Мүгедектігі бар балалардың қоғам өміріне
толықтай қатысуы үшін жағдайын дұрысырақ
түсіну және олар кездесетін кедергілерді анықтау
мақсатында үш өңір мен екі қалада – Астана
қ., Алматы қ., Қарағанды, Қызылорда және
Шығыс Қазақстан облыстарында түрлі мүдделі
тараптармен фокус топтарда терең сұхбаттар
мен талқылаулар жүргізілді. Фокус топтардағы
терең сұхбаттар мен талқылаулар арқылы
жинақталған ақпарат мүгедек балалардың
әлеуметтік интеграциялануы мен тең құқылығы
саласындағы кедергілер мен жетістіктер ту-
ралы ақпараттың алғашқы дереккөздерден
алынуын қамтамасыз етеді. Түрлі мүдделі
тараптар алуан түрлі идеяларын бөліседі:
балалардың өздері жұмыс жасап жатқан
жүйенің кемшіліктері туралы өз ауыздарымен
айтады, дені сау балалардың ата-аналары өз
балаларының білім алуына алаңдаушылық та-
ныта отырып, инклюзивті білім беруді қолдауға
қатысты өздерінің күмәні бар екенін ашып
көрсетеді, ал саясаткерлер елеулі реформалар
жүргізуді талап ететін ережелерді іске асыруға
кедергі келтіретін нақты шектеулер туралы
ой бөліседі. Мүдделі тараптардың алуан түрлі
тобы мүгедектігі бар балалардың құқықтарын
жүйелі түрде жоққа шығаруға әкеп соғуы
мүмкін жағдайлар мен құрылымдарды анықтау
арқылы түрлі салалардағы әлеуметтік интегра-
ция мен теңдікке қалай ықпал етуге болатыны-
на алуан түрлі керемет көзқарастардың болу-
ын қамтамасыз етеді. Бұл тарау бала өмірінің
«толық және лайықты өмірді» қамтамасыз ету
үшін қажет болатын негізгі «салаларына», атап
айтқанда, білім алу, денсаулық сақтау, қоғам
өміріне қатысу, өмір сүру және әлеуметтік
қорғаудың лайықты деңгейі және заңнамалық-
нормативтік орта секілді мәселелерге назар
аудару арқылы пікірталастар нәтижесінде
алынған түйіндерді қысқаша баяндайды.
3.1. деректер және
әдіснама
Фокус топтардағы терең сұхбаттар мен
талқылаулар Астана қ., Алматы қ., Қарағанды,
Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыста-
рында өткізілді. Мемлекеттік органдардың
лауазымды тұлғаларымен (орталық және
жергілікті деңгейлерде), мектеп директорла-
рымен (мүгедектігі бар балаларға арналған
оқу бағдарламаларын іске асыратын),
мұғалімдермен, дәрігерлермен, медициналық
комиссияның сарапшыларымен, мүгедектігі
бар балалармен жұмыс істейтін ұлттық және
халықаралық ҮЕҰ өкілдерімен терең жарты-
лай құрылымданған сұхбаттар жүргізілді. 4-ке-
сте сұралған адамдардың түрлері бойынша
сұхбатты бөлу іріктемесіне жасалған шолудан
тұрады; Сұралатын адамдар түрімен өткізілетін
сұхбаттар мен фокус-топтардың тізбесі А6 ке-
стеде келтіріледі.
4-кесте. Сұхбат пен фокус-топтар бары-
сында сұралған адамдардың сипаттамасы
Мінездеме
Саны
Тереңдетілген сұхбат
Таныстырылатын мекеме түрі
Қоғамдық денсаулық сақтау
және білім беру саласындағы
қызмет көрсету
8
Үкіметтік емес / Халықаралық
ұйымдар
6
Орталық үкіметтік мекеме
5
Жергілікті деңгейдегі үкіметтік
мекеме
14
Фокус-топтар
Сұралатын адамдардың типі
Мүгедектігі бар балалар
1 топ;
9 қатысушы
Мүгедектігі жоқ балалар
2 топ;
19 қатысушы
Мүгедектігі бар балалардың
ата-аналары
2 топ;
15 қатысушы
Мүгедектігі жоқ балалардың
ата-аналары
2 топ;
17 қатысушы
Мұғалімдер
2 топ;
23 қатысушы
Инклюзивті мектептердің мұғалімдерінің,
мүгедектігі бар және мүгедектігі жоқ
балалардың ата-аналарының және мүгедектігі
бар балалар мен мүгедектігі жоқ балалардың
қатысуымен тоғыз фокус-топтардағы
талқылаулар (ФТТ) ұйымдастырылды. ФТТ
үшін қатысушыларды іріктеу оларға берілген
алуан түрлі мінездемелер мен мейлінше әр
түрлі пікірлерге сүйене отырып жасалды.
ФТТ-ны бес өңір бойынша бөлу облыстық
айырмашылықтарды ескеріп, ел деңгейінде
неғұрлым жинақталған тұжырымдар жасауға
мүмкіндік береді. Ата-аналардың (жалпы білім
беретін, инклюзивті және арнайы мектептерде
оқитын балалардың ата-аналары) мүгедектікке
қатысты бір-біріне ұқсамайтын пікірлерін ба-
рынша қамту және мүгедектігі бар балаларды
қоғамға араластыруды қалай көтермелеу қажет
екенін анықтау үшін ата-аналар тобы іріктелді.
Балалардың қатысуымен фокус-топтарда үш
56
Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
талқылау ұйымдастырылды, мүгедектігі бар
балалардың күн сайын қандай қиындықтармен
кездесетінін бағалау мақсатында олардың
екеуі мүгедектігі жоқ балалармен, біреуі на-
шар көретін балаларға арналған мектеп-
интернаттың балаларымен өткізілді. Қалған
басқа екі фокус-топ мүгедектікті және мүгедектігі
бар достарын қалай қабылдайтынын түсіну үшін
мүгедектігі жоқ балалармен, фокус-топтардың
біреуі инклюзивті мектепте, біреуі – жалпы
білім беретін мектепте ұйымдастырылды. ФТТ-
ға 28 баланы (9-ы – мүгедектігі бар, 19 бала
– мүгедектігі жоқ), 23 мұғалім мен 32 ата-ана-
ны (мүгедектігі бар балалары бар 15 ата-ана
және мүгедектігі жоқ балалары бар 17 ата-ана)
қосқанда, барлығы 83 адам қатысты. Қатысқан
балалардың жасы 7-ден 13 жас аралығында
болды. Деректер халықаралық сарапшылар-
мен бірлесіп, жергілікті «БРИФ» консалтингтік
компаниясының көмегімен жиналды.
3.2. білім беру
Уақыт өте келе мүгедектік деңгейі алуан түрлі
балаларды жүйелі түрде әлеуметтік оқшаулау
екі түрлі теңсіздікке әкелуі мүмкін, мұның екеуі
де әлеуметтік даму үшін тең дәрежеде бұзушы
болып табылады, олар: өмірдегі сәттіліктер мен
мүмкіндіктердің теңсіздігі және нәтижелердің
теңсіздігі. Білім беру саласындағы теңсіздіктің
екі түрінің де балалар үшін әсіресе зардапты
болуы мүмкін, өйткені теңсіздік әрі қарайғы
өмірдегі әлеуметтік жинақылыққа айналуы
мүмкін. Баланың білім алуы мен әл-ауқаты
деңгейлерінің арасындағы мықты өзара бай-
ланысты, мысалы, алдағы өмірдегі денсаулығы
мен мүмкіндіктерін (өз кезегінде, төмен табыс
деңгейімен байланысты) ескере отырып, білім
беру секілді әлеуметтік араласу саласында ба-
лалар кездесетін кедергілерді, сонымен қатар
негізгі білім беретін мектептерге қосуға ықпал
ететін оң факторлар ды түсіну ерекше маңызды.
Жартылай құрылымды сұхбаттар барысын-
да сұралған адамдар мен фокус-топтарға
қатысушылар жалпы білім беретін оқу орын-
дары мүгедектігі бар балалармен жұмыс
істеген кезде сәтсіздікке ұшыраған бірқатар
нақты салаларды анықтады. Бұл кедергілер
оқу орындарына қолжетімділік, мектептің
физикалық құрылымы, берілетін білімнің са-
пасы, оқытуда жеке әдістердің жоқтығы және
т.б. секілді бірнеше деңгейлерден кездеседі.
Кейбір кедергілер барлық балаларға қатысты
болса да, тіпті, кейбір жағдайларда, мүгедектігі
жоқ балаларға қатысты болса да, мүгедектік
деңгейі алуан түрлі балалар айрықша, ерекше
кедергілерге кездеседі.Топ ретінде «мүгедектігі
бар балалардың» әркелкі сипатын барынша
ескерсек, бұл мүгедектік деңгейі алуан түрлі
балалардың мұқтаждықтары мен шектеулерін
бағалаудың кілті болып табылады.
3.2.1. Мектеп орын-жайлары мен
сынып бөлмелерінің құрылымы
Мүгедектігі бар балалардың әркелкілігін
тану қажеттілігінің қарапайым мысалы мек-
теп орын-жайлары мен сынып бөлмелерінің
құрылымына келіп тіреледі. Балалар фокус-
топтарына қатысушылар жалпы білім беретін
мектептердің негізгі кемшіліктерінің бірі сы-
ныптарда оқушылардың көп екендігін атап
өтті. Бұл сондай-ақ мүгедектігі жоқ балалардың
үлгеріміне де әсер ететін мәселе, өйткені ол
бір мұғалімге бірнеше баладан келетінін және
жеке оқытуға аз көңіл бөлінетінін білдіреді,
бірақ мүгедектігі бар балалар үшін бұл
сәйкессіздіктер оқудан шығарып жіберу үшін
оп-оңай негіз болуы мүмкін. Нашар көретін
балаларға арналған арнайы мектептің балала-
ры жалпы білім беретін мектептердегі тақтаның
сынып мөлшерінің ыңғайымен өте төмен
орналасқанын атап көрсетті.
Бір бала «олар сені артқы партаға отырғызып
қояды, одан кейін ештеңе көрсе алмайсың»
(3-бала; 1-ФТ) деп атап өтті.
Екіншісі: «Олар сені ең артқы партаға
отырғызады. Одан не көруге болады? Олар
сіз [тақтаға]келе аласыз ба?» деп сұрай
ма? Олар, жоқ, өзіңіздің партаңызда отыра
беріңіз?» дейді деп қосты. (5-бала; 1-ФТ).
Соңғы дәйексөз оқуды шектеуі мүмкін түрлі
құрылымдық жетіспеушіліктерді атап көрсетеді:
балаларды отырғызу көзі нашар көретін ба-
лалар үшін қиындық туғызса, ол тақта алдын-
да не болып жатқанын көрмесе, балаларға
тақтаға жақындауға мүмкіндік бермейтін
мұғалімдердің оралымсыздығы шешімше қол
жеткізуді қиындатады. Ата-аналар сондай-ақ
бұл шектеуді мойындайды. Инклюзивті мектеп-
ке баратын мүгедектігі жоқ баланың ата-анасы
былай деп мәлімдеді:
«Мысалы, мен сыныбында отыз оқушысы
бар мұғалімге нашар көретін баламен нақты
айналысу қиын болады деп санаймын. Оған
бәрібір болғандықтан емес,тіпті оған бала-
ны тыныштандырудың өзі қиынға соғады».
(2-ата-ана; 7-ФТ).
57
Достарыңызбен бөлісу: |