Михеева е. В информатика пәні бойынша жаттықтыру сабағЫ



жүктеу 9,21 Mb.
Pdf просмотр
бет9/42
Дата23.11.2018
өлшемі9,21 Mb.
#24163
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42

30
 
 
 
4.4.
сур. Каталогтар ағашын құруға арналған тапсырма 
 
2. 
Тінтуір  көмегімен  ([Ctrl]  пернесін  басып)  «Информатика»  және 
«Құқық» папкаларын «Рефераттар» папкасына көшіріңіз. 
3. 
«Философия» және «Экономика» папкаларын «Практикалық сабақтар» 
папкасына көшіріңіз. 
4. 
С дискінде: «Менің құжаттарым» папкасына тапсырмаға сәйкес папка-
лар ағашын құрыңыз (4.4 сурет). 
 
4.3 
тапсырма.  «Бастаушы»  бағдарламасында  папкаларды  (файлдар-
ды) көшіру, ауыстыру және жою. 
 
Жұмыс тәртібі 
 
1. 
«Менің құжаттарым» папкасынан тапсырмада өрісі көрсетілген белгілі 
конфигурациядағы файлдарды тиісті папкаға көшіру (тапсырма бойынша 4.4 
суретті қараңыз). 
Файлдарды  немесе  файлдар  тобын  арнайы  құрылған  папкаларға  көшіру 
үшін келесі әрекеттерді орындау қажет: 
• 
Бастаушының сол жағынан «Менің құжаттарым» папкасын ашу, оның 
ішіндегі  файлдарды  көшіру,  «Менің  құжаттарым»  папкасының  ішіндегі 
элементтер Бастаушының оң жақ бөлігінде көрінетін болады; 
• 
Бастаушының  сол  жағында  көшіруге  арналған  «Қабылдаушы» 
папкасын көрінетіндей ету (каталогтар ағашын ашу, айналдыру сызғышымен 
папкалар ағашын ауыстыру); 
• 
Бастаушының оң жағында көшірілуі тиіс файлдарды белгілеу; 
• 
«Қабылдаушы»  папкасына  көшіру  кезінде  көшірелетін  файлдар 
белгілері «Қабылдаушы» папкасының таңбашасына ауысады (ол үшін [Ctrl] 
пернесін  басу  қажет).  Көшірілетін  папка  немесе  файл  жанында  «+»  белгісі 
пайда болады; 
• 
Көшіру,  қою,  жою  немесе  ауыстыру  сонымен  бірге  басқару  тақта-
сындағы  Көшіру  және  Қою  батырмаларының  көмегімен  немесе  Түзету 
/Көшіру/Түзету/Қою пәрмендері арқылы орындалады 


31
 
Қ ы с қ а ш а   а н ы қ т а м а .   Кезекпен  орналасқан  файлдар  мен  папкалар 
тобын  белгілеу  үшін  біріншісін,  одан  кейін  соңғысын  тінтуірмен  басыңыз 
және  [Shift]  пернесін  басып  тұрыңыз.  Файлдар  тобын  аналогтық  (ұқсас) 
белгілеуді  «лассо»  тәсілі  арқылы  тінтуірмен  орындауға  болады,  ол  үшін 
тінтуірдің сол жақ батырмасын басып тұрып, файлдарды белгілейсіз.  
Жеке  орналасқан  файлдар  мен  папкалар  тобын  белгілеу  үшін  [Ctrl] 
пернесін ұстап тұрып, тінтуірмен файлдарға басыңыз. 
2. 
«Суреттер» папкасын «Құжаттар» папкасына ауыстырыңыз. 
3. 
«Файлдар»  папкасын  тінтуірдің  оң  жақ  батырмасымен  шақырылатын 
контекстік мәзір көмегімен өшіріңіз. 
 
4.4 тапсырма. «Бастаушы» бағдарламасында файлдар мен папкалар 
атауларын өзгерту. 
 
Жұмыс тәртібі 
 
1. 
Үшінші деңгейдегі папканың кез келген үш файлының атауын өзгерту 
(аты-жөні),  және  оларға  (ЕСІМ1,  ЕСІМ2,  ЕСІМ3)  тінтуірдің  оң  жақ 
батырмасы  арқылы  файл  сипатынан  «Атын  өзгерту»  пәрмені  арқылы  жаңа 
атаулар беру. 
2. 
«Құжаттар» папкасының атауын «Мәтіндер мен суреттер» деп өзгерту. 
 
Қосымша тапсырма 
 
4.5  тапсырма.  «Бастаушы»  бағдарламасында  каталогтар  (папкалар) 
ағашын құру.  
 
Тапсырма  4.5  суретте  көрсетілген.  «Менің  құжаттарым»  папкасындағы 
файлдарды көшіріңіз. 
 
 
 
4.5
.сур. Тапсырмасына арналған папкалар ағашы 


32
 
5-практикалық сабақ 
Тақырып: АҚПАРАТ ТАРАТУ, ІЗДЕУ, САҚТАУ. ВИРУСҚА 
ҚАРСЫ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ 
 
Сабақ  мақсаты.  Windows  ортасында  ақпаратпен  жұмыс  істеуді 
ұйымдастыру технологиясын игеру. Ақпаратты іздеу, сақтау және вирустық 
тазалығын тексеру. 
 
5.1  тапсырма.  Файлдар  мен  папкаларды  орналастыру,  іздеу  және 
көшіру. 
 
Жұмыс тәртібі 
 
1. 
Компьютерді  қосыңыз.  Windows  операциялық  жүйесінің  жүктелуін 
күтіңіз. 
2. 
С дискінде: «Менің құжаттарым» папкасында өз папкаңызды құрыңыз 
(оның атауы ретінде өзіңіздің тегіңізді беріңіз). 
3. 
Өзіңіздің  папкаңызда  үш  папка  құрыңыз:  «Көшіру»,  «Сақтау», 
«Вирустық тексеру».  
4. 
С  дискінен:  «Калькулятор»  бағдарламасына  сәйкес  келетін  calc.exe 
жүктеу  файлын  іздеңіз.  Іздеу  үшін  Windows  бас  мәзірінен  Іздеу  терезесін 
ашыңыз  (Қосу/Іздеу/Файлдар  және  папкалар),  Атауы  және  орналасуы 
қосымша  парағының  Атауы  деген  жолына  calc.exe  файл  атауын  енгізіңіз 
және  іздеу  зонасын  таңдаңыз  –  диск  С;  Іздеу  батырмасы  арқылы  іздеу 
жүргізіңіз. 
5. 
Жұмыс  үстелінде  «Калькулятор»  бағдарламасына  арналған  жарлық 
құрыңыз.  «calc.exe»  файлы  табылғаннан  кейін  оның  таңбашасын  Іздеу 
терезесінен [Ctrl] пернесін басып тұрып, жұмыс өрісіне шығарыңыз.  
6. 
calc.exe файлын «Көшіру» папкасына көшіріңіз. Көшіру үшін меңзерді 
файлға  апарыңыз  және  Түзету/Көшіру  пәрменін  қолданыңыз.  Менің 
компьютерім  терезесін,  одан  кейін  С  дискінен  «Менің  құжаттарым» 
папкасын  және  «Көшіру»  папкасын  ашыңыз.  Сосын  Түзету/Қою  пәрменін 
орындаңыз. calc.exe файлы «Көшіру» файлына көшірілетін болады. 
7. 
Барлық  жергілікті  қатқыл  дискілерден  exp  сөзінен  басталатын 
файлдарды  табыңыз  (Қосу/Іздеу/Файлдар  және  папкалар).  Атауы  және 
орналасуы  қосымша  парағының  Атауы  деген  жолына  exp*  файл  атауын 
енгізіңіз  (5.1  сурет).  Іздеу  зонасын  таңдаңыз  –  салынған  папкаларды  қоса 
алғандағы жергілікті қатқыл дискілер. 
Қ ы с қ а ш а   а н ы қ т а м а .  Файлдар мен папкаладардағы (*) белгісі ерікті 
символдар тобын алмастырады.  


жүктеу 9,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау