Министерство труда и социальной защиты



жүктеу 6,99 Mb.
бет23/38
Дата19.02.2018
өлшемі6,99 Mb.
#10068
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38

«РАДИОБӨЛШЕКТЕР ӨНДІРІСІ» БӨЛІМІ




  1. РАДИОБӨЛШЕКТЕР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАЛПЫ КӘСІПТЕРІ

§ 1. ТАЗАЛАУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Конденсаторларды, резисторларды және басқа да бөлшектерді қолмен (пышақтың, зімпара қағаздың көмегімен) тазалау; селен элементінің жоғарғы және төменгі электродтарын селен және висмут қағынан тазалау. Конденсаторларды үгіндіде, жуғыш бензинде тазалау. Конденсаторларды шайырдан ыстық трансформатор майында тазалау. Ауа үрлеу және еріткішпен жуу. Сапасын көзбен шолып тексеру.

Білуге тиіс: бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты қолданылу шарттары; өңделетін бөлшектердің атауы және олардың таңбалануы; қолданылатын материалдар мен сұйықтықтың атауы; конденсаторларды, резисторларды, селен элементтері мен оқшаулау материалдарынан жасалған басқа да бөлшектерді тазалаудың тиімді тәсілдері мен әдістері; оларды тазалау кезінде қолдану.

Жұмыс үлгілері

1. Әр түрлі пластмассалардан жасалған тығындар, корпустар, шайбалар – нығыздаудан кейін тазалау.

2. Радиоқыш бөлшектер - қысылған ауамен тазалау.

3. Қыш бөлшектер – құмның көмегімен тазалау.

4. Оқшаулауыштар, қаңқа - қиынжиегін алу.

5. Қыш бұйымдар – бетіндегі бүршіктерін және сырылған жерлерді салфеткамен тазалау; ылғал салфеткамен сүрту.

6. Оксидті-жартылай өткізгіш конденсаторлар – анод шықпаларын қолмен тазалау; тантал, ниобий және болат рамаларды түзету және күйдіру.

7. Резисторлардың корпусы - қысылған ауамен тазалау.

8. К-15-4 өткізгіш блоктардың, пьезосүзгілердің корпусы – алдын ала термостатта қыздыра отырып, пышақпен тазалау.

9. Герметикаланған өтпелі қағаз конденсаторлар – церезиннен тазалау.

10. Жапсарлас конденсаторлар – осьтегі қақты тазалау; осьтегі қалайының ағындыларын қолмен тазалау.

11. Платы – еріткішпен, жуғыш ұнтақпен және сумен жуу.

12. Өткізгіш - спиральда күйдіру әдісімен эмальді тазалау; эмальді тегістеу қабатымен алу.

13. Резина төсеніштер, тығындар – кенерегін алу.

14. Эмальденген ылғалға төзімді сым резисторлар - дәнекерлеуден кейін артық жерлерін алу.

15. Статорлар мен роторлар –нығыздағанннан кейін қолмен тазалау.

16. Трансформаторлар – табақшаларды сылағаннан кейін тазалау.

17. Трансформаторлар мен дроссельдер – бұранда саңылауын қорғаныш компаундтан тазалау.

18. Шайбалар, төсеніштер, тіреу – зімпара қағазбен тазалау.

19. Селен түзеткіш элементтер –селен қағын төменгі электродтан тазалау; висмут қағын жоғарғы электродтан тазалау.
§ 2. ТАЗАЛАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жинақталған конденсаторларды, резисторларды, селен элементтері мен оқшаулағыш материалдардан жасалған басқа да бұйымдар мен бөлшектерді құрылғыларды (абразивті дөңгелегі бар тегістеу станогын, кенерегін тазалауға және алуға арналған жартылай автомат, құм бүріккіш аппарат, металл щетка, токарьлық станок немесе щеткасы бар механикаландырылған құрылғыны) қолдана отырып жабдықтарда тазалау. Бөлшектер мен бұйымдардың көлемін қарапайым өлшеу құралдарының (тұтқаның, штангенциркульдің) көмегімен тексеру. Бұйымды алдын ала қыздыра отырып тазалау. Оксидті-жартылай өткізгіш конденсаторлар анодтарының шықпаларын химиялық өңдеуге арналған ерітінді дайындау. Марганец қостотығының өскіндерін пинцеттің көмегімен механикалық тазалау. Анодты құрылғыға орнату. анодты марганец қостотығы толық ерігенге дейін жұмыс қоспасында өңдеу. Шықпаларды өңделу дәрежесіне қарай тексеру. Орама шықпасын құмырсқа қышқылында тазалау; талшықты ораманы шықпасын өңдеуден кейін терімен тазалау.

Білуге тиіс: конденсаторларды, резисторларды, селен элементтері мен басқа да бұйымдар мен бөлшектерді тазалауға арналған әр түрлі құрылғылар мен аспаптардың жұмыс қағидасы, оларда жұмыс істеу ережесі; өлшеу құралдарының мақсаты және қолданылу шарттары; тез жанатын материалдардың от алу температурасы; үрлеуге арналған құрылғының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасы; әр түрлі бөлшектерді үрлеуге арналған ауа қысымының ауқымы; өңделетін бетке қойылатын талаптар; өңделетін бөлшектердің номенклатурасы мен үлгі өлшемдері; өңделетін материалдардың негізгі механикалық қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Оксид жартылай өткізгіш конденсаторлардың аноды - марганец өскіндерін пинцеттің көмегімен механикалық тазалау.

2. Диаметрі 0,06 бастап 0,25 мм дейін трансформаторлар мен дроссельдер орауышының шықпалары – қолмен тазалау.

3. Селен түзеткіштер – шықпаларын тазалау.

4. Әр түрлі пластмассадан жасалған бөлшектер – кенерегін, бүршіктерін, құймаларын алу.

5. Электр вакуум аспаптарына арналған қыш бөлшектер - құюдан, нығыздаудан және алдын ала күйдіруден кейін тазалау.

6. Трансформаторлар мен дроссельдердің бөлшектері - кенерегін, бүршіктерін, құймаларын алу.

7. Қағаз, металл-қағаз конденсаторлардың бөлшектері - үгіндіде және жуғыш бензинде тазалау.

8. Радиоқыш бөлшектер – құймаларды станокта кесу дискілерімен кесу.

9. "Габарит" типті бұйымдар – табақшаларын лак пен бояудан тазалау.

10. Қаңқасы, оқшаулауыштар, панельдер, негіздер, экрандар – арнайы құралдарды пайдалана отырып, қолмен тазалау.

11. Нығыздалған, қағаз, нығыздалған шағын көлемді конденсаторлар - кенерегін жартылай автоматтың көмегімен және қолмен алу.

12. Оксидті жартылай өткізгіш конденсаторлар - анод шықпаларын химиялық өңдеу.

13. Оксидті жартылай өткізгіш конденсаторлар - шықпаларын механикалық тазалау.

14. Катодтар - жартылай автоматта электрофорез әдісімен жағылған оксид қабатын тазалау; катодты бүрмелерге салу.

15. Қыш - молибден-марганец пастасын жаққаннан кейін тазалау.

16. ШР, ШРН, СШР, ШРНГ бұйымдарының корпусы – белдеуін, бұрандасын, фланецтерін анод қабаттан крацтеу арқылы тазалау.

17. Компаунд құйылған микрожинақтар – бөгеттердің шығыңқы бөліктерін механикалық кесу, шықпаларды арнайы құрылғымен кесу, микрожинақтардың құймаларын кесу.

18. Микрожинақтар, қоладан құйылған конденсаторы бар бөгеттер – кейіннен тазалай отырып, кейіннен тазалай отырып, құрылғыда саңылау тесу.

19. Микросхемалар – кенеректі қолмен тазалау.

20. СП типті пластмасса резисторлардың негізі - кенеректі, бүршіктерді тазалау; бұрғылау станогында немесе жартылай автоматта саңылау ұңғылау.

21. Шикі және күйдірілген күйдегі платалар – құймаларды кесу; саңылауларды қыл шөткемен тазалау.

22. Бұрыштама фланец, тостаған тәріздес келтеқұбыр - белдеуін, бұрандасын, фланецтерін анод қабаттан крацтеу арқылы тазалау.

23. Платалар – мысты алу; крацтеу.

24. ПЭВ-1 маркалы сымдар – оқшаулауышты құмырсқа қышқылында алу.

25. Эмальденген тұрақты сым резисторлар - тегістеу станогында тазалау.

26. Сым емес тұрақты, композициялы, лакталған резисторлар - өзекшелерін жүзгіндердің қаптауынан тазалау.

27. Пленкалы резисторлар - гратты станокта тазалау.

28. Шыны эмаль конденсаторлардың таблеткалары – кесіктерін арнайы машинада тазалау.

29. Металл қалыптар – құю үшін бөлшектеу және тазалау.

30. Селен түзеткіш элементтер - селен элементтердің кесектеріндегі селен қақты механикаландырылған құрылғыда тазалау.
§ 3. ТАЗАЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бағалы металмен қапталған металл арматураны 9-11 квалитеттер бойынша өлшемдерді қамтамасыз ете отырып тазалау. Саңылауларды бұрғылау және үңгілеу. Конденсаторлар секциясын дәнекер қағынан контактілі қабатты жаққаннан кейін және кесектеріндегі бүршіктерін алғаннан кейін тазалау. Әр түрлі пластмассадан жасалған кенерегін, бүршіктерін құймаларын алу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және баптау тәсілдері; бағалы металмен қапталған металл арматуралы әр түрлі пластмассадан жасалған бөлшектерді тазалау тәсілдері мен әдістері; әмбебап және арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы; пластмассадан жасалған бөлшектерді бұрғылау режимі; арнайы кесу құралын (бұрғыны, үңгіні, үңгішті, шаржыны) қайрау геометриясы мен тәсілдері, шақтамасы, қондырмасы, кедір-бұдырлық квалитеттері мен өлшемдері; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Тантал және ниобий аноды, молибден шықпалар, мыс тор, радиаторлар, электр вакуум аспаптар – құм бүркіп өңдеу.

2. Барлы диаметрлі трансформаторлар мен дроссельдердің орауыштарының шықпасы - химиялық тәсілмен тазалау.

3. ЭКВМ қоректендіргіш блогына арналған бөлшектер – кенерегін, бүршіктерін, құймаларын алу.

4. Кристалл ұстағыштар – қалайылау және кедір-бұдырлықты салудан кейін тотық қабатын алу.

5. Электр техникалық болаттан жасалған (t = 0,08 - 0,35 мм) магнит өткізгіштер - бүршіктерін алу.

6. Әр түрлі пластмассадан жасалған дәлдігі 9-11 квалитет бөлшектерді нығыздаудан кейін өңдеу.

7. Резинадан жасалған нығыздау сақиналарын өңдеу.

8. Нығыздағыш арматуралары бар бөлшектерді өңдеу.

9. Платалар - өткізгіштерді кесу.

10. Магнитпен басқарылатын контактілердің түйіспелері - гальваникалық қаптамадан кейін станокта тазалау.

11. Интеграл схемалар – корпустағы қосалқы бөгеттерді механикалық тәсілмен алып тастау.


§ 4. ТАЗАЛАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ерекше қабылдау шарттары бар аса күрделі гибрид-пленкалы схемаларға арналған жұқа қабатты, арматураланған, өте кішкентай жинақтаушы импульсті микротрансформаторлардың блоктарын тазалау (металл арматураны тазалау, қиынжиегін алу, үшкір жиектерін абразив құралдармен жұмырлау, саңылаудағы пленкаларды бұрғымен алу және ойықтардағы пленкаларды алу). Тазалаудан кейін нығыздау бөлшектерінің сапасын көзбен шолып бақылау және геометриялық өлшемдерін бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және баптау тәсілдері, сынамалы іске қосу, құрылғыларды сызба талаптарына сәйкес арматураны 12-13 квалитеттен кем емес шақтамамен бүгу және кесудің қажетті өлшемдеріне баптау; металл арматурасы бар пластмассадан жасалған бөлшектерді тазалау тәсілдері мен әдістері; әмбебап және арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, пластмассадан жасалған бөлшектерді бұрғылау режимі; арнайы кесу құралын қайрау геометриясы мен тәсілдері; шақтамасы, қондырмасы, кедір-бұдырлық квалитеттері мен өлшемдері; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері; тазалау кезіндегі ақаулықтардың түрлері мен олардың алдын алу бойынша шаралар.

Жұмыс үлгілері

1. Ерекше жасалған МРН, ГРПМ оқшаулауыштар – тазалау.

2. Күрделілігі әртүрлі жұқа қабатты, өте кішкентай, арматураланған (24 белгіге дейін) жинақтаушы импульсті микротрансформаторларға арналған және гибрид-пленкалы схемаларға арналған импульсті микротрансформаторлардың блоктарына арналған бөлшектер – тазалау.
§ 5. КАТАЛИЗАТОРШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Металл алюминийдің жұқа қабатын белгі түрінде қолмен немесе жартылай автоматта жағуға арналған құралдарды, құрылғылар мен жабдықтарды дайындау. Бөлшектерді (микроплаталарды) металдандыру ақаулығы бойынша көзбен шолып және лупаны қолдана отырып іріктеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жартылай автоматтар бөлшектерінің мақсаты және жұмыс қағидасы; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары; қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері; металдандырылған бөлшектердің негізгі ақаулықтары әне олардың шақтамасы; микроплаталарды химиялық никельдеу және қалайылауды катализациялау процессі.

Жұмыс үлгілері: Барлық типті микроплаталар - катализация.
§ 6. МАГНИТ ӨТКІЗГІШТЕРДІ ОРАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті және көлемі әр түрлі, электр техникалық болаттан жасалған, белгіленген ен бойынша кесілген және бір жағына эмаль жағылған магнит өткізгіш дайындамаларды орау. Жартылай автоматты магнит өткізгіштің дайындамаларының белгіленген қалыңдығына реттеу. Таспаға жағылған эмаль қабатының қалыңдығын өлшеу құралымен тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, жұмыс қағидасы және баптау тәсілдері; әмбебап және арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары; магнит өткізгіштерді магнит қасиеттері бойынша, көлемінің сызбаға сәйкестігі бойынша, салмағы мен ом кедергісі бойынша тексеру әдістері; электр техникалық болат және оқшаулау материалдарының негізгі қасиеттері және олардың маркасы.

Жұмыс үлгілері

1. Орау автоматы – белгіленген өлшемге реттеу және баптау.

2. 0-тәрізді барлық өлшемді магнит өткізгіштер - токарлық станокта орау және дәнекерлеу.
§ 7. МАГНИТ ӨТКІЗГІШТЕРДІ ОРАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Таспасының қалыңдығы 0,01 және ені 0,7..2,0 мм пермаллой магнит жұмсақ балқымалардан жасалған сақина, таспа магнит өткізгіштерді орау; электр техникалық болаттан жасалған қалыңдығы 0,35 мм және ені 5...80 мм магнит өткізгіштерді 11 квалитет бойынша бір немесе бірден екі қабат етіп орау. Магнит өткізгіштерді ұсақ сериялы және жекелеген өндіріс жағдайында автоматта және жартылай автоматта орау. Автоматты және жартылай автоматты ораудың белгіленген қалыңдығы мен үлгі өлшемдерге реттеу. Шектеу және керу құрылғысын баптау. Соңғы орамды контактілі дәнекерлеу және орау агрегатының дәнекерлеу торабын баптау. Күрделігі 2 топ арнайы технологиялық жабдықты реттеу.

Білуге тиіс: орау агрегаттары тораптарының мақсаты, құрылысы және жұмыс қағидасы; қызмет көрсетілетін жабдықты әр түрлі үлгі өлшемдерге баптау және қайта баптау тәсілдері; электр техникалық болатты дәнекерлеу шарттары мен тәсілдері; құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылысы, жұмыс қағидасы; электр техникалық болат пен оқшаулау материалдарының негізгі қасиеттері; магнит өткізгіштерді электр магнит қасиеттері, ом кедергісі, ауқымды өлшемі бойынша тексеру әдістері; магнит өткізгіштегі сызбаларды оқу; орындалатын жұмыс көлеміндегі электр – және радиотехника негіздері.


§ 8. МАГНИТ ӨТКІЗГІШТЕРДІ ОРАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Таспасының қалыңдығы 0,003 мм және ені 1,5...2,5 мм пермаллой магнит жұмсақ балқымалардан жасалған сақина, таспа магнит өткізгіштерді орау. Электр техникалық болаттан жасалған қалыңдығы 0,05...0,15 мм және ені 5...80 мм магнит өткізгіштерді 8-9 квалитет бойынша орау. Эксперименталды аса күрделі және тәжірибелік үлгілерді орау. Арнайы құрылғысы бар автоматты және жартылай автоматты, токарлық станоктарды жұмыстың белгіленген режиміне реттеу. Соңғы орамды контактілі дәнекерлеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау. Магнит өткізгіштерді орау кезінде ақаулықтарды анықтау және жою. Оралған дайындамалардың сапасын бақылау.

Білуге тиіс: орау агрегаттарының мақсаты, құрылысы мен жұмыс қағидасы; қызмет көрсетілетін жабдықтар мен қолданылатын құрылғыларды жөндеу және баптау тәсілдері; құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылысы; электротехникалық болат және оқшаулау материалдарының түрлері мен қасиеттері; электр техникалық болатты дәнекерлеу шарттары мен тәсілдері; магнит өткізгіштерді тексеру әдістері; орындалатын жұмыс ауқымында электр және радиотехника негіздері; шақтама жүйесі; кедір-бұдырлық квалитеттері мен өлшемдері.


§ 9. РАДИОБӨЛШЕКТЕРДІ ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Конденсаторлар мен резисторларды қолмен электр дәнекерлеуішпен немесе тигельмен дәнекерлеу және қалайылау. Дәнекерлеуіштің температурасын немесе тигельдегі дәнекерді реттеу. Жұмыстарды біркелкі дәнекер мен флюсті қолдана отырып орындау. Шықпаларды батырып алу әдісі арқылы қалайылау. Тұтас біркелкі қабатты қамтамасыз ете отырып, бөлшектерді қолмен қалайылау.

Білуге тиіс: дәнекер мен флюстің мақсаты мен қасиеттері; электр дәнекерлеуіш, автотрансформатор, реостаттың құрылысы және қолданылу шарттары; бұйымдарды қалайылау тәсілдер; қолданылатын материалдардың атауы және таңбалануы.



жүктеу 6,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау