Қорытынды
Зерде бұзылыстары бар оқушылар үшін біздің елде басқа балалармен қатар
білім қолжетімді. Оларды оқыту ісі осы санаттағы балалардың танымдық
дамуындағы ерекшеліктерді ескеретін арнаулы оқу жоспарларымен,
бағдарламаларымен, оқулықтармен, оқу әдістерімен және амалдарымен
сәйкестікте ұйымдастырылған. Алайда, осы күнге дейін олардың танымдық
қызметіне сайма-сай келетін бағалау критерийлері де, оқу процесін
ұйымдастыру ерекшелігін ескеретін бағалау рәсімдері де әзірленбеген.
Оған қоса қарастырылып отырған балалардың санатына арналған
мектептердің жұмыс тәжірибесінде соңғы 20 жылда В.В. Воронкованың
педагогикалық жіктемесіне сәйкес түрлі типологиялық топтардағы оқушыларға
саралау көзқарасымен келу идеясы іске асырылып отыр.
2010 жылдан бастап арнаулы мектептер операционалды деңгейлік
мақсатты тұжырымдауға негізделген
жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылармен
оқу процесін жобалаудың технологиясы игерілуде. Орташа ақыл-ой кемістігі
бар оқушыларды оқыту жеке бағдарламаларға сәйкес орындалады. Қазіргі
таңда бес балдық жүйе түрлі типологиялық топтардағы ақыл-ойы кем
оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейлерін тиесілі түрде қадағалауды
қамтамасыз етуге қабілетсіз. Ақыл-ойы кем оқушылардың мектептегі
табыстылығын бағалаудың қолданыстағы жүйесі оларды оқыту практикасын
ілгерілмелі дамыту процестеріне терең қарама-қайшылықта. Зерде
бұзылыстары бар мектеп оқушыларының жетістіктерін критериалды
сипаттаумен бағалауға өтуді жүзеге асыру қажеттігі туындады. Критериалды
сипаттаумен бағалаудың психологиялық-педагогикалық негіздемесі ретінде
арнайы мектептерде әзірленген және олардың тәжірибесінде апробациядан
өткен бағалау рәсімдерін де құрайтын оқу процесін жобалау
технологиясы шығады.
Аталған әдістемелік ұсынымда зерде бұзылыстары бар оқушыларды
критериалды сипаттаумен бағалаудың ғылыми негіздері мен практикалық іске
асырудағы амалдары ашылған. Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар
оқушыларды бағалаудың ұсынылған рәсімдерінің алгоритмі құрамына
енетіндері:
−
бағалау қызметінің мақсаттарын анықтау;
−
бағалау объектісін сипаттау (күтілетін нәтижелер, оқу нәтижелерін
бағалау критерийлері болып табылатын нақты көрсеткіштер мен индикаторлар
түрінде);
−
бағалау шкаласын (жетудің түрлі деңгейлерін) анықтау;
−
бағалау құралдарын әзірлеу;
−
бағалау нәтижелерін ұсыну нұсқалары (педагогикалық құжаттама);
−
бағалау жүйесін қолдану шарттарын анықтау.
Зерде бұзылыстары бар оқушыларды оқытуда қызметті бағалау
көріністерінің әр түрлілігі, оның тек академиялық білімдерге ғана емес, өмірлік
дағдыларға қатысты да қолданысы [18], оның сипаттамасының өзгеруіне
48
жетелейді. Бір уақыттық өлшемнен бас тарту байқалуда, түзеуші оқу-тәрбиелік
процесінің сапасын үздіксіз кешенді бағалауға ауысу өтуде.
Арнайы мектептердің мұғалімдері мен әкімшілігіне арналған әдістемелік
нұсқаулар оқушылардың жеке жетістіктерін оқу процесінде бағалауға және
тұтас оқу орнының қызметін жалғастыруы үшін практикалық нұсқама болады.
49
|