§ 2. МОНОКРИСТАЛЛДАР МЕН ТАСПА ҰЗАРТУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қатты электро физикалық параметрлерсіз монокристалдарды өсіру. Көп компонентті жартылай өткізгішті материалдарды синтездеу және өсіру, синтездеуге қолданылатын бастапқы элементтерді тазалау процестерін жоғарылау білікті аппаратшының басшылығымен Чохраль кристалдауға бағытталған аймақтық балқыту, жоғары температуралы ректификациялау және дестилляциялау жолымен жүргізу. Ерітіп құю әдісімен лигатуралар әзірлеу, герметикалық контейнерлерге құю және өлшеп орау. Алынған өнімді контейнерлерге тиеу және оларды герметизациялау. Жоғары жиіліктегі қызумен вакуумды құрылғыларға қызмет көрсету, оларды даярлау, іске қосу және тоқтату; тиеу және түсіру. Процесс режимдерін қадағалау және оларды реттеу. Тарту және шығару желдеткіштерінің жұмысын, жанатын және улы газдардың сигнализаторларын, газ және газ құбырлары қысымының көлемін бақылау. Құрылғылардың жұмысындағы ақаулықтарды уақтылы айқындау және оларды жою шараларын қабылдау. Журналдағы аспаптардың көрсеткіштері бойынша процесс режимдерін жазып отыру. Жұмыс орнын тазалықта ұстау. Жабдықтар мен орынжайлар улы заттармен уланғанда оларды газсыздау.
Білуге тиіс: негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмыс принципі, бақылау-өлшеу аспаптарының, дабыл қағу мен автоматика құралдарының қызметі және құрылғысы; шикізат, даяр өнім, қосалқы материалдар, реактивтер, газдардың физикалық-химиялық қасиеттері, өсірілетін қоспалардың магниттік және технологиялық қасиеттері; орындалатын жұмыстың көлемінде электр техникасының негізгі заңдары.
§ 3. МОНОКРИСТАЛЛДАР МЕН ТАСПА ҰЗАРТУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрылымы және геометриялық өлшемдері бойынша талаптарды сақтай отырып, органикалық және органикалық емес материалдардың монокристалдарын өсірудің технологиялық процесін жүргізу. Индукциялық қызумен, электр кедергісі жылытқышымен вакуумды құрылғыларға, сондай-ақ жоғары жиіліктегі генераторларға қызмет көрсету. Қажетті параметрлерді алу үшін бастапқы материалдар мен өсірілген монокристалдарды күйдіру. Кристаллдарды өсіруге арналған шикізатты және аппаратураны дайындау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша және көзбен балқыту және кристалдау температурасын, алынатын құйманың, кернеудің, вакуумның, газ және салқындатылған судың шығынының диаметрін реттеу. Техникалық құжаттаманы жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу. Жабдықтың герметикалығын тексеру.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін негізгі және қосалқы жабдықтың құрылғысы, баптау және тексеру әдістері; монокристалдарды ұзарту технологиялық процесінің мәнін және оны реттеудің ережесін; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметін; олардың құрылғысы мен пайдалану шарттарын; даяр өнімге МЕМСТ және техникалық шарттарын; жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, ақаулардың және өндірістік шығынның алдын алу тәсілдерін; даяр өнім бірлігіне шикізаттың шығын нормалары; орындалатын жұмыс шегінде теория негіздері.
§ 4. МОНОКРИСТАЛЛДАР МЕН ТАСПА ҰЗАРТУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрылымы, геометриялық өлшемдері, электр физикалық, оптикалық, фотоэлектрлі параметрлері бойынша жоғарылатылған талаптармен түрлі материалдардың монокристаллдарын өсіру процесін жүргізу. Құрылғылардың температуралық режимдерін іріктеу және теңшеу. Кезеңдік және үздіксіз қолданылатын пештерді басқару. Бақыланатын ортада монокристаллдарды өсірудің температурасы мен технологиялық режимін автоматты реттеу құрылғыларына қызмет көрсету.
Білуге тиіс: монокристаллдар алу үшін қолданылатын негізгі және қосалқы жабдықтардың түрлі үлгідегі және құрылымдағы құрылғысы; монокристаллдарды өсіру бағдарламаларын жасау әдістері мен пайдалану ережесі; термобу түрлері мен оларды пайдалану саласы; физика, химия, электр және вакуумды техника негіздері, таза заттарды алу технологиясы.
Кәсіптік орта білім талап етіледі.
§ 5. МОНОКРИСТАЛЛДАР МЕН ТАСПА ҰЗАРТУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барлық белгілі әдістермен түрлі материалдардың монокристаллдарын өсіру процесін жүргізу. Монокристаллдардың тәжірибелік үлгілерін өсіру процесін жүргізу. Жаңа технологиялық өндірістік жабдықтарды игеру. Тиелген материалдардың кедергісін ескере отырып оның берілген құрамына сәйкес лигатура шикіқұрамына енгізу, Балқытуға арналған шикіқұрамды есептеу. Жұмыс процесінде құрылғыларды баптау және қызмет көрсету. Жабдықтың электр бөлігіндегі ақаулықтарды анықтау. Монокристалл құймалардың жарамдылығын айқындау.
Білуге тиіс: монокристаллдарды өсіру жөніндегі құрылғылардың құрылымы, тәсілдері мен дәлдігін тексеру ережесі; түрлі жартылай өткізгішті материалдардан жасалған кристаллдарды өсіру әдістері мен әдістері; өсірілетін монокристаллдардың түрлері мен қолданылуы; кристаллография негіздері; жартылай өткізгіш материалдардың физика-химиялық және электрлік қасиеттері; жұмыстың орындалуымен байланысты түрлі есептеулер.
Кәсіптік орта білім талап етіледі.
§ 6. РЕКУРАТОРЛАР МЕН САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Материалдарды кептіруге баратын циклондық пеш және ауаны жылытуға арналған қайталама ауаны жылыту процесін жүргізу. Газ тракты аппараттарының тізбегінде температураны реттеу. Сынама алу. Аппараттардың монометриялық және температуралық режимдерін және ірі возгондардың шығуын, суды салқындататын жыланшаларға және кессондарға судың келуін қадағалау. Газ құбырларын қайта қосу. Аппараттарға қонған тозаңдарды түсіру. Газ құбырларын және жабдықтардың суды салқындататын беттеріне отырған материалдардан тазарту. Рекуператор бытыра тазартқышқа, бекіткіш және шығарғыш жапқыштарға, ысырмаларға және басқа жабдықтарға қызмет көрсету, оларды жөндеуге қатысу. Газды форсункамен шашу жолымен салқындату. Материалдарды дымқылдату және ыдысқа салу.
Білуге тиіс: аппараттардың, шығарылатын механизмдердің және басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысы, олардың қызметі және өзара әсер етуі; газ тарту және температурасының цехтағы барлық газ жолының жұмыс режиміне әсері, газ, ауа және су коммуникациялары тәсімі; газдың құрамы; возгондар мен шикізаттың түрлері және негізгі қасиеті; аппараттарға қызмет көрсетуге қойылатын талаптар.
Жоғарылау білікті аппаратшының басшылығымен жұмыс орындауда - 4-разряд.
§ 7. ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШ ӨНДІРІСІНЕ АРНАЛҒАН ЖОҒАРЫ ТАЗАЛЫҚТАҒЫ МАТЕРИАЛДАР АЛУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Талап етілетін геометриялық өлшем бұйымдары мен аппараттарын даярлауда жоғары температурадағы гидролиз, дайындамаларды термоөңдеу, үрлеу немесе күйдіру әдісімен сутегін қоспалардан тазарту және оны кептіру, синтетикалық қос тотығынан кремний дайындамаларын алу процесін жүргізу, оларды қолмен жеткізу. Коммуникациялардың герметикалығын тексеру. Жүйені азотпен үрлеу. Қалпына келтіру пештеріне тазартылған сутегін жіберу. Тазартуды және вакуумды сорғыларды басқару пультына қызмет көрсету. Сутегі тазарту блогының адсорберіндегі температураны бақылау. Шикізат және материалдарды қабылдау, шикізат, жартылай фабрикаттарды, реактивтерді беру және тиеу, олардың мөлшерлемесі. Процестің, вакуумның, су, газ берудің температурасын реттеу. Қышқыл және сілті ерітінділерін берілген концентрацияға дейін әзірлеу. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың алдын алу және себептерін жою. Пештерді, аппараттарды, механизмдерді, электр қондырғыларын, бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматика және дабыл қаққыш құралдарын дайындау, іске қосу, баптау және қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс көрсеткіштерін, технологиялық процесстің барысын жазып отыру. Жабдықтар мен жұмыс орнының технологиялық тазалығын ұдайы ұстап отыру. Жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Жабдықтың механикалық бөлігін жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қысыммен жұмыс істейтін негізгі және қосалқы жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика, дабыл қағу құралдары мен ыдыстардың құрылғысы; қолданылатын шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, реактивтердің, газдардың, даяр өнімдердің және қосалқы материалдардың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері; шикізатқа, даяр өнімге және қосалқы материалдарға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар, даяр өнім бірлігіне шикізат шығынының нормалары; технологиялық процесстің физикалық-химиялық негіздері; өндірістің технологиялық тәсімдері; жұмыстағы ақаулықтарды жою, ақаулардың және өндірістік шығынның алдын алу тәсілдері; физика, химия, электр техникасы және электроника негіздері.
Дайындамаларды (әйнектеу) термиялық өңдеу және сутегін тазарту және кептіру жөніндегі қосымша жұмыстарды орындау жөніндегі жұмыстарды орындағанда - 3-разряд.
Кремнийдің синтетикалық екі тотығынан жасалған бұйымдарды даярлау кезінде жоғары температуралы гидролиз, үрлеу және күйдіру процесін жүргізуде; жоғарылау білікті аппаратшының басшылығымен сутегін тазарту және кептіруде - 4-разряд.
Кремнийдің синтетикалық екі тотығынан жасалған бұйымдарды даярлау кезінде жоғары температуралы гидролиз, үрлеу және күйдіру процесін жүргізуде, сутегін тазарту және кептіруде, технологияны және технологиялық жабдықтарды баптауда - 5-разряд.
§ 8. ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШ МАТЕРИАЛДАРЫ ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТАЗАРТУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Хлоридтер және басқа да қоспалар мен элементтер алу процесін, оларды химиялық және сорбциялық тазарту процесін жүргізу. Алдын ала гидрохимиялық өңдеп электр рафинадтау әдісімен жартылай өткізгіш материалдарды тазалау процесін жүргізу. Гидрототық алу және жартылай өткізгіш элементтерді ерітінділерден жасалған электролиз әдісімен бөлу процесін жүргізу. ағынды және жуатын суларды бейтараптандыру және қалдық газдарды санитарлық нормаға, силандарды, қалдықтарды, концентраттар мен жартылай өткізгіш элементтері және хлорид конденсациялары бар басқа да материалдарды айыруға дейін залалсыздандыру процесін жүргізу. Сынама алу. Жартылай өткізгіш элементтері бар хлорид гидролиздері және тұз тұндыру процесін жүргізу. Хлорлы сутегі мен оның қоспаларын алу. Шикізат және материалдарды қабылдау, шикізат және жартылай фабрикаттарды беру және тиеу және оларды мөлшерлеу, сүзгілеу, шикізатты химиялық және гидрохимиялық өңдеу. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себебінің алдын алу және жою. Аппараттарды, механизмдерді, бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматика және дабыл қаққыш құралдарын дайындау, іске қосу, баптау және қызмет көрсету. Бақылау-өлшеу аспаптарын шешу, газсыздау, орнату. Техникалық құжатнаманы жүргізу, даяр өнімді есептеу. Жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Жұмыс орнын үнемі тазалықта ұстау. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика және дабыл қағу құралдарының құрылғысы; жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жоюдың, ақауларды және өндірістік шығынның алдын алу әдістері; физика, химия, электротехника және электроника негіздері; шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, даяр өнімнің және қосалқы материалдарың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері; шикізаттың, даяр өнімнің және қосалқы материалдардың техникалық шарттары және мемлекеттік стандартары; коммуникациялар тәсімдері; өндірістің технологиялық тәсімі.
Жоғарырақ білікті аппаратшының басшылығымен бейтараптандыру, химиялық тазарту, сүзгілеу, тұндыру, гидролиз процестерін жүргізуде - 3-разряд.
Жоғарырақ білікті аппаратшының басшылығымен бейтараптандыру, химиялық тазарту, сүзгілеу, тұндыру, гидролиз процестерін жүргізуде; хлоридтер мен силандарды ректификациялау, жартылай өткізгіш элементтерді электро рафинадтау әдісімен тазарту процестерін жүргізуде -4-разряд.
Жоғарырақ білікті аппаратшының басшылығымен хлоридтер мен силандарды ректификациялау процесін жүргізуде; жартылай өткізгіш элементтерді электр рафинадтау әдісімен тазартуда; силандарды, гидрототықтарды және басқа да элементтерді хлорлау, үздіксіз гидролиз және электролиз, технологияны және технологиялық жабдықтарды баптау жолымен қоспалар алу процестерін жүргізуде - 5-разряд.
Кәсіптік орта білім талап етіледі.
Силандарды, гидрототықтарды және басқа да элементтерді және қоспаларды хлорлау, үздіксіз гидролиз және электролиз, технолгияны және технологиялық жабдықтарды баптау жолымен алу процестерін жүргізуде - 6-разряд.
Кәсіптік орта білім талап етіледі.
§ 9. ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШ МАТЕРИАЛДАРДЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Металлды, технологиялық жарақтарды, кварц бұйымдарды, ыдыстарды қышқылдарда, сілтілерде және қышқыл қоспаларда химиялық өңдеу процесін жүргізу. Металл және бұйымдарды өңдеу және кептіруге дайындау. Қышқыл айдау, қышқылдарды, сілтілер мен тұздардың ерітінділерін талап етілетін концентрациясына дейін дайындау. Металлды, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика және дабыл қағу құралдарын химиялық өңдеу аппаратурасын дайындау, баптау және қызмет көрсету. Техникалық құжаттама жүргізу. Жұмыс орнын үнемі тазалықта ұстау. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: бастапқы материалдарын, жартылай өнімдерді,жартылай өткізгішті материалдарды және интерметаллды қоспа материалдарын химиялық өңдеу технологиясын; химиялық өңдеуде қолданылатын қышқылдарды, сілтілерді, тұздар мен басқа да реактивтер мен материалдардың түрлері мен қасиеттері, оларды ұстау және сақтау ережесі; ақау себептері, олардың алдын алу және жою шаралары; шикізаттың, даяр өнімнің, қосалқы материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері; шикізатқа, даяр өнімге, қосалқы материалдарға мемлекеттік стандарттар; жоғары тазалықтағы материалдармен жұмыс істеу ережесі; өндірістің технологиялық тәсімі; орта мектеп бағдарламасы көлемінде химия, физика, таза заттардың химиясының негіздері; технологиялық карталар мен жұмыс нұсқаулықтары.
Жартылай өткізгішті материалдарды, интерметалл қоспа материалдарын химиялық өңдеу жөніндегі қосалқы жұмыстарды орындауда; технологиялық жарақтар мен ыдыстарды химиялық өңдеуде - 2-разряд.
Жартылай өткізгішті материалдарды, интерметалл қоспа материалдарын химиялық өңдеуде; химиялық өңдеу үшін бастапқы ерітінділерді әзірлеуде; қышқыл айдауда - 3-разряд.
Екі және одан да көп өңдегіштерде күрделі химиялық өңдеуде – 4- разряд.
§ 10. ПРЕЦИЗИОНДЫ ҚОРЫТПАЛАРДЫ БАЛҚЫТУШЫ-ҚҰЮШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Асыл және сирек кездесетін металлдардан электр пештерінде қорытпа алу процесін жүргізу. Қорытпаға кіретін металлдардың талдамалық салмағын өлшеу. Қорытпаларды майсыздандыру, кептіру. Ожау дайындау және кварцты ампулаларды металл ілмелермен жүктеу. Прецизионды қорытпалардан жасалған коллекторлардың электронды ілмесін әзірлеу. Коллектордың электродты шариктерін құю процесін жүргізу, коллектор қорытпасын илемдеу және электродтарға кесу. Өңдеу үшін ерітінділер әзірлеу.
Білуге тиіс: құятын құрылғының қолданылу принципі мен блок тәсімін; тиісті қосалқы жабдықтың қызметі мен қолданылу шарттары; қорытпаға кіретін металлдардың негізгі физикалық-химиялық қасиеттері мен бақылау-өлшеу аспаптарын, айлабұйымдар мен аспаптардың, талдау және техникалық таразылардың қызметтері мен қолданылу принциптері; қорытпаларды өңдеуде қолданылатын материалдардың қасиеттері, керек-жарақтар (органикалық еріткіштер, қышқылдар, сілтілер), оларды ұстау ережесі, өңдеу үшін ерітінділерді, қоспаларды даярлау ережесі.
Жұмыс үлгілері: Екі және үш компонентті қорытпалар (қорғасын-күміс-қалайы; фосфор-индий-галлий; қалайы-қорғасын-сүрме; индий-сүрме-галлий; германий-сүрме-қалайы; қорғасын-индий, мышьяк-германий) - әзірлеу.
§ 11. ПРЕЦИЗИОНДЫ ҚОРЫТПАЛАРДЫ БАЛҚЫТУШЫ-ҚҰЮШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Металл ілмелерімен кварцты ампулаларда вакуум жасау үшін вакуумды құрылғыны пайдалана отырып түрлі үлгідегі пештерде, қорытпалар дайындау құрылғыларында және ашық әдіспен ожауларда асыл және сирек кездесетін металлдарды балқыту процестерін жүргізу. Жоғары температурадағы қорытпалардан құю арқылы пластиналар даярлау. Прецизионды қорытпалардан эмиттер және базаның электродты ілмелерін даярлау, эмиттер және база қорытпаларын илемдеу, электродтарға кесу. Шлиф дайындау. Вакуумды құрылғылардың ұсақ ақаулықтарын жою.
Білуге тиіс: Электр және сутекті пештердің, вакуумды құрылғылардың қызмет көрсетілетін жабдықтарының құрылғысы және баптау әдістері; өлшеу аппаратурасының құрылғысы; қорытпа материалдарының негізгі қасиеттері; қорытпаларға техникалық талаптар; құрастыруға баратын материалдар мен бөлшектердің механикалық және электрлік қасиеттері туралы негізгі ұғымдар; булану және конденсациялану процестері туралы қарапайым ұғымдар.
Жұмыс үлгілері
1. Төрт және бес компонентті қорытпалар (қорғасын-индий-висмут-сүрме-қалайы; қорғасын-висмут-сүрме-қалайы; қорғасын-индий-висмут-сүрме-галлий) - әзірлеу.
2. Алты компонентті қорытпалар (қорғасын-индий-висмут-сүрме-қалайы-галлий) - әзірлеу.
3. Құрамында асыл металлдар бар жоғары температуралы қорытпалар (алтын-германий-никель; қорғасын-күміс-қалайы; алтын-мырыш) - әзірлеу, пластиналар құю.
§ 12. ПРЕЦИЗИОНДЫ ҚОРЫТПАЛАРДЫ БАЛҚЫТУШЫ-ҚҰЮШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тигельде немесе қайықшада даяр қорытпаларды әзірлеу мақсатында балқыту, тигельсіз аймақтық балқыту; мөлшерленген жағдайда балқыту, металлдарды, қорытпаларды, металл диэлектрлі қоспаларды вакуумда немесе бақыланатын атмосферада жентектеу, термиялық өңдеу, булау және конденсациялау процестерін жүргізу. Электр термиялық құрылғыларға қызмет көрсету. Вакуумды электротермиялық құрылғыларда қыздырғыштар, буландырғыштар, экрандар және басқа ауысымдық жарақтар даярлау, жеткізу және монтаждау. Вакуум гигиенасы ережелерін қатал сақтау жағдайларында бастапқы материалдарды мөлшерлеу және жүктеу; орнату камерасындағы атмосфераға рұқсат беру немесе құрамының және қысымының деңгейін бақылау. Микроскоппен және микротүсіру (микроскоп арқылы фотографиялау) құрылымдарын талдау. Қорытпаның жарамдылығы туралы қорытынды.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін құрылғылардың құрылымы және қолдану принципі; тиісті қосалқы жабдықтар мен өлшеу аспаптарының қызметі мен қолдану шарттары, орташа күрделіліктегі электр термиялық құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі вакуумды техника және электротехника негіздері; қорытпа құрамын және оның құрылымын айқындау ережесі; микрофото түсіруді жүргізу ережесі.
§ 13. ПРЕЦИЗИОНДЫ ҚОРЫТПАЛАРДЫ БАЛҚЫТУШЫ-ҚҰЮШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көп компонентті қорытпаларды алу мақсатында тигельде немесе қайықшада балқыту процестерін жүргізу. Түрлі күрделіліктегі вакуумды электротермиялық құрылғыларға қызмет көрсету. Жұмыс аймағындағы температураны және құрылғылардың барлық тораптарындағы жұмыс режимін реттеу; қойыртпалар мен қоспалардың құрамын түзету, металлдар мен қоспаларын рафинадтау; сыртқы белгілеріне қарай өнімнің сапасын айқындау. Негізгі және қосалқы жабдықтарды баптауға қатысу. Жұмыс журналына көрсеткіштер процесін жазу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін құрылғылардың құрылымын, принципиальді тәсімдері мен техникалық сипаттамасы; негізгі және қосалқы жабдықтың баптау және жұмыс режиміне теңшеу әдістері, өлшеу аспаптарын теңшеу және реттеу ережесі, қажетті сападағы өнімді алу шарттары және режимдері; бастапқы материалдар мен даяр өнімнің сапасына қойылатын талаптар; вакуумды техника, электр термиясы, электр техникасы негіздері.
Жұмыс үлгілері
1. Прецизионды құрам қорытпалары – жоғары вакуумдағы индукциялық пеште балқыту процесін жүргізу.
2. Металлдар – арнайы құрылғыда электронды бомбалау арқылы тигельсіз аймақтық балқыту процесін жүргізу.
3. Баяу балқитын қорытпалар – электронды сәулемен балқыту пештерінде балқыту процесін жүргізу.
4. Прецизионды қорытпалар - өлшенген жағдайда металлдарды балқытуға арналған құрылғыларда балқыту процесін жүргізу.
§ 14. ПРЕЦИЗИОНДЫ ҚОРЫТПАЛАРДЫ БАЛҚЫТУШЫ-ҚҰЮШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Берілген рецептілер бойынша балқытпаларды жүргізу үшін есептік шарттарды құрастыру, балқыту режимдерін реттеу. Өндірістік учаскенің барлық электр термиялық құрылғыларының жұмысын жалпы бақылау.
Білуге тиіс: жекелеген сатылардың ауыспалы сәттерін сипаттайтын белгілер және технологиялық процесстің аяқталуы; барынша оңтайлы режимдер; металлдардың физикалық-химиялық негіздері; түрлі металлдардың және вакуумды-термиялық өңдеудегі қоспалардың жайын, қоспалардың мәнін, өніміне техникалық шарттарын.
Кәсіптік орта білім қажет етіледі.
§ 15. ЦИКЛОН ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ БАЛҚЫТУШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күл, қалпына келтіргіш көмір және басқа да шикіқұрамның компоненттерін тиеу. Жанғыштың, ауаның және температураның түсуін реттеу. Бұлаудың, балқытылған массаның, күмбездердің, жинақтау қабырғасының жағдайын, пеш, форсункалардың, желобтардың, шықпа тесіктердің, жұмыс алаңшаларының, аспаптың жарамдылығы жағдайын және материалдардың бар-жоқтығын тексеру. Тиеу механизмдерін, салмақ өлшегіштерді және көлік құралдарын басқару. Сынама алу. Шықпа тесіктерді ашу және жабу. Құрылғыларға, қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету және оларды жөндеуге қатысу. Жоғарылау білікті балқытушының басшылығымен циклондық құрылғыда шикіқұрамды балқыту процесін жүргізу.
Білуге тиіс: шикізаттың, материалдардың, шикіқұрамның, отқа төзімді материалдар мен балқыту өнімдерінің техникалық шарттары және сапасына қойылатын талаптар; жұмсалған бункерлердің және басқа да тиеу құрылғыларының орналасуы және сыйымдылығы; жабдықтардың шекті жүктемесін; жылу, ауа және су коммуникациялары мен газ шығындарының тәсімдері; газ құрамы; құрылғылардың өнімділігіне әсер ететін факторлар; аударылған қождардағы металлды алып тастау және мазмұны; отынның түрлері және негізгі қасиеттері, шартты дабыл қаққышты.
Жоғарылау білікті балқытушымен бірлесіп циклон құрылғыда шикіқұрамды балқыту процесіне қатысу - 4-разряд.
§ 16. ЦИКЛОН ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ БАЛҚЫТУШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Циклон құрылғыда шикіқұрамды балқыту процесіне қатысу. Көмір уату, шығын бункерлеріне жылу және шикізат беруді, оған қажетті қорды, технологиялық нұсқаулықтар мен режимді карталардың дұрыс орындалуын, құрылғыларға судың, отынның, ауаның баруын, жабдықтың, желдеткіштің, механизмдердің, соратын газдың жағдайын қадағалау. Аспаптар көрсеткіштерінің дұрыстығын, жинағыштардың және шығатын ауаның температурасын тексеру. Техникалық құжаттаманы, өнімнің шығарылымын есептеуді жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарын анықтау және жою.
Білуге тиіс: құрылғылардың құрылымдық ерекшеліктері, шикіқұрамның, қалпына келтіргіштің және температураның химиялық құрамының циклондық құрылғыдағы шикіқұрамды балқытуда германийді пироселекциялау процесіне әсерінің мәнін; германийді газдық фазаға толықтай аудару мақсатында өндірістік процестің барысына әсер ету тәсілдері; қолданылатын шикізаттар мен материалдардың қасиеттері, шикіқұрамның және балқыту өнімдерінің құрамы; физика, химия және жылу техникасы негіздері.
§ 17. ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ШИКІҚҰРАМЫН ӘЗІРЛЕУШІ
Жұмыс сипаттамасы. Жартылай өткізгішті материалдар мен интерметалл қоспаларды өткізгіштігінің құрамы, үлгісі бойынша, зарядтарды жеткізгіштердің концентрациялары, бастапқы элементтер мен жартылай өнімдердің шекті кедергісі бойынша құрастыру. Қосылатын лигатураның, түрлі жапсырмалардың компоненттері мен санының қатынасының кестелер бойынша немесе есептеу жолымен өнімнің маркасына қарай айқындау. Бастапқы элементтерді, жартылай өнімдерді уату. Компоненттерді, лигатураны, түрлі жапсырмаларды жүктеуді өлшеу. Реакциялық аппараттарды құрастыру, пісіру, вакуумдау, ажырату және технологиялық процестерін жүргізуге даярлау. Пластиналарды, қоспаланатын қоспаларды жүктеуге арналған ыдыстарды дайындау. Қызмет көрсетілетін жабдықтар мен айлабұйымдарды жұмысқа дайындау. Техникалық құжаттаманы жүргізу. Жұмыс орнын тазалықта ұстау.
Білуге тиіс: көп компонентті жартылай өткізгішті материалдардың компоненттерін ілу әдістері мен есептеу жолдары; қоспалау негіздері және даяр өнімнің сапасына қоспалардың әсері; талдау және басқа таразыларда жұмыс істеу ережесі; жартылай өткізгішті материалдардың заряд жеткізгіштерінің құрамын және орташа концентрациясын есептеу ережесі; ақау себептері, алды алу және оны жою шаралары; шикізаттың, даяр өнімнің, қосалқы материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері; шикізатқа, даяр өнімге және қосалқы материалдарға техникалық шарттар және мемлекеттік стандарттар; өндірістің технологиялық тәсімі; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы; жоғары тазалықтағы материалдармен жұмыс істеу ережесі; электро техникасы, физика, химия, вакуум техникасы, жартылай өткізгіштер физикасының, таза заттардың химиясының, кристаллография негіздері.
Жартылай өткізгішті материалдар және интерметалл қоспалары материалдарын құрастыру және қоспалау, технологиялық жарақтар мен ыдыстарды өңдеу жөнінде қосымша жұмыстарды орындауда - 2-разряд.
Жоғарылау білікті аппаратшының басшылығымен жартылай өткізгішті материалдар мен интерметалл қоспалары материалдарын құрастыру және қоспалауда; қарапайым жартылай өткізгіштерді құрастыру және қоспалауда - 3-разряд.
Жартылай өткізгішті материалдар мен интерметалл қоспалары материалдарын құрастыруда; жартылай өткізгішті материалдарды қоспалауда 4-разряд.
Екі және одан да көп қоспалайтын қоспаларды есептеу және бір уақытта қоспалауда; интерметаллды қоспалардың материалдарын қоспалауда; жаңа қоспалармен қоспалауды игеру жөніндегі тәжірибелік жұмыстарды жүргізуде - 5-разряд.
Достарыңызбен бөлісу: |