Методический документ республики казахстан



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет2/33
Дата06.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

 

IV 


КІРІСПЕ 

 

2011-2015 



жылдарға  арналған  стратегиялық  жоспарға  сәйкес  Қазақстан 

Республикасының  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  істері  жөніндегі  уәкілетті 

мемлекеттік  органына  адамның  толыққанды  өмір  сүру  және  тіршілік  ету  ортасын 

қалыптастыру,  елді  мекендер  мен  ауыларалық  аумақты  тұрақты  дамыту,  қауіпсіздікті 

қамтамасыз  ету  мен  құрылыс  өнімінің  сапасын  замани  жағдайда  көтеру  миссиясы 

жүктелген.  Осы  миссияны  жүзеге  асыру  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  қызметі 

саласы  мен  тұрғын  үй-коммуналдық  саладағы  мемлекеттік  реттеуді  жетілдіру  негізінде 

қала  құрылысы,  сәулет  және  құрылыс  құралдарымен  және  коммуналдық  қамтамасыз 

етумен қол жеткізіледі. 

Стратегиялық  жоспардың  көрсетілген  қағидаларын  жүзеге  асыру  салынып  жатқан 

объектілердің  құрылыстағы  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкестілігін  бағалау  жүйесін 

қалыптастыру және жетілдіру арқылы мүмкін болады. 

Соңғы он жыл ішінде Қазақстанның құрылыс саласындағы сәулеттік бақылау және 

қадағалау  жүйесі  едәуір  өзгерістерге  ұшырады,  нәтижесінде  құрылыс  сапасын  нақты 

ұйымдастырушылық  түрлендірудің  есебінен  көтеру  әрекеттері  жасалды.  Алайда 

жүргізілген  реформалар  пайдалануға  берілген  ғимараттар  мен  имараттардың 

құрылысының сапасын, қауіпсіздігі мен сенімділігін көтеруде елеулі нәтижелер бермеді. 

Істің  мұндай  барысы  құрылыс  объектілерінің  сәйкестілігін  бағалаудың  басқыншылықты 

батыс  еуропалық  тәжірибесін  кеңінен  енгізуді  талап  етеді,  онда  салынған  объектілердің 

объектінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  қатысты  ұлттық  стандарттардың  сәйкестілігін 

бағалаудың тиімді жүйесі қалыптасқан. 

 



 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТ 



____МЕТОДИЧЕСКИЙ ДОКУМЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН___ 

 

ҚҰРЫЛЫСЫ  АЯҚТАЛҒАН  ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ  

ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ СӘЙКЕСТІКТІ  БАҒАЛАУ  ЖҮЙЕСІ  БОЙЫНША 

ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ  НОРМАТИВТІК  ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТАЛАПТАРЫНА  

СӘЙКЕСТІГІН  БАҒАЛАУ 

ОЦЕНКА СООТВЕТСТВИЯ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ, ЗАВЕРШЕННЫХ 

СТРОИТЕЛЬСТВОМ, ТРЕБОВАНИЯМ НОРМАТИВНЫХ ДОКУМЕНТОВ В 

СТРОИТЕЛЬСТВЕ СИСТЕМЫ ОЦЕНКИ СООТВЕТСТВИЯ В СТРОИТЕЛЬСТВЕ 

 

Енгізілген күні  2015-07-01 

 

1 ҚОЛДАНУ  САЛАСЫ 

  

1.1  Осы  әдістемелік  құжаты  ғимараттар  мен  имараттардың  құрылысы  салынған 

объектілердің  пайдалануға  берілуін  қоса,  инвестициялық  процестің  барлық  кезеңінде 

Қазақстан Республикасының құрылысындағы сәйкестілікті бағалау жүйесінің нормативтік 

құжаттарының  талаптарына  сәйкестілігін  бағалауды  жүзеге  асырудың  негізгі 

мақсаттарын,  қағидаттары  мен  тәртібін  анықтайды  және  ҚР  «Ғимараттар  мен 

құрылыстардың,  құрылыс  материалдары  мен  бұйымдарының  қауіпсіздігі  туралы» 

техникалық регламентін дамыту үшін жасалды.  

1.2  Осы әдістемелік құжатының ережелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс 

қызметінің барлық субъектілері, оның ішінде басқару, сәйкестілікті бағалау, бақылау және 

қадағалау  органдары,  жеке  және  заңды  тұлғалар,  ұйымдастырушылық-құқықтық  меншік 

формасы  мен  бағыныштылығына  тәуелсіз,  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс 

саласында  мемлекеттік  нормативтерді  әзірлеу  мен  қолдану  жүзеге  асырылатын 

инвестициялық  процестің  тиісті  кезеңінде  Қазақстан  Республикасының  аумағында 

міндетті қолдануға тиесілі. 

1.3  Ғимараттар  мен  имараттардың  заңнамамен  белгіленген  құқыққа  ие  бақылау 

және  қадағалау  субъектілерінің  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  нормативтердің 

талаптарына  сәйкестілігін  бағалауға  қаржыландыру  көзіне  тәуелсіз  жауапкершіліктің 

бірінші  және  екінші  санатының  құрылыс  объектілері  мен  толық  немесе  жартылай 

мемлекеттік инвестиция есібінен салынатын барлық объектілер тиесілі. 

 

 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

 

Осы  әдістемелік  құжатын  қолдану  үшін  келесі  сілтемелік  нормативтік  құжаттар 



керек: 

Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  16-шілдедегі  №  242-ІІ  «Қазақстан 

Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңы; 

Қазақстан  Республикасының  2004  жылғы  09-қарашадағы  №  603-ІІ  «Техникалық 

реттеу туралы» заңы; 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17-қарашадағы №1202 қаулысымен 

бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының 

қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті; 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2006  жылғы  22-мамырдағы  №437  қаулысымен 

бекітілген  «Сәулет-құрылыс  бақылауын  және  қадағалауды  жүзеге  асыратын  мемлекеттік 

құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары». 

Ресми басылым 



 

 



Ескертпе  -  Осы  нормативтік  құжатты  пайдалану  кезінде  ағымдағы  жылдың  1-қаңтары  жағдайы 

бойынша  құрылған  «Стандарттау  жөніндегі  нормативтік  құжаттардың  көрсеткіші  және  ағымды  жылда 

жарияланған  мемлекеттік  стандарттардың  тиісті  ақпараттық  нұсқаулары  бойынша  сілтемелік 

стандарттардың  әрекетін  тексеру  мақсатқа  сай  болады.  Егер  сілтемелік  құжат  ауыстырылған  (өзгертілген) 

болса,  онда  осы  нормаларды  пайдалану  кезінде  ауыстырылған  (өзгертілген)  құжатты  басшылыққа  алу 

қажет. Егер сілтемелік құжат ауыстырылмастан, алып тасталған болса, онда оған сілтеме жасалатын ереже 

осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады. 

 

 



3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 

 

 



Осы әдістемелік құжатында А қосымшасында, сонымен қатар ҚР СТ 1.1 және басқа 

да  халықаралық  және  мемлекетаралық  нормативтік  құжаттарда  берілген  тиісті 

анықтамалары бар терминдер қолданылады. 

 

 

4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

4.1  Құрылысы  аяқталған  объектілердің  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкестілігі 



қосылған  кешендердің  қасиеттерінің,  құрылыс  пен  құрылыс  объектілерінің  пайдалануға 

берудің  нақты  жағдайларында  сәйкес  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының 

талаптарына сай  анықталған қажеттіліктерді  қанағаттандыратын қабілеттігін қамтамасыз 

ететін әртүрлі мақсаттағы объектілердің кезектерінің жиынтығын білдіреді. 

4.2  Құрылысы аяқталған объектілердің, сонымен қатар құрылыс процесінің барлық 

кезеңдерінің  құрылыстағы  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкестілігін бағалау  бағаланатын 

кезеңнің 

Қазақстан 

Республикасының 

заңнамамен 

белгіленген 

мемлекеттік 

нормативтердің талаптарына сәйкестілігін тексеру жолы арқылы жүзеге асады. 

4.3  Құрылысы аяқталған объектілердің, сонымен қатар құрылыс процесінің барлық 

кезеңдерінің  құрылыстағы  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкестілігін  қамтамасыз  ету 

инвестициялық  процестің  белгіленген кезеңінің  нәтижелерін  қалыптастыруға  әсер  ететін 

жағдайлар  мен  факторларға  мақсатты  әсер  етумен,  заңнамамен  белгіленген  талаптарды 

іске асыру негізінде қол жеткізіледі. 

4.4  Мемлекеттік  нормативтердің  сәйкестілігін  бағалау  мен  қамтамасыз  ету  жоба 

алдындағы  кезеңде,  жобалаған,  құрылыс  материалдарын  дайындаған,  құрылыс-монтаж 

жұмыстарын  өндірген  және объектіні  пайдалануға беріп-қабылдаған кездегі  техникалық, 

экономикалық және ұйымдастырушылық шараларды іске асыру арқылы жүзеге асады. 

4.5  Қазақстан Республикасының құрылысындағы сәйкестілікті бағалау жүйесі: 

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы техникалық регламенттердің, 

мемлекеттік 

нормативтердің 

(мемлекеттік 

нормативтік 

құжаттарды) 

міндетті 

талаптарынан және жобалау шарттары мен тапсырмаларында көрсетілген талаптардан; 

2) ерікті  қолдануға  арналған  құрылыстың  ұлттық  стандарттары  мен  нормативтік 

құжаттардың талаптарынан; 

3) құрылыс  процесіне  қатысатын  субъектілердің  сапа  менеджментіне  қойылатын 

талаптардан; 

4) осы  тармақтың  а),  б),  в)  тармақшаларындағы  талаптардың  құрылыс  процесінің 

барлық  сатысында  талаптардың  мүлтіксіз  орындалуын  қамтамасыз  ету  бойынша  заң 

түрінде бекітілген нормалардан тұрады. 

4.6  Қазақстан  Республикасының  құрылысындағы  сәйкестілікті  бағалау  жүйесін 

іске асырудың негізгі тапсырмаларына: 




жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау