Методический документ республики казахстан



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет10/33
Дата06.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25956
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33

 

17 


6.7.4.12 Технологиялық процестің қауіпсіздігі: 

- өнімнің улығының; 

- шудың, дірілдің, иондайтын және иондамайтын сәулелендірудің; 

- жарылысқа қауіпсіздіктің; 

- қоршаған ортаның ластануының деңгейімен сипатталады. 

6.7.4.13 Жобалау-сметалық  құжаттаманың  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкестілігін 

бағалау  оның  экономикалық  көрсеткіштері  бойынша  инвестиция  салудың  тиімділігі 

бойынша бағаланады, ол: 

- жобаның бағасы; 

-  осы  жоба  бойынша  тауарлар  мен  қызметтер  нарығындағы  күтілетін  сұраныс  пен 

ұсыныс (қызметтер); 

- жобаны іске асыру үшін қолайлы инвестициялық жағдайлардың бар болуы; 

-  ресурстардың  және  жобаларды  іске  асыру  үшін  оларды  тарту  шарттарының  бар 

болуы; 


- жобаны іске асыруды ұйымдастыру және басқару әдістері; 

- қаржыландыру көздері; 

- күтілетін табыс; 

- қауіп факторы сияқты өлшемдермен анықталады. 

6.7.4.14 Жобалау-сметалық  құжаттаманың  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкестілігін 

бағалайтын сарапшының қызметі: 

- сарапшының еңбегін экономикалық машықтандыру механизмі; 

-  заңнама  мен  құрылыстағы  мемлекеттік  нормативтердің  талаптарына  сәйкес 

келмейтін  сараптамалық  қорытынды  берілгендігіне  жауапкершілік  шараларын  анықтау 

арқылы оның орындаған жұмыстарының нәтижелері бойынша бағалануы керек. 

6.7.4.15 Жобалау-сметалық  құжаттама  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкес  келген 

жағдайда, сарапшы жобалаушыға инвестициялық жобаның негізгі техника-экономикалық 

көрсеткіштері бар, заңнамамен белгіленген үлгідегі сараптамалық қорытынды береді. 

 

6.8  Құрылыс  объектісінің  дайындаудың  әртүрлі  сатысындағы  және  құрылыс-

монтаж жұмыстарының өндірісіндегі сәйкестілігін бағалау 

 

6.8.1  Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға рұқсат берудің кезеңдері 



 

6.8.1.1  Құрылыс  алаңындағы  жұмыстар  басталғанға  дейін  құрылыс  объектісінің 

сәйкестігін  бағалау  мен  қамтамасыз  етуді  телімнің  шекараларын,  қызыл  сызықтар  мен 

құрылысты  реттеудің  басқа  сызықтарын,  биік  белгілерді,  ғимараттар  мен  имараттардың 

осьтерін,  инженерлік  коммуникациялардың  трассаларын,  сонымен  қатар  құрылыс 

алаңының  шекараларын  заттай  шығаруға  қатысты  мемлекеттік  нормативтердің 

талаптарының  негізінде  жергілікті  сәулет  және  қала  құрылысы  органдары  жүзеге 

асырады. 

6.8.1.2  Құрылыс  жұмыстары  өндірісіне  қатысты  мемлекеттік  нормативтерге 

сәйкестілікті  қамтамасыз  етуге  қойылатын  талаптарды  сақтау  үшін,  объектінің 

құрылысын  салуға  қатысты  құрылыс-монтаж  жұмыстарын  бастағанға  дейін  мердігер 

құрылыс  нормаларына  сәйкес  технологиялық  құжаттаманың  толық  кешенін  дайындауы 

керек. Құрылыс нормаларын талаптарын сақтау үшін мердігер: 

1) қолындағы 

технологиялық 

құжаттаманың 

(технологиялық 

карталардың, 

регламенттердің)  берілген  объектіні  соғу  кезінде  өзі  орындайтын  жұмыстардың  сапасын 

қамтамасыз  етуге  жеткіліктігін  тексеруі,  сонымен  қатар  көрсетілген  құжаттаманың 

мемлекеттік нормативтердің белгіленген талаптарына сәйкестілігін тексеруі; 



 

18 


2)  қолда  бар  технологиялық  құжаттаманы  реттеуі  және  қажет  болған  жағдайда  – 

қосымша технологиялық құжаттаманы әзірлеуі; 

3) қолда бар қауіпсіздік техникасына қатысты шешімдерді реттеуі және қажет болған 

жағдайда  –  құрылыстағы  қауіпсіздік  техникасы  мен  еңбекті  қорғауды  қамтамасыз  ету 

саласындағы  мемлекеттік  нормативтермен  анықталған  құрам  бойынша  қауіпсіздік 

техникасына қатысты жаңа шешімдерді әзірлеуі; 

4)  қажет  болған  жағдайда  өзінің  күші  арқылы  немесе  мамандандырылған  ұйымға 

тапсырыс  беру  арқылы  осы  әдістемелік  құжаттың  талаптарына  сай  жұмыс  өндірісі 

жобасын әзірлеуі; 

5)  алынған  жобалау-сметалық  құжаттаманың  негізінде,  қажет  болған  жағдайда  – 

негізгі  осьтерді  бөлу  және  соғылатын  объектідегі  барлық  монтаждық  горизонттардағы 

бөлшектік бөлу схемаларын, заттай орындалатын бөлу осьтері мен монтаждық бағыттарға 

қатысты  элементтерді  орналастыру  схемаларын  әзірлеуі;  қолында  геодезиялық  бөлу 

жұмыстарын  орындау  мен  нақтылығын  бақылаудың  әдістемесі,  монтаждық  бағыттарды 

салу және бекіту ережелері болуы керек. 

6.8.1.3  Объектінің  құрылысын  салу  процесінің  мемлекеттік  нормативтерге 

сәйкестілігіне  қойылатын  талаптарды  сақтауға  қатысты  жұмыстарды  ұйымдастыру  үшін 

құрылыс  қатысушылары:  тапсырыс  беруші,  мердігер,  жобалаушы  өздерінің  үкімдік 

құжаттары арқылы объект үшін:  

1) тапсырыс берушіден – орындалатын жұмыстардың барысы мен сапасына, оларды 

орындау  мерзімдерінің  сақталуына,  мердігер  ұсынатын  материалдардың  сапасына, 

сонымен  қатар  мердігердің  тапсырыс  берушінің  материалдарын  дұрыс  пайдалануына 

бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын;  

2)  мердігерден  –  жұмыстардың  жобалау-сметалық  құжаттама  мен  мемлекеттік 

нормативтерге сәйкес орындалуына дербес жауаптыларды тағайындайды. 

Аталған  тұлғалардың  құрылыс  саласындағы  бақылау  және  қадағалаумен  айналысу 

үшін заңнамамен белгіленген талаптарға сәйкес рұқсат құжаттары болуы керек. 

6.8.1.4  Объектінің  құрылысын  бастауды  жүзеге  асыру  үшін  орындалған 

жұмыстардың  сәйкестілігін  бағалауды  заңнамамен  белгіленген  тәртіп  бойынша 

мемлекеттік  құрылыс  инспекторы  орындайды.  Қарастыруға  ұсынылған  құжаттар 

көрсетілген  талаптарға  сәйкес  келген  жағдайда  мемлекеттік  құрылыс  инспекторы 

құрылыс салуға рұқсат береді.  



 

6.8.2  Құрылыс алаңын дайындау кезеңі 

 

6.8.2.1  Құрылыс-монтаж  жұмыстарын  бастау  сатысында  құрылыс  объектісінің 

сәйкестілігін  бағалау  мен  қамтамасыз  етуді  құрылысты  ұйымдастыру  жобасына  сай 

техқадағалау сарапшысы жүзеге асырады. 

6.8.2.2  Белгіленген  құрылыс  нормаларына  сәйкес  құрылысқа  арналған  уақытша 

ғимараттар,  имараттар  мен  баспаналар  құрылыс  салуды  қамтамасыз  ету  үшін  арнайы 

салынады (орнатылады, жабдықталады), және құрылыс аяқталғаннан кейін жоюға немесе 

тұрақты пайдалануға беру үшін қайта жабдықталуға тиесілі.  

6.8.2.3  Уақытша  ғимараттар  мен  имараттар,  сонымен  қатар  құрылыс  салу 

қажеттілігі  үшін  жабдықталған,  қолданыстағы  ғимараттар  мен  имараттардағы  жеке  үй-

жайлар тұрмыстық, өндірістік, әкімшіліктік және тұрғын ғимараттарға, имараттарға және 

үй-жайларға  қойылатын  қолданыстағы  құрылыс,  өрт,  санитарлық-эпидемиологиялық 

нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес келуі керек. 

6.8.2.4  Құрылыс  алаңының  сәйкестілігін  бағалаған  кезде  техқадағалау  сарапшысы 

құрылыстың бас жоспарымен анықталған, құрылыс алаңы аумағында орналасқан уақытша 

ғимараттар мен имараттардың құрамын тексереді. 




жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау