижелері және мерзімдері;

- сәйкестік кестелер және сызбалар;



мұнай, газ және конденсаттың қасиеті және құрамы, олардың компоненттерінің өндірістік бағалау белгісі

тереңдік сынамаларды алу жағдайлары мен әдістемесі - алу тереңдігі, қабаттық қысым, қабаттық температура. Өнімбергіш қабаттар бойынша жер бетінде және тереңдікте алынған сынамалардың саны мен сапасы. Зерттеулердің әдістері. Зерттеуді жүргізген ұйымның атауы. Әр қабат (шоғыр), аумақ және қима бойынша мұнай мен газ құрамынының зерделену толықтығын негіздеу;

- мұнай, газ және конденсаттың қабаттық және қалыпты (стандарттық) жағдайларындағы физикалық-химиялық қасиеттері, тығыздығы, тұтқырлығы, газұстамдығы (газдылығы), көлемдік коэффициенті, сығымдар коэффициентер құрамы - күкірт, металдар, гелий және басқа да құрылыстары. Құрамы мен қасиеттері бойынша жеке көрсеткіштердің шоғыр аумағымен қима бойынша өзгергіштігі және әр шоғыр бойынша олардың орташа шамалары;


- мұнай, газ және конденсаттың тауарлық сипаттамасы. Мұнай, газ және конденсатты мемлекеттік қалыптардың (стандарттардың) тиісті топтарына жатқызу туралы қорытынды

пласты сулар қасиеті және құрамы, компоненттерінің өндірістік баға беру белгісі

- игеріліп жатқан кен орындарға қысқаша мәлімет, ұңғымаларды зерттеулерін қосымша нәтижелері, құжаттардың алдында қаралғаннан кейін бұрғыланған, осымен бірге алдында берілген мәліметтер жаңа берілгендермен салыстырылады. Нәтижелердің ауытқуы анализ себептерінің ауытқуында;
- суасты суларының химиялық және физикалық құрамы (нақты зерттеулер нәтижелері, газ мазмұнының анықтамасы, газдың құрамының анықтау және қысым коэффициенттері), минерализация, металға, цементке. Суасты суларының йодында, борда, бромында және басқа да пайдалы компоненттер, геологиялық-барлау жұмыстарын әрі қарай анықтау;
- үлкен көлемде бөлім мәліметтері кесте түрінде ресімделеді;
- техникалық су жабдықтарында және ауыз су үшін, жылу энергетикасында жер асты суларын пайдалану мүмкіншілігіне қорытынды;

керн талдауының нәтижелерінің қақпақшалары және өнімді пластар коллекторларының физикалы-литологиялық мінездемесі

- тасбаған үлгітастарын шөгінділер қимасына байластыру, тасбаған алу әдістемесі және алынған тасбағанның сапасы. Физикалық параметрлерді зәрделеу әдістемесі. Зерттелген тасбаған үлгі тастарының жалпы саны (мұның ішінде кеуектілік пен өткізгіштіктің орташа шамаларын, уәкілді емес үлгі тастарды шығарып тастай отырып, таңдап алуда есепке алынғандар) және оларды қимаға байластыру, әр ұңғыма қимасын, жалпы қиманы және шоғыр аумағын тасбағанмен сипаттау біркелкілігі;

- тасбаған бойынша ашық кеуектілік пен сіңірушіліктің төменгі шектік шамаларын негіздеу, коллекторлар түрін анықтау, ҰГЗ деректерін талдауды қамтамасыз ету және есептік параметрлерді негіздеу үшін петрофизикалық зерттеулер. Зерттеулер кешенімен әдістемесі, алынған өзара тәуелділіктер;


- әр өнімбергіш қабат бойынша коллектор-жыныстар үшін; заттық және түйірлік (гранулоуетриялық) құрам, түйіршіктердің малталануы және олардың ерекшелік дәрежесі, цементтің түрі (типі) мен құрамы, балшықтық материалдың құрамы және қабатта таралуы, жыныстардың сиымдылық және фильтрациялық қасиеттері (ашық кеуектілігі, жарықшақтығы, ұсақ қуыстылығы, суға және мұнайға-газға қалдықтық қаныққыштығы, абсолюттік және әсерлі сіңіргіштігі), қабаттың аумағы мен қимасы бойынша өзгеру заңдылықтары, коллектор-жыныстардың физикалық қасиеттері (электрөткізгіштігі, сығылу коэффициенті, серпілмелігі, риоактивтігі тағы да басқа) және солар мен коллекторлық қасиеттер арасындағы есептік параметрлерді негіздейтін басты тәуелділіктер;

- пайдаланудағы кен орындары үшін қор-есеп қайта жүргізілгенде тек қана жаңа өнімбергіш қабаттар бойынша физикалық-литологиялық қасиеттер туралы жан-жақты сипаттама беріледі. Бұрын зерделенген қабаттар бойынша онан кейінгі зерттеулер деректерімен толтырылған қысқаша мағлұматтар беріледі. Өзгеріссіз қалған коллекторлардың параметрлері тиісті есептік жазбаға сілтеме жасалып келтіріледі;


- жамылғы жыныстардың литологиялық және петрофизикалық қасиеттері арасындағы тәуелділіктің сипаттамасы: заттық құрам, кеуектілік, жарып шығу қысымы тағы да басқа;
- тасбағанның жазба сипаттамасымен тасбағанды талдау кестелерімен және тиісті графикалық қосымшалармен жолдамаланады;

ҰГЗ құжаттарының интерпретациялы шешімі және әдісі

- ұңғымаларға жүргізілген геофизикалық зерттеулердің (CTS) көлемі. Қолданылған әдістер кешені және оны негіздеу, әртүрлі әдістермен зерттелген скважиналардың саны, әрбір өнімбергіш қабат бойынша орындалған зерттеулер әдістерінің тізбесі және олардың әсерлігі. Жүргізілген жұмыстардың техникасы (зондтардың түрлері мен аумақтары, каротаждың масштабы мен жылдамдығы, жуғыш еріткінің физикалық қасиеттері), олардың сипаты мен нәтижелері. Ең жаңа геофизикалық әдістер мен аппаратураны пайдалану дәрежесі;
- пайдаланудағы кен орындарын ұзақ уақыт пайдалану үшін бұрғылау барысында ҰҒЗ кешенінің, оларды жүргізу жағдайларының балшық ерітіндісі сипаттамаларының тағы да басқа өзгеруі;

- қорлары бұрын бекітілген пайдаланудағы кен орындары бойынша алдыңғы және жаңа қор-есепте келтірілген ұңғымаларды геофизикалық зерттеу нәтижелерін өзара салыстыру, ал өзгерістер болған жағдайда - айырмашылықтардың себептерін талдау қажет.


- Алынған параметрлердің күмәнсыздығын талдау және оны көтеру жөнінде ұсыныстар;

- қор-есеп үшін бұрын пайдаланылған ҰГЗ нәтижелерін қайта интерпретациялаған жағдайда - қабылданған өзгерістерді негіздеу. Бұрынғы қор-есеп бойынша қабылданған параметрлер, олар негізделген есептік жазбаға сілтеме жасай отырып, келтіріледі;

- ұңғымалар бойынша масштабы 1:200 планшеттермен жабдықталады, бұларға орындалған ҰГЗ-ның барлық әдістері, айқындалған әсерлі қабаттар, су-мұнай, газ-мұнай және газ-су шекараларының абсолюттік биіктіктегі орындары, жыныстардың фильтрациялық-сиымдылық қасиеттері жөнінде тасбағандық ақпарат және қажет болса басқа да ақпарат түсіріледі. Қажет болғанда қосалқы сызба графикалық қосымшалар беріледі. Ең үлкен өнімділік қабатында планшеттер табыс ету 1:500 масштабында жіберіледі;
- ҰГЗ құжаттары және тіл терминологиясымен пайдаланылған интерпретация нәтижелері, интерпретация бағдарламасын пайдаланған жағдайда ғана, сол үшін әрбір терминді графикалық қосымшаларда немесе анықтамалық жазбада орыс тілге аудару қажет болады;


кенорындарының мұнайгаздылығы

- ауданның мұнайлы-газдылығының қысқаша сипаты. Өнімбергіш қат-қабаттардың кен орны қимасындағы орны. Өнімбергіш қабаттар, шоғырлар саны;
- өндіріліп жатқан кен орындардың қиын шығарылатын қорлардың игеру объектілерінде қорлардың құрылымдарын атап көрсету жөніндегі мәлімет;

- кен орнының геологиялық-кәсіпшілік түр-сипаты (моделі):


- мұнай шоғыры табиғи кеңістігінің (резервуарының) құрылысын негіздеу (әсерлі қат-қабаттардың аудан мен қима бойынша жайғасу ерекшеліктері, коллектор түрлерінің таралуы, коллекторлық қасиеттер нашарлаған және жақсарған зоналар, салалану және құмтастану козффициенттері); су-мұнай, газ-мұнай және газ-су шекараларын негіздеу; шоғырлардың аумағы мен биіктігі, газды, мұнайлы, газасты, сулы-мұнайлы зоналардың аумағы, шоғырдың түрі (типі);
- өнімбергіш қабаттардың салыстырмалы сипаттамасы; өнімбергіш қабаттар арасындағы шекаралық беткейлердің сипаттамасы; өнімбергіш қат-қабаттың жалпы биіктігі, шоғырлар жоспарларының өзара қатынасы; қабаттық флюидтер қасиеттерінің аумақ және қима бойынша өзгеру заңдылықтары; шоғырларды өнім беру (мұнай, газ шығарып алу) мүмкіндігі тұрғысынан салыстырмалы түрде сипаттау; өнімбергіш қиманың термобарометриялық сипаттамасы;
- пайдаланудағы кен орындары бойынша бөлім пайдалану объектілері бойынша қорлардың, шығарып алуы қиын қорларды бөліп көрсете отырып, құрылымы туралы мәліметтермен толықтырылады;

кенорындарын игеру туралы мәліметтер;

- кен орнын барлау аяқталмай тұрып, барлау немесе алдын ала пайдалану үшін бұрғыланған және ұңғымаларды тәжірибелік пайдалануға қосқанда мынадай деректер келтіріледі: тәжірибелік пайдалануда тұрған ұңғымалар саны; әр ұңғыманың жұмыс істеу уақыты; әр ұңғыма және шоғыр бойынша мұнай, газ, конденсат және судың көлемі;

- әр ұңғыманы тәжірибелік пайдалану мерзімінде деңгей ойыстарының, мұнай мен газ шығымының және қабаттық қысымдардың өзгеруі; өнім ағымын қарқындату мақсатында бауыздық маңы зоналарын өңдеу; ұңғымаларды сынамалау және зерттеу барысында апаттық фонтан шығу салдарынан мұнай, газ, конденсат және судың ысырап болу шамасы. Газ шоғырлары үшін газ алу, ысырапты ескере отырып, нәтижелері, қорларды қысым төмендеу әдісімен есептеуге қажетті бастапқы ағымдық қабаттық қысымдар және басқа да деректер беріледі;



қорлар категорияларының негізі, есептелген параметрлер және мұнай, газ, конденсат және ілеспе компоненттерінің бастапқы қорларын есептеу



- әрбір қор-есеп объектісі бойынша қорлардың категорияларын оқшаулауды (бөлуді) негіздеу;
- қор-есептің қабылданған әдістік кен орнының геологиялық құрылысы ерекшеліктері мен оның зерделену дәрежесіне орай негіздеу;

- есептік параметрлердің қабылданатын шамаларын негіздеу. Есептік параметрлерді әртүрлі әдістермен анықтау нәтижелерінің өкілділігін бағалау (тасбағандық және ұңғымаларды геофизикалық зерттеулер бойынша) және олардың шектік (шеткерлік) шамаларын негіздеу. Қор-есеп қайта жүргізілгенде - қабылданған есептік параметрлерді бұрын бекітілгендермен салыстыру, есептік параметрлердің өзгеру себептеріне, қабылданған шамалардың өзгеруін көрсететін нақтылы айғақ құжаттар келтіре отырып, талдау жасау;


- шоғырлар мен есептік блоктардың аумағын шектеудің қабылданған принциптерін негіздеу: ұңғымалар сызықтары бойынша, экстраполяция жеке интерполяция әдістерімен;

- ұқсастық әдіс қабылданған жағдайда есептік параметрлес ұқсас кен орындары бойынша дұрыс таңдап алынғанын растайтын. Бастапқы деректер келтіріледі де осы деректерді бағаланып отырған кен орнына қатысты пайдалану мүмкіндігіне негіздеу беріледі;

- мұнай қорын көлемдік әдіспен есептегенде қор-есеп объектілері бойынша мыналар негізделеді де есептеп шығарылады; аумақтық мұнайлығы (су-мұнай немесе газ-мұнай жапсарының, өнімбергіш қабаты коллектор жыныстарының сыналанып біту немесе басқа жыныстармен алмасу сызығының қабылданған жайғасу орнына сәйкес); мұнайға қанығу қалыңдығы және мұнайға қаныққан жыныстар көлемі; ашық кеуектілік (жарықшақтық, ұсақ қуыстылық) пен мұнайға қаныққыштықтың орташа коэффициенттері; мұнай тығыздығының, қайта есептеу коэффициентінің, мұнай таралу мөлшерінің қабаттық жағдайдағы орташа шамалары; мұнай шығарып алу коэффициенті. Әртүрлі тәсілдермен анықталған кеуектілік (жарықшақтық, ұсақ қуыстылық) пен мұнайға қаныққыштықтың орташа шамалары салыстырылады;
- газ қорын көлемдік әдіспен есептегенде қор-есеп объектілері бойынша мыналар негізделеді де есептеп шығарылады: газ-су және газ-мұнай жапсарларының, өнімбергіш қабаттары коллектор жыныстарының сыналанып біту немесе басқа жыныстармен алмасу сызықтарының қабылданған жайғасу орнына сәйкес, газға қаныққан және әсерлі қалыңдық пен газға қаныққан жыныстар көлемі; кеуектілік (жарықшақтық, ұсақ қуыстылық) пен газға қаныққыштықтың орташа коэффициенттері; қабаттық қысымның өлшенуі; жағдайын көрсете отырып, оның алғашқы және ағымдық шамалары, қысымның орташа шамасы, температураға енгізілген түзеткіш және Бойль-Мариотт заңынан ауытқу; газдағы конденсаттың орташа таралу мөлшері;

- әр есептік объект бойынша, аумақтарды өлшеуде қажетті дәлмедәлдікті қамтамасыз ететін, масштабы 1:500 нан 1:50000-ға дейін есептік пландармен жабдықталады. Пландар өнімбергіш коллектор қабаттардың беті немесе жақсы бақыланатын ең жақын репер бойынша кескінделетін құрылымдық карта негізінде жасалады;

- мұнай мен газдылықтың ішкі шектемелері, қорлар категорияларының шекаралары, қор-есеп күнтізбесіне дейін бұрғыланған барлық скважиналар, олардың сағасын және тиісті есептік объектіні немесе оның үстіңгі бетін қиып өту нүктелерін белгілей отырып көрсетіледі;

- каротаждық және абсолюттік деңгейлерде аралықтарды сынамалау нәтижелері көрсетіледі; сынақтық және тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану нәтижелері келтіріледі;


- пайдаланылып отырған көптеген ұңғымалары бар пайдаланудағы кен орындары бойынша есептік планға ақпарат және қосымша түрінде келтірілуі мүмкін;
- пайдаланудағы газ кен орындары бойынша газ, қорық қысым төмендеу әдісімен есептегенде бастапқы кәсіпшілік деректердің өлшемдерін пайдалану күмәнсыздығына негіздеу келтіріледі, бұл тұста мыналар негізделеді де есептеп шығарылады: газ-су жапсарының бастапқы және ағымдық жайғасу орны; бастапқы қабаттық қысым және температура; сағадағы қысымның уақыт бойынша өзгеруі; кен орны шоғырларының газогидродинамикалық байланысы; шоғырдың жеке бөліктерінің сорғу дәрежесі; шоғырдың және оның жеке бөліктерінің жұмыс жүргізуі; қабат суының құйылу динамикасы; газдың ысырап болуы немесе қайта ағысы; ұңғымалар және шоғырлар бойынша алынған газ, конденсат және су шамасы (көлемі);

- пайдаланудағы кен орындары бойынша мұнай мен газ қорларын материалдық баланс әдісімен есептегенде мыналар негізделеді және келтіріледі; шоғырдың жұмыс жүргізуі, оның бұрғылану ойпаты және пайдалану сипаттамасы; есептік варианты, объектіні және қор-есеп күнтізбелерін таңдап алу; пайдалану уақытынан бастап әр қор-есеп күнтізбесіне дейінгі деректер (мұнай, еріген газ, еркін газ және судың жиынтық шығымы, қабатқа айдалған су мен газдың жалпы көлемі, шоғырға енген қабаттық су көлемі); орташа қабаттық қысым, қабаттық температура; қабаттық мұнайдың көлемдік коэффициенті, қабаттық мұнайдың сығылу коэффициенті, қанығу қысымы; мұнайдағы газдың бастапқы және ағымдық ерігіштігі, қабаттық судың көлемдік коэффициенті, коллектор жыныстардың сығылу коэффициенті; мұнай үстіндегі газ көлемінің мұнайға қаныққан шоғыр бөлігі көлеміне қатынасы (мұнайлы-газды шоғырлар үшін);

- кен орынның барлау деңгейін және қор-есептің дәйектілігін (дәлме-дәлдігін) бағалау;

- мұнай, газ, конденсат және соларда тараған ілеспе құраластардың қор-есебі газды, мұнайлы-газды, сулы-мұнайлы, мұнайлы-газды-сулы, зоналар бойынша жеке-жеке, бүкіл кен орнының болашағын міндетті түрде бағалай отырып, әр есептік объект және біртұтас кен орны үшін жүргізіледі;


- мұнай, газ және конденсатта тараған өнеркәсіптік маңызы бар ілеспе құраластардың қорлары мұнай мен газдың қор-есеп шекаралары негізінде есептеліп шығарылады;
- қор-есепте орташа есептік мәндер мынадай шамалармен өлшенеді: қалыңдық метрмен, қысым дәлмедәлдігі ондық бөліктермен өлшенетін мегапаскалъмен, аумақ мыңдаған шаршы метрмен, мұнай конденсат және судың тығыздығы бір текше сантиметрдегі граммен, ал газ тығыздығы бір текше метрдегі килограммен (дәлме-дәлдігі бірдің шындық бөліктері); кеуектілік және мұнайға қанығу коэффициенттері жүздік бөлшекке дейін орташаланатын бірдің бөліктерімен, мұнай мен конденсаттың шығарып алу коэффициенттері мыңдық бөлікке дейін орташаланатын бірдің бөліктерімен;
- мұнай, конденсат, этан, пропан, бутандар, күкірт және металдардың қорлары мыңдаған тоннамен, газ қоры миллиондаған текше метрмен, гелий мен аргон қорлары мыңдаған текше метрмен есептеледі;

- қор-есептің параметрлері және нәтижелері 1-14 кесте үлгісі түрінде осы Талаптың 2 қосымшасы арқылы беріледі;



ҚЖМК-мен бұрын бекітілген пайдалы қазбалар қорлардың қорытынды есебін салыстыру

- бұрын бекітілген параметрлердің есептелуін қабылдауын салыстыру, көрсетілген нақты материалдар параметрлерінің есептелгендегі өзгерісі себептерінің әдісі, қабылданған мөлшердің өзгерісінің негіздеуі;

- мұнай, газ, конденсат есептелген қорларын салыстыру және оның құрамындағы компоненттердің қорларымен, ҚЖМК-мен бұрын бекітілген, ауытқу себептерін көрсетуімен;



іздеу-барлау жұмыстары процесіндегі қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын кешенді және тиімді пайдалану шаралары



- қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын тиімді пайдалану облысындағы жер қойнауын пайдаланушылардың іздеу-барлау жұмыстарының процессін қазіргі заңдылықтардың нормасына қарай сақтау, жобалық шешімдердің бұзылу себептерін түсіндіруімен қысқаша жазу жүргізіледі. Игеріліп жатқан кен орындарда, елді мекендерге жақын орналасқан кен орындарды игерудегі тиетін бағасы көрсетіледі, табиғи объектілер, жер асты және үсті сулары, қоршаған ортаны зиянды қалдықтарға пайдаланудағы және игерудегі ұсынылатын тәсілдері

геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігі және сапасы



- кен орнында жүргізілген іздестіру, барлау және зерттеу жұмыстарына жұмсалған жалпы әдісі. Жұмыстардың негізгі түрлеріне: геологиялық картаға түсіруге, геофизикалық дала жұмыстарына, құрылымдық, параметрлік, іздестіру және барлау үшін бұрғылауға, гидрогеологиялық, геофизикалық, лабораториялық, ғылыми және басқа зерттеулерге арналған әдістері. Мұнай-газ өндіретін ұйымдардың балансына берілетін, сондай-ақ геологиялық және техникалық себептермен жойылған (істен шығарылған) іздестіру және барлау ұңғымалары; бір метрге өтетін және бір ұңғымаға өтетін пайдалы қазбалар қорлары;

қорытынды;

- кен орнының геологиялық құрылысының зерделену дәрежесі, мұнай, газ және конденсат қорларының көлемі мен сапасы, қорлардың кешенді пайдалануы, кен орнын пайдаланудың гидрогеологиялық, тау-кен техникалық жағдайлары туралы негізгі қорытындылары. Мемлекеттік пайдалы қазбалар қорлары балансында тұрған қорлар тек есептік жазбада есептелген қорлардың салыстырмалы мөлшері;
- әзірлеушілердің кен орынды ең ұтымды тәсілмен пайдалану жөнінде ұсыныстары;

- кен орынның жалпы болашағын бағалау.



4

Мәтіндік қосымшалар




1) қажетті реттелген құжаттама жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-техникалық советінде (ҒТС) қаралған қорлар есебі нәтижелері, игеруде немесе геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезіндегі, қорларды есептеу мәліметтерін қарау нәтижелері Геология және жер қойнауын пайдалану аумақтық басқармасындағы пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі аумақтық комиссия, сонымен қатар қосымша арнайы зерттеу жұмыстарының нәтижелері (ұңғыма, керна, қабаттық флюидтер), басқа да кәсіпорындармен орындалған (актілер, зерттеу әдіс сипаттау); игеріп жатқан кен орындарға пайдалы қазбаларды тиімді пайдалануы, алып жатқан өнімнің сапасы, бекітілген қорларды шығарып тастау, жоғалту, өндіру туралы мағлұматтар келтіру;

параметрлерді анықтау құжаттары, қорларды есептеу нәтижелерімен



5

Графикалық қосымшалар




1) кен орынның әкімшілік жағдайы көрсетілген шолу картасы;
2) кен орнымен ұштасқан салалы элементтердің аумақтық құрылымы көрсетілген техтоникалық сызбасы;

3) орташа-қалыпты геология - геофизикалық кескіні;


4) геологиялық профильдер;
5) кен орынның қарсы кескініндегі, үстіңгі қабатының негізгі шағылысуы бойынша құрылымды карталар;
6) өнімдік горизонттардың корреляциялық сызбасы;
7) флюиалдық байланыстар негізінің сызбасы;
8) есептеу және сынамалау нәтижелерінің кестелері, мұнайлы-газды қалыңдықтың тиімділік картасы, қалыңдықтың тиімділік картасы, объектінің есептеу қалыңдығының табанында, құрылым картасының құрамындағы, есептеу жоспарлары;
9) интериретация нәтижелерімен ұңғымаларды геофизикалық зерттеу диаграммаларымен планшеттер.
      Игеріп жатқан кен орындарда ұңғымалардың ең көп қорында бірінші геологиялық-геофизикалық құжаттар және ұңғымалардың бөліктерінің нәтижелері, кен орындардың алаңдарында бірқалыпты орналасқан және геологиялық құрылымдардың нақтылығы және кен орындардың мұнайлы-газдылығы (әрі қарай - базалық ұңғымалар). Жер қойнауын пайдаланушы іріктелген "базалық" ұңғыма негізін ҚЖМК-ға табыс етеді. ҚЖМК-ға табыс етілген материалдар сараптаманың нәтижесімен "базалық" ұңғыма тізімі хаттамамен бекітіледі. Хаттаманың түпнұсқасы мәтіннің қосымшасына қосылады.

6

жүктеу 2,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау