Мұғауина М. О. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған Қазақ тілі



жүктеу 5,88 Mb.
бет1/18
Дата10.12.2017
өлшемі5,88 Mb.
#3666
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы

Мұғауина М.О.

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған



ҚАЗАҚ ТІЛІ

(Жалғастырушы топ)

Атырау, 2014
Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының кеңесінде баспаға ұсынылды. (№1 хаттама, 14.03.2014 ж.)


Мұғауина М.О Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған

Қазақ тілі. Жалғастырушы топ. –Атырау, 2014. – 120 бет,

Ұсынылып отырған оқу құралы мемлекеттік тілді жалғастырушы деңгейде оқып үйренуші медицина саласы қызметкерлеріне, медицина колледжі оқытушыларына және қазақ тілін үйренем деушілерге арналған. Бұл оқу құралына лексикалық тақырыптармен бірге грамматикалық ережелер, соған сай жаттығу жұмыстары, медициналық терминдер, сөздік және сурет бойынша сөйлету жұмысы да қамтылды. Берілген мәтіндер көлемі шағын, мазмұнын айтуға, талдауға жеңіл.

Оқулықта өтілген тақырыптар бойынша қорытынды тесті, бақылау диктанты, осы саладағы іс қағаз үлгілерінің берілуі де тыңдаушылар үшін тиімді болмақ.

Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді

қайта даярлау,біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік

орталығы, Мұғауина М.О., 2014



АЛҒЫ СӨЗ
Өскелең өмір талабынан туындап отырған қазақ тілінің қоғамдағы орны жалпы халқымыздың ғана емес, қоғамдағы әр түрлі топтар мен мамандық саласы иелерінен оны егжей-тегжейлі білуді талап етіп отыр.

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған бұл қазақ тілі оқулығы адам жанының арашашысы – ақ халатты абзал жандардың, халықпен нағыз біте қайнасып, қоян-қолтық араласатын, нақтылай айтқанда ұлт мүддесі жанашырларының тілді жан-жақты меңгерудегі талпыныстарына жауап береді.



Оқулық тұтас мәтіндер арқылы тілдің лексикасын, теориялық тұрғыдан грамматиканы, танымдық тұрғыда тарихи, мәдени, көпшілікке арналған материалдарды, статистикалық мәліметтерді қоса қамтиды. Сөйлеу тілін де, жазбаша сауаттылықты дамытуға да ықпал жасайтын оқулықтың бүгінгі күні сала қызметкерлеріне пайдасы зор деп есептейміз.

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі



Т.Карлейль
1-САБАҚ. «ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ»

Мемлекеттік тіл – еліміздің мәртебесін көрсететін, маңызы Қазақстан Республикасының рәміздері – Мемлекеттік Туымен, Мемлекеттік Елтаңбасымен, Мемлекеттік Әнұранымен бірдей саналатын бір белгісі.






1-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз.

Мазмұнын түсініңіз.
Мемлекеттік тілді қолданудың маңызы

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.

Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін, елдің ел екенін танытатын – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз, ұлттық тіліміз – қазақ тілі.

Қазақ тілінің шығу тарихына үңілсек, қазақ тілі – көне тіл. Қазақ тілі - қыпшақ тілдер тобында, бастауын VІ-VІІІ ғасырлардағы Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштерінен алады. Қазақ тілі түркі тілінің «Қыпшақ – ноғайлы тілдер» деп аталатын тобына жатады. Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихы бойында басқа түркі халықтарымен қонысы, саяси-шаруашылық жағдайы жағынан да тығыз байланыста болып келгені сияқты, оның тілі де сол халықтар тілімен өте жақын қарым-қатынаста болды.

Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай, оралымды да бейнелі тілдердің бірі.

Ол - өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және сараланған стильдік нормаларымен танылған көркем тіл.

Ұлы ақын Абай тіл құдіретін: Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас, – деп

тамсана бағаласа, түркіменнің ұлы ақыны Мақтымқұлы тауып сөйлеген сөзді «Тілден шұғыла шашқанға» балайды. Сөз құдіретін түрік туыстар «Оң сөз өзен тоқтатар» деген мақалмен түйіндеген.


2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз. Тірек сөздерді теріп жазыңыз. Тіл құдіреттілігі жайында ой бөлісіңіз.



3-тапсырма. «Тіл – достық тірегі» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер. Сол бойынша көршіңізбен ой бөлісіңіз.
жүктеу 5,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау