Методический документ республики казахстан



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет4/33
Дата06.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

 

сәйкестілігін туралы шешімдер қабылдау, объектіні орналастыру үшін жер телімін таңдау 



актісін алу үшін негіз болады. 

6.1.7 ТЭН әзірлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтің осы 

түріне  тиісті  құқықтары  бар  субъектілер  жүзеге  асырады.  ТЭН  әзірлейтін  субъектілерге 

келесі талаптар қойылады: 

1) 

кәсіби  біліктілік  пен  ТЭН  әзірлеу  тәжірибенің  жеткілікті  деңгейі  бар 



мамандардың болуы; 

2) 


жобалардың  инвестициялық-қаржылық  тартымдылығын  бағалау  және 

экономикалық сараптау саласында тәжірибелі мамандардың болуы; 

3) 

әзірлеуші-ұйымның мамандары әзірлеген, тиісті саладағы ТЭН болуы; 



4) 

автоматты  түрде  қалытастыру  және  сметалық  бағдарламаны  Қазақстан 

Республикасының  сметалық-нормативтік  базасын  пайдаланатын  сметалық  есептердің 

бағдарламасына  беру  мүмкіндігі  арқылы  3D  модельдеу  негізінде  жобалау 

бағдарламасының болуы. 

6.1.8 ТЭН  құрылыстағы  мемлекеттік  нормативтерге  сәйкестігін  бағалауды  ТЭН 

сараптамасын  жүргізу  құқығына  ие  субъектілер,  сонымен  қатар  заңнамамен  белгіленген 

талаптарға  сәйкес  біліктілік  мүмкіндіктерін  растайтын,  рұқсат  құжаттары  бар  тәуелсіз 

сарапшылар да жүзеге асырады.  

6.1.9 ТЭН 

сәйкестігін  бағалауды  жүзеге  асыратын  сарапшы  Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілген сараптамаға жауапкершілікте болады. 

6.1.10 

ТЭН  бойынша  жүргізілген  сараптамалық  жұмыстардың  нәтижесінде 



сарапшы  тапсырыс  берушіге  заңнамамен  белгіленген  форма  бойынша  инвестициялық 

жобаға техника-экономикалық негіздеудің сараптамалық қорытындысын береді. 

 

6.2 Жер телімін бөлу 

 

6.2.1 Құрылыс  объектісін  елді  мекеннің  аумағында  орналастыру  мақсатында  жер 



телімін  бөлу  кезінде  құрылыс  объектісінің  сәйкестілігін  бағалау  мен  қамтамасыз  ету 

Қазақстан  Республикасының  елді  мекендерінің  құрылысын  салу  облысындағы 

мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады. 

6.2.2 Объектілердің  құрылысын  салу  үшін  жер  телімін  таңдауды  қала  құрылыстық 

құжаттамалар мен регламенттерге сәйкес және өрт қауіпсіздігін бақылау және қадағалау, 

қоршаған  ортаны  қорғау,  санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау  және  қадағалау 

органдарының  өкілдерінің  қатысуы  арқылы  жер  қатынастары  басқаруға  қатысты 

аумақтық  органдармен  бірге  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  істері  жөніндегі 

жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. 

6.2.3 Мемлекеттік немесе жеке меншіктегі жерден жер теліміне құқық алу Қазақстан 

Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

6.2.4 Мемлекеттік  меншіктегі  жерден  жер  теліміне  құқық  алу  шарасы  келесі 

жүйелілік бойынша жүргізіледі: 

1) жер теліміне тиісті құқық беру туралы қолдау хат; 

2)  берілген  қолдау  хатты  қанағаттандыру  мүмкіндігін  анықтау  (жер  телімін  алдын-

ала таңдау); 

3) жерді қарастыратын жобаны әзірлеу және бекіту; 

4)  областың  (республикалық  мәндегі  қала,  елорда),  ауданның  (облыстық  мәндегі 

қала),  аудандың  мәндегі  қаланың,  елді  мекеннің,  ауылдың,  ауылдық  округтың  әкімінің 

жергілікті  атқарушы  органының,  ал  арнайы  экономикалық  аймақ  аумағында  тиісті 

әкімшілік-аумақтық  бірлікті  жергілікті  атқарушы  органның  немесе  өз  құзіреті  шегінде 

арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігінің шешім қабылдауы; 

5) жерде жер телімінің шекарасын белгілеу; 



 

6) жер телімі құқығын қанағаттандыратын құжаттарды дайындау және беру; 



7) жер телімі құқығын мемлекеттік тіркеу. 

6.2.5 Қазақстан  Республикасы  елді  мекенінің  аумағының  құрылысын  салу 

кезеңіндегі  сәйкестілікті  бағалау  мемлекеттік  нормативтердің  келесі  ережелерінің 

орындалуын тексеру негізінде жүзеге асады:  

а) құрылыс объектісі үшін құжатты орналастыру, ұсыну және құқықтық рәсімдеудің 

тәртібі мен шарттары, оның ішінде:  

- құрылысты елді мекеннің аумағында кешенді орналастыру және нақты объектілер 

үшін алаңды таңдау; 

- құрылыс объектілерін арнайы мақсаттағы, немесе мемлекет қорғайтын аумақтарда 

орналастыру және абаттандыру; 

- жер телімін ұсыну; 

- елді мекеннің құрылысын салу, абаттандыру, көгалдандыру және сәулеттік-көркем 

рәсімдеудің,  құрылысты  бекітілген  жобалар  бойынша  жүзеге  асыру  мен  объектілерді 

пайдалануға беруге қабылдаудың жобалық-сметалық құжаттамасын келісу; 

- құрылыс объектісін құқықтық рәсімдеу. 

б) құрылысты жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары, оның ішінде: 

- құрылыс объектісін орналастыру (алаңды таңдау); 

- жер телімін ұсыну (жергілікті атқарушы органның шешімі); 

-құрылыс объектісі үшін шығыс деректерді беру; 

- объектінің құрылысын салудың жобалық-сметалық құжаттамасын алдын-ала келісу 

және жер телімін таңдау актісін бекіту (қажетті жағдайларда); 

- жобалау-сметалық құжаттаманы келісу, сараптау (қажетті жағдайларда); 

-  құрылыс  жұмыстарын  орындауға  рұқсат  беру,  құрылыс  сапасын  және  құрылысы 

аяқталған объектілерді пайдалануға беруді бақылау. 

6.2.6 Елді  мекеннің  аумағының  құрылысын  салған  кезде  объектілерді  нақты  жер 

телімінде  орналастыру  шарттары  мен  мүмкіндіктерін  қарастыру  бөлігінде  мемлекеттік 

нормативтердің  қағидаларын  орындауды  тексеру  Қазақстан  Республикасының  жер 

заңнамасының тәртіптеріне сәйкес жүзеге асырылады. 

6.2.7 Елді  мекеннің  аумағының  құрылысын  салған  кезде  қала  құрылыстық 

нормаларды  сақтау  бөлігінде  құрылысы  салу  көзделген  объектілерді  жоспарлау  мен 

орналастыру  жұмыстарының  сәулет  және  қала  құрылысының  жергілікті  органдарының 

қызметін реттейтін мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 

 

6.3 Инженерлік-геодезиялық іздеулер 

 

 



6.3.1 Жобалау-сметалық құжаттаманы негіздеу, қала құрылыстық құжаттаманы қоса 

құрылысты  дайындау,  сонымен  қатар  құрылыс  кезеңінде  орындалатын  инженерлік-

геодезиялық  іздеуді  негіздеу  үшін  инженерлік-геодезиялық  іздеу  сатысыеда  құрылыс 

объектісінің  сәйкестігін  бағалау  мен  қамтамасыз  ету  құрылысқа  арналған  инженерлік-

геодезиялық іздеу өндірісі саласындағы мемлекеттік нормативке сай жүзеге асырылады. 

6.3.2 Құрылысқа  арналған  инженерлік-геодезиялық  іздеуді  заңнамамен  белгіленген 

тәртіптерге  сәйкес  келетін  біліктілікті  мүмкіндіктерін  растайтын,  рұқсат  қағаздары  бар 

заңды және жеке тұлғалар орындайды. 

6.3.3 Инженерлік-геодезиялық  іздеу  кезеңінде  құрылыс  объектісінің  сәйкестілігін 

бағалаған  кезде  құрылыс  алаңында  орындалатын  геодезиялық  жұмыстардың  құрамы 

тексеріледі. Инженерлік-геодезиялық іздеудің құрамына: 

- құрылыс алаңының бөлу желісін салу мен ғимараттар мен имараттардың (ірі және 

күрделі  объектілер  мен  9  қабаттан  жоғары  ғимараттар  үшін  –  ғимараттың,  имараттың 

сыртқы  бөлу  желілерін  соғу),  магистралдық  және  алаңнан  тыс  сызықтық  имараттардың 




жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау