160
27.7
.сур. Презентацияның үшінші слайды — мәтінді екі бағанаға бөлу
ұяшықтарға деректер енгізу;
ұяшықтарды автотолтыру;
есеп ұйымдастыру;
диаграмма құру және пішімдеу;
есепте функциялар пайдалану;
қатысты және абсолютті ад-
рестеуді пайдалану;
деректерді сұрыптау;
деректерді сүзгілеу және ша-
ртты пішімдеу.
27.4 тапсырма. Презентацияның төртінші слайдын құру — кестесі бар
мәтін.
Жұмыс тәртібі
1.
Қою/Жаңа слайд пәрменін орындаңыз. Жоғарғы жолдағы (кестесі бар
мәтін) үлгінің оң жағындағы бірінші тұрған автобелгіні таңдаңыз және ОК
батырмасын басыңыз.
2.
Жоғарғы жолға «ДББЖ MS Access» бағдарламасының атауын енгі-
зіңіз. Қажет болған жағдайда қаріп өлшемін өзгертіңіз.
3.
Төменгі жиектемеде тінтуірді екі рет басыңыз – деректер кестесінің
параметрлері терезесі шығады. Бағаналар санын - 2, жолдар санын - 5 деп
белгілеңіз.
4.
Пайда болған кестеде ұяшықтарды кестенің бірінші жолында бірік-
тіңіз, құралдар тақтасын пайдаланыңыз.
5.
27.1 кестеде көрсетілген бастапқы деректерді енгізіңіз. Жұмыс ыңғай-
лылығы үшін «Кестелер және жиектемелер» құралдар тақтасын ашыңыз (Түр
/Құралдар тақтасы).
161
27.1.кесте
Деректер базасын жобалау
Кестелер
Деректер сақтау үшін
Формалар
Деректер енгізу үшін
Сұраулар
Деректермен жұмыс істеу үшін
Есептер
ДБ-нан ақпарат енгізу үшін
6.
Төртінші слайдтың нәтижелі түрі 27.8 суретте көрсетілген.
7.
Файлды сақтаңыз.
27.8
.сур. Кестелері бар төртінші слайдтың нәтижелі түрі
27.5 тапсырма. Презентацияның бесінші слайдын құру — кескіні бар
мәтін.
Жұмыс тәртібі
1.
Қою/Жаңа слайд пәрменін орындаңыз. Төменгі жолдағы (кескіні бар
мәтін) үлгінің сол жағындағы бірінші тұрған автобелгіні таңдаңыз және ОК
батырмасын басыңыз.
2.
Жоғарғы жолға «MS Power Point» бағдарлама атауын енгізіңіз. Қажет
болған жағдайда қаріптің өлшемін өзгертіңіз.
162
27.9.сур. Презентацияның бесінші слайды — кескіні бар мәтін
3.
Сол жиектемеге үлгі бойынша мәтінді енгізіңіз. Мәтінді оң жағынан
түзетіңіз (27.9 сурет).
Мәтін үлгісі
Көптеген жағдайларда презентация көрсетілім үшін компьютерді
пайдалану арқылы дайындалады, себебі
Сурет.27.10. Кескін түсін өзгерту
163
презентациялардың мұндай көрсетілімде электронды презентацияның барлық
артықшылықтарын көрсетуге болады.
4.
Оң жиектемеге кескін қойыңыз, ол үшін кескін қоюға арналған оң
жиектемені тінтуірмен екі рет басыңыз.
5.
Кескінді қайта бояңыз. Ол үшін кескінді тінтуірмен белгілеп (кескін
жақтары бойынша шағын төртбұрыштар пайда болады), Кескінді баптау
тақтасынан Кескін түсін өзгерту батырмасын басыңыз (сурет 27.10). Кескін-
де пайдаланылатын әрбір түске жаңа түс таңдауға болады. Түстің өзгеруі
алдын-ала қарау терезесінде көрінуі мүмкін. Жұмысты аяқтағаннан кейін ОК
батырмасын басыңыз.
6.
Слайдты басу арқылы кескіндегі белгілегіш-төртбұрыштарды алып
тастаңыз, [Ctrl]-[S] пернелерін басу арқылы файлды сақтаңыз.
27.6 тапсырма. Презентацияның алтыншы слайдын құру — құры-
лымдық сызба.
Жұмыс тәртібі
1.
Қою/Жаңа слайд пәрменін орындаңыз. Төменгі жолдағы (тек тақырып
аты) үлгінің сол жағындағы үшінші тұрған белгіні таңдаңыз және ОК
батырмасын басыңыз.
2.
«Ақпаратпен жұмыс істеуді ұйымдастыру» тақырып атын енгізіңіз.
Қажет болған жағдайда қаріп өлшемін өзгертіңіз.
27.11
.сур. Құрылымдық сызбасы бар презентация слайды
164
3.
Сурет салу тақтасын ашыңыз (Түр/Құралдар тақтасы).
4.
Сурет салу тақтасының құралдарын пайдалана отырып, 27.11
суреттегідей сызба салыңыз.
5.
Файлды сақтаңыз.
27.7
тапсырма. Презентацияның жетінші слайдын құру — түйін.
Жаңа слайд құрыңыз және үлгі бойынша түйін мәтінін енгізіңіз.
Мәтін үлгісі
Слайдтық презентация артықшылықтарына:
•
баяндау кезектілігі;
•
ресми шпаргалка пайдалану мүмкіндігі;
•
мультимедиялық әсерлер;
•
көшірімділік;
•
тасымалдауға қолайлылық.
Файлды сақтаңыз.
Қосымша тапсырма
27.8
тапсырма. Тақырыптар стилін өзгерту.
Ол үшін Түр/Үлгі/Слайд үлгісі пәрменін орындаңыз. Тақырып атын басып,
қаріп түрін өзгертіңіз (Times New Roman орнына Arial Cyr пайдаланыңыз,
немесе керісінше).
Слайдқа Түр/ Қарапайым пәрменімен оралыңыз.
27.9 тапсырма. Өзіңіздің оқу орныңыз туралы слайдтар кешенін құру.
27-практикалық сабақ
Тақырып: ӘСЕРЛЕР ТАПСЫРМАСЫ ЖӘНЕ MS POWER
POINT БАҒДАРЛАМАСЫНДА
ПРЕЗЕНТАЦИЯ КӨРСЕТУ
Сабақтың мақсаты. Әсерлер тапсырмасы және MS Power Point бағдарла-
масында презентация көрсетудің ақпараттық технологиясын игеру.
28.1 тапсырма. Презентацияны қолмен көрсету.
Жұмыс тәртібі
1.
Microsoft Power Point бағдарламасын іске қосыңыз. Ол үшін келесі
пәрменді орындаңыз: Қосу/Бағдарламлар/ Microsoft Power Point.
2. 27-
практикалық жұмыста құрылған «Менің презентациям» файлын
ашыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |