43
6.8.
сур. Файлдан қою
терезесі
6.9.сур. Мәтін
жазуларын түсті фон
мен суретті фонға
енгізудің мысалы
3.
Суретті «4 сурет үлгісі» папкасында сақтаңыз.
6.4 тапсырма. Суреттер модификациясы.
Жұмыс тәртібі
1.
Инженер лі кальк ул я то р ды ашы ңы з (Қосу/Бағдарламалар/
Стандарттық/ Калькулятор /Инженерлік).
2.
Калькулятор кескінін [Alt]-[Print Screen] пернелерін бір уақытта басу
арқылы айырбастау буферіне апарыңыз.
Калькулятор терезесін жабыңыз және Paint терезесінде Түзету/Қою
пәрменін орындаңыз. Калькулятор терезесінің кескіні Paint жұмыс аймағында
пайда болады.
44
6.10
.сур. Түрі өзгертілген калькулятор
1.
Батырмалар мен жазба бөліктерін орындау арқылы, «түсті өшіргіш-
пен» түсті жазбаларды орындау арқылы суреттер фрагментін, жаңа орынға
ауыстыру арқылы сурет модификациясын орындаңыз. Модификацияның
болжамды нәтижелері 6.10 суретте көрсетілген.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . «Түсті өшіргіш» басқа түстерді өзгертпей, бір
түсті басқа түспен ауыстыруға мүмкіндік береді. Егер бір қызыл түсті көк
түске алмастырғымыз келсе, онда негізгі түс ретінде қызыл түсті таңдаңыз
(тінтуірдің сол жақ батырмасымен түстер палитрасынан таңдаңыз), фон түсі
ретінде тінтуірдің оң жақ батырмасымен көк түсті таңдаңыз, «өшіргіш»
құралын таңдаңыз және тінтуірдің оң жақ батырмасын ұстап тұрып, қызыл
түсті өшіріңіз. Қызыл түс көк түске ауысады.
2.
Суретті «5 сурет үлгісі» папкасында сақтаңыз.
45
Қосымша тапсырмалар
6.5 тапсырма.
Сурет салыңыз, оны сақтап, суреті бар экран түрін айырбастау буферіне
көшіріңіз және оны Paint жүмыс аймағына шақырыңыз. Нәтижесінде суреті
бар экран түрін аласыз.
6.6
тапсырма.
«1 сурет үлгісі» суретін ашыңыз және «түсті өшіргішпен» геометриялық
фигуралар фонын өзгертіңіз.
7-практикалық сабақ
Тақырып: WINDOWS ОРТАСЫНДАҒЫ
МУЛЬТИБАҒДАРЛАМАЛЫҚ РЕЖИМ
Тақырып мақсаты. «Калькулятор, «Графикалық редактор Paint», «Мә-
тіндік редактор WordPad» стандартты бағдарламалар мысалында мульти-
бағдарламалық режимді игеру.
7.1 тапсырма. Бірнеше стандартты бағдарламаларды іске қосу.
Жұмыс тәртібі
1.
Windows операциялық жүйесін жүктеңіз.
2.
Экранға стандартты бағдарламалар тізімін шығарыңыз (Қосу/
Бағдарламалар/Стандарттық), стандартты бағдарламалар тізімін есепке
жазыңыз.
3.
Калькулятор, «Графикалық редактор Paint», «Мәтіндік редактор
WordPad» бағдарламаларын іске қосыңыз.
4.
Бір бағдарламадан екінші бағдарламаға қосуды жүзеге асырыңыз
(тапсырмалар тақтасы немесе [Alt]-[Tab] пернелерінің комбинациясымен).
7.2 тапсырма. Каталогтар ағашын құру.
Жұмыс тәртібі
1.
«Бастаушы» бағдарламасын іске қосыңыз (Қосу/ Бағдарламалар
/Бастаушы). С дискінде каталогтар ағашын құрыңыз (7.1 сурет).
2.
С дискінен келесі стандартты бағдарламаларға сай келетін файлдарды
табыңыз (Қосу/Іздеу):
46
«Калькулятор» — cak.exe;
«Графикалық редактор Paint» — pbrush.exe (mspaint.exe);
«
Мәтіндік редактор» — winword.exe.
3.
Табылған файлдарды «Бағдарлама файлдары» папкасына көшіріңіз.
4. «
Бастаушы» бағдарламасын ықшамдаңыз.
7.1
.сур. 7.2 тапсырмалар каталогінің ағашы
7.3 тапсырма. WordPad мәтіндік редакторын мәтін енгізу.
Жұмыс тәртібі
1.
WordPad бағдарламасының терезесіне ауысыңыз және үлгі бойынша
500 символдан тұратын мәтінді теріңіз. Үлгі мәтіндік бөліктен және мысал-
дардан тұрады.
Мәтін үлгісі
Санды калькулятор жадына енгізу үшін MS батырмасын басыңыз. Санды
сақтағаннан кейін калькулятор тақтасында индикатор М жанады. Жадқа
жазылған әрбір жаңа сан алдыңғы санды алмастырады.
Жадтағы санды алу үшін MR батырмасын басыңыз. Жадты тазалау үшін
MC
батырмасын басыңыз. Бейнеленген санды жадта сақталған санмен
біріктіру үшін M+ батырмасын басыңыз, нәтиже шығару үшін MR
батырмасын басыңыз.
Есептеу мысалы:
123456789 * 123456789=
12,56/75,246 =
45,685 + 45,785 =
457,952 - 152,624 =
2.
Файлды «Мәтіндік құжаттар» папкасына «Мультибағдарламалық
режим» атауымен сақтаңыз (файл түрі - rtf).
7.4
тапсырма. Компьютерлік калькулятордағы есептер және жауап-
тарды WordPad редакторына көшіру.
«Калькулятор» бағларламасының терезесіне көшіңіз және тапсырма
бойынша есебін шығарыңыз. Әрбір есеп нәтижесін айырбастау буферіне
көшіріп (Түзету/Көшіру), оны мәтіндік редакторға = белгісінен кейін
қойыңыз (Түзету/Қою).
Достарыңызбен бөлісу: |