Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)



жүктеу 0,5 Mb.
бет1/4
Дата22.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#16057
түріСабақ
  1   2   3   4

Сабақ : §8.11,8.12 Конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау. Электр өрісінің энергиясы

Күні: 15.02.2017 жыл

Мұғалімнің есімі:Шарипова А.М

Сынып: 10 «а»

Оқушылар саны: 23

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

Конденсаторларды тізбектей және параллель жалғай отырып, ондағы шамалардың ерекшеліктерін ажыратып тәжірибе жүзінде бақылау жүргізу, электр өрісінің энергиясы формуласын қорыта отырып есеп шығаруда қолдануды үйрену.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

А.Конденсаторларды жалғаудың ерекшелігін электр тогының жалғануның ерекшелігімен салыстыра отырып, ажырату біледі;

Оқушылардың басым бөлігі:

В. Конденсаторлардың жалғану ерекшелігін тәжірибеден ескере отырып, электрсыйымдылығының және оған қатысты шамалардың өзара тәуелділігінажырата алады;

Кейбір оқушылар:

С. Электр өрісінің энергиясы формуласын түрлендіріп, есеп шығаруда түрлендіріп қолдана алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Оқушы өзіндік ой түйеді.



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Терминмен, формуламен,тәжірибемен жұмыс жасайды;

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым)

Конденсаторлардың өзара жалғануын көрсету үшін тәжірибеге негізделген?

Сіз неліктен .... екенін аласыз ба?(айтылым)

Конденцаторлардың тізбектей және параллель жалғанған кездегі зарядының өзгерісін тағайындауды қалай білеміз?

Жазылым бойынша ұсыныстар:










Сабақтың әдіс-тәсілдер

«Сұрақтар шеңбері», визуалды айғақтар арқылы миға шабуыл, тәжірибелік-демонстрация,тірек-сызба,Венн диаграммасы, кеңейтілген тапсырмалар, «Есте сақта», «Алақан» әдісі,

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )

Формативті бағалау (ОҮБ)

Ресурстар

Басталуы

(10 минут)



Кіріспе. Таныстырылым (2мин)

  • Оқушылармен амандасу.

  • Психологиялық дайындық.

  • Топтарға негізгі заряд, сыйымдылық, кернеу болып формулалар арқылы бөліну. Формулану жалғап тауып бір топ құрайды. Топ ережесін сақтауды оқушылардың жадына ескерту.

Үй тапсырмасын тексеру (5мин)

Оқушылардан өткен сабақ бойынша үй тапсырмасы сұралады. «Сұрақтар шеңбері» әдісі арқылы топтарға сұрақтар беріледі» әр топтағы оқушы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

1.Салыстырмалы диэлектрлік өтімділіктің формуласы?

2.Өткізгіштің электр сыйымдылығының формуласы?

3.Фарад шамасын қалай өрнектейміз?

4.Шардың электр сыйымдылығының формуласы?

5.Зарядталған шардың потенциалы?

6.Электрсыйымдылығының қорытқы формуласы?

7.Жазық конденсатордың электрсыйымдылығын анықтайтын формула?

8. п пластинкалары бар конденсаторлар үшін электрсыйымдылығының формуласы?

9.Сфералық конденсаторлардың қорытқы формуласы?

Үй тапсырмасын « Сөйлемді толықтыру» әдісі арқылы тексеремін. Яғни, бос орынға тиісті сөзді қойып, сөйлемді толықтырады. Сөйлемдер:



1.... дегеніміз- потенциалын 1В- қа арттыру үшін 1Кл заряд керек болатын өткізгіштің электрсыйымдылығы.

2.Оқшауланған өткізгіш шардың электрсыйымдылығы оның .... тура пропорционал.

3.Қатты диэлектриктің болуы жүйенің .... арттырады.

4.Егер өткізгіштер жазық болса және параллель орналасса, онда конденсатор ..... деп аталады.

5.Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі .... , жүйенің электрсыйымдылығы артады.
« Сөйлемді толықтыру»

1.Фарад дегеніміз- потенциалын 1В- қа арттыру үшін 1Кл заряд керек болатын өткізгіштің электрсыйымдылығы.



2. Оқшауланған өткізгіш шардың электрсыйымдылығы оның радиусына тура пропорционал.

3. Қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын арттырады.

4. Егер өткізгіштер жазық болса және параллель орналасса, онда конденсатор жазық деп аталады.

5. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі артқанда , жүйенің электрсыйымдылығы артады

Тұсаукесер. (3 мин)

Тәжірибе көрсету: «оқушылар өткен 8 сыныппен байланыстырып, электр тогының тізбегін құрып, жалғанудың параллель болғандығын көрсету»бұл тәжірибені сыныбымыздың оқушылары Ақереке мен Темірлан жасап көрсетеді. Сабақтың жаңа тақырыбын ашу үшін визуалды айғақтар көрсетіп, бұл суреттердің конденсаторлармен байланысты екенін көріп жаңа тақырыпты талқылауға көшеміз.Өткен тақырыпты байланыстырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймын.



-Өткен сабақта электрсыйымдылық, конденсатордың түрлері туралы оқыдық. Жалпы конденсаторлар батареяларға біріктіріледі. Ал оларды біріктіруді тізбектей және параллель қосу арқылы іске асырамыз. Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз конденсаторларды жалғау және электр өрісінің энергиясы деп аталады.

Оқушыларға бағалау парақтары таратылады. Сабақтың әр кезеңінде оқушылар өздерін бағалап отырады.

Мұғалім тарапынан белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, қалған оқушылар ынталандырылып отырады.


Сурет қиындылары, ресурс, бағалау парақтары, слайд,



Ортасы

(25 минут)



Негізгі бөлім

Тақырыпқаталдау жасауға бағыт беру (топтық жұмыс)

1-тапсырма: мәтінмен танысады (жеке жұмыс)

2-тапсырма: мәтінді талдайды (жұптық жұмыс)

3-тапсырма:Оқушылар тақырыпты оқып шығып, топтасып «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы топтағы оқушылар тақырыпты бөліп оқып танысады, топ ішінде бір баяндаушы толықтырып түсіндіреді.(10 мин)

1 топ: Конденсаторлардың түрлерін анықтау, тарихи мәлімет жинау (Мәлімет: Бірінші конденсатордың құрылысы)

1745 жылы Лейден қаласында неміс физигі Эвальд Юрген фон Клейст пен голланд физигі Питер ван Мушенбрук алғашқы конденсатор – «лейден банкасын» құрастырады. Олардан бөлек, қатарлас неміс физигі Клейст – «медициналық банка» аталатын ұқсас құралды ойлап табады. Лейден банкасы – іші-сырты фольгамен жапсырылған, сумен толтырылған шыны сауыт болды. Банканың қақпағынан металл стержень кіргізілінген. Лейден банкалары мүмкіндігінше үлкен зарядтарды жинақтап, сақтауға мүмкіндік береді. Лейден банкасы көмегімен алғаш рет жасанды жолмен электр ұшқынын алуға болады екен.



  • Практикалық мақсатта көбіне конденсаторларды батареяларға біріктіреді. Конденсаторларды батареяларға біріктіруді тізбектей және параллель қосу арқылы іске асырады.

2 топ: Конденсаторлардың жалғануын электр тогының тізбектей және параллель жалғану кезінде шамалардың өзгерісін салыстыру Венн диаграммасын салу,сызба схемалар арқылы түсіндіру



(Мәлімет «Конденсаторлардың қолдануы».

  • Конденсатор электр зарядын ұзақ уақыт бойы сақтай алу қасиетіне ие болғандықтан, оны электр энергиясын сақтау, қорғау құрылғысы ретінде қолдануға болады.

  • Конденсатордың жылдам разрядталуы кезінде аса қуатты импульс алуға болады, мысалы, фототүсірілім, т.б.

  • Конденсаторларэлектрониканыңбарлықсалаларындакеңіненқолданылады.

  • Қолдануаясынақарайконденсаторларжалпыламажәнеарнайымақсаттағыболыптоптастырылады.

  • Жалпымақсаттағыконденсаторларэлектрлікаппаратуралардыңбасымкөпшілігіндеқолданылады. Қалғанбарлықконденсаторларарнайыдепажыратылады. Оларғажоғарывольттық, импульстік, дозиметрлік, пускілікжәнебасқашаконденсаторлартүрінжатқызуғаболады.

3 топ: Электр өрісінің энергиясы тақырыпшаларды бөліп оқиды. Бір бірімен алмастырып түсіндіреді.Тақырыптағы формулаларды дәлелмен айғақтап түсіндіру жүзеге асады?


Тапсырма: «Кеңейтілген тапсырма» тақырыпқа байланысты есептерді шығарып, топ болып тексеру әр топқа 2 есептен 6 есеп беріледі.

1. Сыйымдылығы С1=30 мкФ және С2=40 мкФ болатын екі конденсатор берілген. Осыларды параллель жалғағанда конденсаторлар батареясының сыйымдылығы қандай болады? Тізбектей жалғағанда ше?

2.Радиусы 20 см оқшау тұрған өткізгіш шарды 10000 В потенциалға дейін зарядтау үшін қандай жұмыс атқару керек?

3.Нүктелiк зарядтар ортасында жатқан нүктедегi электр өрiсiнiң кернеулiгiн табыңызq1 = 8·10-9 Кл, q2 = -6·10-9Кл

Зарядтар арасындағы арақашықтық 10 см-ге тең



4.0,01 Кл заряд бергенде 10 Дж жұмыс жасалатын болса, конденсатордың сыйымдылығын анықтаңдар?

5.Вакуумдегі сыйымдылығы 1 Ф болу үшін өткізгіш шардың радиусы қандай болу керек?

6.Сыйымдылықтары 4,0 және 1,0 мкФ конденсаторлар өзара тізбектей жалғанған кезде 220 В тұрақты кернеу көзіне қосылған.Жалпы сыйымдылықты табу керек?Кернеу конденсаторлар арасына қалай бөлінеді?





Негізі кезең бойынша формативті бағалау жүзеге асады.

Оқушылар әр оқушының тірек сызба арқылы таныстырылымын тыңдай отырып, ерекшелігі үшін мадақтап, стикермен бағалайды.



3 тапсырма бойынша оқушы қаншалықты термин сөзді жаттап, айта алады, соған байланысты бағаланады.

Оқулық, тәжірибе ққралдары (шыны құты, су, спирт шамы) тірек сызбалар, стикерлер, презентация, видеоролик




жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау