9
10) қолданыстағы ғимараттар мен имараттар іргетастары іргелерінің топырақтарын
зерттеу;
11) инженерлік-геологиялық жағдайлардың өзгерінің болжамын жасау;
12) құрылыстың жеке алаңдарының сейсмикалығын нақтылау;
13) материалдарды камералдық өңдеу және техникалық есепті құру.
6.4.8 Жоба алдылық құжаттаманы негіздеу мақсатында құрылыс үшін инженерлік
іздеу өңірдің (ауданның, алаңның, трассаның) табиғи және техногендік жағдайларын
кешенді зерттеуді, осы жағдайлардың құрылыс объектілерінің өзара қатынас кезінде
ықтимал өгеруінің болжамын құруды қамтамасыз етуі керек.
6.4.9 Кәсіпорын, ғимарат және имарат құрылысын салуға инвестицияны негіздеуді
дайындауға арналған инженерлік іздеулер:
1) алаңды (трассаны) таңдауды,
2) құрылыстың базалық бағасын анықтауды;
3) ең ірі және күрделі ғимараттар мен имараттар және оларды инженерлік қорғауға
қатысты қағидаттық көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдерді қабылдауды;
4) құрылыс
объектілерін орналастыру схемаларын (жағдайлық және бас
жоспарларды) құруды;
5) құрылыс объектісінің қоршаған ортаға әсер етуін бағалауды негіздеу үшін
құрылысты орналастыру орындарының көзделген нұсқаларының табиғи және техногендік
жағдайлары туралы қажетті және жеткілікті материалдарды (деректерді) алуды
қамтамасыз етуі керек.
6.4.10 Кәсіпорынның, ғимараттың және имараттың жобасын әзірлеу мақсатында
құрылыс салудың инженерлік іздеулері табиғи және техногендік жағдайлар мен олардың
құрамындағы өзгерістерді болжау туралы қажетті және жеткілікті материалдар мен
деректерді құрылыс объектісінің таңдалған алаң (трасса) аумағы бойынша жобалық
шешімдерді әзірлеу үшін бөлшекті және жетерліктей болуын қамтамасыз етулері керек.
6.4.11 «Жоба» сатысындағы инженерлік іздеулер ғимарат пен имаратты жинақтауды
негіздеу, оларға конструктивтік және көлемдік-жоспарлық шешімдер қабылдау,
жобаланатын объектінің жағдайлық және бас жоспарларын құру, шараларды әзірлеу мен
инженерлік қорғау имараттарын жобалау, қоршаған ортаны қорғауға қатысты шаралар,
құрылысты ұйымдастыру жобасы үшін қажетті материалдарды алуды қамтамасыз етуі
керек.
6.4.12 Ғимарат пен имаратқа жұмыс құжаттамасын әзірлеу мақсатында құрылысқа
арналған инженерлік іздеулер ғимарат пен имараттың қоршаған ортамен өзара қатынасы
саласындағы табиғи жағдайларын бөлшектеу мен нақтылауды қамтамасыз етуі керек.
Жобалау-сметалық құжаттаманың осы кезеңіне арналған іздеулер ғимараттар мен
имараттардың іргелерін, іргетастарын және конструкцияларын, олардың инженерлік
қорғауын есептеу үшін, профилактикалық және басқа қажетті шараларды, жер
жұмыстарының өндірістерін жүзеге асыруға қатысты соңғы шешімдерді әзірлеу үшін,
сонымен қатар жобаны әзірлеу, келісу және (немесе) бекіту барысында тууы мүмкін жеке
сұрақтарға қатысты жобалық шешімдерді нақтылау үшін қажетті материалдарды алуға
мүмкіндік беруі керек.
6.4.13 Инженерлік-геодезиялық іздеулер сатысында құрылыс объектілерінің
сәйкестілігін бағалаған кезде техникалық есеп (жеке ғимараттар мен имараттарды
жобалауға арналған қарапайым табиғи жағдайлардағы инженерлік іздеу кезіндегі
қорытынды немесе түсіндірме хат) тексеріледі, ол тапсырыс берушінің техникалық
тапсырмасы мен іздеу бағдарламасымен қарастырылған деректерден, сонымен қатар
бағдарламаны рұқсатты өзгертуді негіздеуден тұрады.
10
6.4.14 Техникалық есептің (қорытындының) құрамына есептің мәтіні, мәтіндік және
графикалық қосымшалар кіруі керек. Инженерлік іздеудің есептік материалдары объектіні
жобалау және құрылысын салу мен аумақты инженерлік дайындау кезіндегі табиғи
жағдайларды есепке алуға қатысты кеңестер мен ұсыныстардан, сонымен қатар
жобалаудың келесі сатылары үшін іздеу өндірісіне қатысты кеңестерден тұруы керек.
6.3.15 Инженерлік-геологиялық жұмыстардың мемлекеттік нормативтерге
сәйкестілігін бақылау кіріс бақылау, операциялық бақылау және қабылдайтын бақылауды
қарастыратын субъектінің ішкі бақылауы арқылы жүзеге асырылады.
6.3.16 Инженерлік-геологиялық жұмыс нәтижелерінің мемлекеттік нормативтерге
сәйкестілігін ішкі бақылауды тапсырыс беруші тартқан инжинирингтік компания, немесе
заңнамамен белгіленген рұқсат құжаттамасы бар пайдалануға беру компаниясы жүргізеді.
6.5 Объектіні инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне техникалық
шарттарды қосуды келісу
6.5.1 Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерін пайдалануға беретін ұйым
мен жер телімдерінің меншік иелерінің арасында құрылыс объектілерін инженерлік-
техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосудың техникалық шарттарын (ары қарай –
техникалық шарттар) анықтау мен беру процесі кезінде туындаған қатынастарды реттеу
сатысында құрылыс объектілерінің сәйкестілігін бағалау мен қамтамасыз ету Қазақстан
Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
6.5.2 Техникалық шарттар келесі деректерден тұруы керек:
1) қосудың ықтимал нүктелеріндегі максималдық жүктеме;
2) құрылыс объектілерін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне
қосудың, инвестициялық бағдарламаларды іске қосу мерзімдеріне байланысты
анықталатын мерзім;
3) аяқталған кезде берілген техникалық шарттардың параметрлері өзгеруі мүмкін
техникалық шарттардың әрекетінің мерзімі.
6.5.3 Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерін пайдалануға беретін ұйым
жер телімінің меншік иесінің сұранысы бойынша:
1) тиісті ресурстардың өндірісі мен инженерлік-техникалық қамтамасыз ету
желілерінің қосу қабілеттілігі бойынша талдаудың негізінде, ал өзара қосу нүктелерінде –
инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінің технологиялық байланыстарын
пайдалануға беруді жүзеге асыратын ұйымдармен бірге көрсетілген талдаудың есебімен;
2) құрылыс объектілерін қолданыстағы инженерлік-техникалық қамтамасыз ету
желілеріне қосудың баламалық нұсқаларын бағалаудың есебімен;
3) ондай ұйымның бұрын берілген техникалық шарттарға сәйкес құрылыс
объектілерін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосуды қамтамасыз ету
міндеттерінің есебімен техникалық шарттарды анықтайды.
6.5.4 Құрылыс объектілерін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне
қосу сатысында құрылыс объектілерінің сәйкестілігін бағалаған кезде тиісті ресурстарды
жарақтандыру мен тасымалдау мүмкіндіктері қарастырылады. Инженерлік-техникалық
желілерді қосуға рұқсат:
1) ресурстың қажетті көлемін беруді қамтамасыз ететін желінің өткізу қабілеттілігі
резерві бар болған кезде;
2) тиісті ресурс өндірісі бойынша қуаттылық резерві бар болған кезде беріледі.
6.5.5 Жер телімінің иесіне берілген техникалық шарттардың сәйкестілігін бағалау
инвестициялық процесті іске қосу мақсатында инженерлік желілерді пайдалануға беретін
ұйымдардың қатынастарын реттеудың тиісті саласындағы Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.