Методический документ республики казахстан



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет14/33
Дата06.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25956
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33

 

25 


өкілімен,  немесе  тапсырыс  берушімен  келісіледі.  Тексеру  фактісі  мен  жобалық 

шешімдердің  жобалау  құжаттамасына  сәйкестілігін  белгілеуді  авторлық  қадағалау 

сарапшысы авторлық қадағалау журналына жазады.  

6.8.7.3  Авторлық қадағалаудың аккредитацияның халықаралық жүйесінің елдерінің 

тобымен 

расталған 

және 

Қазақстан 



Республикасының 

заңнамасына 

сәйкес 

аттестацияланған  тиісті  стандарттармен  техникалық  жарықтандырылған  құрылыс 



зертханасы болуы керек. Егер авторлық қадағалаудың ондай зертханасы болмаса, онда ол 

қызметін  жоғарыда  аталған  деңгейге  сәйкес  техникалық  жарықтандырылған  құрылыс 

зертханасын тарту арқылы көрсетуі керек. 

6.8.7.4  Құрылыс объектісінің жобалау-сметалық  құжаттамада көрсетілген құрылыс 

шешімдеріне  сәйкестілігін  қамтамасыз  етуді  авторлық  қадағалау  сарапшысы:  құрылыс-

монтаж жұмыстарын:  

1) технология бұзылысы, жобадан ауытқу, сапасыз құрылыс материалдарын қолдану 

анықталған  жағдайда  –  анықталған  ақаулар  мен  бұзылыстарды  жойғанға  дейін  құрылыс 

және монтаж жұмыстары өндірісін тоқтату

2) тапсырыс берушінің бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын жауапты  өкіліне 

немесе тапсырыс берушіге жобадан жүйелі ауытқитын, жұмыс өндірісінің талаптары мен 

нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын бұзатын мердігерді жұмыстан алыстату 

туралы ұсыныс жасау

3) тапсырыс берушінің бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын жауапты  өкіліне 

немесе  тапсырыс  берушіге  төлем  жүргізу  үшін  ұсынылған  құжаттарды  түзетуге  немесе 

төлемақы  төлеу  үшін  орындалған  жұмыстарды  қабылдау  актілерінен  мемлекеттік 

нормативтер  мен  жобалау-сметалық  құжаттамаларға  сай  келмейтін  жұмыс  көлемдерінің 

ақысын алып тастауға қатысты ұсыныс жасау; 

4) мердігердің  құрылыс-монтаж  жұмыстарының  өндірісіне  жауапты  тұлғаларына 

ақауларды жою мен олардың пайда болу себептерін жоюға қатысты ұсыныс бағыттау

5) құрылысы  аяқталған  объектіге  тексеру,  зерттеу  және  қажет  болғанда  –  сынақ 

жүргізу, ескертулер жасау, ескертулерді  мердігердің толық жоюын қамтамасыз ету және 

белгілі тәртіп бойынша тапсырыс берушіге объектіні пайдалануға беруге қабылдау туралы 

кеңес ұсыну; 

6) мердігерден конструкцияны, бұйымды, материалдарды қайталап сынауды немесе 

жұмыстардың талдауды жүргізуді талап ету арқылы іске асырады. 

6.8.7.5  Құрылыс-монтаж  жұмыстары  сатысында  құрылыс  объектісінің  жобалау-

сметалық  құжаттаның  талаптарына  сәйкестілігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  авторлық 

қадағалау сарапшысына төмендегі құқықтар беріледі: 

1) құрылыс  салу  кезінде  мемлекеттік  стандарттарға,  техникалық  шарттарға  және 

жобалау-сметалық  құжаттамаға  сәйкес  келмейтін  құрылыс  өнімдері  мен  жабдықтарды 

пайдалануға тыйым салу;  

2) жобалау-сметалық  құжаттама  мен  мемлекеттік  нормативтердің  талаптары 

бұзылғандығы анықталғаннан кейін жұмыс өндірісін тоқтату қажеттілігі туралы тапсырыс 

берушінің бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын жауапты өкіліне, немесе тапсырыс 

берушіге, бас мердігерге, қосалқы мердігерлерге хабар беру

3) сертификаттардың  (төлқұжаттардың)  және  конструкциялардың,  бөлшектердің, 

құрылыс  материалдары  мен  жабдықтардың  басқа  техникалық  құжаттамалардың 

мемлекеттік  стандарттарға,  техникалық  шарттарға  және  жобалау-сметалық  құжаттамаға 

сәйкестігін тексеру;  

4) тапсырыс берушінің бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын жауапты өкіліне, 

немесе  тапсырыс  берушіге  бағаны  төмендету,  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкестілік 

көрсеткіштерін  жақсарту,  құрылыс  ұзақтығын  қысқарту,  объектідегі  құрылыс-монтаж 

жұмыстары өндірісінің технологиясын жетілдіру туралы ұсыныстар беру




 

26 


5) жұмыс  өндірісі  ары  қарай  мүмкін  емес  болатын  және  түзету  үшін  ғимараттың 

немесе  имараттың  конструкциясын  не  бөлігін  әзірлеу  талап  етілетін  бұзылыстар 

анықталған  кезде  тапсырыс  берушінің  бақылау  мен  қадағалауды  жүзеге  асыратын 

жауапты өкіліне, немесе тапсырыс берушіге жазбаша түрде хабар беру. 

6.8.7.6  Авторлық  қадағалау  журналында  жазылған  жобалау-сметалық  құжаттамаға 

сәйкестілікке келтіруге қатысты барлық ескертулер мен нұсқаулар мердігер орындау үшін 

міндетті болып табылады. 

6.8.7.7  Ақауларды  жоюға  қатысты  нұсқаулар  уақытылы  емес  немесе  сапасын 

орындалған жағдайда авторлық қадағалау сарапшысы ақауларды жою қажеттілігі туралы 

қайталама жазба жазады, ол туралы тапсырыс берушінің бақылау мен қадағалауды жүзеге 

асыратын жауапты өкіліне жазбаша түрде хабарлайды. 

 

6.8.8 



Құрылыс  объектісінің  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкестілігін 

мемлекеттік құрылыс инспекторының бағалауы 

 

6.8.8.1  Құрылыс-монтаж  жұмысының  өндірісі  және  объектіні  пайдалануға  беруге 



өткізу  процесі  сатысында  құрылыс  объектісінің  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасымен  белгіленген  талаптарға  сәйкестілігін  бағалау  мен  қамтамасыз  етуді 

мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының (МСҚ) қызметкері  – мемлекеттік құрылыс 

инспекторы жүзеге асырады.  

6.8.8.2  Мемлекеттік  құрылыс  инспекторы  МСҚ  әкімшілік  аумақтық  бірлікте 

ведомствоастылық  құрылыс  объектісінің  қауіпсіздігіне  жауап  беретін  мемлекеттің 

құзіретті өкілі болып табылады.  

6.8.8.3  Мемлекеттік  құрылыс  инспекторын  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс 

қызметі  саласындағы  уәкілетті  орган  құрылыс  өндірісін  басқарудың  жеткілікті 

тәжірибесіне ие және аттестациялаудың заңнамалық белгіленген тәртібі негізінде берілген 

рұқсат құжаты бар білікті мамандардың ішінен тағайындайды.  

6.8.8.4  Мемлекеттік құрылыс инспекторының сәулет, қала құрылысы және құрылыс 

қызметі саласындағы уәкілетті органның белгіленген үлгідегі атаулы мөрі болады. 

Құрылыс  объектісінің  жобалау-сметалық  құжаттамада  көрсетілген  шешімдерге 

сәйкестілігін  қамтамасыз  етуді  мемлекеттік  құрылыс  инспекторы  заңнама  талаптарының 

негізінде іске асырады.  

6.8.8.5  Құрылыс-монтаж  жұмысы  сатысында  құрылыс  объектісінің  Қазақстан 

Республикасының халықтың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз жағдайларды жасау және 

қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңнамасының талаптарына сәйкестілігін қамтамасыз 

ету мақсатында мемлекеттік құрылыс инспекторы: 

1) құрылыс салудың барлық мерзімі ішінде мердігер уақытша инженерлік желілерді, 

жолдар  мен  көлік  имараттарын,  қоймалық  алаңдар  мен  басқа  да  барлық  қатысушылар 

ортақ  пайдаланатын  уақытша  ғимараттар  мен  имараттарды  жабдықтауды,  пайдалануға 

беруді  және  жоюды,  сонымен  қатар  егер  өзгесі  құрылыс  қатысушыларының  арасындағы 

келісімдермен  немесе  құрылысты  келісу  шарттарымен  қарастырылмаған  болса,  алаң 

аумағындағы жерді құнарландыруын қамтамасыз етуіне; 

2) табиғи ресурстарды ілеспелі  әзірлеу бақылау  мен қадағалаудың тиісті органдары 

мен  жергілікті  атқарушы  органдармен  келісілген  жобалау-сметалық  құжаттаманың  бар 

болған кезінде ғана жүзеге асуына;  

3) қолданыстағы  құрылыстың  аумағында  уақытша  шұңқырлар  орнату  мен  басқа  да 

кедергілерге  қатысты  жұмыстарды  өндіру  кезінде  жұмысты  жүргізетін  құрылыс  ұйымы 

аумақ  иесімен  келісу  арқылы  көпірлер,  ұстағышы  бар  жаяу  жүргіншілер  көпірлерін, 

жолдарды  жасау  жолы  арқылы  автокөліктің  жүруі  мен  үйлерге  өтетін  жолдарды 

қамтамасыз етуіне; 




жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау