17
2.
Жарлық құру терезесінің пәрмендік жолына Microsoft Word бағдарла-
масын іске қосушы файлдық жолды теріңіз – winword.exe. Шолу батырмасын
пайдалануға болады. Жұмысты жалғастыру үшін Ары қарай батырмасын
басыңыз.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . MS Word бағдарламасын іске қосушы файлдық
жолды стандартты орналастыру келесі түрге ие болады:
C:/Program Files/Office/winword.exe.
3.
Келесі терезе жарлық атауы ретінде бағдарламаның атын пайдалануды
немесе оны басқа атқа ауыстыруды ұсынады.
2.5
сур. Жарлық құру
Дайын батырмасын басыңыз. Жұмыс үстелінде MS Word бағдарлама-
сының жарлығы пайда болады.
4.
Құрылған жарлық түрін өзгертіңіз. Word бағдарламасы жарлығын
тінтуірдің оң батырмасымен басып, Жарлық сипаты терезесін ашыңыз (2.6
сурет).
Криптограмманы өзгертіңіз, ол үшін Жарлық қосымша парағын ашып,
Белгіні ауыстыру батырмасын басыңыз. Жарлықтың өзіңізге ұнаған белгісін
таңдаңыз және өз таңдауыңызды растаңыз.
18
2.6
.сур. Жарлық сипаты терезесі
5.
Өзіңіз құрған жарлықты өшіріңіз, ол үшін жарлықты Себетке жібері-
ңіз.
2.3
тапсырма. Себет терезесімен жұмыс істеу технологиясы.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Себет жұмыс үстелінде орналасады және
жойылған файлдарды уақытша сақтайды. Ол кездейсоқ өшірілген файлдарды
қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Дискеттен өшірілген файлдар
Себетте сақталмайды. Себетті тазалағаннан кейін файлдар өшіріледі, дискті
дефрагментациялағанға дейін файлдарды қайта қалпына келтіру тек арнайы
бағдарламалармен жүзеге асырылады.
Жұмыс тәртібі
1.
Себет терезесін ашыңыз және оның ішіндегі элементтерді қараңыз.
Жұмыс үстеліндегі Себет белгісін екі рет тінтуірмен басыңыз. Түр мәзірінен
Кесте (2.7 сурет) пәрменін таңдаңыз. Жойылған жарлық сипатын – түрін,
өлшемін, жойылу мерзімін қарап шығыңыз.
2.
Жұмыс үстеліндегі жойылған жарлықты қалпына келтіріңіз. Қалпына
келтіру үшін қалпына келтірілетін объектінің атауын белгілеңіз және Файл
мәзірінен Қалпына келтіру пәрменін таңдаңыз.
19
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Бірнеше объектілерді қалпына келтіру үшін,
[Ctrl] пернесін басып тұрып, олардың атауларын белгілейді.
3.
Себетке толық тазалау жүргізіңіз. Себет сипатын тінтуірдің оң жақ
батырмасын басу арқылы ашыңыз және ашылған контекстік мәзірден
Себетті тазалау пәрменін таңдаңыз (тінтуірдің сол жақ батырмасымен)
Себеттен барлық объектілерді өшіру үшін Файл/Себетті тазалау
пәрмені орындалады
2.7.сур. Себет кестесі
2.8.
сур. Себет сыйымдылығын өзгерту
20
4.
Себет көлемін өзгерту. Себет белгісін тінтуірдің оң жақ батырма-
сымен басу арқылы Сипат пәрменін таңдаңыз. Ашылған терезеде диск
сыйымдылығынан 10%-ға бөлу қозғалтқышын орнатыңыз (2.8 сурет).
Қосымша тапсырма
2.4 тапсырма. MS Excel (C:/Program Files/Office/excel.exe) кеңселік
бағдарламасына арналған жұмыс үстелінде жарлық құру.
Сіз таңдаған бағдарламада басқа криптограмма белгісінің бар не жоқты-
ғын тексеріңіз. Жарлық түрін ауыстырыңыз.
Жарлықты Себетке өшіріңіз. Себетті кез келген тәсілмен тазалаңыз.
3-практикалық сабақ
Тақырып: WINDOWS ПАЙДАЛАНУ ИНТЕРФЕЙСІН
БАПТАУ. «МЕНІҢ КОМПЬЮТЕРІМ» ТЕРЕЗЕСІ.
Сабақ мақсаты. Операциялық жүйе, пайдалану интерфейсі, жұмыс
параметрлерін баптау дағдыларын қалыптастыру. Менің компьютерім
терезесін пайдалана отырып, файлдар және папкалармен жұмыс істеу
технологиясын игеру.
3.1 тапсырма. Баптау үшін Windows басқару тақтасын пайдалану
Жұмыс тәртібі
1.
Компьютерді қосыңыз. Windows операциялық жүйесінің жүктелуін
күтіңіз.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а : Басқару тақтасын ашу тәсілдері:
•
«Менің компьютерім» папкасын ашыңыз және Басқару тақтасы
белгісі бойынша тінтуірмен екі рет басыңыз;
•
Іздеу батырмасын басыңыз және бас мәзірден Баптау/ Басқару
тақтасы пәрменін таңдаңыз.
2.
Басқару тақтасын кез-келген тәсілмен ашыңыз (3.1 сурет).
3.
Басқару тақтасында қысқаша сипаттамадағы белгілерді шығару үшін
мәзірден Түр, ары қарай Кесте пәрменін таңдаңыз. Экран түрін игеріңіз.
4.
Белгілерді әліпби тәртібі бойынша қойып шығыңыз (Түр/Белгілерді
аттары бойынша реттеу)
21
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Басқару тақтасынан Мерзім/Уақыт белгісі
бойынша тінтуірді екі рет басыңыз және сол арқылы мерзім мен уақыт
параметрлерін басқару терезесі ашылады. Сонымен қатар, бұл пәрменді
тапсырмалар тақтасынан индикатор белгісі бойынша тінтуірмен екі рет басу
арқылы қосуға болады.
3.1.сур. Басқару тақтасы
5.
Компьютердің жүйелік сағатының уақыты мен ағымдағы мерзімді,
сонымен қатар жаттығуды орындау сәтіндегі өзіңіздің сағат белдеуіңізді
орнатыңыз (3.2 сурет).
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Компьютердің жүйелік сағатында орнатылған
уақыт пен мерзім құжаттармен жұмыс істеу аяқталғанда бекітіледі және
файлдың соңғы нұсқасын табуға мүмкіндік береді.
6.
«Пернетақта» папкасының терезесінде (басқару тақтасындағы
Пернетақта белгісін екі рет басу) Жылдамдық қосымша парағында меңзер
жылдамдығын, сонымен бірге, қайталау алдындағы және символдағы
интервалды орнатыңыз (3.3 сурет).
7.
Тінтуір терезесінде (Тінтуір батырмалары қосымша парағы) «оңақай-
ларға» арналған конфигурацияны (егер сіз солақай болсаңыз, онда «солақай-
ларға арналған») орнатыңыз және тінтуірді екі рет басудың оңтайлы жылдам-
Достарыңызбен бөлісу: |