14
•
анықтама алу.
Электронды оқулық материалын оқуды аяқтағаннан кейін, Windows-98
ОЖ жұмыс істеу негіздері бойынша оқыту бағдарламасымен жұмыс істеуді
тоқтатыңыз.
3.
Егер сізде Windows-2000 ОЖ орнатылған болса, онда операциялық
жүйенің ерекшеліктерін ұғыну үшін «Windows-2000 танысу» бағдарлама-
сымен танысыңыз (Қосу /Бағдарламалар /Стандарттық /Қызметтік
/Жұмысқа кірісу/ Windows-2000 бағдарламасымен танысу/Оқулық) (2.3
сурет)
4.
Жұмыс үстеліндегі Менің компьютерім жарлығын екі рет басыңыз
және екі терезені ашыңыз: Менің компьютерім және Диск С:.
Тапсырмалар тақтасында осы екі терезеге сәйкес екі батырманың пайда
болғанына көңіл бөліңіз.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Пайдаланушы жұмыс істеп отырған терезе
белсенді деп аталады. Белсенді терезе басқа терезелердің алдында тұрады.
Кез келген пәрмен басым режимде жұмыс істейтін белсенді терезеге тиісті
болады.
5.
Терезенің негізгі элементтерін оқыңыз. Экраннан келесі элементтерді
табыңыз:
•
шек – терезенің төрт жағынан шектейтін жиектеме. Жиектемені
белгілеп, тінтуір арқылы терезе өлшемін өзгертуге болады;
•
терезенің жоғарғы жиегінде орналасқан тақырып жолы. Тінтуірмен
тақырып жолын ұстап, терезені жылжытуға болады;
•
жүйелік мәзірді шақыру батырмасы тақырып жолының сол жағында
орналасқан (батырма түрі терезенің ішіндегісіне сәйкес келеді).
2.3.сур. «Windows-2000 ОЖ танысу бағдарламасы»
15
Тінтуірді басу арқылы терезені басқару пәрмендерінің тізімін ашуға болады;
•
терезені басқару батырмалары – Ықшамдау, Қалпына келтіру, Жабу
(тақырып жолының оң жағында);
•
Тақырып жолының астында орналасқан мәзір жолы. Мәзір пәрменнің
базалық жиынтығына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
•
Құралдар тақтасы (негізгі операциялар батырмалары).
Құралдар тақтасы терезенің міндетті емес элементі болып табылады, жиі
қолданылатын пәрмендерге тез қосылу үшін пайдаланылатын белгілер мен
батырмалардан тұрады. Құралдар тақтасын Түр мәзірінен Құралдар тақтасы
пәрменін таңдау арқылы қосуға болады.;
Айналдыру жолақтары вертикалды және горизонталды
ауысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді (егер терезе шектері терезенің
ішіндегі элементтердің барлығын көрсете алмаса).
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Бірнеше терезелермен жұмыс істеу кезінде
басқа терезеге ауысудың ең қарапайым тәсілі – терезенің көзге көрінетін
бөлігін тінтуірмен басу. Егер терезелер бүкіл экранға жайылатын болса, онда
ауысу келесі тәсілдердің біреуімен орындалады: терезе атауы бар батырманы
тінтуірмен басу арқылы немесе [Alt] және [Tab] батырмаларын басу арқылы
(экранның ортасында қосылған бағдарламалар белгілері бар терезелер
ашылады; [Alt] ұстап тұрып, [Tab] пернесін басыңыз).
6.
Менің компьютерім терезесін белсенді етіңіз және терезелерді
ашу/жабу үрдісін үйреніңіз. Терезені бүкіл экранға жаю үшін Жазу
батырмасын басыңыз – терезе бірнеше өлшемге үлкейеді және барлық жұмыс
үстелін алады. Одан кейін Жазу батырмасы бірін-бірі жабатын екі
төртбұрыш кескіні бар Қайта қалпына келтіру батырмасына айналады.
Қайта қалпына келтіру батырмасын басу арқылы, біз терезені бастапқы
қалпына келтіреміз.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Терезе өлшемдерін қалай өзгерту керек?
Терезенің жалпақтығын өзгерту үшін меңзерді терезенің вертикалды
жағына апарыңыз. Меңзер горизонталды екіжақты тілше түріндегі белгіні
қабылдайды. Терезе жақтарын горизонталды бағытта көшіріңіз және
терезенің ені өзгереді.
Терезенің биіктігін өзгерту үшін меңзерді терезенің жоғарғы немесе
төменгі жағына апарыңыз, меңзер вертикалды екіжақты тілше түріндегі
белгіні қабылдайды. Терезе жақтарын вертикалды бағытта көшіріңіз және
терезе биіктігі бойынша өзгереді.
Терезенің ені мен биіктігін бір уақытта өзгерту үшін меңзерді терезе
бұрышына апарыңыз – тінтуір көрсеткіші диагоналды екіжақты тілшеге
айналады. Терезе жиегін диагоналды бағытта
көшіру арқылы терезе өлшемін өзгерте аласыз.
16
7.
Терезені ауыстыру арқылы (терезе тақырыбы жолынан) және терезенің
сызықтық өлшемдерін өзгерту арқылы (вертикалды және горизонталды)
терезені үлгі бойынша бес нұсқада орналастырыңыз (2.4 сурет).
2.4.
сур. Монитор экранындағы терезелердің орналасу нұсқалары
8.
Экрандағы терезелерді түзетіңіз. Түзету үшін тапсырмалар тақтасы-
ның бос бөлігі бойынша тінтуірдің оң жақ батырмасын басып, мәзірден
Терезені каскад түрінде орналастыру пәрменін таңдаңыз, сол кезде терезе-
нің тақырыптары ғана көрінетін болады. Барлық ашық терезелердің ішіндегі
элементтерге шолу жасау үшін бір уақытта Жоғарыдан төмен қарай және
Солдан оңға қарай пәрменін таңдаңыз.
9.
Барлық белсенді терезелерді ықшамдау үшін Тапсырмалар тақтасынан
Барлық терезелерді ықшамдау пәрменін орындаңыз.
10.
Менің компьютерім және Диск С терезелерін жабыңыз: (Файл мәзірі,
Жабу пәрмені, [Alt]-[F4] пернелерін бір уақытта басу немесе Жабу батыр-
масын басу арқылы).
2.2 тапсырма. Жарлықтар құру.
Жұмыс тәртібі
1.
Жұмыс үстелінде Microsoft Word мәтіндік редакторына арналған
жарлық құрыңыз. Жарлық құру үшін меңзерді жұмыс үстелінің бос жеріне
апарыңыз және тінтуірдің оң жақ батырмасын басыңыз. Пайда болған
контекстік мәзірден Құру/Жарлық пәрменін таңдаңыз (2.5 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |