Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан


«Мега» ойын сауықтыру сауда орталығыінің жедел-тактикалық сипаттамасы



жүктеу 3,19 Mb.
бет2/30
Дата25.05.2018
өлшемі3,19 Mb.
#16918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

3. «Мега» ойын сауықтыру сауда орталығыінің жедел-тактикалық сипаттамасы



3.1. «Мега» ойын сауықтыру сауда орталығынің жоспарлық шешімдерінің,

конструкциялық элементтерінің сипаттамалары

«Мега» ойын сауықтыру сауда орталығыі бір мезгілде 600 адамды қабылдауға есептелген, 2003 жылы ҚР-ның СНиП және ГОСТ талаптарына сәйкес «Tasarim» түрік компаниясының жобасы бойынша салынған.

«Мега» ойын сауықтыру сауда орталығыінің жоспары өте күрделі, жалпы көлемі 152774 шаршы метрді құрайды.

Ғимарат үш қабатты, 109х96 м өлшемді, биіктігі 14,6 метр.


Негізгі құрылыс конструкциялары.

Ғимараттың қаңқасы – темірбетонды монолит;

Қабырғалары – темірбетонды монолит;

Жабындылары – темірбетонды плиталар;

Бөгеттері – кірпішті;

Шатыры – екі қабатты, металл профнастил жанбайтын жылу оқшаулағышы бар металл фермалар бойынша жүргізілген.



3.2. Объектінің өрт қауіпсіздігі

Сауда орындары функционалдық қызметі бойынша өндірістік және тұрғын үй ғимараттарының арасындағы өтпелі орынды алады, сондықтан қоғамдық ғимараттардың өрт қауіпсіздігінің диапазоны үлкен диапазонда өзгереді.

Сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі көп мөлшерде жанғыш заттың болуымен, түрлі жану көздерімен және жалынның таралу бағыттарымен сипатталады.

Сауда орындарында қатты жанғыш заттар (тауарлар, жиһаз, мата, қағаз), сұйықтықтар және газдар жануы мүмкін. Мұндай ғимараттардағы өрт ауырлығы 300 кг/м2 дейін барады.

Жану көздеріне ашық жалын, ұшқын, электр тоғының және атмосфералық электр тоғының жылулық әсері, механикалық энергияның және реакцияның жылулы әсері жатады.

Жану өнімдері сауда орындарында горизонталь, вертикаль бойынша есік, терезе, технологиялық қуыстар арқылы, лифт шахтасы, баспалдақ торлар, вентиляциялық және т.б. инженерлік коммуникациялар арқылы таралуы мүмкін. Өрттің жылдам таралуына эвакуация жолдарының жанғыш материалдармен әсемделуі, еденге кілем төселуі көп әсерін тигізеді. Заттар мен материалдардың ылғалдылығы сауда орындарында 8-12% құрайды, сондықтан бұл да өрттің тез тұтануына және таралуына әкеледі. Түтін әдетте вертикаль бойынша жылдам таралады, сондықтан жоғарғы қабаттар тез түтінденіп кетеді. Кейде өрт жасауын, көзге көрінбей таралуы мүмкін. Мысалы ілмелі төбенің ішімен, фальшеденнің астымен және т.с. жолдарымен тарайды.

Қоғамдық ғимараттарда адам өліміне олардың ғимаратта көп болуы, бөлмелердің жоспарының күрделілігі және білместігі, адамдарды эвакуациялауды дұрыс ұйымдастыра алмай өз септігін тигізеді.

Сауда орындарында өрт сөндіру жұмыстары сауда залында және қоймаларда қиынға соғады. Онда өрт пайда болғанда ауа алмасу қарқынды болғандықтан өрт тез тарайды және адам өміріне үлкен қауіп төндіреді. Күндіз өрт пайда болғанда адамдар арасында өрт п.б. бұл өз кезегінде адам өліміне, травмаға алып келеді.


«Мега» ойын сауықтыру сауда орталығыінің өрт ауырлығы.
Қойма бөлмелерінің өрт ауырлығын мата және тамақ өндірісінің тауарлары, электроника құрауы мүмкін. Жалпы өрт ауырлығы 150-300 кг/м2.

Сауда залының өрт ауырлығын тауар қойылған стеллаждар, жиһаздар, қабырғаның қапталуы құрайды. Жалпы өрт ауырлығы 30-50 кг/м2.


3.3. Өртке қарсы сумен қамтылуының сипаттамасы

3.3.1. Сыртқы өртке қарсы сумен қамтылуының сипаттамасы

Өртке қарсы сумен қамсыздануының қажеттіліктерін өтеу үшін объекті территориясында диаметрі 150 мм жеңберлі су құбыры орналастырылған. Оның бойына 14 өрт гидранты орнатылған, жүйедегі қысым су құбыры бойынша 60 метрді құрайды, су берілуі – 225 л/с.

Тағы сыйымдылығы 40 м3 өрт су қоймасы бар. Поплавоктық толтыру жүйесімен жабдықталған және қаланың су құбырлары жүйесінен қорректенеді. Су деңгейі 10%-ға төмендегенде автоматты түрде клапан ашылып, қайта тола бастайды.

3.3.2. Ішкі өртке қарсы сумен қамтылуының сипаттамасы

«Мега» ойын сауықтыру сауда орталығыінің өзін өртке сумен қамтамасыз ету үшін ғимаратқа диаметрі 100 м екі су кіргізгіш орнатылған. Ғимараттың ішінде диаметрі 50 мм трубоқұбырлар бойымен 29 өрт краны орнатылған. Өрт крандарының жұмысын қамтамасыз ету үшін электр моторларымен қоректенетін әрқайсысы қуаттылығы 100 м3 беретін К100-65-200 маркалы төрт насос орнатылған. Насостар өрт дабылы қосылғанда немесе автоматты өрт сөндіру қондырғысы қосылғанда жұмыс жасайды.


4. Өрт жағдайын анализдеу

4.1. Құрылыс конструкцияларының өрт жағдайында күйсінің өзгеруі

Тауарлар сақталатын қоймадағы өртті сөндіру кезінде есікті, терезені жабу-ашу арқылы газ ағындарының бағытын өзгертуге болады.

Тауарлар сақталатын қоймадағы өртті сөндіру кезінде жалын стеллаждар бойымен тарап, тірек конструкцияларының деформациясына, ал бұл өз кезегінде жабын конструкцияларының құлауына алып келеді.

Тауарлар сақталатын қоймадағы өртті сызықтық таралу жылдамдығы 0,5-1,2 м/мин аралығында. Жану процесі ауаның көп келуінен интенсивті түрде дамиды. Өрттің даму көлеміне қарай бөлмедегі температура қатты жоғарылайды және металлды фермаларға зиянын тигізеді. Металл фермалардың қорғансыз жерлерінің өрт төзімділігі 0,25 сағат шамасында. Демек, ӨБ-2 бірінші бөлімшесі келгенше, яғни өрт п.б. 12 минут өткеннен кейін, өрт сөндіруге жұмылдырылған оқпандармен қатар, тірек конструкцияларын мұздатуға қуатты су оқпандарын беру керек. Суытуға берілген судың берілуі 0,01-0,3 л/с м2.



Өрт кезінде бетонның қасиеттері

Бетон — құрылыс материалдарының негізгі түрі. Оны қасиеттерін: тығыздығын, жылу өткізгіштігін, мықтылығын өзгертуге болатындығына байланысты және одан түрлі жиналмалы, құрастырмалы монолитті конструкциялар, бұйымдар жасауға болатынына байланысты өте бағалы материал б.т. Бетон құрылыс өнеркәсібінің азаматтық, өндірістік, гидротехникалық, жылу энергетикалық, жол және басқа да ірі салаларында кеңінен қолданылады.

Қарастырылып отырған объектінің тірек конструкциясы ретінде қарапайым темірбетондар қолданылады.

Бетонның жоғары температура әсер еткендегі күйі оны құрайтын негізгі параметрлер цемент тасы және толтырғыштарға әсер етуіне байланысты.

Жоғары температураның әсерінен қатып қалған цемент тасы құрамындағы барлық судың түрінен (еркін, физикалық және химиялық байланысқан) айырылады, ал бұл цемент тасының құрылысының бұзылуына, беріктігінен біртіндеп айырыла бастайды, негізінен кальций алюминаты. Одан әрі 550 °С-қа жеткенде кальций гидроқышқылының дегидратациясы жүреді және кальций оксиді түзіледі. 900 °С-қа дейін қыздырғанда цемент тасы толығымен беріктігінен айырылады. Цемент тасының қызуға төзімділігін арттыру үшін портландцементке белсенді майда құмдақ қосымшаларды қосу арқылы жетеді. Бұл қосымшалар (мысалы, шамот, цемянка және т.б.) цемент тасының қызу арқылы дегидратталған минералдарымен затты күйінде реакцияға түсе алады. Реакциялар нәтижесінде сусыз қосылыстар: анортит, ранкинит және т.б. түзіледі.

Құмдақты қосымшалардың үлестік мөлшері арласқан цемент ерітіндісінің 30 %-нан кем болмауы тиіс.

Келтірілген құмдақты қосымшалардың жоғары температурадағы күйлерін сол қосымшалардан жасалған тас материалдарынан байқауға болады.

Байқағанымыздай цемент тасы қызғанда отыра бастайды, ал толтырғыштар температураның әсерінен кеңейе бастайды. Толтырғыштың температуралық ұлғаю коэфиценті көп болған сайын, бетон ішіндегі кернеу артады, соның әсерінен цемент тасы мен толтырғыш арасындағы байланысы әлсірейді. Цемент тасы үшін ең көп тараған толтырғыштарға силикат және карбонат тау породалары жатады. Бұрын байқалған қасиеттерді бақылағанда кремний диоксиді бар (кварц) тау породалары, яғни силикат породалары 575°С-та көлемі секірмелі түрде ұлғаяды, ал карбонат породаларының, мысалы әк тастар салыстырмалы түрде температуралық деформациясы аз болады. Сондықтан әк тас арласқан бетон, силикат арласқан бетонға қарағанда өрт жағдайында температура әсеріне төзімді келеді. Бұл факт нормаларда көрсетілген. ҚР СНиП сәйкес карбонатты толтырғыш негізінде жасалған құрылыс бетондары, силикатты толтырғыш негізінде жасалған бетондарға қарағанда нормалық өрт төзімділігі 10 %-ға жоғары.
Темірдің өрттегі күйі
Металлдардың бәріне ортақ бір қасиет бар. Ол металл қызғанда жұмсарып, суығында қатайуы. Егер де металлдар бұл қасиетінен құр болғанда, кең көлемдегі қолданысқа жетпес еді. Бірақ металлдардың бұл қасиеті өрт кезінде үлкен кемшілігі де болады. Өрт кезінде металлдар температура әсерінен деформацияланып, металлдан жасалған конструкциялар құлай бастайды.

Тірек қызметін атқаратын болат және темірбетонды конструкциялардың өрт төзімділігін анықтау үшін құрылыс болаттарының физикалық-механикалық қасиетін білу қажет.

Өрт кезінде конструкция температурасы уақыт бойынша өзгеретіндіктен mt коэфицент мәні де өзгереді. Беріктігінің өзгеруінің температуралық коэфициентінің мәні критикалық болып есептеледі, егер металлдың беріктік шегі қызған кезінде конструкция бойындағы жұмыстық кернеу мәніне дейін төмендесе, бұл жағдайда конструкция құлайды. Осындай жағдайға келтірген температура мәні критикалық мән деп есептеледі.

Өрт кезінде т0,625 болғанда, яғни қосымша беріктік қасиеті 1,6 тең болғанда 25Г2С маркалы аз легирленген болат жақсы қасиеттер көрсетеді. Осы болаттан А-ІІІ классына жататын, асқын температурасы 570 °С арматура жасалады.



4.2. Өрт сөндіру заттарын таңдау

«Мега» ойын сауықтыру сауда орталығыінің тауар сақталатын қоймасында жанғыш материалдарғы төмендегілер жатады:

– стеллаждардың ағаш төсенділері;

– тауарлардың жанғыш орамасы;

– тігін және жеңіл тамақ өнеркәсібінің өнімдері.

Қойманың аз ғана ауданында көп мөлшерде жанғыш материалдардың сақталуы, өрттің тез тараулына алып келеді. Статистика бойынша тауарлар сақталатын қоймаларда өрттің сызықтық таралу жылдамдығы 0,5-1,2 м/мин аралығында.

Өртті сөндіру үшін жанып жатқан материалдар мен заттардысуыту әдісі тиімдірек. Суыту жылдамдығы өрт сөндіргіш заттың түріне, жылу қабылдау коэфициентіне және температура айырмашылығына байланысты. Сыйымдылығы өте үлкен сұйықтықтарды қолданған ыңғайлы. Осындай өрт сөндіргіш зат түріне су жатады. Су өрт күзетінде қолданылатын ең көп тараған өрт сөндіргіш б.т. су өзінің арзандығы мен жеткіліктігіне қоса жылу сыйымдылығы өте жоғары, жоғары булану жылуы, қолдануға ыңғайлылығы, суды шашыранды, жинақы және өте жінішке шашыранды ағын қылып шашуына көмектеседі. Негізгі өрт сөндіргіш қасиетіне судың жанып жатқан затты жану температурасынын төмен температураға дейін суыта алуы жатады. Су жылуды бойына сіңгірген соң, жылуды булануға жібереді. Судың жылу сыйымдылығы 4,19 Дж/кггард. Өрт сөндіру кезінде су буға айнала отырып (1 литр судан 1700 литр бу шығады), су байланысқа түсетін заттарды айырады.

Судың төмен жылуы жанып жатқан материал бетінде сенімді жылу изоляциясын жасайды. Судың өте жоғары термиялық тұрақтылығы оны (1700 Со-та бөліне бастайды) көптеген қатты заттарды өшіруге қолдануға мүмкіндік береді, аз тұтқырлықты және сығылуы да аз ғана, бу мен газдардың концентрациясын баса алады, аэрозольдарды жұтады. Өрт сөндіру мақсатында қолдануға жеткілікті, көптеген заттар мен материалдарға инертті келеді.

Судың негізгі кемшіліктеріне электр өткізгіштігі, жоғары беттік тартылуы (0,07275 Дж/м2) жатады және соңғы кемшілігіне байланысты жанып жатқан материалдарды нашар сулайды. Беттік тартылуын сіңдіргіш заттарды қосу арқылы төмендетуге болады. Сіңдіргіштерді судың беттік тартылуын сіңдіргіштерді қосу арқылы 0,0364 Дж/м2 дейін төмендетуге болады. Осы түренде су жақсы сіңгіш қасиетке ие болады. Сіңдіргіш заттар араласқан су қоспалары, судың шығындалуын 30-50 %-ға төмендетеді.

Ең көп тараған сіңдіргіш ретінде ПО-1 көбіктендіргіші есептеледі, оның суға қатысты тиімді мөлшері 3,5-4 %.

Өрттің сәтті өшіруіне әсер ететін маңызды факторға судың берілу интенсивтілігі жатады. Өрт сөндіргіш заттардың берілу интенсивтілігін 0,2 л/см2 тең деп аламыз.

Қорытынды: «Мега» ойын сауықтыру сауда орталығыіндегі өртті сөндіруге өрт сөндіргіш зат ретінде сіңдіргіш қосылған суды аламыз.
4.3. «Мега» ойын сауықтыру сауда орталығыінің тауарлар

сақталатын қоймасында өрт жағдайын болжау
«Мега» ойын сауықтыру сауда орталығыінің жедел-тактикалық сипаттамасын зерттей келе, өрт болатын орын ықтималдығы және қиын өрт жағдайы туындайтын ықтималдығы ең жоғары жерге тауар сақталатын қоймасы жататыны анықталады.

Келесі өрт жағдайларын қарастырамыз:

Өрт №2 тауар сақтайтын қойманың ортасында п.б.

Қоймада орналасқан стеллаждардың биіктігі 4 м және түгелімен металлдан жасалған.

Қоймада негізінен мақтадан жасалған тігін өнімдері сақталады.

Өрт ауырлығы 200 кг/м2 дейін болады.

Жалынның сызықтық таралу жылдамдығы 1,2 м/мин (ӨСЖ анықтамасы).

Өртті сөндіруге судың берілу интенсивтілігі – 0,2 л/см2 құрайды (ӨСЖ анықтамасы).

Сыртқы ауа температурасы + 20 оС.

Автоматты өрт сөндіру қондырғысы және өрт дабылы өшірілулі.



Алғашқы 10 минуттағы өрттің даму жағдайын болжау.

Өрт пайда болғаннан бастап алғашқы 10 минут ішіндегі өрттің дамуын анықтаймыз:

Өрт фронтының еркін таралу уақыты ішінде таралған қашықтығын табамыз:

Lсв = 5Vл1= 0,51,210= 6 метр

мұнда: - Vл – жалынның сызықтық таралу жылдамдығы;

1 – өрттің п.б. уақытынан бастап есептелген уақыт ұзақтығы (10 минут);

Қойманың ауданы 47х13 метр құрайтынын және өрттің ортасы бөлме ортасында екенін ескере, алғашқы 10 минутта өрт шеңберлі пішін алады және келесі формуламен есептеледі:

Sп10= (0,5vл1)2 = 3,14(0,51,210)2 = 113 м2

Қоймадағы жылу алмасу бетін анықтаймыз:

S = Sпол+Sпер+Sст = 4713+4713+2(476,5)+2(136,5) = 2002 м2.



Жылу ағынның тығыздығын анықтаймыз:

3438,31 Вт/м2

мұнда:  - химиялық жанбаған коэфиценті, 0,97;

м -материалдың массалық жану жылдамдығы 14,4 кг/м2мин;

Sп – Өрт ауданы, оған арнап орташа көлемдік температурасы анықталады, 113 м;

Qнр – Төменгі жану жылуы, 15700 кДж/кг.

Артық қалған ауа коэфицентін табайық.

Газалмасу 5 есік және 4 терезе арқылы жүреді.

Өрт кезінде ауа кіруіне 2,5х2 өлшемді 5 есік жұмыс жасасын.

Өрт қойманың центрінде п.б. деп есептелгендіктен 10 минутта ол қойманың шишадан жасалған қабырғасына жеткен жоқ және газалмасу жүрмейді деп қарастырайық.

Кіріске жұмыс жасайтын саңылаулар мына формуламен анықталады

Sпр= ng1Sg1 =5(22,5)=25 м2



Онда кіріс ауданының қатынасы:

құрайды.

Демек, артық ауа коэфиценті  4-қисық бойынша анықталады («Өрт тактикасы» әдістемелік нұсқамаларының 8-пункті), себебі алынған мән тең. Өрт ауданының еден ауданына қатынасы болады.

Алынған қатынас 1/5,4<1/4 артық ауа коэфицентін пунктирлі сызық бойынша анықтауға мүмкіндік береді. 1 кг мақтадан тігілген матаның жануына қажетті ауа мөлшері о=3,95 м3/кг тең.



График бойынша =4,3 екенін анықтаймыз. Орташа көлемдік температурасын номограмма («Өрт тактикасы» әдістемелік нұсқамаларының -8пункті) бойынша анықтаймыз.

Орташа көлемдік температура 330 оС-қа тең.


жүктеу 3,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау