22
дығын орналастырыңыз (оны тексеру аймағынан басу арқылы тексеруге бо-
лады) (3.4 сурет).
Ауыстыру қосымша парағында тінтуір көрсеткішінің артына шлейф
орнатыңыз.
Тінтуір көрсеткішінің артында шлейфтін тартылуына көңіл бөліңіз.
8.
Экранды баптауды жүзеге асырыңыз. Сипаттар терезесін ашыңыз:
Басқару тақтасынан Экран белгісін екі рет басыңыз немесе тінтуірдің оң жақ
батырмасын басыңыз. Экран сипатының терезесі бірнеше қосымша парақтар-
дан тұрады: Фон, Бет басы, Безендіру, Параметрлер.
9.
Фон жұмыс үстелінің терезелер мен белгілерден бос жерлерін кескін-
дермен және өрнектермен безендіреді.
3.2.сур. Мерзім, уақыт, сағатты белдеуді орнату
Ортасына орналастыру аударғышы кескінді экранның ортасына орналас-
тырады, ал Көбейту батырмасы кескінді жұмыс үстелінде бірнеше рет қайта-
лауға мүмкіндік береді. Өзіңізге ұнаған фонды таңдаңыз.
10.
Экранның бет басы (экран сақтаушысы) бет басы тізімінен таңдалады.
Экранның бет басы пайда болғаннан кейінгі компьютердің тұру уақыты
Интервал тізіміндегі минуттарда орнатылады. Өзіңізге ұнаған бет басын
таңдаңыз және 5 минут интервалын таңдаңыз.
11.
Безендіру қосымша парағынан дизайнарлермен құрылған стандартты
сызбалар тізімінен өзіңізге ұнаған безендіру түрін таңдап алыңыз (3.5 сурет).
23
3.3.сур. Қайталау жылдамдығын және меңзердің жыпылықтау жылдамдығын
орнату
3.4.сур. Компьютерлік тінтуір
24
3.5
.сур. Экранды
безендіруді таңдау
Ортасына орналастыру аударғышы кескінді экранның ортасына
орналастырады, ал Көбейту батырмасы кескінді жұмыс үстелінде бірнеше
рет қайталауға мүмкіндік береді. Өзіңізге ұнаған фонды таңдаңыз.
5.
Экранның бет басы (экран сақтаушысы) бет басы тізімінен таңдалады.
Экранның бет басы пайда болғаннан кейінгі компьютердің тұру уақыты
Интервал тізіміндегі минуттарда орнатылады. Өзіңізге ұнаған бет басын
таңдаңыз және 5 минут интервалын таңдаңыз.
6.
Безендіру қосымша парағынан дизайнарлермен құрылған стандартты
сызбалар тізімінен өзіңізге ұнаған безендіру түрін таңдап алыңыз (3.5 сурет).
3.2
тапсырма. Папка ішіндегі стильді қарау тапсырмасы
Жұмыс тәртібі
1.
Менің компьютерім папкасын ашыңыз. Ірі белгілер (Түр/Ірі белгілер)
көру стилін таңдаңыз. Түр мәзірін пайдаланыңыз, көру стильдерін
қалыптастырыңыз: Майда белгілер, Тізім, Кесте. Стильдер арасындағы
айырмашылыққа назар аударыңыз.
2.
«Менің компьютерім» папкасының ішіндегі элементтерге сұрыптау
жүргізіңіз. Сұрыптау үшін келесі тақырып аттарын тінтуірмен басыңыз: Аты,
Өлшемі, Түрі, Өзгерді. Тақырып аттарын қайта бассаңыз кері тәртіпте
сұрыптау жүргізіледі.
25
3.
Басқа стильдерде сұрыптау үшін (кестелік емес) Түр мәзірінен
Белгілерді реттеу пәрменін орындаңыз және сұрыптау кілтін таңдаңыз (аты,
файл түрі, өлшемі немесе мерзімі бойынша).
3.3
тапсырма. «Менің компьютерім» терезесіндегі файлдарды (папка)
ауыстыру, көшіру және жою.
С дискінің орнына: практикалық тапсырмаларды орындау үшін
D логикалық дискін пайдаланған дұрыс (егер ол ДК-де болса), сондықтан
С дискіне шектеу қоятын винчестерді логикалық дискілерге бөліктеуді
орындау қажет.
Қ ы с қ а ш а с и п а т т а м а . Менің компьютерім жергілікті компьютер
ресурстарына, әртүрлі құрылғыларға (басып шығарғыш, диск) қол
жетімділікті қамтамасыз ететін әмбебап бағдарламадан тұрады. Менің
компьютерім белгісін белсендіру компьютердің жергілікті және желілік
ресурстарына сәйкес белгілері бар терезені ашады.
Жұмыс тәртібі
1.
С дискінде жаңа папка ашыңыз. Ол үшін Менің компьютерім терезе-
сінен С папкасының белгісін таңдаңыз және оны екі рет басу арқылы
белсендіріңіз. Файл/Құру/Папка пәрменін таңдап, папкаға атау беріңіз
(папка атауы ретінде өзіңіздің тегіңізді қолданыңыз) және [Enter] батыр-
масын басыңыз.
Е с к е р т у . Егер жаңа папканы басқа папка ішінде құру қажет болса, онда
алдымен тінтуірмен папканы таңдап, содан кейін ғана жаңасын құру керек.
2.
С дискінен көлемі бойынша ең үлкен файлды табыңыз. Ол үшін С
дискінің терезесінде көрудің кестелік стилін қалыптастырыңыз (Түр/Кесте)
және файлдарды көлемі бойынша сұрыптаңыз.
3.
Көлемі бойынша ең үлкен файлды көшіріп, өз папкаңызға қойыңыз:
Түзету/Көшіру және Түзету/Қою.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Файлды көшіру үшін оны белгілеп, Түзету
мәзірінен Көшіру пәрменін таңдаңыз. Көшірілген файлды қою үшін меңзерді
қою орнына апарыңыз (өз папкаңызды белгілеңіз) және Түзету мәзірінен
Қою пәрменін таңдаңыз.
4.
С дискінде іздеу жүргізіңіз: .exe өрісінен тұратын барлық файлдарға.
Іздеу үшін іздеу терезесін ашыңыз (Файл/Іздеу), *.exe іздеу маскасын және
іздеу аймағын таңдаңыз— диск С: (3.6 сурет), одан кейін Іздеу батырмасын
басыңыз.
Е с к е р т у . Егер құжат атауына кілт сөзді енгізсеңіз, онда сол атауға
тиісті барлық құжаттар табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |