Мұғауина М. О. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған Қазақ тілі



жүктеу 5,88 Mb.
бет2/18
Дата10.12.2017
өлшемі5,88 Mb.
#3666
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Сайттар: www.akorda.kz,

www.kazinfo.kz,

www.astana.kz,

www.google.kz,

www. egemen.kz.
Үлгі: Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, өз атамекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу – басты парызымыз.

4-тапсырма. «Сөз жарыс» ойыны. Тіл, сөз өнері туралы кім көп мақал-

мәтел біледі.

Тіл – қылыштан өткір.


Көз жетпеген жерге сөз жетеді.
5-тапсырма. Берілген сөйлемдегі сөздің қосымшасын жазып, толықтырыңыз.

Айтылады тіл... сөз, сыр- іш...,

Жақсы сөз де білсең – бедел ырыс...

Ж.Баласағұни.

Отыз тіс... шыққан сөз барлық орда... жайылар.

Тәрбие бас... – тіл

М.Қашқари.

Тіл деген... – қай халық... болмасын кешегі, бүгінгі тағдыр... емес, ертеңгі де тағдыр...



Бауыржан Момышұлы.

Әр халық... ана тіл... – білім... кілт... Біз... жастар... ана тіл... жетік, білімді, мәдениетті болсын. Ахмет Жұбанов.

Ана тіл... – халық болып жасаған... бері жан - дүниесі... айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерег...

Жүсіпбек Аймауытұлы.

Тіл қару... – сөз, сөз қару...- ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адам... ең жоғарғы қасиеті.



Ғабиден Мұстафин.

Халық... мәңгі ғұмыр...- о... тілінде. Әрбір тіл өзі... халқы үшін – Ұлы.



Шыңғыс Айтматов.
Ана тіл... қадірлеу - әр азамат... перзент... парыз...

Нұрсұлтан Назарбаев.

Көп тіл білу – құдай... құдіреті... емес, әркім... өз қолында



Данышпан сөзінен

Грамматикалық минимум!
1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды;

1995 жылы республикамыздың Конституциясында заңдастырылды;

1990 жылдан бері заңды түрде қазақ тілі ҚР-ның мемлекеттік тілі болып есептеледі;

16.12.91 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып жарияланды;

30.08.95 жылы ҚР Конституциясының 7-бабында: «ҚР-ның мемлекеттік тілі – қазақ тілі»;

04.10.96 жылы ҚР Президентінің өкімімен ҚР-ның Тіл саясатының Тұжырымдамасы қабылданды;

05.10.98 жылы ҚР-ның Президентінің Жарлығымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың» Бағдарламасы бекітілді;

08.01.98 жылы «Тілдер туралы Заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы шықты;

07.02.2001 жылы №550 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды;
7-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, белгілі бір тақырыпты таңдап, монолог жазыңыз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.



Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы

1997 ж. 11 шілдедегі №151-1 ҚР заңы, 4-бап
Өнер алды - қызыл тіл
8-тапсырма. Тіл құдіреттілігі туралы қанатты сөздерді оқыңыз, түсініңіз. Дәптеріңізге жазып алыңыз.

Дүние жүзіндегі мыңдаған тілдердің ішінде біздің тіліміз он бірінші орында тұр.



Қ.Аханов.
Ана тілің –арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте



Қадыр Мырзалиев.
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге болады.

Мұхтар Әуезов.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп.

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Мағжан Жұмабаев.

Ана тілін сүймеген,



Халқын сүйіп жарытпас.

Қырғыз ақыны Б.Сарноғаев.




9-тапсырма. Сабақ тақырыбы бойынша берілген сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

1. Қазақ тілі түркі тілінің қандай тобына жатады?

2. Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра дегенді қалай түсінесіз?

3. Қазақ тілінің қазіргі күндегі қолданылу аясы, өзіндік орны қандай деп ойлайсыздар?

4. Тіл, сөз өнері туралы мақал-мәтелдердің, ұлы адамдардың қанатты сөздерінің ішінде қайсысы ерекше әсер етті?
10-тапсырма. Мәтінді қысқаша өз сөзіңізбен айтып беріңіз.
Әр азамат өз мемлекетінің бөлшегі болып табылады, сондықтан дені сау, тәрбиелі және білімді азамат мемлекеттің өркениеттілік деңгейін, оның қоғамдық институттарының күшін, оның билік құрылымының мүмкіндіктерін белгілейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның құқығын және бостандығын ең жоғары құндылығы, ал оның құқығын және бостандығын құрметтеу, қорғау және сақтау – мемлекеттің міндеті деп жариялады. Әр азаматтың негізгі құқықтарының бірі тәрбие және білім алу, денсаулығын қорғау және медициналық көмекке құқығы. Әр азаматтың негізгі құқықтарының бірі тәрбие және білім алу құқығы, денсаулығын қорғау және медициналық көмек көрсету болып табылады. Мемлекет адамның физикалық және рухани-имандылық денсаулығын, оның экологиялық және санитарлы-эпидемиологиялық ырыс-берекесін, дене шынықтыру және спортты дамытуын, лайықты өмір салтын қалыптастыру қамтамасыз етуі тиіс.



Артық болмас білгенің!

Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихи, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы сар далада үдіре көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сайын даласы кең, тілі де бай, осы күнгі түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ. Түркі тілімен сөйлеймін деген түрік балалары күндерде бір күні айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы... Күндерде бір күні түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік елінің келешек тарихында қазақ ұлты төрден орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік.

­ Мағжан Жұмабаев.


ТЕСТ
1. Қазақ тілі қашан бірінші рет Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып қабылданды?

А) 1989 ж 22 қыркүйек;

В) 1993 ж 28 қаңтар;

Д) 1991 ж 16 желтоқсан;

Е) 1997 ж 7 шілде;

С) 1995 ж 30 тамыз.


2. Қазақ тілі түркі тілдерінің қай тобына жатады?

А) Оңтүстік тобы;

В) Батыс тобы;

Д) Солтүстік тобы;

Е) Шығыс тобы;

С) Орталық тобы.


3. Қазақ тілі түркі тілдерінің қай бұтағына жатады?

А) оғыз;


В) қыпшақ;

Д) қарлық;

Е) аралық;

С) чуваш.

4. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл -қазақ тіл екендігі қай заңда айтылған?

А) «ҚР Азаматтық кодексі»;

В) «ҚР Білім туралы» Заңы;

Д) «ҚР Тілдер туралы» Заңы;

Е) «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңы;

С) «ҚР Еңбек туралы» Заңы.


5. Қазақ тілінің ҚР мемлекеттік тілі екендігі «ҚР Тілдер туралы» Заңының қай бабында айтылған?

А) 3-бап;

В) 5-бап;

Д) 4-бап;

Е) 1-бап;

С) 2-бап.


2-Сабақ. Денсаулық – баға жетпес байлық
Сөздік

1-тапсырма. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.
Денсаулық - здоровье қабаттан – из слоев

Байлық – богатство кіреуке – эмаль

Негіз – основа жүйке талшықтары – нервы

Ауру – болезнь дер кезінде – во время

Дәрігер – врач емдемесе – не лечить

Дәрі – лекарство тістің қызыл еті – десна

Аурухана – больница тістер жегісі – кариес зубов

Емхана – поликлиника азу тіс – коренной зуб

Ауырады – болит қуыс – полость

Бас ауруы – головная боль үстіңгі жағында – с верху

Қан қысымы – давление астында – с низу

Салқын тию – простуда жақ сүйектері – челюсть

Қабыну – воспаление тіс түбірі – корень зуба.





2-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын түсініңіз.

Денсаулық – баға жетпес байлық
«Адамдар өлмейді, олар өзін-өзі өлтіреді», - дейді ертеректегі рим философы. Аурудан әрі кәріліктен қажыған адамдар жазылуды, әрі жас кезіндегі денсаулығын армандайды. Ол үшін «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы ұстану жөн. Сондықтан денсаулықты жақсарту үшін жұмыс істеу немесе түрлі жаттығулар жасау керек. Біз өмірге келеміз, мәңгіге қайта кетеміз. Бізге өмірді табиғат сыйға берген. Бірақ біз сол өмірді қалай сүреміз? Ол әркімнің өз қолында.

Денсаулық – біздің тәніміздің табиғи қалпы, болмысы. Табиғаттың бар күш-қуаты сол қалыпты сақтауға негізделген. Күйгелектік, жөнсіз ашулану мен болар-болмас нәрсеге шыж-быж болу – аурудың басты себептері. Адам жұмыссыздықтан қолы босап, сары уайымға салынады. Егер ауырып қалса, ол туралы көп айтпау керек. Бұл мәселеде «үштік» деген ұғым бар: дәрігер, ауырған адам, індет.

Денсаулығың мықты болсын десең, үнемі салауатты өмір салтының талаптарын сақтап, күн сайын, қалыпты түрде орындап отыру қажет. Ол үшін қимыл белсенділігін, түрлі дене тәрбиесінің жаттығуларын, шынықтыру рәсімдерін сақтап, күн тәртібін орындау, дұрыс тамақтану, жұқпалы аурулардан сақтану, жағымсыз әдеттерден бас тарту сияқты ережелерді бұлжытпай орындау керек.

Егер сіз күн тәртібін сақтасаңыз, онда бір күнде көп нәрсені жасап үлгересіз. Сонда ғана денсаулықты сақтауға және өмірде көп жақсылықтарға жетуге болады. «Денсаулық – баға жетпес байлық», - деген мақал тегін айтылмаған.


3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз, тірек сөздерді теріп жазыңыз. Өз ойыңызды білдіріңіз.

Сұхбаттасайық!
4-тапсырма.

Тісжегі ауруы бойынша

- Қай тісіңіз ауырады?

- Үстіңгі азу тісім ауырады.

- Тісіңізге ас тұрып қала ма?

- Тісіме ас тұрып қалады (тұрып қалмайды).

- Салқыннан ауыра ма?

- Салқын судан, ыстық тамақтан ауырады (ауырмайды)

- Ас жегенде тістің ауырғаны біліне ме?

- Ас жегенде тістің ауырғаны білінеді (білінбейді)

- Тісіңіз қалай ауырады, ұдайы ауыра ма?

- Тісім үнемі ауырады.

- Құрт жеген тісті жұлғызып тастау керек.



- Құрт жеген тісті алуға қарсы емеспін.
5-тапсырма. Сурет бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, «Тіс ауруы» тақырыбында өзара сұхбаттасыңыздар.
Сүт тіске қарағанда, қатты қабық, тіс жегісінің асқынуы, қабынуы, іріңді пульпит, алтын тіс, жақ сүйектері, кіреуке, алынып салынатын протез, қуыс



жүктеу 5,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау