Ата аналар және балалар үшін Тұрмыстағы электрқуатынан жарақаттану



жүктеу 248 Kb.
Дата02.02.2020
өлшемі248 Kb.
#27994

Ата - аналар және балалар үшін

 Тұрмыстағы электрқуатынан жарақаттану

Тұрғындар тұрмысындағы ең жиі кездесетін жарақат электржарақаттану. Оған тұрмыста болатын жеке үйлік, пәтерлік, коммуналдық желіде тоқ әсерінен тиетін жарақаттар жатады. Тұрмыстағы мұндай олқылықтардың негізгі себебі электр құралдарымен дұрыс пайдалану білмегендіктен туады. Сондықтан балалар мен жасөспірімдер арасында  осы мәселеге қатысты белсенді насихат жүргізу қажет.

Көппәтерлі  үйдің барлық пәтерлеріндегі теледидарларды, тоңазытқыштарды, электр қырынғышты, электр каминдерді, электрлік ойыншықтарды және т.б. электрлік құралдарды қосып санағанда, олардың сомасы мен анықталған қуат көлемі бойынша орта мөлшерлі зауыт немесе фабриканың электрлік қондырғысынан асып түседі. Бірақ егер әр  кәсіпорында кәсіби одақ инспекторлары, энергиялық инспекция қызметкерлері жүргізетін еңбек қорғау және электрлік қауіпсіздік орындалуын қадағалайтын арнайы қызмет болса, тұрмыстық электр жабдықтарды пайдалану тек қана пәтер иелері қамында, ал көбінесе олардың арнайы дайындығы жоқ.

Тұрмыстық электрлік жарақаттану –  заманауи өркениеттің «теріс әсері» деуге болады. Әлемнің бірде – бір мемлекетінде, техникалық мәдениет деңгейі және тұрғындардың біліктілігі жо,ары болса да, электр қуатын тұрмыста толығымен қауіпсіз пайдалануға жете алған емес. Сатылымда құрастырымы олқы, сенімсіз және электрлік қаптамасы беріксіз электрлік құралдар кездесіп тұрады.

Тұрмыста тұрғындардың ескірген, немесе бұзылған техника құралдарымен пайдаланатыны жоқ емес. Кейде дұрыс істейтін, жаңа электр құралдар да теріс қолдану салдарынан қауіпті болуы әбден мүмкін. Кей пәтерлерде сөндіргіштер, есік қоңыраулары, розеткалар сияқты саймандар қажетті күйде сақталмаған жағдайлар кездеседі. Тұрмыс саймандарын қолдану кезінде ток кернеуінің соғуына ұшырап, тірі қалған адамдар да аз емес. Кейде мұндай адамдар 220 В кернеуіне немқұрайлы қарап, оның адам өміріне қауіпін жоққа шығарады. Бұл әбден теріс түсінік, себебі кейбір жағдайларда мұндай кернеу адам денесінен өткенде өлімге апарар қуатынан  2,2 есе ұлғаюып кетуі де мүмкін.  

Тқрмыста жиі кездесетін тағы бір олқы жағдай – арнайы маман шақырмай, электр жабдықтары бұзылғанда, тіпті ең күрделі жөндеу жұмыстарын өз күшімен жүргізу әрекеттері. Кейде тұтынушылар электрқуатын уақытша қосқанда, құралдарды қолдану ережелерін ескермей пайдаланатын жағдайлар да болады; әсіресе жаңа жыл мерекесі қарсаңында шыршаларды электржарығымен қаптау немесе тасымалды шам-жарық құралдарын қосу әрекеттерінде ұшырайтын апаттар жиі кездеседі.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін

ҚАРАПАЙЫМ ТҰРМЫСТЫҚ КЕҢЕСТЕР:

● тоңазытқышты, және басқа да электр құралдарын жуғанда  оларды алдын-ала электрқуатынан ажыратыңыз;

● Лампалар мен сақтандырғыштарын ауыстырғанда  тиісті жалпы пәтерлік сөндіргішті электрқуатынан жырату қажет;

●Жуыну бөлмесінде электр құралдарын токқа қосылу қалпында қалдыруға болмайды, себебі бөлменің дымқыл ауасы электрқуатын қатты тартады. Жуыну кезінде 220 В кернейінде істеп, суға түскен радиодинамик немесе шам құралдары ауыр зардабтарға алып келеді;

● розеткалар ванна мен қолжуғыштан алшақ болу тиіс;

● су тиген немесе сымы жалаңаш кептіргіш фен және электр қырынғыштарымен пайдаланбаңыз;

● сымынан тартып айырғышты розеткадан айыруға болмайды (сым ұзілгенде кернеулі өткізушілер жалаң қалуы мүмкін);

● үтікті су қолмен ұстаушы болмаңыз, және еден үстінде жалаңаяқ тұрып киім үтіктемеңіз, себебі электр тогы соғатын жағдай туса, денеден өткен кернеу қуаты ұлғайып, ауыр электржарақатына ұшырауыңыз мүмкін.

● кішкентай балаларға үтік сымы қызық тартатынын ұмытпаңыз, сондықтан оны балалардан алшақ жерде ұстаңуыңыз жөн, және ешқашанда токқа қосылған үтікті қараусыз қалдырмаңыз, бұл өрт қауіпсіздігі үшін де қажет;

● ыстық үтік сыртына сымын орамаңыз, бұдан сым қаптамасы балқып бұзылуы мүмкін;

● үтіктің буландырғыш ыдысына су құяр алдында, айырғышты розеткадан суырып алу қажет;

 

● розеткаға бір айырғыштан көп салмаңыз, әйтпесе, бірнеше айырғыш ток тізбегінде  қысқа тұйықталуға әкеліп, өрт шығару мүмкін;



● Ұзартқыш сымды пайдаланып болған соң алдымен розеткадан айырғышты ажыратып, одан кейін сымды орауыңызға болады;

● шырша шамдарын орнату кезінде ең қарапайым қауіпсіздік ереже шараларын ұмытпаңыз;

● егер отбасында кішкентай балалар болса, онда қолданылмайтын розеткаларды арнайы бітеушілермен қаптап қойған жөн;

 

 Электр қуатын пайдалану



Біркүні көрнекті телешоу бағдарламасында мынадай бір сюжет көрсетілген болатын: танымалы тележүргізуші қолына микрофон ұстап, Мәскеу университетінің физикалық факультеті кіре берісінде кіріп-шыққан студенттер, аспиранттар мен профессорларға сауал қойған болатын:

Айтыңызшы, электрқуаты дегенді не деп білесіз?

Қарапайым сұраққа таңқалған әр алуан физиктер сасқалақтап – міңгірлеп, не «білмеймін», не «әрі кетші» дегендей қолын бүлғап, жауаптан қашқандай тайып жатты.

Оны да түсінуге болады екен. Академик Капицаның бір қылжақ әңгімесінде атақты бір ірі физик емтихан кезінде студентке дәл осы сұрақ қойыпты:

Электрқуаты дегеніміз не?

Қалай құтыларын білмеген студенттің жауабы:

Білуші ем, бірақ есімнен шығып кетіпті.

Қап, әттеген-ай! – депті ғалым күрсінгендей, - Әлемдегі осыны білген жалғыз жанның өзі де мұны ұмытыпты!   

 

ЭЛЕКТР ЕСЕП ҚҰРАЛДАРЫ НЕ ӨЛШЕЙДІ.

Біз электрқуатын күнделікті пайдаланып жүргенізізбен, бұл сауалға нақты жауап жоқ. Алайда, электрқуаты мағынасын біз тұтынушы ретінде, яғни оның құн-баға жағынан білуімізді жөн көреміз. Электрқуаты ең  алдымен тауар. Біздің басылымның басты тақырыбындағы тұрмыстық құралдар жөніне көшсек, электрқуаты – бұл жұмсап-жарату материалы, оны біз электрқұралдары жұмыс істеуі үшін күнделікті сатып аламыз.

Электрқуаты сатылым кезінде, мәселен, қанттың килограмдық өлшемі секілді,  килловат-сағат мөлшерінде өлшенеді. Кейбіреулер киловатт және киловатт-сағат арасындағы айырмашылығын сезбейтінін жасырмайды. Расында киловатт негізінде құралдың қуаты ғана өлшенеді. Қуат дегеніміз – құралдың белгілі уақыт бірлігінде істеу үшін тұтынатын электр тоғының жұмыс мөлшері. Әр жұмыс режимінде құрал әр қилы қуат көлемін шығарады. Мысалы, кір жуғыш машина су қыздырған кездегі жұмсалатын қуаты, пайдаланған суды сорып шығарған кездегі қуаттан әжептәуір жоғары. Сондықтан, құрал қуатын оның жұмыс уақытына көбейту сияқты қарапайым есеп айыру, қуат жұмсалудың  киловатт-сағаттағы есебін әр шақта тура шығармайтыны анық.

Киловатт – электрқұралының негізгі техникалық өлшемдерінің бірі, осыдан біз бір мезгілде қосылған бірнеше электрқұралдар немесе өршіл қуатты құрал қосқанда үйде орнатылған электрторабы кернеуі шыдай ала ма деген ойдан арылмауымыз жөн (мәселен, көне үйде орнатылған ескі электржелісі кіржуғыш машинамен бірге электршәйнекті қосуына шыдамайтын жағдайлар жиі кездеседі). Бірақ та, шәйнек қуаты 2 киловатт және одан жоғары болса да, оның қуат тұтыну мөлшері жоғары деуге болмайды, себебі, мұнда су қайнату көптегенде бір-бір жарым минут қана алады. Ал, сол қуаттағы өтек қолдану кезінде әлдеғайда көп қуат жұмсалады, өйткені киім өтектеу уақыты одан едәуір көпке созылады.

Біздің құралдарды негіздейтін киловатт өлшеміне біз ақы өтемейміз. Біздің төлеміміз киловатт-сағатқа негізделген – ол белгіленген режимде істеген құрал қуатын осы режимдегі жұмыс уақытына көбейту сомасынан шығады. Осыдан жұмсалған қуат мөлшері есептеледі, оны кейде ірі физиктер де анықтай алмайды. 

Үнемділік – іш тарлық емес



90-жылдар басында ресейлік нарығында кең жайылған импорттық тұрмыс құралдарын мақтайтын шетелде үрдіс алған саудагерлер олардың үнемділігіне бас тартып, су және электрэнергиясын аз тұтынатынын айтудан шаршамайтын. Сонда осы ұтымшылықтарына  біздің азаматтардың онша назар бөлмеуіне таң қалатын.



  1. Диаграмма

Оны да түсіндіру оңай. Оншақты жылдар бойы бір киловатт-сағаттың бағасы 4 тиын, ал электр қалқандарымен жабдықталған үйлерде тіпті 2 тиын тұратын. Сондықтан, ол кезде «свет» үшін деп жүрген арзан төлем көбінесе үй жарығына жұмсалып, отбасы бюджетіне айтарлықтай салмақ түсірмейтін.  

Біз қазірдің өзінде үйлерімізді қамтамасыз ететін электрқуат төлемін толығымен өтемейміз, алайда, ондағы біздің үлесіміз 80 пайызға жетіп отыр, және одан әрі өсе келеді. Сондықтан, «свет» үшін өтейтін ақы салмағы отбасы бюджетіне ауырлап баратыны сөзсіз. 

Халық шаруашылығы мен үй қажетіне жұмсалатын электрқуатының таралуын көрсететін 1-диаграммасын қарайық.

Қызығы, үй электрқұралдарының эектрқуатын жұмсау мөлшері елдегі бүкіл транспорт шығындарынан асып, өнеркәсіптің тұтыну көлемінен сәл төмен келеді екен. Бұл Германияда жасалған статистикалық деректер. Әрине,  біздің елге қарағанда Германияның әр отбасында тұрмыстық құралдар саны көп екені белгілі. Алайда, Ресей елінде электр қуатын үнемдеу деген түсінік әлі қажетті деңгейге жетер емес. Сондықьан, диаграмма бойында көрсетілген деректер Ресейдегі электрқуат таралымы жағдайына іспеттес деуге болады.    

Ресейдегі ауқатты тұрмыстаға отбасыларына электрқуат төлемдерін үнемдеудің қажеті аз болатын шығар. Дегенімен, бұл әр тұлға үшін азаматтық борыш деп түсінген жөн. Ортақ тұрмыста шығын да ортақ, сондықтан, электрқуатын үнемдеу әр тұтынушы санасына қону қажет. 

Ежелден келген мақал-мәтел – «Үнемдеу – іш тарлыққа емес». Ретімен, үнемдеп шығындау әрқвшвн әдептілік пен салмақтылық көзі болатын. Сіздің бір ғана киловатт-сағат қуатын жұмсау үшін, электрстансасында салыстырмалы кішігірім ағаш жағып өртеу қажет (осыған тең электрқуат көлемін шығару). Алдаңызға кір көйлек, төсек орын, киім кешек өтектеу үшін жағып өртеген бір шағын орман немесе тоғай елес болсын, бұл сонымен тепе тең!

Әзірше біз электрқуатын, су мен жылу көздерін үнемдеуге жаңа ғана үйреніп, дағдыланып келеміз. Осы тақырыпта қолданыстағы электр құралдары жайында электрқуатын ұнемдеу тұрғысынан әңгімелеп көрейік,

БІЗ БҮГІН ЭЛЕКТРҚУАТЫ ЖӘНЕ ТОҢАЗЫТҚЫШТАР ЖӨНІНДЕ ТАҚЫРЫП АШАЙЫҚ

Үйдегі тоңазытқыш - үнемі тоққа қосылып, күні-түні,  тәулік бойы, жылдан-жылға бізге  аянбай қызмет ететін жаңғыз құрал.  Электрқуатын тұтыну бойынша  онымен ешбір басқа тұрмыстық құрал теңесер емес. Үйдегі барлық электр құралдарына жұмсалатын электрқуатының кем дегенде 30 пайызын тоңазытқыш тұтынады. Ол да егер ұй ішінде кір жуғыш, ыдыс-аяқ жуғыш машиналары, электр пеші, су қыздырғыш және қуатты шаңсорғыш болған жағдайда ғана орын алады. Ал егер үйдегі электрқұралдар қатары сиректеу болса, тоңазытқыштың қуат тұтыну мөлшері бұл көрсеткіштен әлдегөрім асып түседі. Ал тоңазытқыштың әр үйде болуы біздің заманда заңдылық екеніне дау жоқ.



2-Диаграмма. Үйіміздегі электр қуатының тұтыну үлесі

Назарыңызға ұсынған 2-диаграммада әр үйде болатын тұрмыстық техника стандартына сай тоңазытқыштың электрқуатын тұтыну үлесі көрсетілген.

Бүкіл Еуропа кеңістігіндегі үздік тұрмыстық техника өндірушілері арасында белгіленген санаттары, қуат тұтыну тиімділігі және басқа негізгі көрсеткіштері бойынша мөртаңбалау талаптары енгізілген болатын. Еуропа Бірлестігі 92/75/ЕЕС нұсқа директивасына  сәйкес тоңазытқыштар мен мұздатқыштар өндірушілері өнімдерінде қуат тұтыну мөлшері мен басқа да техникалық көрсеткіштерін айқындайтын белгілері салынған арнайы жапсырғыш орнатуды талап еткен. Осы жапсырғыштар арқылы (келесі беттегі суретті қара) әр түрлі өндірушілер құралдарының техникалық көрсеткіштерін оңай салыстыруға болады.



A, B, C, D, E, F, G санаттарына бөлу бойынша біз белгілі құралдың орташа көрсеткішке қарағанда қуат мөлшерін қаншалықты үнемдейтінін біле аламыз. Салыстыру үшін этикетка бетінде қуат жұмсалауының орташа мөлшері көрсетіледі.  Электрқуат мөлшерін ең үнемді жарататын А, В и С санаттарындағы құралдар.

Қуаттиімділік санаты қуаттиіміділік индексі негізінде белгіленеді. Индекс тоңазытқыштардың  электрқуатын іс жүзіндегі бір жыл мерзімінде  тұтынған мөлшерін   осы сипаттағы құралдардың орташа стандарт бойынша белгіленген жылдық тұтыну мөлшеріне бөлу арқылы процент бойынша есептеледі (есптеу тәсілімен анықталады).

Қуатиімділік санаттары – қуатиімділік Индексы, %

A 55-тен кем

B 55—75


C 75—90

D 90—100


E 100-110

F 110-125

G 125-тен артық

Тоңазытқыштар қуат тұтыну мөлшері 220 В/50 Гц желісіндегі  365 күнге есептеледі.  Энергопотребление холодильников рассчитывается за  дней для сети 220 В/50 Гц. Күніне 100 л пайдалы мөлшер қуат тұтыну есебі, көлемдері әр түрлі тоңазытқыштардың сипаттамасын салыстыруға мүмкіндік береді.

АҚШ елінде тұрмыстық саймандар қуаттиімділігін анықтайтын «Energy Star» таңбасымен жабдықталған.

Тоңазытқыштардың қуаттиімділігі - жаңа модельдерін құрастырушылар үшін  қазіргі таңда басты мәселе болып отыр. Қуат үнемдейтін және үнемдемейтін  бір көлемді тоңазытқыштар  сипаттамалар айырмашылығы екі есе болуы әбден мүмкін. Осыған байланысты тоңазытқыштардың баға айырмашылығы да  шамамен 25% құрайды.

Қуаттиімділік мәселесін әр қилы амалдармен шешуғе тырысуда:

• құрал қаңқасы материалдарының жылужібермеу қасиеттерін жоғарту;

• компрессорлардың басқару жүйесін, құрылымын және жұмыс режимін жетілдіру;

• еріту-жібіту технологиясын жетілдіру;

• камера ішін лайықты құрастыру;

•қаңқа бет-жабыны  шағылу қасиеті арқылы және т.б.;

Осы жолдаға құрастырушылардың кейбір қызықты табыстарын қысқаша келтірейік;

Қаңқаның жарыққа шағылу жағын қарастырсақ, жалтыраған күміс түсті    татылмайтын құрыштан немесе арнайы құюлған аллюминийден жасалған қаңқа қуат тиімділін күшейтеді. Күн жарығын өзінен итеріп шағыстыру арқасында тоңазытқыш камерасына жылу әсері баяулап, ішіндегі температура төменгі қалпынан өзгермейді. Қазіргі таңда көптеген еуропалық фирмалар дәл осындай шағылатын қаңқалы тоңазытқыштар өндіруде.  

Жылужібермеу қасиеттерін жоғарту жолында құрастырушылар көптеген жетістіктерге қол тигізді. Қандай болсын тоңазытқыш сыртқы қаптауылы астында жылытқыш қатпары – «тоң» секілді қабаты бар. Бұрын бұл қабатты қалың қып жасайтын, салдарынан «тоңға» оралған тоңазытқыш еңгезердей дөкей болып көрінетін. Сыртқы келбетіне қарағанда ішкі камера көлемі едәуір кіші болатын. Қазіргі кезде бұл жылу қабатын жұқа және жеңіл жылужібермейтін материалдардан өндіреді.

Тоңазытқыштардың қуат үнемдеу қасиетін жетілдіру сайысында  Siemens-Bosch концерні үздік орын алып келеді. Мұнда алдыңғы қатарлы жылужібермеу жүйесі игерілген. Саймандардың есікшелері, бүуірлері мен арқауы ауасыз, вакуум толтырылған панельдерден жасалған. Жылужібермеу жүйесі әр түрлі жылуөткізу қабілеті бар екі ортадан тұрады:  пенополиуретан және вакуумдық дәнекерден.

Мұнда бірқалыпты ортаға қарағанда мүлдем басқа физикалық құбылыстар өтеді. Изоляциялық қалыңдығы бұрынғыдай бола тұра, тоңазытқыштың жылужібермеу қасиеттері едәуір жоғарлайды. Тоңазытқыштың пайдаға асар  көлемі сақтала отырып, оның электрқуат тұтыну мөлшері 20%-ға азайтылды  

(Мәселен, бір-ақ әйнегі бар терезе үй жылуын сақтай алмайтыны анық. Ал екі, үш әйнекті терезелер үй жылуын едәуір мықты ұстайды. Өйткені әйнектер арасындағы ауа қабаты немесе вакуумның жылужібермеу қасиеті жоғары. )

Мұндай изоляция жүйесімен жабдықталған тоңазытқыштар қымбаттау келеді, және де ресейлік нарыққта әлі келген жоқ. Ал электрқуаты құны жоғары елдерде бұлар шығынданған бағасын тез арада өтеп шығады.

Компрессорлардың басқару жүйесін, құрылымдарын және жұмыс тәртібін  жетілдіру тоңазытқыштың қуат үнемдеу қасиетіне жауап беретін үздікті электрондық басқару жүйесін дамытуға жол ашты. Мұндай басқару тоңазытқыш панелінде көрсетілетін қалыпты және дәл температура өлшемін қоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, электрондық басқару мұздатқыш камерасындағы ылғалдық мөлшерін қалағанша қалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Ал компрессорлар жұмыс режиміне келетін болсақ, коптеген өндірушілер екі камерлі тоңазытқыштар шығарады. Бұл екі түрлі тоңыздау жылдамдығы және жұмыстың екі ресурсы іске қосылады дегеніміз. Ұзақ уақытқа жолға тартсаңыз, қалауыңызша тоңазытқыш камералар біреуінің жұмысын тоқтатуыңызға болады.

Оған қоса, осы заманғы тоңазытқыштардың көбінде мұндай жағдайларға ыңғайлы «отпуск» деген режимі бар. Бұл қуат үнемдеу бағдарлама пайдаланушы көптен үйінде болмағанда азық-түлек суық түрде, әйтпесе қатқан түрде сақтандыру қажеттігіне қарай іске қосылады. Сонымен бірге, тоңазытқыш жібіту режиміне әшейіндегідей емес, одан сирек қосылады, содан электрқуаты да үнемді жаратылады.

Сонымен айтарымыз, тоңазытқыштарды алдыңғы қатарлы құрылымдарына және қуат үнемдеу қабілетіне қарап сатып алған, әрине, дұрыс. Әйтсе де, қолданыстағы бар тоңазытқыштың да қуат үнемдеу қасиеттерін біршама көтеруге болады. Кейбір мынадай қарапайым ережелерді орындасаңыз,   электрқуатына келетін төлем-ақыларыңыз төмендеу болатыны сөзсіз:

• Мысалға, әрдайым тоңазытқыш есікшесін ашқан сайын суық ауаның жылыдан ауыр деген мектепте физикадан алған дәріске дәлел алып отырасыз. Ол пайдасыз леп етіп шығып, оны бойыңызбен сезесіз. Ал шығып кеткен суық ауаның орынын тез арада  ылғалды және жылы асүйдің ауасы толтырып кетеді. Оны қайтадан тоңдыру үшін компрессордың жұмысы қосылып, қосымша энергиясы бостан-бос зая кетеді. Онымен бірге, жаңа түскен ылғал құрғатқышқа жиналып, тағы қосымша қуат жұмсау талап етеді. Сондықтан, тоңазытқышты ашар алдында сәл кідіріп, қай азықтың қайда жатқанын еске түсіріңіз. Бұл керектіні тез алып, есікшені тез жабудың бір айласы. Негізінен, әрине, тоңазытқыштың ішін ақтарып жатқанша, алдын ала азықты сөрелер бойымен, бір тәртіппен салған жөн, тіпті қаптамалардың сыртына тиісті жазу жазып, әйтпесе, оларды түрлі түсті таңбалармен белгілеген де дұрыс.

• Тоңазытқышқа  ашық кастрөлге құйылған сүт немесе басқа сұйық тағамдарды қоймаңыз, әйтсе де, кейбір ошақбасындағы тәжірибелі келіншектер пікірінше жабық ыдыста сусынның дәмі өзгереді екен. Бірақ, та ол тек погреб қойнауында ғана болады, ал тоңазытқышта ашық ыдыстан  дымқылдаған ылғал құрғатқыш жұмысына залал келтіреді. Мұндай жарамсыз ылғал қапталмаған қырыққабаттан немесе кесілген қарбыздан да шығуы мүмкін.

• Әрине, электрқуатын үнемдеу үшін екі режимді регулятор тұтқасын минимумға қойып, температурасы мен тоңдыру деңгейін жоғарлатып реттеуге де болады. Алайда, бұл жағдайда қалауыңыз екіталай болады – электрқуатын азайтудан шығынды үнемдеу ме, әлде, азық-түліктің сапалық сақтығын қамтамасыз ету ме?    Тоңдыру регуляторы үнемдеу мақсаты үшін қойылмаған, оның міндеті тоңазытқыштың негізгі тоңдыру камерасы температурасын қажетті +4 до +6 градус аралығында, ал мұздатқыш камерасын ұстап —18 градус деңгейінен төмендетпейтін режимде ұстап тұру. Осыдан төмен температура қоюдың қажеті жоқ, себебі одан азықты сақтау сапасы жақсармайды, ал электрқуатына шығын да бекерден көбейіп кетеді.

• Кейбір үнемдеудің соңына түскен жандар тоңазытқышты мейлінше босатуға тырысып, қысқы кезде азықтың едәуір бөлігін балконда сақтауын қалайды. Шынына келгенде, бұл әрекеттер азық-түлік сапасын төмендетуге ғана соқтырады, себебі, даладағы ауа температурасы құбылмалы, лезден жылып кетуі мүмкін, ал тоңазытқыштың суығы бірқалыпты келеді. Ал жартылай бос қалған тоңазытқыш ішінде азық массасы азайғандықтан температураның қалыпы бұзылып, компрессор жиі-жиі қосылады. Тоңазытқыштың үнемді жұмыс атқару үшін қыс кезіндегі аяз-суықты пайда қылу – дала ауасында жақсылап қатқан азықтарды әрмен қарай тоңазытқышта сақтау. Мұндай қарапайым ережелерді ошақбасылары қапылыста ескермей кетеді.

• Тоңазытқышта неғұрлым аз азық-түлік сақтасаң, электрқуатын соғұрлым үнемді жұмсайсың деген қате пікірлер де кездеседі. Осы сиқты, тоңазытқышты басымен толтырсаң қуат мөлшері де көбейеді деген де дұрыс емес. Тоңдырғыш камерасын толығымен пайдаланыңыз, әйтсе де, оның ішіндегі ауа айналымын қамтамасыз ететін орын да қалу керек. Бөлшектенген қаптамалар бір-біріне ңығыздап салынбау тиіс, ішкі ауаның еркін қозғалысы мен қалыпты тарауы үшін араларында аздап болсын қуыс жасау қажет. Ал мұздатқыш камерасын бос орын қалдырмай, тығыздып  толтырған жөн. Камерада жатқан азықтың жалпы жылукөлемі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым температура қалыпы біркелкі болып, агрегаттың қосылуы да сиректеу болады. Бұл, өз кезегінен электрқуатын үнемдеу мен агрегаттың жұмыс мерзімін ұзартуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тоңазытқыштың сомалық жылукөлемі жоғарлап, тоңазытқыш жылу релесі айтарлықтай сирек қосылып отырады. Егер бір жағдай туып, мұздатқыш камерасын толтырар мүмкіндігіңіз болмаса, оған сумен толған пластикті жабық ыдыс немесе қуыстарын басқа да тоңдырғыш заттар салғаныңыз дұрыс.   

• Егер тоңазытқыш жасы келіп, ескірген болса, мезгіл-мезгіл есікшенің дәнекер ара қабаттары мен ілмелерін қарап, суық шығар қуыстар мен тесіктер болмауын қадағалаңыз. Ол үшін жай жазу қағазының жолағын пайдалануға болады – оны есікше астына салып, кәдімгідей кұш салмай жабыңыз. Одан соң, қағаз жолағын тартып шығарыңыз – дұрысында қағаз сәл әуремен шығу тиіс. Өстіп есікшелердің барлық жағын, ілмелерімен де тексеріп шығыңыз. Егер қағаз бос-еркін шығатын болса есікшелердің  дәнекер қабаттарын ауыстыру немесе ілмелерін реттеп бұрау қажет.

• Энергия үнемдеу үшін мынадай қарапайым амал жарайды: тоңазытқышты жарға тіремей, арқауы мен артындағы жар арасында ауа айналымы жетерліктей қуыс қалдыру қажет. Сантиметрлік кеңіс үшін тоңазытқышты тақаудың қажеті жоқ. Бармақтай жер қалдырамын деп, энергия жағынан шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Тоңазытқыш арқауында орналасқан конденсатор неғұрлым тез суып отыруы, жалпы агрегаттың пайдалы жұмыс коофицентінің өсуін қамтамасыз етеді. Осы себептен  интеръер көркеміне қайшы келсе де тоңазытқышты пеш, не басқа да жылыту құралдарына жақын, не күн көзіне қоюдан алшақ болу тиіс.

Тоңазытқыш артындағы конденсатор және агрегат үстінде жиналатын шаң-тозаң сыртқа берілетін жылы ауа өтуіне бөгет жасайды. Сондықтан болып қалар қылжақ күлкілерге қарамай, оларды әрдайым шаңсорғышпен тазалап отырыңыз.

Сонымен, энергияның сақталу Заңдылығын бұзып, біз энергияны үнемдеп сақтау үшін басқа энергия көздерін қолдану қажет деген нәтижеге келдік.



Не болса да, үнемді тұрмыс үшін қолдан келерін аянбаған дұрыс дейік.

Наталья КОНОПЛЕВА.

Журнал "Потребитель. Экспертиза и тесты"

АТА-АНАЛАРДЫҢ, МҰҒАЛІМДЕРДІҢ,

ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!
Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер!
Балалардың оқу демалысы басталысымен олардың бос уақыты көбейеді. Өкінішке орай, осы уақыттарда балалардың жарақаттануы, соның ішінде электр тоғымен жарақаттану саны артады. Тұрғындық аудандардың, мектептердің, балабақшалардың ауласында балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін трансформаторлық қосалқы стансалар (ТП) немесе тоқ бөлуші пунктер (РП) орналасқан. 
Егер біреулер электр тогы әсеріне қарапайым электр қауіпсіздігі ережелерін білмегендіктен ұшыраса, мысалы, жыртылған сымды басып қалған жағдайда енді біреулері қолданыстағы электр қондырғыларынан түсті металдарды алу мақсатында кернеулі токқа түседі. 
ТП мен РП есіктері арнайы құлыптармен жабылатынына қарамастан, түсті темірлерді ұрлау немесе бұзақылық ниетпен бөгде адамдар оларды жиі сындырады, сосын сынған жерлерге балалар кіріп кетуі мүмкін. Олардың сынғандығын дер кезінде білуқызметтеуші еңбеккерлер үшін тұрғындардың көмегінсіз қиын. 
Осындай жағдайларға жол бермеу үшін, сіздерден өтінеріміз, электр тогымен жарақаттану қаупі бар деп ескертетін белгілерге назар аударыңыздар. ТП есігінің сыртқы жағына үшбұрышты, сарымен боялған, айналасы қарамен сызылып, иректелген қара жебе салынған белгі жабыстырылады
Осыған орай, Біз электр қуатын тұтынушыларына, жалпы Талдықорған өңірінің тұрғындарына мынандай өтініш білдіреміз:


ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНЫН БАЛАЛАРҒА ТҮСІНДІРІҢІЗ:

- электр шкафтарының, жинамалардың, қалқаншалардың есіктерін ашуға; 
- ТП-ға кіруге және тіректердегі оқшаулағыштарды сындыруға;
- электр жеткізуші әуелік желі тіректеріне шығуға;
- көшедегі, ауладағы, бақтағы үзілген сымдарға жақындауға және ұстауға;
- электр жеткізуші әуелік желі сымдарына әрнәрсені ілуге;
- тасымалдық электр қабылдағыштар сымдарының жалаңашталған ұштарын электрлік ашаға қосуға.
- ағаштар, үйлердің шатырлары мен құрылыс, баспалдақтардағы сымдарға 1,5 метрден артық жақындамауға;
- кернеу астында тұрған жабдықтар мен электр қондырғылары жақын тұрған орындарда ойнауға, әуе жыландарын (шар) ұшыруға, электр беру желілері астында ойнауға;
- Құрылыс алаңдары аумағында ойнауға. 

Апатты оқиғаларға ұшырамау үшін, сынған құлыптар, электр қондырғыларының ашық есіктері, жыртылған сымдар мен сымға ілінген заттар туралы электр жүйелерінің диспетчерлік бекеттеріне Орталық диспетчерлік қызметінің байланыс нөміріне мерзімінде хабарласуыңызды сұраймыз: 8(7282)-23-40-70; 8 (7282)-23 31 27;

Естеріңізде болсын! Электрмен зақымданушылықтың арты өте қауіпті, қайғылы және өлім жағдайларына әкеп соғады. Электрді байқап пайдалансаңыз, ол - сізге дос әрі көмекші, ал немқұрайды қарасаңыз, ол қас жауыңызға және орны толмас қайғы себепшісіне айналады. 
жүктеу 248 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау