Методический документ республики казахстан


 Сәулет-жоспарлық тапсырманы беру



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет7/33
Дата06.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33

 

11 


6.6 Сәулет-жоспарлық тапсырманы беру 

 

6.6.1  Сәулет-жоспарлық  тапсырманы  беру  сатысында  құрылыс  объектілерінің 

сәйкестілігін  бағалау  мен  қамтамасыз  ету  сәулет,  қала  құрылысының  жергілікті 

органдарының  қызметін  реттеу  саласындағы  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкес  жүзеге 

асырылады.  Сәулет-жоспарлық  тапсырманы  (СЖТ)  сәулет  және  қала  құрылысының 

жергілікті  органдары  жер  телімінің  құқық  иелеріне  оларға  инвестициялық  жобаны  іске 

қосу мүмкіндігін беру мақсатында береді.  

6.6.2  СЖТ  талаптары  елді  мекендердің  аумағында  сәулет,  қала  құрылысы  және 

құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың нормаларын көрсетеді және: 

1) объектінің  қоршаған  ортаға  әсер  етуін  бағалауды  есептеу  және  табиғи 

ресурстарды  оңтайлы  пайдалануға,  экологиялық,  санитарлық-эпедемиологиялық 

қауіпсіздік  және  қоршаған  ортаны  қорғауды  қамтамасыз  етуге  қатысты  шараларды 

белгілеу; 

2) елді,  аумақты  және  елді  мекендерді  қауіпті  (зиянды)  техногендік  және 

антропогендік  жаратылыстар  мен  процестердің  әсерінен  қорғауға  қатысты  заңнамамен 

белгіленген талаптарды қамтамасыз ету; 

3)  заңнамалық  тәртіп  бойынша  тарихи,  мәдени  құндылықтар  болып  табылған  және 

ландшафттық  объектілермен  қорғалған  аумақтар  мен  объектілердің  сақтылығын 

қамтамасыз ету мақсатында құрылады. 

6.6.3  Объектілерді  қалада  жобалаудың  СЖТ  объектінің  мақсатына,  негізгі 

параметрлеріне  және  нақты  жер  телімінде  (алаңда,  трассада)  орналастыруға  қойылатын 

талаптардың,  сонымен қатар  қала  құрылыстық  регламенттермен  және  басқа  нормативтік 

актілермен белгіленген жобалаудың міндетті талаптарының, шарттары мен шектеулерінің 

кешені болып табылады. 

6.6.4  СЖТ  әртүрлі  мақсаттағы  объектілерді  жобалауға  қатысты  жалпы  кеңестер 

табиғи-климаттық, сейсмикалық және қала құрылысы шарттарының есебімен енгізіледі. 

6.6.5  СЖТ  рұқсат  берілген  құрылыс  пен  жобалау  және  бөлінген  аумақтың,  оның 

жеке телімінің құрылысын салудың шарттарына:  

1) қолданыстағы  құрылыстың,  қала  құрылыстық  регламенттердің  есебімен 

жобаланатын 

ғимараттың, 

имараттың, 

кешеннің 

жалпы 


көлемдік-кеңестіктік 

композициясы бойынша;  

2) ұсынылған  жер  телімін  (оған  жанасқан  бекітілген  аумақты)  абаттандыру 

бойынша; 

3) аумақты  инженерлік  дайындау,  топырақ  суларының  деңгейін  төмендету,  жауын 

және жиналған суларды шатырлар мен объектіге жанасқан аумақтан бұру, шұңқырларды 

көму,  аумақты  кептіру,  аумақты  көгалдандыру  мен  абаттандыру,  көшеттерді  суғаруды 

ұйымдастыру,  көшеның  жүретін  жерлері  мен  тротуарлардың  жабыны,  шағын  сәулеттік 

формалар, жарнама, жарықтандыру және тәуліктің қараңғы кезіндегі шам жағу, басқа да 

жұмыстар бойынша; 

4) олардың  құрылысын  қаржыландыру  көздерін  анықтау  арқылы  жалпы  қала 

қажеттілігі  үшін  ғимаратқа  жанаса  салынған  үй-жайлардың  функционалдық  мақсаты 

бойынша; 

5) құрылыстың  техникалық  шарттары,  санитарлық,  экологиялық  және  өртке  қарсы 

талаптар, тапсырыс берушінің немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыстың жергілікті 

органы  инженерлік  және  коммуналдық  объектілер  мен  желілерді  пайдалануға  беретін 

ұйымдардан  және  инженерлік  қызметтерден  алған  инженерлік  желілерге  қосу  шарттары 

бойынша шекті параметрлері белгіленеді. 

6.6.6  СЖТ  алудың  жұмыстарын  тапсырыс  беруші  немесе  шарт  бойынша  осы 

жұмыстарды орындау тапсырылған субъект жүргізеді.  




 

12 


6.6.7  Сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыстың  жергілікті  органдары  СЖТ  қала 

құрылыстық  регламенттер  мен  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкестілігі  үшін  заңнамамен 

белгіленген нормаларға сай жауапкершілікте болады. 

6.6.8  Тапсырыс  берушіге  инвестициялық  жобаны  іске  қосу  үшін  берілген  сәулет-

жоспарлық  тапсырманың  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкестілігін  бағалау  сәулет,  қала 

құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына 

сәйкес жүзеге асырылады. 

 

6.7 Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу 

 

6.7.1 Жалпы ережелер 

 

6.7.1.1  Құрылыстың  жобалау-сметалық  құжаттамасын  әзірлеу  сатысында  құрылыс 



объектісінің  сәйкестілігін  бағалау  мен  қамтамасыз  ету  жобалау-сметалық  құжаттаманы 

әзірлеу саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады. 

6.7.1.2  Жобалау-сметалық  құжаттаманы  әзірлеуді  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасына сәйкес қызметтің сол түріне тиісті құқығы бар субъектілер жүзеге асырады. 

Құрылыстың  жобалау-сметалық  құжаттамасын  әзірлеу  сатысында  құрылыс  объектісінің 

сәйкестілігін  бағалаған  кезде  жобалау-сметалық  құжаттаманы  әзірлейтін  субъектілердің 

(ары қарай – жобалаушылар) біліктілік мүмкіндіктері тексеріледі. Жобалаушыларға келесі 

талаптар қойылады: 

1) кәсіби  біліктіліктің  жеткілікті  деңгейі  мен  жобалау-сметалық  құжаттаманы 

әзірлеу бойынша тәжірибесі бар мамандар болуы керек; 

2) әзірлеуші-ұйымның  мамандары  әзірлеген  тиісті  салаларда  жобалау-сметалық 

құжаттаманы әзірлеу тәжірибесінің бар болуы керек; 

3) жобалау-сметалық  құжаттаманың  арнайы  бөлімдерін  әзірлеу  тәжірибесі  бар 

мамандар бар болуы керек. 

6.7.1.3  Сәйкестілікті  бағалаған  кезде  жобалау-сметалық  құжаттама  адамның  өмір 

сүруі  мен  қызмет  етуінің  толыққанды  ортасын  қалыптастыруға,  жобаланатын 

объектілердің қауіпсіз және тұрақты функционерлеуін  қамтамасыз етуге, инвестицияның 

тиімділігіне,  материалдық-техникалық  және  еңбек  шығындарын  оңтайландыруға,  табиғи 

ресурстарды оңтайлы пайдалануға бағытталған талаптарға қаншалықты жауап беретіндігі 

тексеріледі.  Көрсетілген  талаптар  жоба  алдылық  және  (немесе)  жобалау-сметалық 

(жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу тапсырмасын орындаудың шартының ажырамас 

бөлігі болып табылатын жобалау тапсырмасының негізінде орындалуы керек. 

6.7.1.4  Жобалау  тапсырмасын  тапсырыс  беруші,  немесе  оның  уәкілетті  өкілі 

құрайды,  тапсырыс  беруші  бекітеді  және  қала  құрылыстық  регламенттерден,  объектінің 

талап етілетін параметрлерінен, басқа да шығыс деректерінен тұруы керек.  

6.7.1.5  Жобалау-сметалық  құжаттаманы  әзірлеу  сатысында  сәйкестілікті  бағалау 

жобаны  жалпы  қала  құрылыстық  жобаларда  (елді  мекеннің  бас  жоспарында,  бөлшектеп 

жоспарлау  жобаларында,  құрылыс  салу  жобаларында)  қабылданған  және  бекітілген 

жалпы  жоспарлық  және  көлемдік-кеңістіктік  шешімдердің,  техникалық,  технологиялық, 

инженерлік  және  экологиялық  жобалау  шешімдерінің  мемлекеттік  нормативтерде 

белгіленген талаптарға сәйкестілігін тексеруден тұрады. 

 

6.7.2 Құрылысты ұйымдастыру жобасы 

 

6.7.2.1  Объектіні  жоспарланған  мерзімде  қолданысқа  енгізуді  қамтамасыз  ету 



бөлігінде  құрылыс  объектісінің  сәйкестілігін  бағалау  құрылысты  ұйымдастыру  жобасын 

тексеру  негізінде  жүзеге  асырылады.  Құрылысты  ұйымдастыру  жобасы  құрылыс-монтад 




жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау