Методические рекомендации по системе критериального оценивания учебных достижений детей с ограниченными возможностями


- кесте – ... оқу жылындағы математика бойынша оқушылар жетістігі жинағы     Бағдарламлар бөлімі



жүктеу 0,86 Mb.
Pdf просмотр
бет16/49
Дата06.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#36870
түріМетодические рекомендации
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49
 
10-
кесте – ... оқу жылындағы математика бойынша оқушылар жетістігі жинағы  
 
Бағдарламлар бөлімі  
Оқушылар жетістігін сипаттау  
Нөмерлеу 
 
 
Арифметикалық іс-әрекет 
 
 
Мөлшер және оларды өлшеу 
 
 
Көркем геометрия элементтері  
 
Арифметикалық есептер  
 
 
Сабақ кезеңдері 
Мұғалім мен 
оқушылардың біріккен 
қызметі мазмұны 
 
 
Сараланған және жекелеген 
тәсілдер 
 
 

және 2 топ 3 топ 4 топ 
Оқушылар қызметі 
нәтижесі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
38 



Жеңіл  және  орташа  ақыл-ойы  кем  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 
бағалау критерийлері мен рәсімдері 
 
 
Зерде 
бұзылыстары 
бар 
мектеп 
оқушыларының 
білімділік 
қажеттіліктерінің бірі оқу материалының мазмұнының әр оқушының танымдық 
мүмкіндіктеріне  және  оның  шынайы  оқу  жетістіктеріне  сәйкестігіне  ұдайы 
қадағалау  болып  табылады.  Оқу  материалының  сәтті  меңгерілуін  және 
оқушылардың  өмірлік  дағдыларының  қалыптасуын  ретімен  қадағалауды  іске 
асыру  маңызды.  Педагогпен  бағалау  ресімдері  көмегімен  алынып  отыратын 
ақпарат  дағдыларды  және  икемдерді  игеру  процесінде  туындайдын 
қиыншылықтарына  дер  кезінде  және  сайма-сай  әсер  етуге  көмегін  тигізеді. 
Педагог  сыныпта  жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  мектеп  оқушыларына  берілетін 
жеке  көмектің  мазмұны  мен  амалдарын  негіздеп  анықтауға,  сонымен  қатар 
ақыл-ойы  жеңіл  кенжелеген  мектеп  оқушыларды  оқытудың  жеке 
бағдарламасына түзеулерді енгізуге мүмкіндік алады.  
Бағалау  рәсімдеріне  қойылатын  талаптар  осы  санаттағы  оқушылардың 
оқуындағы  гуманизация,  табиғатқа  үйлесімділік  идеяларының  әсерімен 
туындаған.  Сипаттау  бағасы  даму  мен  білімділігінің  бар  деңгейін  ғана  емес 
оқушымен  жүргізілетін  келесі  қадамдарды  да  анықтайды.  Дәл  осы  сипаттау 
бағасы мектеп оқушыларының бойында өзін-өзі сайма-сай бағалау дағдыларын 
қалыптастыруға  мүмкінді  береді.  Бұл  кезде  әр  түрлі  оқушының  жетістіктерін 
салыстыруға  жол  беруге  болмайды.  Оқушының  жетістіктерін  тек  оның 
алдындағы  жетістіктерімен  ғана  салыстыру  керек.  Зерде  бұзылыстары  бар 
балаларға қатысты жалпы білім беретін мектептерде қабылданғандай, үлгерім 
және білім сапасының пайызымен анықтау орынды емес.  
Зерде  бұзылыстары  бар  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды-
сипаттамамен  бағалау  технологиясының  идеясының  негізі  –  объективті 
бағалауды қамтамасыз ету.  
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар мектеп оқушыларының оқу пәндері бойынша 
оқу  қызметінің  нәтижелерін  бағалаудың  нормалары  деңгейлік  операционалды 
мақсатты  тұжырымдаумен  анықталған  оқудағы  күтілетін  нәтижелеріне 
негізделіп,  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  тексеруді  және  бағалауды 
ұйымдастыруға бірыңғай көзқарастарды іске асыруға бағытталған.  
 
Орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  мектеп  оқушыларына  білім  беру  ұсыныс 
сипатындағы  үлгілік  оқу  бағдарламаларының  негізіне  оқудың  жеке 
бағдарламаларын түзумен орындалады. Бастауыш сыныптарда бұл оқушыларға 
арналған  оқу  процесі  пәнсіз  оқыту  негізінде  құрылады.  Пәнсіз  оқыту 
балалардың жалпы дамуын қалыптастырып, оқушыны пәнді оқытуға ауыстыру 
үшін негіз береді. Ол келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:  

 
балада өзі және қоршаған орта туралы түсінігін қалыптастыру;  

 
қатынасқа түсу дағдыларын дамыту;  

 
өзіне  қызмет  көрсету  және  қауіпсіз  өмір  тіршілігі  дағдыларын 
қалыптастыру;  

 
оқу қызметінің ең қарапайым түрлерін меңгеруге дайындау;  
39 



 
әлеуметтік  бірігуі  және  жақын  қоршаған  ортасынан  тұрмыстық 
тәуелділіктен арылу.  
Орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушылардың  жетістіктерін  бағалау  үшін 
бастама  алатын  мән  ретінде  олармен  жүргізілетін  түзеуші-педагогикалық 
жұмыстың  құрылымы  үшін  негіз  ретінде  алынған  бағыттар  шығады.  Бақылау 
және  бағалау  жүйелері  бағаны  бағалау  қызметінің  нәтижелерін  мөлшермен 
белгілеу нұсқасы ретінде қолданусыз мазмұндық негізде құрылды.  
Мектеп  оқушыларының  жетістіктерін  бағалау  барлық  субъектілердің 
әрекеттерінің  (ресімдерінің)  реттелген  жүйесі  түрінде  көрініс  беретін 
технология  болып  табылады,  ол  келесі  кезеңдерге  сәйкестікте:  дайындық, 
конструктивтік-жобалаушы,  ұйымдастырушылық-әрекетті,  аналитикалық-
рефлексиялық,  түзеуші  [12-16].  Дайындық  кезеңінде  білімділік  процесін 
жобалаудың нәтижелік-мақсатты негізі құрылады. Конструктивтік-жобалаушы 
кезеңінде  критерийлерді,  көрсеткіштерді  анықтайды,  бағалау  құралдарының 
(өлшемдердің)  қорын  қалыптастырады.  Ұйымдастырушылық-әрекетті  кезеңде 
бағалау  ресімдерінің  шарттары  мен  ережелерін  анықтайды.  Аналитикалық-
рефлексиялық  кезеңде  оқу  мазмұнына  қажетті  өзгертулерді,  оқу  процесінің 
сапасын арттыру үшін алынған деректерді ескерумен, әдістемелік құралдар мен 
дидактикалық материалдарды енгізеді.  
Бағалау  рәсіміне  ілесіп,  жеңіл  және  орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар 
оқушыларға  қатысты  педагогтердің  жоғарыда  көрсетілген  кезеңнің 
әрқайсысындағы қызметінің мазмұнын қарастырып көрелік.  
Дайындық  кезеңі
.  Білім  беру  процесін  жобалаудың  нәтижелік-мақсатты 
негізі құрылады. Мақсатты тұжырымдау орындалады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі 
бар  мектеп  оқушыларына  қатысты  –  бұл  оқушының  қызметін 
сипаттайтын,оның  дағдыны  меңгеру  дәрежесін  көрсететін  оқу  пәні 
шеңберіндегі деңгейлік операционалды мақсатты тұжырымдауы.  
Орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  мектеп  оқушыларына  қатысты  күтілетін 
нәтижелер  аясын  бірмәнді  анықтап,  оларды  «үстінен»  бағдарламалауға 
болмайды.  Әр  балада  өз  ырғағы  мен  даму  қарқыны,  өз  қабілеттері  мен 
шектеулері  болады.  Балада  белгілі  уақыттағы  нақты  жетістіктерді  жоспарлау, 
алдын  ала болжамдау,  күту  мүмкін  емес.  Оқушының  дамуы,  оны өз  жолында 
ұстануы әбден мүмкін бағыттарды ғана анықтауға болады. Ондай жеңіл ақыл-
ой  дәрежедесіндегі  балаға  қарағанда,  жеке  дамудың  айтарлықтай  төмен 
деңгейінде  тұрады.  Осы  санаттағы  балаларды  оқытып-үйрету  осы  сөздің  кең 
мәнінде алынып, мүмкіндіктерінің аз қоры байқалатын пәндік білімдерді ғана 
қалыптастыруға  қарамауы  керек.  Балалар  үшін  жалпы  даму  мен  өмірлік  деп 
аталатын  дағдыларды  меңгеру  айтарлықтай  мәнді  болады,  осылар  оқу 
процесінің  негізгі  міндеті  болып  табылуы  тиіс,  олардың  ішінде  ерекше  атап 
айтылатындары:  

 
баланың  өмірі  мен  денсаулығын  сақтау,  дене  бітіміндегі  дамуындағы 
бұзылыстардан асу;  

 
қарым-қатынас дағдыларын және әлеуметтік ортадағы сайма-сай жүріс-
тұрысын қалыптастыру;  

 
қоршаған  табиғат  және  әлеуметтік  дүние  туралы  әлеуметтік  оңалтуға 
40 


және  бейімделуге  ықпалын  тигізетін  қарапайым  практикалық  дағдыларды 
қалыптастыру;  

 
меншікті  өмір  тіршілігін  қамтамасыз  ететін  әлеуметтік-тұрмыстық, 
еңбек икемдері мен дағдыларын қалыптастыру;  

 
оқушыны бос уақытын белсенді өткізуге дайындау.  
Зерде  бұзылыстарының  ауырлық  дәрежесін  және  мектеп  оқушыларының 
оған  байланысты  білім  беру  процесіне  қосылудағы  қиыншылықтарын  назарға 
алып,  орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  балаларды  оқытуды,  ең  алдымен, 
отбасының  әлеуметтік  қолдауы  тұрғысынан  қарастыру  керек.  Сондықтан 
орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту мақсаттары мұғалім үшін оның 
ниетін білдіретін міндеттер ретінде тұжырымдалады.  
 
Ақыл-ойы кем балаларды жалпы қабылданған бағалар шкаласына сәйкес 
бағалауға  болмайды.  Әрбір  педагогикалық  кеңес  бағалаудың  меншікті 
мектептік жүйесін құру құқығына ие болуы керек.  
Конструктивтік-жобалаушы  кезең

Жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар 
балалардың оқу процесін жобалауға технологиялық көзқараста әр пән бойынша 
күтілетін  оқу  нәтижелері  оқу  жетістіктерінің  деңгейлері  бойынша  сараланған. 
Әр жетістік деңгейіне көрсеткіштер әзірленеді, олардың орнында оқушылардың 
мазмұнды  меңгеру  деңгейіне  сәйкес  келетін  әрекеттері  шығады.  Бағалау 
құралдары  әр  көрсеткіш  үшін  әзірленеді.  Бағалау  құралдары  ретінде 
дағдылардың  қалыптасуы  үшін  көмегі  қажет  болатын  тапсырмалар  мен 
жаттығулар шығады.  
Орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  мектеп  оқушыларының  оқу  процесін 
жобалау  (жоспарлау)  технологиясы  әр  мектеп  оқушысының  жеке 
қажеттіліктеріне  негізделеді.  Жоспарлауда  үлгілік  оқу  бағдарламаларынан 
емес, баладан бастама алады. Орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларға қатысты 
оқытудың жеке бағдарламасы ғана мүмкін болатындықтан, оны құру педагогтің 
жобалау қызметіндегі маңызды құрамдас болып табылады.  
Орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  балаларды  оқытудың  жеке  бағдарламасын 
құрудың  алдында  оның  мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктерін  бастапқы 
педагогикалық  бағалау  жүреді  [17].  Бағалау  критерийлері  бала  дамуындағы 
негізгі желілердің онтогенезіне сәйкес анықталған, олар: әлеуметтік, іс-қимыл, 
танымдық,  сөйлеу,  даму  қызметтері.  «Әлеуметтік  даму  және  өзіне-өзі  қызмет 
ету»  тарауында  баланың  өзі,  баланың  қолданып  жүрген  қатынас  құралдары, 
ересектермен  және  құрдастарымен  қатынас  құру  ерекшеліктері,  жүріс-тұрыс 
ерекшеліктері,  өзіне-өзі  қызмет  көрсету  дағдылары  (киіну,  ас  қабылдау, 
ұқыптылық) туралы түсініктері зерделенеді.  
«Дене бітімінің дамуы» тарауында баланың негізгі іс-қимылдарының даму 
деңгейі  анықталады:  жүру,  жүгіру,  секіру,  өрмелеу  және  лақтыру,  сонымен 
қатар  қолдың  ұсақ  моторикасының  дамуы.  «Танымдық  даму»  тарауында 
зерделенетіндері: сенсорлық даму деңгейі, көрнекі-әрекеттік ой; қоршаған әлем 
туралы ең қарапайым түсініктер, кеңістікте көру түсініктерінің ерекшеліктері.  
«Сөйлеу  қабілетінің  дамуы»  тарауында  меншікті  белсенді  сөйлеу 
қабілетінің  болуы  немесе  жоқтығы  анықталады,  баланың  оған  қаратпа  сөздің 
ұғынуы,  сөздік  қорының  жағдайы,  сонымен  қатар  қатынас  құру  дағдылары 
41 


зерделенеді.  
«Әрекеттің  дамуы»  тарауында  пәндік-практикалық,  ойын,  конструктивтік 
(сындарлы),  қарапайым  еңбек  қызметінің  жағдайы,  сонымен  қатар  баланың 
қолданып  жүрген  қоғамдық-тарихи  тәжірибені  алу  (бірлескен  әрекеттер, 
ұқсатып,  үлгі,  сөзбен  берілген нұсқау  бойынша  жасаған  әрекеттері)  амалдары 
зерделенеді.  
Бастапқы  педагогикалық  диагностика  –  бұл  ұзақ  процесс.  Оған  әр  оқу 
жылының  басында  2-4  апта  бөлінеді.  Осы  критерийлермен  оқудың 
нәтижелілігіне  және  оқу  соңындағы  дамуына  бағалау  жүргізіледі. 
Педагогикалық  бағалаудың  нәтижелері  сынып  оқушыларының  Даму 
картасында тіркеледі. Оқушының даму және оқу динамикасын қадағалау үшін, 
карталар  оқушылар  туралы  ақпарат  оқу  жылының  басында  және  соңында 
тіркеліп  отыратынындай  құрылған.  Баланың  әр  желі  бойынша  дамуындағы 
көрсеткіштер  бағалау  пікірлерінің  объективтілігін  қамтамасыз  ету  үшін 
мейлінше нақтыланған [17].  
Бағалау  пікірлері  даму  желілері  бойынша  жинақталып,  оқушының  Даму 
бейініне жинақталады. Бұл құжатта педагог сөзбен оқушының әр желі бойынша 
даму  және  қызмет  ету  деңгейін  сипаттайды.  Осындай  сипаттаманы  түзу 
барысында  педагогке  артық  сөздерден  арылған  жөн,  одан  да  баланың 
мүмкіндіктеріне  дәлел  болатын  нақты  ақпарат  келтіргені  дұрыс  Даму  бейіні 
бірнеше  қызмет  атқарады:  мектеп  оқушысының  жеке  оқу  бағдарламасының 
мазмұнын  анықтауда  бастама  алатын  нүкте  ретінде  қарастырылады,  орташа 
ақыл-ой кемістігі бар оқушы туралы сипаттама бағасын құрайды.  
Пәнсіз  оқыту  кезеңіне  (1-4 сыныптар)  бұл  құжатта  педагог  баланың 
дамуының  негізгі  желілеріне,  түрлі  өмірлік  жағдайларда  жүріс-тұрыс  және 
әрекетті  ерекшеліктеріне  сәйкес  баланың  игерген  дағдыларын  сипаттайды  
(11-
кесте).  Пәнді  оқыту  кезеңінде  (5-9  сыныптар)  оқу  жоспарындағы  пәндер 
аясында  алынған  дағдыларды  және  икемдерді  сипаттайды  (12-кесте).  Бала 
туралы ақпарат оқу жылының басында және соңында профильге салынады, бұл 
оқушының  даму  динамикасын  және  оқудағы  табыстылығын  байқап  отыруға 
мүмкіндік береді.  
Ұйымдастырушылық-қызметті 
кезең. 
Бұл 
кезеңде 
оқушылар 
жетістіктерін  бағалау  ресімдерін  орындаудың  шарттары  мен  ережелері 
анықталады. 
 
Зерде  бұзылыстары  бар  оқушылардың  жетістіктерін  бағалау  тек  ішкі 
бағалау  құралдарымен  ғана  орындалады.  Оқу  бағдарламаларының  игерілу 
нәтижелері  білім  беру  процесінде  тікелей  мұғаліммен  сабақ  барысында 
орындалады.  Ақыл-ойы  кем  мектеп  оқушыларымен  жүргізілетін  тұтас 
педагогикалық  процес  негізделетін  әлеуметтік  педагогиканың  «диагностика 
мен  түзете-дамыту  жұмысының  бірлігі»  қағидатына  сәйкес,  педагогтер 
қадағалаушы  бағалау  әрекеттерін  орындап  отырады.  Бағалау  әрекеттері 
қатарында  аталатындары:  бақылау,  оқушы  қызметіндегі  өнімдерді  –  олардың 
жазбаша  жұмыстарын,  ауызша  жауаптарын  оқу  мен  тәрбиедегі  белгіленген 
мақсаттармен және міндеттермен салыстырумен зерделеу.  
 
42 


11-
кесте  –  …  оқу  жылында  (1-4  сыныптар)  …  сыныптағы  оқушының  даму 
бейіні (А.Т.)  
 

жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау