Методический документ республики казахстан



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет12/33
Дата06.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25956
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33

 

21 


объектінің  соғудың  құрылыс  жұмыстары  өндірісі  кезінде  соңғы  әрлеуді  қарастыра 

отырып, бетінің әрлеуі аяқталмаған құрылыс өнімдерін дайындауға жол беріледі.  

6.8.4.9  Мемлекеттік  нормативтердің  талаптарына  сәйкес  келмейтін  құрылыс 

өнімдерін  мердігер  арнайы  маркалап,  тиісті  шешім  қабылдағанға  дейін  қолданудан 

шығаруы керек. 

6.8.4.10 Операциялық бақылаумен: 

1) өндірістік  процестер  мен  операциялардың  жүйелілігі  мен  толық  орындалуының 

сәйкестілігі,  сонымен  қатар  технологиялық  тәртіп  нормаларының  технологиялық 

құжаттаманың (технологиялық карталардың, регламенттердің) талаптарының сақталуы; 

2) жобалау-сметалық  құжаттамада,  құрылыс  нормаларында,  ережелері  мен 

стандарттарында  көзделген  техникалық  шешімдердің  орындалуы,  жұмыстардың  аралық 

нәтижелерінің мемлекеттік нормативтерге сәйкестілігін қамтамасыз ету тексеріледі. 

6.8.4.11 Мердігер  өзінің  үкімдік  құжаттары  арқылы  операциялық  бақылауды 

орындауға,  оның  нәтижелерін  құжаттау  мен  бақылау  кезінде  анықталған  ақауларды 

жоюды орындау үшін жауаптыларды тағайындауы керек. 

6.8.4.12 Мердігер  авторлық  қадағалау  сарапшысы  мен  техқадағалау  сарапшысының 

қатысуы  кезінде  аяқталған  жұмыстардың  жобалау-сметалық  құжаттамаға  сәйкестілігін 

аралық бағалауды орындауға міндетті. Сәйкестілікті аралық бағалау келесі жұмыстармен 

жабылатын  жұмыстардың  (ары  қарай  –  жасырын  жұмыстар)  нәтижелерін  куәландыру, 

сонымен қатар ғимараттар мен имараттардың, жауапты конструкциялардың элементтерін, 

инженерлік жүйе мен олардың бөліктерін аралық қабылдау формасында орындалады.  

6.8.4.13 Сәйкестілікті  аралық  бағалауға  тиесілі  ғимараттар  мен  имараттардың, 

жауапты конструкциялардың элементтерінің, инженерлік жүйе мен олардың бөліктерінің 

құрамы,  қатысушылардың  құрамы,  нәтижелерді  құжаттандырудың  нақты  ережелері  мен 

әдісі,  сонымен  қатар  олардың  қатарына  кіретін  сынау  мен  сынақ  құрамы  мемлекеттік 

нормативтермен,  жобалау-сметалық  құжаттамамен  немесе  мердігерлік  шартпен 

белгіленеді.  

6.8.4.14 Жасырын  жұмыстарды  куәландыруды,  қажет  болғанда  –  мемлекеттік 

нормативтермен,  жобалау-сметалық  құжаттамамен  қарастырылған  өлшеулер  мен 

сынақтарды орындау арқылы, мердігер ұйымдастырады.  

6.8.4.15 Жеке  жауапты  конструкцияларды,  конструкцияладың  ярустары  мен 

қабаттарды  аралық  қабылдауды  мердігер  ұйымдастырады,  ол  үшін  конструкцияны 

қабылдауға  қойылатын  атқарушы  геодезиялық  схемаларды,  сынау  туралы  қажетті 

құжаттарды,  сонымен  қатар  осы  конструкциялардың  құрамына  кіретін  барлық  жасырын 

жұмыстарды куәландыру актілерін дайындайды.  

6.8.4.16 Жасырын жұмыстарды куәландыру мен жауапты конструкцияларды аралық 

қабылдауға  мердігер,  техқадағалау  сарапшысы  қатысады.  Бұл  шараларға  құрылыстың 

мүдделі  қатысушысының  шақыруы  бойынша  сарапшылар  мен  басқа  да  мамандар 

қосымша қатысуы мүмкін. 

6.8.4.17 Мердігерде  сапа  менеджментінің  сертификатталған  жүйесінің  бар  болуы 

оған  жасырын  жұмыстарды  куәландыру  мен  аралық  қабылдауды  техқадағалау 

сарапшысының қатысуысыз жүргізу құқығын береді. Бұл жерде осы жасырын жұмыстар 

бойынша  болуы  мүмкін  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкессіздік  үшін  жауапкершілік 

мердігерге жүктеледі. 

6.8.4.18 Құрылыс  процесінде  жұмыс  мердігерлері  жобалық  шешімдердің  нақты 

орындалуын және имараттар мен олардың бөліктерінің нақты күйін көрсететін атқарушы 

құжаттаманы  жұмыстардың  жеке  кезеңдері  аяқталуы  бойынша  өндірістің  барлық 

сатысында жасауға міндетті. Атқарушы құжаттарды жасау, мазмұны мен формаларының 

тәртібі мемлекеттік нормативтердің талаптарымен белгіленеді. 

 



 

22 


6.8.5 

Құрылыс-монтаж 

жұмыстарының 

мемлекеттік 

нормативтердің, 

мердігердің сыртқы бақылауына сәйкестілігін бағалау 

 

6.8.5.1  Құрылыс-монтаж  жұмыстарының  өндірісі  мен  объектіні  құрылыс  мерзімін 



сақтау бойынша пайдалануға беруге өткізу сатысында құрылыс объектісінің сәйкестілігін 

бағалау  мен  қамтамасыз  етуді  тапсырыс  берушінің  бақылау  мен  қадағалауды  жүзеге 

асыратын жауапты өкілі сыртқы бақылау ретінде жүзеге асырады.  

6.8.5.2  Тапсырыс  берушінің  бақылау  мен  қадағалауды  жүзеге  асыратын  жауапты 

өкілі  оның  құрылыс  объектісіндегі  уәкілетті  өкілі  болып  табылады  және  құрылыс 

өндірісін басқарудың жеткілікті тәжірибесі мен құрылыс қызметінің тиісті түрі бойынша 

оның  біліктілігінің  жоғары  деңгейін  міндетті  растау  арқылы  заңнамалық  түрде 

белгіленген  аттестаттау  тәртібінің  негізінде  берілген  рұқсат  құжаты  бар,  білікті 

мамандардың қатарынан тағайындалады. 

6.8.5.3  Тапсырыс  берушінің  бақылау  мен  қадағалауды  жүзеге  асыратын  жауапты 

өкілі  тапсырыс  берушімен  келісу  арқылы  немесе  тапсырыс  берушінің  өзі  тапсырыс 

берушінің  қаржысына  өзінің  функционалдық  міндеттеріне  қатысты  тапсырмалардың 

шешу үшін мамандарды тарту құқығына ие. Бұл жерде осы мамандардың әрекетіне және 

әрекетсіздігіне жауапкершілік оларды тартқан тұлғаға жүктеледі. 

6.8.5.4  Құрылыс-монтаж  жұмыстары  сатысында  құрылыс  объектісінің  жобалау-

сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкестілігін қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс 

берушінің бақылау  мен қадағалауды жүзеге  асыратын жауапты өкіліне немесе тапсырыс 

берушіге келесі функциялар жүктеледі: 

а)  құрылысты ұйымдастыру жобасына сәйкес құрылыстың белгіленген мерзімдерге 

сәйкестігін бағалау бөлігінде: 

1) соғылып  жатқан  объектіні  мердігерлік  шартқа  (қосымша  келісімдерге)  сәйкес 

құрылыс  ұзақтығының  нормативтік  мерзімдерінде  пайдалануға  беруге  енгізуді 

қамтамасыз ету мақсатында жұмыс өндірісі кестесін сақтауды бақылау; 

2) тапсырыс  берушіге  жобаларды  жүзегеасыру  барысы  туралы  жоспарлық  және 

жоспардан тыс есептілікті ұсыну; 

3) мердігер  дайындаған  жұмыстардың  күнтізбелік  жоспарын  қарау  және  бекіту 

үшін тапсырыс берушіге ұсыну; 

4) мердігердің  жұмыстарды  орындау  мерзімін  ұзартуға,  қосымша  немесе 

көзделмеген  жұмыстарға,  шығындарға  компенсация  төлеуге,  тапсырыс  берушіге  кеңес 

беруге қатысты шағымдарын қарастыру; 

5) тапсырыс  берушіге  жобаларды  жүзеге  асыру  барысы,  мердігердің  қызметі, 

жұмыс сапасы мен болашаққа болжам жасау туралы кезеңдік есептер ұсыну; 

6)  құрылыстың  күнтізбелік  жоспарына  сәйкес  жүргізілген  құрылыс-монтаж 

жұмыстарының  көлеміне  мониторинг  жүргізу,  орындалған  жұмыс  көлемдерін  кезең  және 

соңғы рет өлшеу мен олардың мердігерлердің есептеріне сәйкестілігі туралы қорытынды беру; 

б) мердігерге қойылатын сапа менеджментінің белгіленген талаптарға  сәйкестілігін 

бағалау бөлігінде: 

1) тапсырыс  берушінің  тапсырысы  бойынша,  жергілікті  атқарушы  органдармен, 

жер  телімдері  мен  коммуникациялардың  иелерімен,  басқа  ұйымдар  мен  объектілердің 

құрылысын  салу  мен  реконструкциялау  сұрақтарына  қатысты  қоғамдастықтармен 

қатынаста оның мүдделерін ұсыну; 

2) мердігерлік  шартты  жүзеге  асыру  және  кеңес  беруге  қатысты  пайда  болған 

немесе пайда болған ықтимал мәселелер туралы тапсырыс берушіге хабарлау; 

3) тапсырыс беруші берген құзіретке сәйкес жүзеге асырылатын жобаны басқару 

сұрақтарына қатысты шешімдер қабылдау; 



жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау