Министерство труда и социальной защиты



жүктеу 6,99 Mb.
бет1/38
Дата19.02.2018
өлшемі6,99 Mb.
#10068
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2009 жылғы 30 қарашадағы

№ 343-ө бұйрығына

қосымша


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығы


20-басылым

ЭЛЕКТРОНды ТЕХНИКа БҰЙЫМДАРЫНЫҢ

ӨНДІРІСІ

«Электронды техника бұйымдары өндірісінің жалпы кәсіптері»;

«Жартылай өткізгіштер өндірісі»; «Радиобөлшектер өндірісі»;

«Электр вакуум өндірісі»; «Пьезотехника өндірісі» бөлімдері


Астана 2009


Кіріспе
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА) бұған дейін қолданылып келген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 15 шілдедегі № 266-ө бұйрығымен бекітілген БТБА, 20-шығарылымы негізінде әзірленді.

Осы шығарылым аталған өндірістер мен жұмыс түрлеріне арналған жұмысшыларға тән кәсіптері қамтиды.

Нақты бір өндіріске немесе жұмыс түрлеріне тән емес жұмысшылардың кәсіптері БТБА-ның 1-шығарылымында орналастырылды.

Тарифтік-біліктілік сипаттамасының тәртібі, дәрежені беру және көтеру, өзгертулер мен толықтырулар енгізу БТБА анықтамалығының БТБА 1-басылымының «Жалпы ережелерінде» көрсетілген.

Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбек күрделілігіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талапты күшейтетін экстремалды жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне қарай белгіленді.

Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасының екі бөлімі бар.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиіс жұмыстар сипаттамасынан тұрады.

«Білуге тиіс» бөлімінде жұмысшының арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс нұсқаулықтар басқа да нұсқау материалдары, әдістер мен құралдар ережелерін білуге қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.

Тарифтік-біліктілік сипаттамада жұмысшы кәсібінің осы разряды үшін үлгі болатын жұмыстар тізбесі беріледі. Бұл тізбеде жұмысшы істей алатын және істеуге тиіс барлық жұмыстар көрсетілмейді. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші оларды орындау күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы тізбеге сәйкес келетін ерекшелігін ескеріп, жұмыстардың қосымша тізбесін жасай алады.

«Жұмыс сипаттамасы» деген бөлімде көзделген жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптар мен құралдарды тазалау, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттама жүргізу бойынша жұмыстарды атқаруға тиіс.

«Білуге тиіс» деген бөлімде жазылған теориялық және практикалық біліміне қойылатын талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызметтер) сапасына қойылатын талаптарды; ақаулық түрлері мен оның алдын алу және жою тәсілдерін; өндірістік сигнализацияны; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

Неғұрлым жоғары біліктілігі бар жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстардан басқа, анағұрлым төмен біліктілігі бар жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстарды орындай білуге тиіс, сондай-ақ осы кәсіптің анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшылары басқара білуге тиіс. Осыған орай, әдетте, анағұрлым төмен разрядтағы кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстар неғұрлым жоғары разрядтар сипаттамасында көрсетілмейді.

Қызметкердің еңбек қызметін растаушы құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

«ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫ ӨНДІРІСІНІҢ ЖАЛПЫ КӘСІПТЕРІ» бөлімі
§ 1. ИОНСЫЗДАНДЫРУ АППАРАТШЫСЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ион алмасу құрылғыларында, бу және электр дистилдегіштерінде суды ионсыздандыру процесін жүргізу. Ион алмастырғыш шайырларды регенерациялау. Шайырдың қажетті фракциясын ылғал және құрғақ тәсілмен сүзгілердің көмегі арқылы елеу. Шайырды регенерациялау үшін қышқыл мен сілті ерітінділерін дайындау. Қарапайым талдау әдісі арқылы тұзсыздандырылған және дистилденген судың сапасын айқындау. Ион алмастырғыш шайырды регенерациялаудың аяқталғанын айқындау.

Білуге тиіс: маңызды бөлшектердің атауы мен мақсаты, ион алмасу құрылғыларының, дистилдегіштердің әрекет ету қағидаты; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолдану шарттары; суды тұзсыздандыру және шайырды регенерациялау процесінің негізі, процесті сыртқы жағдайларға байланысты реттеу әдістері; ион алмастырғыш шайырдың қасиеттері; суға талдау жүргізу ережесі; тұзсыздандырылған судың мақсаты; қышқылдар мен сілтілердің физикалық-химиялық қасиеттері.


§ 2. ИОНСЫЗДАНДЫРУ АППАРАТШЫСЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ион алмасу құрылғыларында ион алмастырғыш шайырдың аралас қабатымен суды ионсыздандыру процесін жүргізу. Тұзсыздандырылған суды орталықтандырып алу, аралас шайырды бөлу және регенерациялау үшін құрылғыларға қызмет көрсету. Аралас шайырды бөлу және регенерациялау. Тұздылықты өлшеу құралы мен хлор мен темір ионына сапалы реакция арқылы тұзсыздандырылған судың сапасын айқындау. Индикатордың көмегімен жуатын судың қышқылдығын айқындау. Су талдамасының деректері бойынша процесті өздігінен реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін тұзсыздандырылған суды орталықтандырып алуға арналған схемалар мен құрылғыларды реттеу құрылғысы мен тәсілдері; аралас шайырды бөлу және регенерациялау құрылғысының жұмыс қағидаты; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; бастапқы судың температурасы мен қысымына байланысты тұзсыздандырылған су алу процестерін реттеу тәсілдері; суды тұзсыздандыру процессінің физикалық-химиялық негіздері; су сынамасын талдау үшін іріктеу ережесі; хлор мен темір ионына және су қышқылдығына сапалы реакция жүргізу шарттары; судың қышқылдығын, кермектігін, тұздылығын, сілтілігін айқындау тәсілдері.


§ 3. ИОНСЫЗДАНДЫРУ АППАРАТШЫСЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті ион алмасу құрылғыларының тиімді жұмыс режимін таңдай отырып, суды ионсыздандыру процессін жүргізу. Ионсыздалған судың сапасын талдау және қолданылған шайырды ауыстыру. Ион алмастырушы шайырды стационарлық және фиништік құрылғыларда бастапқы өңдеу. Ион алмастырушы құрылғыларды таңдалған тәсім бойынша жұмысқа қосу. Құрылғыларды өздігінен реттеу және іске қосу.

Білуге тиіс: әр түрлі типтегі ион алмастырғыш құрылғылардың құрылысы; электр схемасы және оларды реттеу тәртібі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу жағдайы; индикаторлар мен басқа да реактивтердің физикалық-химиялық қасиеттері; хлорлығын сандық және сапалы талдау.


§ 4. ГАЛТОВКАЛАУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Галтовкалау барабанында қыш негіздерді, алюминий және болат бөлшектерді тазалау, оларды өңдегеннен кейін дистилденген суда жуу және кептіру. Қыш дайындамадан құм, алюминий және болат бөлшектерден үгінді себу. Галтовкалау барабанына кварц құмын дайындау. Үгіндіні галтовкалау барабанына салу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, оның негізгі бөліктерінің атауы мен мақсаты; өңделетін материалдардың атауы мен белгіленуі; қыш бұйымдарды өңдегенге дейін және одан кейін судың ішінде механикалық тазалау және жуу әдістері; дайындамаларды судың ішінде механикалық тазалау және жуу әдістері.


§ 5. ГАЛТОВКАЛАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электронды техника бұйымдарын, сағат бөлшектерінің дайындамаларын, сағат және техникалық тастарды технологиялық талаптарға сәйкес галтовкалау. Күйдіру дәрежесіне қарай партиялар бойынша сұрыптау. Болат бөлшектерді галтовкалау барабандарында бензинге малынған үгіндіде тазалау. Дайындама мен тазалағыш материалдарды қоңырау ванналарына, дөңгелек диірмендерге және діріл диірмендеріне партия бойынша салу нормаларына сәйкес салу. Бұйымдар мен дайындамаларды шығару және тазалағыш материалдарды себу. Дайындамалардың сапасын тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты; барабанға салынатын дайындамалардың тиімді саны; галтовкалау процесінің ұзақтығы; бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу жағдайы; бұйымдардың, дайындамалардың белгіленген өлшемдерден ауытқу шақтамасы; тазалау үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері мен сапасы; галтовкалаудан кейін дайындамаларға қойылатын техникалық талаптар, галтовкалау сапасын тексеру әдістері.


§ 6. ГАЛТОВКАЛАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдар мен дайындамаларды дірілмен жылтыратқыш құрылғыларында галтовкалау. Дірілмен галтовкалау құрылғыларындағы, қалтылдақ диірмендегі қабыршақтарды механикалық тәсілмен алу. Толтырғыш ыдысқа дайындама мен толтырғыш материалдарды салу. Дайындамаларды дайындау және толтырғыштан бөлу.

Білуге тиіс: дірілмен галтовкалау құрылғыларының құрылысы, жұмыс қағидаты; салынатын дайындамалар мен толтырғыштың тиімді саны; өңдеу процессінің ұзақтығы; қолданылатын материалдардың қасиеті; өңделетін бөлшектердің техникалық жағдайы.


§ 7. ГАЛТОВКАЛАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдар мен дайындамаларды дәлме-дәл жабдықтарда галтовкалау. Өңдеу және жылтыратуға арналған құрылғылар мен жабдықтарды реттеу. Жаңа бөлшектердің тәжірибелі партиясын өңдеу. Жылтырату үшін толтырғышты дайындау.

Білуге тиіс: толтырғыштар мен олардың құрамдас бөлшектерінің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері; толтырғыштарды дайындау тәсілдері; құрылғылар мен жабдықтардың жұмыс режимі және оларды белгіленген режимде реттеу тәсілдері; бөлшектерді өңдеу және жылтыратуға қойылатын техникалық талаптар және бетінің кедір-бұдырлығын бақылау тәсілдері.


§ 8. ГРАФИТТЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Графиттеуші станокта немесе контейнерде көміртектелген қыш негіздердің ұшын тоқ өткізгіш массамен жабу. Жабынды біркелкі жағуға арналған аспапты реттеу, жағылған жабынның ақаулықтарын анықтау. Тоқ өткізгіш массаның жарамдылығын айқындау. Коллоид графитті массаны араластыру және сүзгіден өткізу. Графиттеуші машина лентасының қималарына бұйымдарды салу және графиттелген бұйымдарды алу. Графиттеуші машинаны тазалау және жуу. Роликтерді жуу және графит массасын шашырату.

Білуге тиіс: графиттеуші станоктар мен конвейерлердің негізгі бөлшектерінің атауы мен мақсаты және жұмыс қағидаты; қолданылатын құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптардың мақсаты және қолданылу шарттары; тоқ өткізгіш массаның құрамы, негізгі қасиеттері, дайындау және сақтау ережесі; коллоид графитті массаның құрамы мен маркалары.


§ 9. ГРАФИТТЕУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Графиттеуші машинада суда еритін кристалл пластиналарды графит ерітіндісімен қаптау. Машинаның шағын бактарына графит массасын құю. Графит массасын шашыратқыштардың жұмысын және машина лентасының қозғалысын реттеу. Шашыратқыштарды бөлшектеу және жинау. Тығыз ауаны жылыту және пластиналарды кептіруді бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және реттеу тәсілдері; бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғыларының құрылысы мен реттеу тәсілдері; бұйымдарды қалау және бұйымдарды алу тәсілдері; графиттелген пластиналарға қойылатын талаптар; шағын бактарды графит массамен толтыру тәсілдері; шашыратқыштар мен графиттеуші машина ленталарын бөлшектеу, жинау және реттеу ережесі.


§ 10. ХИМИЯЛЫҚ ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫН ӨНІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген құрам мен концентрацияны сақтай отырып, химиялық ерітінділер мен қоспаларды дайындау. Пьезотехникалық өндірісте қолданылатын құрамында бензол бар лактарды жасау. Алынған қоспаны араластыру және сүзгіден өткізу. Тұтқырлықты тұтқыр өлшеуіште тексеру. Құрамы жағынан қарапайым химиялық жартылай дайын өнімдерді дайындау. 0,1 г дейін дәлме-дәл өлшеу және құрамындағы заттарды араластыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты; бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғыларының, өлшеу ыдыстарының мақсаты мен қолданылу шарттары; мен реттеу тәсілдері; таразының құрылысы және қызмет ету қағидасы; дайындалатын ерітінділердің, қоспалар мен жартылай дайын өнімдердің мақсаты; жартылай дайын өнімдерді дайындаудың негізгі әдістері, оларды сүзгіден өткізу және тұтқырлығын тексеру әдістері; қышқылдар мен сілтілердің негізгі қасиеттері; химреактивтерді қолдану нормасы; химияның теориялық негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Лактар, сырлар, эмаль, желімдер, сулағыштар, таңбалау пастасы, беттік белсенді заттардың негізіндегі жуғыш ерітінді - дайындау.

2. Шығару, өңдеу, майсыздандыруға арналған ерітінділер; радон калийі мен и фенолфталеин ерітіндісі – дайындау, сүзгіден өткізу.

3. Жылтыратпа мен шыны цемент қоспасы - дайындау, араластыру, сүзгіден өткізу.

4. Хлорлы алюминий гексагидратынан, алюминий-амониилі ашудастарынан жасалған шикіқұрам - дайындау.

5. Белгіленген концентрациялы сілті - дайындау.


§ 11. ХИМИЯЛЫҚ ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫН ӨНІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі жабдықтарды, құралдарды, химиялық ыдыстарды, таразыны пайдалана отырып, белгіленген рецепт бойынша күрделі химиялық жартылай дайын өнімдер жасау және ерітінді дайындау. Түрлі концентрациялы ерітінділерді, қышқылдарды, сілтілерді және тұздарды дайындау. Жартылай өткізгіш материалдар мен олардың тотықтары үшін өңдегіштерді дайындау. Құрамдас бөліктерді 0,01 г дейінгі дәлме-дәлдікпен өлшеу және оларды араластыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен реттеу тәсілдері; әмбебап және арнайы құралдардың, бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғыларының құрылысы; жасалатын жартылай дайын өнімдер мен олардың құрамдас бөліктерінің құрамы мен қасиеттері; қолданылатын химиялық заттармен жұмыс ережесі; әрбір компоненттің мақсаты; жасалатын жартылай дайын өнімдердің мақсаты және олардың сапасының кейінгі операцияларды орындауға және құралдардың қалыпты жұмысына әсері.

Жұмыс үлгілері

1. Эпоксидті желім, компаундтер, көп құрамдас таңбалау бояуы, сырлаудың барлық түрлеріне арналған екі құрамдас лак, цокольдеуге арналған - дайындау.

2. Қанықтандырғыш, ашық түстендіру, фотоқабатты өңдеуге арналған ағартқыш - дайындау.

3. Күміс паста, пломбалау пастасы, жылтыратпа мен шыны цементтен жасалған пасталар – дайындау.

4. Химиялық жылтырату, өңдеу, майсыздандыру, шыныны тазалауға арналған ерітінді, түрлі-түсті кинескоптардың жүзгіндеріне арналған ерітінділер мен лактар, көп компонентті ерітінділер - дайындау.

5. Эпоксидті шайыр, толықтырғыштар, газ сіңіргіш құрылым, жартылай өткізгіш материалдарды өңдегіштер және олардың тотығы, дәнекерлеуге арналған флюстер - дайындау.

6. Қыш пен ферритке арналған шикіқұрам - дайындау.

7. Эмаль – дайындау, белгіленген тұтқырлық бойынша сұйылту.

8. Аспаптардың таңбалау таңбасы мен лак қаптамасын сүртуге арналған эмульсия - дайындау.
§ 12. ХИМИЯЛЫҚ ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫН ӨНІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Химиялық жартылай дайын өнімдер жасау және белгіленген рецепт бойынша құрамдас заттары көп ерітінді дайындау. Шыны кристалл цемент (шикіқұрам) дайындау және оны түрлі-түсті кинескоптың экрандары мен конустарын қосу үшін жағу. ИС пен жартылай өткізгіш аспаптарды полимерлік қорғау және герметизациялауға арналған карбонат, микроұнтақ, люминофор, лак пен компаунд жасау. Аргон-изопентан қоспасын жасау, изопентанды айдау, инертті газдарды кейіннен металл баллондарға компримирлей отырып, химиялық тазалау. Дәнекерлеуші заттарды араластыра отырып, ұсақ майда металл ұнтақтың негізінде пластикалық масса дайындау. Токсинді және радиоактивті газдардың көп компонентті қоспасын жасау, сұйық кристалды қоспаларды жасау. Қалыңдығы дәлме-дәл органикалық жұқа пленка алу. Фотосезімтал пленкаларды қондыру үшін жүзгіндер мен құрам дайындау және фотосезімтал элементтер мен көп қабатты пленкалар алу. Тартпа шкафтағы хлорлы мысты тесу және оны шыны ампулаға салу. Майланған сорғымен сору және түрлі температураға дейін қыздыру арқылы хлорлы мыстан хлор алу металл баллондарды таза хлормен толтыру. Жасалған жартылай дайын өнімдердің сапасын айқындау бойынша өндірістік сынақ жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін арнайы жабдықтың құрылысы, оның дәлдігін реттеу және тексеру ережесі, бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғыларының мақсаты және пайдалану шарттары; шығарылатын өнімдерге қойылатын технологиялық талаптар, оның мақсаты; белгіленген қасиеттері бар химиялық жартылай дайын өнімдерді алуға арналған құрамдас бөлшектерді іріктеу ережесі; материалдардың мен жартылай дайын өнімдердің тазалығына қойылатын талаптар; газдар мен қолданылатын материалдардың физикалық және химиялық қасиеттері; хлор, бром, сұйық азот және радиоактивті газды пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Вазелин және оның қоспасы - дайындау және вакуумдеу.

2. Желімдер және көп компонентті (үш және одан да көп) сырлар, кристалдарды, жартылай өткізгіш материалдар мен құрылғыларды қорғауға арналған көп компонентті компаундтер; ішкі арматура бөлшектерін қаптауға арналған көп компонентті лактар - дайындау.

3. Никель, цирконий массасы; СТБ-1 шынысынан жасалған ұнтақ; хром тотығы негізіндегі жүзгіндер – дайындау.

4. БФ желімі мен эпоксидті шайыр негізіндегі мастика; эпоксидті негіздегі көп компонентті таңбалау құрамы; микроұнтақ; бөлшектер мен буындарды металдау пастасы; түрлі концентрациялы балқыту қоспалары - дайындау.

5. ВОП-ты жақтауына қосуға арналған шыны кристалл цемент - дайындау, ВОП пен жақтауына жағу.

6. Катод, анод, қыздырғыштарға, магнит өткізгіштерге және торларға жағуға; люминесценті индикатордың анод алатын және люминесцентті лампалар түтігіне жағуға арналған; түрлі түсті кинескоптар мен басқа да ЭЛТ арналған жүзгіндер - дайындау.

7. Фторлы сутек қышқылы және құрамында фторы бар тұздардың негізіндегі екі және одан көп компонентті өңдегіштер; церий өңдегіші - дайындау.

8. Көп компонентті шикіқұрам, гальванопластика мен химиялық никельдеуге арналған электролит - дайындау.

9. Шыны жіптерден жасалған шыны қатарлар, ВОП-ты жақтауына қосуға арналған шыны кристалл цемент – дайындау.


§ 13. ХИМИЯЛЫҚ ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫН ӨНІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Силикат ерітіндіде көп мәрте фракцинирлеу арқылы люминфордың ұсақ майда жүзгіндерді жасау. Талшықты-оптикалық дискілерден жасалған экрандарға және түрлі-түсті кинескоптардың экрандарына органикалық пленка жабу үшін көп компонентті арнайы лак жасау. Химиялық жартылай дайын өнімдер мен ерітінділерді бағдарламамен басқарылатын күрделі жабдықта жасау. Күрделі жабдықта жұқалап тазалауды пайдалана отырып, көп компонентті сұйық кристалл қоспаларды дайындау. Фоторезист дайындау, оң фоторезистердің кеуектігін электр механикалық әдіспен бақылау, фоторезистті ион алмастырғыш шайырмен тазалау. Құю құрылғысындағы ерітіндіні құю әдісімен белгіленген қалыңдықты сақтай отырып, тоқ өткізгіш және электр оқшаулағыш толықтырғыштары бар желімдегіш пленканы дайындау. Белгілі бір рН бар жылтыратқыш ұнтақтың негізінде фиништік және суперфиништік жүзгіндер дайындау, әр түрлі типтегі құралдардың көмегімен жүзгіндердің рН тексеру. Люминофор қалдықтарын жинау процессін жүргізу және оны регенерациялау. Аммиак тотығы және сілті ерітіндідегі компоненттердің құрамы бойынша экснығыз-талдау жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен жұмыс қағидаты; дайындалатын химиялық материалдар, жартылай дайын өнімдер мен ерітінділердің сапасын тексеруге арналған бақылау-өлшеу құрылғыларын баптау және реттеу; люминофирлеудің физикалық-химиялық процессі; люминофорлар мен олардың қалдықтарын регенерациялаудың технологиялық процессі; фоторезистің құрамы мен қасиеті. Орта кәсіптік білім талап етіледі.


§ 14. КОМПАУНД ҚҰЮШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бөлшектердің бетіне компаунд жағу. Бетті ацетонмен немесе бензинмен өңдеу, тазалау және майсыздандыру. Құрылғыларды арнайы шайырмен желімдеу әдісі арқылы герметизациялау. Термостатта кептіру. Құйманы сыртқы түріне қарап тексеру. Құю үшін қалып дайындау, қалыптарды бензинде жуу, оларды гидрофобияландыратын сұйықтықпен майлау. Қалыптарды термостатта қыздыру. Құю қалыптарын және құймалардың сапасына әсер ететін басқа да құрылғыларды бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты және жұмыс қағидаты; компаундтердің, шыны цемент пен құйма мен герметизациялау үшін масса дайындауда қолданылатын материалдардың құрамы мен қасиеті; эпоксидті шайырдың, дибутилфталаттың, полиэтиленполиаминнің, ацетон мен бензиннің негізгі қасиеттері және оларды пайдалану ережесі; лактарды, компаундтер мен шыны цементті сақтаудың шарттары; құюдың технологиялық процессі; құю тәсілдері; дайындамалар мен бөлшектерді бетіндегі қабатымен қоса кептіру режимі; ақаулық түрлері және оларды жою тәсілдері; герметикаландыру сапасын тексеру ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Жиналған жүйелердің болттары, түрлі мақсатта қолданылатын блоктар, аша - құю.

2. Барлық түрлі конденсаттардың бөлшектері, дайындамалары, конденсаторлар - құю.

3. Диодтар – арматура блоктарын топтық қорғау.

4. Дроссельдер, кедергілер, платтар, трансформаторлар – эпоксидті қабатпен қаптау.

5. ТРН-200 үлгідегі бұйымдар – сылап бітеу, шықпаларды компаундпен қаптау.

6. Жоғары вольтті катушкалар - эпоксидті компаунд сіңдіру.

7. М-20 микроэлементінің қалпағы - компаундты ішкі бетіне жағу және экранға қондыру.

8. Магниттер – сыртқы бетіне желімдеп жапсыру.

9. Монодисплеилер – платтың шеттеріне шыны цементтен жолақ етіп қолмен жағу.

10. Изолятордың аяғы – шайыр құю.

11. Жиналған аяғы - компаундпен қорғау.

12. Пластиналар - трафарет арқылы битум жағу.

13. Құрылымы дайын пластиналар – қорғаныш қабат жағу.

14. Жартылай өткізгішті аспаптар – қорғаныш қабатты қолмен жағу.

15. Пьезорезонаторлар – шайыр жапсыру әдісі арқылы герметизациялау, сыртқы бетін майсыздандыру.

16. Резонаторлар - герметизациялау, ДКВ-да дәнекерлеу.

17. Арнайы трансформаторларға арналған тороидальді өзекшелер - ұштарын тиокол негізіндегі компаундпен қорғау.

18. Жоғары вольтті бағана – негізінде эпоксидті шайыры бар компаундпен бетін майлау.

19. Интегралды схемалар - жинақтау, құю, тазалау және бақылау.

20. Әр түрлі корпустағы таблеткалы селен түзеткіштердің ұштары (триацетатты пленкадан, полиэтиленнен, шыны лак-матадан, қыштан жасалған) - эпоксидті компаунд құю.

21. Шағын көлемді пленкалы, қағаз және металл қағаз конденсаторлардың ұштары - эпоксидті шайыр композициясын құю.


§ 15. КОМПАУНД ҚҰЮШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі аспаптардың бетіне қолмен немесе арнайы жабдықтағы құрылғылардың көмегімен компаунд құю процессін жүргізу. Микроскоптан қарап құю процессін жүргізу. Құю режимін бақылау және реттеу. Құйылған аспаптарды ауада ұстаудың тиімді уақытын таңдау. Эпоксидті компаундпен қабыршақтарды, ұсақ тесіктерді, көпіршіктерді өңдеу. Жиналған арматураны компаунд құю үшін дайындау. Қажетіне қарай компаунды алу. Компаунды вакуумдау. Сұйық кристалл индикаторларды сұйық кристалл қоспамен толтыру және оларды герметизациялау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және оны реттеу әдістері; әмбебап құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы; аспаптардың мақсатына қарай оларды құю режимі; компаунд, шыны цементтің рецептурасы және салмақтық арақатынастар; тұтқыр өлшеуіш арқылы қорғаныш материалдың тұтқырлығын айқындау; температуралық режим және оның компаундты полимерлеу уақытына әсері.

Жұмыс үлгілері

1. Арматура - эпоксидті және фенол шайырдың негізінде жасалған компаундты құю.

2. Байланысы алтын ашалар - құю.

3. Жоғары вольтті шықпалар - компаундпен бекіту.

4. АЖЖ диодтары – ылғалдан қорғағыш қабатты қолмен жағу.

5. ТВГ-2 бұйымдары - компаунд құю.

6. Сандық-белгі индикаторлары - микросхемалар элементтерін компаундпен қорғау.

7. Құндақтар, қалыптар, ұяшықтар, реле, радиоаппаратураның сызғыштары, тұрмыстық магнитофондардың магнитофон бастары, термоблоктар, сүзгілер, көп қабатты баспа платалар - эпоксидті компаунд құю.

8. Катушкалар - сіңдіру.

9. Кварц резонаторлар, контурлер, кабельдердің ажыратымдары, микротрансформаторлар - герметизациялау.

10. Конденсаторлар – компаундты станокта, құю қалыптарында құю.

11. Магнит жүйелер - эпоксидті мастикамен бекіту, компаунд құю.

12. Жартылай өткізгішті диодты матрицалар – металл төсенішке металл қорғаныш қабат жағу.

13. Микрожиынтық – қыздыру және корпусқа құю.

14. Микросхемалар - кристалды эпоксидті шайыр негізіндегі желіммен жабыстыру және микроскоптың астында қорғаныш қабатын жағу.

15. Микромодульдер, катушкалар - пенополиуретан құю.

16. Шағын габаритті модульдер - құю.

17. Монодисплейлер – шыны цементті қолмен анод платаға белгіленген өлшемдер мен жағылатын қабаттың қасиетін сақтай отырып, жағу.

18. ОС-11ОС үлгісіндегі ауытқыған жүйе (құю) - герметизациялау.

19. Феррит және қыш пластиналар – толқынжол арматураға 10 мм астам қимамен жабыстыру.

20. Платалар, резисторлар – «СК-2» типті эпокси-қызыл органикалық компаундпен майлау.


  1. Регулятордың әлеуеті - жабыстыру.

  2. Көп қабатты баспа платалар - компаунд құю.

23. Электрондық-оптикалық түрлендіргіш - әр түрлі желімдерді пайдалана отырып блокты түпкілікті герметикалау.

24. Жартылай өткізгішті аспаптар – қорғаныш қабатты микроскоп астында жағу; центрифугирлеу әдісі арқылы ситалл, қыш немесе металл төсенішке желім жағу.

25. Арнайы трансформаторлар мен дроссельдерге арналған тороидальді өзекшелер – қаптаманы компаундтермен герметикаландыру.

26. Шыны оқшаулағыштар – компаунд құю.

27. Қосалқы блоктар - компаунд құю және кептіру шкафында кептіру.

28. Корпуссыз транзисторлар - платына жапсыру және микроскоппен қарап герметикаландыру.

29. «Малютка», «Источник», «Радиатор» трансформаторлары, дроссельдері - компаундпен қорғаныш қаптау.

30. Тороидальді трансформаторлар, трансформаторлардың жиналған катушкалары және арнайы мақсаттағы басқа түйіндер - компаунд құю (құю, вакуумдеу, компаундты қалыптарда полимерлеу, қабыршақтар мен көпіршіктерді бітеу, компаундты қажетіне қарай алып тастау).

31. Ультрадыбыстық ұстау желілері – сіңіруші құрам мен қорғаныш қабатты жағу; эпоксидті шайыр негізіндегі компаунды құю.

32. Фаза айналдырғыштар - герметикалау.

33. Шиналар - эпоксидті желіммен жабыстыру.


жүктеу 6,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау