Министерство труда и социальной защиты



жүктеу 6,99 Mb.
бет26/38
Дата19.02.2018
өлшемі6,99 Mb.
#10068
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Жұмыс үлгілері

1. Енді фольга – өңдеу агрегаттарын гидрототықтан тазалау.

2. Шағын ауқымды конденсаторларға арналған жұқа форматты фольга - өңдеу.


§ 9. АНОДТАРДЫ ҚАЛЫПТАУШЫ

З-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тантал және оксидті-жартылай өткізгіш алюминий конденсаторлардың анодтарын электр химиялық қалыптау. Электролитті дайындау және астауларға құю. Кернеуді реттеу және астауға жіберу. Электролиттің температурасын бақылау. Электролит ортасының реакциясын әмбебап индикатор қағаздың көмегімен тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау ережесі; аспаптары бар басқару агрегаттары мен қалқандарын іске қосудың электр схемасы, кернеуді реттеу ережесі; қалыптау электролиттерінің құрамы, дайындау және түзету тәсілдері; қалыпталған анодтың техникалық сипаттамасы, қалыптау кернеуінің кестесі; қалыптау режимдері.

Жұмыс үлгілері: Оксидті-жартылай өткізгіш тантал, оксидті-жартылай өткізгіш алюминий, электролиттік тантал конденсаторлар – анодты қалыптау құрылғыларында қалыптау және электролитті дайындау.
§ 10. ФОЛЬГАНЫ ҚАЛЫПТАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электролиттік конденсаторларға арналған фольганы динамикалық қалыптау агрегатында электр химиялық қалыптау. Өңдеу коэффициенті мен фольга енінің конденсатордағы белгіленген үлгі номиналына сәйкестігін тексеру. Электролитті дайындау және астауларға құю. Қалыптау агрегатын тазалау және іске қосуға дайындау. Таспаны астау арқылы тарту. Фольганы керуді реттеу. Электролитті түзету.

Білуге тиіс: динамикалық қалыптау агрегатының маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты және жұмыс қағидасы; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары; фольганың қозғалу жылдамдығын анықтау тәсілдері; қалыптау фольгасының барлық номиналдар бойынша техникалық сипаттамасы; қалыптау электролитінің құрамы, дайындау және түзету тәсілдері, қалыптау сапасын тексеру тәсілдері.


§ 11. ФОЛЬГАНЫ ҚАЛЫПТАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Барлық типті электролиттік конденсаторларға арналған алюминий фольганы динамикалық қалыптау агрегатында электр химиялық қалыптау. Кварц астаулардағы генераторлардың жүктемесін бақылау және белгіленген мәндерден ауытқушылықты реттеу. Қалыптау электролитін химиялық талдау қорытындысы бойынша түзету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және баптау ережесі; аспаптары бар басқару агрегаттары мен қалқандарын іске қосудың электр схемасы, кернеуді реттеу ережесі; қалыптау алюминий фольгасының барлық номиналдар бойынша техникалық сипаттамасы, қоспада бақылау химиялық талдамасын жүргізу ережесі; қалыптау режимдері.


Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімі бойынша атаулары көрсетілген тізбесі





Р/с





Осы бөлімшеде көрсетілген кәсіптердің атаулары

Разряд диапазондары

2002 жылы БТБА-ның қолданыста болған бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары

Разряд диапазондары

БТБА басыл

ымының №



Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Оқшаулауыштарды дәнекерлеуші

2-3

Оқшаулауыштарды дәнекерлеуші

2-3

20

Радиобөлшектер өндірісі

2.

Дайындаушы

2-3

Дайындаушы

2-3

-//-

-//-

3.

Полимерлеуші

2-3

Полимерлеуші

2-3

-//-

-//-

4.

Фольганы өңдеуші

2-3

Фольганы өңдеуші

2-3

-//-

-//-

5.

Анодты қалыптаушы

3

Анодты қалыптаушы

3

-//-

-//-

6.

Фольганы қалыптаушы

2-3

Фольганы қалыптаушы

2-3

-//-

-//-

4. РАДИОҚЫШ ЖӘНЕ ФЕРРИТ ӨНДІРІСІ


§ 1. ҚЫШ ПЛЕНКАНЫ ЖАНЫШТАУШЫ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қыш пленканы белгіленген қалыңдық бойынша кептіру, икемділігі мен тығыздығын арттыру мақсатында жаншу. Қарапайым жаншымаларды шебердің басшылығымен баптау. Жаншыманың температурасы мен қысымын реттеу. Пленканың сапасын сыртқы түрі бойынша анықтау. Органикалық будалы қыш жүзгінді дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы туралы негізгі мәліметтер, оның маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты; құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары; өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануы; қыш пленкаға қойылатын негізгі талаптар; өңделетін материалдар өлшемінің шақтамасы.


§ 2. ҚЫШ ПЛЕНКАНЫ ЖАНЫШТАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қыш пленканы белгіленген қалыңдыққа пленка бетінің шақтамасы мен тік қалпын қамтамасыз ете отырып жаншу. Жаншымаларды пленканың белгіленген қалыңдығына баптау. Жаншыманың температурасы мен қысымын пленканы жазу барысында аспаптар бойынша реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидасы; бақылау-өлшеу құралдары (штангенциркуль, микрометр, индикатор, щуп) және температура мен қысымды өлшеуге және реттеуге арналған аспаптардың мақсаты мен қолданылу шарттары; шақтама жүйесі; квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері; өңделетін материалдардың негізгі механикалық қасиеттері.

Жұмыс үлгілері: Қыш пленка - жаншу.
§ 3. ҚЫШ ПЛЕНКАНЫ ЖАНЫШТАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі құрамды қыш материалдардан жасалған пленканы жаншу. Пленканы кесуге арналған пышақты орната отырып және жаншу режимін таңдай отырып жаншымаларды белгіленген өлшемге баптау. Компоненттерінің концентрациясы әр түрлі органикалық буданың құрамын іріктеу және дайындау. Жанышталған қыш пленкаларды орнату коэффициентін анықтау. Белгіленген өлшемді дайындамаларды алу үшін шабу штамптарын таңдау. Пленкаларды шақтамалы топтарға жарамсыз ету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен баптау ережесі; арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы; қыш пленка мен буданың құрамдас бөліктерінің құрамы мен рецептурасы; орнату коэффициентін анықтау тәсілдері; қыш пленканың жаншудан және күйдіруден кейінгі қасиеттері; жанышталған қыш бұйымдардың техникалық шарттары мен сызбалары.

Жұмыс үлгілері

1. Қыш дайындамалар - органикалық буданы дайындау.

2. Қыш пленка – қыздырылған каландрда жаншу; өлшемі бойынша илемдеу.

3. Қалыңдығы 80 мкм жұқа каучук негізіндегі қыш пленка - қыздырусыз жаншу.

4. Қалыңдығы 160 мкм қалың каучук негізіндегі қыш пленка - қыздырусыз жаншу.

5. Қалыңдығы 1-2 мм тантал пленка – қыздырылған жаныштамаларда жаншу.


§ 4. РАДИОҚЫШ ЖӘНЕ ФЕРРИТ ҚҰЮШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым конфигурациялы бөлшектерді қалыптарға құю. Күрделілігі әр түрлі термопласттардан жасалған бөлшектерді құю құрылғысында немесе жартылай автоматта қысым астында гипс және металл қалыптарда құю. Қалыңдығы 100 мкм артық радиоқыш пленканы құю. Пленканың қалыңдығын өлшеу және оны қалыңдығы бойынша бақылау. Кептіру, ағын суда суыту. Құйылған бөлшектерді кептіру. Шликердің құюға жарамдылығын анықтау. Термостатта немесе шликер араластырғышта қыздыру және шликерді құю құрылғысына құю. Фильераны баптау және пленканы құюға арналған құю машинасын баптау. Сорғыны реттеу (полиэтилен таспаны құю машинасының жұмыс бетімен бірге).

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты және жұмыс қағидасы; күрделілігі орташа арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары; қыш бөлшектерді қарапайым құрылымды қалыптарға құю тәсілдері; қойылатын бөлшектердің атауы, мақсаты мен таңбалануы; шликер мен капронды дайындау және олардың құю қасиеттерін анықтау тәсілдері; капрон мен құю шликерінің мақсаты мен қасиеттері; шликердің, капронның, гипс және металл қалыптардың температурасының бөлшектердің сапасына ықпалының сипаты; кептіру, суыту ережесі және құйылған бөлшектер мен гипс қалыптарды кептіру режимдері.

Жұмыс үлгілері

1. Қалың қабатты дискілер, тығындар және басқа да қарапайым күрделі емес конфигурациялы бөлшектер - құю.

2. Мөлшері 17х14х18 цилиндр қалыпты дайындамалар - құю машинасында құю.

3. ИКП оқшаулауыштар, ОЖО жапсырмасы бар плата - құю.

4. Шамішілік бекітуге арналған қарапайым оқшаулауыштар - құю.

5. Орауыштың, корпустың қаңқасы – қыш массасынан құю құрылғысында қысым астында құю.

6. КТЧ қалпақшалары – бір орынды құю қалыбында қысым астында құю.

7. Карбонил темір мен балқымалардың негізіндегі магнитодиэлектриктер - шликерді құю құрылғыларында құю.

8. Қалыңдығы 100 мкм астам қыш пленка - құю.

9. Қалыңдығы 140 мкм аспайтын каучук негізіндегі шыны қыш пленкалар - құю.

10. Қыш пленка, поливинилбутераль немесе акрил байланыстырғыш негізіндегі қалыңдығы 100 мкм астам шыны пленка - «стронций 90» радиобелсенді элементі бар радиометрмен жабдықталған импорт жабдықта құю.

11. Шайбалар, пластиналар, күрделі емес қалыпты бөлшектер - құю.


§ 5. РАДИОҚЫШ ЖӘНЕ ФЕРРИТ ҚҰЮШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа бөлшектер мен бұйымдарды: қаңқаларды, шам панельдерді, төсемдерді, оқшаулауыштарды және т.б. құю құрылғыларында құю. Бөлшектерді гипс қалыптары мен ауқымды күрделі металл құрылымдарда құю. Қыш таспаны құю. Құйылатын бұйымдардың сапасын тексеру. Каучук негізді қыш пленканы құю. Шликер сапасын тексеру. Құю құрылғыларын баптау, реттеу. Құю режимін қысым астында реттеу.

Білуге тиіс: құю құрылғыларының, оның ішінде қыш пленканы жасауға арналған импорт жабдықтардың құрылысы, жұмыс қағидасы және баптау ережесі; қыш пленка мен қыш дайындамаларды кептіру режимдері және температурасы; құю құрылғыларының ауа қысымын реттеу ережесі; ұнтақ пен бұйымдарды құюға арналған құю шликерін тарту ұсақтығы; әр түрлі маркалы ферриттердің бұйымдарын құюдың температуралық режимдері; буда саны, буданың әр түрлі компоненттерінің мақсаты; қыш конденсаторларға арналған пленканы қалыптау және илемдеу режимдері.

Жұмыс үлгілері

1. Қабат қалыңдығы, тығын түрі әр түрлі конус қалпақ типті әр түрлі конфигурациялы бөлшектер, стакандар, сақиналар, бұранда беті бар өте шағын бөлшектер – құю.

2. Қалыңдығы 0,2-0,3 мм дайындамалар - құю және пленканы жаншу.

3. Катодты қыздырғыш тораптарға арналған қыш оқшаулауыштар - құю.

4. Күрделі конфигурациялы, саңылауларының саны көп, жұқа қабатты бөлшектер - термопластикалық шликерден құю.

5. Қабысу саны аз, қабат қалыңдығы 0,3-1,0 мм артық микроқабылдағыштардың корпусы - құю.

6. Қыш резисторлардың негіздері - құю.

7. Ауыстырып қосқыштың платалары, қаңқалар, вариометрлердің роторлары мен статорлары – бөлшектерді қыш массадан қысым астында құю.

8. Конденсаторларға арналған қыш пленка - құю.

9. Металл қыш корпустарға арналған қалыңдығы 0,15-0,22 мм пленка -құю.

10. Мөлшері әр түрлі сопло - құю.

11. Қырлы стакандар, қалпақтар, цилиндр бөлшектер - құю.

12. Күрделі пішінді, жұқа қабатты саңылауларының саны көп феррит бұйымдар - феррит шликерден құю құрылғысында құю.
§ 6. РАДИОҚЫШ ЖӘНЕ ФЕРРИТ ҚҰЮШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі пішінді бұйымдарды құю автоматтары мен жартылай автоматтарда, стационар және қол қалыптарда құю. Көп орынды қалыптарда құю, шликер дайындау процессін басқару; шликердің құю қабілетін және құюға арналған ұнтақтың дисперстілігін айқындау. Поливинилбутераль негізінде қыш пленканы құю. Геометриялық өлшемдерді проекторда және құралдық микроскопта тексеру. Индикатормен және микрометрмен жұмыс істеу.

Білуге тиіс: әр түрлі модельді құю жабдықтарының құрылысы; қызмет көрсетілетін жабдықтың кинематикасы, электр схемасы, дәлдігін баптау және реттеу ережесі; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары; әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылымы; шақтама және орнату жүйесі; квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері.

Жұмыс үлгілері

1. Саңылауының диаметрі 0,1-0,5 мм әр түрлі пішінді бөлшектер - құю.

2. Электр вакуум аспаптардың қаптамасына арналған аса берік 4-100 мм қыш бөлшектер - құю.

3. Стандарт емес, ОСТ-ке сәйкес келмейтін, жекелеген элементтерін құрылымдық ресімдеуде ауытқушылықтары, оның ішінде саңылауларының орналасу симметриясыздығы, саңылауларының арасындағы қабаттардың сәйкессіздігі, бөлшек биіктігінің оның диаметріне қатынасының сәйкессіздігі бар бөлшектер - құю құрылғыларында құю.

4. Микроплаталар дайындамасы - құю.

5. Сфералық қалып дайындамалары - құю автоматтарында құю.

6. Диаметрі 250 мм, Н-150 мм қырлы оқшаулауыш - құю.

7. Диаметрі 250 мм, Н-ЗОО мм сақина - құю.

8. Қабырғасы жұқа (0,3-1,0 мм) және қабысу саны көп микроқабылдағыштың корпусы - құю.

9. Қабырғасы жұқа және қабысу саны көп кардиографтың корпусы - құю.

10. Карбонил темір мен балқымалардың негізіндегі магнитодиэлектриктер - құю құрылғысында аса күрделі бөлшектерді шликерден құю.

11. Қалыңдығы 40 мкм астам және құрамында металл бар, поливинилбутераль негізіндегі қалыңдығы 10 мкм астам қыш пленка - құю құрылғыларында құю.

12. Түтіктер, өзектер, күрделі қалыпты дискілер - құю.

13. Жұқа қабатты, саңылауларының саны көп күрделі пішінді феррит бөлшектер - құю автоматтарында құю.

14. Диаметрі 190 мм, Н-716 мм цилиндрлер - құю.

15. Энергияның жоғары жиілікті шықпаларына арналған шайбалар - құю.


§ 7. РАДИОҚЫШ ЖӘНЕ ФЕРРИТ ҚҰЮШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі пішінді бұйымдарды құю автоматтары мен жартылай автоматтарда құю. Поливинилбутераль, полимер композициялы материалдардың негізіндегі қыш және металл пленкаларды құю. Құю сапасын тексеру. Пленканы төсенішінен арнайы станокта ажырату. Пленканың белгіленген қалыңдығынан ауытқушылықты контактісіз өлшеуге арналған радиоизотоп датчикпен жұмыс істеу.

Білуге тиіс: әр түрлі модельді құю жабдықтарының құрылысы; қызмет көрсетілетін жабдықтың кинематикалық және электр схемасы, дәлдігін баптау және реттеу ережесі; пленканы төсенішінен ажыратуға арналған станоктың құрылысы, жұмыс қағидасы және баптау тәсілдері; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы, мақсаты мен пайдалану шарттары.

Жұмыс үлгілері: Поливинилбутераль негізіндегі пленкалар: қалыңдығы 40 мкм аз қыш пленка, қалыңдығы 10 мкм кем металл пленка - құю.

§ 8. ФЕРРИТТЕРДЕГІ ЖАДЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН МОНТАЖДАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылығы 2050 санға дейінгі жады элементтерінің сымдары мен жалғамаларын толық бітей отырып, монтаждау схемасы және сызба бойынша монтаждау және дәнекерін қопару. Монтаждалатын схемалардың жүйелілігін орнату. Феррит өзекшелерді диаметрі 0,8 мм және одан жоғары маскаларға салу. Цилиндр магнитті-пленкалы ақпарат тасымалдағыштардың жады элементтерін монтаждау: кенепті станокта тоқу, тоқылған кенептерді монтаждау және құрастыру, монтаждалған сымдарды кесу және ұштарын қалайылау, ширатпа жасау, диод матрицалардың шықпаларын қалайылау, қалыптау және кесу. Монтаждау процессінде бөлшектерді қарапайым орнату және бекіту. Электр өлшеу аспаптарын қолдана отырып, күрделі емес схемаларды өлшеу. Сымдардың оқшаулауышын сынау.

Білуге тиіс: монтаждалатын жады элементтерінің жұмыс қағидасы және оны монтаждау тәсілдері; бұйымдарды әр түрлі диаметрлі сыммен операциялық монтаждау; кенепті тоқуға арналған станоктың жұмыс қағидасы; монтаждалатын схемаларды қағу әдісімен өлшеу; жады элементтерін монтаждау схемасының жалпы түрінде белгілеу шарттары; монтаждалатын элементтерді тексеру үшін бақылау-өлшеу желісіне қосу әдістері; қысқа тұйықталулар мен жарықтарды, сондай-ақ сымдар мен элементтердің оқшаулау кедергісінің ауқымын тексеруге қызмет ететін электр өлшеу аспаптарының мақсаты және оларды қолдану шарттары сымдарды дәнекерлеу кезінде қолданылатын флюстер мен дәнекерлердің мақсаты мен қолданылуы; дәнекерлеу тәсілдері және оған қойылатын талаптар; монтаждау сымдарын ширатпаларға бөлшектеу тәсілдері; ширатпаны электр өлшеу аспаптарының көмегімен жасау дұрыстығын тексеру әдістері; электр техникасы бойынша жалпы мәліметтер.

Жұмыс үлгілері

1. Схемалық кабельдер - 16-50 дәнекерін қопара отырып монтаждау - контактілі планкалар.

2. Импульсті трансформаторлар – орау, монтаждау.

3. Импульсті трансформаторлар және диодтар – монтаждау және дәнекерлеу.

4. Сыйымдылығы күрделілігі орташа 2050 санға дейінгі ферриттегі жады элементтері - монтаждау және дәнекерлеу.

§ 9. ФЕРРИТТЕРДЕГІ ЖАДЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН МОНТАЖДАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылығы 4000 санға дейінгі жады элементтерін монтаждау және дәнекерін қопару. Феррит өзекшелерді диаметрі 0,5 бастап 0,8 мм дейінгі маскаларға толтыру. Цилиндр магнитті-пленкалы ақпарат тасымалдағыштардың жады элементтерін монтаждау: кенепті тоқу, тоқылған кенепті блоктарды монтаждау және құрастыру, ширатпа жасау, ширатпаны монтаждау, диод матрицалардың шықпаларын монтаждау, ақпарат тасымалдағыштарды топтық дәнекерлеу, ақпарат тасымалдағыштарды ауыстыру және блокты бөлшектеу. Қарапайым сынақ үлгілерді қағидаттық схема бойынша, әр түрлі құрастыру жұмыстарын орындай отырып монтаждау. Монтаждау схемасы бойынша қарапайым схемалар мен күрделілігі орташа схемаларды байланыстыруға арналған шаблондарды жасау. Монтаждау кезінде әр түрлі ақаулықтарды анықтау, ақауланған жерлерін анықтау және оларды жою. Бұйымдарды бөлшектермен монтаждау схемалары бойынша жинақтау.

Білуге тиіс: режимді жады элементтерінің мақсаты, құрылысы және жұмыс қағидасы, оларды монтаждау тәсілдері; монтаждауға арналған құралдар мен құрылғылардың атауы, мақсаты және қолданылу шарттары; бөлшектерді орнату ережесі, оларды монтаждау жүйелілігі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; бұйымдарды бөлшектермен монтаждау схемалары бойынша жинақтау ережесі; кенепті тоқуға арналған станоктың жұмыс қағидасы; сымдарды тарту ережесі; күрделілігі орташа платаларды, блоктарды сыңғырлату әдістері; қолданылатын материалдардың атауы, таңбалануы және негізгі қасиеттері; электр техникасының негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Арнайы аппаратура – күрделілігі орташа блоктарды монтаждау.

2. Сыйымдылығы 4000 санға дейінгі күрделі бұйымдардың жады элементтері - монтаждау және дәнекерін қопару.

3. Жады элементтері - монтажын ақаулықтарын жоя отырып тексеру.


§ 10. ФЕРРИТТЕРДЕГІ ЖАДЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН МОНТАЖДАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылығы 4000 саннан астам жады элементтерін монтаждау және дәнекерін қопару. Жадының кубтары мен блоктарын өте күрделі электр схемалар бойынша монтаждау. Жады элементтерін циллиндр магнитті-пленкалы ақпарат тасымалдағыштарда монтаждау: ширатпаларды монтаждау, ширатпаларды электр схемалар бойынша шаблондарды қолдана отырып тоқу, ақпарат тасымалдағыштарды ауыстыру және модульді бөлшектеу, модульдің техникалық жағдайы бойынша разрядтауыш және атаулы тізбектердің үзілген жерлері мен қысқа тұйықталудың болмауын тексеру. Қағидаттық схемалар бойынша қарапайым схемалар мен орташа күрделі схемаларды тоқуға арналған шаблондарды жасау. Ақаулықтарды анықтау және оларды жою.

Білуге тиіс: арнайы құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты және қолданылу шарттары, жадының кубтары мен блоктарын монтаждау ережесі; монтаждау кезінде бөлшектердің орналасуының негізгі ережесі; бөлшектерді монтаждалатын бұйымдардың белгіленген өлшемдерін қамтамасыз ететін шақтамасы мен дәлдік сыныбы бойынша іріктеу ережесі; монтаждалған бұйымдардың тоқ өткізгіштігін негізгі электр өлшемдері бойынша тексеру әдіс-тәсілдері; қолданылатын материалдардың мақсаты мен қасиеттері; монтаждау сымдарының мақсаты, олардың маркасы, пайдалану және сақтау ережесі, оларды дәнекерлеу тәсілдері мен әдістері; орындалатын жұмыс ауқымында электротехника және радиотехника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Арнайы аппаратура - күрделілігі әр түрлі құрылғыларды монтаждау.

2. Жады кубтары - құрастыру, монтаждау және дәнекерін қопару.

3. Сыйымдылығы 4000 саннан астам жады элементтері - монтаждау және дәнекерін қопару.

4. Жады элементтері – жады элементтері мен кубтарының ақаулықтарын жоя отырып монтажды тексеру.
§ 11. ФЕРРИТТЕРДЕГІ ЖАДЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН МОНТАЖДАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Монтаждау тығыздығы 200 саннан бастап жоғары жады элементтерін, диаметрі 0,6 бастап 0,53 мм дейінгі (дәнекерлеу қадамы 0,5 мм бастап 1 мм дейін) феррит өзекшелерді монтаждау және дәнекерін қопару. Жады кубтарын, блоктары мен толықтырғыштарды монтаждау, ширатпаларды өте күрделі электр схемалары бойынша тоқу. Жады элементтерін циллиндр магнитті-пленкалы ақпарат тасымалдағыштарда монтаждау: диод матрицалы платаларды монтаждау, ширатпаларды электр схемалар бойынша шаблондарды қолдана отырып тоқу, ақпарат тасымалдағыштарды ауыстыру және модульді бөлшектеу, өрілген кенептің блоктарын монтаждау және құрастыру, ақпарат тасымалдағыштарды топтап дәнекерлеу, модульді бөлшектеу. Разрядтауыш және атаулы тізбектердің үзілген жерлері мен қысқа тұйықталудың болмауын тексеру. Жады кубтарында, блоктары мен толықтырғыштарда ақаулықтардың болмауын электр өлшеу аспаптарының көмегімен тексеру және оларды жою.

Білуге тиіс: электр және монтаждау схемалары; ақпарат тасымалдағыштардағы мәр түрлі модульдердің дәлдігін тексеру тәсілдері; модульдерді, кубтарды монтаждау әдістері; аса күрделі схемалардың электр өлшемдерін өлшеу тәсілдері; монтаждау сымдарының мақсаты, олардың маркасы, пайдалану және сақтау шарттары; жүргізілген монтаждың құрылымдық құжаттамаға сәйкес дұрыс жүргізілгенін тексеру әдістері; жүргізілген монтажды электр өлшеу аспаптарын пайдалана отырып сынау ережесі мен әдістері; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты және қолданылуы; қолданылатын материалдардың мақсаты және қасиеттері; лактармен, желіммен, компаундпен, дәнекермен жұмыс істеу ережесі; жады блоктарының, жады кубтарының және толықтырғыштардың ақаулықтары, оларды анықтау және жою тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Толықтырғыштар, жады блоктары, кубтары - күрделілігі әр түрлі электр схемалары бойынша монтаждау және дәнекерін қопару.

2. Ақпарат тасымалдағыштар - топтап дәнекерлеу.
§ 12. ФЕРРИТТЕРДЕГІ ЖАДЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН МОНТАЖДАУШЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сынақ және эксперименталды толықтырғыштарды, ЭЕМ жадысының магнит блоктарын микросымдарды, микроөзекшелер мен микросхемаларды пайдалана отырып монтаждау. Феррит өрісін қалыптастыру. Жады элементтерін циллиндр магнитті-пленкалы ақпарат тасымалдағыштарда монтаждау; жады модулін құрастыру және монтаждау, модульдің сынақ және эксперименталды үлгілерін монтаждау. Сынақ үлгілері үшін монтаждау схемасын әзірлеуге қатысу. Әр түрлі ақаулықтарды анықтау, ақауланған жерлерді белгілеу және оларды блоктар мен модульдердегі жады тораптары мен элементтерін ауыстыра отырып жою. Монтаждалған толықтырғыштардың, блоктар мен модульдердің үзілген жерлері мен қысқа тұйықталуының болмауын электр өлшеу аспаптарының көмегімен тексеру.

Білуге тиіс: ЭЕМ толықтырғышы модулінің магнит блоктарының сынақ және эксперименталды үлгілерінің құрылымы; күрделілігі әр түрлі электр монтаждау схемалары; бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс қағидасы және қолданылу шарттары; қолданылатын өлшеу құралдарының, стенділердің мақсаты; монтаждау ережесі мен жүйелілігі; жүргізілген монтажды барлық өлшемдері бойынша тексеру ережесі; феррит өрісін қалыптастыру технологиясы; монтаждың кез келген ақаулық түрін анықтау тәсілдері және оларды жою тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Блоктар, матрицалар, диаметрі 0,4 бастап 0,6 мм дейінгі феррит өзекшелердегі толықтырғыштар – монтаждау схемасы бойынша монтаждау.

2. Шифрды оқу және күшейткіштердің блоктары – микросхемаларды қолдана отырып монтаждау.

3. Жады модульдері – сынақ үлгілерін монтаждау.



жүктеу 6,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау