Мұғауина М. О. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған Қазақ тілі



жүктеу 5,88 Mb.
бет13/18
Дата10.12.2017
өлшемі5,88 Mb.
#3666
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Пайдалы кеңестер!
10-тапсырма Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді теріп жазыңыз.
Алкогольді ішімдіктерді қабылдауды азайтыңыз. Ер адамдарға спиртті тәулігіне 20-30 гр-ға (бұл 50-60 мл араққа немесе коньяққа,

200-250 мл шарапқа сәйкес) азайту керек. Әйелдерге бұл көлемді екі есе азайту керек.

Кофе, қою шайды сирек пайдаланыңыз, өйткені олар орталық жүйке және жүрек-қан тамыр жүйелерін қоздырады.

Сұйықтардың көлемін азайтыңыз. Тәулігіне ішетін су 1,5 л-ден (сұйық тамақтарды қосқанда) аспасын.



Күніне 4-5 рет тамақтаныңыз, кешкі тамақ мөлшері орташа болсын, оны ұйықтардан екі сағат бұрын ішіңіз.
11-тапсырма «Ішімдіктен пайда болатын аурулар» тақырыбында топтастырыңыз.


Мінез-құлқы өзгереді




Артық болмас білгенің!
Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің.
Дені саудың – жаны сау
Жан ауырса – тән азады,

Қайғы басса – жан азады


Сәтін салған ауруға,

Не болса, сол ем болады.


ТЕСТ
1. Негізгі түбір етістікті табыңыз.

А. Ойлан;

В. Сана;

С. Шақыр;

Д. Тазала;

Е. Басқар.

2. Қай етістік табыс септігіндегі сөз арқылы анықталады?

А. Салт ;

В. Сабақты;

С. Құранды;

Д. Көмекші;

Е. Болымсыз.

3. Болымсыз етістікті табыңыз.

А. Қалам бар(ма);

В. Бұл – шығар(ма);

С. Сабақтан қал(ма);

Д. Қызық жарна(ма);

Е. Атым Ал(ма).

4. Күрделі етістіктің қатарын белгілеңіз.

А. Балтала, ойлан, ақылдас;

В. Жұлқылады, тарсылдады, ойбайлады;

С. Жүре бер, әуре-сарсаңға түсті, әперді;

Д. Көңілден, ағар, үшеуле;

Е. Жаздыртты, оқытты, сөйлесті.

5. Етістіктің қай түрі іс-әрекеттің жүзеге аспағанын білдіреді?

А. Болымды етістік;

В. Күрделі етістік;

С. Болымсыз етістік;

Д. Негізгі етістік;

Е. Туынды етістік.


12-САБАҚ ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ




Сөздік!
1-тапсырма Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.


Құлақ- ухо

Мұрын – нос

Тамақ - горло

Ірің – гной

Ми – мозг

Жұтқыншақ - глотка



Қабыну – воспаление

Әсері – действие

Душар болу - подвергаться

Есту нерві – слуховой нерв

Шырышты – слизистый, прилипающий



2-тапсырма Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын түсініңіз.

Дені саудың – жаны сау

Дені сау азаматтар – мемлекеттің ең бағалы капиталы.



В.Комат.
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.

Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?

Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамдағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.

Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.



Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!
3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз. Тірек сөздерді теріп жазыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Сұхбаттасайық!
4-тапсырма Диалогқа қатысайық.
Құлақ, тамақ, мұрын аурулары

– Қалай естисіз?

– Нашар естимін.

– Бұрын құлағыңыз ауырды ма?

– Бұрын ауырған.

– Құлағыңыздан ірің көптен бері аға ма?

– Ірің үш күннен бері ағып жүр.

– Мұрынмен дем алғанда, бітеліп қалмай ма?

– Мұрным бітеледі.

– Тұмауратып жүрсіз бе?

– Тұмауратып жүрмін.

– Аузыңызды ашыңыз.

– Тамағыңыз қашаннан бері ауырады?

– Тамағым ауырғанына үш күн болды.

– Баспамен жиі ауырасыз ба?

– Баспамен жиі ауырамын.

– Салқын су ішпеңіз.

– Сіздің маңдай тұсыңыз (жағыңыз) ауыра ма?

– Ауырады
5-тапсырма «Мұрын – адамның тыныс алу, иіс сезу мүшесі» тақырыбында мәтінді өз ойыңызбен жалғастырып, мәтінді қорытындылаңыз.

Мұрын – адамның тыныс алу, иіс сезу мүшесі. Оның үстіндегі тері жұқа да тығыз. Май бездері мұнда көп. Ең үлкен май бездері мұрынның екі танауында орналасқан.


6-тапсырма Берілген сөйлемнен етістіктің шақтарын табыңыз.

Жасалу жолына мән беріңіз.

Олар ертең балық аулауға бармақшы. Асылан бөлмеде жалғыз отыр. Рита бейсенбіде келеді. Біз жазда өзенге шомылуға баратынбыз. Олардың ақылдылығына, білімділігіне піріндей сенеді. Көрмес – түйені де көрмес. Салтанат сабақ түсіндіріп тұр. Әлия екі күн бұрын қалаға бара жатқан. Басқарма тіл мерекесіне сайыс өткізбек.


Грамматикалық минимум!
Іс-қимылдың уақытын білдіретін етістіктің тұлғасы







Етістіктің шақтары





















Осы шақ




Өткен шақ



Келер шақ

















1.Нақ осы шақ

«Жатыр, тұр, жүр, отыр» қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады.

жатырмын, отыр.
2.Ауыспалы о/ш.

Күнделікті болып жатқан іс-қимыл-

ды білдіреді.

Етістік -а,-е,-й + жіктік жалғауы

бар-а-мын,

кел-е-мін.








1.Жедел ө.шақ

Іс-қимылдың жуық арада болғанын біл/ді.

Етістік+(-ды, -ді,-ты,-ті) + жіктік жалғауы.

2.Бұрынғы ө.ш.

Іс-қимылдың жалпы болғанын көрсетеді.

Етістік + (-ған, -ген, -қан,-кен, -ып,-іп, -п) + жіктік жалғауы

3. Ауыспалы өткен шақ

Сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді.

Етістік +(-атын, -етін,-йтын, -йтін) +жіктік жалғауы






1.Болжалды келер шақ. Іс-қимылдың келешекте болатынын дәл көрсетпей, болжай ғана білдіреді.

Етістік + (-ар, -ер, -р)+ жіктік жалғауы



2. Мақсатты келер шақ. Етістік + (-мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек) + (-шы,-ші)

+жіктік жалғауы



3. Ауыспалы келер шақ. Алдағы уақытта болатын іс-қимылды білдіреді.

Етістік + (-а,-е,-й) + жіктік жалғауы





7-тапсырма Қазақ тіліне аударыңыз. Мағынасын түсініңіз.

Уши – орган слуха. Ухо состоит из трех отделов – наружного уха, среднего уха и внутреннего уха. Наружное ухо включает ушную раковинуи наружный слуховой проход. Среднее ухо состоит из трех маленьких косточек: стремечка, молоточка и наковольни. Евстахиева труба является каналом в носоглотку.


Термин сөздермен танысайық!


Адаптация, болевая

Ауырсынуға бейімделу

Аденоидизм

Жұтқыншақ, тамақ-мұрын бездері үлкеюінен бет әлпеттің өзгеруі

Горло (горловой)

Тамақ, алқым (көмейлік, алқымға қатысты)

Нос, клювовидный (приплюснутый)

Құс мұрын, құстұмсық мұрын, жалпақ мұрын

Носоглоточный

Мұрын-жұтқыншақ(тық)

Обоняние

Иіс сезу, иіссезім, иіс түйсігі

Перепонка, барабанная

Дыбысжарғақ, дабыл жарғағы

Ухо, морщинистое

Әжімді құлақ, іркіс құлақ

Ушивание раны

Жарақатты тігу


Өнер алды - қызыл тіл
8-тапсырма Тіл құдіреттілігі туралы қанатты сөздерді оқыңыз, түсініңіз. Дәптеріңізге жазып алыңыз.
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі.
Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы. Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар?

Н.Ә.Назарбаев.
Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті... Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.

А.Жұбанов.
Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.

Г.Гегель.

Тіл – халық тарихы. Тіл өркениет пен мәдениеттің даму жолы.

А.И.Куприн.


9-тапсырма Берілген мәтінді түсініп, оқып шығыңыз. Асты сызылған тірек сөздердің мағынасын ашып, түсіндіріп жазыңыз.
Баспа (ангина) – көмейдегi бадамша бездерiнiң қабынуынан болатын жұқпалы ауру. Баспа кең тараған сырқат, онымен көбiнесе балалар және 35-40 жасқа дейiнгi ересек адамдар ауырады. Ауруды туғызатындар – негiзiнен стафилококктар мен стрептококктар. Баспа адам ағзасына түрлi жұқпалы вирустарға қарсы тұру қабiлетi төмендегенде, суық тигiзгенде, дәрумендер жетiспегенде, шаршағанда пайда болды.

Баспа – бадамша бездерiнiң iсiнiп, жұтқыншақтың қызарумен басталады, тамақ құрғап, жұтындырмайды. Тамақ бездерi iсiнiп, қол тигiзбей ауырады, буын сырқырайды, адам дел-сал болып әлсiрейдi. Ауру асқынғанда бадамша бездерi қабынып, ақшыл сары iрiң пайда болады. Баспаны дер кезiнде емдемесе, ол құлаққа өтуi мүмкiн.

Мұндай баспа өзiнен-өзi жарылады, кейде оған операция жасауға тура келедi. Баспаны емдемесе, ауру бүйрекке, жүрекке, басқа да ағзаларға шабуы мүмкiн. Ағзаға ауру сырқат адам пайдаланған әртүрлi заттардан (мысалы, ыдыстан) жұғуы мүмкiн. Без қуысында, ауызда тамақ iшiнде ұдайы сақталатын микробтардың өршуiнен де адам баспа ауруына шалдығады.
Пайдалы кеңестер!
10-тапсырма Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді теріп жазыңыз.
Мұрын қанағанда не істеу керек?

Әдетте мұрнына қан кету бірер минуттардан кейін өздігінен қояды. Ал егер қан кету тоқтамаса, кейбір оңай шараларды қолдану оны тоқтатады. Мұрыннан қан кеткенде мынандай шараларды қолдану керек:

1. Көмек көрсетілетін адам отыруы керек.

2. Қан кетіп жатқан мұрынның тесігіне таза мақта тығу керек. Егер қолда таза мақта болмаса, майлықтың немесе дәретхана қағазының кішкене тілімін қолдануға болады.

3. Мұрынның тесігіне таза мақтамен немесе майлықпен бітегеннен кейін, мұрынды саусақтармен қысу қажет. Мұрынды қысқан күйде он минуттар шамасында ұстаған дұрыс.

4. Қан тамаққа кетіп қалмасы үшін адам сәл алға еңкеюі керек.

5. Қанды тоқтатқаннан кейін мақтаны мұрында әлі бірнеше сағатқа шейін қалдыру қажет.

6. Егер қан кету тоқтамаса, адамды міндетті түрде емханаға апару керек. Ол жерде қан кетуді тоқтатады: мұрынға қажетті дәрі тамызып, қанап жатқан мұрын тесігіне мықтылап мақта тампонын тығады.


11-тапсырма www.google.kz, www.уandex.ru сайты арқылы тақырыпқа қатысты суреттер табу. Сурет бойынша, әрқайсысына 3 сөйлем құрастырыңыз.
Нәтижесі:


жүктеу 5,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау