Методический документ республики казахстан



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет13/33
Дата06.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25956
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33

 

23 


4) корреспонденцияны,  отырыс  хаттамаларын,  қаржылық  жазбаларды  қоса, 

құжаттарды есепке алу, пайдалану және сақтау жүйесін құру. 

6.8.5.5  Құрылыс 

объектісінің 

жобалау-сметалық 

құжаттамада 

көзделген 

шешімдерге сәйкестілігін қамтамасыз етуді тапсырыс берушінің бақылау мен қадағалауды 

жүзеге асыратын жауапты өкілі, немесе тапсырыс беруші: 

1) техқадағалау  сарапшысы  мен  авторлық  қадағалау  сарапшысының  құрылыстағы 

мемлекеттік  нормативтерге  сәйкестілікті  бағалауға  қатысты  өз  міндеттерін  орындау 

қызметін бақылау; 

2) жобалау-сметалық  құжаттама  мен  жұмыс  өндірісі  жобасында  анықталған 

жағдайлар  бұзылған  кезде,  құрылыс  жұмыстарын  ары  қарай  орнына  келтіруге  қатысты 

шешімдер қабылданғанға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне тыйым салу; 

3) ұйымдастырушылық,  техникалық  сипаттағы  бұзылыстар  табылған  кезде, 

мердігерге негізделген шағымдарды ұсыну және олардың салдарын жоюды талап ету; 

4) сапасыз немесе уақытылы орындалмаған жұмыстар үшін айыппұл мен пеня ұстап 

қалу; 

5) мердігерлік  шарттың  шарттары  бұзылатындай  қауіп  туған  кезде  тапсырыс 



берушіге мердігерлік шартты бұзу қажеттілігі туралы қолдау хат ұсыну; 

6) мемлекеттік  құрылыс  инспекторына  құрылыс-монтаж  жұмыстарының  сапасыз 

орындалуына  жол  берген  лауазымдық  тұлғаларды  заңнамаға  сәйкес  жауапкершілікке 

тарту туралы ұсыныс беру арқылы іске асырады.  

6.8.5.6  Құрылыс 

объектісінің 

жобалау-сметалық 

құжаттамада 

көзделген 

шешімдерге  сәйкестілігін  қамтамасыз  ету  үшін  тапсырыс  берушінің  бақылау  мен 

қадағалауды жүзеге асыратын жауапты өкілі немесе тапсырыс беруші: 

1) тапсырыс  берушіге  жобалау-сметалық  құжаттамадан  жол  берілмейтін  ауытқулар 

туралы хабарлауға; 

2) құрылыс  объектілеріндегі  қауіпсіздік  пен  ықтимал  апаттардың  жоюға  қатысты 

жұмыстардың  көлемін  қамтамасыз  ету  шарттары  бұзылған  барлық  қауіп  жағдайларында 

бақылау және қадағалау органдарына хабар беруге; 

3) техқадағалау  сарапшысы  мен  авторлық  қадағалау  сарапшысының  ақпараты 

бойынша  құрылыс-монтаж  жұмыстарының  жобалау-сметалық  құжаттамада  белгіленген 

шарттардан ауытқуы анықталуы бойынша оперативтік шешімдер қабылдауға; 

4) мердігердің  тапсырыс  берушінің  құрылыс-монтаж  жұмыстарының  орындалған 

көлемі  үшін  төлемақы  жүргізу  сұрақтарына  қатысты  шағымдары  бойынша  шешім 

қабылдауға міндетті.  

 

6.8.6 

Құрылыс  объектісінің  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкестілігін 

техқадағалау сарапшысының бағалауы 

 

6.8.6.1  Объектінің  құрылысын  салу  сатысында  құрылыс  объектісінің  құрылысты 



ұйымдастыру  және  жұмыс  өндірісі  жобаларының  талаптарын  қамтамасыз  ету  бөлігінде 

жобалау-сметалық  құжаттаманың  талаптарына  сәйкестілігін  бағалау  және  қамтамасыз 

етуді  тапсырыс  беруші  техникалық  қадағалау  қызметі  (ары  қарай  –  техқадағалау 

сарапшысы)  арқылы  жүзеге  асырады.  Осы  сәйкестілікті  бағалау  тапсырыс  беруші 

тарапынан сыртқы бақылау ретінде ұсынылады. 

6.8.6.2  Техқадағалау  сарапшысы  жоғары  білікті,  құрылыстағы  сәйкестілікті 

бағалаудың жеткілікті тәжірибесіне ие және оның біліктілігінің жоғары деңгейін міндетті 

растау  арқылы  «Сәулет-құрылыс  бақылауын  және  қадағалауды  жүзеге  асыратын 

мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары» негізінде берілген рұқсат 

құжаты болуы керек.  




 

24 


6.8.6.3  Құрылыс-монтаж  жұмыстары  сатысында  құрылыс  объектісінің  жобалау-

сметалық  құжаттаманың  талаптарына  сәйкестілігін  қамтамасыз  ету  мақсатында 

техқадағалау сарапшысына келесі функциялар жүктеледі: 

1) орындалған  жұмыстардың  көлемін  құрылысты  ұйымдастыру  жобасы  мен  жұмыс 

өндірісінің  жобасына  сай  тексеру,  және  аралық  төлем  жүргізу  кезінде  немесе 

мердішермен  соңғы  есеп  айырысу  кезінде  орындалған  жұмыстарды  қабылдау  актілерін 

растау; 

2) тапсырыс берушіге жұмыстарды уақытылы аяқтау үшін қажетті ұсыныстар жасау, 

қабылданған ұсыныстар бойынша барлық қажетті құжаттарды дайындау; 

3) объектілерді материалдық ресурстармен және техникалық құжаттармен кешендеу 

барысының, білікті жұмыс күшімен қамтасыз етілгендігінің сәйкестілігін бағалау; 

4) объектіде  жұмыс  істейтін  машиналар  мен  механизмдердің  есебін  жүргізу, 

олардың техникалық жарамдылығын және мердігердің конкурстық өтінішінде көрсетілген 

тізімге сәйкестілігін бағалау; 

5) уақытша  ғимараттар  мен  имараттарды,  қоймалық  шаруашылықты  және 

мердігердің шағын механизация құралдарының жоба мен мердігерлік шарттың шарттары 

мен талаптарына сәйкестілігін тексеру және бағалау; 

6) техникалық  есептер  мен  жинақтарын  дайындау  мен  бекітуді,  жұмыс  өндірісі 

барысын уақытылы құжаттауды қамтамасыз ету; 

7) барлық  материалдарға,  конструкциялар  мен  жабдықтарға  берілген  барлық 

кепілдік  құжаттар  мен  сертификаттарды  қабылдау  мен  сақтауды  және  оларды  жоба 

аяқталғаннан кейін тапсырыс берушіге беруді қамтамасыз ету; 

8) мердігердің  анықталған  ақауларды  жоюға  қатысты  кепілдік  міндеттемелерін 

орындағанын тексеру; 

9) мердігердің  сапасыз  орындаған  жұмыстарының,  ақауларды  жою  мен  қайта 

жасауға  шыққан  шығындарының  көлемі  мен  бағасын  есепке  алу  (тапсырыс  берушінің 

арнайы тапсырмасы бойынша орындалады). 

6.8.6.4  Құрылыс  объектісінің  жобалау-сметалық  құжаттамасында  көзделген 

шешімдерге сәйкестілігін қамтамасыз етуді техқадағалау сарапшысы: 

1) құрылыс  алаңдарына,  шеберханаларға,  зауыттарға,  сонымен  қатар  объекті  үшін 

материалдар жасаудың, өндіру мен дайындаудың басқа орындарына қолжетімділік; 

2) конструкцияға, материалдар мен бұйымдарға тиісті сынақ жүргізу үшін құрылыс 

зертханаларын тарту мүмкіндігі; 

3) құрылыс өндірісінің технологиясының жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқуы 

болған  кезде  тапсырыс  берушінің  бақылау  мен  қадағалауды  жүзеге  асыратын  жауапты 

өкіліне немесе тапсырыс берушіге құрылысты тоқтату туралы айту; 

4) мердігерден немесе қосалқы мердігерлерден объектіге қатысты қажетті атқарушы 

құжаттаманы сұрау мүмкіндігі арқылы іске асырады. 

 

6.8.7 

Құрылыс  объектісінің  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкестілігін 

авторлық қадағалаудың бағалауы 

 

6.8.7.1  Құрылыс 



объектісінің  жобалау-сметалық  құжаттамаға  сәйкестілігін 

құрылыс-монтаж  жұмыстарын  сыртқы  бақылау  ретінде  тапсырыс  беруші  тарапынан 

бағалау  авторлық  қадағалау  сарапшысын  тарту  арқылы  жүзеге  асырылады,  оның 

қызметтері  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  іске  асырылатын 

инвестициялық  жобада  осы  мақсаттар  үшін  қарастырылған  қаржының  есебінен 

қаржыландырылады. 

6.8.7.2  Құрылыс  объектісін  авторлық  қадағалау  сарапшысының  тексеруі  мен 

келуінің кестесі тапсырыс берушінің бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын жауапты 




жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау